ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Положения  »  Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Положения

  Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ереже

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1219 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1219 қаулысымен
бекітілген
Ўйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ереже
1. Жалпы ережелер
1. Ўйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Үлгілік ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 15-бабының 23-тармақшасына сәйкес әзірленді және ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау қызметінің (бұдан әрі - Қызмет) жұмысын регламенттейді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жұмыс беруші Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 339-бабына сәйкес жүзеге асырады.
2. Қызмет өз жұмысында мемлекеттік еңбек инспекциясымен, басқа да мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен, ұйым құрылым бөлімшелері мен мамандары және ұйым қызметкерлерінің өкілдері, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлармен өзара іс-қимыл жасайды.
2. Қызметтің негізгі міндеттері
3. Қызметтің негізгі міндеттері:
1) өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау және қамтамасыз ету бойынша құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, оңалту, емдеу-алдын алу және өндірістік жарақаттану және кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру;
2) өндірістік учаскелердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау бөлігінде нормативтік құжаттарды әзірлеуді ұйымдастыру;
3) ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындауын ішкі бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
3. Қызметті ұйымдастыру
4. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 339-бабына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі өз мәртебесі бойынша негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі және жұмыс берушіге тікелей бағынады.
Қызметті ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау қызметін бастық басқарады.
5. Өндірістің ерекшелігін, қызметкерлер санын, еңбек жағдайын, өндіріс зияндылығын және басқа факторларды ескере отырып, осы Үлгілік ереже негізінде жұмыс беруші тиісті ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережесін әзірлейді және бекітеді, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның құрылымын, санын, негізгі міндеттерін, мамандардың функцияларын және құқығын айқындайды.
4. Қызметтің функциялары
6. Қызметтің негізгі міндеттері сәйкес мынадай функцияларды орындауды:
1) ұйымдардың бөлімшелеріне кедергісіз кіреді, өндірістік, қызметтік және тұрмыстық бөлмелерді қарайды, есептермен, статистикалық және басқа да еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі құжаттармен танысады;
2) жұмыс берушінің атынан өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау жөніндегі алдын алу, ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды болдырмау жөніндегі алдын алу іс-шараларының әзірленуіне және орындалуына, сондай-ақ ұжымдық шартқа сәйкес жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттемелерінің орындалуына ішкі бақылауды жүзеге асырады;
3) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің барлық қызметкерлеріне анықталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бұзушылықтарды жою жөнінде шара қолдану туралы орындалуы міндетті осы Үлгілік ережеге қосымшаға сәйкес нұсқамалар береді;
4) ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінен қызметтің құзырына жататын мәселелер жөніндегі ақпаратты және материалдарды белгіленген Тәртіппен сұратады және алады;
5) ұйымда еңбек қауіпсіздігі жағдайының жай-күйін бақылайды, еңбекті қорғауды басқару жүйесін әзірлеуді, енгізуді және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
6) өндірістік учаскелерде еңбек жағдайларына жедел талдау жүргізеді, қатерлерді бағалайды және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды;
7) ұйым басшыларына салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша жұмысын ұйымдастырылуын жақсарту жөніндегі ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;
8) ай сайын ұйымдарда өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жай-күйі мен себептеріне талдау жүргізеді және олардың алдын-алу іс-шараларын әзірлейді;
9) қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша ұйымның қызметкерлерін оқытуды, олардың білімдерін тексеруді ұйымдастырады;
10) ұйымның еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлердің денсаулықтарына келтірілген өзге де зақымдарды зерттеудің және есепке алудың тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді;
11) оқу бағдарламаларын келіседі және қағидалар мен нормативтердің талаптарына сәйкес қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, оның ішінде жаңа жабдықтарды және жаңа технологиялық процестерді енгізу кезінде оқытуға қатысады;
12) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, салауатты және қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау туралы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі туралы, денсаулық сақтауды жақсарту туралы мәселелерін талқылау кезінде ұйымдық шарт жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысады;
13) қабылдау комиссиясының өндірістік мақсаттағы салынған объектіні пайдалануға қабылдап алу жөніндегі жұмысына қатысады;
14) ұйымды еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік-техникалық әдебиетпен қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау кабинеттерін қажетті оқу құралдарымен, макеттермен, анықтамалық әдебиетпен, плакаттармен, техникалық құралдармен жабдықтау жөнінде шаралар қабылдайды;
15) кәсіпорын жетекшісінің тапсырмасы бойынша қызметтің құзырына жататын мәселелер жөніндегі қызметкерлердің хаттарын, өтініштерін және шағымдарын қарайды;
16) өндірісте кәсіптік аурулар мен жазатайым оқиғалардың алдын-алу жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ мүгедектерге арналған оңалту іс-шараларын әзірлеуге қатысады;
17) құрылымдардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі жұмысында әдістемелік көмек көрсетеді;
18) мыналардың:
мемлекеттік еңбек инспекциясының және өзге де мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бөлігіндегі шешімдерінің орындалуын;
еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі ережелердің, нормалардың, стандарттардың енгізілуін;
еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі ұйымның бұйрықтары мен өкімдерінің орындалуын;
еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау кабинеттері жұмысының ұйымдастырылуын және де жұмыстың озық тәжірибесінің енгізілуін;
арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдарын сатып алудың, сақтаудың, жуудың, химиялық тазалаудың, кептірудің, шаңнан арылтудың, зиянсыздандыру мен жөндеудің ұйымдастырылуын;
тиісті қызметтердің құрал-жабдықтарды, машиналар мен механизмдерді қажетті сынақтардан және техникалық куәландырулардан уақытында өткізуін, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеу кестесінің сақталуын;
еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қолданыстағы нормалардың, ережелер мен нұсқаулықтардың, өндіріс процесінде еңбек қауіпсіздігі стандарттарының, сондай-ақ қайта құрылған өндірістік объектілердің жобаларының сақталуын ішкі бақылауды жүзеге асырады;
19) жұмыс берушінің келісімі бойынша (не оның рұқсаты бойынша) ақпараттарды, мәліметтерді, бекітілген есептер немесе өзге де құжаттарды қағаз және электронды түрде немесе олардың міндеттеріне сәйкес көшірмелерін мемлекеттің еңбек инспекциясына ұсынады;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істейтін қызметкерлерді кезекті медициналық байқаулардан және тексерулерден өткізуді ұйымдастыру үшін аты-жөні бойынша адамдардың тұлғалардың тізімін құрастыруда ұйымдардың бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсетеді;
21) басқа қызметтермен бірлесіп, еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау жүргізуді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген оларды аттестаттау тәртібіне сәйкес ұйымдастырады.
Ўйымдағы еңбек қауіпсіздігі
мен еңбекті қорғау қызметі туралы
үлгілік ережеге қосымша
Кімге ____________________
(Т.А.Ј., лауазымы)
_________________________
(бөлімшенің атауы)

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметінің
НЎСҚАМАСЫ

20 жылғы «___» ________ № _____
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 339-бабы 4-тармағына сәйкес еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының мынадай бұзушылықтарын жоюды талап етемін:


р/с №

Анықталған бұзушылықтар мен оларды жою жөніндегі талаптар

Орындау мерзімі

Ескертулер

1

2

3

4

Нұсқамаларды орындау туралы жазбаша хабарды онда көрсетілген мерзімнен 3 күн өткеннен кейін Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметіне ұсыну керек.
Ўйымдағы еңбек қауіпсіздігі
және еңбек қорғау қызметінің бастығы ________________
(қолы) (Т. А. Ј.)
Нұсқаманы алдым: ___________________
(қолы) (Т. А. Ј.)


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina