ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Положения  »  Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Положения

  Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметi туралы ереже

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1566 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1566 қаулысымен
бекiтiлген
Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымның және (немесе) денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметi туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) меншiк нысаны мен ведомстволық тиiстiлiгiне қарамастан, зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн реттейдi.
2. Халыққа зертханалық диагностикалық көмектi зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын дербес денсаулық сақтау ұйымдары немесе ересектер мен балаларға амбулаториялық-емханалық, стационарлық немесе стационарды алмастыратын көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi - Медициналық зертхана) көрсетедi.
3. Медициналық зертханалар:
1) осы қаулымен бекiтiлген зертханалық зерттеулердiң негiзгi түрлерiн орындайтын жалпы үлгiдегi зертханалар;
2) зертханалық зерттеулердiң бiр түрiнiң сериялық өндiрiсiн орындайтын орталықтандырылған және/немесе мамандандырылған зертханалар;
3) экспресс-зертханалар;
4) өңiрлiк сараптамалық зертханалар;
5) Ұлттық референс-зертхана болып бөлiнедi.
4. Медициналық зертхананың негiзгi мiндеттерi:
1) ересектер мен балалардың арасында зертханалық зерттеулердi ұйымдастыру және жүргiзу;
2) талдамалық дұрыстығы және диагностикалық құндылығы жоғары жаңа зерттеу әдiстерiн қолдану және кеңейту;
3) операциялық рәсiмдердiң алгоритмдерiн әзiрлеу;
4) қазiргi заманғы ақпараттық жүйелердi енгiзу;
5) зертханалық жабдықтарды ұтымды пайдалану мен қазiргi заманғы технологияларды қолдану үшiн зертханалық зерттеулердi орталықтандыру;
6) жоғары технологиялық әдiстердiң негiзiнде кереуеттегi диагностиканы дамыту;
7) бiлiктi кадрларды даярлау, зертханалық диагностика саласындағы медицина қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру үдерiсiне қатысу болып табылады.
2. Жалпы үлгiдегi медициналық зертхана
5. Медициналық зертхананың негiзгi мiндеттерi:
1) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде халықтың зертханалық зерттеулерге қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
2) ересектер мен балалардың арасындағы аурулардың профилактикасына бағытталған мемлекеттiк және өңiрлiк нысаналы бағдарламаларды орындауға қатысу (диспансерлеу және профилактикалық тексерiп-қараулар);
3) халыққа диагностикалық көмек көрсетудi дамыту және жетiлдiру;
4) зертханалық зерттеулердiң сапасын қамтамасыз ету;
5) талдамалық сипаттамалары жоғары зертханалық зерттеулер жүргiзу болып табылады.
3. Орталықтандырылған медициналық зертхана
6. Орталықтандыруға биохимиялық, микробиологиялық (бактериологиялық), иммунологиялық (серологиялық), цитологиялық және молекулалық-генетикалық зерттеулер мен зертханалық зерттеулердiң басқа түрлерi жатады.
7. Орталықтандырылған медициналық зертханалардың негiзгi мiндеттерi:
1) халыққа тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде зертханалық зерттеулердiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
2) жоғары технологиялық зертханалық жабдықтарды тиiмдi пайдалану;
3) халыққа диагностикалық көмек көрсетудi дамыту және жетiлдiру;
4) технологиялық үдерiстердi стандарттау;
5) талдамалық сипаттамалары жоғары зертханалық зерттеулер жүргiзу;
6) қазiргi заманғы жоғары технологиялық зертханалық жабдықтар мен шығыс материалдарын тиiмдi пайдалану болып табылады.
Жоғары технологиялық әдiстер мен жабдықтарды қолдана отырып қымбат тұратын және сирек зертханалық зерттеулердi енгiзу және жүргiзу.
8. Орталықтандырылған медициналық зертхананың негiзгi функциялары:
1) биологиялық материалды тұрақтандырудың, сепарациялаудың және оның табиғилығын сақтаудың қазiргi заманғы жүйелерiн қолданып, зертханалық зерттеулерге биологиялық сынамалар алуды ұйымдастыру;
2) ересектер мен балалар арасындағы сырқаттанушылықтың профилактикасына бағытталған мемлекеттiк және өңiрлiк нысаналы бағдарламаларды (диспансерлеу және профилактикалық тексерiп-қараулар, скринингiлiк зерттеулер) орындауға қатысу;
3) зертханалық зерттеулердiң сапасын қамтамасыз ету жүйесiн ұйымдастыру (талдау алды кезеңiнiң сыртқы аудитi; жабдықтар мен шығыс материалдарын, жабдықтар мен шығыс материалдарын бастапқы ағымдағы техникалық және метрологиялық бақылау; жұмыстың қауiпсiздiк техникасын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық режiмдi сақтау);
3) зертханаiшiлiк бақылау жүргiзу және зертханалық зерттеулер сапасын бақылау бағдарламаларына қатысу;
4) зертхана қызметi мамандарының бiлiктiлiгiн арттыру болып табылады.
4. Экспресс-зертхана
9. Экспресс-зертхана (бұдан әрi - ЭЗ) пациенттiң жағдайын бағалау және шұғыл емдеу шаралары туралы шешiм қабылдау үшiн қажеттi ақпаратты тездетiп алу мақсатындағы қызметтi жүзеге асырады.
10. Стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарында ЭЗ қызметi мына бөлiмшелердегi науқастар үшiн тәулiктiк режимде жүзеге асырылады:
1) реанимация бөлiмшесiнде;
2) гемодиализ бөлiмшесiнде;
3) қабылдау-диагностикалау бөлiмшесiнде - жағдайлары шұғыл және жедел медициналық көмектi, сондай-ақ сараланған диагностика жүргiзудi қажет ететiн науқастар үшiн.
11. ЭЗ науқастың патологиялық жағдайын шұғыл бағалау үшiн мынадай зерттеу түрлерiн жүргiзедi:
1) жалпы клиникалық
2) биохимиялық.
12. ЭЗ негiзгi мiндеттерi:
1) шұғыл және жiтi жағдайлар кезiнде пациенттiң биологиялық материалын зертханалық зерттеудi шұғыл орындау;
2) түрлi патологиялық жағдайлардың экспресс-диагностикасының қазiргi заманғы жаңа әдiстерiн практикада қолдану;
3) зертханалық диагностика мәселелерi бойынша мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шараларға қатысу болып табылады.
5. Өңiрлiк сараптама зертханасы
13. Өңiрлiк сараптама зертханасының негiзгi мiндеттерi:
1) сапаны сыртқы бағалаудың өңiрлiк жүйесiн ұйымдастыру, сапаны сыртқы бағалаудың мамандандырылған бағдарламасын дамытуға көмек көрсету;
2) медициналық зертханаларды жаңа жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандыруды перспективалық жоспарлау;
3) зертханалық диагностиканың жаңа технологияларын енгiзу, диагностикалық зертханаларды жаңғырту бағдарламаларын әзiрлеу және сараптамалық бағалау;
4) тексеру сапасын арттыру, штаттар мен зертханалық жабдықты ұтымды пайдалану мақсатында қызмет көрсетiлетiн өңiрлердiң зертханалық диагностика қызметiнiң жұмысын талдау;
5) жаңадан сатып алынатын техниканы пайдалану және қолданыстағы жабдыққа оны пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында техникалық қызмет көрсетудi талдау мен мониторингiн жүргiзу;
6) зертханалық диагностиканың қазiргi заманғы технологияларын пайдалану саласында дәрiгерлiк және орта медицина қызметкерлерiн даярлауды және жетiлдiрудi жоспарлау;
7) қызмет көрсететiн өңiрде зертханалық зерттеулердiң сапасын сыртқы бақылау бағдарламаларын жүргiзу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру;
8) жоғары технологиялық әдiстер мен жабдықтарды қолдана отырып, қымбат тұратын және сирек зертханалық зерттеулер жүргiзу;
9) орындалатын зерттеулердiң сапасын объективтi бағалауда медициналық зертханаларға консультациялық көмек көрсету, деректердi кейiннен түсiндiру;
10) сапаны арттыру бойынша ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
6. Ұлттық референс-зертхана
14. Ұлттық референс-зертхананың (бұдан әрi - ҰРЗ) мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасының зертханалық қызметiнiң жұмысын жетiлдiру бойынша ұйымдастыру-әдiстемелiк жұмыстар жүргiзу;
2) Қазақстан Республикасының зертханалық қызметi жұмысының негiзгi бағыттарына бiлiктi сараптама жасау;
3) жаңа технологияларды енгiзудiң нысаналы және ғылыми бағдарламаларын әзiрлеу және сараптамалық бағалау;
4) медициналық зертханалардың қызметiне тәуелсiз аудит жүргiзу;
5) Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын барлық зертханалық зерттеулер түрлерiнiң референттiк интервалдарын әзiрлеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу болып табылады.
15. ҰРЗ-ның негiзгi функциялары:
1) сапаны сыртқы бағалаудың ұлттық жүйесiн ұйымдастыру;
2) Қазақстан Республикасының зертханалық қызметiнiң жағдайын талдау мен мониорингiне арналған тәуелсiз аудит нәтижелерiн пайдалану;
3) өңiрлiк, мамандандырылған ғылыми бағдарламаларды дамытуға көмек көрсету және қатысу;
4) зертханалық зерттеулердiң сапасын арттыру бойынша ұсынымдар әзiрлеу;
5) орындалатын зерттеулердiң сапасын объективтi бағалауда медициналық зертханаларға ұйымдастырушылық-әдiстемелiк көмек көрсету;
6) жоғары технологиялық әдiстер мен жабдықтарды қолдана отырып, сирек зертханалық зерттеулердi енгiзу және жүргiзу;
7) зертханалық қызмет мамандарын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1566 қаулысымен
бекiтiлген
Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлiмшелерi жүргiзетiн зерттеулердiң көлемi мен түрлерi
1. Зертханалық зерттеулердiң көлемi денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес анықталады (қызметтердiң, операциялар мен манипуляциялардың, дәрi-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың анықтамалықтары). Стандарттар болмаған жағдайда, зертханалық зерттеулердiң көлемi медициналық айғақтар бойынша анықталады.
2. Зертханалық зерттеулердiң түрлерi:
1) жалпы клиникалық - биологиялық сұйықтықтарды (несеп, нәжiс, қақырық, дуоденалдық сұйықтық, асқазан сұйықтығы, жұлын сұйықтығы, транссудаттар мен экссудаттар, әйелдердiң жыныс мүшелерiнен бөлiнетiн эякулят және т.б.) химиялық-микроскопиялық зерттеулер;
2) гематологиялық-гемоглобин мен оның қосылыстарына, қан мен сүйек кемiгi жасушаларының морфологиялық, физиологиялық және цитохимиялық сипаттарына талдау жасауға бағытталатын зерттеулер;
3) цитологиялық түрлi әдiстермен: пункциялық, эксфолативтiк, эндоскопиялық және т.б. әдiстермен алынған биологиялық материалдарды морфологиялық зерттеулер;
4) моноклоналдық антиденелермен иммундық-цитохимиялық зерттеу, ағынды цитофлюориметрия;
5) биохимиялық - биологиялық материалдың химиялық, физикалық-химиялық құрамының деңгейiндегi зерттеулер;
6) коагулологиялық - қантамырлық-тромбоциттiк және коагуляциялық гемостаз, антикоагулянттық және фибринолитикалық жүйенi анықтайтын зерттеулер;
7) иммунологиялық және изосерологиялық - иммундық жүйенiң жай-күйiн сипаттайтын зертханалық зерттеулер;
8) терапиялық мониторинг жүргiзу үшiн дәрiлiк заттарға химиялық-токсикологиялық зерттеулер жүргiзу;
9) микробиологиялық - биологиялық материалдардағы микроорганизмдердi анықтау жөнiндегi зерттеулер (бактериология, молекулалық биология, микология, паразитология, иммуносерология);
10) цитогенетикалық - талданатын жасушалардағы хромосомалардың саны мен құрылымын зерделеу (кардиологиялық зерттеулер, молекулалық-цитогенетикалық әдiстер);
11) молекулалық-генетикалық - дезоксирибонуклеин және рибонуклеин қышқылы деңгейiнде геном құрылымындағы өзгерiстердi анықтау жөнiндегi әдiстердiң жиынтығы (полимераздық тiзбектiк реакцияны пайдалана отырып).


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina