ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2012 жылғы 10 сәуiрдегi № 225 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2012 жылы 11 сәуiрде № 7548 тiркелдi
Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау, шешу, азаматтарды қабылдау жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 «Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау, шешу, азаматтарды қабылдау жөнiндегi нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) бекiтiлсiн.
2. Iшкi iстер министрлiгiнiң орталық аппараты комитеттерiнiң төрағалары, департаменттерiнiң және дербес басқармаларының, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көлiктегi iшкi iстер, қылмыстық-атқару жүйесi департаменттерiнiң, аумақтық және желiлiк iшкi iстер органдарының, бiлiм беру ұйымдары мен мекемелерiнiң бастықтары, Iшкi iстер министрлiгi iшкi әскерлер құрамалары мен бөлiмдерiнiң командирлерi:
1) iшкi iстер органдарының барлық жеке құрамының, хатшылық (кеңсе) қызметкерлерiнiң Нұсқаулықты зерделеуiн ұйымдастырсын. Нұсқаулықтағы талаптардың бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етсiн;
2) азаматтарды қабылдауды, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiмен жұмысты одан әрi жақсартуға қажеттi шаралар қабылдасын;
3) тоқсан сайын «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу ережесiн, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау туралы» № 1-ТӨ нысанды есептi және оның құрылуы жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2011 жылғы 16 қарашадағы № 109 бұйрығына сәйкес (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7315 болып тiркелген және 2011 жылы 13 желтоқсандағы № 183 «Заң газетi» газетiнде жарияланды) № 1-ТӨ нысанды статистикалық есептi ұсынсын.
3. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында азаматтарды қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау, шешу нұсқаулығын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2007 жылғы 30 тамыздағы № 353 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4959 болып тiркелген және 2007 жылғы қыркүйек-қазандағы «Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағы» актiде жарияланды) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың және Нұсқаулықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасына жүктелсiн.
5. Iшкi iстер министрлiгiнiң Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде белгiленген тәртiппен тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

Министр
полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрiнiң
2012 жылғы 10 сәуiрдегi
№ 225 бұйрығымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында жеке және
заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау, шешу, азаматтарды

қабылдау жөнiндегi

НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау, шешу, азаматтарды қабылдау туралы нұсқаулық (бұдан әрi – Нұсқаулық) «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу ережесiн, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау туралы» № 1-ТӨ нысанды есептi және оның құрылуы жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2011 жылғы 16 қарашадағы № 109 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7315 болып тiркелген және 2011 жылы 13 желтоқсандағы № 183 «Заң газетi» газетiне жарияланған) (бұдан әрi – Қағида) сәйкес әзiрлендi және жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн iске асыру және қорғау мақсатында олардың өтiнiштерiн қарауды, азаматтарды қабылдауды реттейдi.
2. Қарау тәртiбi Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар, қылмыстық iс жүргiзу, азаматтық iс жүргiзу заңнамасында белгiленген жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне осы Нұсқаулық әрекетi қолданылмайды.
3. Әскери қызметшiлердiң қызмет өткеруге байланысты өтiнiштерi (баянаттары) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Тәртiптiк Жарғысына және Iшкi қызмет Жарғысына сәйкес берiледi, қаралады және шешiледi.
4. Iшкi iстер органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiмен жұмыс iстеудi, азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыруды және iс жүргiзудiң жай-күйiн олардың бiрiншi басшылары қамтамасыз етедi.
5. Осы Нұсқаулықта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) арыз - адамның құқықтары мен бостандықтарын немесе басқа да адамдардың құқықтары мен бостандықтарын iске асыруда көмек көрсету туралы не болмаса заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң бұзылуы, өтiнiштердi қарайтын iшкi iстер органдарының, лауазымды адамдарының жұмысындағы кемшiлiктер туралы хабарлама не болмаса олардың қызметiне айтылатын сын;
2) өтiнiш - iшкi iстер органдарының лауазымды адамдарына жiберiлген жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не болмаса электрондық сандық қолтаңбамен расталған электрондық құжат нысанындағы ұсыныс, арыз, шағым, сұрау салу немесе пiкiр;
3) қайталанған өтiнiш - бiр адамнан бiр мәселе бойынша кемiнде екi рет келiп түскен:
алдыңғы өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге шағым жасалған;
егер бұрын жiберiлген өтiнiштiң келiп түскен уақытынан бастап белгiленген қарау мерзiмi өтiп кетсе, алайда арыз берушi жауап алмаған болса, оның уақтылы қаралмағаны туралы хабарланған;
алдыңғы өтiнiштi қарау және ол бойынша шешiм қабылдау кезiнде жiберiлген басқа да кемшiлiктер көрсетiлген өтiнiш;
4) анонимдi өтiнiш - авторын айқындау мүмкiн емес, қолтаңбасы, оның iшiнде электрондық сандық қолтаңбасы, арыз берушiнiң пошталық мекенжайы жоқ өтiнiш;
5) өтiнiштердi қарайтын субъектiлер (бұдан әрi - субъектiлер) - мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, мемлекеттiң қатысуы жүз пайызды құрайтын не мемлекеттiк тапсырыс және (немесе мемлекеттiк сатып алу) шарттарына сәйкес тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) ұсынатын, өздерiнiң құзыреттерiне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға құқылы заңды тұлғалар;
6) органдардың басшылары, лауазымды адамдар - тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiлiк бойынша билiк өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын, өз құзыретiне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарайтын және шешiм қабылдайтын адамдар;
7) өтiнiштi есепке алу - өтiнiштi қабылдау және қарау жөнiндегi мәлiметтердi тiркеу және оларды мемлекеттiк құқықтық статистикалық есептiлiкте көрсету;
8) өтiнiштi қабылдау - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдау бойынша iшкi iстер органдары лауазымды адамдарының iс-әрекетi;
9) өтiнiштi қарау - iшкi iстер органдары лауазымды адамдарының тiркелген өтiнiш бойынша өз құзыретiнiң шегiнде шешiм қабылдауы;
10) өтiнiштi тiркеу - ақпараттық есепке алу құжатында өтiнiштiң мазмұны бойынша қысқаша деректердi тiркеу және келiп түскен әрбiр өтiнiшке тiркеу нөмiрiн беру;
11) сұрау салу - адамның жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылық туғызатын мәселелерi бойынша ақпарат беру туралы өтiнiшi;
12) ұсыныс - адамның заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, мемлекеттiк органдардың қызметiн жетiлдiру, қоғамдық қатынастарды дамыту, мемлекет пен қоғамның әлеуметтiк-экономикалық және өзге де қызмет салаларын жақсарту жөнiндегi ұсынымы;
13) пiкiр - адамның мемлекет жүргiзiп отырған iшкi және сыртқы саясатқа, сондай-ақ қоғамдық сипаттағы оқиғалар мен құбылыстарға өз көзқарасын бiлдiруi;
14) шағым - адам өзiнiң бұзылған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерiн қалпына келтiру немесе қорғау, лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiн немесе әрекетсiздiгiн жою, сондай-ақ субъектiлердiң заңсыз шешiмдерiнiң күшiн жою туралы талабы.

2. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау, шешу

6. Жеке және заңды тұлғалардан келiп түскен барлық өтiнiштер (бұдан әрi - өтiнiштер) келiп түскен күнi хатшылықта (кеңседе) Электрондық құжат айналымның бiрыңғай жүйесiнде (бұдан әрi – ЭҚАБЖ) және жеке (заңды) тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу журналында (бұдан әрi – өтiнiштердi есепке алу журналы) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тiркелуi тиiс.
7. «Электрондық үкiмет» порталы арқылы келiп түскен өтiнiштер, өтiнiш иесiнiң электрондық-сандық қолтаңбасының (бұдан әрi – ЭСҚ) тұтастығын және жарамдылығын тексергеннен кейiн тiркеуге жатады.
8. Өтiнiштiң бiрiншi бетiнде нөмiрi және тiркеу күнiмен тiркеу мөрi қойылады, ол оның кiрiс және шығыс нөмiрi болып есептеледi. Одан әрi өтiнiш бойынша хат-хабар алмасу осы нөмiрмен жүргiзiледi.
Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi сканерленедi (енгiзiлген құжаттардың электрондық нұсқасы болмаған жағдайда) және олармен одан әрi жұмыс ЕҚАБЖ арқылы электрондық түрде және есепке алу журналында жүзеге асырылады.
Жеке тұлға өтiнiштерiнiң тiркеу нөмiрлерi «ЖТ» әрiптiк индексiнен, автор тегiнiң бастапқы әрпiнен, реттiк нөмiрiнен тұрады.
Заңды тұлға өтiнiштерiнiң тiркеу нөмiрлерi «ЗТ» әрiптiк индексiнен, өтiнiшке қол қойған лауазымды адамның тегiнiң бастапқы әрпiнен және реттiк нөмiрiнен тұрады.
Анонимдiк өтiнiштiң тiркеу нөмiрi «Д/А» әрiптiк индексiнен және реттiк нөмiрiнен тұрады.
Ұжымдық өтiнiштiң тiркеу нөмiрi «Ұжым» әрiптiк индексiнен және реттiк нөмiрiнен тұрады.
9. Күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде өтiнiш қайтадан түскен жағдайда «екiншi», «үшiншi» және одан әрi көрсетiлiп, алғашқы өтiнiштiң тiркеу нөмiрi қойылады. Қайталанған өтiнiштiң бiрiншi парағының жоғарғы оң жақ бұрышында «Қайталанған» белгiсi қойылады. Қайталанып түскен өтiнiштерге алдыңғы өтiнiштердi қарау материалдары қоса берiледi.
10. Әр түрлi адресаттарға жолданып, өтiнiштi қараудың белгiленген мерзiмiнiң iшiнде бiр лауазымды адамға қарау үшiн келiп түскен бiр ғана адамның бiр ғана мәселе жөнiндегi өтiнiшi телнұсқа дана ретiнде есепке алынады. Негiзгi өтiнiштiң тiркеу нөмiрi өтiнiштiң телнұсқа данасының тiркеу нөмiрi болып табылады және қиғаш сызық (бөлгiш) арқылы қойылатын реттiк нөмiр қосылып, бiрiншi өтiнiшiнiң тiркеу нөмiрiмен есепке алынады.
11. Тiркелген өтiнiштер олардың әрқайсысы бойынша орындаушыға жазбаша нұсқау беретiн iшкi iстер органының басшыларына қарау үшiн жiберiледi.
Өтiнiште қылмыс немесе құқық бұзушылық белгiлерi табылған жағдайларда, орындаушы хатшылықта (кеңседе) тiркелген күннен бiр тәулiктiң iшiнде берiлген өтiнiштi Қылмыстар, оқиғалар туралы өтiнiштердi, хабарламаларды және өзге де ақпараттарды есепке алу кiтабына (бұдан әрi - ӨАЕК) қайта тiркеудi жүргiзедi.
12. Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды адамға жiберiлуi тиiс.
13. Жеке тұлғаның өтiнiшiнде оның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде), пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Өтiнiшке арыз иесi қол қоюы не ол электрондық сандық қолтаңбамен куәландырылуы тиiс. Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды адамдардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.
14. Тiкелей жазбаша өтiнiш жасаған арыз берушiге күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi.
15. Iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмдерiнде арыздарды тәулiк бойы қабылдау жүргiзiледi.
16. Өтiнiштi қабылдаудан бас тартуға жол берiлмейдi.
17. Көпшiлiкке қолжетiмдi ақпараттық жүйелер бойынша және электрондық құжат және электрондық сандық қолтаңбалар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келiп түскен өтiнiштер белгiленген тәртiппен қаралуға жатады.
18. Егер қайта жасалған өтiнiштерде жаңа дәлелдер немесе жаңадан анықталған мән-жайлар келтiрiлмесе, ал осының алдындағы өтiнiштiң материалдарында тексерудiң жан-жақты материалдары бар болса және арыз берушiлерге жауаптар берiлсе, өтiнiштердi қарау тоқтатылады. Өтiнiштердi қарауды тоқтату туралы шешiмдi органның басшысы немесе оның орынбасары қабылдауға құқылы. Органның басшысы немесе оның орынбасары бекiткен өтiнiштердi қарауды тоқтату туралы көшiрме органның хатшылығына (кеңсесiне) ұсынылуы тиiс.
19. Дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтерi бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, iшкi iстер органдарында анонимдi өтiнiштер қаралмайды.
20. Өтiнiште қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн iшкi iстер органдарына келiп түскен өтiнiштер үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде бұл туралы мiндеттi түрде арыз берушiге хабарлай отырып, құзыреттi мемлекеттiк органға немесе лауазымды адамға жiберiледi.
21. Iшкi iстер органдарының басшы құрамы адамдары өтiнiштердi қарау кезiнде олардың мән-жайын мұқият талқылауға, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және жағдайларда қажеттi құжаттарды талап етуге, қызметкерлердi өтiнiште баяндалған мән-жайларды тексеру үшiн жергiлiктi жерлерге жiберуге, көрсетiлген мәселелердi жан-жақты, уақтылы шешу, шағымдарды туындататын себептер мен шарттарды анықтау және жою үшiн басқа да шаралар қабылдауға тиiс.
22. Егер өтiнiштердi тексеру барысында қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi анықталса, онда орындаушы бөлiнiс басшысының атына баянат жазады, ол ӨАЕК-на тiркеледi және құқық бұзушылық туралы хабарлама ретiнде қаралады.
23. Өтiнiштердi тексеру нәтижелерi бойынша жинақталған материалдардың объективтi талдауынан тұратын анықтама жазылады. Егер тексерiс барысында азаматтардың мүдделерi бұзылғаны, iшкi iстер органдарының қызметiндегi кемшiлiктер мен олқылықтары анықталса, онда анықтамада азаматтардың нұқсан келтiрiлген құқықтары мен мүдделерiн қалпына келтiруге, кемшiлiктер мен олқылықтарды жоюға және кiнәлi адамдарға қатысты қандай нақты шаралар қабылданғаны көрсетiледi. Анықтамаға тексеру жүргiзген адам қол қояды, тiкелей бастықпен келiсiледi және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, комитеттердiң, департаментердiң және дербес басқармалардың, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көлiктегi iшкi iстер департаменттерiнiң, бiлiм беру ұйымдарының, қалалық, аудандық желiлiк iшкi iстер органдарының басшылығы бекiтедi.
24. Өтiнiштер бойынша қабылданатын шешiмдер негiздi болуы керек. Өтiнiштi (шағымды) қанағаттандырылуы тиiс деп таныған органның басшысы қабылданған шешiмнiң уақтылы және дұрыс орындалуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
25. Шешу нәтижелерi туралы Парламент Сенаты мен Мәжiлiсiнiң депутаттарына, Президент Әкiмшiлiгiне, Премьер–Министр Кеңсесiне, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына хабарлануы қажет өтiнiштер ерекше бақылауға алынады.
26. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi депутаттарының, Қазақстан Республикасы Президент Әкiмшiлiгi Басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң және оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Хатшысының, Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесi Хатшысының, Қазақстан Республикасы Премьер–Министрi Кеңсесi Басшысының, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының, Қазақстан Республикасы Үкiметi мүшелерiнiң сауалдары бойынша жауаптар Iшкi iстер министрiнiң немесе оның мiндетiн атқарушы адамның қолы қойылып жiберiледi.
27. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң орталық аппаратына келiп түскен өтiнiштер бойынша арызданушыларға жауаптарға, Министрлiктiң тапсырмасы бойынша аумақтық бөлiнiстерде қаралған өтiнiштердi қоса алғанда, Министрлiк басшылығының, комитеттер төрағаларының, департаменттер мен дербес басқармалар бастықтарының немесе олардың орынбасарларының қолы қойылып жiберiледi.
28. Аумақтық iшкi iстер органдарына келiп түсетiн өтiнiштерге жауаптар тек орган басшысының немесе оның орынбасарларының қолы қойылып жiберiледi.
29. Өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтуы тиiс.
30. Ауызша жауап берiлген жағдайларда хатты тексеру материалдарына қоса тiркелетiн тиiстi анықтама жазылады. Өтiнiштердi есепке алу журналында тексерiс нәтижесi жеке әңгiмелесуде хабарланғаны жайлы белгi қойылады.
31. Қарау үшiн ақпарат алуды немесе жергiлiктi жерге шығып тексерудi қажет етпейтiн өтiнiштер 15 күнтiзбелiк күн iшiнде қаралады.
32. Қарау үшiн ақпарат алуды немесе жергiлiктi жерге шығып, тексерудi қажет ететiн өтiнiштер түскен күннен бастап қаралып, ол бойынша шешiм 30 күнтiзбелiк күн iшiнде қабылданады.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi отыз күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған сәттен бастап үш күнтiзбелiк күн iшiнде арыз берушiге хабарланады.
33. Газет, журнал редакцияларынан және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарынан келiп түскен азаматтардың өтiнiштерiн, сондай-ақ сөйлеген сөздерi мен баспасөзде жарияланған материалдарын iшкi iстер органдары осы Нұсқаулықта көзделген тәртiппен және мерзiмде қарайды.
34. Өтiнiштi шешу мерзiмi оның iшкi iстер органдарына келiп түскен (тiркелген) күнiнен бастап шешу нәтижелерi туралы хабарды өтiнiш иесiне жiберген күнге дейiн есептеледi.
35. Мерзiмдер күнтiзбелiк күндермен есептеледi. Егер өтiнiштi қарау мерзiмiнiң аяқталуы жұмыс емес күнiне сәйкес келсе, онда бұл мерзiмнiң аяқталу күнi одан кейiнгi жұмыс күнi болып есептеледi.
36. Өтiнiштi қарау нәтижелерi бойынша:
1) өтiнiштi толық немесе iшiнара қанағаттандыру туралы және өз құзыретiне енгiзiлген мәселелер бойынша iшкi iстер органының шаралар қабылдауы;
2) хатта баяндалған өтiнiштi қанағаттандырудан бас тарту туралы немесе бұрын қаралған хат бойынша қабылданған шешiмдi растау туралы;
3) арыз берушi қойған iшкi iстер органдарының, ұйымдарының құзыретiне жатпайтын мәселелердi шешу тәртiбiн түсiндiру туралы;
4) өтiнiштi қарауды тоқтату туралы шешiмдердiң бiрi қабылданады.
37. Лауазымды адамдардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ iшкi iстер органдары басшыларының шешiмдерiне шағым жеке немесе заңды тұлғаға iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған сәттен бастап, үш айдан кешiктiрiлмей бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды адамға берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тарту негiздерiнiң бiрi болып табылуы мүмкiн.
Жоғары тұрған лауазымды адам немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылдаған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.
38. Егер өтiнiш жауабының мәтiнi қарау нәтижелерi туралы қосымша хабарланады деген мәлiметтi құрайтын болса, өтiнiштi қарау бақылаудан алынбайды, ол арызданушыға хабарлана отырып, 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады.
39. Алқа отырыстарында, жедел кеңестерде өтiнiштермен жұмыс жүргiзудiң жай-күйi iшкi iстер органдары жүйесi бөлiнiстерiнiң басшыларын тыңдай отырып, талқылануы қажет.
40. Iшкi iстер органдары жүйесiнде өтiнiштермен жұмыс жүргiзудiң жай-күйi оларды инспекциялау және мақсатты шығу кезiнде тексерiледi.

3. Азаматтарды қабылдау

41. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн жеке қабылдауды (бұдан әрi - қабылдау), iшкi iстер органдарының барлық бөлiнiстерiнде өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша шешiм қабылдауға құқылы басшылар және басқа лауазымды адамдар жүргiзедi.
42. Қабылдау бекiтiлген кесте бойынша айына кемiнде бiр рет жүргiзiледi.
43. Келушiлердi қабылдау кестесi келушiлердi қабылдайтын басшылық құрам адамдарының тегi мен қабылдау уақыты көрсетiле отырып, iшкi iстер органдары үй-жайының көрнекi жерлерiне мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде iлiнiп қойылады.
44. Iшкi iстер органдары, ұйымдары басшыларының жеке қабылдауына жазылған адамдарды есепке алу Келушiлердi есепке алу журналында 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргiзiледi немесе келушiлердi есепке алу карточкасы 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.
45. Азаматтарды қабылдау кезек тәртiбiмен жүргiзiледi. Оны сақтау үшiн тiзiм жасалады. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар кезектен тыс қабылданады.
46. Азаматтарды қабылдауда олардың келiсiмi бойынша заңгерлер, журналистер мен қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi қатыса алады.
47. Қабылдауды жүзеге асырушы лауазымды адам келушiлер қойған мәселелердi бiлiктi шешудi қамтамасыз ету үшiн iшкi iстер органының тиiстi бөлiнiстерiнiң қызметкерлерiн қарауға тарта алады немесе олардан қажеттi кеңес ала алады.
48. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өтiнiшi егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда оларды қараудың өзге ережелерi көзделмеген болса, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаралады. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау кезiнде аудармашы қатысуы мүмкiн.
49. Мас күйдегi адамдар қабылдауға жiберiлмейдi. Мұндай адамдарды дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы, сондай-ақ шұғыл шаралар қолдануды қажет ететiн басқа оқиғалар туралы деректердi хабарлайтын жағдайларда ғана қабылдауға рұқсат етiледi.
50. Азаматтар өтiнiш жасаған мәселелер мүмкiндiгiнше қабылдау барысында шешiледi. Егер өтiнiштi немесе шағымды қабылдау кезiнде шешуге мүмкiндiк болмаса, онда олар жазбаша нысанда қабылданып, олармен жазбаша өтiнiштер ретiнде жұмыс жүргiзiледi.
51. Қабылдау жүргiзген адам заңнамалық және басқа нормативтiк құқықтық актiлердi басшылыққа ала отырып, өз құзыретi шегiнде төмендегi шешiмдердiң бiрiн қабылдауға:
1) келушiге қабылданған шешiмнiң орындалу тәртiбi мен мерзiмiн хабарлай отырып, өтiнiштi қанағаттандыруға;
2) бас тартудың себептерi мен қабылданған шешiмге шағым берудiң тәртiбiн түсiндiре отырып, өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартуға;
3) келушi адам қойған мәселелер қосымша зерделеудi және тексерудi қажет ететiн болса, жазбаша өтiнiш қабылдауға, егер ол әлдебiр себептермен өзiнiң өтiнiшiн жазбаша түрде дербес баяндап бере алмайтын болса, оған қажеттi көмек көрсетуге құқылы.
52. Егер келушi адам өтiнiш жасаған мәселенi шешу iшкi iстер органдарының құзырына жатпайтын болса, онда қабылдаушы адам оған қай ведомствоға (ұйымға немесе мекемеге) жүгiну керек екенiн түсiндiредi және мүмкiндiгiне қарай оған қажеттi көмек көрсетедi.
53. Қабылдау кезiнде берiлген хаттар осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес есепке алынады, тiркеледi, қаралады. Олардың шешiлуi орындау мерзiмдерi бойынша бақылауға алынады.

Қазақстан Республикасының iшкi iстер
органдарында жеке және заңды
тұлғалардың өтiнiштерiн қарау, шешу,
азаматтарды қабылдау жөнiндегi
Нұсқаулыққа 1-қосымша

Нысан

Жеке (заңды) тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу
ЖУРНАЛЫ

_______________________________________________________________

(субъектiнiң, лауазымды адамның атауы)

өтiнiштiң №

Өтiнiштiң келiп түскен күнi, бiрегей нөмiрi

Өтiнiш берушiнiң аты-жөнi

Өтiнiш берушiнiң мекенжайы

Өтiнiштi жiберген субъектiнiң, лауазымды адамның атауы

Өтiнiштiң қысқаша мазмұны

Өтiнiштi орындаушының аты-жөнi

Өтiнiш аумақтық органдарға және құрылымдық бөлiнiстерге, басқа органдарға жiберiлген

өтiнiш берушiге жауапты жiберу күнi, шығыс нөмiрi

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Басталды:
Аяқталды:
Парақтар саны:
Сақтау мерзiмi:

Қазақстан Республикасының
iшкi iстер органдарында
жеке және заңды тұлғалардың
өтiнiштерiн қарау, шешу,
азаматтарды қабылдау жөнiндегi
Нұсқаулыққа 2-қосымша

Нысан

Талонның бет жағы

ТАЛОН
___________________________________________
(Субъектiнiң атауы)
№ ____________________________________________
(бiрегей нөмiр)

Өтiнiштi қабылдаған
____________________________________________
(маманның Т.А.Ә. және лауазымы, байл. тел.)
____________________________________________
(қолы)
____________________________________________
(мемлекеттiк органның байланыс телефоны)

20 ___ жылғы «____» _______________ сағ. ___ мин.

Талонның сыртқы жағы

Өтiнiштi тiркеу және оны қарау нәтижелерi туралы ақпаратты
htpp://service.pravstat.kz сайтынан,
114 телефоны арқылы (Қазақстан бойынша
қоңырау шалу тегiн) немесе талон нөмiрiмен
1518 нөмiрiне SMS хабарлама* жiбере отырып алуға болады
____________________________________________

Қазақстан Республикасының
iшкi iстер органдарында
жеке және заңды тұлғалардың
өтiнiштерiн қарау, шешу,
азаматтарды қабылдау жөнiндегi
Нұсқаулыққа 3-қосымша

Нысан

Жеке қабылдауды есепке алу
ЖУРНАЛЫ

____________________________________________________________________
(Бөлiнiс атауы)


р/с

Қабылдаған күнi

Келушiлердiң тегi, аты, әкесiнiң аты

Мекенжайы, тұрғылықты жерi, телефоны

Өтiнiштiң қысқаша мазмұны

Қабылдауды кiм жүргiздi

Қабылдау нәтижелерi туралы белгiлер (қабылданған шешiм)

Егер жазбаша өтiнiш қабылданған болса, онда шешу үшiн қайда және қашан жiберiлдi

1

2

3

4

5

6

7

8

Қазақстан Республикасының
iшкi iстер органдарында
жеке және заңды тұлғалардың
өтiнiштерiн қарау, шешу,
азаматтарды қабылдау жөнiндегi
Нұсқаулыққа 4-қосымша

Нысан

Жеке қабылдауды есепке алу карточкасы ______________________
(органның атауы)

№ ___________
20 ___ жылғы «_____» _________________________
(қабылдауға жазылған күнi)

Тегi ________________________________________________________________
Аты, әкесiнiң аты ___________________________________________________
Азаматтың жұмыс орны, атқаратын лауазымы ____________________________
Тұратын мекенжайы, телефоны _____________________________________
Қабылданған күнi _______________________________________________
Өтiнiштiң мазмұны ______________________________________________
Қабылдауды кiм жүргiздi _________________________________________
Өтiнiштi қарау нәтижелерi (өтiнiш қанағаттандырылды, бас тартылды, қажеттi түсiнiктер берiлдi, iшкi iстер органдарына ұйғарым берiлдi және т.с.с.) ___________________________________________________
_______________________________________________________________

Жазбаша арыз ________________________________________________________
20 ___ жылғы «____» __________________________________ қабылданды
_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

______________________________________________________ жiберiлдi

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina