ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Оңалтушы және конкурстық басқарушыны,...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Оңалтушы және конкурстық басқарушыны, сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау және шеттету қағидасы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2011 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығымен
бекiтiлген
Оңалтушы және конкурстық басқарушыны, сырттай байқау

әкiмшiсiн тағайындау және шеттету қағидасы

Осы Оңалтушы және конкурстық басқарушыны, сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау және шеттету қағидасы (бұдан әрi - Қағида) «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi аумақтық бөлiмшелерiнiң (бұдан әрi – Комитеттiң аумақтық бөлiмшелерi) оңалтушы және конкурстық басқарушыны, сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау және шеттету тәртiбiн белгiлейдi және оңалту, конкурстық iс жүргiзу және сырттай байқау рәсiмдерiне (банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен жинақтаушы зейнетақы қорларының банкроттығын қоспағанда) қолданылады.
Осы Қағида мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк сатып алу өткiзу қорытындылары бойынша конкурстық басқарушыларды тағайындаған жағдайларға қолданылмайды.
1. Жалпы ережелер

1. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар, сырттай байқау әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетiнде (бұдан әрi - Комитет) Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкiмшiлерiнiң қызметiн жүзеге асыру мақсатында тiркелген тұлғалардың арасынан тағайындалады. Тiркелген тұлғалар туралы мәлiметтер Бiрыңғай тiзiлiмге қалыптастырылады, ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң www.minfin.kz интернет-ресурсында (бұдан әрi – ҚР ҚМ интернет-ресурсы) орналастырылады.
2. Комитеттiң аумақтық бөлiмшелерi Бiрыңғай тiзiлiмде көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру орны бойынша аумақтық қағидатты сақтай отырып, Бiрыңғай тiзiлiмiнде тiркелген тұлғалардың арасынан тиiсiнше осы Қағиданың 1-3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша оңалтушы басқарушыларын тағайындау тiзiлiмiн, конкурстық басқарушыларды тағайындау тiзiлiмiн, сырттай байқау әкiмшiлiктерiн тағайындау тiзiлiмiн (бұдан әрi - Тiзiлiм), жасайды және жеке жүргiзедi.
3. Тиiстi Тiзiлiмге оңалтушы және конкурстық басқарушыларды, сырттай байқау әкiмшiсiн тiркеу және тiркеуден алып тастау туралы әрбiр жазбаны енгiзген жағдайдан кейiн, сондай-ақ әрбiр тағайындау және шеттету, босату жағдайлары кезiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiледi.
Тiркелген күннен кейiнгi күнi тiркелген тұлға туралы мәлiметтер тиiстi Тiзiлiмнiң соңына енгiзiледi.
4. Комитеттiң аумақтық бөлiмшелерi Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк ережелерiнiң тiзбесiн, сақтау мерзiмдерiн көрсете отырып Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң мiндетiн атқарушының 2009 жылғы 25 қыркүйектегi № 128 бұйрығына, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5834 тiркелген (бұдан әрi – Құжаттама жасау ережесi) сәйкес Тiзiлiмге енгiзiлетiн мәлiметтердiң толықтығына, дұрыстығына және уақтылығына, сондай-ақ оның сақталуына және Тiзiлiмнiң мұрағатын жүргiзуге жауапты қызметкердi тағайындайтын бұйрық шығарады.
5. Оңалтушы және конкурстық басқарушыны, сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау Комитеттiң аумақтық бөлiмшесiнiң тiркеу есепке алу нысанында көрсетiлген Құжаттама жасау ережесiне сәйкес сот актiлерiнiң есепке тiркелу кезектiлiгiне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Оңалтушы және конкурстық басқарушыны, сырттай байқау

әкiмшiсiн тағайындау тәртiбi

6. Оңалтушы және конкурстық басқарушы, сырттай байқау әкiмшiсi ретiнде тағайындауды Комитеттiң аумақтық бөлiмшесi тиiстi Тiзiлiмге сәйкес кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырады.
7. Оңалтушы және конкурстық басқарушы, сырттай байқау әкiмшiсi ретiнде тағайындалған күнi, ол туралы мәлiметтер Тiзiлiмнiң соңына көшiрiледi.
8. Оңалтушы және конкурстық басқарушы, сырттай байқау әкiмшiсi қызметiн жүзеге асыру мақсатында тiркелген адамды Заңның 9-бабының 11-тармағында көзделген негiздемелер бойынша тағайындау мүмкiн болмайтын жағдайда, Комитеттiң аумақтық бөлiмшесi оны тағайындауды жүргiзбейдi, Тiзiлiмге тиiстi өзгерiстер енгiзiлмейдi.
9. Борышкерге қатысты оңалту рәсiмiн қолдану, борышкердi банкрот деп тану, сырттай рәсiмiне енгiзу туралы соттың актiсi күшiне енгеннен кейiн бес күнтiзбелiк мерзiм iшiнде, оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау бойынша тиiсiнше осы Қағиданың 4 - 6-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша Комитеттiң аумақтық бөлiмшесiнiң бұйрығымен жүргiзiледi, оған Комитеттiң аумақтық бөлiмшесiнiң басшысы не оның орнын басатын тұлға қол қояды және мөртаңбамен расталады.
Оңалтушы және конкурстық басқарушыны, сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау туралы бұйрық шығарылған күнi ҚР ҚМ интернет-ресурсында орналастырылады.
ҚР ҚМ интернет-ресурсында оңалтушы және конкурстық басқарушы, сырттай байқау әкiмшiсi ретiнде тұлғаны тағайындау туралы бұйрық орналастырылған сәттен бастап, тұлға өзiнiң өкiлеттiгiн орындауға кiрiскен болып есептеледi.
Бұйрық екi данада шығарылады, оның бiреуi шығарылған күнi оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушы және (немесе) сырттай байқау әкiмшiсi қызметiн жүзеге асыру мақсатында тiркелуге өтiнiште көрсетiлген пошталық мекенжай бойынша хабарландыруы бар тапсырыс хатпен жiберiледi, не өтiнiш берушiнiң келiсiмiмен электрондық поштаның (E-mail) мекенжайына жiберiледi не бұйрықтың екiншi данасына алғаны туралы қол қоюымен қолма-қол тапсырылады.
Бұйрықтың екiншi данасы Комитеттiң аумақтық бөлiмшесiнде сақталады.
3. Сырттай байқау әкiмшiсiн, оңалтушы және конкурстық

басқарушыларды шеттету тәртiбi

10. Комитеттiң аумақтық бөлiмшелерi оңалтушы және конкурстық басқарушыларды, сырттай байқау әкiмшiсiн жүктеген өкiлеттiктерiн орындаудан мынадай:
1) кредитордың немесе борышкердiң мүдделерiне залал келтiрген олардың Заңда белгiленген талаптарды бұзушылықтары тексеру нәтижелерi бойынша анықталған;
2) өз өкiлеттiктерiн орындау: қайтыс болуы; бiр айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздығы; сот тәртiбiмен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi, хабарсыз кеткен деп танылуы не қаза болған деп жариялануы; оларға қатысты соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi салдарынан мүмкiн болмаған;
3) тiркелу кезiнде олардың дәйексiз мәлiметтердi ұсыну фактiсi анықталған;
4) өзi тағайындалғаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде кредиторлар комитетiмен келiсiм жасамаған не кредиторлар комитетiмен жасалған келiсiм бұзылған жағдайларда дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан шеттетуге тиiс.
11. Осы Қағиданың 10-тармағының 1-тармақшасында көзделген негiздер бойынша оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушыларды, сырттай байқау әкiмшiсiн дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан бiр жыл iшiнде бiрнеше рет шеттету және (немесе) осы Ережесiнiң 2) және 3) тармақшаларында көзделген негiздердiң бiрi бойынша шеттету оларды барлық борышкерлерге қатысты көзделген өкiлеттiктердi орындаудан бiр мезгiлде шеттетуге әкеп соғады.
12. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар, сырттай байқау әкiмшiсi Комитеттiң аумақтық бөлiмшесiнiң бұйрығымен жүктелген өкiлеттiктерiн орындаудан шеттетiледi (босатылады).
13. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар, сырттай байқау әкiмшiсi жүктелген өкiлеттiктерiн орындаудан шеттетiлген немесе босатылған жағдайда, олар туралы мәлiметтер тиiстi Тiзiлiмнiң соңына енгiзiледi.
Оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкiмшiлерiн шеттету туралы бұйрық қабылданған күнi ҚР ҚМ интернет-ресурсында орналастырылады.
14. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар, сырттай байқау әкiмшiсi жүктелген өкiлеттiктерiн орындаудан шеттетiлген немесе босатылған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей (бар болған кезде) борышкердiң құрылтайшы, қаржы және оның мүлкiне құқық белгiлейтiн құжаттарын, қоса алғанда барлық құжаттарын, барлық мүлiктерiн (активтерiн), сондай-ақ борышкердiң мөртаңбасын қайта тағайындалған оңалтушы және конкурстық басқарушыларға, сырттай байқау әкiмшiсiне немесе борышкердiң басшысына борышкерге қатысты оңалту рәсiмiн қолдану, банкрот деп тану, сырттай байқауды енгiзу туралы сот актiлерi жойылған кезде беруге мiндеттi.
15. Тиiстi қызметтi жүзеге асыратын оңалтушы және конкурстық басқарушылар, сырттай байқау әкiмшiлерi туралы мәлiметтер осы Қағиданы қолданысқа енгiзгенге дейiн қандай тәртiпте болса, солай тиiстi Тiзiлiмге көшiрiледi.
Оңалту, конкурстық iс жүргiзу және сырттай байқау рәсiмiнде жұмыспен қамтылмаған тұлғалар туралы мәлiметтер тиiстi Тiзiлiмнiң соңына көшiрiледi.
Осы Қағида күшiне енгенге дейiн өз iс-әрекетiн тоқтатқан тұлғалар туралы мәлiметтер тоқтату мерзiмi бiткеннен кейiн сәйкесiнше Тiзiлiмне қосылады.
Оңалтушы және конкурстық басқарушыны,
сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау
және шеттету қағидасына
1-қосымша
Нысан
________________ оңалтушы басқарушыны тағайындау тiзiлiмi
(күнi)



р/с

Оңалтушы басқарушының аты-жөнi

Оңалтушы басқарушының CНН (ЖСН)

Борышкердiң атауы/аты-жөнi

Борышкердiң СНН (БСН, ЖСН)

Оңалту рәсiмiн қолдану туралы ұйғарымның күнi, нөмiрi

Тағайындау туралы бұйрықтың күнi

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

Тiзiлiмдi жасаған лауазымды адамның аты-жөнi
Оңалтушы және конкурстық басқарушыны,
сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау
және шеттету қағидасына
2-қосымша
Нысан
_________________ конкурстық басқарушыларды тағайындау тiзiлiмi
(күнi)



р/с

Конкурстық басқарушының аты-жөнi

Конкурстық басқарушының ЖСН

Борышкердiң атауы/аты-жөнi

Борышкердiң БСН (ЖСН)

Борышкердi банкрот деп тану туралы шешiмнiң күнi, нөмiрi

Тағайындау туралы бұйрықтың күнi

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

Тiзiлiмдi жасаған лауазымды адамның аты-жөнi
Оңалтушы және конкурстық басқарушыны,
сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау
және шеттету қағидасына
3-қосымша
Нысан
__________________ сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау тiзiлiмi

(күнi)



р/с

Сырттай байқау әкiмшiсiнiңаты-жөнi

Сырттай байқау әкiмшiсiнiң ЖСН

Борышкердiң атауы/аты-жөнi

БорышкердiңБСН (ЖСН)

Сырттай байқау рәсiмiн енгiзу туралы iстi қозғау туралы ұйғарымның күнi, нөмiрi

Тағайындау туралы бұйрықтың күнi

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

Тiзiлiмдi жасаған лауазымды адамның аты-жөнi
Оңалтушы және конкурстық басқарушыны,
сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау
және шеттету қағидасына
4-қосымша
Нысан
Оңалтуды басқарушыны тағайындау туралы
БҰЙРЫҚ

«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес және _______________________ қатысты оңалту рәсiмiн қолдану туралы (борышкердiң атауы)
_______________ облысы (қаласы) ______ сотының 201 __ жылғы «___» __________ ұйғарымының негiзiнде,
БҰЙЫРАМЫН:

1.________________________________________ оңалтушы басқарушысы болып
(борышкердiң атауы/аты-жөнi, БСН (ЖСН)
______________________________________________________ тағайындалсын.
(тегi, аты-жөнi толық)
2. _________________________ Қазақстан Республикасы банкроттық туралы
(тегi, аты-жөн толық)
заңнамасының талаптарына сәйкес оңалтушы басқарушының мiндеттерiн атқару.
3. Оңалту басқарушысы ________________________ Қазақстан Республикасы банкроттық туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау _________________________________
(лауазымды тұлғаның аты-жөнi, лауазымы)
жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi
аумақтық бөлiмшесiнiң басшысы __________________ _____________
(аты-жөнi) (қолы)
Оңалтушы және конкурстық басқарушыны,
сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау
және шеттету қағидасына
5-қосымша
Нысан
Конкурстық басқарушыны тағайындау туралы
БҰЙРЫҚ

«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес және ______________________ банкрот деп тану туралы _____________________________________________________________
(борышкердiң атауы)
облысы (қаласы) сотының 201 __ жылғы «___» ______ _______ шешiмiнiң негiзiнде,
БҰЙЫРАМЫН:

1.______________________________________ конкурстық басқарушысы болып (борышкердiң атауы/аты-жөнi, БСН (ЖСН)
______________________________________________________ тағайындалсын.
(тегi, аты-жөнi толық)
2. _________________________ Қазақстан Республикасы банкроттық туралы
(тегi, аты-жөнi толық)
заңнамасының талаптарына сәйкес конкурстық басқарушының мiндеттерiн атқару.
3. Конкурстық басқарушы ______________________ Қазақстан Республикасы
(тегi, аты-жөнi толық)
банкроттық туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау _________________________________
(лауазымды тұлғаның аты-жөнi, лауазымы)
жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi
аумақтық бөлiмшесiнiң басшысы __________________ _____________
(аты-жөнi) (қолы)
Оңалтушы және конкурстық басқарушыны,
сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау және
шеттету қағидасына
6-қосымша
Нысан
Сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау туралы
БҰЙРЫҚ

«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес және _______________________ қатысты сырттай байқау рәсiмiн енгiзу туралы ________________облысы (қаласы) _______ сотының 201 __ жылғы «___» __________________________________________
(банкроттың атауы)
шешiмiнiң негiзiнде,
БҰЙЫРАМЫН

1._____________________________________ сырттай байқау әкiмшiсi болып
(борышкердiң атауы/аты-жөнi, БСН (ЖСН)
______________________________________________________ тағайындалсын.
(тегi, аты-жөнi толық)
2. _________________________ Қазақстан Республикасы банкроттық туралы
(тегi, аты-жөнi толық)
заңнамасының талаптарына сәйкес сырттай байқау әкiмшiсiнiң мiндеттерiн атқару.
3. Сырттай байқау әкiмшiсi_____________________Қазақстан Республикасы
(тегi, аты-жөнi толық)
банкроттық туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау _________________________________
(лауазымды тұлғаның аты-жөнi, лауазымы)
жүктелсiн.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi
аумақтық бөлiмшесiнiң басшысы __________________ _____________
(аты-жөнi) (қолы)

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina