ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Положения  »  Қазақстан Республикасы Президентiнiң...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Положения

  Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мұнай-газ кеңесi туралы ереже
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығымен БЕКIТIЛГЕН

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2012 жылғы 14 наурыздағы
№ 285 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы
Мұнай-газ кеңесi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мұнай-газ кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын орнықты және тиiмдi дамыту мақсатында құрылады.
2. Кеңес Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
3. Кеңес өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ Кеңес туралы осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Кеңестiң мiндеттерi мен құқықтары
4. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудың стратегиялық бағыттары бойынша ұсыныстарды әзiрлеу;
2) Қазақстан Республикасының iрi мұнай-газ кен орындарында жұмыс iстейтiн шетелдiк әрiптестермен өзара iс-қимыл бойынша ұсыныстарды тұжырымдау болып табылады.
5. Кеңестiң белгiленген тәртiппен және өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудың стратегиялық бағыттары бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзуге;
2) Кеңестiң құзыретiне кiретiн мәселелердi шешу үшiн жұмыс топтарын құруға;
3) мемлекеттiк органдардан, ведомстволардан және ұйымдардан Кеңестiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша қажеттi ақпаратты сұратуға;
4) осы Ереженiң 4-тармағында белгiленген мiндеттердi iске асыру мақсатында мүдделi мемлекеттiк органдардың мамандарын, консультанттарды тартуға;
5) Кеңестiң құзыретi шегiнде оның тиiмдi қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Кеңестi қалыптастыру және оның қызметiн ұйымдастыру
6. Кеңестiң құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
7. Кеңестi Кеңес төрағасы басқарады.
Кеңес төрағасы:
1) Кеңес қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) Кеңес отырыстарында төрағалық етедi;
3) Кеңес отырыстары өткiзiлетiн орынды және уақытты айқындайды;
4) Кеңес шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады;
5) жылына екi рет, есептi жартыжылдықтан кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Президентiне Кеңестiң жұмысы туралы баяндайды.
Төраға болмаған кезде оның функцияларын төраға тиiстi өкiлеттiктердi беретiн орынбасары орындайды.
8. Кеңес мүшелерi:
1) Кеңес отырысының күн тәртiбi және мәселелердi талқылау тәртiбi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
2) Кеңес отырысына материалдарды, оның шешiмдерiнiң жобаларын дайындауға қатысуға құқылы.
9. Кеңес отырыстары қажеттiлiгiне қарай, Кеңес төрағасы айқындайтын мерзiмдерде, бiрақ кемiнде жарты жылда бiр рет өткiзiледi. Кеңес отырыстары оның мүшелерiнiң тiкелей қатысуымен өткiзiледi және оның мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi дауыс беруге қатысқан кезде заңды болады. Кеңес мүшелерiнiң өз өкiлеттiктерiн өзге лауазымды адамдарға беруiне жол берiлмейдi.
10. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлiгi Кеңестiң жұмыс органы болып табылады.
11. Кеңестiң жұмыс органы:
1) Кеңес отырыстарын өткiзудi ұйымдастыруды қамтамасыз етедi және Кеңес мүшелерiнiң ұсыныстары мен бұрын қабылданған шешiмдер негiзiнде Кеңес отырыстарын өткiзу үшiн тиiстi материалдарды дайындауды жүзеге асырады;
2) Кеңес мүшелерiнiң ұсыныстары мен олар бұрын қабылдаған шешiмдер негiзiнде отырыстың күн тәртiбiнiң жобасын жасайды;
3) Кеңестiң хаттамалық шешiмдерiнiң орындалуына мониторингтi жүзеге асырады;
4) Кеңес мүшелерiне Кеңестiң кезектi отырысының өткiзiлетiн орны, уақыты мен күн тәртiбi туралы хабарлайды және оларды қажеттi материалдармен уақтылы қамтамасыз етедi;
5) Кеңестiң хаттамалық шешiмдерiн ресiмдеудi және келiсудi жүзеге асырады;
6) Кеңестiң шешiмдерi қабылданған күннен бастап екi апта iшiнде Кеңес мүшелерiне және басқа мүдделi мемлекеттiк органдар мен өзге ұйымдарға хаттаманың көшiрмесiн және өзге қажеттi материалдарды жiбередi.
12. Кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша хаттамамен ресiмделетiн шешiмдер қабылданады, оған Кеңестiң отырысқа қатысқан барлық мүшелерi қол қояды.
13. Кеңестiң шешiмдерi қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады және ұсынымдық сипатқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады.
Кеңес мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол айтылған жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса берiлуi тиiс.
14. Кеңестiң шешiмдерi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы немесе мұнай-газ саласының субъектiлерiнiң назарына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кез келген өзге тәсiлмен жеткiзiлуi мүмкiн. Жариялауға не мұнай-газ саласының субъектiлерiне беруге арналған ақпараттың тiзбесi мен көлемiн Кеңес айқындайды.
4. Кеңестiң қызметiн тоқтату
15. Кеңестiң қызметiн тоқтатуға Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi негiз болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2012 жылғы 14 наурыздағы
№ 285 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы
Мұнай-газ кеңесiнiң
ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, төраға
Әлеуметтiк-экономикалық мәселелерге жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары
Макроэкономикалық және бюджеттiк саясат мәселелерiне жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары, төрағаның орынбасары
Кеңестiң мүшелерi:
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрi
Қазақстан Республикасының Қаржы министрi
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрi
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрi
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрi
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамының басқарма төрағасы (келiсiм бойынша)
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамының басқарма төрағасы (келiсiм бойынша)


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina