ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 17...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 17 ақпандағы № 565-IV Заңы

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне iстердi қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртiбiн жетiлдiру, сот төрелiгiне сенiм деңгейiн арттыру және қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Ескертпесi!
Осы Заң 2012 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат, № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметiн жетiлдiру және қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористiк және экстремистiк қызметке қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ғарыш қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) мазмұнында:
8-бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бөлiм. Сот үкiмдерi мен қаулыларын апелляциялық және кассациялық тәртiппен қайта қарау»;
420-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«420-бап. Жаңадан сот талқылауына жiбере отырып, алқабилердiң қатысуымен шығарылған үкiмнiң күшiн жою»;
422 және 423-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«422-бап. Апелляциялық үкiмнiң, қаулының мазмұны»;
«423-бап. Апелляциялық үкiм, қаулы шығару және олардың заңды
күшiне енуi»;
423-3-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«423-3-бап. Алқабилердiң қатысуымен шығарылған бастапқы үкiмнiң күшi жойылғаннан кейiн iстi бiрiншi саты бойынша қарау»;
446-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«446-1-бап. Сот үкiмдерiне, қаулыларына кассациялық тәртiппен шағымданудың жалпы шарттары»;
446-9-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«446-9-бап. Кассациялық сатының үкiмнiң, қаулының күшiн жоюының немесе оларды өзгертуiнiң негiздерi»;
446-15-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«446-15-бап. Iстi жаңадан қарауға жiбере отырып, үкiмнiң күшiн жою»;
446-22-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«446-22-бап. Үкiмнiң күшi жойылғаннан кейiн iстi бiрiншi, апелляциялық сатыда қарау»;
50-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«50-тарау. Сот актiлерiн Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарауы»;
458 - 461-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«458-бап. Заңды күшiне енгеннен кейiн сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қаралуы мүмкiн сот актiлерi»;
«459-бап. Заңды күшiне енген сот үкiмдерi мен қаулыларын сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарауға негiздер»;
«460-бап. Соттардың заңды күшiне енген үкiмдерi мен қаулыларын сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарау туралы өтiнiш жасауға, соттардың заңды күшiне енген үкiмдерi мен қаулыларына наразылық келтiруге құқығы бар тұлғалар»;
«461-бап. Заңды күшiне енген сот шешiмдерiне сот қадағалауы тәртiбiмен шағымдану мерзiмдерi»;
61-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«61-тарау. Алқабилердiң қатысуымен қаралған iстер бойынша заңды күшiне енбеген үкiмдердi, қаулыларды қайта қарау жөнiндегi iс жүргiзу ерекшелiктерi»;
575-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«575-бап. Алқабилердiң қатысуымен сот қараған iстердi апелляциялық сатыда жүргiзу ерекшелiктерi»;
62-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«62-тарау. Алқабилердiң қатысуымен қаралған iстер бойынша заңды күшiне енген үкiмдердi, қаулыларды қайта қарау жөнiндегi iс жүргiзу ерекшелiктерi»;
мынадай мазмұндағы 575-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«575-1-бап. Алқабилер қатысқан соттың заңды күшiне енген үкiмдерi мен қаулыларын кассациялық сатыда қайта қарау»;
576 және 577-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«576-бап. Алқабилер қатысқан соттың заңды күшiне енген үкiмдерi мен қаулыларын қайта қарау»;
«577-бап. Алқабилер қатысқан соттың заңды күшiне енген үкiмiн, қаулысын қайта қарау кезiнде сотталған адамның жағдайын нашарлатуға жол бермеу»;

2) 7-бапта:
3) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «апелляциялық саты» – бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне, қаулыларына апелляциялық шағымдар (наразылықтар) бойынша iстi мәнi бойынша қарайтын сот;»;
4-1), 5), 6) тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) «кассациялық саты» – бiрiншi және апелляциялық сатыдағы соттың заңды күшiне енген үкiмдерiне, қаулыларына кассациялық шағымдар (наразылықтар) бойынша iстi қарайтын сот;
5) «қадағалау сатысы» – заңды күшiне енген сот шешiмдерiне өтiнiштер, наразылықтар бойынша iстi қадағалау тәртiбiмен қарайтын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқасы, сондай-ақ Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымын немесе Бас прокурордың наразылығын қарайтын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы;
6) «судья» – сот билiгiн жүргiзушi; осы лауазымға заңда белгiленген тәртiппен тағайындалған немесе сайланған кәсiпқой судья (соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы, тиiстi соттың судьясы);»;
34) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34) «үкiм» - айыпталушының кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi және оған жаза қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бiрiншi, апелляциялық сатыдағы сот шығарған сот шешiмi;»;

3) 23-баптың оныншы бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Сот тараптарға iстiң бiрiншi және апелляциялық саты бойынша қаралу құқығын қамтамасыз етедi; айыпталушыға және оның қорғаушысына iстi жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша кассациялық және қадағалау тәртiбiмен қарау кезiнде қатысуға рұқсат етiледi. Сот әрбiр қылмыстық iстi қараған кезде айыптау тарабының мемлекеттiк не жеке айыптаушысы болуға тиiс. Сот iстi қарағанда тараптардың қатысуы мiндеттi болатын басқа да жағдайлар осы Кодексте айқындалады.»;

4) 43-баптың төртiншi бөлiгiнiң екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер сот iстi апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау тәртiбiмен қарау кезiнде тоқтатса, көрсетiлген әрекеттердi бiрiншi саты бойынша қараған сот жүргiзедi.»;

5) 58-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«58-бап. Соттың құрамы

1. Бiрiншi сатыдағы соттарда қылмыстық iстердi қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 162 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 163 (екiншi бөлiгiнде), 165, 166, 166-1, 167, 168 (бiрiншi бөлiгiнде), 169, 171, 233 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 233-2 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 233-4 (екiншi бөлiгiнде), 234 (үшiншi бөлiгiнде), 238 (үшiншi бөлiгiнде), 239 (үшiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы iстердi қоспағанда, аса ауыр қылмыстар туралы iстер бойынша қылмыстық iстердi айыпталушының өтiнiшi бойынша бiр судьяның және он алқабидiң құрамында қарайды.
2. Қылмыстық iстердi апелляциялық тәртiппен қарауды судья жеке-дара, ал алқабилер қатысқан соттың үкiмдерiне, қаулыларына шағымдарды, наразылықтарды қарау кезiнде – кемiнде үш судья құрамындағы алқа жүзеге асырады.
3. Кассациялық сатыда iстердi қарауды облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағасының төрағалық етуiмен кемiнде үш судья құрамындағы алқа жүзеге асырады.
4. Iстi Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қарауды кемiнде үш судья құрамындағы алқа жүзеге асырады.
5. Iстердi жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қараған кезде соттың құрамы осы Кодекстiң 476-бабында көзделген қағидаларға сәйкес айқындалады.
6. Үкiмдi орындау кезiнде туындайтын мәселелердi және есi дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iстердi қарауды тиiстi соттың судьясы жеке-дара жүзеге асырады.»;

6) 59-баптың төртiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер iстi сотта қарау кезiнде қылмыс жасауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға ықпал еткен мән-жайлар, сондай-ақ анықтау, алдын ала тергеу барысында жол берiлген басқа да заң бұзушылықтар анықталса, сот жеке қаулы шығарып, онда заңды бұзудың қажеттi шаралар қабылдауды талап ететiн осы мән-жайлар мен фактiлерге тиiстi ұйымдардың немесе тұлғалардың назарын аударады. Егер сот мұны қажет деп тапса, басқа жағдайларда да жеке қаулы шығаруға құқылы.»;

7) 75-баптың алтыншы бөлiгiнде:
13), 14) тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13) қылмыстық iс қозғау туралы, оны жәбiрленушi деп тану туралы немесе одан бас тарту туралы, қылмыстық iстi тоқтата тұру туралы, iстi тоқтату туралы қаулылардың көшiрмелерiн, айыптау қорытындысының көшiрмесiн, сондай-ақ бiрiншi және апелляциялық сатылардағы соттың үкiмi мен қаулысының көшiрмелерiн алуға;
14) бiрiншi және апелляциялық сатылардағы сотта iстi сот талқылауына қатысуға;»;
21) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21) мәлiмделген шағымдарды, өтiнiштердi және наразылықтарды кассациялық және қадағалау сатыларындағы соттың қарауына қатысуға;»;

8) 90-бапта:
бiрiншi бөлiктiң 2) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) прокурордың, тергеу және анықтау органдарының шешiмдерiне және iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жасалған шағымды қараған не осы қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу шешiмiне санкция беруге қатысқан болса;»;
үшiншi және төртiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бiрiншi сатыдағы сотта қылмыстық iстi қарауға қатысқан судья бұл iстi апелляциялық, кассациялық сатыдағы сотта немесе қадағалау тәртiбiмен қарауға қатыса алмайды, сол сияқты өзiнiң қатысуымен шығарылған iстi тоқтату туралы үкiмнiң немесе қаулының күшiн жою жағдайында, бiрiншi сатыдағы сотта iстi жаңадан, оның iшiнде алқабилердiң қатысуымен қарауға қатыса алмайды.
4. Апелляциялық сатыдағы сотта iстi қарауға қатысқан судья өзiнiң қатысуымен қабылданған апелляциялық үкiмнiң, қаулының күшi жойылғаннан кейiн оны осы сатыда жаңадан қарау кезiнде, сондай-ақ iстi кассациялық сатыда қарау кезiнде қарауға қатыса алмайды.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-бөлiкпен толықтырылсын:
«4-1. Кассациялық сатыдағы сотта iстi қарауға қатысқан судья өзiнiң қатысуымен қабылданған қаулы күшiн жойғаннан кейiн бұл iстi бiрiншi, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотта қайта қарау кезiнде қатыса алмайды.»;
бесiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Iстi алдыңғы сот сатыларында қарауға қатысқан судья сол iстi қадағалау сатысында қарауға қатыса алмайды.»;
оныншы бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Қарсылық бiлдiрудi қабылдамай тастау немесе қанағаттандыру туралы қаулы шағымдалуға (наразылық келтiрiлуге) жатпайды. Қаулымен келiспеушiлiк туралы уәждер апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау шағымына енгiзiлуi мүмкiн.»;

9) 112-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«112-бап. Соттың үкiмiне, қаулыларына шағымдар, наразылықтар

Бiрiншi сатыдағы соттардың үкiмiне, қаулыларына шағымдар, наразылықтар осы Кодекстiң 46-тарауының қағидаларына сәйкес берiледi. Заңды күшiне енген сот шешiмдерiн қайта қарау туралы шағымдар, наразылықтар, өтiнiштер осы Кодекстiң 48-1 және 50-тарауларының қағидаларына сәйкес берiледi.»;

10) 131-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қылмыстық iс бойынша соттың заңды күшiне енген үкiмi, сондай-ақ заңды күшiне енген басқа да шешiмдерi анықталған мән-жайларға да, олардың құқықтық бағалануына да қатысты барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар және азаматтар үшiн мiндеттi. Бұл ереже жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың үкiмi мен басқа да шешiмдерiн кассациялық және қадағалау тәртiбiмен тексеруге, олардың күшiн жоюға және оларды өзгертуге кедергi жасамайды.»;

11) 153-баптың он сегiзiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Осы бапта белгiленген, айыпталушыны қамауға алу мерзiмiн есептеу мен ұзартудың тәртiбi кассациялық немесе қадағалау сатысында iс жүргiзудiң нәтижесiнде немесе бас бостандығынан айыру түрiнде жазасын өтеп жүрген адамға қатысты жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша үкiмнiң күшiн жою және соттың қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасын қолдана отырып, iстi жаңа тергеуге жiберуi кезiнде де қолданылады.»;

12) 291-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Облыстық және оған теңестiрiлген сот аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттардың, сондай-ақ қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттардың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне және қаулыларына апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша iстердi апелляциялық тәртiппен қарайды.
3. Облыстық және оған теңестiрiлген сот бiрiншi және апелляциялық сатылардағы соттар шығарған, заңды күшiне енген үкiмдерге және қаулыларға кассациялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша iстердi кассациялық тәртiппен қарайды.»;

13) 292-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жоғарғы Сот:
1) iстердi кассациялық сатыда қарағаннан кейiн ғана бiрiншi және апелляциялық сатылардағы соттардың үкiмдерiне, қаулыларына;
2) кассациялық сатыдағы соттың қаулыларына тараптардың өтiнiштерi мен прокурордың наразылықтары бойынша iстердi алқа болып қарайтын жоғары сот сатысы ретiнде әрекет етедi.»;

14) 293-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әскери сот гарнизондардың әскери соттарының, қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне және қаулыларына апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша iстердi апелляциялық тәртiппен қарайды.
3. Әскери сот гарнизондардың соттары, қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық әскери соттар және Әскери Соттың апелляциялық сатыдағы соттары шығарған, заңды күшiне енген үкiмдерге және қаулыларға кассациялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша iстердi кассациялық тәртiппен қарайды.»;

15) 328-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Хаттама компьютерлiк, электрондық (цифрлық дыбыс-, бейнежазбаны қоса алғанда) машинада жазу не қолмен жазу тәсiлiмен жасалады.
Сот отырысын тiркеп жазудың қосымша материалдары да сот отырысының хаттамасына қоса тiркеледi және iстiң материалдарымен бiрге сақталады.»;

16) 343-бапта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төрағалық етушi тараптардан оларда жаңа куәларды, сарапшыларды және мамандарды шақыру туралы және заттай дәлелдемелер мен құжаттарды алдыру туралы, оның iшiнде медиация рәсiмiн өткiзу туралы өтiнiштерiнiң бар-жоғы туралы сұрайды. Өтiнiшiн мәлiмдеген адам қандай мән-жайларды анықтау үшiн қосымша дәлелдемелердiң қажет екенiн көрсетуге мiндеттi.»;
үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сот талқылауының қалған қатысушыларының пiкiрiн тыңдағаннан кейiн сот мәлiмделген әрбiр өтiнiштi, оның iшiнде медиация рәсiмiн өткiзу туралы өтiнiштi қарауға, оны қанағаттандыруға немесе өтiнiштi қанағаттандырудан бас тарту туралы дәлелдi қаулы шығаруға тиiс.»;

17) 387-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке қаулы сот анықтау, алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде жiберiлген, азаматтардың құқықтарын бұзушылықтарды және заңды басқа да бұзушылықтарды байқаған кезде де шығарылуы мүмкiн.»;

18) 8-бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бөлiм. Соттың үкiмдерi мен қаулыларын апелляциялық және кассациялық тәртiппен қайта қарау»;

19) 396-1-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аудандық және оған теңестiрiлген соттардың, қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттардың, қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттардың, гарнизондардың әскери соттарының заңды күшiне енбеген үкiмдерi апелляциялық тәртiппен қаралуға жатады.»;

20) 397-баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың, қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттардың, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттардың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне, қаулыларына апелляциялық (жеке) шағымдарды, наразылықтарды тиiстi облыстық және оған теңестiрiлген соттың апелляциялық сатысы қарайды.
2. Гарнизондардың әскери соттарының, қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне, қаулыларына апелляциялық (жеке) шағымдарды, наразылықтарды Әскери сот қарайды.»;

21) 398-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
бiрiншi сөйлемдегi «үкiм қабылдаған» деген сөздер «үкiм, қаулы шығарған» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi сөйлемдегi «үкiм қабылдаған» деген сөздер «үкiм, қаулы шығарған» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Iстi қайтадан қарау кезiнде шығарылған үкiмге, қаулыға осындай тәртiппен шағым жасалуы, наразылық келтiрiлуi мүмкiн.»;

22) 400-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген сот өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау бойынша процеске қатысушының мүмкiндiгiн шектеген заңды бұзушылық кезiнде (сот отырысының хаттамасын уақытында жасамау, сот iсiн жүргiзу тiлiн бiлмейтiн iске қатысушы адамға аудармасы жоқ сот актiсiнiң көшiрмесiн табыс ету, сот актiсiнiң қарар бөлiгiнде шағымдану мерзiмiн дәл көрсетпеу), сондай-ақ оған уақытында шағым беруге немесе наразылық келтiруге объективтi түрде кедергi жасаған өзге де мән-жайлар болған кезде апелляциялық (жеке) шағым берудiң, наразылық келтiрудiң өтiп кеткен мерзiмiн қалпына келтiруге мiндеттi.»;

23) 401-баптың бiрiншi бөлiгiндегi «Үкiмдi қабылдаған» деген сөздер «Үкiм, қаулы шығарған» деген сөздермен ауыстырылсын;

24) 406-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«406-бап. Iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмдерi

Iс ол келiп түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей апелляциялық тәртiппен қаралуы тиiс. Егер сот жаңа материалдар мен дәлелдемелердi зерттеу және жаңа үкiм шығару қажеттiгiне негiз бар деп тапса, iс ол келiп түскен күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей апелляциялық тәртiппен қаралуы тиiс. Дәлелдi себептер болған кезде, бұл мерзiмдер iс жүргiзiп жатқан апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша бiр айға ұзартылуы мүмкiн. Қажет болған жағдайда iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмiн одан әрi ұзарту тиiстi облыстық және оған теңестiрiлген соттың алқа төрағасының қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. Бұл ретте iстi қарау мерзiмiн әрбiр ұзарту бiр айдан аспауға тиiс.»;

25) 411-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
5) тармақ алып тасталсын;
7) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7) алқабилердiң қатысуымен шығарылған үкiмнiң күшiн жою және iстi жаңадан сот қарауына жiберу туралы;»;

26) 411-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«411-1-бап. Апелляциялық сатының қылмыстық процесте азаматтық
талап арызды қарауы

1. Апелляциялық сатыдағы сот iстi қараған кезде үкiмнiң азаматтық талап арыз бөлiгiнде заңдылығын, негiздiлiгiн және әдiлдiгiн де тексередi және осы Кодекстiң 169-бабының талаптарын сақтай отырып, шешiм қабылдайды.
2. Апелляциялық сатыдағы сот үкiмдi азаматтық талап арыз бөлiгiнде өзгертуге құқылы.
3. Азаматтық талап арыз бойынша сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешiм қабылдауға айыптау тарапының шағымдарында немесе прокурордың наразылығында тиiстi уәждер болған кезде ғана жол берiледi.».

27) 414-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Iс материалдарын, тараптар табыс еткен және iстi апелляциялық қарау барысында алынған дәлелдемелердi қарап шығып, сот оларды жаңадан бағалауға және осы Кодекстiң 411-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жаңа шешiм қабылдауға құқылы.»;

28) 420-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«420-бап. Жаңадан сот талқылауына жiбере отырып, алқабилердiң
қатысуымен шығарылған үкiмнiң күшiн жою»;
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Алқабилердiң қатысуымен шығарылған үкiм iстi үкiм шығарған сотқа, бiрақ соттың өзге құрамында жаңадан сот талқылауына жiбере отырып, осы Кодекстiң 575-бабында көрсетiлген негiздер бойынша толық немесе бiр бөлiгiнде күшi жойылуға жатады.»;

29) 420-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«420-1-бап. Жаңа үкiм шығара отырып, үкiмнiң күшiн жою

1. Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 44-тарауының талаптарын сақтай отырып:
1) осы Кодекстiң 37-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақтарында көзделген негiздер болған кезде айыптау үкiмiнiң күшiн жоюға және ақтау үкiмiн шығаруға;
2) айыптау тарабының шағымы немесе наразылығы бойынша ақтау үкiмiнiң күшiн жоюға және айыптау үкiмiн шығаруға құқылы.
2. Жаңа айыптау үкiмiн шығарған кезде апелляциялық сатыдағы сот тағылған айыптың шегiнен, сондай-ақ басты сот талқылауы кезiнде мемлекеттiк немесе жеке айыптаушы қолдаған айыптаудың және жаза мөлшерiнiң шегiнен шығуға құқылы емес.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң қағидалары бойынша шығарылған апелляциялық сатының үкiмдерiне ол жарияланған күннен бастап алты ай iшiнде прокурор кассациялық наразылық немесе осы Кодекстiң 396-бабында аталған тұлғалар, ал күзетпен қамауда отырған сотталған адам өзiне үкiмнiң көшiрмесi табыс етiлген кезден бастап нақ сондай мерзiмде кассациялық шағым беруi мүмкiн.
4. Заңды күшiне енген айыптау үкiмiн сотталған адамның кiнәсiздiгi себептерi бойынша, сондай-ақ жазаның қатаңдығына қарай онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдану қажеттiгiне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын жақсартуға әкелетiн өзге негiздер бойынша кассациялық сатыда қайта қарау туралы шағым, наразылық беру мерзiмдермен шектелмейдi.»;

30) 421-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
10) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10) үкiмге азаматтық талап арыз, оның iшiнде iс жүргiзу шығындарын өндiрiп алу мәселелерi бойынша, заттай дәлелдемелер туралы шешiм бөлiгiнде өзгерiстер енгiзуге;»;
11) тармақшадағы «қолдануға құқылы.» деген сөздер «қолдануға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) айыптау тарапының неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану немесе неғұрлым қатаң жаза тағайындау қажеттiгi туралы шағымын, наразылығын қанағаттандыру үшiн негiздер болған кезде неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға, неғұрлым қатаң жаза тағайындауға немесе қосымша жаза қолдануға құқылы.»;

31) 422, 423 және 423-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«422-бап. Апелляциялық үкiмнiң, қаулының мазмұны

1. Осы Кодекстiң 411-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1)-3) және 8) тармақтарында көзделген жағдайларда (бiрiншi сатыдағы соттың үкiмiн өзгерiссiз қалдыру туралы, үкiмдi өзгерту туралы, iстi тоқтатып, iстi қосымша тергеуге жiбере отырып үкiмнiң күшiн жою туралы) апелляциялық қаулы шығарылады.
Апелляциялық қаулы кiрiспе, сипаттау-дәлелдеу және қарар бөлiктерiнен тұрады.
2. Қаулының кiрiспе бөлiмiнде:
1) қаулы шығарылған уақыт пен орын;
2) қаулыны шығарған соттың атауы және соттың құрамы;
3) апелляциялық наразылық немесе апелляциялық шағым жасаған адамдар;
4) iстi апелляциялық сатыда қарауға қатысқан адамдар көрсетiлуге тиiс.
3. Қаулының сипаттау-дәлелдеу бөлiгiнде сот актiсiнiң мәнiн, берiлген шағымдардың, наразылықтың, оларға қарсылықтардың уәждерiн, апелляциялық сатыдағы сотқа қатысқан адамдардың пiкiрлерiн, сондай-ақ қабылданған шешiмнiң себептерiн қысқаша баяндау қамтылуға тиiс.
4. Жаңа уәждердiң болмауына байланысты шағым, наразылық қанағаттандырусыз қалдырылған кезде, апелляциялық қаулының сипаттау-дәлелдеу бөлiгiнде сот актiсiне өзгерiстер енгiзу не оның күшiн жою үшiн осы Кодексте көзделген негiздердiң жоқ екендiгi ғана көрсетiледi.
Апелляциялық шағымда бiрiншi сатыдағы сотта қарау нысанасы болып табылмайтын жаңа уәждер келтiрiлген жағдайда, сипаттау-дәлелдеу бөлiгiнде жаңа уәждер негiзсiз деп танылған негiздер көрсетiлуге тиiс.
5. Yкiмнiң күшi жойылған немесе ол өзгертiлген жағдайда, қаулыда қылмыстық немесе қылмыстық iс жүргiзу заңының қандай нормаларының талаптары бұзылғаны, бұл бұзушылық неден көрiнетiнi, бiрiншi сатыдағы соттың үкiмiне олар бойынша өзгерiстер енгiзiлген негiздер көрсетiлуге тиiс.
6. Апелляциялық қаулының қарар бөлiгiнде апелляциялық сатыдағы соттың шағым немесе наразылық бойынша шешiмi көрсетiледi.
7. Осы Кодекстiң 411-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 4) және 6) тармақтарында көзделген жағдайларда (айыптау үкiмiнiң күшiн жою туралы және ақтау үкiмiн шығару туралы, ақтау үкiмiнiң күшiн жою туралы және айыптау үкiмiн шығару туралы), осы Кодекстiң 44-тарауының қағидалары бойынша апелляциялық үкiм шығарылады.
8. Апелляциялық үкiмде қылмыстық немесе қылмыстық iс жүргiзу заңының қандай нормаларының талаптары бұзылғаны, бұл бұзушылықтар неден көрiнетiнi, бiрiншi сатыдағы соттың үкiмi олар бойынша заңсыз болып танылатын негiздер көрсетiлуге тиiс.
9. Егер апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 421-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген шешiмдердi қабылдаса, қаулының сипаттау-дәлелдеу бөлiгiнде бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi олар бойынша дұрыс емес деп танылған себептер, сондай-ақ сотталған адам жағдайының нашарлау негiздерi келтiрiлуге тиiс.
10. Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық үкiмнiң немесе қаулының мәнiн өзгертпей, жiберiлген айқын қате жазуларды түзету туралы және олардағы түсiнiксiздiктердi түсiндiру туралы қосымша қаулы шығаруға құқылы.

423-бап. Апелляциялық үкiм, қаулы шығару және олардың заңды
күшiне енуi

1. Апелляциялық үкiм, қаулы кеңесу бөлмесiнде шығарылады, оларға судья (судьялар) қол қояды және олар судья (судьялар) кеңесу бөлмесiнен қайта оралғаннан кейiн отырыс залында оқылады.
2. Сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң талаптарын сақтай отырып, апелляциялық үкiмнiң, қаулының қарар бөлiмiн шығара алады. Бұл жағдайда апелляциялық үкiмнiң, қаулының толық мәтiнi iс қаралған күннен бастап он тәулiк iшiнде жасалып, оларға судья (судьялар) қол қояды.
3. Апелляциялық үкiм, қаулы оларды жариялаған кезден бастап заңды күшiне енедi.

423-1-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың үкiмiн, қаулысын
орындауға кiрiсу

1. Апелляциялық сатының үкiмi немесе қаулысы олар шығарылған күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрiлмей, ал осы Кодекстiң 423-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайда, оның толық мәтiнi дайындалған күннен бастап iспен бiрге бiрiншi сатыдағы сотқа жiберiледi.
2. Осы Кодекстiң 303-бабына сәйкес iс қосымша тергеуге қайтарылған кезде апелляциялық сатының қаулысы iспен бiрге тиiстi прокурорға жiберiледi. Бұл жағдайда бiрiншi сатыдағы сотқа апелляциялық саты қаулысының көшiрмесi жiберiледi.
3. Сотталған адам соған сәйкес қамаудан босатылуға тиiс болатын үкiм, қаулы, егер сотталған адам апелляциялық сатыдағы сот отырысына қатысып отырса, бұл бөлiгiнде дереу орындалады. Өзге жағдайларда апелляциялық үкiмнiң, қаулының көшiрмесi немесе оның қарар бөлiгiнен үзiндi сотталған адамды күзетпен қамауда ұстаудан босату туралы шешiмдi орындау үшiн қамау орнының әкiмшiлiгiне дереу жiберiледi.
4. Апелляциялық сатыдағы сот жаңа үкiм шығарған кезде, iс үкiмдi орындауға кiрiсу үшiн бiрiншi сатыдағы сотқа жiберiледi.»;

32) 423-2-бапта:
бiрiншi бөлiктiң 2) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шағымданудың, наразылық келтiрудiң өтiп кеткен мерзiмiн сот iстi апелляциялық сатыда процестiң басқа қатысушыларының шағымдары бойынша қарағаннан кейiн осы Кодексте көзделген тәртiппен қалпына келтiрсе, бiрiншi сатыдағы сот үкiмiнiң заңдылығын тексеру кезiнде шығарылған бiрiншi апелляциялық үкiмнiң, қаулының күшi жойылмастан iстi апелляциялық сатыда қайтадан қарауға жол берiледi.»;
үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер жаңадан шығарылған үкiм, қаулы апелляциялық сатының бұрын шығарылған үкiмiне, қаулысына қайшы келсе, алқа төрағасы облыстық және оған теңестiрiлген соттың кассациялық алқасына туындаған қайшылықтарды жою туралы ұсыным енгiзедi.»;

33) 423-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«423-3-бап. Алқабилердiң қатысуымен шығарылған бастапқы үкiмнiң
күшi жойылғаннан кейiн iстi бiрiншi саты бойынша
қарау

1. Бастапқы үкiмнiң күшi жойылғаннан кейiн iс осы Кодекстiң 57-тарауында көзделген тәртiппен қаралуға жатады.
2. Апелляциялық саты сотталған адамға онша ауыр емес қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға және жасалған әрекеттiң өзгертiлген саралануына сәйкес жазаны төмендетуге құқылы. Бұл ретте апелляциялық сатының неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға немесе тағайындалған жазаны күшейтуге құқығы жоқ.
3. Алқабилердiң қатысуымен болған соттың ақтау үкiмiн апелляциялық саты, прокурордың, жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң дәлелдемелердi ұсыну құқығын шектеген қылмыстық iс жүргiзу заңын бұзған, сондай-ақ осы Кодекстiң 575-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, күшiн жоя алмайды.
4. Iстi жаңадан қараған кезде бiрiншi сатыдағы сот шығарған үкiмге жалпы тәртiппен шағымдануға болады.»;

34) 446-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«446-1-бап. Соттың үкiмдерiне (қаулыларына) кассациялық
тәртiппен шағымданудың жалпы шарттары

1. Осы тараудың қағидалары бойынша аудандық және оған теңестiрiлген соттардың (оның iшiнде мамандандырылған ауданаралық соттардың) заңды күшiне енген үкiмдерi, қаулылары, сондай-ақ апелляциялық сатының үкiмдерi мен қаулылары қайта қаралуға жатады.
2. Соттардың мемлекеттiк және жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты, қамауға алу түрiндегi бұлтартқызбау шарасына санкция беру және оның мерзiмiн ұзарту мәселелерi, анықтауды немесе алдын ала тергеудi жүзеге асыратын тұлғалардың әрекеттерi мен шешiмдерiне немесе iстi алдын ала тергеу сатысында прокурордың әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдарды шешу бойынша шығарылған үкiмдерi, қаулылары кассациялық тәртiппен қайта қаралуға жатпайды.
3. Кассациялық шағымдар жасау құқығына ие тұлғалар тобы және шағым жасау тәртiбi осы Кодекстiң 396 және 398-баптарында көрсетiлген қағидалар бойынша айқындалады.
4. Сот актiсiн кассациялық тәртiппен қайта қарау туралы наразылықты облыс прокуроры және оған теңестiрiлген прокурор келтiруi мүмкiн, сондай-ақ Бас прокурор мен оның орынбасарлары осы Кодекстiң 398-бабында көрсетiлген қағидалар бойынша келтiре алады.
Қылмыстық iстi кассациялық тәртiппен тексеру үшiн тиiстi соттан Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестiрiлген прокурорлар осы Кодекстiң 460-бабының 2-1-бөлiгiнде көрсетiлген мерзiмдерде талап етiп алуы мүмкiн.
5. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың (оның iшiнде мамандандырылған ауданаралық соттардың) заңды күшiне енген үкiмдерiне, қаулыларына олар заңды күшiне енген күннен бастап алты ай iшiнде, ал күзетпен қамауда отырған сотталған адам оған үкiмнiң, қаулының көшiрмелерi тапсырылған кезден бастап нақ сондай мерзiмде кассациялық наразылық немесе кассациялық шағым беруi мүмкiн.
Апелляциялық сатының үкiмдерiне, қаулыларына олар жария етiлген күннен бастап алты ай iшiнде, ал күзетпен қамауда отырған сотталған адам оған үкiмнiң көшiрмесi тапсырылған кезден бастап нақ сондай мерзiмде кассациялық наразылық немесе кассациялық шағым беруi мүмкiн.
6. Заңды күшiне енген айыптау үкiмiн сотталған адамның кiнәсiздiгi себептерi бойынша, сондай-ақ жазаның қатаңдығына қарай онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдану қажеттiгiне байланысты, немесе сотталған адамның жағдайын жақсартуға әкелетiн өзге негiздер бойынша кассациялық сатыда қайта қарау туралы шағым, наразылық беру мерзiмдермен шектелмейдi.»;

35) 446-3-баптың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Соттың iстi апелляциялық тәртiппен қараған кезде шығарған үкiмiне, қаулысына шағым жасалған жағдайда, кассациялық шағымда, наразылықта апелляциялық сатының үкiмiмен, қаулысымен келiсетiнi немесе келiспейтiнi туралы негiздер көрсетiлуге тиiс.»;

36) 446-5-бапта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шағым, наразылық келiп түскен кезде кассациялық сатының судьясы iстi талап етiп, ол келiп түскеннен кейiн оны қарау күнiн белгiлейдi.»;
төртiншi бөлiктегi «үкiм (қаулы)» деген сөздер «үкiм, қаулы» деген сөздермен ауыстырылсын;

37) 446-6-баптың 2) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) уақыт, кеңiстiктiк тұрғысынан заңның қолданысын айқындау үшiн және бiрiншi және апелляциялық сатылардағы сот iстi шешкен кезде қылмыстық және қылмыстық iс жүргiзу заңдарының нормаларын дұрыс қолданғанын айқындау үшiн қажеттi мәлiметтердi талап етiп алуға құқылы.»;

38) 446-7-баптың бесiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кассациялық шағымда немесе наразылықта келтiрiлген уәждердi растау немесе терiске шығару үшiн сөз сөйлеушiлер кассациялық сатыға қосымша материалдар беруге, бұл ретте олардың қандай жолмен алынғанын және оларды табыс ету қажеттiгi неге байланысты туындағанын хабарлауға құқылы. Қосымша материалдарды тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу жолымен алуға болмайды. Сот тараптардың пiкiрiн тыңдап, қосымша материалдарды қабылдау немесе қабылдамау туралы қаулы шығарады. Iстiң шешiлуi үшiн маңызы бар болса, қосымша материалдар, егер мұндай материалдардағы деректер немесе мәлiметтер қосымша тексерудi талап етпесе, үкiмнiң күшiн жоюға немесе оны өзгертуге негiз болуы мүмкiн. Өзге жағдайларда қосымша материалдар сот үкiмiнiң, қаулысының күшiн жою және егер iс апелляциялық тәртiппен қаралмаған болса, iстi апелляциялық сатыдағы сотқа немесе бiрiншi сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жiберу үшiн негiз болуы мүмкiн.»;

39) 446-8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«446-8-бап. Кассациялық саты қабылдайтын шешiмдер

Iстi кассациялық тәртiппен қараудың нәтижесiнде сот өз қаулысымен мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) бiрiншi саты үкiмiн және апелляциялық саты қаулысын өзгерiссiз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;
2) сот актiлерiнiң күшiн жояды және iстi тоқтатады;
3) апелляциялық сатыдағы сот актiлерiнiң күшiн жояды және бiрiншi саты үкiмiн өзгерiссiз қалдырады;
4) апелляциялық сатыдағы сот актiлерiнiң күшiн жояды және iстi апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жiбередi;
5) бiрiншi сатыдағы сот актiлерiнiң күшiн жояды және егер iс апелляциялық тәртiппен қаралмаған болса, сондай-ақ бiрiншi сатыдағы сотта iс алқабилердiң қатысуымен қаралған болса, iстi бiрiншi сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жiбередi;
6) бiрiншi саты үкiмiн және апелляциялық саты қаулысын өзгертедi;
7) үкiмнiң күшiн жояды және iстi осы Кодекстiң 303-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша қосымша тергеуге жiбередi;
8) осы Кодекстiң 387-бабында көрсетiлген мән-жайлар анықталған кезде жеке қаулы шығарады.»;

40) 446-9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«446-9-бап. Кассациялық сатының үкiмнiң, қаулының күшiн
жоюының немесе оларды өзгертуiнiң негiздерi

Кассациялық тәртiппен үкiмнiң, қаулының күшiн жоюға немесе оларды өзгертуге:
1) қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы;
2) қылмыстық iс жүргiзу заңының елеулi түрде бұзылуы;
3) үкiмнiң әдiлетсiздiгi негiз болып табылады.

41) 446-12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«446-12-бап. Үкiмнiң әдiлетсiздiгi

1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi 52-бабының талаптарына сәйкес келмейтiн жаза тағайындалған үкiм әдiлетсiз деп танылады.
2. Кассациялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 446-17-бабының қағидалары бойынша үкiмнiң әдiлетсiздiгiне байланысты оны өзгертуге құқылы.
3. Егер үкiм негiзсiз ақтау, онша ауыр емес қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдану салдарынан немесе жазаның шамадан тыс жеңiлдiгiне байланысты әдiлетсiз деп танылса, кассациялық сатыдағы сот осы негiздер бойынша келтiрiлген прокурордың наразылығы немесе жәбiрленушiнiң, оның өкiлiнiң шағымы болған кезде жазаны күшейтуге не неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқылы.»;

42) 446-15-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«446-15-бап. Iстi жаңадан қарауға жiбере отырып, үкiмнiң күшiн
жою»;
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер iс апелляциялық тәртiппен қаралмаса, кассациялық саты үкiмнiң заңдылығына ықпал еткен немесе ықпал етуi мүмкiн қылмыстық iс жүргiзу заңының елеулi түрде бұзылғанын анықтаған жағдайда ғана, iс жаңадан апелляциялық қарауға немесе бiрiншi сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жiберiлiп, үкiмнiң күшi жойылуға жатады.»;

43) 446-17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«446-17-бап. Yкiмдi өзгерту

1. Бiрiншi немесе апелляциялық сатыдағы сот қылмыстық заңды дұрыс қолданбаған жағдайда, кассациялық сатыдағы сот сотталған адамға онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдануға және жасалған әрекеттiң өзгертiлген саралануына сәйкес жазаны төмендетуге құқылы, сондай-ақ ол неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға және тағайындалған жазаны күшейтуге құқылы.
2. Кассациялық сатыдағы сот, егер шамадан тыс қатаңдығы салдарынан жаза әдiлетсiз деп танылса, сотталған адамға тағайындалған жазаны саралануын өзгертпестен төмендетуге құқылы.
3. Кассациялық сатыдағы сот, егер жаза мөлшерiн ұлғайту арифметикалық қателердi немесе алдын ала күзетпен ұстау мерзiмiн есептеу кезiндегi қателердi жоюға байланысты болса, үкiмдер мен қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындауды реттейтiн қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауын жоя отырып, жаза мөлшерiн ұлғайтуға құқылы. Кассациялық сатыдағы сот, сотталған адамға түзеу мекемесiнiң заңда көзделгеннен гөрi неғұрлым жеңiл түрiнiң үкiмде дәлелденбей тағайындалуының күшiн жоюға және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес түзеу мекемесiнiң түрiн тағайындауға құқылы.
4. Кассациялық сатыдағы сот осы бапта көзделген сотталған адамның жағдайын нашарлататын өзгерiстердi, егер осы негiздер бойынша прокурордың наразылығы енгiзiлсе немесе жәбiрленушiнiң, жеке айыптаушының немесе олардың өкiлдерiнiң шағымдары берiлген жағдайда ғана енгiзуге құқылы.
5. Сот үкiмiнiң заңдылығын, негiздiлiгiн және әдiлдiгiн iстi қарайтын сот толық көлемде тексередi. Сот актiсiне кассациялық шағымда (наразылықта) көрсетiлмеген негiздер бойынша, сондай-ақ кассациялық шағым (наразылық) берiлмеген басқа сотталған адамдарға қатысты өзгерiстер енгiзуге өзiне қатысты кассациялық шағым берiлген сотталған адаммен бiрге қатысып жасалған қылмысты саралауды өзгерту кезiнде ғана жол берiледi, бұл ретте олардың жағдайы нашарламайды. Сот прокурордың наразылығында немесе кассациялық шағымда көрсетiлген сотталған адамдарға ғана қатысты жағдайларын нашарлату туралы шешiм қабылдауға құқылы. Соттың сотталған адамның немесе оның қорғаушысының не өкiлiнiң кассациялық шағымы бойынша оның жағдайын нашарлатуға құқығы жоқ.»;

44) 446-18-бапта:
төртiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жаңа уәждердiң болмауына байланысты шағым, наразылық қанағаттандырусыз қалдырылған кезде кассациялық қаулының сипаттау-дәлелдеу бөлiгiнде сот актiсiне өзгерiстер енгiзу не оның күшiн жою үшiн осы Кодексте көзделген негiздердiң жоқ екендiгi ғана көрсетiледi.
Кассациялық шағымда бiрiншi және апелляциялық сатылардағы соттарда қараудың нысанасы болып табылмайтын уәждер келтiрiлген жағдайда, сипаттау-дәлелдеу бөлiкте жаңа уәждер негiзсiз деп танылатын негiздер көрсетiлуi тиiс.»;
мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«5. Қаулының қарар бөлiгiнде кассациялық сатыдағы соттың шағым немесе наразылық бойынша шешiмi көрсетiледi.»;

45) 446-19-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«446-19-бап. Кассациялық қаулы шығару

1. Кассациялық қаулы осы Кодекстiң 423-бабында көзделген талаптар сақтала отырып, кеңесу бөлмесiнде шығарылады.
2. Кассациялық қаулы жария етiлген кезiнен бастап заңды күшiне енедi.»;

46) 446-20-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кассациялық сатының қаулысы ол шығарылғаннан кейiн үш тәулiктен кешiктiрiлмей, iспен бiрге үкiм шығарған бiрiншi сатыдағы сотқа орындау үшiн жiберiледi. Iс қосымша тергеуге жiберiлген кезде кассациялық сатының қаулысы iспен бiрге тиiстi прокурорға жiберiледi. Бұл жағдайда үкiм шығарған бiрiншi сатыдағы сотқа кассациялық саты қаулысының көшiрмесi жiберiледi.»;

47) 446-21-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер қандай да бiр себептер бойынша кейбiр сотталған адамдарға қатысты белгiленген мерзiмде берiлген шағым немесе наразылық кассациялық сатыдағы сотқа басқа сотталған адамдарға қатысты iс қаралғаннан кейiн келiп түссе, сондай-ақ егер сотталған адамның, оның қорғаушысының немесе заңды өкiлiнiң кассациялық шағымы, осы сотталған адамға қатысты iс процеске басқа қатысушының кассациялық шағымы немесе прокурордың наразылығы бойынша қаралып кеткеннен кейiн келiп түскен болса, кассациялық сатыдағы сот мұндай ағымды немесе наразылықты қарауға және ол бойынша қаулы шығаруға мiндеттi.»;

48) 446-22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«446-22-бап. Үкiмнiң күшi жойылғаннан кейiн iстi бiрiншi,
апелляциялық сатыда қарау

1. Үкiмнiң күшi жойылғаннан кейiн iс жалпы тәртiппен қаралуға жатады.
2. Егер айыптау тарапының кассациялық шағымында, наразылығында мұндай өтiнiш болса және оны кассациялық сатыдағы сот үкiмнiң күшiн жою негiздерiнiң бiрi ретiнде көрсетсе, бiрiншi, апелляциялық сатыдағы сот iстi жаңадан қараған кезiнде жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға жол берiледi.
3. Iстi жаңадан қараған кезде бiрiншi, апелляциялық сатыдағы сот:
1) егер айыптау тарапының шағымы, наразылығы бойынша үкiмнiң осы бөлiгiнде күшi жойылмаса, сотталған адамды айыптаудың бастапқы үкiммен алып тасталған бөлiгiнде кiнәлi деп тануға;
2) егер бастапқы үкiмнiң күшi айыптау тарапының шағымы, наразылығы бойынша жойылғанымен, ол осы негiздерге байланысты болмаса, жазаны күшейтуге, бас бостандығынан айыру мерзiмiнiң бiр бөлiгiн түрмеде өтеудi немесе жазаны неғұрлым қатаң режимдегi колонияда өтеудi тағайындауға, қосымша жаза тағайындауға немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқылы емес.»;

49) 446-23-баптың бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
«Iстi жаңадан қараған кезде бiрiншi, апелляциялық сатыдағы сот шығарған үкiмге жалпы тәртiппен шағымдануға болады.»;

50) 447-баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттар, қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сот, қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық әскери сот, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сот, гарнизонның әскери соты шығарған бiрiншi сатыдағы сот үкiмдерi, егер оларға шағым жасалмаса немесе наразылық келтiрiлмесе, апелляциялық шағым жасау немесе наразылық келтiру мерзiмi өткен соң заңды күшiне енедi және орындалуға жатады.
2. Iс апелляциялық сатыда қайта қаралған жағдайда, егер үкiмнiң күшi жойылмаса, ол апелляциялық қаулы шығарылған күнi күшiне енедi. Егер апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылық апелляциялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейiн керi қайтарып алынса, үкiм апелляциялық сатының шағымның, наразылықтың керi қайтарып алынуына байланысты iс жүргiзудiң тоқтатылғаны туралы қаулысы шығарылған күнi заңды күшiне енедi.
3. Бiрiншi сатыдағы сот үкiм заңды күшiне енген немесе iс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрмей үкiмдi орындауға кiрiседi.»;

51) 448-баптың төртiншi және бесiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы, үкiмi жария етiлген кезiнен бастап күшiне енедi.
5. Апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттардың үкiмдерi мен қаулылары осы Кодекстiң 423-1-бабында көзделген тәртiппен орындалады.»;

52) 457-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«457-бап. Судьяның қаулысына шағым жасау және наразылық келтiру

Үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi шешу кезiнде шығарылған сот қаулыларына осы Кодекстiң 46, 47 және 48-1-тарауларында белгiленген қағидалар бойынша апелляциялық және кассациялық тәртiппен шағым жасалуы және наразылық келтiрiлуi мүмкiн.»;

53) 50-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«50-тарау. Сот актiлерiн Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарауы»;

54) 458-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«458-бап. Заңды күшiне енгеннен кейiн сот қадағалауы тәртiбiмен
қайта қаралуы мүмкiн сот актiлерi»;
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңды күшiне енгеннен кейiн:
1) бiрiншi, апелляциялық сатыдағы соттардың үкiмдерi, қаулылары олар кассациялық сатыда қаралғаннан кейiн ғана;
2) кассациялық сатыдағы соттың қаулылары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөнiндегi қадағалаушы сот алқасында қайта қаралуы мүмкiн.»;
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген айрықша жағдайларда, Бас прокурор бiрiншi сатыдағы соттың апелляциялық және кассациялық тәртiппен қайта қаралмаған үкiмдерi мен қаулыларына, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы соттың кассациялық тәртiппен қайта қаралмаған үкiмдерi мен қаулыларына наразылық келтiруi мүмкiн.»;

55) 459-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«459-бап. Заңды күшiне енген сот үкiмдерi мен қаулыларын
сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарау негiздерi

1. Iстi тергеу немесе сотта қарау кезiнде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол берiлуi не қылмыстық және қылмыстық iс жүргiзу заңдарының:
1) кiнәсiздi соттауға;
2) ақтау үкiмiн негiзсiз шығаруға немесе iстi негiзсiз тоқтатуға;
3) жәбiрленушiнi сот арқылы қорғалу құқығынан айыруға;
4) сот тағайындаған жазаның қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуiне;
5) талап арызды қараусыз қалдыру жағдайларынан басқа, азаматтық талап арызды дұрыс шешпеуге;
6) жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану кезiнде қаулыны заңсыз немесе негiзсiз түрде шығаруға әкеп соққан дұрыс қолданылмауы заңды күшiне енген үкiмдер мен қаулыларды сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарауға негiз болып табылады.
2. Заңды күшiне енген сот актiлерi де, егер:
1) сот актiсi мемлекеттiк немесе қоғамдық мүдделердi, мемлекет қауiпсiздiгiн қозғаса не адамдардың өмiрi, денсаулығы үшiн орны толмас ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкiн болса;
2) үкiммен адам өлiм жазасына немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыруға сотталса;
3) осы Кодекстiң 446-21-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайда туындаған қайшылықтарды жою туралы ұсыным бар болса, сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қаралады.
3. Өлiм жазасы туралы заңды күшiне енген үкiмдер де өлiм жазасын орындауға мораторийдiң күшi жойылғаннан кейiн сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қаралуы мүмкiн.»;

56) 460-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«460-бап. Соттардың заңды күшiне енген үкiмдерi мен қаулыларын
сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарау туралы өтiнiш
жасауға, соттардың заңды күшiне енген үкiмдерi мен
қаулыларына наразылық келтiруге құқығы бар тұлғалар»;
бiрiншi және екiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңды күшiне енген үкiмдер мен қаулыларды сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарау туралы жүгiнулер өтiнiш жасау деп аталады және оларды апелляциялық және кассациялық шағым беруге құқығы бар процеске қатысушылар бере алады.
2. Бас прокурор заңды күшiне енген үкiмдер мен қаулыларды сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарау туралы наразылық келтiруге құқылы.
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестiрiлген прокурорлар қылмыстық iстi қадағалау тәртiбiмен тексеру үшiн тиiстi соттан талап етiп алуы мүмкiн.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлiкпен толықтырылсын:
«2-1. Прокурордың iстi талап ету туралы сауалын сот ол сотқа келiп түскен күннен бастап жетi күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей орындайды. Сауалдар байланыс арналары пайдаланылып жiберiлуi мүмкiн.
Iстi талап еткен жағдайда қадағалау наразылығын енгiзу туралы өтiнiштi прокурор iс прокуратураға келiп түскен күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннiң iшiнде қарауы тиiс.»;

57) 461-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«461-бап. Заңды күшiне енген сот шешiмдерiне сот қадағалауы
тәртiбiмен шағымдану мерзiмдерi

1. Заңды күшiне енген айыптау үкiмiн сотталған адамның кiнәсiздiгi себептерi бойынша, сондай-ақ жазаның қатаңдығына қарай онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдану қажеттiгiне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын жақсартуға әкелетiн өзге де негiздер бойынша сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарау туралы өтiнiш жасау, наразылық беру мерзiммен шектелмейдi.
2. Заңды күшiне енген ақтау үкiмiн, айыптау үкiмiн жазаның жеңiлдiгiне қарай неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттiгiне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға әкелетiн өзге де негiздер бойынша не соттың iстi тоқтату туралы қаулысын сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарау туралы өтiнiш, наразылық беруге олар заңды күшiне енгеннен кейiн бiр жыл iшiнде жол берiледi.
3. Соттың iстi қосымша тергеуге немесе жаңадан сот қарауына жiберу туралы заңды күшiне енген қаулысына өтiнiштi, наразылықты, егер iс бойынша қосымша тергеу жүргiзiлмесе немесе оны сот қабылдамаса, соттардың заңды күшiне енген үкiмдерi мен қаулыларын қайта қарау туралы өтiнiш жасауға, соттардың заңды күшiне енген үкiмдерi мен қаулыларына наразылық келтiруге құқығы бар тұлғалар сот қаулысын алған күннен бастап он бес тәулiк iшiнде беруi мүмкiн.»;

58) 467-бапта:
алтыншы бөлiктiң 4) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) үкiмнiң және кейiнгi барлық қаулылардың күшiн жояды және егер iс апелляциялық тәртiппен қаралмаса, сондай-ақ егер iс бiрiншi сатыда алқабилердiң қатысуымен қаралса, iстi апелляциялық сатыдағы сотқа немесе бiрiншi сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жiбередi;»;
тоғызыншы бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Егер iстi заңсыз тоқтатуға немесе сотталған адамның жазасын жеңiлдетуге iстi кассациялық тәртiппен қарау кезiнде жол берiлген болса, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық қаулының күшiн жоюға және бiрiншi және апелляциялық сатылардағы соттың үкiмiн, апелляциялық қаулыны өзгертiп немесе өзгертпей, күшiнде қалдыруға құқылы.»;

59) 469-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Iстi бiрiншi, апелляциялық сатылардағы сот қараған кезде жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға, егер бастапқы үкiмнiң немесе қаулының қадағалау тәртiбiмен жазаның жеңiлдiгiне қарай немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттiгiне байланысты күшi жойылған жағдайда ғана жол берiледi. Апелляциялық сатыдағы сот шығарған үкiмге iстi жаңадан талқылау кезiнде жалпы тәртiппен шағым жасалуы және наразылық келтiрiлуi мүмкiн.»;

60) 476-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«476-бап. Соттың iс бойынша iс жүргiзудi қайта бастау туралы
мәселенi шешуi

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iс жөнiндегi iс жүргiзудi қайта бастау туралы мәселенi үкiм, қаулы шығарған бiрiншi сатыдағы сот, ал алқабилер қатысқан iстер бойынша - судья жеке-дара шешедi. Егер iс бойынша апелляциялық немесе кассациялық саты қаулысы шығарылса – сот шешiмдерiн қайта қарауды тиiсiнше көрсетiлген сатылар жүзеге асырады. Егер iс қадағалау тәртiбiмен қаралған болса, сот актiлерiн жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау Жоғарғы Сотта қаралады. Iс кассациялық және қадағалау сатыларында iстердi көрсетiлген сатыларда қарау үшiн белгiленген қағидалар бойынша алқалы түрде қаралады. Тиiсiнше көрсетiлген сот сатылары жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iс жөнiнде iс жүргiзудi қайта бастауға негiздердiң болмауына байланысты қозғалған iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулыларына шағымдарды қарайды.»;

61) 478-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«478-бап. Сот шешiмдерiнiң күшi жойылғаннан кейiн iс жүргiзу

Жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс бойынша ол жөнiндегi сот шешiмдерiнiң күшi жойылғаннан кейiн тергеу және сот талқылауы, сондай-ақ шығарылған жаңа сот шешiмдерiне шағым жасау және наразылық келтiру осы Кодексте белгiленген жалпы тәртiппен жүргiзiледi.
Алқабилердiң қатысуымен қаралған iстер бойынша жаңадан ашылған мән-жайларға орай сот шешiмдерiнiң күшi жойылғаннан кейiн iс бойынша сот талқылауын бiрiншi сатыдағы сот алқабилердiң қатысуымен жаңа құрамда жүзеге асырады.»;

62) 518-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аудандық және оған теңестiрiлген соттың қаулысына – осы Кодекстiң 47-тарауында көзделген қағидалар бойынша апелляциялық тәртiппен, ал апелляциялық сатыдағы соттың қаулысына қорғаушы, жәбiрленушi мен оның өкiлi, iсi қаралған адамның заңды өкiлi немесе жақын туысы осы Кодекстiң 48-1-тарауында көзделген кассациялық тәртiппен шағымдануы, сондай-ақ прокурор наразылық келтiруi мүмкiн. Осы Кодекстiң 511-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адам iстi сотта талқылауға қатысқан жағдайда ол, егер сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша оның ауруының сипаты мен ауырлық дәрежесi бұған кедергi жасамаса, сот қаулысына шағымдануға құқылы.»;

63) 61-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«61-тарау. Алқабилердiң қатысуымен қаралған iстер бойынша заңды күшiне енбеген үкiмдердi, қаулыларды қайта қарау жөнiндегi iс жүргiзу ерекшелiктерi»;

64) 574-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«574-бап. Алқабилердiң қатысуымен сот шығарған, заңды күшiне
енбеген үкiмдер мен қаулыларға шағымдану және
наразылық келтiру

Алқабилер қатысуымен соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларына шағымдану, наразылық келтiру тәртiбi, осы тарауда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Кодекстiң 46 және 47-тарауларында көзделген қағидалармен айқындалады.»;

65) 575-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«575-бап. Алқабилердiң қатысуымен сот қараған iстердi
апелляциялық сатыда жүргiзу ерекшелiктерi»;
бiрiншi бөлiктiң бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Апелляциялық сатыда сот шешiмдерiнiң күшiн жоюға немесе оларды өзгертуге:»;
екiншi және үшiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Апелляциялық саты сотталған адамға онша ауыр емес қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға және жасалған әрекеттiң өзгертiлген саралануына сәйкес жазаны төмендетуге құқылы. Бұл ретте, кассациялық сатының неғұрлым ауыр қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға немесе тағайындалған жазаны күшейтуге құқығы жоқ.
3. Қылмыстық iс жүргiзу заңын прокурордың, жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң дәлелдемелердi ұсыну құқығын шектеген бұзушылықтар, сондай-ақ осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармағында көзделген, оның iшiнде жол берiлетiн дәлелдемелер негiзсiз алып тасталған жағдайларды қоспағанда, алқабилер қатысқан соттың ақтау үкiмi апелляциялық сатыда күшiн жоймауға тиiс.»;

66) 62-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«62-тарау. Алқабилердiң қатысуымен қаралған iстер бойынша заңды күшiне енген үкiмдердi, қаулыларды қайта қарау жөнiндегi iс жүргiзу ерекшелiктерi

575-1-бап. Алқабилер қатысқан соттың заңды күшiне енген
үкiмдерi мен қаулыларын кассациялық сатыдағы сотта
қайта қарау

1. Егер сот талқылауы барысында қылмыстық iс жүргiзу заңын:
1) үкiмдi алқабилер алқасының заңсыз құрамымен шығаруына әкеп соққан;
2) жәбiрленушiнi сотта қорғалу құқығынан айырған елеулi түрде бұзушылықтарға жол берiлсе, алқабилер қатысқан соттың ақтау үкiмiн және апелляциялық алқаның қаулысын кассациялық тәртiппен қайта қарауға жол берiледi.
2. Мыналар:
1) қылмыстың қайталану түрi мен түзеу колониясы режимiнiң түрiн дұрыс айқындамау;
2) талап арызды қараусыз қалдыру жағдайларынан басқа, азаматтық талап арызды дұрыс шешпеу;
3) үкiмдi орындау тәртiбiмен заңсыз қаулы да қайта қаралуға жатады.
3. Кассациялық саты сотталған адамға онша ауыр емес қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға және жасалған әрекеттiң өзгертiлген саралануына сәйкес жазаны төмендетуге құқылы.
4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, iс бiрiншi сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жiберiледi.

576-бап. Алқабилер қатысқан соттың заңды күшiне енген
үкiмдерi мен қаулыларын қайта қарау

Алқабилердiң қатысуымен қаралған iстер бойынша заңды күшiне енген үкiмдердi, қаулыларды қайта қарау туралы iс жүргiзу осы Кодекстiң 48-1-тарауында көзделген негiздер бойынша және тәртiппен облыстық және оған теңестiрiлген соттардың кассациялық сатысында жүзеге асырылады. Жоғарғы Соттың алқасында қайта қарау кассациялық сатыда қаралғаннан кейiн ғана осы Кодекстiң 459-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармағында және екiншi бөлiгiнiң 1), 2) тармақтарында көзделген негiздер бойынша мүмкiн болады.

577-бап. Алқабилер қатысқан соттың заңды күшiне енген үкiмiн,
қаулысын қайта қараған кезде сотталған адамның
жағдайын нашарлатуға жол бермеу

Соттың айыптау үкiмiн, сондай-ақ қаулысын жазаның жеңiлдiгiне орай неғұрлым ауыр қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдану қажеттiгiне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға әкеп соғатын өзге де негiздер бойынша қайта қарауға, сондай-ақ соттың ақтау үкiмiн не қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулысын қайта қарауға жол берiлмейдi.».

2. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 жылғы 10 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне адвокатура мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) мазмұнында:
134-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«134-бап. Iс бойынша iс жүргiзу кезiнде мекенжайды, ұялы байланыстың абоненттiк нөмiрiн және электрондық мекенжайды ауыстыру»;
216-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«216-бап. Шешiмдi жария ету»;
220-баптың тақырыбы алып тасталсын;
229-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«229-бап. Шешiм жасау»;
344-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«344-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымына шағым жасау, наразылық келтiру»;
360-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«360-бап. Апелляциялық қаулының, шешiмнiң мазмұны»;
368-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«368-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың сот актiлерiнiң күшiне енуi»;
42-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«42-1-тарау. Бiрiншi және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшiне енген шешiмдерiне, ұйғарымдарына және қаулыларына шағым жасау және наразылық келтiру»;
383-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«383-1-бап. Бiрiншi және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшiне енген шешiмдерiне, ұйғарымдарына және қаулыларына кассациялық тәртiппен кассациялық шағым жасау және наразылық келтiру құқығы»;
383-21-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«383-21-бап. Бiрiншi және апелляциялық сатылардағы соттардың шешiмдерiнiң, қаулыларының және ұйғарымдарының кассациялық тәртiппен күшiн жою негiздерi»;
383-22-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«383-22-бап. Кассациялық сатыдағы соттың актiлерi»;
391-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«391-бап. Сот актiсiне дау айту туралы және қадағалау наразылығын келтiру туралы өтiнiштердiң мазмұны»;

2) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«37-бап. Соттың құрамы

1. Бiрiншi, апелляциялық сатылардағы соттарда азаматтық iстердi соттың атынан әрекет ететiн судья жеке-дара қарайды.
2. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 59-бабының 8-тармағында және 66-бабының 3-тармағында, сондай-ақ «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабы 5-тармағында көзделген азаматтық iстердi сот атынан әрекет ететiн судья жеке-дара қарайды.
3. Iстердi кассациялық немесе қадағалау сатысындағы сотта қарауды соттың алқалы құрамы жүзеге асырады. Iс алқалы түрде қаралған кезде соттың құрамына саны тақ (кем дегенде үш) судья кiруге тиiс, олардың бiреуi төрағалық етушi болып табылады, оның мiндетiн тиiсiнше облыстық соттың төрағасы немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тиiстi алқасының төрағасы не олардың тапсырмасы бойынша судьялардың бiрi атқарады.»;

3) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«39-бап. Судьяның iстi қарауға қайта қатысуына жол
берiлмейтiндiгi

1. Бiрiншi сатыдағы сотта азаматтық iстi қарауға қатысқан судья осы iстi апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау сатыларындағы соттарда қарауға, сол сияқты өзiнiң қатысуымен қабылданған шешiм күшiн жойған жағдайда бiрiншi, апелляциялық сатылардағы соттарда iстi жаңадан қарауға қатыса алмайды.
2. Апелляциялық сатыдағы сотта iстi қарауға қатысқан судья осы iстi бiрiншi, кассациялық немесе қадағалау сатыларындағы соттарда қарауға, сол сияқты өзiнiң қатысуымен қабылданған сот актiсi күшiн жойған жағдайда апелляциялық сатыдағы сотта iстi жаңадан қарауға қатыса алмайды.
3. Кассациялық сатыдағы сотта iстi қарауға қатысқан судья осы iстi бiрiншi, апелляциялық немесе қадағалау сатыларындағы соттарда қарауға қатыса алмайды.
4. Кассациялық немесе қадағалау сатысындағы сотта iстi қарауға қатысқан судья, өзiнiң қатысуымен қабылданған қаулы күшiн жойған жағдайда, аталған сатыларда осы iстi қарауға қайта қатыса алмайды.
5. Қадағалау сатысындағы сотта iстi қарауға қатысқан судья осы iстi апелляциялық немесе кассациялық сатылардағы соттарда жаңадан қарау кезiнде қатыса алмайды.»;

4) 61-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сотта iс жүргiзуге арналған өкiлеттiк өкiлге, талап арызға қол қоюды, iстi аралық немесе төрелiк сотқа берудi, медиация жүргiзу туралы келiсiм не медиация тәртiбiмен дауды реттеу туралы келiсiм жасасуды, талап қою талаптары мен талап қоюды танудан толық немесе iшiнара бас тартуды, талап қоюдың нысанасын немесе негiздемесiн өзгертудi, бiтiмгершiлiк келiсiм жасауды, өкiлеттiктердi басқа адамға берудi (сенiмдi басқа бiреуге аудару), сот актiсiне шағым жасауды, сот актiсiн мәжбүрлеп орындатуды талап етудi, берiлген мүлiктi немесе ақшаны алуды қоспағанда, өкiлдiк берушiнiң атынан барлық iс жүргiзу әрекеттерiн жасауға құқық бередi.»;

5) 128-бап мынадай мазмұндағы 4-1-бөлiкпен толықтырылсын:
«4-1. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген сот өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау бойынша процеске қатысушының мүмкiндiгiн шектеген заңды бұзушылық кезiнде (сот отырысының хаттамасын уақтылы жасамау, сот iсiн жүргiзу тiлiн бiлмейтiн iске қатысушы адамға сот актiсiнiң аудармасы жоқ көшiрмесiн табыс ету, сот актiсiнiң қарар бөлiгiнде шағымдану мерзiмiн дәл көрсетпеулер), сондай-ақ оған уақытында шағым немесе наразылық келтiруге объективтi түрде кедергi жасаған өзге де мән-жайлар болған кезде апелляциялық (жеке) шағым берудiң, наразылық келтiрудiң өтiп кеткен мерзiмiн қалпына келтiруге мiндеттi.»;

6) 129-баптың екiншi және төртiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қажет болған жағдайларда, iске қатысушы адамдар, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар және аудармашылар тапсырылғаны туралы хабарлай отырып, тапсырыстық хат, телефонограмма немесе жеделхат, ұялы байланыстың абоненттiк нөмiрi немесе электрондық мекенжай бойынша қысқа мәтiндiк хабарлама арқылы, сондай-ақ хабарлаудың немесе шақырудың тiркелуiн қамтамасыз ететiн өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы хабарландырылуы немесе шақырылуы мүмкiн.»;
«4. Хабарлау немесе шақыру хабарландырылатын немесе шақырылатын адамға тарап немесе iске қатысатын басқа да адам көрсеткен мекенжай, ұялы байланыстың абоненттiк нөмiрi немесе электрондық мекенжай бойынша жiберiледi. Егер сотқа хабарланған мекенжай бойынша азамат iс жүзiнде тұрмайтын болса, хабарлау немесе шақыру оның жұмыс орнына жiберiлуi мүмкiн. Ұйымға арналған хабарлау немесе шақыру оның орналасқан жерiне жiберiледi.»;

7) 130-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«3. Ұялы байланыстың абоненттiк нөмiрi немесе электрондық мекенжай бойынша жiберiлетiн хабарламада:
1) хабардар етiлетiн немесе сотқа шақырылатын адамды көрсету (хабарлама жолданатын адамның тегi, аты, әкесiнiң аты не ұйымның атауы);
2) соттың атауы мен нақты мекенжайы;
3) келетiн жерi мен уақытын көрсету;
4) адресатқа хабарлау немесе оны шақыру жүргiзiлетiн iстiң қысқаша атауы;
5) адресат кiм ретiнде хабарланып немесе шақырылып отырғандығын көрсету;
6) хабарлама жiберген адамның тегi мен аты қамтылуға тиiс.
Хабарламаның жiберiлгендiгiн растайтын құжат iстiң материалдарына қоса тiркеледi.»;

8) 134-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«134-бап. Iс бойынша iс жүргiзу кезiнде мекенжайды, ұялы
байланыстың абоненттiк нөмiрiн және электрондық
мекенжайды ауыстыру

Iске қатысатын адамдар мен олардың өкiлдерi iс бойынша iс жүргiзген уақытта сотқа өз мекенжайының, ұялы байланыстың абоненттiк нөмiрiнiң, электрондық мекенжайының ауысқаны туралы хабарлауға мiндеттi. Мұндай хабарлау болмаған жағдайда шақыру қағазы немесе өзге де хабарлау, шақыру сотқа белгiлi соңғы мекенжай, ұялы байланыстың абоненттiк нөмiрi немесе электрондық мекенжайы бойынша жiберiледi және адресат бұл мекенжай бойынша ендi тұрмаса да немесе болмаса да, ұялы байланыстың бұл абоненттiк нөмiрiн немесе электрондық мекенжайды пайдаланбаса да, жеткiзiлдi деп есептеледi.»;

9) 146-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 8) тармақшасындағы «жергiлiктi» деген сөз «тиiстi» деген сөзбен ауыстырылсын;

10) 149-баптың үшiншi бөлiгiндегi «Жергiлiктi» деген сөз «Тиiстi» деген сөзбен ауыстырылсын;

11) 150-баптың екiншi бөлiгiнде:
2) тармақша «өкiлдiң атауы мен мекенжайы» деген сөздерден кейiн «, бұдан басқа, егер олар бар болса, талапкер мен өкiлдiң ұялы байланыстың абоненттiк нөмiрi мен электрондық мекенжайы туралы мәлiметтер» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жауапкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлсе), туған жылы, айы, күнi, оның тұрғылықты немесе болатын жерi, ұялы байланыстың абоненттiк нөмiрi және электрондық мекенжайы (егер олар бар болса), сондай-ақ қосымша сәйкестендiру нөмiрi, электрондық мекенжайы, егер бұл деректер талапкерге белгiлi болса;»;

12) 167-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«167-бап. Iстi сот талқылауына әзiрлеу мерзiмдерi

Азаматтық iстердi сот талқылауына әзiрлеу, егер заңнамалық актiлерде өзгеше белгiленбесе, арыз қабылданған күннен бастап жетi жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзiлуге тиiс. Алименттердi өндiрiп алу туралы, мертiгуден немесе денсаулықтың өзге де зақымдануынан келтiрiлген зиянды өтеу туралы iстерден басқа, ерекше күрделi iстер бойынша, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты және еңбек қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша айрықша жағдайларда, бұл мерзiм судьяның дәлелдi ұйғарымы бойынша бiр айға дейiн ұзартылуы мүмкiн.»;

13) 216-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«216-бап. Шешiмдi жария ету

1. Соттың шешiмi қабылданғаннан және оған қол қойылғаннан кейiн, судья сот отырысы залында сот шешiмiнiң қарар бөлiгiн жария етедi және шешiмге шағым жасаудың тәртiбi мен мерзiмдерiн түсiндiредi.
2. Шешiм шығарылған кезде судья iске қатысушы адамдарға және өкiлдерге оның көшiрмесiн қашан алуға болатынын жариялауға мiндеттi.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер жасалғаннан кейiн төрағалық етушi сот отырысын жабық деп жариялайды.»;

14) 220-бап алып тасталсын;

15) 229-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«229-бап. Шешiм жасау

Iс талқыланғаннан кейiн дереу шешiм шығарылады. Дәлелдi шешiм жасау бес күннен аспайтын мерзiмге кейiнге қалдырылуы мүмкiн, бiрақ шешiмнiң қарар бөлiгiн сот iстi талқылау аяқталған отырыста жария етуге тиiс. Шешiмнiң жарияланған қарар бөлiгiне судья қол қоюға және ол iс материалына тiркелуге тиiс.»;

16) 235-баптың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Апелляциялық тәртiппен шағым немесе наразылық берiлген жағдайда, шешiм, егер оның күшi жойылмаған болса, апелляциялық сатыдағы сот қаулыны жария еткен кезден бастап заңды күшiне енедi.»;

17) 242-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) тараптар медиацияны жүргiзу туралы келiсiм жасаған жағдайда iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға мiндеттi. Медиацияны жүргiзу мерзiмi ұзартылған кезде тараптар бұл туралы бiрлескен жазбаша хабарламамен сотқа хабарлауы тиiс.»;

18) 243-баптың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлғалардың өкiлдерi iске қатысқан жағдайларды қоспағанда, тарап iстi қарау мерзiмiнен асатын мерзiмде қызметтiк iссапарда болған;
3) заңды тұлғалардың өкiлдерi iске қатысқан жағдайларды қоспағанда, тарап емдеу мекемесiнде болған немесе оның сотқа келуiне кедергi жасайтын ауруы болған және ол медициналық мекеменiң құжатымен расталған;»;

19) 257-баптың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Хаттама компьютерлiк, электрондық (дыбыс-, бейнежазбаны қоса алғанда), машинада жазу не қолмен жазу тәсiлiмен жасалады. Сот отырысын тiркеп жазудың қосымша материалдары сот отырысының хаттамасына тiркеледi және iс материалдарымен бiрге сақталады.»;

20) 259-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«259-бап. Хаттамаға жасалған ескертпелердi қарау

1. Хаттамаға жасалған ескертпелердi оған қол қойған төрағалық етушi қарайды, ол ескертпелермен келiскен жағдайда олардың дұрыстығын куәландырады.
2. Төрағалық етушi берiлген ескертпелермен келiспеген жағдайда олар iстi қарауға қатысқан адамдарға хабарлана отырып, сот отырысында қаралады. Iстi қарауға қатысқан адамдардың келмеуi хаттамаға ескертпелердi қарау үшiн кедергi болып табылмайды. Ескертпелердi қарау нәтижесiнде төрағалық етушi олардың дұрыстығын куәландыру туралы не олардың толық немесе iшiнара қабылданбауы туралы ұйғарым шығарады. Соттың ұйғарымы шағымдануға және наразылық бiлдiруге жатпайды, бiрақ ұйғарымға қарсылық апелляциялық шағымға немесе наразылыққа енгiзiлуi мүмкiн. Барлық ескертпелер iске тiркеледi.
3. Хаттамаға жасалған ескертпелер олардың берiлген күнiнен бастап бес күн iшiнде қаралуға тиiс.
4. Iс бойынша төрағалық етушi әлдебiр объективтi себептермен хаттамаға жасалған ескертпелердi қарай алмаған жағдайда, олар iс материалдарына тiркеледi.»;

21) 336-баптағы «қаулы», «қаулысына» деген сөздер тиiсiнше «ұйғарым», «ұйғарымына» деген сөздермен ауыстырылсын;

22) 337-бапта:
бiрiншi абзац және 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«Апелляциялық шағым немесе наразылық судьяның ұйғарымымен оларды берген (келтiрген) тұлғаға мына жағдайларда:
1) шағымды, наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы судьяның ұйғарымдағы нұсқаулары белгiленген мерзiмде орындалмағанда;»,

23) 344-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«344-бап. Бiрiншi сатыдағы сот ұйғарымына шағым беру,
наразылық келтiру

1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, сондай-ақ сот ұйғарымы, iстiң әрi қарай iлгерiлеу мүмкiндiгiне бөгет болатын жағдайларда бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымына, осы Кодекстiң 332-бабында аталған тұлғалар жеке шағым, наразылық беруi (келтiруi) мүмкiн. Егер ұйғарым iске қатыспайтын тұлғалардың мүдделерiне қатысты болса, олар да сот ұйғарымына шағым жасауға құқылы.
2. Бiрiншi сатыдағы соттың қалған ұйғарымдарына жеке шағымдар мен наразылықтар берiлмейдi, бiрақ бұл ұйғарымдарға қарсылықтар апелляциялық шағымға немесе наразылыққа енгiзiлуi мүмкiн.
3. Шешiм шығарумен аяқталған сот талқылауы кезiнде шығарылған ұйғарымға шағым жасалған, наразылық келтiрiлген жағдайда iс жоғары тұрған сот сатысына шешiмге шағым беруге белгiленген мерзiм өткен соң ғана жiберiледi. Бұл ретте, егер шешiмге апелляциялық шағым жасалса, наразылық келтiрiлсе, жеке шағымды, наразылықты тексеру iстi апелляциялық тәртiппен қарайтын сот сатысында жүргiзiледi.
4. Бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымына жеке шағым, наразылық сол ұйғарымды шығарған сотқа берiледi. Судья жеке шағымды немесе наразылықты алған соң iстi апелляциялық сатыдағы сотқа жiберуге мiндеттi. Қарау нәтижелерi бойынша:
1) ұйғарымды – өзгерiссiз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру;
2) ұйғарымның күшiн толық немесе бiр бөлiгiнде жою және мәселенi бiрiншi сатыдағы сотқа жаңадан қарауға беру;
3) ұйғарымның күшiн толық немесе бiр бөлiгiнде жою;
4) ұйғарымды өзгерту туралы ұйғарым шығарылады.
5. Апелляциялық сатының жеке шағым, наразылық бойынша шығарылған ұйғарымы шағымдануға, наразылық келтiруге жатпайды және ол шығарылғаннан кейiн дереу заңды күшiне енедi.»;

24) 346-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«346-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың жеке ұйғарымы

Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 253-бабында белгiленген жағдайда және тәртiппен жеке ұйғарым шығаруы мүмкiн.»;

25) 349-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«349-бап. Iстi қарау мерзiмдерi

Апелляциялық сатыда iс сотқа келiп түскен күннен бастап бiр ай мерзiмде қаралуға тиiс.
Егер жаңа материалдарды, дәлелдемелердi зерттеуге және жаңа шешiм шығаруға қажеттiлiк болса, онда апелляциялық сатыда iс сотқа келiп түскен күннен бастап екi айға дейiнгi мерзiмде қаралуға тиiс.»;

26) 355-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлiкпен толықтырылсын:
«3-1. Тараптар өздерiне бiрiншi сатыдағы сот жауап алуға рұқсат бермеген куәларды шақыру және олардан жауап алу туралы және зерттеуге рұқсат бермеген дәлелдемелердi талап ету туралы өтiнiштер мәлiмдеуге құқылы.»;

27) 357-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң талаптарын сақтай отырып, сот актiсiнiң қарар бөлiгiн шығара алады. Бұл жағдайда дәлелдi сот актiсi iстi қараған күннен бастап бес күн мерзiмде жазылып, оған судья қол қояды.»;

28) 358-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;

29) 359-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«359-бап. Апелляциялық сатының сот актiлерi

1. Апелляциялық сатыдағы сот мынадай актiлердi шығарады:
1) осы Кодекстiң 341-бабының екiншi бөлiгi мен 358-бабының 1), 2), 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда қаулы;
2) осы Кодекстiң 358-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайда шешiм;
3) ұйғарым.
2. Апелляциялық сатыдағы соттың дәлелдi актiсi ол қабылданған күннен бастап бес күн iшiнде шығарылуға тиiс.»;

30) 360-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«360-бап. Апелляциялық қаулының, шешiмнiң мазмұны

1. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында: апелляциялық қаулының шығарылған күнi мен орны; апелляциялық қаулыны шығарған соттың атауы; сот құрамы; тараптар; iске қатысушы басқа тұлғалар және өкiлдер; даудың нысанасы немесе мәлiмделген талап; талап қоюлардың және оларға қарсылықтардың мәнi; бiрiншi сатыдағы сот анықтаған iстiң мән-жайы; бiрiншi сатыдағы сот шешiм немесе ұйғарым шығарған кезде басшылыққа алған себептер көрсетiлуге тиiс.
2. Бұдан басқа, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында:
1) апелляциялық шағым немесе наразылық берген тұлғаның атауы;
2) шағым немесе наразылық берген тұлғаның талаптары, олардың негiздемелерi;
3) апелляциялық сатыдағы соттың бiрiншi сатыдағы сот шешiмiн өзгерiссiз қалдыруының, оның күшiн жоюының не оны өзгертуiнiң негiздерi;
4) апелляциялық сатыдағы соттың өз тұжырымдарын жасауына алып келген уәждер және сот басшылыққа алған заңдарға сiлтеме;
5) апелляциялық сатыдағы соттың тұжырымдары көрсетiледi.
3. Жаңа уәждердiң болмауына байланысты шағымдар, наразылық қанағаттандырусыз қалдырылған кезде апелляциялық қаулының дәлелдеу бөлiгiнде сот актiсiне өзгерiстер енгiзу не оның күшiн жою үшiн осы Кодекспен көзделген негiздердiң жоқ екендiгi ғана көрсетiледi.
Апелляциялық шағымда, наразылықта бiрiншi сатыдағы соттың қарау нысанасы болып табылмайтын жаңа уәждер келтiрiлген жағдайда, қаулының дәлелдеу бөлiгiнде жаңа уәждер негiзсiз деп танылған негiздемелер көрсетiлуге тиiс.
4. Осы Кодекстiң 358-бабының 3) тармақшасымен көзделген жағдайда қабылданған апелляциялық шешiмнiң мазмұны осы Кодекстiң 221-бабының талаптарына сәйкес келуге тиiс.
5. Осы Кодекстiң 230-232-баптарында көзделген жағдайларда және тәртiппен апелляциялық сатыдағы сот кеткен қате жазуларды және анық арифметикалық қателердi түзету туралы мәселенi қарауға, қосымша шешiм, қаулы шығаруға немесе шығарылған шешiмнiң, қаулының мәнiн өзгертпей оны түсiндiруге құқылы. Апелляциялық сатыдағы соттың көрсетiлген мәселелер жөнiндегi шешiмi, қаулысы шығарылған күнiнен бастап күшiне енедi.»;

31) 368-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«368-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың сот актiлерiнiң
заңды күшiне енуi

Апелляциялық сатыдағы соттың сот актiлерi олар жария етiлген кезден бастап заңды күшiне енедi.»;

32) 42-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«42-1-тарау. Бiрiншi және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшiне енген шешiмдерiне, ұйғарымдарына және қаулыларына кассациялық тәртiппен шағымдану және наразылық келтiру»;

33) 383-1 және 383-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«383-1-бап. Бiрiншi және апелляциялық сатылардағы соттардың
заңды күшiне енген шешiмдерiне, қаулыларына және
ұйғарымдарына кассациялық тәртiппен шағымдану және
наразылық келтiру құқығы

1. Бiрiншi және апелляциялық сатыдағы соттардың заңды күшiне енген шешiмдерiне, қаулыларына және ұйғарымдарына кассациялық шағымдану және наразылық келтiру құқығы тараптарға және iске қатысушы басқа тұлғаларға тиесiлi.
2. Iске қатысуға тартылмаған, бiрақ соттар олардың құқықтары мен мiндеттерiне қатысты шешiм, қаулы немесе ұйғарым шығарған тұлғалар да кассациялық шағым беруге құқылы.
3. Бiрiншi, апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшiне енген шешiмдерiне, қаулыларына және ұйғарымдарына кассациялық наразылық келтiру құқығы iстi осы сатыларда қарауға қатысқан прокурорға тиесiлi. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлар iстi қарауға қатысқан-қатыспағанына қарамастан, бiрiншi және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшiне енген шешiмдерiне, қаулыларына және ұйғарымдарына наразылық келтiруге құқылы.

383-2-бап. Кассациялық шағымдар мен наразылықтарды қарайтын
соттар

Бiрiншi және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшiне енген шешiмдерiне, қаулыларына және ұйғарымдарына кассациялық шағымды немесе наразылықты облыстық және оған теңестiрiлген сот кемiнде үш судья құрамында қарайды.»;

34) 383-4-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кассациялық шағым немесе наразылық бiрiншi немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешiмi, қаулысы, ұйғарымы заңды күшiне енген күннен бастап алты ай iшiнде берiлуi мүмкiн.»;

35) 383-5-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) шағым жасалып немесе наразылық келтiрiлiп отырған шешiмнiң, қаулының және ұйғарымның көрсетiлуiн;
4) шешiмнiң, қаулының және ұйғарымның дұрыс еместiгi, сондай-ақ шағымды немесе наразылықты берген тұлғаның өтiнiшi неге саятындығының көрсетiлуiн;»;

36) 383-6-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кассациялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғалардың қолы қойылмаған, шағым жасалып немесе наразылық келтiрiлiп отырған қаулы, шешiм және ұйғарым көрсетiлмеген немесе барлық қажеттi көшiрмелер қоса тiркелмеген кассациялық шағым немесе наразылық берiлген кезде облыстық және оған теңестiрiлген соттың судьясы шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады және шағым немесе наразылық берген тұлғаға кемшiлiктердi жою үшiн мерзiм тағайындайды.»;

37) 383-7-баптың 3) тармақшасындағы «хабарлауға мiндеттi.» деген сөздер «хабарлауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) қарауға тағайындалған iстер туралы прокурорға хабарлауға мiндеттi.»;

38) 383-12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«383-12-бап. Кассациялық қараудың нысанасы

Кассациялық шағым, наразылық бойынша кассациялық сатыдағы сот бiрiншi және апелляциялық сатылардағы соттар шығарған, заңды күшiне енген шешiмдердiң, қаулылардың және ұйғарымдардың заңдылығы мен негiздiлiгiн тексередi.»;

39) 383-15-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстiң 55-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, кассациялық сатыдағы соттың отырысына iс бойынша қорытынды беретiн прокурор қатысады.»;

40) 383-17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«383-17-бап. Iстi баяндау

Кассациялық сатыдағы сотта iстi қарау судьялардың бiреуiнiң баяндамасымен басталады. Баяндамашы iстiң мән-жайын, бiрiншi, апелляциялық сатылардағы соттардың шешiмiнiң, қаулысының және ұйғарымының мазмұнын, кассациялық шағымның, наразылықтың уәждерiн және оларға келiп түскен пiкiрлердi баяндайды, сондай-ақ шешiмнiң дұрыстығын тексеру үшiн соттың қарауы қажет болатын өзге де деректердi хабарлайды.»;

41) 383-20, 383-21, 383-22 және 383-23-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«383-20-бап. Кассациялық сатыдағы соттың өкiлеттiктерi

Сот iстi кассациялық тәртiппен қарап:
1) бiрiншi немесе апелляциялық сатыдағы соттардың шешiмiн, қаулысын және ұйғарымын – өзгерiссiз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдыруға;
2) бiрiншi немесе апелляциялық сатыдағы соттардың шешiмiнiң, қаулысының және ұйғарымының күшiн толық немесе бiр бөлiгiнде жоюға және егер iс апелляциялық тәртiппен қаралмаса, бiрiншi сатыдағы сотқа немесе егер кассациялық саты бiрiншi немесе апелляциялық сатыдағы соттың жiберген қателiктерiн түзете алмаса, апелляциялық сатыдағы, бiрақ судьялардың өзге құрамындағы сотқа жаңадан қарауға жiберуге құқылы. Кассациялық сатыдағы сот қандай да бiр дәлелдемелердiң дұрыстығы немесе дұрыс еместiгi туралы, бiр дәлелдемелердiң басқаларынан артықшылығы туралы мәселелердi, сондай-ақ iстi жаңадан қарау кезiнде қандай шешiмнiң шығарылуға тиiс екенi туралы алдын ала шешуге құқылы емес;
3) бiрiншi немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешiмiнiң, қаулысының және ұйғарымының толық немесе бiр бөлiгiнде күшiн жоюға және осы Кодекстiң 247, 249-баптарында көзделген негiздер бойынша iс бойынша iс жүргiзудi тоқтатуға не арызды қараусыз қалдыруға;
4) бiрiншi сатыдағы соттың шешiмiн күшiнде қалдырып, апелляциялық сатыдағы соттың шешiмiнiң, қаулысының және ұйғарымының күшiн жоюға;
5) егер iс бойынша дәлелдемелердi жинау немесе қосымша тексеру талап етiлмесе, бiрiншi немесе апелляциялық сатыдағы сот iстiң мән-жайын дұрыс және толық анықтаса, бiрақ материалдық құқық нормаларын қолдануда қателiктерге жол берiлсе, iстi жаңадан қарауға жiберместен, бiрiншi сатыдағы соттың шешiмiнiң немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешiмiнiң, қаулысының күшiн жойып, шешiмдi қаулыны, ұйғарымды өзгертуге немесе жаңа сот актiсiн шығаруға құқылы.

383-21-бап. Бiрiншi және апелляциялық сатылардағы соттардың
заңды күшiне енген шешiмдерiнiң, қаулыларының және
ұйғарымдарының күшiн кассациялық тәртiппен жоюдың
негiздерi

Соттардың заңды күшiне енген шешiмдерiнiң, қаулыларының және ұйғарымдарының күшi осы Кодекстiң 364-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген негiздер бойынша кассациялық тәртiппен жойылуға жатады.

383-22-бап. Кассациялық сатыдағы соттың актiлерi

1. Кассациялық сатыдағы соттың актiлерi қаулылар нысанында шығарылады.
2. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысында:
1) қаулының шығарылған күнi мен орны;
2) қаулы шығарған соттың атауы мен құрамы;
3) кассациялық шағым немесе наразылық берген тұлға;
4) шағым жасалған бiрiншi және/немесе апелляциялық сатылардағы соттың актiсiнiң, кассациялық шағымның немесе наразылықтың және оларға берiлген жазбаша пiкiрлердiң, кассациялық сатыда iстi қараған кездегi қатысушы тұлғалар түсiнiктемелерiнiң қысқаша мазмұны;
5) соттың тұжырымдар жасауына алып келген уәждер және сот басшылыққа алған заңдарға сiлтеме;
6) кассациялық шағымды немесе наразылықты қараудың нәтижелерi бойынша тұжырымдар көрсетiлуге тиiс.
3. Жаңа уәждердiң болмауына байланысты шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдырған кезде кассациялық қаулының дәлелдеу бөлiгiнде сот актiсiне өзгерiстер енгiзу немесе оны жою үшiн осы Кодексте көзделген негiздердiң жоқ екендiгi ғана көрсетiледi.
Кассациялық шағымда, наразылықта бiрiншi және апелляциялық сатылардағы соттардың қарау нысанасы болып табылмайтын жаңа уәждер келтiрiлген жағдайда, дәлелдеу бөлiгiнде жаңа уәждердi негiзсiз деп танудың негiздерi көрсетiлуге тиiс.
4. Кассациялық сатының қаулысы бес күннiң iшiнде түпкiлiктi нысанда жасалып болуға тиiс. Iс материалдарына қоса тiркелетiн қаулының қарар бөлiгiн жария етуге жол берiледi.
5. Кассациялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 230-232-баптарында көзделген жағдайларда және тәртiппен қате жазулар мен анық арифметикалық қателердi түзету туралы мәселенi қарауға, қосымша қаулы шығаруға немесе мәнiн өзгертпей, шығарылған қаулыны түсiндiруге құқылы. Кассациялық сатыдағы соттың аталған мәселелер бойынша қаулысы шығарылған күннен бастап күшiне енедi.

383-23-бап. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысының заңды күшi

Кассациялық сатыдағы соттың қаулысы жария етiлген кезден бастап заңды күшiне енедi.»;

42) 384-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«384-бап. Сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қаралуға жататын сот
актiлерi

1. Жергiлiктi және өзге де соттардың заңды күшiне енген сот актiлерiн, оларға шағым жасалудың кассациялық тәртiбi сақталған жағдайда, iске қатысушы адамдардың өтiнiштерi және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылығы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қадағалау тәртiбiмен қайта қарауы мүмкiн.
Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген айрықша жағдайларда, заңды күшiне енген бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешiмi немесе қаулысы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылығы бойынша сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қаралуы мүмкiн.
2. Қазақстан Республикасының жергiлiктi және өзге соттарының заңды күшiне енген, кассациялық тәртiппен шағым берiлмеген актiлерi сот қадағалауы тәртiбiмен тексеруге жатпайды.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалаушы сот алқасының қаулысы, егер қабылданған қаулы адамдардың өмiрi, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауiпсiздiгi үшiн орны толмас ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкiн айрықша жағдайларда сот қадағалауы тәртiбiмен тексерiлуi мүмкiн.»;

43) 385-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстiң 384-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген сот актiлерiне дау айту туралы өтiнiштердi тараптар және олардың өкiлдерi, iске қатысушы басқа да тұлғалар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау сот алқасына беруi мүмкiн.»;

44) 386-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық сатының заңды күшiне енген қаулысына осы Кодекстiң 385-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген тұлғалардың өтiнiштерi және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылықтары бойынша iстердi, сондай-ақ осы Кодекстiң 384-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда бiрiншi және апелляциялық сатылардағы соттардың актiлерiн кемiнде бес судья құрамында қарайды.»;

45) 387-баптың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық не iс жүргiзу құқығының нормаларын елеулi түрде бұзу заңды күшiне енген шешiмдердi, қаулыларды және ұйғарымдарды қадағалау тәртiбiмен қайта қарауға негiз болады.»;

46) 391-бапта:
баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«391-бап. Сот актiсiне дау айту туралы және қадағалау
наразылығын келтiру туралы өтiнiштердiң мазмұны»;
бiрiншi бөлiктiң бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына берiлетiн сот актiсiне дау айту және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына қадағалау наразылығын келтiру туралы өтiнiштер:»;

47) 393-баптың бiрiншi бөлiгiндегi «актiсiн сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарау» деген сөздер «актiсiне сот қадағалауы тәртiбiмен дау айту» деген сөздермен ауыстырылсын;

48) 397-баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiндегi «заңдылығы мен негiздiлiгiн» деген сөздер «заңдылығын» деген сөзбен ауыстырылсын;

49) 398-баптың төртiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бiрiншi, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттың шешiмiнiң күшiн толық немесе бiр бөлiгiнде жояды және iстi апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотқа немесе, егер iс апелляциялық сатыдағы сотта қаралмаған болса, бiрiншi сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жiбередi. Қадағалау сатысындағы сот қаулыда көрсетiлмеген не онда жоққа шығарылған мән-жайларды анықтауға немесе оларды дәлелденген деп есептеуге, қандай да бiр дәлелдемелердiң дұрыстығы немесе дұрыс еместiгi, бiр дәлелдемелердiң басқаларынан артықшылығы туралы, iстi жаңадан қарау кезiнде материалдық құқықтың қай нормасы қолданылуға тиiс және қандай қаулының қабылдануға тиiс екендiгi туралы мәселелердi алдын ала шешуге құқылы емес;»;

50) 399-баптың бiрiншi бөлiгiндегi «апелляциялық сатыдағы актiлер» деген сөздер «апелляциялық қаулы» деген сөздермен ауыстырылсын;

51) 403-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«403-бап. Сот шешiмiнiң, ұйғарымының, қаулысының күшi
жойылғаннан кейiн iстi қарау

1. Қадағалау тәртiбiмен сот актiлерiнiң күшi жойылғаннан кейiн iс жалпы тәртiппен қаралуға тиiс.
2. Бұрын қабылданған сот актiлерiнiң апелляциялық, кассациялық тәртiппен немесе қадағалау тәртiбiмен күшi жойылғаннан кейiн шығарылған жаңа сот актiлерiне өтiнiш, наразылық олардың күшiн жойған себептерге қарамастан, жалпы негiздерде берiлуi, келтiрiлуi мүмкiн.».

3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне уәкiлеттi органдардың мемлекеттiк және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi құзыретiнiң аражiгiн ажырату және бюджет процесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экологиялық мәселелер бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ғарыш қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
548-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) медиация тәртiбiмен дауды реттеу туралы келiсiм жасаған;».

4. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 10 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне адвокатура мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 8-баптың 8-тармағындағы «34-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 8) және 10) тармақшаларында» деген сөздер «34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 8-1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «34-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 8) және 10) тармақшаларында» деген сөздер «34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын.

5. «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 2, 27-құжат):

1) 23-баптың 2-тармағының екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
«Қажет болған жағдайда, тараптар кейiннен сотқа бiрлескен жазбаша хабарлама жiбере отырып, медиацияны жүргiзу мерзiмiн күнтiзбелiк отыз күнге дейiн ұзартуы мүмкiн, бiрақ ол жиынтығында күнтiзбелiк алпыс күннен аспауға тиiс.»;

2) 27-баптың 5-тармағының екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте төленген мемлекеттiк баж «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) көзделген тәртiппен төлеушiге қайтарылуға тиiс.».

2-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.

3-бап. 2012 жылғы 1 шiлдеге дейiн iс жүргiзуге қабылданған, соттарда жатқан iстердi қарау осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қолданылып келген iс жүргiзу заңнамасының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. НАЗАРБАЕВ

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina