ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Положения  »  «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы туралы...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Положения

  «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 24 қарашадағы № 181 Жарлығымен БЕКIТIЛГЕН

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2011 жылғы 24 қарашадағы
№ 181 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрi - АЭА) қоса берiлiп отырған жоспарға сәйкес Қарағанды қаласының аумағында және Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданының iргелес жерiнде орналасқан.
АЭА-ның аумағы 534,9 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.
2. АЭА:
1) металлургия өнеркәсiбiн және металл өңдеу саласын дамыту, атап айтқанда әлемдiк сауда таңбаларын өндiрушiлердi тарту жолымен дайын бұйымдарды өндiру;
2) шикiзатты тереңдете өңдеу және қосылған құны жоғары бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi кеңiнен шығару жөнiндегi әлемдiк деңгейдегi металлургия өнеркәсiбi мен металл өңдеу саласын құру мен дамыту жөнiндегi серпiндi инвестициялық жобаларды әзiрлеу және iске асыру;
3) өндiрiлетiн өнiм түрлерiн кеңейту және сапасын жақсарту;
4) қазақстандық өнiмнiң өндiру мен өткiзудiң жалпы әлемдiк жүйесiне кiрiгуiн жүзеге асыру, халықаралық стандарттарға сәйкес инновациялық, бәсекеге қабiлеттi отандық өнiмдi жасау;
5) тиiмдiлiгi жоғары және инновациялық өндiрiстердi, оның iшiнде жоғары технологиялық және бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi құру, жаңа өнiм түрлерiн шығаруды игеру;
6) шикiзатты тереңдете өңдеу жөнiндегi өндiрiстердi және технологияларды құру мен жетiлдiру бойынша ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық инновациялық жобаларды әзiрлеу және iске асыру;
7) қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру және инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн отандық және шетелдiк инвестицияларды тарту;
8) құрылысқа инвестициялар тарту және мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк тетiктерiнiң негiзiнде металлургия өнеркәсiбiн кешендi дамыту;
9) республика экономикасының әлемдiк шаруашылық байланыс жүйесiне енуiн жандардыру үшiн өңiрдi жедел дамыту;
10) нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетiлдiру, басқару мен шаруашылық жүргiзудiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзу;
11) әлеуметтiк проблемаларды шешу және халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында құрылады.
3. АЭА-ның қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шiлдедегi Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.
4. АЭА аумағындағы қызметтiң басым түрлерi:
1) металлургия өнеркәсiбi өнiмдерiн өндiру;
2) дайын металл бұйымдар, машиналар және жабдықтар, автокөлiк құралдары, трейлерлер, жартылай тiркемелер, компьютерлер, электрондық және оптикалық өнiмдер, электр жабдықтарын өндiру;
3) химиялық өнеркәсiп өнiмдерiн, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндiру;
4) құрылыс материалдарын және металл емес минералдық өнiмдер өндiру болып табылады.

2. АЭА-ны басқару

5. АЭА-ны басқару «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шiлдедегi Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
6. АЭА-ны басқаруды басқару органы — АЭА-ның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын басқарушы компания жүзеге асырады.

3. АЭА-ның аумағында салық салу

7. АЭА-ның қатысушыларына салық салу «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес жүзеге асырылады.

4. Кедендiк реттеу

8. АЭА аумағындағы кедендiк реттеу Кеден одағының кеден заңнамасының және (немесе) «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексiнiң (бұдан әрi - Кодекс) ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
9. Еркiн кеден аймағының кедендiк рәсiмi АЭА-ның барлық аумағында қолданылады.
Еркiн кеден аймағының кедендiк рәсiмiне АЭА-ға қатысушы ретiнде қызметтi жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағына орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.
10. АЭА аумағы кедендiк бақылау аймағы болып табылады. Кедендiк бақылау жүргiзу мақсатында АЭА шекаралары оның периметрi бойынша жайластырылады және арнайы қоршаулармен жабдықталады.
11. АЭА аумағында Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Кодексте белгiленген тәртiппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкiн.
12. ЕЭА аумағында еркiн кеден аймағының кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркiн кеден аймағының кедендiк рәсiмiмен орналастырылмаған Кеден одағының тауарлары және өзге де кедендiк рәсiмдермен орналастырылған шетелдiк тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкiн.
13. АЭА аумағына әкелiнген және еркiн кеден аймағының кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар кедендiк баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшiн Кеден одағының кедендiк аумағынан тысқары жерде орналасқан тауарлар ретiнде қаралады.
14. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендiк декларациялауға, кедендiк тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендiк бақылау жүргiзуге байланысты кедендiк операциялар Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

5. Қоршаған ортаны қорғау

15. АЭА аумағындағы қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiнiң және халықаралық табиғат қорғау және экологиялық стандарттардың талаптарын сақтау арқылы жүзеге асырылады.

6. АЭА-тың қатысушыларын құқықтық қорғау кепiлдiктерi

16. АЭА қатысушыларына Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шiлдедегi Заңымен, «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен қамтамасыз етiлетiн құқықтар мен мүдделердi қорғауға кепiлдiк берiледi.

7. АЭА-ны тарату тәртiбi және мерзiмдерi

17. АЭА оның құрылған мерзiмi аяқталған соң таратылады.
АЭА Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен таратылады.
18. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шiлдедегi Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

8. Қорытынды ережелер

19. Осы ережеде реттелмеген АЭА-ның қызметi Қазақстан Республикасының және Кеден одағының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2011 жылғы 24 қарашадағы
№ 181 Жарлығымен бекiтiлген
«Сарыарқа» арнайы экономикалық
аймағы туралы ережеге
ҚОСЫМША

«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының
ЖОСПАРЫ

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2011 жылғы 24 қарашадағы
№ 181 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының жұмыс iстеуiнiң
нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол

жеткiзбеудiң дағдарысты деңгейi

р/с

Мақсаттары, мiндеттерi және көрсеткiштерi
(атауы)

Өлшем бiрлiгi

Негiзгi кезең
(2012 жыл)

2015 жылға қол жеткiзу,
оның iшiнде

2020 жылға қол жеткiзу,
оның iшiнде

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейi

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейi

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Инвестициялардың жалпы көлемi, оның iшiнде:

млрд. теңге

-

7

3,5

80

40

1.1

Шетелдiк инвестициялардың көлемi

млрд. теңге

-

4,9

2,45

56

28

1.2.

Отандық инвестициялардың көлемi

млрд. теңге

-

2,1

1,05

24

12

2

Тауарлар мен қызметтер (жұмыстар) өндiрiсiнiң көлемi

млрд. теңге

-

5,84

2,92

210,6

105,3

3

Қатысушылардың саны

компаниялар

-

8

4

14

7

4

Қосалқы қызмет түрiн жүзеге асыратын тұлғалардың саны

адам

-

150

75

250

125

5

Жұмыс орындарының саны

адам

-

500

250

1 720

860

6

Өндiрiстiң жалпы көлемiндегi қазақстандық қамтудың үлесi

%

-

18

9

40

20

кестенiң жалғасы

2025 жылға қол жеткiзу,
оның iшiнде

2030 жылға қол жеткiзу,
оның iшiнде

2037 жылға қол жеткiзу,
оның iшiнде

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейi

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейi

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейi

9

10

11

12

13

14

210

105

345

172,5

372

186

147

73,5

214,5

120,4

260,4

130,2

63

31,5

103,5

52,1

111,6

55,8

895,1

447,55

1 904,0

952

4 212,6

2 106,3

19

10

24

12

30

15

300

150

325

162

400

200

4 000

2 000

6 000

3 000

10 000

5 000

50

20

60

30

70

35

Ескертпе:
индикатор көрсеткiштерi өсу қорытындысымен келтiрiлген;
есептеу кезiнде 1 АҚШ доллары – 147 теңге бағамы қолданылған.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina