ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1320 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1320 қаулысына
қосымша

Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар
әзiрлеу жөнiндегi комиссияның құрамы

Ескерту. Қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.06.24 № 705, 2011.09.01 N 994, 2012.01.13 N 41, 2012.02.02 № 194, 2012.03.29 N 370 Қаулыларымен.

Ахметов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Серiк Нығметұлы Министрiнiң бiрiншi орынбасары, төраға

Галиев - Қазақстан Республикасы Құрылыс және
Владислав Германович тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi
агенттiгi төрағасының орынбасары,
төрағаның орынбасары

Мақұлбеков - Қазақстан Республикасы Құрылыс және
Рауан Сарыбекұлы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi
агенттiгi Коммуналдық шаруашылық
департаментiнiң директоры, хатшы

Әбiшев - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Ислам Әлмаханұлы министрлiгi Су ресурстары комитетiнiң
төрағасы

Уәлиев - «Қазақ Суқұбыржоба» акционерлiк
Рустам Мақсұтұлы қоғамының президентi (келiсiм бойынша)

Ақсақалов - "Нұр-Отан" Халықтық демократиялық
Құмар Iргебайұлы партиясының орталық аппаратының басшысы
(келiсiм бойынша)

Ескендiров - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Абай Мұқашұлы даму және сауда вице-министрi

Кармазина - Қазақстан Республикасының Қаржы
Лена Мағауияқызы вице-министрi

Толыбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Марат Еркiнұлы шаруашылығы вице-министрi

Мұхамбетов - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Мирлан Бегежанұлы ортаны қорғау вице-министрi

Орақ - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Құдайбердi Байболұлы жаңа технологиялар министрлiгi Геология
және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң
төрағасы

Шкарупа - Қазақстан Республикасы Табиғи
Анатолий Валерьевич монополияларды реттеу агенттiгi
төрағасының орынбасары

Ешiмова - «Қазақстандық мемлекеттiк-жеке меншiк
Дана Ақылбекқызы әрiптестiк орталығы» акционерлiк
қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша)

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1320 қаулысымен
бекiтiлген

Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар
әзiрлеу жөнiндегi комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары

3. Комиссияның негiзгi мiндетi халықты ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
4. Өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес Комиссияның функциялары:
1) ауылдық және қалалық елдi мекендер бойынша одан әрi қаржыландыру үшiн сумен жабдықтау жобаларының бiрыңғай тiзбелерiн бекiту;
2) ауылдық және қалалық жерлердi ауыз сумен жабдықтау саласын жақсарту жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.

3. Комиссияның құқықтары

5. Комиссия өз құзыретi шегiнде:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының ауыз сумен жабдықтау саласындағы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
2) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қалалық және ауылдық жерлердi ауыз сумен жабдықтау жобаларының бiрыңғай тiзбелерiн бекiту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
3) мемлекеттiк органдардан, ведомстволардан және ұйымдардан Комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша қажеттi ақпарат сұратуға;
4) қажеттiлiгiне қарай халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайын талдау және зерделеу үшiн мемлекеттiк органдардың және ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын тартуға;
5) Комиссия отырыстарында Комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн тыңдауға;
6) Комиссияның құзыретiне жататын өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

6. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, оның отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет, ведомствоаралық үйлестiру мен Комиссия әзiрлейтiн шешiмдер үшiн дербес жауапты болады.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
7. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.01 N 994 Қаулысымен.
8. Комиссияның хатшысы Комиссия отырыстарының күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және отырыстар өткiзiлгеннен кейiн хаттамаларды ресiмдейдi.
Хатшы Комиссияның мүшесi болып табылмайды
9. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
Комиссияның төрағасы Комиссияның қарауына ұсынылатын материалдардың негiзiнде Комиссияның жоспардан тыс отырыстарын шақырады.
10. Егер Комиссияның отырыстарына Комиссия мүшелерiнiң жалпы
санының кемiнде үштен екiсi қатысса, ол заңды болып саналады.
Комиссияның мүшелерi отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады.
11. Комиссияның отырыстары ашық болып табылады.
12. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауыс берсе, қабылданған болып саналады және Комиссияның төрағасы немесе отырысты өткiзген оның орынбасары, сондай-ақ мiндеттi түрде оның барлық мүшелер қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.
Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр бiлдiруге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда, жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға қоса берiлуi тиiс.
13. Комиссияның төрағасы не оның орынбасары отырыстардың күн
тәртiбiн, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн орны мен уақытын белгiлейдi және нақтылайды.

5. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуы

14. Комиссияның қызметiн тоқтатуға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiз болады.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina