Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасының 2011 жылғы 28 қазандағы № 172 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 13 желтоқсанда № 7337 тiркелдi
Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органды қоспағанда, оригинаторға қойылатын талаптарды белгiлеу туралы"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi: 1. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органды қоспағанда, оригинаторға мынадай талаптар белгiленсiн: 1) оригинатордың меншiктi капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептi күнгi жеке жылдық қаржылық есептiлiкке (бұдан әрi - қаржылық есептiлiк) сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болмауы тиiс. Бұл ретте оригинатордың меншiктi капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептi күнгi қаржылық есептiлiкке сәйкес кемiнде бiр жүз жетпiс бiр мың есе айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерiне балама соманы құрайды; 2) аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептi күнгi қаржылық есептiлiкке сәйкес соңғы екi жылдың бiр жылында таза пайданың болуы; 3) оригинатор левереджiнiң көлемi аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептi күнгi қаржылық есептiлiкке сәйкес үш левереджден аспауы тиiс. Осы тармақшаның талабы қаржы ұйымдарына қолданылмайды; 4) "ВВ-" ("Stаndагd & Роог"s" және "Ғitсһ" рейтингiлiк агенттiктерiнiң жiктеуi бойынша) төмен емес немесе "Ва3" ("Мооdу"s Investогs Serviсе" рейтингiлiк агенттiгiнiң жiктеуi бойынша) төмен емес рейтингiлiк бағасының, не жоғарыда көрсетiлген рейтингiлiк агенттiктердiң ұлттық шәкiлi бойынша ұқсас деңгейдегi рейтингiлiк бағасының болуы; 5) оригинатор мен ислам арнайы қаржы компаниясы арасындағы активтердi сатып алу-сату шарты жасалған немесе, оригинатор ислам арнайы қаржы компаниясының құрылтайшысы болған жағдайда, ол құрылған айдың алдындағы соңғы үш айда пруденциалдық нормативтердi сақтауы. Осы тармақшаның талабы қаржы ұйымдарына ғана қолданылады. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Ұлттық Банк Төрағасы Г.Марченко
|