ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Этил спиртiне және (немесе) алкоголь өнiмiне iлеспе...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Этил спиртiне және (немесе) алкоголь өнiмiне iлеспе жүкқұжаттарды ресiмдеу мен пайдалану қағидалары

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1571 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1571 қаулысымен
бекiтiлген
Этил спиртiне және (немесе) алкоголь өнiмiне iлеспе жүкқұжаттарды ресiмдеу мен пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Этил спиртiне және (немесе) алкоголь өнiмiне iлеспе жүкқұжаттарды ресiмдеу мен пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 3-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзiрленген.
2. Қағидалар заңды және жеке тұлғалардың этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өткiзу (босату), алып өту, қайтару, тасымалдау бойынша операцияларды жүргiзу кезiнде iлеспе жүкқұжаттарын (бұдан әрi – IЖҚ) ресiмдеу мен пайдалану тәртiбiн белгiлейдi.
Осы Қағидаларда этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өткiзу (босату), алып өту, қайтару, тасымалдау бойынша операцияларды жүзеге асыратын тұлға жеткiзушi (бұдан әрi – жеткiзушi) болып танылады.
Алушы (бұдан әрi – алушы) деп этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өткiзу (босату), алып өту, қайтару, тасымалдау бойынша операцияларды жеткiзушi жүргiзген кезде этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн алу бойынша операцияларды жүзеге асырушы тұлға түсiнiледi.
3. Этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өткiзу (босату), алып өту, қайтару, тасымалдау бойынша әрбiр операцияны (Қазақстан Республикасының шекарасын кесiп өту пунктiнен межеленген жерге дейiн импортталатын алкоголь өнiмiн тасымалдаудан басқа) жүргiзген кезде, жеткiзушi мiндеттi түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда IЖҚ ресiмдейдi.
Этил спиртiнiң және (немесе) алкоголь өнiмiнiң экспорты кезiнде осы Қағидалардың 10-тармағы қолданылмайды.
4. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi және айналымын реттеудi этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiсi және айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
2. Iлеспе жүкқұжаттарын ресiмдеу және пайдалану

5. IЖҚ-ны этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн жеткiзушi мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлдерiнде «Салық төлеушiнiң кабинетi» Интернет-ресурсы (web-қосымшасы) арқылы (бұдан әрi – Бағдарлама) электрондық түрде ресiмдейдi.
Бағдарлама уәкiлеттi органның Интернет-ресурсында (web-порталында) орналастырылады және салық төлеушiлердiң пайдалануына қол жетiмдi болып табылады.
6. IЖҚ-да мынадай деректер көрсетiледi:
1) нөмiр (Бағдарлама автоматты түрде бередi);
2) ресiмдеу күнi (Бағдарлама автоматты түрде бередi);
3) операция коды (Бағдарламаның анықтамасынан таңдалып алынады);
4) «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (бұдан әрi – Ұлттық тiзiлiмдер туралы заң) сәйкес:
Ұлттық тiзiлiмдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн салық төлеушiнiң (жеткiзушiнiң) тiркеу нөмiрi (бұдан әрi – СТН);
Ұлттық тiзiлiмдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгiзiлген күннен бастап жеткiзушiнiң жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi – ЖСН), бизнес сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi – БСН);
5) жеткiзушiнiң атауы (осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетiлген деректердi енгiзген кезде, Бағдарлама автоматты түрде бередi);
6) жеткiзушiнiң лицензиясының нөмiрi және лицензияда көрсетiлген мекенжайы (осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетiлген деректердi енгiзген кезде қалыптасқан тiзiмнен таңдап алынады);
7) жеткiзушiнiң түрi (Бағдарламада көрсетiлетiн тiзiмнен таңдап алынады);
8) алушының СТН-iн жеткiзушi енгiзедi;
9) алушының ЖСН/БСН-iн жеткiзушi енгiзедi;
10) алушының атауы (осы тармақтың 8) және 9) тармақшаларында көрсетiлген деректердi енгiзген кезде Бағдарлама автоматты түрде бередi, экспорт кезiнде жеткiзушi толтырады);
11) алушының лицензиясының нөмiрi және лицензияда көрсетiлген мекенжайы (этил спиртiн медициналық мақсаттар мен техникалық мұқтаждықтардан басқа, осы тармақтың 8) және 9) тармақшаларында көрсетiлген деректердi енгiзген кезде қалыптасқан тiзiмнен таңдап алынады, экспорт кезiнде жеткiзушi толтырады);
12) алкоголь өнiмiн алуға алушы сенiмхатының (толтыруға мiндеттi емес деректеме) мерзiмi мен нөмiрiн жеткiзушi енгiзедi;
13) шарттың нөмiрi мен мерзiмiн жеткiзушi енгiзедi (толтыруға мiндеттi емес деректеме);
14) көлiк түрi (Бағдарламада көрсетiлетiн тiзiмнен таңдап алынады);
15) алкоголь өнiмiн тасымалдауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға туралы деректердi жеткiзушi енгiзедi (толтыруға мiндеттi емес деректеме);
16) көлiк құралы (автомобиль көлiгiмен тасымалдаған кезде) туралы мәлiметтердi (көлiк құралының маркасы, мемлекеттiк нөмiрi) жеткiзушi енгiзедi;
17) экспедитор туралы мәлiметтердi (экспедитордың, жүргiзушiнiң аты-жөнi) жеткiзушi енгiзедi (толтыруға мiндеттi емес деректеме);
18) өткiзiлетiн (тиеп-жөнелтiлетiн) этил спиртiнiң мөлшерi (литрмен көрсетiледi). Осы тармақшада және осы тармақтың 35) тармақшасында көрсетiлген мәлiметтер этил спиртiн өткiзу (тиеп-жөнелту) кезiнде мiндеттi түрде толтырылуы тиiс, бұл ретте тиiстi ұяшығында:
алкоголь өнiмiнiң өндiрiсi үшiн;
медициналық мұқтаждықтарға;
техникалық мұқтаждықтарға тиеп жөнелтiлетiн спиртiнiң мөлшерi көрсетiледi;
19) өткiзiлетiн (тиеп-жөнелтiлетiн) шарап материалының мөлшерi (литрмен көрсетiледi). Осы тармақшада және осы тармақтың 35) тармақшасында көрсетiлген мәлiметтер шарап материалын өткiзу (тиеп-жөнелту) кезiнде мiндеттi түрде толтырылуы тиiс, бұл ретте тиiстi ұяшықта:
алкоголь өнiмiнiң өндiрiсiне;
коньяк спиртiнiң өндiрiсiне (тiкелей немесе екi қайта айыру жолымен шарап материалынан алынатын этил спиртi) тиеп-жөнелтiлетiн шарап материалының мөлшерi көрсетiледi;
20) өткiзiлетiн (тиеп-жөнелтiлетiн) алкоголь өнiмiнiң жалпы мөлшерi (осы тармақтың 27) тармақшасында көрсетiлген алкоголь өнiмiнiң мөлшерiн қосу жолымен Бағдарлама автоматты түрде көрсетедi).
Осы тармақшада және осы тармақтың 22) – 27) және 35) тармақшаларында көрсетiлген мәлiметтер алкоголь өнiмiн өткiзу (тиеп-жөнелту) кезiнде мiндеттi түрде толтырылуы тиiс;
21) жолдың реттiк нөмiрi;
22) жеке сәйкестендiру нөмiрi – алкоголь өнiмiнiң коды (бұдан әрi – ЖСН-код) (Бағдарламаның ЖСН-код анықтамалығынан таңдап алынады);
23) өнiм түрi (ЖСН-код енгiзген кезде, Бағдарлама автоматты түрде қояды);
24) өнiмнiң атауы (ЖСН-код енгiзген кезде, Бағдарлама автоматты түрде қояды);
25) ыдыстың сыйымдылығы (ЖСН-код енгiзген кезде, Бағдарлама автоматты түрде қояды);
26) шөлмектiң санын жеткiзушi енгiзедi;
27) өткiзiлетiн (тиеп-жөнелтiлетiн) алкоголь өнiмiнiң мөлшерi (осы тармақтың 25) және 26) тармақшаларында көрсетiлген мәлiметтердi көбейту жолымен Бағдарлама автоматты түрде литрмен бередi;
28) жеткiзушi жазып берген IЖҚ нөмiрi (алкоголь өнiмi немесе оның бiр бөлiгi қайтарылған жағдайда қажет болған кезде толтырылады);
29) өткiзiлетiн (тиеп-жөнелтiлетiн) сыраның жалпы мөлшерi (осы тармақтың 33) тармақшасында көрсетiлген сыра мөлшерiн қосу жолымен Бағдарлама автоматты түрдi көрсетедi).
Осы тармақшада және осы тармақтың 30) - 33) және 35) тармақшаларында көрсетiлген мәлiметтер сыраны өткiзу (тиеп-жөнелту) кезiнде мiндеттi түрде толтырылуы тиiс;
30) сыраның атауын жеткiзушi енгiзедi;
31) сыраға арналған ыдыстың сыйымдылығын жеткiзушi енгiзедi;
32) сыраға арналған ыдыстың, шөлмектiң, кега-бөшкелердiң санын жеткiзушi енгiзедi;
33) өткiзiлетiн (тиеп-жөнелтiлетiн) сыраның мөлшерi (осы тармақтың 31) және 32) тармақшаларында көрсетiлген мәлiметтердi көбейту жолымен Бағдарлама автоматты түрде литрмен көрсетедi);
34) жеткiзушi жазып берген IЖҚ нөмiрi (сыра немесе оның бiр бөлiгi қайтарылған жағдайда қажет болған кезде толтырылады);
35) басшының тегiн, атын, әкесiнiң атын жеткiзушi толтырады;
36) бар болса, бухгалтердiң тегiн, атын, әкесiнiң атын жеткiзушi толтырады;
37) этил спиртi және (немесе) алкоголь өнiмiн нақты алу күнiн көрсетумен, алушының тегi, аты, әкесiнiң аты және қолы.
7. IЖҚ-ның уәкiлеттi органның серверiне жiберiлгеннен кейiн қағаз тасығышта екi данада басып шығарылады, басшы, бухгалтер (бар болса) қол қояды, сондай-ақ жеткiзушiнiң мөрiмен расталады (бар болса, дара кәсiпкерлер үшiн).
8. Межеленген жерге дейiн тасымалдау кезiнде этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн алып жүру үшiн IЖҚ қағаз тасығыштағы бiр данасы тасымалдаушыға берiледi (алушының өкiлiне), ол кейiннен көрсетiлген тауарды алышуға тапсырылады.
9. IЖҚ-ның екiншi данасы этил спиртiн және алкоголь өнiмiн жеткiзушiде сақталады.
10. IЖҚ-ны Бағдарламада IЖҚ алуды растау жолымен электрондық түрде алушылар табыс етедi.
Этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн алушылар (этил спиртiн медициналық және техникалық мұқтаждықтарға алушылардан басқа) тауарды алғаннан кейiн жеткiзушiмен IЖҚ ресiмделген күннен бастап күнтiзбелiк жиырма бес күн iшiнде IЖҚ алуды электрондық түрде растайды немесе растаудан бас тартады.
11. Растау мерзiмдерi бұзылған немесе IЖҚ алу расталмаған жағдайларда Бағдарламада осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес автоматты режимде хабарлама қалыптастырылады.
Алушылар Бағдарламада хабарламамен танысқаннан кейiн IЖҚ алуды растайды немесе растаудан бас тартады.
12. Осы Қағидалардың 6-тармағында белгiленген деректер толық (және) немесе дұрыс көрсетiлмей ресiмделген IЖҚ осындай IЖҚ ресiмделген күннен бастап екi жұмыс күн iшiнде жойылуға жатады.
13. IЖҚ жойылған жағдайда жаңа IЖҚ жазып берiледi.
14. IЖҚ есебi осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бағдарламаның IЖҚ тiркеу журналы жүргiзiледi.
15. Қағаз тасығыштағы IЖҚ бес жыл бойы жеткiзушi мен алушыларда сақталады.
16. Жеткiзушi (алушы) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылған тұлға үшiн IЖҚ сақтау мiндеттемесi оның құқық мирасқорына (құқық мұрагерлерiне) жүктеледi.
Этил спиртiне және (немесе) алкоголь
өнiмiне iлеспе жүкқұжаттарды ресiмдеу
мен пайдалану қағидаларына
1-қосымша
нысан


Iлеспе жүкқұжаты №

Ресiмделген күнi: 20 ___ж. «__» _____Операция коды _________

Жеткiзушiнiң СТН-i _______________
Жеткiзушiнiң ЖСН/БСН-i ___________
Жеткiзушiнiң атауы _______________
Жеткiзушi лицензиясының нөмiрi және лицензия бойынша мекенжайы ____________________________________________________________________
Жеткiзушiнiң түрi______________

Алушының СТН-i ________________
Алушының ЖСН/БСН-i _______________
Алушының атауы ___________________
Алушының лицензиясының нөмiрi және лицензия бойынша мекенжайы ______________________________
__________________________________
Алушының сенiм-хаты:
№ _____ алынған күнi: ___ __ ____

Шарттың нөмiрi _________ Шарттың жасалған күнi ______________

Көлiктiң түрi:  Авто  ТЖ  Әуе  Теңiз немесе iшкi су
Тасымалдаушы туралы мәлiметтер ______________________________________
Көлiк түрлерi туралы мәлiметтер _____________________________________
Экспедитор туралы мәлiметтер ________________________________________

Өткiзiлетiн (тиеп-жөнелтiлетiн) этил спиртiнiң мөлшерi: _____ (литр)
Алкоголь өнiмiн
өндiруге: ____________ Медициналық мақсаттарға: ____________
Техникалық мұқтаждықтарға: ___________

Өткiзiлетiн (тиеп-жөнелтiлетiн) шарап материалының саны: _____ (литр)
Алкоголь өнiмiн өндiруге: ________ Коньяктiк спиртiн өндiруге: ______

Өткiзiлетiн (тиелiп жөнелтiлетiн) алкоголь өнiмiнiң (арақ, коньяк, бренди, шарап, ЛАБ) мөлшерi, барлығы: _____ (литр)


ЖСН-код

Өнiмнiң түрi

Өнiмнiң атауы

Ыдыстың сыйымдылығы (литр)

Шөлмектердiң саны

Литр

Жеткiзушi толтырған IЖҚ нөмiрi (алкоголь өнiмi қайтарылған жағдайда)

1

2

3

4

5

6

7

8

Жолдардың барлық саны: _______
Өткiзiлетiн (тиеп-жөнелтiлетiн) сыраның мөлшерi, барлығы: ____ (литр)


Сыраның атауы

Ыдыстың сыйымдылығы (литр)

Ыдыстардың, кега-бөшкелердiң, шөлмектердiң саны

Литр

Жеткiзушi толтырған IЖҚ нөмiрi (сыра қайта қайтарылған жағдайда)

1

2

3

4

5

6

Жолдардың барлық саны: _______

Басшының Т.А.Ә.: ______________________________ __________________
қолы
МО:
Бухгалтердiң Т. А. Ә.: __________________________ __________________
қолы
Алушының Т. А. Ә.: ____________________ ____________ ___________
Қолы алынған күнi
(күнi, айы, жылы)

Этил спиртiне және (немесе) алкоголь
өнiмiне iлеспе жүкқұжаттарды ресiмдеу
мен пайдалану қағидаларына
2-қосымша
нысан


Этил спиртiне және (немесе) алкоголь өнiмiне iлеспе жүкқұжат алғанын растамау туралы хабарлама

«___» _________ 20_ _ ж.
__________________________________________________________________
(салық органының атауы)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы
«___»________№____ қаулысымен бекiтiлген, Этил спиртiне және
(немесе) алкоголь өнiмiне iлеспе жүкқұжаттарды ресiмдеу мен
пайдалану қағидаларының 11-тармағына сәйкес Сiздi
__________________________________________________________________
(салық төлеушiнiң аты-жөнi немесе атауы)
СТН _________________________
ЖИН (БИН) ___________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(нөмiрi және табыс етудiң кезеңi)
этил спиртiне және (немесе) алкоголь өнiмiне iлеспе жүкқұжаттардың алынғанының расталмағаны туралы хабардар етедi.
Осыған байланысты Сiз тiреку жерiңiздегi салық органына 5 жұмыс күнi iшiнде түсiнiктеме беру үшiн келуiңiз қажет.

Этил спиртiне және (немесе) алкоголь
өнiмiне iлеспе жүкқұжаттарды ресiмдеу
мен пайдалану қағидаларына
3-қосымша
нысан


IЖҚ тiркеу журналы

IЖҚ-ның күнi IЖҚ-ты растау /
__ ж. __ ___бастап __ж. __ ______ дейiн бас тарту күнi __ ж. __
___бастап __ж. __ ______
дейiн
Жеткiзушiнiң СТН-i ______________ Алушының СТН-i ________________
Жеткiзушiнiң ЖСН/БСН-i __________ Алушының ЖСН/БСН-i ____________
IЖҚ-ның нөмiрi: _________________ IЖҚ мәртебесi:
 алғашқы түрi  жойылды
 жiберiлдi  расталды
 алынды  қайтарылды

IЖҚ-ның күнi

IЖҚ-ның нөмiрi

Жеткiзушiнiң СТН-i

Жеткiзушiнiң ЖСН/БСН-i

Алушының СТН-i

Алушының ЖСН/БСН-i

IЖҚ-ы растау/
қайтару күнi

Өткен күндердiң саны

Мәртебесi

Iс-қимылдар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Көрсетiлетiн жолдардың саны: ____барлығы ___


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina