ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Нөмiрлеу ресурсын бөлу және нөмiрлердi...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Нөмiрлеу ресурсын бөлу және нөмiрлердi беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидалары

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1504 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1504 қаулысымен
бекiтiлген
Нөмiрлеу ресурсын бөлу және нөмiрлердi беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Нөмiрлеу ресурсын бөлу және нөмiрлердi беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңының 13-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникациялар желiсiнiң нөмiрлеу ресурстарын, оның iшiнде Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың ұсынымдарын ескере отырып, телефон байланысы қызметтерiн және нөмiрлеу ресурсын пайдалана отырып қамтамасыз етiлетiн қызметтердi көрсетуге арналған халықаралық байланыс желiлерiнiң қазақстандық сегменттерiн бөлу және пайдалану тәртiбiн анықтайды.
2. Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникациялар желiсiнiң нөмiрлеу ресурстарын реттеу нөмiрлеу ресурстарын бөлудi және олардың пайдалануын бақылауды қамтитын ерекше функциясы болып табылады.
Мемлекеттiк реттеу байланыс операторларының, қызметтер провайдерлерiнiң және желi иелерiнiң, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың оларға нөмiрлеу ресурсын тағайындау бойынша қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында:
1) байланыс қызметтерiн ұсыну немесе басқарушылық мақсаттардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
2) шұғыл және анықтамалық-ақпараттық, тапсырыс беру қызметтерiне қол жеткiзудi ұйымдастыру;
3) телефондық нөмiрлеу ресурстарын пайдаланатын телекоммуникациялар желiлерiн ұтымды дамыту мен өзара iс-қимыл жасауы;
4) байланыстың жаңа қызметтерiн енгiзу үшiн жүзеге асырылады.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) ABC коды – географиялық нөмiрлеу аймағының телекоммуникациялық желiсiн не оның бiр бөлiгiн сәйкестендiретiн код;
2) DEF коды – географиялық емес нөмiрлеу аймағының интеллектуалды байланыс желiсiнiң қызметiн немесе телекоммуникациялық желiнi сәйкестендiретiн код;
3) «Х1» индексi – географиялық тұрғыда белгiленетiн нөмiрлеу аймағы абонентiнiң аймақтық телефон нөмiрiнiң миллиондық нөмiрлер тобының коды;
4) «Х1Х2» индексi – географиялық тұрғыда белгiленетiн нөмiрлеу аймағы абонентiнiң аймақтық телефон нөмiрiнiң жүз мыңдық нөмiрлер тобының коды;
5) «Х1Х2Х3» индексi – географиялық тұрғыда белгiленетiн нөмiрлеу аймағы абонентiнiң аймақтық телефон нөмiрiнiң он мыңдық нөмiрлер тобының коды;
6) желiнiң нөмiрлеу сыйымдылығы – телекоммуникациялар желiсiнiң ақырғы пайдаланушылық жабдығын сәйкестендiретiн нөмiрлер саны;
7) желiнi нөмiрлеудiң жоспарланатын сыйымдылығы – белгiлi бiр кезеңге желiнi дамыту кезiнде байланыс операторы қол жеткiзудi жоспарлайтын телекоммуникациялар желiсiнiң нөмiрлеу сыйымдылығы;
8) желiнi нөмiрлеудiң қолданыстағы сыйымдылығы – желiде жалғанған барлық ақырғы (пайдаланушылық) жабдықтарды сәйкестендiретiн нөмiрлердi, сонымен қоса бақылауда және қызметтiк мақсаттарда қолданылатын нөмiрлердi, сондай-ақ оларға қызмет көрсеткенi үшiн абоненттiк төлем алынатын, пайдаланушы броньдаған нөмiрлердi есепке алатын желiнi нөмiрлеудiң сыйымдылығы;
9) желiнi нөмiрлеудiң ең жоғарғы ықтимал сыйымдылығы – желiде қабылданған нөмiрлеудiң мәндiлiгi шеңберiнде желiнi нөмiрлеудiң ең жоғарғы сыйымдылығы;
10) интеллектуалды желi – деректердi берудi және өңдеудi бiрлестiретiн коммуникациялық желi;
11) қолжетiмдi нөмiрлеу ресурсы – қолдануға техникалық мүмкiндiк бар нөмiрлеудiң бос ресурсы;
12) қызмет провайдерi – меншiктi байланыс инфрақұрылымы жоқ және пайдаланушыларға байланыс операторларының желiлерi арқылы телекоммуникация қызметтерiн көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;
13) қызмет абонентiнiң логикалық нөмiрi – Х1...Хn интеллектуалды байланыс желiсi қызметтерi абонентi нөмiрiнiң тiкелей қызмет абонентiн сәйкестендiретiн бөлiгi;
14) нөмiрдiң «көшуi» (nomadicity) – тiркелген телефон байланысы желiсiндегi пайдаланушының өзiнiң желiлiк қолжетiмдiлiк нүктесiн ауыстыру қабiлетi;
15) нөмiрлеу ресурсын алушы – байланыс операторы, қызмет провайдерi, ведомстволық телекоммуникациялар желiсiнiң, арнайы тағайындалған телекоммуникациялар желiсiнiң, корпоративтi желiнiң иесi, сонымен қатар қызмет көрсету кезiнде Қазақстан Республикасының нөмiрлеу жүйесi мен жоспарына сәйкес бөлiнген нөмiрлеу ресурсын қолданатын жеке және заңды тұлғалар;
16) белгiленген аумақта немесе DEF кодымен нөмiрлеу аймағында нөмiрлеу ресурсының шектелу – белгiленген аумақта немесе DEF кодымен нөмiрлеу аймағында жұмыс iстейтiн телекоммуникациялар желiсiнiң жағдайы, бұл ретте барлық байланыс операторларына бөлiнген және байланыс операторларының өтiнiшi бойынша сұралатын нөмiрлеу ресурсы қолжетiмдi мөлшерден 90 пайыз жоғары;
17) өтiнiш берушi – нөмiрлеу ресурсын бөлу немесе алып қою туралы өтiнiш жасаған жеке немесе заңды тұлға;
18) префикс – нөмiрдiң, желiлердiң, қызметтердiң, байланыс операторларының түрлi тұрпаттарын таңдауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн бiр саннан немесе одан көп белгiлерден тұратын индикатор;
19) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру комитетi.
4. Телекоммуникациялар желiлерi үшiн нөмiрлеу ресурсын бөлу байланыс қызметтерiн көрсету саласындағы қызметтi iске асыру лицензиясына ие, ведомстволық корпоративтi желiлердiң және арнайы тағайындалған телекоммуникациялар желiлерiнiң иелерiн, байланыс операторларының, қызмет провайдерлерiнiң өтiнiшi, сондай-ақ қызмет көрсету кезiнде шұғыл және анықтамалық-ақпараттық, тапсырыс беру қызметтерiне қолжетiмдiлiк нөмiрлерiн ұйымдастыру үшiн нөмiрлеу ресурсын қолданатын жеке және заңды тұлғалардың өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
5. Телефондық байланыс қызметтерiн және телефондық нөмiрлеудi пайдалану арқылы қамтамасыз етiлетiн қызметтердi көрсетуге арналған Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникациялар желiсiнiң нөмiрлеу ресурсына (бұдан әрi – нөмiрлеу ресурсы):
1) жалпы пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсiнiң географиялық анықталатын нөмiрлеу аймақтарының «АВС» кодтары;
2) нөмiрлеудiң географиялық анықталатын аймағында жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң «Х1», «Х1Х2» және «Х1Х2Х3» индекстерi;
3) ұтқыр телекоммуникациялық байланыс желiлерiнiң, соның iшiнде ұялы байланыс желiлерiнiң, жылжымалы радиотелефон байланысы желiлерiнiң, транкингтiк байланыс желiлерiнiң, жылжымалы жерсерiктiк байланыс желiлерiнiң географиялық емес тұрғыда белгiленетiн нөмiрлеу аймақтарының «DEF» кодтары;
4) ведомстволық телекоммуникациялар желiлерiнiң, арнайы тағайындалған телекоммуникациялар желiлерiнiң, корпоративтi желiлердiң географиялық емес тұрғыда белгiленетiн анықталатын нөмiрлеу аймақтарының «DEF» кодтары;
5) байланыс операторлары өзiнiң абоненттерiне – желi учаскелерiнiң әр түрлi әкiмшiлiк аумақтарына бөлiнген бiрiктiрудi талап ететiн қосымша қызметтердi заңды тұлғаларға ұсыну үшiн тiркелген телефон байланысы желiлерiнiң географиялық емес тұрғыда белгiленетiн нөмiрлеу аймақтарының «DEF» кодтары мен «DEF» кодындағы «Х1», «Х1Х2» индекстерi;
6) абоненттердi нөмiрдiң «көшу» (nomadicity) функциясымен қамтамасыз ететiн, тiркелген телефонды байланыс желiлерiнiң географиялық емес анықталатын нөмiрлеу аймағының «DEF» кодтары мен «DEF» кодындағы «Х1», «Х1Х2» индекстерi;
7) ведомстволық, корпоративтi және нөмiрлеудiң сыйымдылығы 100 мың нөмiрден аспайтын, басқа географиялық бөлiнген телекоммуникациялар желiлерiнiң географиялық емес анықталатын нөмiрлеу аймағының «DEF» кодындағы «Х1», «Х1Х2» индекстерi;
8) қызметтерге қолжетiмдiлiк кодтары:
қалааралық және (немесе) халықаралық телефондық қосылуларды ұсыну үшiн IP-телефония (Интернет-телефония);
Интернет желiсiне қолжетiмдiлiк;
байланыстың интеллектуалды желiлерi;
қалааралық және (немесе) халықаралық желiнiң коммутациялық станциясы техникалық қызметкерлерiнiң бақылау-сынақ жабдықтарына қолжетiмдiлiк;
9) қызметтерге қолжетiмдiлiк кодтарын пайдаланумен байланыс қызметтерiн ұсынатын (Х1Х2Х3)/(Х1Х2Х3Х4) операторлар кодтары;
10) «1UV (Х1(Х2))» шұғыл жедел, ақпараттық-анықтамалық және тапсырыс беру қызметтерiне қолжетiмдiлiк нөмiрлерi;
11) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларын таңдау префикстерi;
12) «АВС» кодымен нөмiрлеудiң географиялық белгiленетiн аймағындағы жергiлiктi телекоммуникациялар желiсiнiң нөмiрлеу ресурсы;
13) қызметтерге қолжетiмдiлiк кодтарын пайдаланумен (Х4Х5Х6Х7)/(Х5Х6Х7) қызметтер абоненттерiнiң логикалық нөмiрлерi кiредi.
6. Телефондық нөмiрлеу ресурсы Қазақстан Республикасының ұлттық ресурсының бiр бөлiгi ретiнде иелiкке алынбайтын болып табылады (сатуға, жалға беруге болмайды, кәсiпорынды қайта ұйымдастырудың немесе таратудың нәтижесiнде құқықтық мирасқорға берiлмейдi);
1) байланыс операторына нөмiрлеу ресурсы телекоммуникациялар қызметiн көрсету үшiн желi абоненттерiне нөмiрлердi бөлу немесе қызметке қолжетiмдiлiктi ұйымдастыру арқылы пайдалануға бөлiнедi;
2) бiр байланыс операторының нөмiрлеу ресурсын қызметтердi көрсету мақсатында пайдалану үшiн басқаға беруiне жол берiлмейдi.
7. Уәкiлеттi орган нөмiрлеу ресурсын есепке алу бойынша жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының бөлiп берiлген және резервтелген нөмiрлеу ресурстарының бiрыңғай тiзiлiмiн қалыптастырады және жүргiзедi.
Тiзiлiм мыналарды:
1) Қазақстан Республикасы телекоммуникациялар желiлерiнiң нөмiрлеу жоспарын;
2) Қазақстан Республикасының нөмiрлеу жүйесiн;
3) Қазақстан Республикасы нөмiрлеу жүйесiнiң бөлiнген нөмiрлеу ресурстар туралы мәлiметтерiн;
4) мыналарды:
заңды тұлға үшiн – атауын (фирмалық атауы), ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын, заңды тұлғаның орналасқан жерiн;
жеке кәсiпкер үшiн – тегiн, атын, әкесiнiң атын, тұрғылықты жерiн, жеке басты куәландыратын құжаттарының деректерiн;
бөлiнген нөмiрлеу ресурсының көлемiн;
бөлiнген нөмiрлеу ресурсын пайдалану аумағы туралы ақпаратты қамтитын нөмiрлеу ресурсын бөлу, өзгерту туралы шешiм қабылданғаны немесе нөмiрлеу ресурсын бөлу немесе шешiмнiң қайта ресiмделгенi туралы шешiм қабылдаған, байланыс операторлары, қызмет провайдерлерi, ведомстволық, корпоративтi желiлерiнiң, арнайы тағайындалған телекоммуникациялар желiлерiнiң иелерi туралы мәлiметтердi;
5) нөмiрлеу ресурсын бөлу (өзгерту, толық немесе iшiнара алу) туралы шешiмнiң берiлген күнi және тiркеу нөмiрi, нөмiрлеу ресурсын бөлу туралы шешiмнiң қайта ресiмделген күнiн қамтиды.
8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетiлген, тiзiлiмде қамтылған ақпарат, арнайы тағайындалған желiлердiң иелерi туралы ақпаратты қоспағанда, тоқсан сайын деректерi жаңартылып, жариялануға (уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастыруға) тиiс.
Нөмiрлеу ресурсын алған байланыс операторлары, қызметтер провайдерлерi және желiлердiң иелерi, олар анықтайтын нөмiрлеу жоспарына сәйкес алынған нөмiрлеу ресурсын қызмет көрсетiлетiн аумақ бойынша немесе байланыс қызметтерi бойынша бөледi.
Белгiленген нөмiрлеу жоспарының көшiрмесi және пайдаланылатын (қолданыстағы) нөмiрлеу туралы мәлiметтердi байланыс операторлары, желiлердiң иелерi, қызметтер провайдерлерi жыл сайын 30 қаңтардан кешiктiрмей уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының нөмiрлеу жоспарына қосу үшiн ұсынады.
9. Нөмiрлеу ресурсын бөлу мен нөмiрлердi беру, сондай-ақ оларды алып қою уәкiлеттi орган құратын нөмiрлеу ресурсын бөлу комиссиясының (бұдан әрi – Комиссия) хаттамалық шешiмiмен жүзеге асырылады. Комиссияның құрамын және оның жұмыс тәртiбiн уәкiлеттi органның басшысы бекiтедi.
Нөмiрлеу ресурсын бөлу, сондай-ақ оларды алып қою туралы шешiм уәкiлеттi органның бұйрығымен расталады.
2. Нөмiрлеу ресурсын бөлу
10. Абоненттердi нөмiрдiң «көшу» (nomadicity) функциясымен қамтамасыз ететiн тiркелген телефондық байланыс желiлерiнiң географиялық емес тұрғыда белгiленетiн нөмiрлеу аймақтарының «АВС» кодтары, «DEF» кодтары, қызметтерге қолжетiмдiлiк кодтарының нақты алушысы жоқ және олар Қазақстан Республикасының нөмiрлеу жүйесi мен жоспарына сәйкес уәкiлеттi органмен белгiлi бiр аумаққа немесе телекоммуникациялар қызметiнiң түрiне бекiтiледi.
Нөмiрлеудiң бiр географиялық белгiленетiн аймағының нөмiрлеу ресурстарын басқа географиялық анықталатын аймақта пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
Нөмiрлеудiң географиялық тұрғыда белгiленетiн анықталатын аймағының нөмiрлеу ресурсы осы аймақта жұмыс iстейтiн тiркелген байланыс желiлерiнiң операторлары үшiн ортақ болып табылады.
11. Уәкiлеттi орган «АВС» кодымен нөмiрлеудiң географиялық белгiленетiн аймағында жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң «Х1Х2», «Х1Х2Х3» индекстерiн жоспарлау мен бөлудi, олардың ауыстырылуын немесе резервке қоюды нөмiрлеудiң әр географиялық белгiленетiн аймақтың қолданыстағы нөмiрлеу жоспарларына сәйкес iске асырады.
12. Байланыс операторына нөмiрлеудiң географиялық анықталатын аймақтың аумағында (үстеме желi) орналасқан бiрнеше жергiлiктi желiлердi сәйкестендiру үшiн осы аймақтың «АВС» коды ресурсынан бос «Х1Х2» индексi бөлiнуi мүмкiн.
«Х1Х2» индексi байланыс операторына нөмiрлеудiң географиялық белгiленетiн аймағының аумағында байланыс операторы жергiлiктi желiлерiнiң қосынды жоспарланған сыйымдылығы 15 мыңнан кем емес нөмiр құрағанда, ал нөмiрлеу ресурсын алу өтiнiшiн берген уақыттағы байланыс операторының қолданыстағы жергiлiктi желiлерiнiң сыйымдылығы – жоспарланғаннан 50 пайыздан кем емес құрайтын жағдайда ғана бөлiнедi.
Нөмiрлеудiң географиялық тұрғыда белгiленетiн аймағында байланыс операторының жергiлiктi желiлерiнiң қосынды сыйымдылығы ең жоғары мүмкiн болатын нөмiрлеудiң 90 пайызына дейiн (72 мың нөмiр) жоғарылаған жағдайда байланыс операторына бiр индекстен көп «Х1Х2» бөлiнедi.
13. «АВС» кодымен нөмiрлеудiң географиялық тұрғыда белгiленетiн аймағындағы жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң нөмiрлеу ресурсы телекоммуникациялар желiлерiнiң нөмiрлеу ресурстарын бөлуге арналған өтiнiште көрсетiлген көлемнiң 50 пайыздай мөлшерiнде бөлiнедi. Нөмiрлеу ресурсының 50 пайыз мөлшерiндегi қалған бөлiгi нөмiрлеу ресурсын алушыға резервке берiледi және бөлiнген ресурстың қолданыста болу шегi бойынша ресурс алушы пайдаланады.
14. Егер нақты аумақта барлық байланыс операторларына бөлiнген және нөмiрлеу ресурсын бөлуге арналған байланыс операторлары өтiнiштерi бойынша сұралатын жергiлiктi телекоммуникациялар желiсiнiң нөмiрлеу ресурсы қолжетерлiк ресурстан 90 пайызға жоғары болса, онда Комиссияның хаттамалық шешiмiмен ресурсқа шектеудiң болғандығы тiркеледi.
Ресурстың шектеулiлiгi туралы ақпарат уәкiлеттi органның интернет-ресурсында Комиссияның хаттамалық шешiмiне қол қойылған күнiнен бастап 10 жұмыс күн iшiнде жарияланады.
Уәкiлеттi орган жергiлiктi желiнiң нөмiрлеу ресурсын ұлғайту бойынша мынадай шаралар қабылдайды:
1) нөмiрлеу ресурсын қайта бөлу арқылы (талдау жүргiзу және нөмiрлеу ресурсын алушымен бөлiнген мерзiмнен бастап екi жыл iшiнде 50 пайыздан астам бөлiнген жергiлiктi телекоммуникациялар желiсiнiң нөмiрлеу ресурсынан пайдаланбағанын анықтау);
2) Қазақстан Республикасының нөмiрлеу жүйесi мен жоспарына сәйкес жергiлiктi желiде абоненттiң 5 таңбалы нөмiрiнен 6 таңбалыға, жергiлiктi желiде абоненттiң 6 таңбалы нөмiрiнен 7 таңбалыға ауыстыру жолы арқылы.
15. Ұялы байланыс, ұтқыр телекоммуникациялық байланыс (оның iшiнде жылжымалы радио/радиотелефон байланысы және транкингтiк байланыс), жылжымалы жерсерiктiк байланыс желiлерiне Қазақстан Республикасының барлық аумағында (республикалық желiлер) қызметтер ұсынған жағдайда берiлген лицензияның негiзiнде нөмiрлеудiң географиялық емес анықталатын аймағының «DEF» кодтары бөлiнедi:
1) желi сыйымдылығының ең жоғарғы мүмкiндiгiнен 90 пайызға дейiн жоғарылаған жағдайда, осы желiге жаңа DEF коды бөлiнедi;
2) өңiрлiк ұялы байланыс желiлерiне, бөлек елдi мекендер аумағында жұмыс iстейтiн ұтқыр телекоммуникациялық байланыс желiлерiне (оның iшiнде жылжымалы радио/радиотелефон және транкингтiк байланыс желiлерiне) нөмiрлеудiң географиялық анықталатын аймағының шегiнде осы географиялық анықталатын аймағының нөмiрлеу ресурсы бөлiнедi.
16. Егер өтiнiш берушi желi учаскелерiн (фрагменттерiн) бiр нөмiрлеу кодымен бiрiктiрген жағдайда басқарушылық және өндiрiстiк қызметтiң тиiмдiлiгiн едәуiр жоғарылайтындығын дәлелдейтiн негiздеулер келтiретiн болса, ведомстволық, корпоративтiк желiлерге және арнайы тағайындалған байланыс желiлерiне «DEF» кодтары бөлiнедi.
Ведомстволық және корпоративтiк желiлерге «DEF=767» кодындағы «Х1Х2» индексi, желiнiң қосынды сыйымдылығы кем дегенде 100 мың нөмiр болған жағдайда ғана бөлiнедi.
Заңды тұлғаларға нақты нөмiрлеудiң географиялық анықталатын аймағына байланбаған, ведомстволық және корпоративтiк желiлердi ұйымдастыру қызметтерiн ұсынатын тiркелген байланыс операторына «DEF» коды немесе «DEF=767» («DEFХ1Х2») кодындағы индекс бөлiнедi.
Ведомстволық және корпоративтiк желiлерге «DEF»/«DEFХ1Х2» кодтарын бөлумен қатар, желiлердi пайдаланушыларға қолайлылықты қамтамасыз ету мақсатында «АВС» кодымен нөмiрлеу аймағында жергiлiктi желiлердiң нөмiрлеу ресурсын тағайындауға рұқсат етiледi.
17. «DEF» кодтарын немесе «DEF» кодтарындағы «Х1Х2» индекстерiн, жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң «АВС» кодтарындағы «Х1Х2», «Х1Х2Х3» индекстерiн алған байланыс операторлары және желiлер иелерi бұдан әрi нөмiрлеу ресурсын бөлудi өздерi әзiрлейтiн нақты желiлердiң нөмiрлеу жоспарларына сәйкес дербес iске асырады.
18. Бөлiнген телекоммуникациялар желiлерiнiң нөмiрлеу жоспарын осы желiлер операторлары дербес (желiлердi, коммутациялық станцияларды идентификациялау, абонент нөмiрлерiнiң мәндiлiгi) анықтайды.
Ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желiсi мен бөлiнген желiнiң түйiскен жағдайда ол Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникациялар желiсiнiң басқа желiлер санаттарына ауысады, желiнiң нөмiрленуi осы Қағидаларға сәйкес өзгертiледi.
19. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi төрағасының 2008 жылғы 9 қыркүйектегi № 307 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының телекоммуникация желiлерiнде нөмiрлеу жүйесi мен жоспарын құру ережесiне сәйкес шұғыл апаттық және ақпараттық-анықтамалық пен тапсырыс беру қызметтерiне «1UV», «1UV (Х1)», «1UV (Х1(Х2))» қолжеткiзудiң қысқа нөмiрлерiн тағайындауды жүзеге асырады.
20. Операторды таңдау префикстерi «12ХХ» тек қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларына бөлiнедi, бұл ретте байланыс операторына қалааралық, сондай-ақ халықаралық байланыс үшiн пайдаланылатын тек бiр префикс бөлiнедi.
21. Байланыс операторына (қызмет провайдерiне) ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желiсi абоненттерiнiң деректердi беру қызметтерiне қол жеткiзуiн ұйымдастыру мақсатында жергiлiктi телефон нөмiрлерiн бөлуге рұқсат етiледi, оның iшiнде Интернет желiсiне қол жеткiзу қызметiнiң провайдерi болып табылатын жергiлiктi желi байланысының операторы оның жергiлiктi желiсiне бекiтiлген нөмiрлеу ресурсынан жергiлiктi телефон нөмiрiн пайдаланады, сонымен қатар бұл нөмiр уәкiлеттi органның бұйрығымен қызметтерге қолжеткiзiлген нөмiр ретiнде бекiтiледi.
22. IP-телефония (Интернет-телефония) қызметiн көрсету үшiн уәкiлеттi орган тағайындаған қызметтердiң қол жеткiзу кодындағы нөмiрiн пайдаланумен қатар қалааралық және халықаралық байланыс операторларының анықтамалық-ақпараттық және тапсырыстық қызметтерiне қатынауға арналған диапазонынан «1UV (Х1(Х2))» жергiлiктi телефон нөмiрi пайдаланылуы мүмкiн, сонымен қатар бұл нөмiр уәкiлеттi органның бұйрығымен қызметке қолжеткiзiлген нөмiр ретiнде бекiтiледi.
3. Нөмiрлер бөлу, сондай-ақ оларды алып қою
23. Нөмiрлеу ресурсын алу үшiн өтiнiш берушi мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өтiнiш берушi ресiмдеген, бiрыңғай телекоммуникациялар желiсiнiң нөмiрлеу ресурсын бөлуге арналған өтiнiш;
2) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес ресiмделген түсiндiрме жазба;
3) жедел iздестiру қызметiн жүргiзетiн органдардан басқа заңды тұлға үшiн – Жарғының көшiрмесi;
4) дара кәсiпкер үшiн – өтiнiш берушiнiң дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесi.
24. Нөмiрлеу ресурсын алып қою үшiн өтiнiш берушi уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтiнiш берушi ресiмдеген, бiрыңғай телекоммуникациялар желiсiнiң нөмiрлеу ресурсын алып қоюға арналған өтiнiш;
2) нөмiрлеу ресурсын бөлу туралы бұйрықтың көшiрмесi.
25. Көрсетiлген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:
1) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторына қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын таңдау префиксiн алу үшiн уәкiлеттi органға әр аймақта оператордың болуын қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын таңдау мақсатында желiлердiң қосылуының стандартты нүктесi болып табылатын оператор желiсiнiң транзиттi коммутациялық станциялар тiзбесiн ұсынуы қажет;
2) байланыс операторына (қызмет провайдерiне) қайта енгiзiлетiн немесе бұрын қолданыстағы қызметтерге қол жеткiзу кодын пайдаланып, байланыс қызметтерiн көрсететiн оператордың «Х1Х2Х3(Х4)» кодын алу үшiн уәкiлеттi органға келесi құжаттарды ұсыну қажет:
қызметтiң толық сипаттамасы;
осы қызметтi ұйымдастырудың мақсаттылығын негiздеу;
ұсынылатын қызметтi көрсету әдiсiнiң нақты сипаттамасы;
шақыруларды тарифтеу және бағытттау жөнiндегi ұсыныстар;
Қызметтi абоненттеу кезiнде байланыс операторымен (қызмет провайдерiмен) «(Х4)Х5Х6Х7» қызметтер абоненттерiнiң логикалық нөмiрлерi тағайындалады.
26. Осы Қағидалардың 23, 24 және 25-тармақтарында көрсетiлген құжаттар уәкiлеттi органға қағаз және электронды тасығыштарда ұсынылады.
27. Нөмiрлеу ресурсын бөлу немесе алып қою үшiн өтiнiш берушi өтiнiшке қоса берiлетiн электрондық түрдегi құжаттардың көшiрмелерiмен бiрге электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiштi, «Е-лицензиялау» мемлекеттiк деректер қоры» ақпараттық жүйесi арқылы жiбере алады.
28. Өтiнiш берушi нөмiрлеу ресурсын бөлу, сондай-ақ оларды алып қою туралы бұйрықты немесе сұралып отырған нөмiрлеу ресурсын бөлуден бас тарту себебi көрсетiлген дәлелдi жауапты электронды нысанда «Е-лицензиялау» мемлекеттiк деректер қоры» ақпараттық жүйесi арқылы құжаттар берiлген күнiнен бастап кемiнде отыз жұмыс күнiнде алады.
29. Уәкiлеттi орган осы Қағидалардың 23-25-тармақтарында көрсетiлген құжаттарды толық ұсынбау фактiсiн анықтаған жағдайда, құжаттар берiлген күнiнен бастап кемiнде екi жұмыс күнiнде өтiнiш берушiге өтiнiштi одан әрi қараудан бас тарту жөнiндегi дәлелдi жауапты бередi.
Сұратылып отырған нөмiрлеу ресурсын бөлуге арналған өтiнiштi одан әрi қараудан бас тарту жөнiндегi жауапты өтiнiш берушi сондай-ақ көрсетiлген мерзiмде электронды нысанда «Е-лицензиялау» мемлекеттiк деректер қоры» ақпараттық жүйесi арқылы алады.
Кейiннен осы Қағидалардың 23-25–тармақтарында көрсетiлген құжаттарды ұсынбау немесе толық пакетiн ұсынбау, нөмiрлеу ресурсын бөлуден бас тартуға негiз бола алмайды.
30. Уәкiлеттi орган сұратылатын нөмiрлеу ресурсын бөлуден мынадай негiздердiң бiрi болған кезде бас тартады:
1) бұл аумақтағы нөмiрлеу ресурсының шектеулiлiгi;
2) Қазақстан Республикасының нөмiрлеу жүйесi мен жоспарына сұратылған нөмiрлеу ресурсының сәйкес келмеуi;
3) өтiнiш берушi қарауға ұсынған құжаттарда қате немесе бұрмаланған ақпараттың болуы;
4) байланыс желiсiн құру сызбасы мен байланыс қызметiн сипаттау өтiнiшiмен бiрге ұсынылған сұратылған нөмiрлеу ресурсына нөмiрлеу ресурсын пайдалануы болжанатынын көрсету үшiн сәйкес келмеуi.
Түсiндiрме жазбада көрсетiлген мәлiметтердi тексеру үшiн өтiнiш берушiнiң құжаттары байланыс саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне жолданады. Осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында келтiрiлген нөмiрлеудi бөлуден бас тарту себептерiнiң тiзбесi толық болып табылады.
31. Байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларына сәйкес телекоммуникациялар қызметiн көрсетуге абонент және байланыс операторы (қызмет провайдерi) арасында шарт жасалғанда байланыс операторы (қызмет провайдерi) абоненттерге оператор желiсiнiң нөмiрлеу жоспарынан абоненттiк нөмiрлер бередi.
32. Қазақстан Республикасының нөмiрлеу жүйесi мен жоспары өзгерген жағдайда, уәкiлеттi орган 30 жұмыс күнi iшiнде байланыс операторларына және телекоммуникациялар желiлерiнiң иелерiне бөлiнген нөмiрлеу ресурсының, сондай-ақ нақты алушысы жоқ нөмiрлеу ресурсының өзгеруi туралы шешiм қабылдайды. Уәкiлеттi орган байланыс операторларына, қызметтер провайдерлерiне, телекоммуникациялар желiлерiнiң иелерiне бөлiнген нөмiрлеу ресурсын өзгерту туралы шешiмiнiң қабылданғаннан кейiн 10 жұмыс күнiнiң iшiнде байланыс операторларын, қызметтер провайдерлерiн, телекоммуникациялар желiлерiнiң иелерiн хабардар етедi.
Бұл ретте байланыс операторлары мен желi иелерiне қолданыстағыға баламалы нөмiрлеу ресурсы ұсынылады.
Қазақстан Республикасының желiлерiн цифрлық станцияларға көшiру шамасына қарай уәкiлеттi орган шұғыл және анықтамалық-ақпараттық, тапсырыс беру қызметтерiне қатынау үшiн бөлiнген «1UV» нөмiрлерiн Қазақстан Республикасының нөмiрлеу жүйесi мен жоспарына сәйкес «1UV (Х1(Х2))» нөмiрлерiне ауыстырады.
33. Уәкiлеттi орган нөмiрлеу ресурсын алып қоюды мынадай жағдайларда жүзеге асырады:
1) нөмiрлеу ресурсын алушының өтiнiшi бойынша;
2) байланыс операторы (қызмет провайдерiнiң) лицензиясының қолданысы тоқтатылады;
3) байланыс операторы (қызмет провайдерi) нөмiрлеу ресурсын пайдалануды реттейтiн нормативтiк құжаттарды бұзғанда;
4) байланыс операторы, қызмет провайдерi, ведомстволық телекоммуникациялар желiсiнiң, арнайы тағайындалған телекоммуникациялар желiсiнiң, корпоративтiк желiнiң иесi бөлiнген «АВС» кодымен нөмiрлеудiң географиялық анықталатын аймағындағы жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң нөмiрлеу ресурсының 50 пайыздан астамын тағайындалған сәттен бастап екi жылдың iшiнде пайдаланбағанда (уәкiлеттi орган жүзеге асыратын тексеру нәтижелерi бойынша);
5) нөмiрлеу ресурсын алушымен нөмiрлеу ресурсын («DEF» кодтары мен «DEF» кодындағы «Х1», «Х1Х2» индекстерi; қызметтердiң қол жеткiзу кодтарын пайдалануымен байланыс қызметтерiн ұсынатын (Х1Х2Х3)/(Х1Х2Х3Х4) операторлар кодтары; «1UV (Х1(Х2))» шұғыл жедел, ақпараттық-анықтамалық және тапсырыс беру қызметтерiне қол жеткiзу нөмiрлерi, қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының таңдау префикстерi) тағайындалған сәттен бастап екi жылдың iшiнде 6 айдан астам мерзiм бойы пайдаланбағанда (уәкiлеттi орган жүзеге асыратын тексеру нәтижелерi бойынша).
Нөмiрлеу ресурсын бөлу және
нөмiрлердi беру, сондай-ақ оларды
алып қою қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетi
Бiрыңғай телекоммуникация желiсiнiң нөмiрлеу ресурсын бөлуге өтiнiш
1. Өтiнiш берушi (заңды тұлғалар үшiн – толық және қысқаша атауы, жеке тұлғалар үшiн – тегi, аты, әкесiнiң аты).
2. ЖСН/БСН.
3. Пошталық мекенжайы.
4. Байланыс деректемелерi (телефон, факс, телекс).
5. Банктiк деректемелер.
6. Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган берген лицензиясының және оның қосымшасының деректемелерi (лицензияланатын байланыс қызметтерiн көрсеткен жағдайда).
7. Желiнiң толық және қысқартылған атауы (егер болса).
8. Желiнi құруға және пайдалануға жауапты тұлғаның лауазымы, аты-жөнi.
9. Сұратылатын нөмiрлеу ресурсының көлемi.
10. Сұратылатын нөмiрлеу ресурсын пайдалану болжанып отырған аумақ.
Қоса берiлетiн құжаттар:
1) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес ресiмделген түсiндiрме жазба;
2) заңды тұлға үшiн – жедел iздестiру қызметiн жүргiзетiн органдардан басқа – Жарғының көшiрмесi;
3) дара кәсiпкер үшiн – өтiнiш берушiнiң дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесi.
______________________ ______________________
(өтiнiшке қол қоюға уәкiлеттi тұлғаның лауазымы) (лауазымды тұлғаның аты-жөнi)
М.О.
Нөмiрлеу ресурсын бөлу және
нөмiрлердi беру, сондай-ақ оларды
алып қою қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетi
Бiрыңғай телекоммуникация желiсiнiң нөмiрлеу ресурсын алып қоюға өтiнiш
1. Өтiнiш берушi (заңды тұлғалар үшiн – толық және қысқаша атауы, жеке тұлғалар үшiн – тегi, аты, әкесiнiң аты).
2. ЖСН/БСН.
3. Пошталық мекенжайы.
4. Байланыс деректемелерi (телефон, факс, телефон).
5. Алып қоюға ұсынылатын нөмiрлеу ресурсының көлемi.
6. Нөмiрлеу ресурсын алып қоюға өтiнiш берген аумақ.
7. Нөмiрлеу ресурсын алып қоюға өтiнiш беру себебi.
Өтiнiмге қоса нөмiрлеу ресурсын бөлу туралы бұйрықтың көшiрмесi ұсынылады.
______________________ ______________________
(өтiнiшке қол қоюға уәкiлеттi тұлғаның лауазымы) (лауазымды тұлғаның аты-жөнi)
М.О.
Нөмiрлеу ресурсын бөлу және
нөмiрлердi беру, сондай-ақ оларды
алып қою қағидаларына
3-қосымша
Түсiндiрме жазба
1. Желiнiң атауы мен түрi.
2. Желiнiң қызмет етуiн қамтамасыз ететiн әкiмшiлiк-ұйымдастыру қағидаттары (меншiк нысаны, иесi, пайдаланылатын кәсiпорындар, кәсiпорын – халықаралық оператор, олардың құқықтық және функционалдық қатынастары).
3. Өтiнiм беру кезiндегi желiнiң пайдалануға дайындығы (немесе пайдалануды бастау мерзiмi).
4. Желi құрудың қысқаша техникалық қағидаттары:
1) құрылымы, оның iшiнде қалааралық (халықаралық, аймақiшiлiк) желiлермен өзара iс-қимылын жүзеге асыратын элементтер;
2) қалааралық (халықаралық) желiлермен түйiсудi техникалық қамтамасыз ету (желiаралық түйiсу хаттамалары, тiкелей түйiсу, байланыс арналарының түрлерi және оларды ұйымдастыру тәсiлдерi).
5. Қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерiн, Интернет желiсiне қолжетiмдiлiк қызметтерiн, IP-телефония қызметтерiне (Интернет-телефония) және байланыстың интеллектуалдық желiлер қызметтерiне ұсыну үшiн ұйымдастыру-техникалық дайындығы (шет елдердiң түйiндесу желiлерiнiң операторларымен, отандық желiлермен немесе транзит беру туралы халықаралық транзиттiк тораптармен, халықаралық арналар жабдықтаушыларымен келiсiмдердiң болуы, техникалық құралдардың болуы және функционалдық дайындығы).
6. Желiнiң жұмыс iстеу ауқымы:
1) желi топологиясы (Қазақстан Республикасының, ТМД елдерiнiң, басқа да шет елдердiң желi қамтитын қалалары мен аймақтарының тiзбесi);
2) пайдаланушылардың, оның iшiнде қалааралық (халықаралық) байланыс қызметтерiмен пайдаланылатындардың саны;
3) тiкелей түйiндесу жүргiзiлетiн шетел желiлерi мен транзиттiк тораптарының тiзбесi;
4) пайдаланушыларға, тапсырыс берiлген желiмен тiкелей түйiндесуi жоқ шетел желiлерiнiң абоненттерiне шығуды ұсыну мүмкiндiгi;
5) қалааралық (халықаралық) трафик (кiрiс, шығыс);
6) қызметтердiң құрамы.
7. Желiнiң нөмiрлеу жоспарын құру қағидаттары.
8. Қызметтердiң сипаты.
Ескертпе:
1) 4, 5-тармақтар бойынша мәлiметтер өтiнiш беру кезiндегi жағдай бойынша жазылады және желiнi дамыту жоспары бойынша деректер келтiрiледi;
2) 5-тармақ нөмiрлеу аймағының «DEF» кодтарын, «DEFХ1» және «DEF Х1Х2» кодтарын, қызметтерге қолжетiмдiлiк кодтарындағы «Х1Х2Х3(Х4)» байланыс операторларының (қызметтер провайдерлерiнiң) кодтарын сұрататын операторлар үшiн ғана; оператордың таңдау префиксiн сұрататын қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары үшiн ғана қолданылады;
3) 6-тармақтың 3)-5) тармақшалары нөмiрлеу аймағының «DEF» кодтарын, «DEF Х1» және «DEF Х1Х2» кодтарын сұрататын операторлар үшiн ғана жарамды;
4) егер бұрын лицензия алуға ұсынылған түсiндiрме жазба өзгертiлсе, 7-тармақ бойынша жаңа нөмiрлеу жоспары қосымша берiледi.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina