ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 12...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 539-IV Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жобалық қаржыландыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 44-баптың 1-тармағының бесiншi бөлiгi «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейiн «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 45-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi «Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры» деген сөздерден кейiн «, жобалық қаржыландыру» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 49-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiндегi «секьюритилендiру және» деген сөздер «жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру,» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 50-баптың 4-тармағының үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Аралық тарату балансын жасаған кезде таратылатын заңды тұлға мүлкiнiң құрамына арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру кезiндегi мiндеттемелерi бойынша, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған арнайы қаржы компаниясының секьюритилендiру кезiндегi облигациялары бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқықтары (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ көрсетiлген облигацияларды ұстаушыларда меншiк құқығы мәмiлелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша туындаған немесе оларға ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкi енгiзiлмейдi. Тарату комиссиясы көрсетiлген мүлiк пен бөлiнген активтердi кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес айқындалған ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкiлiне, кредиторлардың және (немесе) облигацияларды ұстаушылардың өкiлiне бередi.»;

5) 59-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi «секьюритилендiру» деген сөз «жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):

1) мазмұнында:
үш жүз жетпiс алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«738-1-бап. Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезiнде ақшалай талап етудi беру»;

2) 738-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«738-1-бап. Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезiнде
ақшалай талап етудi беру

Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезiнде ақшалай талап етудiң берiлуiне орай қаржыландыру ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамалық актiсiнде белгiленедi. Егер Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамалық актiсiнде өзгеше белгiленбесе, осы тараудың ережелерi жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмiлелерiне қолданылады.».

3. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне уәкiлеттi органдардың мемлекеттiк және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi құзыретiнiң аражiгiн ажырату және бюджет процесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экологиялық мәселелер бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 99-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейiн «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 137-баптың 6-тармағында «секьюритилендiру» деген сөз «секьюритилендiру және жобалық қаржыландыру» деген сөздермен ауыстырылып, «мерзiмi iшiнде» деген сөздерден кейiн «секьюритилендiру мәмiлелерiнде» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 143-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейiн «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен, «компанияларына» деген сөзден кейiн «секьюритилендiру мәмiлелерi үшiн» деген сөздермен толықтырылсын;

4) 615-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiндегi «секьюритилендiру және» деген сөздер «жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру,» деген сөздермен ауыстырылсын.

4. «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметiн жетiлдiру және қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
165-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi «зейнетақымен қамсыздандыру,» деген сөздерден кейiн «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын.

5. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат):

1) 2-баптың 1-тармақшасының төртiншi абзацы «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейiн «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 8-бапта:
3-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру мәмiлелерi үшiн құрылған еншiлес арнайы қаржы компанияларын;»;
3-тармақтың 2) тармақшасының бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру мәмiлелерi үшiн құрылған еншiлес арнайы қаржы компанияларын;»;
8-тармақтың төртiншi абзацы «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейiн «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 74-1-баптың 1-1-тармағында:
бiрiншi сөйлем «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейiн «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Тарату комиссиясы көрсетiлген мүлiк пен бөлiнген активтердi кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес айқындалған ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкiлiне, облигацияларды ұстаушылардың өкiлiне бередi.».

6. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 9-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экологиялық мәселелер бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 6-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi «талаптары» деген сөзден кейiн «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 71-баптың 2-тармағының үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне бөлiнген активтермен қамтамасыз етiлген, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасында айқындалған кредиторлардың талаптары және ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың мынадай мүлiктi: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқықтарын (ипотекалық куәлiктер кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ көрсетiлген облигацияларды ұстаушыларда меншiк құқығы мәмiлелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша туындаған немесе ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарын кепiлге қоюмен қамтамасыз етiлген талаптары енгiзiлмейдi.»;

3) 74-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру кезiндегi мiндеттемелерi бойынша қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру кезiндегi облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкi: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқығы (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ көрсетiлген облигацияларды ұстаушыларда меншiк құқығы мәмiлелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша туындаған немесе ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары енгiзiлмейдi. Тарату комиссиясы көрсетiлген мүлiк пен бөлiнген активтердi кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес айқындалған ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкiлiне, кредиторлардың және (немесе) облигацияларды ұстаушылардың өкiлiне бередi;».

7. «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат):
1-баптың 6) тармақшасының төртiншi абзацындағы «секьюритилендiру» деген сөз «жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру» деген сөздермен ауыстырылсын.

8. «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):
23-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi «секьюритилендiру» деген сөз «жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру» деген сөздермен ауыстырылсын.

9. «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 13, 112-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
5-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «компаниясының» деген сөзден кейiн «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын.

10. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат):
5-баптың 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң он төртiншi абзацындағы «компаниялары жатады.» деген сөздер «компаниялары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он бесiншi абзацпен толықтырылсын:
«Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы қаржы компаниялары жатады.».

11. «Сақтандыру қызметi туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
3-баптың 3) тармақшасының төртiншi абзацындағы «секьюритилендiру» деген сөз «жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру» деген сөздермен ауыстырылсын.

12. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат):

1) 9-баптың 1-1-тармағындағы «секьюритилендiру» деген сөздер «жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 15-баптың 1-тармағының үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың талаптары:
1) ұлттық басқарушы холдингке;
2) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес айқындалған, осы арнайы қаржы компаниясының жалғыз құрылтайшысы (акционерi) болып табылатын оригинатор немесе орындаушы облигациялардың эмитентiне осы тармақта қойылатын талаптарды сақтаған кезде жобалық қаржыландыру немесе секьюритилендiру мәмiлелерi шеңберiнде облигациялар шығаруды жүзеге асыратын арнайы қаржы компаниясына;
3) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес жобалық қаржыландыру мәмiлелерi шеңберiнде облигациялар шығаруды жүзеге асыратын, оларда мемлекет тапсырыс берушi ретiнде танылатын арнайы қаржы компаниясына қолданылмайды.».

13. «Секьюритилендiру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 4, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат):

1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы»;

2) кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң Қазақстан Республикасында жобалық қаржыландырудың және секьюритилендiрудiң құқықтық негiздерi мен шарттарын белгiлейдi, жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезiнде талап ету құқығын берудi жүзеге асырудың ерекшелiктерiн және мүлiктiң құқықтық режимiн, сондай-ақ арнайы қаржы компаниясының құқықтық жағдайын айқындайды.»;

3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмiлелерiн жүзеге асыру үшiн оның пайдасына талап ету құқығы берiлетiн, осы Заңға сәйкес құрылатын заңды тұлға;
2) арнайы қаржы компаниясының меншiктi қаражаты – активтер, мiндеттемелер, меншiктi капитал және жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмiлелерi аяқталғаннан кейiн алынған (келтiрiлген) кiрiстер (залалдар). Бөлiнген активтер, арнайы қаржы компаниясының облигациялары (оның iшiнде олар бойынша есептелген купон) арнайы қаржы компаниясының меншiктi қаражатына кiрмейдi;
3) арнайы қаржы компаниясының облигациялары – эмитенттiң мiндеттемелерiн орындау бөлiнген активтермен қамтамасыз етiлетiн облигациялар;
4) базалық шарт – ол бойынша бiр тарап мүлiктi түзуге және екiншi тарапқа беруге немесе түзiлген мүлiктi пайдалану процесiнде қызметтер көрсетуге және (немесе) тауарлар шығаруға және (немесе) жұмыстарды орындауға мiндеттеме алатын жазбаша келiсiм;
5) бөлiнген активтер – жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмiлелерiнде арнайы қаржы компаниясына берiлген талап ету құқықтары, өзi берген талап ету құқықтары бойынша алынған, банк-кастодиандағы шоттардағы ақша, арнайы қаржы компаниясы көрсетiлген ақшаны инвестициялау нәтижесiнде сатып алған қаржы құралдары, қаржы құралдарын сату нәтижесiнде алынған ақша, сондай-ақ қосымша қамтамасыз етудi түзу кезiнде туындайтын мүлiк пен мүлiктiк құқықтар;
6) дебитор – қазiргi немесе болашақ ақшалай мiндеттемесi бар тұлға;
7) жобалық қаржыландыру – мүлiктi түзу және беру, сондай-ақ түзiлген мүлiктi пайдалану процесiнде қызметтер көрсету және (немесе) тауарлар шығару және (немесе) жұмыстарды орындау үшiн күтiлетiн жүйелi қаржылық төлемдер қамтамасыз етуi болып табылатын, талап ету құқығын беру арқылы ұзақ мерзiмдi жобаны қаржыландыруды ұйымдастыру тәсiлi;
8) жобалық қаржыландыру мәмiлесi – тапсырыс берушiнiң, орындаушының, арнайы қаржы компаниясының, кредиторлардың және өзге де тұлғалардың базалық шартты орындау шеңберiнде өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, сондай-ақ бөлiнген активтермен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi қабылдауға және орындауға бағытталған iс-қимылы;
9) инвестициялық портфельдi басқарушы – инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияның негiзiнде, бөлiнген активтер бойынша арнайы қаржы компаниясына уақытша бос түсiмдердi инвестициялау жөнiнде арнайы қаржы компаниясына қызмет көрсететiн бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы;
10) кредитор – облигацияларды ұстаушы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлға немесе жобалық қаржыландыру кезiнде кредит берудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
11) қосымша қамтамасыз ету – арнайы қаржы компаниясының кредиторлар алдындағы мiндеттемелерiнiң орындалуын үшiншi тұлғалардың есебiнен кепiлдiк, кепiлгерлiк, кепiлзат түрiнде, сондай-ақ шарттарда көзделген өзге де жолдармен қамтамасыз ету тәсiлдерi;
12) оригинатор – секьюритилендiру мәмiлесiн жасасу кезiнде талап ету құқықтарын берудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
13) орындаушы – базалық шартқа сәйкес мүлiктi түзетiн және беретiн, сондай-ақ түзiлген мүлiктi пайдалану процесiнде қызметтер көрсететiн және (немесе) тауарлар шығаратын және (немесе) жұмыстарды орындайтын заңды тұлға;
14) секьюритилендiру – бөлiнген активтермен қамтамасыз етiлген облигацияларды шығару арқылы ақшалай талап етудi беруге орай қаржыландыру;
15) секьюритилендiру мәмiлесi – арнайы қаржы компаниясының талап ету құқығын алуы және бөлiнген активтермен қамтамасыз етiлген облигацияларды шығару;
16) талап ету құқықтары – талап ету құқықтарын беру шартын жасасқан сәтте қолда бар ақшалай талап етулер (қолда бар талап ету құқықтары), сондай-ақ бар мiндеттемеден немесе болашақ мiндеттемеден болашақта туындайтын ақшалай талап етулер (болашақ талап ету құқықтары);
17) талап ету құқықтары бойынша түсiмдер – дебиторлардың мiндеттемелерi бойынша ақшалай нысандағы түсiмдер, сондай-ақ базалық шарт бойынша түзiлген мүлiктi пайдаланған немесе түзiлген мүлiктi пайдалану процесiнде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған тұлғалардан түсетiн түсiмдер;
18) талап ету құқықтарының бiркелкiлiгi – талап ету құқықтарының облигациялар шығару проспектiсiнде айқындалған жалпы объективтi өлшемге сәйкестiгi;
19) тапсырыс берушi – жеке немесе заңды тұлға, Үкiмет немесе жергiлiктi атқарушы орган атынан әрекет ететiн мемлекет, сондай-ақ олар уәкiлеттiк берген, олардың тапсырмасы бойынша базалық шарт iске асырылатын мемлекеттiк органдар;
20) уәкiлеттi орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
21) үлестес тұлғалар – шешiмдi тiкелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) бiр-бiрiнiң (тұлғалардың бiрiнiң) қабылдайтын шешiмдерiне, оның iшiнде жасасқан мәмiленiң күшiне қарай ықпал етуге мүмкiндiгi бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды қоспағанда).»;

4) 2-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және
секьюритилендiру туралы заңнамасы»;
1-тармақ «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейiн «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «өзгеше белгiленбесе,» деген сөздерден кейiн «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын;

5) 4-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiк «өзге тұлға» деген сөздерден кейiн «жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмiлесiне қатысу үшiн» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Оффшорлық аймақтарда тiркелген немесе оффшорлық аймақта тiркелген, тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн үлестес тұлғалары бар заңды тұлғалар арнайы қаржы компаниясының дауыс беретiн акцияларын және жарғылық капиталға қатысу үлестерiн тiкелей немесе жанама иеленуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) билiк етуге құқылы емес.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Арнайы қаржы компаниясы инвестициялық портфельдi басқарушымен шарт негiзiнде бөлiнген активтер бойынша уақытша бос түсiмдердi тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн қаржы құралдарына ғана инвестициялауды жүзеге асырады.»;
4-тармақ алып тасталсын;

6) мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2 және 5-1-баптармен толықтырылсын:

«4-1-бап. Арнайы қаржы компаниясы органдарын қалыптастырудың
ерекшелiктерi

Арнайы қаржы компаниясы органдарының құрамына кредиторлардың талабы бойынша олардың мүдделерiн бiлдiретiн және Қазақстан Республикасының заңнамасына және арнайы қаржы компаниясының жарғысына сәйкес белгiленген өкiлеттiктерi бар тұлғалар енгiзiледi. Заңда белгiленген тәртiппен алынбаған немесе өтелмеген соттылығы бар тұлға арнайы қаржы компаниясының органдарында қызмет атқаруға құқылы емес.

4-2-бап. Жобалық қаржыландыруға қатысу үшiн құрылған арнайы
қаржы компаниясы қызметiнiң ерекшелiктерi

1. Жобалық қаржыландыруға қатысу үшiн құрылған арнайы қаржы компаниясының мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыруға:
1) бөлiнген активтермен қамтамасыз етiлген қарыз шарттарын жобалық қаржыландыру мәмiлелерiн iске асыру мақсатында жасасуға;
2) бөлiнген активтермен қамтамасыз етiлген облигацияларды шығаруға;
3) базалық шарт бойынша орындаушының ақшалай талап етулерiн беру негiзiнде қаржыландыру шартын жасасуға;
4) бөлiнген активтердiң құрамына кiретiн ақшаны уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес кредиторлардың құқықтарын қорғау мақсатында инвестициялауды жүзеге асыруға;
5) осы баптың 2-тармағында белгiленген қызмет түрлерiн қоспағанда, жобалық қаржыландыру мәмiлесiн iске асыру үшiн қажеттi, кредиторлардың мүддесiндегi өзге де қызмет түрлерiн жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Жобалық қаржыландыруға қатысу үшiн құрылған арнайы қаржы компаниясы:
1) басқа заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы, акционерi) болуға;
2) филиалдар және өкiлдiктер құруға;
3) бөлiнген активтермен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер орындалғанға дейiн акционерлерге дивидендтер төлеуге немесе таза пайданы серiктестiк қатысушыларының арасында бөлуге;
4) кредиторлардың келiсiмiнсiз талап ету құқықтарын кейiннен берудi жүзеге асыруға;
5) жобалық қаржыландыру мәмiлелерiне қатысы жоқ қызмет түрлерiн жүзеге асыруға құқылы емес.
3. Жобалық қаржыландыру мәмiлесiне қатысы жоқ қызмет түрлерiн жүзеге асыру арнайы қаржы компаниясы үшiн құқықтар мен мiндеттердiң туындауына әкеп соқпайды.»;

«5-1-бап. Арнайы қаржы компаниясының есептiлiгi

Арнайы қаржы компаниясы есептiлiктi арнайы қаржы компаниясы мен кредиторлардың арасындағы қарыз шарттарында және (немесе) арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығару талаптарында көзделген тәртiппен және шарттарда, сондай-ақ осы Заңның 13-бабына сәйкес жүзеге асырады.»;

7) 6-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Арнайы қаржы компаниясын ерiктi түрде қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешiмдi оның қатысушылары немесе акционерлерi:
1) бөлiнген активтермен қамтамасыз етiлген барлық мiндеттемелердiң орындалу қорытындылары туралы есеп бекiтiлгеннен кейiн уәкiлеттi органның рұқсатымен;
2) бөлiнген активтермен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, оның барлық кредиторларының келiсiмi болған кезде қабылдай алады.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Арнайы қаржы компаниясы таратылған кезде бөлiнген активтердi өндiрiп алуға жол берiлмейдi. Бөлiнген активтер барлық кредиторларға немесе құқықтық мирасқорларына олардың талаптарының сомаларына пропорционалды түрде берiледi.»;

8) мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тараулармен толықтырылсын:

«2-1-тарау. Бөлiнген активтер

6-1-бап. Бөлiнген активтердiң құқықтық режимi

1. Бөлiнген активтердi қалыптастыру базалық шарт бойынша жобалық қаржыландыру кезiнде орындаушының талап ету құқықтарын беру нәтижесiнде, сондай-ақ секьюритилендiру кезiнде оригинатордың талап ету құқықтарын арнайы қаржы компаниясының пайдасына беру нәтижесiнде және жобалық қаржыландыру мен секьюритилендiру мәмiлелерiнде қосымша қамтамасыз етудi түзу бойынша өзге де шарттар жасасу нәтижесiнде жүзеге асырылады.
2. Бөлiнген активтер арнайы қаржы компаниясы бөлiнген активтермен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi орындағанға дейiн, арнайы қаржы компаниясының меншiктi қаражатынан және кез келген өзге тұлғаға тиесiлi не секьюритилендiрудiң кез келген өзге де мәмiлелерiне жататын кез келген өзге де активтерден бөлек болады.
3. Бөлiнген активтер жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезiнде кредиторлардың құқықтарын қорғау мүддесiнде пайдаланылады. Бөлiнген активтердi басқа мақсаттарда пайдалануға жол берiлмейдi.
4. Бөлiнген активтерден өндiрiп алу жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмiлелерiнiң шеңберiнде арнайы қаржы компаниясының мiндеттемелерiн орындау үшiн ғана жүргiзiлуi мүмкiн және мынадай кезектiлiкпен жүзеге асырылуға тиiс:
1) бiрiншi кезекте арнайы қаржы компаниясының бөлiнген активтермен қамтамасыз етiлген мiндеттемелерi орындалады;
2) екiншi кезекте жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмiлелерiмен байланысты қызмет көрсетулерге ақы төлеу жүргiзiледi.

6-2-бап. Бөлiнген активтердi басқару

1. Инвестициялық портфельдi басқарушы инвестициялауды инвестициялық портфельдi басқаруға арналған шарттың негiзiнде жүзеге асырады.
Инвестициялық портфельдi басқаруға арналған шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шарттарда және тәртiппен жасалады.
2. Бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттардан басқа инвестициялық портфельдi басқаруға арналған шарт мыналарды:
1) бөлiнген активтердiң құрамына кiретiн талап ету құқықтары бойынша ақша түсiмдерiнiң шарттарын, тәртiбi мен мерзiмдерiн және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн;
2) инвестициялық портфельдi басқарушының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмiлелерiнiң қатысушыларымен өзара, оның iшiнде қосымша қамтамасыз етудi құру бойынша шарттар жасасу жөнiндегi iс-қимыл тәртiбiн;
3) кредиторларға немесе олардың өкiлiне және уәкiлеттi органға ақпаратты ашу тәртiбiн;
4) бөлiнген активтер есебiнен сатып алуға рұқсат етiлген, уәкiлеттi орган белгiлеген тiзбеге сәйкес қаржы құралдарының тiзбесiн қамтуы тиiс.
3. Инвестициялық портфельдi басқаруға арналған шарт, шарт бойынша мiндеттемелердi тоқтатудың жалпы негiздерiмен қатар мынадай жағдайлардың бiрiнде:
1) шарт тараптарының бiреуiнiң бастамасы бойынша;
2) уәкiлеттi орган берген инвестициялық портфельдi басқарушы лицензиясының қолданылуы тоқтатылған кезде бұзылуы мүмкiн.
Инвестициялық портфельдi басқаруға арналған шартты бұзудың бастамашысы бұзу күнiнен күнтiзбелiк отыз күн бұрын шарттың тарапын жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
Инвестициялық портфельдi басқарушы лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған, одан айырылған жағдайларда инвестициялық портфельдi басқарушы бұл туралы күнтiзбелiк үш күн iшiнде арнайы қаржы компаниясын жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
Инвестициялық портфельдi басқаруға арналған шарт жаңа инвестициялық портфель басқарушысына берiлетiн арнайы қаржы компаниясының бөлiнген активтерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен салыстыру рәсiмi аяқталғаннан кейiн бұзылды деп саналады.
4. Инвестициялық портфельдi басқарушы өз мiндеттемелерi бойынша арнайы қаржы компаниясының алдында өзiне тиесiлi бүкiл мүлкiмен жауапты болады.

6-3-бап. Бөлiнген активтердi есепке алу және сақтау

1. Арнайы қаржы компаниясының бөлiнген активтерi кастодиандық шартқа сәйкес кастодиан-банктiң шоттарында сақталады және есепке алынады.
2. Кастодиандық шарт кастодиан-банк пен арнайы қаржы компаниясы арасында, сондай-ақ арнайы қаржы компаниясы бөлiнген активтер бойынша уақытша бос түсiмдердi инвестициялаған жағдайда инвестициялық портфельдi басқарушымен жасалады.
3. Кастодиандық үлгiлiк шарттың нысанын уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.
4. Кастодиан-банк инвестициялық портфельдi басқарушының тапсырмалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеген жағдайда, бұл туралы уәкiлеттi орган мен арнайы қаржы компаниясына дереу хабарлай отырып, оларды оқшаулауға (орындамауға) мiндеттi.
5. Кастодиан-банктiң арнайы қаржы компаниясы активтерiнiң нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
6. Кастодиан-банк арнайы қаржы компаниясына оның шоттарының жай-күйi туралы ай сайын хабарлап отырады.
7. Кастодиандық шарт бiр мезгiлде бiр кастодиан-банкпен ғана жасалуға тиiс.
8. Шарт бойынша мiндеттемелердiң тоқтатылуының жалпы негiздерiмен қатар, кастодиандық шарт мына жағдайлардың бiрiнде:
1) арнайы қаржы компаниясы атқарушы органының тиiстi шешiмiнiң негiзiнде;
2) инвестициялық портфельдi басқарушының талабы бойынша;
3) кастодиан-банктiң шешiмi бойынша;
4) кастодиан-банктiң уәкiлеттi орган берген лицензиясының қолданылуы тоқтатылған жағдайда бұзылуы мүмкiн.
Кастодиан-банктiң лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған, ол лицензиясынан айырылған жағдайда, кастодиан-банк бұл туралы күнтiзбелiк үш күн iшiнде арнайы қаржы компаниясына жазбаша хабарлауға мiндеттi.
Кастодиандық шартты бұзудың бастамашысы шарттың тараптарына шартты бұзудың белгiленген күнiнен күнтiзбелiк отыз күн бұрын хабарлауға мiндеттi.
Кастодиандық шарт арнайы қаржы компаниясының активтерiн жаңа кастодиан-банкке уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен беру рәсiмдерi аяқталғаннан кейiн бұзылған болып есептеледi.

2-2-тарау. Жобалық қаржыландыру

6-4-бап. Жобалық қаржыландыру бойынша қатынастардың туындауы

1. Жобалық қаржыландыру бойынша мәмiле кезiнде тапсырыс берушi орындаушымен базалық шарт жасасады, ол бойынша орындаушы мүлiктi түзу және беру, сондай-ақ түзiлген мүлiктi пайдалану процесiнде қызметтер көрсету және (немесе) тауарлар шығару және (немесе) жұмыстарды орындау нәтижесiнде ұзақ мерзiмдi негiзде жүйелi түрде ақшалай түсiмдер құқығын иеленедi.
2. Орындаушы өз мiндеттемелерiнiң орындалуын базалық шарт бойынша талап ету құқықтарын кредиторларға немесе арнайы қаржы компаниясына беру жолымен қамтамасыз ете отырып және (немесе) өзге қамтылымды ұсына отырып, кредиторлармен қарыз шарттарын жасасады және (немесе) облигациялар шығарады немесе арнайы қаржы компаниясынан қаржыландыру алады.
3. Кредиторлар өздерiнiң арасындағы келiсiмнiң негiзiнде орындаушымен және (немесе) арнайы қаржы компаниясымен өзара қарым-қатынасындағы өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiнiң жүзеге асырылу тәртiбi мен шарттарын айқындай, оның iшiнде кредиторлар мiндеттемелерiн қанағаттандырудың кезектiлiгiн көздей, сондай-ақ кредиторлардың өкiлiн айқындай алады.
4. Егер жобалық қаржыландыру мәмiлесiнде тараптардың бiрi мемлекет болса, жобалық қаржыландыру тек қана жобалық қаржыландыру мәмiлесiн орындауды iске асыру үшiн орындаушы құратын арнайы қаржы компаниясының қатысуымен жүзеге асырылуы тиiс.
5. Егер кредиторлардың кем дегенде бiреуi бұл туралы талап етсе, жобалық қаржыландыру арнайы қаржы компаниясының қатысуымен жүзеге асырылуға тиiс.
6. Базалық шартты бұзу және қатысушыларының шарт мiндеттемелерiн орындаудан бас тартуы осы Заңда мемлекеттiң қатысуымен болатын жобалық қаржыландыру бойынша қарым-қатынастар үшiн көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес жүзеге асырылады.
7. Орындаушы базалық шартта айқындалған өзiнiң мiндеттемелерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда, базалық шартта оны ауыстыру мүмкiндiгi көзделуге тиiс.

6-5-бап. Жобалық қаржыландыру кезiнде талап ету құқықтарын беру

1. Орындаушы кредиторларға немесе арнайы қаржы компаниясына өзiне тиесiлi талап ету құқығын бередi. Берiлетiн талап етулерге үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынбауға тиiс. Берiлетiн талап ету құқықтарын беру талаптары мен көлемi шартта айқындалады.
2. Жобалық қаржыландыру кезiнде талап ету құқықтарын беру шарты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 346-бабында белгiленген талаптар сақтала отырып, жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Талап ету құқықтарын беру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады.
3. Орындаушы болашақтағы талап етуiн берген кезде осы құқықты өзге тұлғаларға беру мүмкiндiгiнсiз талап ету құқығын беру шартын жасасқан сәтте ол кредиторларға немесе арнайы қаржы компаниясына ауысады.
4. Орындаушы кредиторлардың немесе арнайы қаржы компаниясының алдында оларға берiлген талап ету құқықтарының шынайылығы үшiн жауап бередi, бiрақ, егер талап ету құқығын беру шартында өзгеше көзделмесе, тапсырыс берушiнiң және базалық шарт бойынша түзiлген мүлiктi пайдалануды жүзеге асыратын тұлғалардың осы талапты орындамағаны үшiн жауап бермейдi.
5. Егер базалық шартта өзгеше көзделмесе, базалық шарт бойынша түзiлген мүлiктi пайдалануға берген кезден бастап талап ету құқығы қойылуы мүмкiн.

6-6-бап. Арнайы қаржы компаниясының қатысуымен жобалық
қаржыландыру

1. Арнайы қаржы компаниясы өз мiндеттемелерiнiң орындалуын бөлiнген активтермен қамтамасыз ете отырып, кредиторлармен қарыз шарттарын жасасады және (немесе) облигациялар шығаруды жүзеге асырады.
2. Арнайы қаржы компаниясы талап ету құқықтарын беру шартына сәйкес оның мiндеттемелерiн не мүлiктi түзу және беру, сондай-ақ түзiлген мүлiктi базалық шартқа сәйкес пайдалану процесiнде қызметтер көрсету және (немесе) тауарлар шығару және (немесе) жұмыстарды орындау нәтижесiнде орындаушының шеккен шығыстарын қаржыландыру немесе қайта қаржыландыру мақсатында ақшаны орындаушыға бередi.

6-7-бап. Мемлекеттiң қатысуымен құрылатын объектiлерге меншiк
құқығы

Мемлекеттiң тапсырысымен базалық шарт бойынша түзiлген мүлiкке меншiк құқығы мемлекетке тиесiлi болады.

6-8-бап. Мемлекетке талап ету құқықтарын берудiң ерекшелiктерi

1. Мемлекет «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен және шарттарда тапсырыс берушi ретiнде жобалық қаржыландыруға қатысады.
2. Базалық шарт бойынша орындаушыны таңдау Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес конкурстық негiзде жүзеге асырылады.
3. Мемлекет жобалық қаржыландыру шарттарымен iске асыратын инвестициялық жобаларының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
4. Базалық шарт бойынша орындаушы өзiнiң кредиторларға немесе арнайы қаржы компаниясына талап ету құқықтарын берудi жүргiзгенi туралы мемлекеттi күнтiзбелiк он күн iшiнде жазбаша нысанда хабардар етуге мiндеттi.

6-9-бап. Мемлекет қатысатын жобалық қаржыландыру кезiнде
орындаушыны ауыстырудың ерекшелiктерi

1. Орындаушы базалық шартта айқындалған өз мiндеттемелерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда, тапсырыс берушi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес бұл жөнiнде орындаушы мен кредиторларды күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрмей ескерте отырып, шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
2. Базалық шарт бойынша жаңа орындаушыны таңдау осы Заңның 6-8-бабының 2-тармағына сәйкес мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады:
1) оның негiзiнде базалық шарт бойынша жаңа орындаушыны таңдау мақсатында конкурс өткiзiлiп отырған конкурстық құжаттаманың ережелерi қайталама конкурс өткiзiлетiн кезге шарттың iс жүзiнде орындалған талаптарын ескере отырып, өзгерген ережелердi қоспағанда, алдыңғы конкурстың конкурстық құжаттамасының ережелерiне сәйкес келуi тиiс;
2) конкурстық құжаттама жаңа орындаушының кредиторлармен келiсiлген олардың алдындағы мiндеттемелерiн орындауы жөнiндегi талапты қамтуы тиiс.
3. Базалық шарт бойынша жаңа орындаушыны таңдау бойынша конкурс өткiзу кезiнде кредиторлармен келiсiм бойынша тапсырыс берушi базалық шарт бойынша талаптарды орындауды уақытша орындаушыға жүктеуi мүмкiн, оны таңдаудың тәртiбi мен қызметiн жүзеге асыру талаптарын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

6-10-бап. Арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру
кезiнде облигациялар шығаруының ерекшелiктерi

1. Арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығаруы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Арнайы қаржы компаниясы бөлiнген активтермен қамтамасыз етiлген облигацияларды шығаруды жүзеге асыруға құқылы.
3. Арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығару проспектiсi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көрсетiлгендерден басқа, мынадай мәлiметтердi:
1) ақшалай талап етулердiң сипаттамасын, бөлiнген активтердiң құрамына кiретiн талап ету құқықтары бойынша ақша түсiмдерiнiң шарттары мен болжамды мерзiмдерiн;
2) арнайы қаржы компаниясының осы Заңның талаптарына сәйкес облигацияларды орналастыру нәтижесiнде алған ақшасының нысаналы мақсатын;
3) облигацияларды ұстаушыларға базалық шарт бойынша түзiлген мүлiктiң меншiк иесiнiң ауысуы туралы, кредиторлардың өкiлдерiн арнайы қаржы компаниясының органдарына кiргiзу және олардың өкiлеттiктерi туралы ақпарат берудiң тәртiбiн;
4) арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру мәмiлесiне және активтердi инвестициялық басқаруға қызмет көрсетумен байланысты, бөлiнген активтер есебiнен жүзеге асырылатын шығыстар тiзбесiн қамтуы тиiс.
4. Облигациялық бағдарлама бойынша облигациялар шығаруды қоспағанда, арнайы қаржы компаниясы бiр жобалық қаржыландыру мәмiлесiнiң шеңберiнде кейiннен облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы емес.»;

9) 7-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi алып тасталсын;

10) 8, 10 және 12-баптар алып тасталсын;

11) 14-бапта:
тақырыбы «компаниясының» деген сөзден кейiн «секьюритилендiру кезiнде» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
1) тармақшадағы «басқарушы агент» деген сөздер «инвестициялық портфельдi басқарушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшаның мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгермейдi;
12) тармақшадағы «кезектiлiгiн;» деген сөз «кезектiлiгiн қамтуға тиiс.» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақша алып тасталсын;

12) 15-баптың тақырыбы және мәтiнi «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейiн «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын.

14. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне уәкiлеттi органдардың мемлекеттiк және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi құзыретiнiң аражiгiн ажырату және бюджет процесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Жобалық қаржыландыру қолданылатын концессия осы Заңға сәйкес және «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар сақтала отырып реттеледi және жүзеге асырылады.»;

2) 7-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Әлеуметтiк маңызы бар концессиялық жобалар бойынша тиiстi қызмет саласында бюджет қаражаты есебiнен көрсетiлетiн қызметтер көлемдерiнiң шегiнде концессионердiң пайдалану шығындарына мемлекет өтемақы беруi мүмкiн.»;

3) 8-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) тиiстi қызмет саласында бюджет қаражаты есебiнен көрсетiлетiн қызметтер көлемдерiнiң шегiнде концессионердiң пайдалану шығындарын өтеу тәртiбiн және концессиялық жобаларды әлеуметтiк маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийлерiн бекiтедi;».

15. «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат, 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):

1) 19-баптың 3 және 3-1-тармақтарындағы «секьюритилендiру» деген сөздер «жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 20-баптың 4-тармағындағы және 6-тармағының 3) тармақшасындағы «секьюритилендiру» деген сөздер «жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру» деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. НАЗАРБАЕВ

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina