ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Этил спиртiн сақтау мен өткiзу (тиеп-жөнелту,...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Этил спиртiн сақтау мен өткiзу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидалары

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1572 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1572 қаулысымен
бекiтiлген
Этил спиртiн сақтау мен өткiзу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Этил спиртiн сақтау мен өткiзу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 3-1-бабының 4)тармақшасына сәйкес әзiрленген және этил спиртiн сақтау мен өткiзу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) тәртiбiн белгiлейдi.
2. Этил спиртiн сақтау мен өткiзу этил спиртiн өндiруге арналған лицензияның бар болған кезiнде этил спиртiн өндiрушiнiң қойма үй-жайларынан жүзеге асырылады. Алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) өндiруге арналған лицензия, өндiрушiге алкоголь өнiмiн өндiруге арналған этил спиртiн, лицензияда көрсетiлген алкоголь өнiмi өндiрiсiнiң орналасқан қойма үй-жайында сақтау құқығын бередi.
3. Этил спиртiн өткiзуге (тиеп-жөнелту, қабылдап алу):
1) бөлiнген квота шегiнде дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндiру жөнiндегi ұйымдарға және мемлекеттiк денсаулық ұйымдарына қызметтiң тиiстi түрiне арналған лицензияларды өздерi көрсеткен кезде, акциз төлемдерiн төлемей;
2) мыналарға:
алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) өндiрушiлерге;
этил спиртiн техникалық мақсаттарға пайдаланатын ұйымдарға немесе алкогольдi емес өнiм өндiру кезiнде, олар тиiстi уәкiлеттi орган бекiткен шығыс нормалары мен қажеттiлiгiн табыс еткен кезiнде ғана, акциз төлемдерiн төлей отырып, жол берiледi.
2. Этил спиртiн сақтау тәртiбi

4. Этил спиртiн сақтау бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн және өндiрiс паспортында көрсетiлген тек ғана этил спиртiн сақтауға, қабылдауға және тиеп-жөнелтуге арналған қойма үй-жайларында жүзеге асырылады.
5. Этил спиртi көлем бойынша спирттiң болуын өлшеу мүмкiндiгiнiң мiндеттi түрде болуы шартымен әртүрлi сыйымдылықтағы мамандандырылған стационарлық үй-жайларда және алаңдарда (ашық, жабық) орнатылатын және нысандағы болаттан жасалған резервуарларда сақталады.
6. (Этил спиртiн сақтау орнында әрбiр резервуарға резервуардың (сынама үлгiсiн iрiктеу, спирттiң деңгейiн өлшеу және т.б.) жұмыс жасау үшiн баспалдақтар мен алаңдарды орнатумен этил спиртi бар резервуарды қарау үшiн барлық жағынан еркiн қол жеткiзудi қамтамасыз етедi.
7. Спирттiң деңгейiн бақылау үшiн резервуарларда резервуарлардың аса толып кетуiнен сақтайтын, жарылу қауiпсiздiгi ең жоғарғы деңгейлi автоматты сигнал бергiш құралдар орнатылады, ерекше жағдайларда деңгейiн қалқымалы мөлшерлегiш орнатуға жол берiледi.
3. Бөлiнген квота шегiнде дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндiру жөнiндегi ұйымдарға және мемлекеттiк денсаулық ұйымдарына қызметтiң тиiстi түрiне арналған лицензияларды олар көрсеткен кезде акциз төлемдерiн төлемей этил спиртiн өткiзу тәртiбi

8. Бөлiнген квота шегiнде дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндiру жөнiндегi ұйымдарға және мемлекеттiк денсаулық ұйымдарына қызметтiң тиiстi түрiне арналған лицензияларды олар көрсеткен кезде акциз төлемдерiн төлемей этил спиртiн өткiзу тәртiбiне (бұдан әрi - 1-тәртiп) сәйкес дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндiру жөнiндегi ұйымдарға және мемлекеттiк денсаулық ұйымдарына өткiзiлетiн этил спиртiне квотаны этил спиртiнiң өндiрiсi мен айналымы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) анықтайды.
9. Этил спиртiнiң өндiрушiлер дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндiру жөнiндегi ұйымдарға және мемлекеттiк денсаулық ұйымдарына (бұдан әрi - 1-алушылар) этил спиртiн уәкiлеттi органның этил спиртiн өндiрушiлерге (бұдан әрi - 1-жеткiзушiлер) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда 1-алушыларға акциз төлемей этил спиртiн өткiзу құқығын беретiн акт болып табылатын рұқсаты (бұдан әрi - 1-рұқсат) негiзiнде өткiзедi.
1-алушылар тiзбесiн дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - мемлекеттiк орган) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда бекiтедi.
10. 1-рұқсатты уәкiлеттi орган көлемiн көрсетумен 1-жеткiзушiге әрбiр 1-алушының этил спиртiне қажеттiлiгiн растайтын, мемлекеттiк орган бекiткен тiзiмiн алған күнiнен бастап күнтiзбелiк 30 күннен кешiктiрмей бередi.
Осы тармақта белгiленген мерзiм iшiнде уәкiлеттi орган 1-рұқсатты бермеген жағдайда немесе 1-рұқсатты беруден бас тарту себептерi туралы 1-жеткiзушi жазбаша түрде хабарланбаған болса, онда беру мерзiмi өткен күнiнен бастап 1-рұқсат берiлген болып саналады.
Бұл ретте, уәкiлеттi орган аталған рұқсатты беру мерзiмiнiң аяқталуы мерзiмiнен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей 1-рұқсатты беруге мiндеттi.
1-рұқсат ол алынған жылдың 31 желтоқсанына дейiн қолданыста болады.
Берiлген 1-рұқсаттар туралы ақпарат уәкiлеттi органның сайтында орналастырылады.
11. 1-рұқсаттардың көшiрмелерi берiлген күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк органға жiберiледi.
12. Этил спиртiн тұтыну көлемдерiн квоталау тоқсанға бөлу арқылы келесi жылға этил спиртiнiң тұтынылатын болжамды көлемi туралы 1-алушылардың өтiнiмдерi (бұдан әрi - өтiнiмдер) негiзiнде жүзеге асырылады.
13. Уәкiлеттi орган жыл сайын 1 тамыздан кешiктiрмей мемлекеттiк органға орналасқан орнын көрсетумен 1-жеткiзушiлердiң тiзiмiн табыс етедi.
14. Негiзделген есептерi бар өтiнiмдердi (қолданылатын технологияларды есепке алатын нормалар бойынша) 1-алушылар мемлекеттiк органдардың аумақтық органдарына ағымдағы жылдың 1 қазанына дейiн табыс етедi.
15. Мемлекеттiк органның аумақтық органдары жыл сайын 1 қарашадан кешiктiрмей мемлекеттiк органға әрбiр 1-алушы бөлiнiсiнде келесi жылда этил спиртiн 1-алушылардың тұтыну көлемдерi бойынша негiзделген есептерiмен жиынтық өтiнiмдер табыс етедi.
16. Квота бөлу үшiн мемлекеттiк орган жыл сайын 1 желтоқсаннан кешiктiрмей уәкiлеттi органға келесi жылға 1-алушылардың этил спиртiн тұтынуының жалпы жылдық көлемiн (облыстар және 1-алушылар бойынша бөлiп) табыс етедi.
17. Этил спиртiн қабылдауды басшының немесе оның орынбасарының бұйрығымен тағайындалған, этил спиртiн есепке алуға, сақтауға, өткiзуге (тиеп-жөнелтуге, қабылдап алуға) жауапты 1-алушының қызметкерлерi жүзеге асырады.
18. Этил спиртi оның көлемiн, концентрациясын, температурасын және сусыз спирттiң мөлшерiн есептеу арқылы, белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк тексеруден өткен, мемлекеттiк тексерушiнiң пломбасы немесе белгiсi және олардың тексерiсi туралы куәлiгi бар өлшеуiштер арқылы жiберiледi.
19. Қосымша квоталау өндiрiлетiн өнiмнiң мөлшерi ұлғайған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттiк органның өтiнiмi бойынша қосымша медициналық қызмет көрсету үшiн қажеттi акциз төлемiнсiз этил спиртiн өткiзу үшiн 1-рұқсатты алу мақсатында жүргiзiлуi мүмкiн.
20. Ағымдағы жылдың пайдаланылмаған квотасы оны келесi жылы пайдаланылуға негiз бола алмайды.
21. 1-жеткiзушiнiң лицензиясын керi қайтарған, қызметiн уақытша тоқтатылған, оның iшiнде қызметi уақытша тұрып қалған, қызметiн тоқтатқан, жойған немесе қайта құрған (бiрiгу, қосу, бөлiну немесе қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастыруды қоспағанда) жағдайда, уәкiлеттi орган мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша бұрын берген 1-рұқсатқа ол болған жағдайда өзгертулер енгiзумен, не болмаса жаңа 1-рұқсатты берумен 1-алушыны 1-жеткiзушiге жiбередi.
22. Этил спиртiн өткiзуге 1-рұқсаттың қолданысы мынадай жағдайларда:
1) 1-рұқсат берiлген мерзiм бiткенде;
2) 1-рұқсатқа сәйкес сатып алынған этил спиртi толық көлемде пайдаланғанда тоқтатылады.
23. 1-жеткiзушiлер акциз төлемей этил спиртiн өткiзгенi үшiн бақылауды уәкiлеттi органының аумақтық бөлiмшесi жүзеге асырады.
24. 1-алушылардың этил спиртiн мақсатқа сай тұтынуына бақылауды мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
25. Мемлекеттiк орган осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1-алушылардың этил спиртiн пайдаланғаны туралы тоқсан сайынғы есебiн уәкiлеттi органға табыс етедi.
Есептер есептi кезеңнен кейiнгi айдың оныншы күнiнен кешiктiрiлмей тапсырылады.
4. Алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) өндiрушiлерге акциз төлей отырып, этил спиртiн өткiзу (тиеп-жөнелту) тәртiбi

26. Алкоголь өнiмi өндiрушi (сырадан басқа) этил спиртiн өндiру немесе сақтау немесе өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға құқы бар (бұдан әрi - 2-алушы) және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан субъектiден (бұдан әрi - 2-жеткiзушi) тек осы алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) өндiрушiлерге ғана этил спиртiн өткiзу (тиеп-жөнелту) тәртiбiне (бұдан әрi - 2-тәртiп)сәйкес этил спиртiн сатып алады.
27. 2-жеткiзушi этил спиртiн сатуды дүйсенбiден бастап жұма аралығында күнде жергiлiктi уақыт өлшемi бойынша таңертеңгi сағат 10-нан бастап күндiзгi сағат 17-ге дейiн жүзеге асырылады. Этил спиртiн жергiлiктi уақыт өлшемi бойынша күндiзгi сағат 17-ден бастап таңертеңгi сағат 10-ға дейiн, сондай-ақ мереке және жексенбi күндерi өткiзуге (тиеп-жөнелтуге) тыйым салынады.
28. Осы 2-тәртiп бойынша этил спиртiн өткiзуге (тиеп-жөнелтуге) 2-жеткiзушiнiң спирт қоймасынан өлшеуiштермен спирттi көлiкке, құбырға белгiленген құжаттарды ресiмдеуi және аталған көлiктi этил спиртiмен өз аумағынан жөнелту жатады.
29. Этил спиртiн 2-алушы өзi орналасқан жердегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне этил спиртiн алатын уәкiлеттi адамдар туралы мәлiмет табыс етедi. Табыс ететiн мәлiметтердiң тiзiмiне мыналар кiредi:
1) жұмысқа қабылданғаны және қызметке тағайындалғаны туралы бұйрықтардың көшiрмелерi;
2) этил спиртiн алатын уәкiлеттi адамдардың, сондай-ақ алатын адамның бiрiншi басшысының немесе бiрiншi басшы мiндетiн атқарушының қолдарының үлгiлерi;
3) төлқұжаттың немесе жеке куәлiгiнiң көшiрмесi.
Аталған мәлiметтер өзгерген жағдайда спирттi 2-алушы бiр күндiк мерзiмде бұл туралы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне хабарлауға мiндеттi.
30. Мәлiметтер мөрмен және бiрiншi басшының немесе бiрiншi басшы мiндетiн атқарушы болып тағайындалғаны туралы бұйрықтың түпнұсқасын тапсыра отырып, бiрiншi басшы мiндетiн атқарушы тұлғаның қолымен расталуы тиiс.
31. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi табыс етiлген мәлiметтердiң немесе уәкiлеттi тұлға туралы 2-алушы мәлiметтерi өзгерiстерiнiң дұрыстығын тексерiп, бiр күндiк мерзiмде құжаттардың көшiрмесiн жолдама хатпен бiрге уәкiлеттi органға жiбередi.
Уәкiлеттi орган уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне этил спиртiн алуға уәкiлеттi тұлғалардың тiзбесiн жiбередi.
Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi этил спиртiн алуға уәкiлеттi тұлғалардың тiзбесiн жекелеген қызмет түрлерi бойынша олардың тiркеу орны, бойынша 2-жеткiзушiлерге жiбередi.
32. Өткiзу кезiнде этил спиртiн тасымалдау белгiленген тәртiппен тексерiлген автоцистернамен және (немесе) темiржол цистернасымен, сондай-ақ аралық фланецтерсiз құбырлармен жүзеге асырылуы тиiс.
33. Спирттi өткiзу үшiн оны 2-жеткiзушi мен 2-алушы өзi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне құрамында мынадай ақпараты бар хабарламаны жiберуге мiндеттi:
1) 2-жеткiзушi - 2-алушы туралы, спирттiң сұратылып отырған көлемi мен сатылу күнi, 2-алушының этил спиртiн алуға жiберiлген уәкiлеттi тұлғасы, көлiк түрi, сондай-ақ автоцистерна болған жағдайда көлiктiң мемлекеттiк нөмiрi туралы;
2) 2-алушы - 2-жеткiзушi туралы, сатып алынатын көлем мен көлiктiң жiберiлу күнi (темiржол цистерналары үшiн - жүктi тиеуге қойған мерзiмi), этил спиртiн алу үшiн 2-жеткiзушiге жiберiлген уәкiлеттi тұлға, этил спиртi автоцистернамен жеткiзiлген жағдайда жүргiзушiнiң аты-жөнiн, тегiн (болған кезiнде), көлiктiң мемлекеттiк нөмiрi мен көлiктiң техникалық құжатының мәлiметтерi 2-жеткiзушiден басталатын жол-жөнекей спирттiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн қарастырылған шаралар.
Этил спиртi құбырмен тасымалданған жағдайда 2-жеткiзушi мен 2-алушы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне сұратылған және босатылған көлемi, спирттiң сатылу (тиеп-жөнелту) күнi мен уақыты туралы, сондай-ақ 2-алушының этил спиртiн алу үшiн жiберiлген уәкiлеттi тұлғасы туралы хабарлайды.
2-алушы мен 2-жеткiзушi бiр тұлға әрi бiр аумақта орналасқан болса, онда уәкiлеттi адам туралы мәлiметтердi тапсыру талап етiлмейдi.
Жоғарыда аталған хабарламалар мөрмен әрi 2-жеткiзушi мен 2-алушының бiрiншi басшыларының немесе бiрiншi басшы мiндетiн атқарушы болып тағайындалғаны туралы бұйрықтың түпнұсқасын тапсыра отырып, бiрiншi басшылардың мiндетiн атқарушы тұлғалардың қолы қойылып бекiтiлуi тиiс.
34. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi спирттi 2-жеткiзушi мен 2-алушының кiрiс хабарламалары мен мәлiметтерiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады.
35. Этил спиртiн темiржол цистернасымен өткiзу (тиеп-жөнелту) уәкiлеттi тұлғамен этил спиртiн өткiзу туралы 2-жеткiзушi басшысының, немесе бiрiншi басшы мiндетiн атқарушы тұлғаның өкiмi жазылған жалпы белгiленген сенiмхат уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкерiне көрсетiлгеннен кейiн жүзеге асырылуы тиiс.
Этил спирттi автоцистернамен тасымалданған кезде, жоғарыда аталған құжаттардан басқа жүргiзушiнiң жеке куәлiгi, көлiктiң техникалық төлқұжаты мен автоцистернаның метрологиялық салыстырып тексеру актiсi көрсетiледi.
36. Этил спиртiн өндiрушiнiң орналасқан жерi бойынша акциздiк қосынның қызметкерi 2-жеткiзушi мен 2-алушының хабарламаларында көрсетiлген мәлiметтердiң осы Қағидалардың 34-тармағына сәйкес 2-алушы тапсырылған мәлiметтерге өзара сәйкестiгiн, сондай-ақ автоцистернаның метрологиялық салыстырып тексеру актiсiн (этил спиртiнiң құбырмен тасымалдауынан басқа жағдайларда) тексеруi тиiс және олар сәйкес келген жағдайда этил спиртiн өткiзуге (тиеп-жөнелту) қатысады.
Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi этил спиртiн өткiзу (тиеп-жөнелту) орны бойынша уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне үш жұмыс күндiк мерзiмiнен асырмай этил спиртiн тиеп-жөнелту күнiнен бастап этил спиртi келетiн орны бойынша уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне 2-жеткiзушiнiң және 2-алушының атауларын, этил спиртiнiң көлемiн көрсете отырып хабарлама жiбередi.
37. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi осы Қағидалардың 34-тармағында көрсетiлген тiзiлiмдерде этил спиртiн өткiзу (тиеп-жөнелту) күнiн және уақытын немесе осы Қағидалардың 45-тармағына сәйкес этил спиртiн өткiзуден (тиеп-жөнелтуге) бас тарту туралы шешiм қабылдауға мәжбүр еткен негiздемелердi көрсетедi.
38. Этил спиртi бар көлiк 2-жеткiзушi аумағынан белгiленген нысандағы iлеспе жүк құжаты жазылған күнi шығып кетуi тиiс.
39. Жоғарыда көрсетiлген iлеспе жүк құжаты әрбiр цистерна үшiн этил спиртiнiң сапасы туралы белгiленген нысандағы құжаты қоса берiлуi қажет.
40. Этил спиртiн қабылдау өндiрiстiк зертханасының қызметкерiнiң қатысумен басшының немесе басшы мiндетiн атқарушы болып тағайындалған тұлғаның бұйрығымен этил спиртiн есепке алу, сақтау, өткiзу (тиеп-жөнелту, қабылдау) жауапты болып тағайындалған этил спиртi немесе алкоголь өнiмiн өндiрушi-ұйымының қызметкерлерi жүзеге асырады.
41. Этил спиртi оның көлемiн, концентрациясын, температурасын және сусыз спирттiң санын есептеумен, белгiленген мерзiмдерiнде мемлекеттiк тексеруiнен өткен, мемлекеттiк тексерушiнiң пломбасы немесе белгiсi және олардың тексерiсi туралы куәлiгi бар өлшеуiштер арқылы қабылданады.
42. Этил спиртiн алкоголь өнiмiн өндiретiн жерде қабылдағаннан кейiн 2-алушы бiр күн мерзiмде өзi орналасқан жердегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiн көлемiн көрсете отырып этил спиртiн алғаны туралы хабарлауы тиiс.
43. Этил спиртi сақталатын спирт қоймасы резервуарларының қол жететiн жерлерi күн сайын сағат 17-ден таңғы сағат 10-ға дейiн, сондай-ақ сенбi, жексенбi және мереке күндерi жабылып, оны акциздiк қосынның қызметкерi 2-жеткiзушi қызметкердiң қатысуымен пломбалауы тиiс.
44. Осы 2-тәртiпте көрсетiлмеген және алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) өндiрушiлерге этил спиртiн өткiзумен байланысты этил спиртiн қабылдау, сақтау, өткiзу, тасымалдау және есепке алу тәртiбi мен әдiсiн жүзеге асыру этил спиртiнiң өндiрiсi мен айналымы саласындағы нормативтiк актiлерге сәйкес жүргiзiлуi тиiс.
45. Этил спиртiн:
1) егер 2-жеткiзушiге қатысты және (немесе) 2-алушыда этил спиртiн (алкоголь өнiмiн) өндiру қызметiмен айналысуға тыйым салатын және/немесе этил спиртiн (өндiру үшiн этил спиртi сатып алынатын алкоголь өнiмiнiң түрi) өндiру лицензиясы күшiнiң мерзiмiн тоқтата тұратын соттың шешiмi бар болса;
2) 2-жеткiзушi мен 2-алушының хабарламаларында көрсетiлген мәлiметтердiң өзi орналасқан жердегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне тапсырған мәлiметтерге сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ автоцистерна жүргiзушiсiнiң жеке куәлiгi, көлiктiң техникалық төлқұжаты мен автоцистернаның метрологиялық салыстырып тексеру актiсi iс жүзiндегi мәлiметтерге сәйкес келмеген жағдайда;
3) 2-жеткiзушi мен 2-алушы этил спиртiнiң бұрын сатылған және алынған көлемдерiн этил спиртiнiң өндiрiсi мен айналымы бойынша декларацияларда көрсетпеген жағдайда;
4) 2-жеткiзушiнiң және (немесе) 2-алушының қызметi тоқтатылғанда, жойылған немесе қайта құрылғанда (бiрiгу, бiрiктiру, бөлiну, немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда);
5) 2-жеткiзушiден тасымалдау барысында 2-алушы этил спиртiнiң сақталу шараларын қолданбаған жағдайда;
6) осы Қағидалардың 43-тармағына сәйкес салынған пломбаны рұқсатсыз бұзған жағдайда;
7) 2-жеткiзушi және (немесе) 2-алушы осы 2-тәртiптi бұзған жағдайда өткiзуге (тиеп-жөнелтуге) тыйым салынады.
46. Этил спиртiн өткiзуден (тиеп-жөнелтуге) бас тартқан жағдайда, уәкiлеттi органының аумақтық бөлiмшелерi үш жұмыс күннен аспайтын мерзiмде осындай шешiм туралы жазбаша түрде тиiстi 2-жеткiзушiлер мен 2-алушыларға хабарлайды.
47. 2-жеткiзушi мен 2-алушы этил спиртiн өткiзуге (тиеп-жөнелтуге) бас тартумен байланысты уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң әрекетiне уәкiлеттi органға немесе сот органдарына шағым жасауға құқылы.
5. Этил спиртiн акциз төлеу арқылы оны техникалық мақсатта немесе алкогольдi емес өнiмдердi өндiруде пайдаланатын ұйымдарға олар тиiстi уәкiлеттi орган бекiткен шығыс нормалары мен қажеттерiн табыс еткен кезде өткiзу тәртiбi

48. Этил спиртiн өндiрушi (бұдан әрi - 3-жеткiзушi) этил спиртiн оны техникалық мақсатта пайдаланатын ұйымдарға акциздердi төлеумен немесе уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң рұқсаты негiзiнде, олар тиiстi уәкiлеттi орган бекiткен шығыс нормалары мен қажеттерiн табыс еткен кезде ғана алкогольдi емес өнiмдердi өндiрген кезде өткiзедi.
Осы Өткiзу тәртiбiнде (бұдан әрi - 3-тәртiп) Рұқсат деп 3-жеткiзушiге этил спиртiн одан кейiн техникалық мақсатқа немесе алкогольдi емес өнiмдердi өндiруде пайдалану үшiн ұйымдарға олар тиiстi уәкiлеттi орган бекiткен шығыс нормалары мен қажеттерiн табыс еткен кезде өткiзуге құқық берiлетiн актi танылады (бұдан әрi - 2-рұқсат).
2-рұқсаттың нысаны осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетiлген.
49. 3-жеткiзушi этил спиртiн 2-рұқсатта көрсетiлген тұлғаға (бұдан әрi - өтiнiш берушi) өткiзедi.
50. Этил спиртiн қабылдау басшысының немесе басшы мiндетiн атқарушы болып тағайындалған тұлғаның бұйрығымен этил спиртiн есепке алу, сақтау, өткiзу (тиеп-жөнелту, қабылдау) жауапты болып тағайындалған қызметкерлерi жүзеге асырады.
51. Этил спиртi оның көлемiн, концентрациясын, температурасын және сусыз спирттiң санын есептеумен белгiленген мерзiмдерiнде мемлекеттiк тексерiсiнен өткен, мемлекеттiк тексерушiнiң пломбасы немесе белгiсi және олардың тексерiсi туралы куәлiгi бар өлшеуiштер арқылы жiберiледi.
52. 2-рұқсат берiлген жылдың 31 желтоқсанына дейiн қолданылады.
53. 3-жеткiзушiден этил спиртiн сатып алу үшiн өтiнiш берушi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi мынадай құжаттарды табыс етедi:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
2) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесi;
3) тиiстi уәкiлеттi орган бекiткен шығыс нормалары мен қажеттерi;
4) егер өтiнiш иесi екiншi рет өтiнiш беретiн болса, бұрын тұтынылған этил спиртiнiң көлемi туралы есеп.
54. Анықталған өтiнiш иесiне 2-рұқсат беру туралы шешiмдi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) қабылдайды. Комиссия құру және оның сандық құрамы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң бiрiншi басшысының бұйрығымен айқындалады.
55. Осы Қағидалардың 53-тармағымен қарастырылған барлық қажеттi құжаттармен қоса өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айдан, ал шағын бизнес субъектiлерi үшiн он бес күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей 2-рұқсат берiледi.
Егер уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi осы тармақпен белгiленген мерзiм iшiнде 2-рұқсат берiлмеген не болмаса 2-рұқсатты беруден бас тартудың дәлелдi жауабы өтiнiш берушiге жазбаша түрде берiлмеген жағдайда, онда 2-рұқсатты беру мерзiмiнiң аяқталған күнiнен бастап Рұқсат берiлген болып саналады.
Бұл ретте уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi осы рұқсатты беру мерзiмiнiң аяқталу күнiнен үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей 2-рұқсатты беруге мiндеттi.
56. Комиссия шешiмi Комиссияның Төрағасы мен мүшелерiмен қол қойылатын хаттамамен ресiмделедi. Комиссияның оң қорытындысы 2-рұқсатпен ресiмделедi.
57. 2-рұқсатқа Комиссия Төрағасы қол қояды.
58. 2-рұқсат тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде өтiнiш берушiге немесе сенiмхатты көрсеткенде өтiнiш берушiнiң өкiлiне берiледi.
59. Егер:
1) осы 3-тәртiптiң 53-тармағында қарастырылған барлық құжаттар өткiзiлмесе;
2) өтiнiш иесi жөнiнде оған этил спиртiн сатып алған қызмет түрiмен айналысуға тыйым салатын сот шешiм болса 2-рұқсат беруден бас тартылады.
Көрсетiлген жетiспеушiлiктердi өтiнiш берушi жойған кезде өтiнiш жалпы негiзде қаралады.
60. Этил спиртiн өткiзуге 2-рұқсат беруден бас тартқанда өтiнiш иесiне өтiнiш бергеннен бастап 30 күнтiзбелiк күн мерзiм iшiнде, ал шағын бизнес субъектiлерi үшiн 15 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жазбаша түрде дәлелдi жауап бередi.
61. 3-жеткiзушiнiң лицензиясы керi қайтарылғанда, қызметi уақытша тоқтатылғанда, оның iшiнде қызметi уақытша тоқтап тұрған, қызметiн аяқтау, жою немесе қайта құру жағдайларында (бiрiгу, бiрiктiру, бөлiну немесе қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастыруды қоспағанда), уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiмен өтiнiш берушiнi бұрында берiлген 2-рұқсатқа ол болған жағдайда өзгерiстер енгiзумен, немесе жаңа 2-рұқсат берумен басқа 3-жеткiзушiге жолдайды.
62. 2-рұқсаттың қолданысы:
1) 2-рұқсаттың берiлген мерзiмi бiткенде;
2) 2-рұқсатқа сәйкес сатып алынған спирттi толық көлемде пайдаланған жағдайларда тоқтатылады.
63. 2-рұқсатымен сатып алынған этил спиртiн техникалық мақсатта немесе алкогольдi емес өнiмдердi өндiруде пайдаланатын ұйымдар 2-рұқсат етiлген көлемде этил спиртiн пайдаланғаннан кейiн немесе осы көлемде этил спиртiн мақсатты пайдаланғаны туралы 2-рұқсат берiлген мерзiм өткеннен кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне есеп бередi.
64. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi тоқсан сайын уәкiлеттi органға берiлген 2-рұқсат және өтiнiш берушiлердiң этил спиртiн мақсатты пайдалану туралы ақпарат жөнiнде есеп бередi.
Этил спиртiн сақтау мен өткiзу
(тиеп-жөнелту, қабылдап алу)
қағидаларына
1-қосымша
Этил спиртiн босатуға

№________рұқсат ету нысаны

Астана қ. 20___ж. "__"________
____________________________________________________________________
(этил спиртiн өндiрушiнiң атауы, СТН (ЖСН/БСН))
____________________________________________________________________
(заңды мекенжайы, орналасқан жерi)
қоса берiлiп отырған дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы
бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы мемлекеттiк
орган бекiткен тiзбеге сәйкес дәрiлiк заттарды медициналық мақсаттағы
бұйымдарды өндiру жөнiндегi ұйымдар және мемлекеттiк медициналық
ұйымдар 20___ жылы медициналық және фармацевтикалық қызметтi сондай-ақ медициналық қызметтi жүзеге асыруы үшiн акциз төлемей этил спиртiн __________литр көлемiнде өткiзуге рұқсат етiледi.
Рұқсат
_______________________________________________________жарамды.
(белгiлi бiр күнге дейiн немесе белгiлi бiр көлемдi пайдаланғанға дейiн)
__________________________
(Лауазымы, Т,А,Ә., қолы)
М.О. Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
Салық комитетi
Этил спиртiн сақтау мен өткiзу
(тиеп-жөнелту, қабылдап алу)
қағидаларына
2-қосымша
20 ___ж.___ дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндiру жөнiндегi ұйымдардың және этил спиртiн дәрiлiк препараттарды дайындау және медициналық қызметтер көрсету үшiн пайдаланатын мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары тiзбесiнiң нысаны


р/с

Алушының атауы

Мекенжай
(орналасқан орны)

СТН,
ЖСН/БСН
(бар болса)

20___жылға талап етiлетiн этил спиртiнiң көлемi, литр

Барлығы

I
тоқсан

II
тоқсан

III
тоқсан

IV
тоқсан

1.

2.

...

Этил спиртiн сақтау мен өткiзу
(тиеп-жөнелту, қабылдап алу)
қағидаларына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
Салық комитетi
Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндiру жөнiндегi ұйымдардың және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының 20 __ жылдың ___ тоқсанында этил спиртiн пайдалануы туралы есеп нысаны


р/н №

Алушының
атауы

стн, ЖСН/БСН (бар болса)

Есептi жылға белгiленген квота, литр сусыз (жүз пайыз) спирт

Есептi тоқсан үшiн этил спиртiнiң нақты алынғаны, (өсу қорытындысымен ) литр, сусыз (жүз пайыз) спирт

Есептi тоқсан үшiн этил спиртiнiң нақты қалғаны литр, сусыз (жүз пайыз) спирт

1

2

3

4

5

6

1.

2.

Барлығы

__________________________
(Лауазымы, аты-жөнi, қолы)
Денсаулық сақтау саласындағы
уәкiлеттi органның М.О.
Этил спиртiн сақтау мен өткiзу
(тиеп-жөнелту, қабылдап алу)
қағидаларына
4-қосымша
_____________________________________ бойынша салық департаментi
Рұқсат

____________________________________________________________________
(спирт өндiрушiнiң атауы, СТН, (ЖИН/БИН))
____________________________________________________________________
Акциз төлеу арқылы___________________көлемдегi спирттi өткiзуге
____________________________________________________________________
(көлемi - сусыз спирттiң литрiмен)
Спирт_______________________________________________________________
___________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
(заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк)
кiмге_______________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, СТН, ЖИН/БИН))
__________________________________________________ пайдаланылады
(қандай мақсатта)
Рұқсат __________________________________________ жарамды
(анықталған көлемнiң анықталған көлемiне дейiн)
____________________________________________________________________
Комиссия Төрағасы __________________
(Аты-жөнi)
М.О.
Этил спиртiн сақтау мен өткiзу
(тиеп-жөнелту, қабылдап алу)
қағидаларына
5-қосымша
______________________________________ бойынша салық департаментi
______________________________________________-дан (-ден)
(заңды тұлғаның атауы, СТН, (ЖИН/БИН)))
Өтiнiш

____________________________________________________________________
(спирт сатып алынатын өндiрушiнiң атауы, СТН, (ЖИН/БИН))
_______________________________________________________________ үшiн
(спирт не мақсатта сатып алынады)
______________ көлемде спирт сатып алуға рұқсат беруiңiздi өтiнемiн.
Мөлшерi ____________________________________________________________
Өтiнiш иесi туралы мәлiмет:
1. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк
____________________________________________________________________
2. Мекенжайы _______________________________________________________
(заңды тұлғаның орналасқан жерi)
3. Қоса берiлген құжаттар
____________________________________________________________________
Басшы______________________ _______________________
(аты-жөнi) (қолы)
Мөр орны
"___"_____________ 20 ___ ж.
Өтiнiш "__"__20 ___ж. қарауға қабылданды.
____________________________________________________________________
(салық органының жауапты адамының қолы, аты-жөнi)

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina