ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Қаржы ұйымдары беретiн бiлiм беру кредиттерiн...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Қаржы ұйымдары беретiн бiлiм беру кредиттерiн кепiлдендiру қағидалары

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 ақпандағы № 248 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 21 ақпандағы
№ 248 қаулысымен
бекiтiлген
Қаржы ұйымдары беретiн бiлiм беру кредиттерiн
кепiлдендiру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қаржы ұйымдары беретiн бiлiм беру кредиттерiн кепiлдендiру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және қаржы ұйымдары беретiн бiлiм беру кредиттерiн (бұдан әрi – кредит) кепiлдендiру тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) кредит қабiлеттiлiгiн бағалау – қарыз алушының кредиттi қайтармау тәуекелiн бағалау рәсiмi;
2) кепiлдiк мiндеттеме – ұйымның кредитор алдында келiсiмде көзделген тәртiп пен шарттарда айқындалған кепiлдiк мөлшерi шегiнде кредит шарты бойынша қарыз алушының мiндеттемелердi орындағаны үшiн жауап беру мiндеттемесi;
3) келiсiм – кредиттерге кепiлдiк беру жөнiндегi өзара қарым-қатынастардың тәртiбiн белгiлейтiн кредитор мен ұйым арасында жасалған шарт;
4) дефолт – қарыз алушының кредит шарты бойынша мiндеттемелердi орындамауы, соның нәтижесiнде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес кепiлдiк мiндеттемелердi орындау рәсiмiнiң басталуы;
5) қарыз алушы – кредитор тарапынан кредит берiлген жеке тұлға;
6) бiлiм беру кредитi – қаржы ұйымдары мерзiмдiлiк, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында оқу ақысын төлеу үшiн қарыз алушыға беретiн ақша;
7) қаржы ұйымы – қарыз операцияларын жүргiзуге лицензиясы бар заңды тұлға (бұдан әрi – кредитор);
8) кепiлдiк мөлшерiн белгiлеу әдiстемесi – бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн кепiлдiк беру талаптары, кепiлдiк мөлшерiн анықтау өлшемдерi мен тәртiбi (бұдан әрi – әдiстеме).
2. Бiлiм беру кредиттерiн кепiлдендiру тәртiбi
3. Бiлiм беру кредиттерiн кепiлдендiру Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне сәйкес қызметiнiң негiзгi мәнi бiлiм беру кредиттерi бойынша кепiлдiктер беру болып табылатын ұйымдар (бұдан әрi - Ұйым) тарапынан жүргiзiледi.
4. Қарыз алушы кредитор белгiлеген талаптар бойынша ұйым кепiлдiк берген кредиттi алу үшiн кредиторға өтiнiм бередi.
5. Ұйым өз қызметiне қарай қарыз алушымен тiкелей өзара қарым-қатынас жасамайды.
6. Ұйым мен кредиторлардың өзара қарым-қатынасы келiсiммен реттеледi.
7. Ұйым қарыз алушылар мен кредиттер үшiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жататын өлшемдердi белгiлейдi.
8. Ұйыммен келiсiм жасасу үшiн кредитор ұйым бекiткен нысан бойынша қол қойылған және мөрмен куәландырған өтiнiш бередi. Өтiнiшке кредитор ұйым бекiткен және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тiзбеге сәйкес құжаттарды қоса бередi.
9. Ұйым осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес талап етiлетiн құжаттар ұсынылмаған немесе олар тиiсiнше ресiмделмей ұсынылған жағдайда кредитордың өтiнiшiн қараудан бас тартады.
10. Ұйым келiсiм жасасу не өтiнiштi қараудан бас тарту туралы шешiмдi өтiнiш тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қабылдайды.
11. Келiсiм:
1) кредитордың кредит қабiлеттiлiгiн бағалауды уақтылы және сапалы өткiзуi;
2) кредитордың кредит шарты бойынша қарыз алушының мiндеттемелерiн орындамауына байланысты кредит шартының тоқтатылғаны туралы ұйымды уақтылы хабардар етуi;
3) кредитордың кредит шарттары жөнiндегi мiндеттемелердi ағымдағы орындағаны туралы ақпаратты ұйымға беруi;
4) кредитордың кепiлдiк берiлген кредиттер бойынша талап ету құқығын беру кезiнде ұйымға жазбаша хабарлама беруi туралы ережелердi қамтиды.
12. Келiсiм тараптар қол қойған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
13. Ұйым бұқаралық ақпарат құралдарында өзiмен келiсiм жасасқан кредиторлардың тiзбесiн жариялайды.
14. Келiсiм жасасқан кредитор қарыз алушы оған ұйым кепiлдiк берген кредиттi беруге өтiнiш бiлдiргеннен кейiн ұйым бекiткен нысан бойынша кредитке кепiлдiк беруге арналған өтiнiмдi он жұмыс күнi iшiнде ұйымға жiбередi.
15. Ұйым кредитордың өтiнiшiн алған күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың ұйымның талаптарына сәйкестiгiн қарайды және кредиторға қол қойылған және мөрмен куәландырылған кепiлдiк беру мiндеттемесiнiң бiр данасын немесе кепiлдiк беруден дәлелдi бас тартуды жiбередi.
Кепiлдiк мiндеттемелерi ұйымның басқару органы бекiткен кепiлдiк беру көлемi шегiнде ұсынылады.
16. Ұйым:
1) дұрыс толтырылмаған өтiнiм нысанын ұсынған;
2) қарыз алушы және (немесе) кредит ұйым айқындаған өлшемдерге сәйкес келмеген жағдайларда;
3) келiсiмде көзделген өзге де жағдайларда кредиторға кепiлдiк беруден бас тартады.
17. Кредитор ұйым қол қойған және мөрмен куәландырған кепiлдiк мiндеттемесiн алғаннан кейiн кредитор мен қарыз алушы кредит шартын жасасады.
18. Дефолт туындаған кезде кредитор келiсiмде белгiленген тәртiппен қарыз алушының негiзгi мiндеттемесiн орындамағаны туралы ұйымды хабардар етедi.
19. Кредитор келiсiмде белгiленген тәртiппен төлем құжаттарын және кредит бойынша құжаттарды қоса бере отырып, кепiлдiк сомасын төлеудi талап етумен құжатты бередi.
20. Кредит беру кезiнде кредитор талаптарға сәйкес келетiн кредит қабiлеттiлiгiн бағалаған жағдайда, ұйым белгiленген мөлшер шегiнде кепiлдiк сомасын төлейдi.
21. Барлық төлемдер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүзеге асырылады.
22. Кредит бойынша кепiлдiк мөлшерi әдiстеме арқылы белгiленедi. Кепiлдiктiң ең төменгi мөлшерi негiзгi қарыз сомасының 50 пайызын құрайды.
23. Кредит бойынша кепiлдiк беру мiндеттемесi келiсiмде көзделген тәртiппен:
1) қарыз алушы мiндеттемелердi орындап, кредит шарты тоқтатылған;
2) кредитор кепiлдiк берiлген кредит жөнiндегi келiсiм шарттарын орындамаған;
3) ұйыммен келiсiм жасаспаған кредиторға кредит бойынша талап ету құқығы берiлген;
4) осы Қағидалардың не келiсiмнiң талаптарына сәйкес келмейтiн кредит қабiлеттiлiгiн бағалауды өткiзу фактiлерi анықталған жағдайларда;
5) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және келiсiмде көзделген өзге де жағдайларда ұйымның кепiлдiк сомасын төлеуiнсiз тоқтатылады.
24. Келiсiмге кезкелген өзгерiстер мен толықтырулар қосымша келiсiмге қол қою жолымен жүргiзiледi.
25. Әдiстеме қайта қаралған жағдайда жаңа шарттар жаңадан кепiлдiк берiлетiн кредиттерге қолданылады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 21 ақпандағы
№ 248 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр
шешiмдерiнiң тiзбесi
1. «Екiншi деңгейдегi банктердiң берген бiлiм беру кредиттерiне «Қаржы орталығы» акционерлiк қоғамының кепiлдiк беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 19 шiлдедегi № 745 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 386-құжат);
2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 19 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 30 маусымдағы № 619 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 23, 245-құжат);
3. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 19 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 25 сәуiрдегi № 389 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 206-құжат);
4. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 19 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 395 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 33, 394-құжат).


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina