ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Бағаларына мемлекеттiк реттеу белгiленген бөлшек...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Бағаларына мемлекеттiк реттеу белгiленген бөлшек саудада өткiзiлетiн мұнай өнiмдерiне шектi бағаны айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 2 наурыздағы № 237 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 2 наурыздағы
№ 237 қаулысымен
бекiтiлген
Бағаларына мемлекеттiк реттеу белгiленген бөлшек саудада өткiзiлетiн мұнай өнiмдерiне шектi бағаны айқындау қағидалары

1. Осы Бағаларына мемлекеттiк реттеу белгiленген бөлшек саудада өткiзiлетiн мұнай өнiмдерiне шектi баға айқындау қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және бағаларына мемлекеттiк реттеу белгiленген бөлшек саудада өткiзiлетiн мұнай өнiмдерiне шектi бағаны айқындау тәртiбiн белгiлейдi.
2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) мұнайдың әлемдiк бағасы - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетiн шикi мұнайдың және (немесе) газ конденсаты мен мұнай өнiмдерiнiң нарықтық бағалары туралы ресми танылған ақпарат көздерiнiң тiзбеге енгiзiлген ақпарат көзiнiң негiзiнде тиiстi кезеңде «Датированный Брент» (Вrent Dtd) стандартты сорты бағасының шетел валютасында орташа белгiленуi;
2) баррельдендiру коэффициентi - өндiрiлген шикi мұнайдың тығыздығы мен температурасы ескерiле отырып, стандарттық өлшем шарттарына келтiрiлген өлшем бiрлiгiн баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру коэффициентi.
Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолданылады.
3. Бағаларына мемлекеттiк реттеу белгiленген бөлшек саудада өткiзiлетiн мұнай өнiмдерiнiң шектi бағасы мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi орган осы Қағидаларға қосымшада келтiрiлген нысан бойынша әзiрлейтiн мұнайдың әлемдiк бағасына байланысты бөлшек саудада өткiзiлетiн мұнай өнiмдерiнiң шектi бағасы мәндерi кестесiнiң (бұдан әрi - Кесте) негiзiнде, мынадай формуланың негiзiнде айқындалады:

мұндағы:
1) Р - мұнай өнiмiнiң тиiстi түрiнiң бөлшек саудадағы шектi бағасының мәнi;
2) РBr - баррельдендiру коэффициентi бойынша ауыстырылған мұнайға әлемдiк бағаның белгiленуi;
3) L - коэффициенттi есептеу кезеңiне дейiн күнтiзбелiк екi жыл iшiнде қалыптасқан мұнай өнiмiнiң тиiстi түрi бағасының белгiленуiне мұнай бағасының белгiленуiн ауыстыру коэффициентi;
L=РNр/РВr
РNр - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетiн шикi мұнайдың және (немесе) газ конденсаты мен мұнай өнiмдерiнiң нарықтық бағалары туралы ресми танылған ақпарат көзiнiң негiзiнде Тiзбеге енгiзiлген бағаларына мемлекеттiк реттеу белгiленген мұнай өнiмiне сәйкес келетiн мұнай өнiмiне әлемдiк бағасының белгiленуi;
4) ТСЕх - өзiне жалдауды (Новороссийск портынан FОВ Италия-Августа Жерорта теңiзiне дейiн теңiз танкерiмен мұнай өнiмдерiн тасымалдау құны), ауыстырып тиеу шығыстарын (мұнай өнiмдерiн темiр жол цистерналарынан құйып алу құны, порттағы қойма резервуарларына құю және қоймадан танкерге құю), Қазақстан Республикасының шекарасына дейiн темiр жол тасымалын (Новороссийск портынан Қазақстан Республикасының шекарасына дейiн темiр жол тасымалының құны) қамтитын мұнай өнiмдерiн Еуропа нарықтарынан (ҒОВ Италия) Қазақстан Республикасының шекарасына дейiн жеткiзу жөнiндегi көлiктiк шығыстардың шартты орташа мәнi;
5) ЕСD - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген формула бойынша есептелген мұнай өнiмiнiң тиiстi түрiне кедендiк әкету бажының мәнi;
6) С - табиғи монополиялар салаларында және реттелетiн нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға (бұдан әрi — Уәкiлеттi орган) Кесте ұсынылған күнiне белгiленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бағамы бойынша теңгеге АҚШ долларының бағамы;
7) Т - «Салық және бюджетке төленетiн басқа да төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес бекiтiлген мұнай өнiмiнiң тиiстi бiр түрiне акциз және қосымша құн салығы;
8) ТСDom - Қазақстан Республикасы бойынша темiр жол көлiгiмен мұнай өнiмдерiн тасымалдау құнының орташа арифметикалық мәнi;
9) S — мұнай базасында мұнай өнiмдерiн сақтау бойынша 3% мөлшерiндегi шығыстар;
10) Орех - мұнай өнiмдерi нарығына барлық қатысушылардың 10% мөлшерiндегi операциялық шығыстарының жиынтығы;
11) М - мұнай өнiмдерi нарығына барлық қатысушылардың 15% мөлшерiндегi маржасы;
12) Ki - осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес айқындалатын коэффнциент;
13) D – қуаты шағын мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының шығарушы зауытының техникалық паспортына сәйкес өлшеу шарттары стандартты болған кезде мұнай өнiмiнiң тиiстi түрiнiң орташа тығыздығы.
4. Ki коэффициентiнiң мәнiн мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi орган коэффициенттi есептеу кезеңiне дейiн күнтiзбелiк екi жыл iшiнде қалыптасқан мұнай өнiмдерiнiң тиiстi түрiне бағалардың тарихи серпiнiне байланысты бiр метрикалық тонна үшiн бес АҚШ доллары аралығымен мұнайдың әлемдiк бағасының әрбiр шектi мәнiне мынадай формула бойынша есептейдi:

мұндағы:
1) Qmin – коэффициенттi есептеу кезеңiне дейiн күнтiзбелiк екi жыл iшiнде қалыптасқан мұнай өнiмдерiнiң тиiстi түрiнiң бөлшек сауда бағасының ең төменгi мәнi;
2) O – бiр метрикалық тонна үшiн бес АҚШ долларына тең келетiн мұнай аралығының адымы;
3) U – коэффициенттi есептеу кезеңiне дейiн күнтiзбелiк екi жыл iшiнде қалыптасқан мұнай өнiмiнiң тиiстi түрiнiң бөлшек сауда бағасының ең жоғары және ең төменгi мәнiнiң арасындағы аралық
4) F – коэффициенттi есептеу кезеңiне дейiн күнтiзбелiк екi жыл iшiнде қалыптасқан мұнай өнiмiнiң тиiстi түрiнiң бөлшек сауда бағасының ең жоғары және ең төменгi мәнiнiң арасындағы аралыққа сәйкес келетiн мұнайдың Brent Dtd сортына әлемдiк бағаның ең жоғары және ең төменгi мәнiнiң арасындағы аралық
5) PBri – бiр метрикалық тонна үшiн бес АҚШ доллары аралығымен мұнайдың әлемдiк бағасының әрбiр шектi мәнiне сәйкес келетiн мұнайға әлемдiк бағаның белгiленуi;
6) PBr min – коэффициенттi есептеу кезеңiне дейiн күнтiзбелiк екi жыл iшiнде қалыптасқан мұнай өнiмiнiң тиiстi түрiнiң бөлшек сауда бағасының ең төменгi мәнiне сәйкес келетiн мұнайға әлемдiк бағаның белгiленуi;
7) N – Қазақстан Республикасының Үкiметi мақұлдаған Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының бес жылдық кезеңге арналған болжамында айқындалған инфляцияның болжамды деңгейi;
8) PiKi коэффициентiнiң мәнi есепке алынбай осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес формула бойынша есептелген мұнай өнiмiнiң тиiстi түрiнiң бөлшек сауда бағасының шектi мәнi;
5. Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi орган Уәкiлеттi органға әзiрленген Кестенi есептердi, негiздемелер мен тиiстi ақпарат көзiнiң деректерiн қоса бере отырып:
1) жыл сайын – жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың он бесiншi қарашасынан кешiктiрмей;
2) осы Қағидалардың 3-тармағының 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетiлген бiр және одан көп көрсеткiштер бұрын бекiтiлген көрсеткiштердiң мәнiнен 10%-дан астам өзгерген кезде – осындай өзгерiстер болған кезден бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде ұсынады.
6. Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi орган Уәкiлеттi органға өткен күнтiзбелiк айдың он бесiншi күнiнен бастап ағымдағы күнтiзбелiк айдың он төртiншi күнi бойынша қалыптасқан мұнайға әлемдiк бағаның мәлiметтерiн ай сайын он бесiншi күннен кешiктiрмей ұсынады.
7. Уәкiлеттi орган шектi бағаны белгiлеу үшiн қажеттi қосымша ақпаратты жазбаша нысанда сұратады, ол мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi орган тиiстi сұратуды алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылады.
8. Уәкiлеттi орган Кестенiң және мұнайдың әлемдiк бағасы жөнiндегi мәлiметтердiң негiзiнде бұйрық нысанында қабылданатын шешiм қабылдау жолымен мұнай өнiмдерiн бөлшек саудада өткiзуге шектi баға белгiлейдi.
9. Бөлшек саудада өткiзiлетiн мұнай өнiмдерiне шектi баға белгiлеу туралы бұйрықтың жобасы үш жұмыс күнi iшiнде мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi органға және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiне жолданады.
10. Бөлшек саудада өткiзiлетiн мұнай өнiмдерiне шектi баға белгiлеу туралы бұйрық (бұдан әрi - Бұйрық):
1) жоспарланып отырған күнтiзбелiк жылға – жоспарланған жылдың алдындағы жылдың он бесiншi желтоқсанынан кешiктiрiлмей;
2) осы Қағидалардың 3-тармағының 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетiлген бiр және одан көп көрсеткiштер 10%-дан астам өзгерген кезде ағымдағы күнтiзбелiк жыл аяқталғанға дейiн қалған мерзiмге – осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Кесте алынған кезден бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей;
3) Кестеге сәйкес мұнайдың әлемдiк бағасының бiр шектi мәнiнiң шегiнен асатын мұнайдың әлемдiк бағасы өзгерген кезде ағымдағы күнтiзбелiк жыл аяқталғанға дейiн қалған мерзiмге – осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес мұнайға әлемдiк баға бойынша деректер алынған кезден бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей бекiтiледi.
11. Мемлекеттiк органдармен келiсiлген және Уәкiлеттi органның басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қойған бұйрық Уәкiлеттi органның және мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi органның Интернет-ресурстарында келiсiлген күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жариялануы тиiс.
12. Осы Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын трансферттiк баға белгiлеу кезiнде бақылауға жататын мәмiлелерге қолданылмайды.
Бағаларына мемлекеттiк реттеу
белгiленген бөлшек саудада
өткiзiлетiн мұнай өнiмдерiне
шектi бағаны айқындау
қағидаларына
қосымша
Мұнайдың әлемдiк бағасына байланысты мұнай өнiмдерiнiң бөлшек саудасына өткiзуге белгiленетiн шектi баға мәндерiнiң кестесi


Р/с

Әлемдiк бағаның шегi, $/бар

ДО-ға бөлшек саудадағы шектi баға, тг/л

Аи-80-ге бөлшек саудадағы шектi баға, тг/л

Аи-92/93-ге бөлшек саудадағы шектi баға, тг/л

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.

12.

13.

14.

15.

16.

17.

18.

19.

20


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina