ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтердi...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу қағидалары

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1467 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1467 қаулысымен
бекiтiлген
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алуды өткiзу тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда көзделген талаптар:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiне;
2) акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тiкелей немесе жанама тиесiлi табиғи монополиялар субъектiлерiне;
3) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес бiлiктi энергия өндiрушi ұйымнан электр және (немесе) жылу энергиясын сатып алуды жүргiзу жағдайларына;
4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес орталықтандырылған сауда-саттықтарда, спот нарығында теңгерiмдеушi электр энергиясын, электр энергиясын сатып алуды жүргiзу жағдайларына, сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне және өңiрлiк электр желiлiк компанияларға қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуеттi өнiм берушi – сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер заңды тұлға, жеке тұлға немесе дара кәсiпкер;
2) әлеуеттi өнiм берушiнiң аффилиирленген тұлғасы – аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң шешiмдерiн жанама айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде шарттың немесе өзге де мәмiленiң күшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;
3) бiртектi тауарлар, жұмыстар, қызметтер – бiрдей болмаса да, белгiлi бiр функцияларды орындауға және өзара алмастыруға мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдас бөлiктерден тұратын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер;
4) құзыреттi орган – мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
5) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн табиғи монополия субъектiсi сатып алатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) – сатып алудың өлшем бiрлiктерi, көлемдерi, мерзiмдерi, тәсiлдерi, сондай-ақ бiр жылдың iшiнде тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң әрбiр түрiн сатып алуға жұмсалатын сомалардың ең жоғары мөлшерi көрсетiлген реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн табиғи монополия субъектiсi бiр жыл iшiнде сатып алатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң номенклатурасы;
6) сатып алу – реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi тапсырыс берушiнiң осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен және тәсiлмен сатып алуы;
7) стратегиялық тауарлар – табиғи монополиялар субъектiлерi жылу энергиясын өндiру үшiн отын ретiнде пайдаланатын көмiр, газ, мазут, дизель отыны, электр энергиясын, су шаруашылығы және кәрiз жүйелерiн беру және (немесе) тарату салаларындағы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн – электр энергиясы, газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) тарату құбыр жолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн өз мұқтаждары мен ысыраптары үшiн - газ;
8) стратегиялық тауарларды өндiрушiлер – стратегиялық тауарларды өндiретiн немесе стратегиялық тауарларды өндiруге (өңдеуге) арналған шикiзаттың меншiк иесi болып табылатын не Қазақстан Республикасының аумағында стратегиялық тауарларды тiкелей шетелдiк өндiрушiнiң атынан өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар;
9) тапсырыс берушi – осы Қағидаларға сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополия субъектiсi;
10) тапсырыс берушiнiң аффилиирленген тұлғасы – табиғи монополия субъектiсiнiң шешiмдерiн тiкелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде ауызша шартты қоса алғанда, шарттың немесе өзге де мәмiленiң күшiне орай ықпал ету мүмкiндiгi бар тұлға (берiлген өкiлеттiк шеңберiнде оның қызметiн реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды қоспағанда), сондай-ақ өзiне қатысты табиғи монополия субъектiсiнiң осындай құқығы болатын кез келген тұлға;
11) тендер – әлеуеттi өнiм берушiлердiң арасында бәсекелестiктi көздейтiн және сатып алу шартының барынша пайдалы талаптарын анықтауға бағытталған сатып алу тәсiлi;
12) тендерлiк комиссия – осы Қағидаларда белгiленген жағдайларда және тәсiлдермен тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуды жүзеге асыру үшiн тапсырыс берушiнiң қызметкерлерiнiң iшiнен қалыптасатын комиссия;
13) тендерлiк құжаттама – тендер өткiзу шарты мен тәртiбiн қамтитын тендерлiк өтiнiм дайындау үшiн тапсырыс берушi әлеуеттi өнiмдi берушiге ұсынатын құжат;
14) тендерлiк өтiнiм - тендерлiк құжаттамаға сәйкес жасалған әлеуеттi өнiм берушiнiң тендерлiк ұсынысы;
15) тендерлiк өтiнiмдi кепiлдi қамтамасыз ету – тендерге қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушi ұсынған ақша кепiлзаты немесе банк кепiлдiгi;
16) уәкiлеттi орган – табиғи монополиялар салаларында және реттелетiн нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
4. Тендердi табиғи монополия субъектiсi мынадай қағидаттарды сақтай отырып өткiзедi:
1) тендер рәсiмдерiн өткiзудiң ашықтығы және жариялылығы;
2) барлық әлеуеттi өнiм берушiлердi тендерге қатысу үшiн тең мүмкiндiктермен қамтамасыз ету;
3) әлеуеттi өнiм берушiлер арасындағы адал бәсекелестiк;
4) отандық тауар өндiрушiлердi және жұмыстарды, қызметтердi отандық жеткiзушiлердi қолдау.
5. Стратегиялық тауарларды сатып алуды табиғи монополия субъектiсi:
1) электр энергиясы мен қуатының орталықтандырылған сауда нарығына қол жеткiзу мүмкiн болмаған кезде тиiстi тауар нарығында электр энергиясының тапшылығы болу;
2) электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысу үшiн тұтынушыларға қойылатын шарттарға табиғи монополия субъектiсiнiң сәйкес келмеу;
3) электр энергиясын беру және тарату салаларындағы табиғи монополиялар субъектiлерiнiң шаруашылық қажеттiлiктерiне электр энергиясын сатып алу;
4) газ тапшылығы болған кезде оның импортын жүзеге асыратын ұйымдардан газ сатып алу жағдайларын қоспағанда, стратегиялық тауар өндiрушiлерден тiкелей сатып алуды жүзеге асырады.
6. Табиғи монополиялар субъектiлерi мазут және (немесе) дизель отыны түрiндегi стратегиялық тауарларды мұнайдың меншiк иелерiнен немесе көрсетiлген мұнай өнiмдерiнiң меншiк иелерi болып табылатын мұнай өнiмдерiн өндiрушiлерден сатып алуды жүзеге асырады.
2. Әлеуеттi өнiм берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптары
7. Сатып алуға қатысу үшiн әлеуеттi өнiм берушi мынадай бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болуға тиiс:
1) кәсiби бiлiктiлiкке, сондай-ақ сатып алатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң нарығында кемiнде бiр жыл жұмыс тәжiрибесiне ие болуға тиiс. Сатып алатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң нарығында жұмыс тәжiрибесiнiң болу қажеттiлiгi туралы талаптар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне және мүгедектер қоғамдық бiрлестiктерiнiң ұйымдарына қолданылмайды;
2) сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындауға қажеттi қаржылық, материалдық және еңбек ресурстары болуға тиiс;
3) сатып алу туралы шартты жасасу үшiн құқықтық қабiлеттiлiгi (заңды тұлғалар үшiн) және әрекетке қабiлеттiлiгi (жеке тұлғалар үшiн) болуға тиiс;
4) төлемге қабiлеттi, сатып алуды жүргiзу сәтiнде таратылуға жатпауы тиiс, оның қаржы-шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылуға тиiс емес.
8. Әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн тапсырыс берушiге нотариалдық куәландырылған аттестаттарының, куәлiктерiнiң, патенттерiнiң, лицензияларының, сертификаттарының, дипломдарының, анықтамаларының өзге де құжаттарының көшiрмелерiн ұсынады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде мiндеттi түрде аудит жүргiзу белгiленген заңды тұлғалар «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес соңғы қаржылық жылға аудиторлық есеп бередi.
9. Табиғи монополиялар субъектiсiне мердiгерлiк құрылыс жұмыстарына бiр жылдан астам кезеңге шарттар жасасуға рұқсат етiледi.
Шарт жасасу үшiн мынадай қосымша құжаттар:
1) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама;
2) құрылысқа арналған техникалық құжаттама қажет.
10. Табиғи монополия субъектiсi ұзақ мерзiмдi кезеңге сатып алуды осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
11. Ұзақ мерзiмдi кезеңге сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер Тiзбеде шартты қолдану мерзiмiмен көрсетiлуге тиiс.
3. Сатып алуды жүзеге асыру тәртiбi
12. Сатып алу процесi өзiне:
1) Тiзбенi күнтiзбелiк жылға қалыптастыруды;
2) өнiм берушiнi таңдауды, онымен шарт жасасуды;
3) шартты орындауды қамтиды.
13. Табиғи монополия субъектiсi бiрiншi басшының бұйрығымен бекiтiлген, оның қолы мөрмен расталған келесi күнтiзбелiк жылға Тiзбенi жыл сайын 31 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде қалыптастырады және құзыреттi мен уәкiлеттi органдарға мәлiмет үшiн жiбередi. Құзыреттi және уәкiлеттi органға ұсынылатын Тiзбе тiгiлуге және нөмiрленуге, соңғы парағы тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысының немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаның қолымен және тапсырыс берушiнiң мөрiмен расталуға тиiс.
Табиғи монополия субъектiсi күнтiзбелiк жыл iшiнде Тiзбеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзе алады. Тiзбеге өзгерiстер мен толықтырулар осы Қағидалардың 3-тармағының 5) тармақшасында белгiленген талаптарға сәйкес болуға тиiс және құзыреттi мен уәкiлеттi органдарға олар қабылданған кезден бастап 10 жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей ұсынылады.
14. Осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алуы тендер нысанында және Тiзбеге сәйкес жүзеге асырылады.
15. Осы Қағидаларда белгiленген жағдайларда табиғи монополия субъектiсi бiр көзден алу, жабық тендер, екi кезеңдi рәсiмдер қолданылатын тендер, баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен сатып алуды жүзеге асыра алады.
Табиғи монополия субъектiсi тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi тендер өткiзбестен сатып алуды, егер бiр жылда сатып алынатын көлем құндық көрiнiсте осы Қағидалардың 80-тармағында белгiленген шектi мөлшерден аспаған жағдайда жүзеге асырады.
16. Ашық және жабық тендерлер екi кезеңдi рәсiмдер қолданыла отырып өткiзiлуi мүмкiн.
17. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы табиғи монополия субъектiсi қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыратын тендерлерге байқаушы ретiнде қатыса алады.
Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы уәкiлеттi органға тапсырыс берушiнiң, тендерлiк комиссияның, тендерлiк комиссия хатшысының (хатшылығының), техникалық сарапшылардың заңсыз iс-әрекеттерiне шағым жасай алады.
18. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң аффирлиирленген тұлғалары үшiн тендердi бiрыңғай ұйымдастырушы ретiнде бола алады.
Тендер өткiзу туралы хабарландыру (хабарлама)
19. Тендер өткiзу туралы хабарландыру (хабарлама) мынадай мәлiметтердi қамтуға тиiс:
1) тапсырыс берушiнiң толық атауы мен мекенжайы;
2) сатып алудың атауы (сатып алудың атауы Тiзбеде көрсетiлген сатып алудың атауына сәйкес келуге тиiс), көлемi, тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң бесеуден кем атауы, сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi жеткiзу орны. Бiр тендерде тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң бес немесе одан көп атауын сатып алған жағдайда, тендер өткiзу туралы хабарлама тапсырыс берушiнiң тендерлiк құжаттамасында көрсетiлген сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң толық тiзбесi туралы сiлтеменi қамтиды. Тапсырыс берушiде тұрақты жұмыс iстейтiн және Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын тұлғаға тиесiлi интернет-ресурс болған жағдайда, тапсырыс берушi сатып алатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң толық тiзбесiн интернет-ресурста көрсетедi;
3) сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi жеткiзудiң талап етiлетiн мерзiмi;
4) тендерлiк құжаттаманы алу тәсiлдерi мен орны және оның құны, егер осындай көзделсе;
5) тендерлiк өтiнiмдердi ұсыну орны мен соңғы мерзiмi;
6) тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнi, уақыты мен орны;
7) тапсырыс берушiнiң сатып алуды жүзеге асыру үшiн бөлген сомасы;
8) конкурстық құжаттаманың көшiрмелерi берiлгенi үшiн әлеуеттi өнiм берушi төлемақы енгiзуге тапсырыс берушiнiң деректемелерi, егер осындай төлемақы конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда.
Тендерлiк комиссия
20. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ашық тендер өткiзу туралы жарияланатын хабарландыру жарияланғанға немесе жабық конкурс өткiзу кезiнде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған хабарламалар әлеуеттi өнiм берушiлерге жiберiлгенге дейiн тапсырыс берушi тендерлiк құжаттаманы, сондай-ақ тендерлiк комиссияның құрамын, тендерлiк комиссияның хатшысын бекiтедi, ал қажет болған жағдайда техникалық ерекшелiктi, жоспарларды, сызбаларды, эскиздердi қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң тендерлiк құжаттамаға сәйкес қажеттi техникалық және сапалық сипаттамаларға сәйкестiгiн анықтау үшiн техникалық сарапшыларды белгiлейдi.
Осы тармақта көрсетiлген барлық шешiмдердi тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы тұлға қабылдайды.
Тендерлiк комиссия тендерлiк комиссияны құру және сатып алуды өткiзу туралы шешiмдi тапсырыс берушi бекiткен кезден бастап және сатып алу туралы шарт күшiне енгенiне дейiн iс-қимыл жасайды.
Тендерлiк комиссия мүшелерiнiң саны тақ болуға және бес адамнан кем болмауға тиiс.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн тендерлiк комиссия мүшелерiнiң саны тақ санды құрауға және үш адамнан кем болмауға тиiс.
Тендерлiк комиссияның құрамына конкурстық комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары және мүшелерi кiредi. Төраға болмаған кезде оның функцияларын оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тендерлiк комиссияның отырысында тендерлiк комиссияның қандай да бiр мүшесi өндiрiстiк және өзге де себептермен болмаған жағдайда, тендерлiк комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебi және осы фактiнi растайтын құжатқа сiлтеме көрсетiлуге тиiс.
Тапсырыс берушi барлық қаржы жылына тұрақты құрамы бар тендерлiк комиссия құра алады.
21. Тендерлiк комиссияның хатшысы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мерзiмдi баспасөз басылымдарында ашық тендер өткiзiлетiнi туралы хабарландыру жариялайды;
2) әлеуеттi өнiм берушiлерге жабық конкурс өткiзiлетiнi туралы хабарламалар жiбередi;
3) тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердiң сақталуын қамтамасыз етедi;
4) тендерге қатысушыларды тендер қорытындысы туралы жазбаша хабардар етедi.
22. Тендерлiк комиссияның отырысы тендерлiк комиссияның жалпы санының кем дегенде үштен екi мүшелерi қатысқан жағдайда өткiзiледi.
Тендерлiк комиссияның шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады және ол қабылданды деп есептеледi, егер оған тендерлiк комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе. Дауыс тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
Тендерлiк комиссия мүшесi ерекшe пiкiр айта алады, ол жазбаша баяндалуға және ашу немесе тендердiң нәтижелерiн шығару хаттамасына қоса берiлуге тиiс.
23. Тендерлiк комиссияның хатшысы тендерлiк комиссияның мүшесi болып табылмайды және тендерлiк комиссия шешiмдер қабылдаған кезде қатыспайды.
Тендерлiк комиссияның хатшысы әлеуеттi өнiм берушiлерге тендерлiк құжаттаманы ұсынады, тендерлiк құжаттаманы алған әлеуеттi өнiм берушiлердi тiркеу журналын жүргiзедi, әлеуеттi өнiм берушiлерден тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi қабылдайды, тендерлiк комиссия отырыстарының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындайды және тендерлiк комиссия отырыстарының олар өткеннен кейiн хаттамаларын ресiмдейдi, келiп түскен тендерлiк өтiнiмдер мен конверттердi ашу рәсiмiне қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушiлердi тiркеу журналын жүргiзедi, онда тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердiң ұсынылған уақыты мен күнi, әлеуеттi өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң (тендерлiк өтiнiмi салынған конверттi ұсынған және тендерге қатысушы тұлғаның) тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi.
Тендерлiк құжаттаманы алған әлеуеттi өнiм берушiлердi тiркеу журналы және тендерлiк өтiнiмдер мен тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу рәсiмiне қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушiлердi тiркеу журналы тiгiлуге, нөмiрленуге, соңғы парағы бiрiншi басшының қолымен және тапсырыс берушiнiң мөрiмен расталуға тиiс.
Тапсырыс берушi қажет болған жағдайда хатшының жұмысын орындау үшiн хатшылық құра алады, ол тапсырыс берушiнiң тендерлiк комиссия құру туралы бұйрығында хатшылық атынан құжаттарға осы Қағидаларда белгiленген жағдайларда қол қоюға уәкiлеттi жауапты тұлға көрсетiле отырып көрсетiлуi тиiс.
Әлеуеттi өнiм берушiлердi тiркеу журналы мынадай мәлiметтердi қамтуға тиiс:
1) тендердiң атауы мен оны өткiзу мерзiмi;
2) әлеуеттi өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
3) әлеуеттi өнiм берушiнiң толық атауы және пошталық мекенжайы;
4) конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi тiркеу күнi мен уақыты;
5) әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысу өтiнiмiне енгiзген өзгерiстер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат.
Тапсырыс берушi конкурсқа қатысу өтiнiмдерiн тiркеу журналында тендерге қатысуға өтiнiмдерi тiркеуге қабылданбаған әлеуеттi өнiм берушiлердi осындай қабылдамау себептерiн жаза отырып көрсетедi.
24. Техникалық сарапшылар тендерлiк комиссия құрамына кiрмейдi және олардың тендерлiк комиссия шешiм қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.
Техникалық сарапшылар әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң тендерлiк құжаттамадағы талаптарға сәйкестiгi жөнiнде қорытынды бередi. Сараптамалық қорытынды жазбаша ресiмделедi және тендерлiк комиссия отырысының хаттамасына қоса берiледi.
Тендерлiк құжаттаманың мазмұны
25. Тапсырыс берушi барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге мынадай ақпаратты қамтитын тендерлiк құжаттаманы беруге мiндеттi:
1) әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн ұсынатын құжаттар тiзбесi;
2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң сипаты, техникалық ерекшелiктердi, жоспарларды, сызбаларды, эскиздердi қоса алғанда, олардың қажеттi техникалық және сапалық сипаттамалары;
3) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң саны (көлемi);
4) сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi жеткiзу орны мен шарты;
5) сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi жеткiзу талап етiлетiн мерзiмi;
6) төлем шарты мен сатып алу шартының жобасы;
7) бағадан басқа өлшемдердiң сипаты, оларға сәйкес жеңген тендерлiк өтiнiм айқындалады, тендерлiк өтiнiмдердi бағалау және салыстыру әдiсiнiң сипаты;
8) бағада тасымалдау мен сақтандыру, кеден баждарын, салықтарды, алымдарды төлеу шығыстары сияқты және басқа да элементтер қамтылуға тиiс нұсқауды қоса алғанда, тендерлiк өтiнiмдi есептеу тәсiлi мен әдiстемесi;
9) тендерлiк өтiнiмнiң бағасы көрсетiлуге тиiс валюта немесе валюталар және тендерлiк өтiнiмдердi бiрыңғай валютаға келтiру үшiн оларды салыстыру мен бағалау мақсатында қолданылатын бағам;
10) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасына сәйкес тендерлiк өтiнiмдi, сатып алу туралы шартты жасасу және ұсыну тiлiне қойылатын талаптар;
11) әлеуеттi өнiм берушiнiң тендерлiк өтiнiмнiң қолданыс мерзiмiн көрсету мiндетi туралы ақпарат;
12) тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзу тәртiбi, мөлшерi нысаны, мерзiмi;
13) тендерлiк өтiнiмдi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн әлеуеттi өнiм берушiнiң тендерлiк өтiнiмдi өзгерту немесе қайтарып алу құқығына және тапсырыс берушiнiң, тендерлiк комиссияның, тендерлiк комиссия хатшысының (хатшылықтың) және техникалық сарапшылардың заңсыз iс-әрекетiне әлеуеттi өнiм берушiнiң шағымдану құқығына сiлтеме;
14) тендерлiк өтiнiмдердi ұсыну орны мен соңғы мерзiмi және оларды қолдану мерзiмi;
15) әлеуеттi өнiм берушiлер тендерлiк құжаттаманың мазмұны бойынша түсiндiру сұрата алатын тәсiлдер, сондай-ақ тапсырыс берушiнiң осы кезеңде өнiм берушiлермен ашық нысанда және хаттама жасалып өткiзiлетiн кездесулер өткiзуге ниетi туралы хабар;
16) тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу орны, күнi және уақыты (тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу уақыты тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталған кезден бастап екi сағаттан аспауға тиiс);
17) тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу және тендерлiк өтiнiмдердi қарау үшiн пайдаланылатын рәсiмдер;
18) тендер өткiзу кезiнде тапсырыс берушiнi бiлдiретiн, оның уәкiлеттi лауазымды тұлғалары туралы мәлiметтер;
19) әлеуеттi өнiм берушi - отандық тауар өндiрушiлерге басымдық беру шарты мен тәртiбi.
26. Бiртектi тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу бойынша тендер өткiзу кезiнде тапсырыс берушi тендерлiк құжаттамада тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi оларды жеткiзу (орындау, көрсету) орны бойынша бөлiктерге (лоттарға) бөлуге мiндеттi. Бұл ретте тендердiң жеңiмпазы тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң әрбiр лоты бойынша айқындалады.
27. Әлеуеттi өнiм берушi тапсырыс берушiден тендерлiк құжаттаманың түсiнiктемесiн, тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн күнтiзбелiк он күн бұрын сұрата алады. Тапсырыс берушi өтiнiмдi алған күнiнен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей осы сауалға жауап беруге және мұндай түсiнiктеменi тендерлiк құжаттама жолдаған барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге жiберуге тиiс.
28. Тапсырыс берушi тендерлiк өтiнiмдер ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн жетi жұмыс күнi мерзiмiнен кешiктiрмей өзiнiң бастамасымен немесе әлеуеттi өнiм берушiлердiң сауалына жауап ретiнде тендерлiк құжаттамаға тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысының немесе оның мiндеттерiн атқаратын тұлғаның шешiм қабылдау жолымен өзгерiстер енгiзе алады.
Енгiзiлген өзгерiстердiң мiндеттi күшi болады және олар туралы тендерлiк құжаттама ұсынған барлық әлеуеттi өнiм берушiлер дереу хабардар етiледi. Бұл ретте тапсырыс берушi тендерлiк өтiнiмдер ұсынудың соңғы мерзiмiн осы өзгерiстердi әлеуеттi өнiм берушiлер тендерлiк өтiнiмдерде ескеруi үшiн кем дегенде күнтiзбелiк он күн мерзiмге ұзартады.
Осы тармақтың талаптары тендерлiк комиссия мүшелерi жұмыстан шығу немесе олардың лауазымдары өзгеру нәтижесiнде болған тендер өткiзу кезiнде тапсырыс берушiнi бiлдiруге уәкiлеттi оның лауазымды тұлғалары туралы мәлiметтердiң өзгерiлуiне жатпайды.
29. Тапсырыс берушi тендерлiк құжаттамада көрсетiлген белгiлi бiр орында және уақытта тендерлiк құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесулер өткiзуге құқылы.
Бұл ретте тапсырыс берушi кездесу барысында тендерлiк құжаттаманы түсiндiру туралы қойылған сұрақтарды, сондай-ақ осы сұрақтарға берiлген жауаптарды қамтитын хаттама жасайды. Хаттама тендерлiк құжаттама ұсынған барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге дереу жiберiледi.
30. Тапсырыс берушi ұсынылған тендерлiк құжаттама үшiн тендерлiк құжаттаманы көшiруге жұмсалған нақты шығыннан аспайтын төлемдi өндiре алуы мүмкiн.
Төлем тапсырыс берушiнiң банктiк шотына немесе оның бухгалтериясына енгiзiледi. Төлем туралы растау тапсырыс берушiге тендерлiк құжаттаманы алған кезде ұсынылады.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне және Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндiретiн ұйымдарға тендерлiк құжаттама тегiн берiледi.
Тендерлiк өтiнiмдердi қолдану мерзiмi, олардың мазмұны, ұсыну, өзгерту және қайтарып алу
31. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушi тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн тендерлiк құжаттамаға сәйкес тапсырыс берушiге тендерлiк өтiнiмдi мөрленген түрде ұсынуға тиiс.
32. Тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн алынған тендерлiк өтiнiм ашылмайды және оны ұсынған әлеуеттi өнiм берушiге қайтарылады.
33. Тендерлiк өтiнiм тендерлiк құжаттамаға сәйкес онда көрсетiлген мерзiм iшiнде күшiнде қалады.
Әлеуеттi өнiм берушi тендерге қатысу үшiн ұсынған тендерлiк өтiнiмдi қолдану мерзiмi кемiнде күнтiзбелiк 35 күн болуға тиiс.
Қолдану мерзiмi тендерлiк құжаттамада көрсетiлгеннен қысқа тендерлiк өтiнiм қабылданбайды.
34. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген заңды тұлға болып табылатын әлеуеттi өнiм берушiнiң тендерлiк өтiнiмi:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тендерге қатысуға арналған өтiнiмдi;
2) әлеуеттi өнiм берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды:
әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi өндiруге, өңдеуге, жеткiзуге және өткiзуге құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
егер сатып алынатын жұмыстар, қызметтер лицензияланбайтын жағдайда, онда әлеуеттi өнiм берушi орындайтын қызметтер түрлерiнiң тiзбесi бар заңды тұлға жарғысынан алынған үзiндiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн немесе сауда тiзiлiмiнен (Қазақстан Республикасының резидентi еместерi үшiн) мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлдерiне аудармасы бар нотариалды куәландырылған заңдастырылған үзiндi ұсынылуы қажет;
бiрiншi басшы немесе оның орнын алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған бухгалтерлiк теңгерiмiнiң түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес мiндеттi түрде аудиттi өткiзу белгiленген заңды тұлғалардың соңғы қаржылық жыл үшiн аудиторлық есебiнiң түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi (қайта тiркелуi) туралы куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
құрылтай шартынан немесе құрылтайшылар құрамы туралы жарғыдан алынған нотариалды куәландырылған үзiндiнi не конверттердi ашу күнiнiң алдындағы күнтiзбелiк 30 күн өткеннен кейiн берiлген акциялар ұстаушыларының тiзiлiмiнен нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күнге дейiн үш ай өткеннен кейiн берiлген Қазақстан Республикасы бойынша салық төлеушiде салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқтығы туралы белгiленген нысандағы анықтаманы;
қосымша құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгiлiк жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнiнiң алдында үш айдан астамға созылатын әлеуеттi өнiм берушi мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсететiн банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасын (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осындай банктердiң әркайсысынан осындай анықтамаларды) қамтиды. Анықтама тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiнiң алдындағы бiр ай өткеннен кейiн берiлуге тиiс. Егер анықтамада банктiң бiрiншi басшысының қолы болмаса, онда анықтама осындай анықтамаларға осы тұлғаның қол қою құқығы берiлгенiн көздейтiн құжаттың көшiрмесiмен бiрге берiлуге тиiс;
егер әлеуеттi өнiм берушi Қазақстан Республикасының резидентi болмаған және Қазақстан Республикасының салық төлеушiсi ретiнде тiркелмеген жағдайда, онда осы әлеуеттi өнiм берушi Қазақстан Республикасының резидентi емес екендiгi және салықтық есепте тұрмайтындығы туралы Қазақстан Республикасының салық органы анықтамаларының нотариалды куәландырылған көшiрмесi ұсынылады;
егер тендер стратегиялық тауарды сатып алуға жарияланған жағдайда - әлеуеттi өнiм берушi стратегиялық тауарды өндiрушi болып табылатындығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
3) iлеспе қызметтердiң құнын қоса алғанда, жеткiзiлетiн тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң соңғы бағасын құрайтын әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық шығынын қамтуға тиiс осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiлген әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын бағаны;
4) сәйкестiгiн растау саласындағы құжаттардың және сатып алу үшiн тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң қолайлылығы мен тендерлiк құжаттамаға сәйкестiгiн растайтын басқа құжаттардың көшiрмелерiн;
5) техникалық сертификаттарды;
6) ұсынылып отырған iлеспе қызметтердi;
7) тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етудiң енгiзiлуiн растайтын құжаттың түпнұсқасын қамтиды.
35. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген дара кәсiпкер немесе жеке тұлға болып табылатын әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын тендерлiк өтiнiм:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес тендерге қатысу өтiнiмiн және жеке куәлiгiнiң немесе паспортының немесе жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруға қабылданғаны туралы iшкi iстер органдары берген анықтаманың көшiрмесiн;
2) әлеуеттi өнiм берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды:
сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi өндiруге, өңдеуге, жеткiзуге және өткiзуге әлеуеттi өнiм берушiнiң құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн тиiстi мемлекеттiк орган берген құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгiлiк жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнiнiң алдында үш айдан астамға созылатын әлеуеттi өнiм берушi мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсететiн банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасын (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осындай банктердiң әрқайсысынан осындай анықтамаларды) қамтиды. Анықтама тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiнiң алдындағы бiр айдан кейiн берiлуге тиiс. Егер анықтамада банктiң бiрiншi басшысының қолы болмаса, онда анықтама осындай анықтамаларға осы тұлғаның қол қою құқығы берiлгенiн көздейтiн құжаттың көшiрмесiмен бiрге берiлуге тиiс;
тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күнге дейiн үш ай өткеннен кейiн берiлген Қазақстан Республикасы бойынша салық төлеушiде салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқтығы туралы тиiстi салық орган белгiлеген нысандағы анықтаманы;
егер тендер стратегиялық тауарды сатып алуға жарияланған жағдайда - әлеуеттi өнiм берушi стратегиялық тауарды өндiрушi болып табылатындығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылған және жеткiзiлетiн тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң түпкiлiктi бағасын құрайтын әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық нақты шығындарын қамтитын әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын бағаны;
4) сәйкестiгiн растау саласындағы құжаттардың және сатып алу үшiн тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң қолайлылығы мен тендерлiк құжаттамаға сәйкестiгiн растайтын басқа құжаттардың көшiрмелерiн;
5) техникалық сертификаттарды;
6) ұсынылып отырған iлеспе қызметтердi;
7) тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етудiң енгiзiлуiн растайтын құжаттың түпнұсқасын қамтиды.
36. Әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң тендерлiк өтiнiмiн тендерлiк өтiнiмдi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн, сонымен бiрге өзiнiң тендерлiк өтiнiмiн кепiлдi қамтамасыз етiлуiн қайтарып алу құқығын жоғалтпастан өзгерте немесе қайтара алады.
Әлеуеттi өнiм берушi қайтарып алу туралы хабарламаны жазбаша нысанда, бiрақ тендерлiк өтiнiмдер ұсынудың соңғы мерзiмiнен кешiктiрмей жiберуге тиiс.
Тендерлiк өтiнiмдi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн тендерлiк өтiнiмдерге өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.
37. Әлеуеттi өнiм берушi тендерлiк өтiнiмдi тiгiлген, беттерi нөмiрленген түрде ұсынады және соңғы бетi өнiм берушiнiң мөрiмен және қолымен расталады.
Тендерлiк өтiнiмнiң түпнұсқасы және барлық көшiрмелерi басылған немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылған оған әлеуеттi өнiм берушi қол қойған түрде ұсынылады.
Тендерлiк өтiнiмнiң техникалық бөлiгi (тiгiлген, беттерi нөмiрленген, соңғы бетi заңды тұлғаның немесе дара кәсiпкердiң қолымен және мөрiмен расталған) және банк кепiлдiгiнiң түпнұсқасы тендерлiк өтiнiмге жеке берiледi. Бұл ретте, егер техникалық ерекшелiк және (немесе) банктiк кепiлдiк тендерлiк өтiнiммен бiрге тiгiлсе, онда ол осы тендерлiк өтiнiмнен бас тартуға негiз болып табылмайды. Мұндай жағдайда банктiк кепiлдiктiң түпнұсқасы әлеуеттi өнiм берушiге қайтарылмайды.
38. Әлеуеттi өнiм берушi тендерлiк құжаттамада көрсетiлген тендерлiк өтiнiм көшiрмелерiнiң қажеттi санын "Түпнұсқа" және "Көшiрме" деп жазып ұсынады. Олар арасында айырмашылық болған жағдайда басымдық түпнұсқада болады.
Тендерлiк өтiнiмде әлеуеттiк өнiм берушiге грамматикалық немесе арифметикалық қателердi түзету қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасына ешбiр енгiзулерге, өшiрулерге және немесе қосымша жазуларға жол берiлмейдi.
39. Әлеуеттi өнiм берушi тендерлiк өтiнiмнiң түпнұсқасы мен әрбiр көшiрмесiн, оларды "Түпнұсқа" және "Көшiрме" деп белгiлей отырып, әртүрлi конверттерге салып мөрлейдi. Осы конверттерде әлеуеттi өнiм берушiнiң атауы мен мекенжайы көрсетiлуге тиiс. Бұдан кейiн сыртқы конвертке салынып мөрленедi.
Iшкi және сыртқы конверттер:
1) тендерлiк құжаттамада көрсетiлген мекенжай бойынша тапсырыс берушiге жолданады;
2) «___________________________________ сатып алу жөнiндегi
тендер (тендердiң атауы)
және _______________________________________________________________
(тендерлiк құжаттамада көрсетiлген конверттердi ашу күнi және уақыты)
дейiн ашылмасын» деген сөздердi қамтиды.
Осы Қағидалардың 36-тармағында көзделген тендерлiк өтiнiмдi өзгертудi әлеуеттi өнiм берушi дайындайды және тендерлiк өтiнiмнiң өзi сияқты мөрленедi және ұсынылады.
Тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз ету
40. Әлеуеттi өнiм берушi тендерлiк өтiнiмдi ұсынған кезде сонымен бiр мезгiлде оның тендерлiк өтiнiмiнде ұсынылған сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер құнының бiр пайыз мөлшерiнде кепiлдi қамтамасыз етудi тендерлiк құжаттамада көзделген нысанда, тәсiлмен және шарттармен енгiзедi.
41. Тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз ету мынадай бiр түрде ұсынылады:
1) банкте орналастырылатын ақша кепiлi;
2) банк кепiлi.
Әлеуеттi өнiм берушi тендерлiк өтiнiмдi ақша кепiлi түрiнде қамтамасыз етудi тапсырыс берушiнiң тиiстi шотына енгiзедi.
42. Тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етудi қолдану мерзiмi осы тендерлiк өтiнiмдi қолдану мерзiмiнен кем болмауға тиic.
43. Тапсырыс берушi тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етудi мынадай:
1) тендерлiк өтiнiмдi қолдану мерзiмi аяқталу;
2) сатып алу шарты күшiне ену;
3) тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн тендерлiк өтiнiмдi қайтарып алу;
4) тендерлiк өтiнiмдi тендерлiк құжаттама талаптарына жауап бермейдi деп қабылдамау;
5) тендер жеңiмпазын айқындамастан сатып алу рәсiмiн тоқтату жағдайлары туындаған сәттен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде қайтарады.
44. Тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз ету, егер әлеуеттi өнiм берушi:
1) тендерлiк өтiнiмдi берудiң соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн тендерлiк өтiнiмдi қайтарып алған немесе өзгерткен;
2) егер ол тендер жеңiмпазы деп белгiленсе, сатып алу шартын жасамаған жағдайларда тендерлiк өтiнiмдi және оның қамтамасыз етiлуiн ұсынған әлеуеттi өнiм берушiге қайтарылмайды.
45. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi және Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi өндiретiн ұйымдар болып табылатын әлеуеттi өнiм берушiлер олардың тендерлiк өтiнiмдерiнде ұсынылған сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң құнының бiр пайыз мөлшерiнде тендерлiк өтiнiмнiң кепiлдi қамтамасыз етуiн тендерлiк құжаттамада көзделген нысанда, тәсiлмен және шарттармен енгiзедi.
46. Әлеуеттi өнiм берушiлер, егер:
1) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылса және тұтастай тендер бойынша олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң көлемi құндық көрiнiсiнде айлық есептiк көрсеткiштiң алты мың есе мөлшерiнен аспаса;
2) Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндiретiн ұйымдар болып табылса, тендер бойынша олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң көлемi құндық көрiнiсiнде айлық есептiк көрсеткiштiң он сегiз мың есе мөлшерiнен аспаса;
3) тендердiң бiрiншi кезеңiнде екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып қатысса, тендерлiк өтiнiмнiң қамтамасыз етуiн енгiзбейдi.
Тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу
47. Тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi тендерлiк құжаттамада көрсетiлген мерзiмде және орында тендерлiк комиссия ашады.
Әлеуеттi өнiм берушiлер не олардың өкiлдерi тендерлiк өтiнiмдердi ашу кезiнде қатысуға және бейне- мен дыбыс техника құралдарын пайдалана алады.
48. Тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу кезiнде тендерлiк комиссия қатысушы тұлғаларға тендерге қатысып отырған әлеуеттi өнiм берушiлердiң атауы мен мекенжайын, олар ұсынған бағаларды, жеткiзу шарты мен төлемiн, тендерлiк өтiнiмдердi қайтарып алу мен өзгерту, егер олар құжаттамалық көрсетiлсе, тендерлiк өтiнiмдi құрайтын құжаттардың болуы мен болмауы туралы ақпаратты хабарлайды және осы ақпаратты тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасына тiркейдi.
Тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасының көшiрмесi ашу рәсiмi кезiнде қатысқан әлеуеттi өнiм берушiлерге алған күнi мен уақытын көрсете отырып, қолдарын қойғызып берiледi, жоқ болғандарға - олардан тиiстi сұраным алған күнiнен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жолданады.
Конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттердi ашу хаттамасына отырысқа қатысқан барлық конкурстық комиссияның мүшелерi, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды және әр параққа қол қояды.
Тендерлiк өтiнiмдердi бағалау және салыстыру
49. Тендерлiк өтiнiмдердi бағалау және салыстыру кезiнде:
1) тендерлiк комиссия әлеуеттi өнiм берушiлерден олардың тендерлiк өтiнiмдерiне байланысты түсiнiктемелер сұратады;
2) тендерлiк құжаттаманың талаптарына жауап бермейтiн тендерлiк өтiнiмдi осы талаптарға сәйкес келтiру үшiн сұрауларға, ұсыныстар мен рұқсаттарға жол берiлмейдi.
50. Тендерлiк комиссия тендерлiк өтiнiмдi, егер:
1) әлеуеттi өтiнiм берушi бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмесе;
2) әлеуеттi өнiм берушi өтiнiмнiң қамтамасыз етуiн тендерлiк құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттармен енгiзбесе;
3) осы тендерлiк өтiнiм тендерлiк құжаттаманың талаптарына жауап бермесе;
4) тендерге қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiнiң тендерлiк өтiнiмдерiнiң бағалары осы тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуға бөлiнген сомадан артық болса қабылдамайды.
51. Тендерлiк комиссия бас тартқан тендерлiк өтiнiм тендерлiк өтiнiмдердi бағалау мен салыстыруға қабылданбайды.
52. Тендерлiк комиссия, егер:
1) осы Қағидалардың 50-тармағында көзделген негiздердiң кез келгенi бойынша әлеуеттi өтiнiм берушiлердiң тендерлiк өтiнiмдерiнен бас тартқаннан кейiн екеуден кем тендерлiк өтiнiм қалған;
2) тендерге қатысуға бiрде-бiр өтiнiм түспеген;
3) тендерге қатысуға бiр ғана әлеуеттi өтiнiм берушi өтiнiм берген жағдайда тендер немесе лот бойынша сатып алу өтпедi деп таниды. Мұндай жағдайда тендерлiк өтiнiм салынған конверт әлеуеттi өнiм берушiге ашылмастан қайтарылады.
53. Егер тендер жалпы немесе қандай да бiр лот бойынша өткiзiлмеген деп танылса, онда тапсырыс берушi:
1) тендерлiк құжаттаманың мазмұнын өзгертедi және қайта тендер өткiзедi;
2) осы Қағидалардың 85-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда бiр көзден сатып алуды өткiзедi.
Осы тармақта көрсетiлген iс-қимылдар тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысының немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаның шешiмiмен ресiмделедi.
Қайта ашық тендер өткiзу қажет болған жағдайда тапсырыс берушi тендерлiк өтiнiм қабылдау аяқталғанға дейiн күнтiзбелiк он күн мерзiмнен кешiктiрмей баспасөз басылымында хабарлама жариялайды.
54. Тендерлiк комиссия бас тартпаған тендерлiк өтiнiмдердi тендерлiк комиссия бағалайды және салыстырады және жеңiп алған тендерлiк өтiнiмдi ең төменгi бағаның негiзiнде және мынадай өлшемдердi ескере отырып айқындайды:
1) пайдалану, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу шығыстары;
2) тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi жеткiзу мерзiмi;
3) материалдық ресурстардың функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамасы;
4) төлем шарты;
5) тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге арналған кепiлдi шарттар;
6) отандық тауар өндiрушi - әлеуеттi өнiм берушiлердi қолдау;
7) әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк деректерi.
55. Тендерлiк комиссия тендерлiк өтiнiмнiң жеңiмпазын анықтаған кезде, отандық тауар өндiрушiлер болып табылатын әлеуеттi өнiм берушiлердiң тендерлiк өтiнiмiнiң бағасын 20 пайызға шартты түрде төмендетедi.
Отандық тауар өндiрушiлер - Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын және:
кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында толығымен өндiрiлген тауарларды;
кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жеткiлiктi өңдеу өлшемдерiне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткiлiктi өңделген тауарларды өндiретiн (бұдан әрi - отандық тауар өндiрушiлер) жеке және (немесе) заңды тұлғалар.
56. Тендерлiк комиссия тендердiң қорытындысын тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттер ашылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жиырма күннен аспайтын мерзiмде шығарады.
57. Тапсырыс берушi тендердiң қорытындыларын шығарған күнiнен бастап қатысқан барлық әлеуеттi өнiм берушiлердi тендер өткiзiлетiнi туралы хабарландыру жарияланған мерзiмдi баспасөз басылымында тендердiң атауын көрсете отырып, тендер нәтижелерiн, ал тендер өткен жағдайда жеңiмпазды, тендер жеңiмпазы ұсынған тауардың, жұмыстар мен қызметтердiң атауы мен бiрлiк бағасын көрсете отырып, жетi жұмыс күнi iшiнде жариялау жолымен хабардар етедi.
Тендердiң қорытындысы туралы хаттама
58. Тендер арқылы сатып алуды жүзеге асырған кезде тендерлiк комиссия тендердiң қорытындылары туралы онда мынадай ақпарат қамтылатын хаттаманы ресiмдеуге мiндеттi:
1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң атауы мен қысқаша сипаттамасы;
2) тендерлiк өтiнiмдердi ұсынған әлеуеттi өнiм берушiлердiң мекенжайлары мен атаулары;
3) тендерлiк өтiнiмдер ұсынған әлеуеттi өнiм берушiлердiң бiлiктiлiк деректерi;
4) әр тендерлiк өтiнiмнiң бағасы мен басқа да негiзгi шарттары;
5) тендерлiк өтiнiмдердiң салыстыруын және бағасын жазу;
6) тендерлiк өтiнiмдi қабылдамаған жағдайда - оларды қабылдамау негiздерi;
7) әр лот бойынша тендер жеңiмпазының атауы мен мекенжайы және жеңiмпаз анықталатын шарттар;
8) егер тендер нәтижесiнде жеңiмпаз анықталмаса – тендерлiк комиссияның осындай шешiм қабылдауға негiздерi;
9) тендерлiк құжаттаманы түсiндiру туралы сұрауларды, оларға жауаптарды қорытып жазу, сондай-ақ тендерлiк құжаттамаға өзгерiстер мен толықтыруларды қорытып жазу;
10) сатып алу туралы шартқа қол қойылуға тиiс (бiрақ тендер жеңiмпазы хабарды алған кезден бастап он жұмыс күнiнен аспайтын) мерзiм;
11) техникалық сарапшыларды тарту туралы ақпарат;
12) егер конкурс өткен жағдайда, онда Тiзбеде көзделген осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу үшiн Тапсырыс берушiнiң бөлген сомасы.
59. Тендерге қатысушының талабы бойынша оған тендер нәтижелерi мен жеңiмпазын таңдау себептерi туралы жазбаша толық ақпарат ұсынылады.
60. Әлеуеттi өнiм берушi уәкiлеттi органға тапсырыс берушiнiң, тендерлiк комиссияның, тендерлiк комиссия хатшысының (хатшылығының) және техникалық сарапшылардың заңсыз iс-әрекеттерiне шағымдана алады.
Сатып алу процесiне байланысты шектеулер
61. Тапсырыс берушiнiң екi және одан көп аффилиирленген тұлғасы көрсетiлген Тапсырыс берушi өткiзетiн тендерге (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.
62. Тапсырыс берушiнiң қызметкерi, егер ол әлеуеттi өнiм берушiнiң лауазымды немесе сенiмдi тұлғасының жақын туысқаны (ата-анасы, жұбайы, зайыбы, бауырлары, апа-сiңлiлерi, балалары) не өзгеше түрде тендер нәтижесiне жеке мүдделi болса, сатып алу рәсiмдерiне байланысты мiндеттердi орындай алмайды.
63. Әлеуеттi өнiм берушiнiң және оның аффирлиирленген тұлғасының бiр тендерге (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.
Сатып алу шарты
64. Тапсырыс берушi тендерлiк өтiнiмдi жеңiмпаз деп тану туралы жазбаша хабарламаны тапсырыс берушi қол қойған шартпен бiрге әлеуеттi өнiм берушiге тендер қорытындысын шығарған күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жiбередi.
Сатып алу шарты оған тараптардың уәкiлеттi органдары қол қойған кезден бастап күшiне енедi.
65. Тендердiң жеңiмпазы оның өтiнiмi жеңiмпаз деп танылғаны туралы хабарламаны және сатып алу шартының жобасын алған сәттен бастап он жұмыс күнi iшiнде шартқа қол қояды немесе орын алған келiспеушiлiктер туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тартқаны туралы тапсырыс берушiнi жазбаша хабардар етедi.
66. Егер әлеуеттi өнiм берушi тендер жеңiмпазы деп танылса және Қағидалардың 65-тармағында белгiленген мерзiмде сатып алу шартына қол қоймаса, онда тапсырыс бepyшi Қағидалардың 54-тармағында белгiленген өлшемдерге сәйкес ұсынысы жеңiмпаздың ұсынысынан кейiн тапсырыс бepушi үшiн барынша басым болып табылатын, ол тендер қорытындылары туралы хаттамамен расталатын тендердiң басқа қатысушысымен сатып алу шартын жасасады.
67. Сатып алу шарттары, тендерлiк құжаттама, сатып алу хаттамалары, әлеуеттi өнiм берушiлердiң өтiнiмдерi және өткiзiлген сатып алу жөнiндегi өзге материалдар тапсырыс берушiде кемiнде бес жыл сақталады.
68. Тапсырыс бepyшi өткiзiлген сатып алу нәтижелерi бойынша жасалған шарттарды тiркеудiң бiрыңғай журналын жүргiзедi.
69. Сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған сатып алу туралы шартқа өнiм берушi таңдау үшiн негiз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетiн қандай бiр өзгерiстердi және (немесе) жаңа талаптарды (бағаны төмендетуден басқа) енгiзуге жол берiлмейдi.
Сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған сатып алу туралы шартқа бағаны төмендету бөлiгiнде өнiм берушiнi таңдау үшiн негiз болған сапа, көлем және басқа да талаптар өзгермеген жағдайда өзгерiстер енгiзуге жол берiледi.
Тапсырыс берушi шарт бағасын төмендету мақсатында тендердiң жеңiмпазы болып танылған әлеуеттi өнiм берушiмен сатып алу туралы шартқа қол қойғанға дейiн келiссөздер жүргiзе алады. Бұл ретте әлеуеттi өнiм берушi мұндай төмендетуге келiспеуi мүмкiн, бiрақ бұл тапсырыс берушiге тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу бойынша тендердiң жеңiмпазы болып табылған әлеуеттi өнiм берушiмен жасалған шартқа қол қоюдан бас тартуға құқық бермейдi.
Егер тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу туралы шарттың орындалу процесiнде сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге ұқсастардың бағалары төмендеу жағына өзгерсе, онда тапсырыс берушi мен өнiм берушiнiң өзара келiсiмi бойынша осы тармақтың ережелерiн ескере отырып, сатып алу туралы шартқа тиiстi өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.
70. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұза отырып өткiзiлген тендер жеңiмпазымен табиғи монополия субъектiсi шарт жасасқанға дейiн оның нәтижесiнiң күшiн жояды және табиғи монополия субъектiсiн қайта тендер өткiзуге мiндеттейдi.
71. Сатып алу шартына Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң нормалары қолданылады.
4. Сатып алу тәсiлдерi және оны ұйымдастыру
Ашық тендер
72. Әлеуеттi өнiм берушiлер ашық тендер өткiзiлетiнi туралы хабарландыруды тендерлiк өтiнiмдердi қабылдау аяқталған күнге дейiн күнтiзбелiк жиырма күн бұрын баспасөз басылымында жариялаумен хабардар етiледi.
Шағын не орта кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын табиғи монополия субъектiсi тендер өткiзiлетiнi туралы хабарламаны тиiстi облыс аумағында таралатын мерзiмдi баспасөз басылымында, ал iрi кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын табиғи монополия субъектiсi аптасына кемiнде үш рет шығарылатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзiмдi баспасөз басылымында жариялайды.
Тендерлiк өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi мен тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу процесiнiң басталу арасындағы уақыт ұзақтығы екi сағаттан аспауға тиiс.
Жабық тендер
73. Жабық тендер, егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Кеден одағының шеңберiнде Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк аумағындағы тапсырыс берушiге алдын ала белгiлi бесеуден аспайтын әлеуеттi өнiм берушiлерде бар тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу кезiнде жүргiзiледi.
74. Жабық тендер өткiзiлетiнi туралы хабарлама қолдарында сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бар барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге осы тендерге қатысуға өтiнiмдердi қабылдау аяқталған күнге дейiн күнтiзбелiк жиырма күн бұрын жiберiлуге тиiс.
Хабар жiберiлетiн әлеуеттi өнiм берушiлердiң тiзiмiн тапсырыс берушiнiң басшысы бекiтедi.
75. Сатып алу жабық тендер тәсiлiмен жүзеге асырылған кезде, егер осы кiшi бөлiмде өзгеше көзделмесе, осы Қағидалардың 3-бөлiмiнде көзделген нормалар қолданылады.
Екi кезеңдi рәсiмдер қолданылатын тендер
76. Екi кезеңдi рәсiмдер қолданылатын тендер:
1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң егжей-тегжейлi ерекшелiктерiн тұжырымдау, сондай-ақ олардың техникалық сипаттамалары мен сапалық көрсеткiштерiн анықтау күрделi болған;
2) ғылыми зерттеулер, сынақтар, iздестiрулер немесе әзiрлемелер қажет болған жағдайларда қолданылады.
77. Екi кезеңдi рәсiмдi пайдаланылатын тендер мынадай кезеңдердiң жиынтығын бiлдiредi:
1) әлеуеттi өнiм берушiлерден тендерлiк құжаттаманың негiзiнде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң техникалық, сапалық және өзге де сипаттамаларына, оларды жеткiзудiң (орындаудың, көрсетудiң) шарттық талаптарына қатысты ұсыныстар сұрату;
әлеуеттi өнiм берушiлер тендерлiк құжаттамаға сәйкес ұсынған бағалары көрсетiлмеген алғашқы тендерлiк өтiнiмдердi қарау;
әлеуеттi өнiм берушiлердiң бiлiктiлiк деректерiн қарау;
бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлермен тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң техникалық, сапалық және өзге де сипаттамаларына, шарттық талаптарына, оларды жеткiзуге (орындауға, көрсетуге) қатысты мәселелердi талқылау;
2) тапсырыс берушiнiң әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң техникалық, сапалық және өзге де сипаттамалардың негiзiнде тендерлiк құжаттамаға өзгерiстер енгiзуi; тендердiң бiрiншi кезеңiнен өткен әлеуеттi өнiм берушiлердiң түпкiлiктi тендерлiк өтiнiмдердi ұсынуы; баға ұсыныстары мен бағалау өлшемдерiн ескере отырып, оларды бағалау және салыстыру; тендер қорытындысын шығару.
78. Тендерлiк комиссия екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын тендердiң қорытындысын соңғы тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күнiнен бастап күнтiзбелiк он күннен аспайтын мерзiмде шығарады.
Баға ұсыныстарын сұрату
79. Баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып өнiм берушiнi таңдау әлеуеттi өнiм берушiлердiң қолдарындағы тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге өткiзiледi, олардың егжей-тегжейлi ерекшелiгi тапсырыс берушi үшiн елеулi мән болып табылмайды, бұл ретте шешушi шарт баға болады.
80. Баға ұсыныстарын сұрату, егер тауарларды, (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алудың жылдық көлемi: табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiнiң республикалық бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн - төрт мың айлық есептiк көрсеткiштен; табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн - екi мың айлық есептiк көрсеткiштен аспаған жағдайда ғана пайдаланылады.
81. Баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып өнiм берушiнi таңдау тәсiлiн қолдану мақсатында жыл бойы сатып алынатын бiртектi тауарлар түрлерiнiң жылдық көлемiн қаржы жыл iшiнде бөлшектеуге жол берiлмейдi.
82. Тапсырыс берушi сатып алынатын материалдық ресурстарға жазбаша баға ұсыныстарын тапсырыс берушiмен және (немесе) өзара аффилиирленбеген кемiнде екi әлеуеттi өнiм берушiден сұратады және түскен барлық баға ұсыныстарын белгiленген мерзiмде қарайды. Тапсырыс берушi сатып алу шартын ең төмен баға ұсынысын берген әлеуеттi өнiм берушiмен жасасады.
83. Әрбiр әлеуеттi өнiм берушi бiр ғана баға ұсынысын ұсынады, ол жазбаша түрде ресiмделуге тиiс.
Егер сатып алынатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатуға және жеткiзуге арналған қызмет мiндеттi түрде лицензиялауға жататын жағдайда, тапсырыс берушi осындай лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесiн сұратады.
84. Тапсырыс берушi әлеуеттi өнiм берушiлерден баға ұсыныстарын сұратуды тipкeу журналын және әлеуеттi өнiм берушiлерден түскен баға ұсыныстарын тiркеу журналын жүргiзуге мiндеттi, соңғысында сатып алу тәсiлдерi, әлеуеттi өнiм берушiнiң атауы мен пошта мекенжайы, оның салық төлеушi тipкeу нөмipi, баға ұсынысын тipкeу күнi мен уақыты көрсетiледi.
Көрсетiлген журналдар тiгiлуге, нөмiрленуге, соңғы парағы бipiншi басшының, не оны алмастыратын тұлғаның қолымен және тапсырыс берушiнiң мөрiмен расталуға тиiс.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу қорытындылары баға ұсыныстарын ұсыну күнi аяқталған күнiнен бастап 2 жұмыс күнi iшiнде бекiтiледi.
Бiр көзден сатып алу және оны қолдану шарттары
85. Бiр көзден сатып алу - бұл тендер қолданылмайтын сатып алу тәсiлi және мынадай:
1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер табиғи монополия субъектiсi болып табылатын әлеуеттi өнiм берушiде ғана болатын, немесе нарықтың қандай да бiр субъектiсi тауардың, жұмыстар мен қызметтердiң тиiстi түрiнiң бiр ғана әлеуеттi өнiм берушiсi болып табылатын, немесе сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер белгiлi бiр тауар нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсiнде ғана болатын, немесе қандай да бiр нақты әлеуеттi өнiм берушi осы тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге ерекше құқыққа ие болатын;
2) дүлей зiлзала (жер сiлкiнiсi, сел, көшкiн, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, ауылшаруашылық өсiмдiктерiнiң және ормандардың кеселдерi мен зиянкестерi арқылы зақымдануын туғызған, сондай-ақ өнеркәсiп, көлiк және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық қауiптi заттарды тарататын (тарату қауiпi бар) авария, ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен қирауы, бөгендердiң бұзылуы, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электр энергетикалық және коммуникация жүйелерiндегi, тазарту құрылыстарындағы авариялық жағдай туғызған төтенше жағдайлар болу салдарынан, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге шұғыл қажеттiлiк туындайды, бұл тендер өткiзу мүмкiндiгiн болдырмайтын;
3) қандай да бiр өнiм берушiден тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алған тапсырыс берушiде осы тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге бiр iзге салу, стандарттау немесе сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сол бiр өнiм берушiден сатып алу қажеттiгi туындайтын;
4) тендер екi рет өткiзiлмедi деп танылған және тапсырыс берушiнiң осы Қағидалардың 53-тармағының 1) тармақшасында көзделген шараларды қабылдауы сатып алу шартын жасасуға әкелмеген;
5) тендер әлеуеттi өнiм берушiлерден өтiнiмдер болмауына байланысты өтпедi деп танылған жағдайларда ғана өткiзiледi.
86. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi бiр көзден сатып алудың негiздерi мынадай құжаттармен расталады:
1) әлеуеттi өнiм берушi тиiстi бiртектi тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) жалғыз әлеуеттi өнiм берушiсi болып табылатынына байланысты сатып алу қажеттiлiгiн растау үшiн - тиiстi құзыреттi органның осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi тапсырыс берушiнiң сатып алу қажеттiлiгi туралы сатып алу күнiне бiр жылдан кешiктiрмей берген қорытындысы, осы өнiм берушi тиiстi тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) жалғыз әлеуеттi өнiм берушiсi болып табылатынын растайтын құжаттар;
2) қолда бар тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен сәйкестендiру, стандарттау немесе үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында сатып алудың қажеттiлiгiн растау үшiн – оған сәйкес әлеуеттi өнiм берушiден бастапқыда тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер сатып алынған шарт, құзыреттi органның сатып алынатын тауардың, жұмыстар мен қызметтердiң сандық және құндық көрiнiсте көлемi, сондай-ақ қолдағы бар тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен стандарттау, сәйкестендiру және үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету қажеттiлiгiн растайтын техникалық ерекшелiк және (немесе) өзге де құжаттама көрсетiлген сәйкестендiру, стандарттау немесе үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында осы тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi тапсырыс берушiнiң сатып алу қажеттiлiгi туралы қорытындысы;
3) екi ашық тендердiң өткiзiлмегенiн растауға байланысты сатып алу қажеттiлiгiн растау үшiн - осы тендерлер бойынша құжаттар: тендерлiк комиссияларды құру туралы бұйрықтар; тендерлiк құжаттамалар; тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамалары; тендерлердiң қорытындылары туралы хаттамалар; әлеуеттi өнiм берушiлердiң қосымшаларымен бiрге тендерлiк өтiнiмдерi;
4) ашық тендер өткiзген кезде әлеуеттi өнiм берушiлерден тендерлiк өтiнiмдер болмауына байланысты сатып алудың қажеттiгiн растау үшiн – осы тендер бойынша құжаттар: тендерлiк комиссия құру туралы бұйрық, тендерлiк құжаттама, тендердiң қорытындылары туралы хаттама, мерзiмдi баспасөз басылымында тендердi өткiзу туралы хабарландыру.
87. Осы Қағидалардың 85-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бiр көзден сатып алуды жүзеге асыру кезiнде әлеуеттi өнiм берушi бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуге тиiс.
88. Бiр көзден сатып алуды өткiзген кезде тапсырыс берушi әлеуеттi өнiм берушiден осы әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бағасының барлық қажеттi негiздемелерiн сұратады.
89. Тапсырыс берушi бiр көзден сатып алуды жүзеге асырған кезде хаттама жасауы тиiс, онда мынадай ақпарат қамтылуы тиiс:
1) бiр көзден сатып алу тәсiлiн қолдану негiздемесi;
2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң қысқаша сипаттамасы;
3) сатып алу шарты жасалатын әлеуеттi өнiм берушiнiң атауы мен мекенжайы және осындай шарттың бағасы.
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге
тарифтердi (бағаларды, алымдар
ставкаларын) немесе олардың шектi
деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды
бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн
тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң
сатып алу қағидаларына
1-қосымша
Алдағы болатын тендер туралы хабарландыру нысаны
____________________________________________________________________
(тапсырыс берушiнiң толық атауы)
мынадай тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi: (тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң және олардың санын (көлемiн) құнын көрсетпей-ақ қысқаша сипаттау); (бiр тендерде тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң бес және одан көп атауларын сатып алған жағдайда, тендердi өткiзу туралы хабарландыру сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң толық тiзбесi тапсырыс берушiнiң тендерлiк құжаттамасында көрсетiлген сiлтеменi қамтуға тиiс. Тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсы болған кезде, соңғысы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң толық тiзбесiн интернет-ресурста көрсетедi) сатып алу жөнiнде ашық (қайталама) тендер өткiзу туралы хабарлайды.
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жеткiзiлуге (орындалуға/көрсетiлуге) тиiс:
____________________________________________________________________
(тауарлар жеткiзiлетiн, жұмыстар орындалатын немесе қызметтер
____________________________________________________________________
көрсетiлетiн орын көрсетiлсiн)
Жеткiзудiң (орындаудың, көрсетудiң) талап етiлген мерзiмi______
Тендерге қатысуға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң _____ жылғы _____ № ____ қаулысымен бекiтiлген Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу қағидаларының 7-тармағында көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн барлық әлеуеттi өнiм берушiлер жiберiледi.
Тендерлiк құжаттама пакетiн _____ жылғы «___» ________________ сағат____ минутқа дейiнгi мерзiмдi қоса алғанда (тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашқанға дейiн 24 сағат бұрын уақыты мен күнi көрсетiлсiн)___________________, мына мекенжай бойынша №___ бөлмеде сағат ____-дан ____-ге дейiн алуға болады.
Тендерлiк құжаттама пакетiнiң құны___ теңгенi құрайды және____ шотына (тапсырыс берушiнiң тиiстi шоты көрсетiлсiн) не бухгалтерияға енгiзiледi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi және Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi өндiретiн ұйымдарға тендерлiк құжаттама тегiн берiледi (егер тендерлiк құжаттаманы бергенi үшiн ақы өндiрiп алу көзделмеген жағдайда, хабарландыруда тендерлiк құжаттаманың тегiн берiлетiндiгiн көрсеткен жөн).
Конвертке салынып мөрленген тендерге қатысуға тендерлiк
өтiнiмдердi әлеуеттi өнiм берушiлер ___________________________
_______________________________________________________________
(тапсырыс берушiнiң толық атауы)
мына мекенжай бойынша _________________________ № ____ бөлмеде бередi.
Тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi ____жылғы «___» ________________сағат______ минутқа дейiн.
Тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi тендерлiк комиссия мына мекенжай бойынша: __________________________ № бөлме ______ жылғы «___» _________ сағат ___ минутта ашады.
Әлеуеттi өнiм берушiлер және олардың өкiлдерi (бiрiншi басшының қолымен және мөрмен расталған сенiмхатты ұсынып) тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу кезiнде қатыса алады.
Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылар тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып
алу бойынша ____________________ өткiзетiн тендерге байқаушы ретiнде
(тапсырыс берушiнiң атауы)
қатысуға құқылы.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы (телефон нөмiрi көрсетiлсiн) телефон арқылы алуға болады.
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге
тарифтердi (бағаларды, алымдар
ставкаларын) немесе олардың шектi
деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды
бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн
тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң
сатып алу қағидаларына
2-қосымша
Жабық тендер өткiзу туралы хабарлама нысаны
Кiмге _________________________________________________________
(әлеуеттi өнiм берушiнiң атауы)
_______________________________________________________________
(тапсырыс берушiнiң атауы)
мынадай қызметтердi (тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң қысқаша сипаттау және олардың саны (көлемi); (тапсырыс берушi тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң толық тiзбесi, олардың саны мен егжей-тегжейлi ерекшелiгi тендерлiк құжаттамада көрсетiлген деп сiлтеме жасауға құқылы) сатып алу бойынша жабық тендердi өткiзу туралы Сiздi хабарландырады және Сiздi оған қатысуға шақырады.
Материалдық, қаржылық ресурстар жеткiзiлуi (жұмыстар немесе қызметтер орындалуы/көрсетiлуi) тиiс: (тауарларды, жұмыстар немесе қызметтердiң орындалған/көрсетiлген жеткiзiлетiн орны көрсетiлсiн).
Жеткiзудiң (орындалудың/көрсетiлудiң) талап етiлген мерзiмi ____________________________________________________________________.
Тендерге Қағидалардың 7-тармағында көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сай болатын барлық өнiм берушiлер жiберiледi.
Тендерлiк құжаттама пакетiн _____ ж. «__»__________
(тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттi ашқанға дейiн 24 сағат бұрын күнi мен уақыты көрсетiлсiн) қоса алғанда, дейiнгi мерзiмде мына мекенжай бойынша _________ № _________ бөлме сағат ___-ден ____-ге дейiн немесе мекенжайы ___________________ электрондық пошта арқылы әлеуеттi өнiм берушi тендерлiк құжаттаманың төлемi туралы құжатын ұсынғаннан кейiн алуға болады.
Тендерлiк құжаттама пакетiнiң құны ______ теңгенi құрайды (егер ақы төлеу көзделмесе, осы абзац алып тасталсын).
Әлеуеттi өнiм берушiлер тендерге қатысуға арналған конверттерге салынып мөрленген тендерлiк өтiнiмдерiн (тапсырыс берушiнiң атауы көрсетiлсiн) мекенжай бойынша (толық мекенжай, бөлменiң № көрсетiлсiн) ұсынады (жолдайды).
Тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi _________ дейiн (уақыты және күнi көрсетiлсiн).
Тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттер мынадай мекенжай бойынша (толық мекенжайды, бөлменiң № көрсетiлсiн) ашылады (уақыты және күнi көрсетiлсiн). Әлеуеттi өнiм берушiлер және олардың өкiлдерi (бiрiншi басшының қолымен және мөрмен расталған сенiмхатты ұсынып) тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу кезiнде қатыса алады.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы (телефон нөмiрi көрсетiлсiн) телефон арқылы алуға болады.
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге
тарифтердi (бағаларды, алымдар
ставкаларын) немесе олардың шектi
деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды
бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн
тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң
сатып алу қағидаларына
3-қосымша
Тендерге қатысуға арналған өтiнiм
(заңды тұлғалар үшiн)
(Кiмге)________________________________________________________
(тапсырыс берушiнiң атауы)
(Кiмнен)_______________________________________________________
(әлеуеттi өнiм берушiнiң атауы)
____________________________________________________________________
(тендердiң атауы)
тендердi өткiзу жөнiндегi тендерлiк құжаттамаларды қарап, алынуы
осымен куәландырылатын, тендерлiк құжаттамаға сәйкес
___________________ жалпы
(цифрмен және жазбаша)
сомаға тауарлардың (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мынадай лоттар бойынша:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
________________________________________________________________
(лоттар бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi жан-жақты сипаттау)
________________________________ жеткiзiлуiн жүзеге асыруды ұсынады.
(әлеуеттi өнiм берушiнiң атауы)
Осы тендерлiк өтiнiм мыналардан тұрады:
1. _______________________________________________________
2. _______________________________________________________
3. _______________________________________________________
4. _______________________________________________________
5. _______________________________________________________
6. _______________________________________________________
7. _______________________________________________________
8. _______________________________________________________
9. _______________________________________________________
10. ______________________________________________________
Бiздiң тендерлiк өтiнiм ұтып шықты деп танылған жағдайда,_________
(жазбаша)
күн iшiндe материалдық, қаржылық ресурстарды (жұмыстар орындауды,
қызметтер көрсетудi) бастауға және осы тeндepлiк өтiнiмде көрсетiлген
барлық материалдық, қаржылық ресурстарды (жұмыстарды орындау,
қызметтердi көрсету) бiздiң конкурстық өтiнiмдi ұтып шықты деп тану
туралы Сiзден хабарлама алған сәттен бастап ___________ күн iшiнде
аяқтауға мiндеттенемiз. (жазбаша)
Бiз тендерлiк құжаттамада айтылған Сiздiң төлем шартыңызбен
келiсемiз. Төлемнiң мынадай балама шарттарын ______________________
(төлем шарттарының баламалары,
_____________________________________________________________________
егер мұндай бар болса, санамаланады)
немесе басқа шарттарды ұсынамыз, (санамалау:________________________
бұл ретте _________________ мөлшерiнде баға шегерiмiн ұсынамыз.
(ақшалай мәнде жазбаша көрсетiледi)
Осы тендерлiк өтiнiм тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi
ашқан күнiнен бастап _____________ күн iшiнде қолданыста болады.
(жазбаша)
Сатып алу туралы шартты жасасқан сәтке дейiн осы тендерлiк өтiнiм оны ұтып шықты деп тану туралы Сiздiң хабарламаңызбен бipгe бiздiң арамыздағы мiндеттi шарт рөлiн атқаратын болады.
__________________ ___________________________
(Қолы, күнi) (Лауазымы, Т.А.Ә.)
М.О.
___________________________ атынан немесе тапсырмасы бойынша барлық
(әлеуеттi өнiм берушiнiң атауы)
уәкiлеттiлiгi бар тендерлiк өтiнiмге қол қоюшы_________________
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге
тарифтердi (бағаларды, алымдар
ставкаларын) немесе олардың шектi
деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды
бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн
тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң
сатып алу қағидаларына
4-қосымша
Әлеуеттi өнiм берушiнiң тендерлiк өтiнiмiнiң
бағалар кестесi
(әлеуеттi өнiм берушiнiң атауы)
(әpбip лотқа жеке толтырылады)
-------------------------------------------------------------------
Тауарлардың, жұмыстар мен қызмeттepдiң атауы
-------------------------------------------------------------------
1. Қысқаша сипаты
2. Шығарылған елi (жұмыстарды сатып алу кезiнде алып тасталсын)
3. Шығарушы зауыт (жұмыстарды және қызметтердi сатып алу кезiнде алып тасталсын)
4. Өлшем бiрлiгi
5. Баға_______бiрлiкке___________ ИНКОТЕРМС 2010 шарттары
бойынша _________ (белгiленген пунктi)
6. Саны (көлемi)
7. Барлық бағасы = 5 жол х 6 жол _________
8. Жалпы бағасы,_________ИНКОТЕРМС 2010 шарттары бойынша __________ белгiленген пунктi, әлеуеттi өнiм берушiнiң тасымалдауға арналған, кеден бажын, ҚҚС және басқа төлемдер мен алымдарды, жинақтаушы бөлшектер мен мiндеттi қосалқы бөлшектер бағасын, бiр өлшем бiрлiгiне пайдаланудың бастапқы мерзiмi iшiнде қызмет көрсетуге арналған барлық шығыстарды қоса алғанда, басқа да шығыстар
Әлеуеттi өнiм берушi басқа да шығыстарды көрсетуге құқылы, оның iшiнде:
8.1.
8.2.
9. Оны ұсыну кезiндегi жеңiлдiк мөлшерi
9.1.
9.2.
-------------------------------------------------------------------
Ескертпе: Әлеуеттi өнiм берушi 8-жолда көрсетiлген жалпы бағаның құрамдастырын көрсетпеуi мүмкiн, өйткенi осы жолда көрсетiлген бағаны тендерлiк комиссия әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық шығыстарын ескере отырып, айқындалған ретiнде қарайды және қайта қарауға жатпайды.
______________ ______________________________
(қолы) (Лауазымы, Т.А.Ә.)
М.О.
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге
тарифтердi (бағаларды, алымдар
ставкаларын) немесе олардың шектi
деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды
бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн
тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң
сатып алу қағидаларына
5-қосымша
Тендерге қатысуға арналған өтiнiм
(дара кәсiпкерлер және жеке тұлғалар үшiн)
(Кiмге) __________________________________________________________
(Тапсырыс берушiнiң атауы)
(Кiмнен) __________________________________________________________
(Әлеуеттi жеткiзiп беруiнiң аты, әкесiнiң аты, тeгi)
_______________________________________________________________
(тендердiң атауы)
тендердi өткiзу жөнiндегi тендерлiк құжаттамаларды қарап, алынуы
осымен куәландырылатын, тендерлiк құжаттамаға сәйкес _______________
(цифрмен және жазбаша)
жалпы сомаға материалдық, қаржылық ресурстардың (жұмыстар орындау,
қызметтер көрсету) мынадай лоттар бойынша _________________________
(лоттар бойынша тауарларды, ____________________________________________________________________
жұмыстар мен кызметтердi егжей-тегжейлi сипаттау)
_____________________________________________________________________
(әлеуеттi өнiм берушiнiң атауы)
жеткiзiлуiн жүзеге асыруды ұсынады.
Осы тендерлiк өтiнiм мыналардан тұрады:
1._________________________________________________________________
2._________________________________________________________________
3._________________________________________________________________
4._________________________________________________________________
5._________________________________________________________________
6._________________________________________________________________
7._________________________________________________________________
8._________________________________________________________________
9._________________________________________________________________
10.________________________________________________________________
Мен, менiң тендерлiк өтiнiмiм ұтып шықты деп танылған жағдайда,
____________ күн iшiнде материалдық, қаржылық ресурстарды (жұмыстар
(жазбаша)
орындауды, қызмeттep көрсетудi) бастауға және осы тендерлiк өтiнiмде
көрсетiлген барлық материалдық, қаржылық ресурстардың (жұмыстарды
орындау, қызметтердi көрсету) менiң тендерлiк өтiнiмiм ұтып шықты деп
тану туралы Сiзден хабарлама алған сәттен бастап __________ күн
(жазбаша)
iшiнде аяқтауға мiндеттенемiн.
Мен тендерлiк құжаттамада айтылған Сiздiң төлем шартыңызбен
келiсемiн. Төлемнiң мынадай балама шарттарын _______________________
(төлем шарттарының баламалары, егер
_____________________________________________________________________
мұндай бар болса, санамаланады)
_____________________________________немесе басқа шарттарды ұсынамын,
(ақшалай мәнде жазбаша көрсетiледi)
(санамалау:______________________________________________) бұл ретте
мөлшерiнде баға шегерiмiн ұсынамын.
Осы тендерлiк өтiнiм тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күнiнен бастап _____________ күн iшiнде қолданыста болады.
(жазбаша)
Сатып алу туралы шартты жасасқан сәтке дейiн осы тендерлiк өтiнiмдi оны ұтып шықты деп тану туралы Сiздiң хабарламаңызбен бipгe бiздiң арамыздағы мiндеттi шарт рөлiн атқаратын болады.
______________ __________________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina