ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Положения  »  Инвестициялық ахуалды жақсарту жөнiндегi...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Положения

  Инвестициялық ахуалды жақсарту жөнiндегi кеңес туралы ереже

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 1 наурыздағы № 275 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 1 наурыздағы
№ 275 қаулысымен
бекiтiлген
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөнiндегi кеңес туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Инвестициялық ахуалды жақсарту жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Кеңестiң қызметiн қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Үкiметi және Кеңестiң жұмыс органы жүзеге асырады.
2. Кеңестiң негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi
4. Кеңес қызметiнiң мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту басымдығына сай келетiн Қазақстан Республикасының бiрыңғай инвестициялық саясатын iске асыру, отандық және шетелдiк инвестицияларды тартуда және тиiмдi пайдалануда жәрдемдесу болып табылады.
5. Қойылған мақсаттар шеңберiнде Кеңеске мынадай мiндеттер жүктеледi:
1) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерiнiң инвестициялық саясат саласындағы практикасын және Қазақстан Республикасының дамыту басымдықтарын ескере отырып, инвестициялық қызметтi дамытудың бiрыңғай стратегиясын анықтау;
2) Қазақстан Республикасында қолайлы инвестициялық ахуал жасау, оның iшiнде шетелдiк инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау және Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатқа қатысты нормативтiк құқықтық актiлерiн, салық және кеден заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
3) Қазақстан Республикасы экономикасының өңдеушi салаларына инвестицияларды тежейтiн проблемаларды шешудiң мүмкiн жолдарын талдау.
3. Кеңестiң құрамы
6. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңестiң төрағасы болып табылады.
7. Кеңестiң құрамы Қазақстан тарапынан Қаржы, Экономикалық даму және сауда, Әдiлет, Индустрия және жаңа технологиялар, Қоршаған ортаны қоршау министрлiктерiнiң, Бас прокуратураның және өзге де ұйымдардың басшылары олардың орынбасарлары немесе жауапты хатшылары арасынан қалыптастырылады.
8. Кеңестiң құрамына Кеңестiң төрағасы айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да лауазымды тұлғалары кiруi мүмкiн.
9. Шетелдiк тараптан Кеңестiң құрамы саны 20 адамнан аспайтын, халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарының өкiлдерi, шетелдiк компаниялардың басшылары арасынан қалыптастырылады.
4. Кеңестiң жұмыс тәртiбi
10. Кеңестiң Төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарда төрағалық етедi, жұмысты жоспарлайды және шешiмдердiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын Кеңес Төрағасының орынбасары орындайды.
11. Кеңестiң отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жылына кемiнде екi рет қана өткiзiледi және егер оған Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде жартысынан көбi қатысса заңды болып саналады.
12. Кеңестiң отырыстарына оның құрамына кiрмейтiн Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi, сондай-ақ отандық және шетелдiк компаниялардың өкiлдерi шақырылуы мүмкiн.
13. Кеңестiң отырысы Кеңестiң жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Кеңестiң жұмыс жоспары Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады. Кеңестiң жұмыс жоспары жарты жылда бiр рет жасалады.
14. Кеңестiң мүшелерiн Кеңестiң кезектi отырысының күнi мен күн тәртiбi, қаралатын мәселелер туралы ол өткiзiлгенге дейiн кемiнде 10 жұмыс күнi Кеңестiң жұмыс органы ескертедi.
15. Кеңестiң күн тәртiбi Кеңестiң бекiтiлген жұмыс жоспары немесе Кеңес төрағасының басқа да ұсыныстары бойынша қалыптастырылады.
16. Кеңестiң кезектен тыс отырысы Кеңес төрағасының бастамасы бойынша не Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының үштен бiр бөлiгiнен астамының бастамасы бойынша өткiзiлуi мүмкiн. Кеңестiң кезектен тыс отырысының бастамашысы төрағаның қарауына талқылау үшiн мәселелер тiзбесiн енгiзедi. Кеңестiң төрағасы Кеңестiң кезектен тыс отырысының жұмыс тәртiбiн анықтайды және оны өткiзу күнiн белгiлейдi.
17. Кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша оның барлық мүшелерi мiндеттi түрде қол қоятын хаттама жасалады.
18. Кеңес отырыстарының хаттамалары (тұпнұсқалары), iлеспе және анықтамалық материалдар Кеңестiң жұмыс органында сақталады.
5. Кеңестiң жұмыс органы
19. Кеңестiң жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне жүктеледi.
20. Жұмыс органы мен хатшы Кеңестiң жұмысын ұйымдық-техникалық сүйемелдеудi жүзеге асырады.
6. Кеңестiң қызметiн тоқтату
21. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi Кеңестiң қызметiн тоқтату үшiн негiз болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 1 наурыздағы
№ 275 қаулысына
қосымша
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөнiндегi кеңестiң құрамы
Қазақстан тарапынан:
Мәсiмов
Кәрiм Қажымқанұлы _ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, төраға
Орынбаев
Ербол Тұрмаханұлы _ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары, төрағаның орынбасары
Айтжанова
Ақтоты Маратқызы _ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi орынбасарының кеңесшiсi, хатшы
Ахметов
Серiк Нығметұлы _ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары
Келiмбетов
Қайрат Нематұлы _ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары
Жәмiшев
Болат Бидахметұлы _ Қазақстан Республикасының Қаржы министрi
Исекешев
Әсет Өрентайұлы _ Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрi
Сағынтаев
Бақытжан Әбдiрұлы _ Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрi
Қаппаров
Нұрлан Жамбылұлы _ Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрi
Кравченко
Андрей Николаевич _ Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келiсiм бойынша)
Бекетаев
Марат Бақытжанұлы _ Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң Жауапты хатшысы
Ерғожин
Дәулет Едiлұлы _ Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi
Ертiлесова
Жаннат Жұрғалиқызы _ Қазақстан салық төлеушiлер қауымдастығының төрайымы (келiсiм бойынша)
шетелдiк тараптан:
Кеннет Мак _ Қазақстандағы Америка сауда палатасының президентi (келiсiм бойынша)
Доррис Брэдбюри _ Қазақстандағы Америка сауда палатасының атқарушы директоры (келiсiм бойынша)
Коллет Коэн _ ConocoPhillips Каспий өңiрi бойынша президентi (келiсiм бойынша)
Вильям Дункан _ Halliburton Каспий өңiрi бойынша бизнестi дамыту жөнiндегi менеджерi(келiсiм
бойынша)
Ханс Диваеле _ Procter & Gamble бас директоры (келiсiм бойынша)
Кит Гейбл _ Ernst & Young басқарушы әрiптесi (келiсiм бойынша)
Осман Каздал _ Coca-Cola Bottlers бас директоры (келiсiм бойынша)
Марк Потаст _ Nestle бас директоры (келiсiм бойынша)
Ларс Реждинг _ HSBC Bank Kazakhstan бас атқарушы директоры (келiсiм бойынша)
Константин Назаров _ General Electric Орталық Азия және Каспий өңiрi бойынша директоры (келiсiм бойынша)
Пiрматов Ғалымжан _ Cameco Kazakhstan президентi (келiсiм бойынша)
Флориан Крюкл _ BASF Central Asia бас директоры (келiсiм бойынша)


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina