ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  «Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  «Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 6 наурыздағы № 291 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 6 наурыздағы
№ 291 қаулысымен
бекiтiлген
«Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

1. Негiзгi ережелер

1. Осы санитариялық қағидалар өндiрiстiк объектiлердегi өндiрiс және тұтыну қалдықтарын, қатты тұрмыстық қалдықтар мен денсаулық сақтау объектiлерiнде пайда болатын қалдықтарды жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды (бұдан әрi - Санитариялық қағидалар) белгiлейдi.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:
1) қалдықтарды көму – қалдықтарды шектеусiз мерзiм бойы оларды қауiпсiз сақтау үшiн арнайы белгiленген орындарда қалдықтарды жинау;
2) медициналық қалдықтарды көму – зиянды заттардың қоршаған ортаға түсуiнiң алдын алу бағытталған және осы медициналық қалдықтарды пайдалану мүмкiндiгiн болдырмайтын залалсыздандырылған медициналық қалдықтарды кейiн қайта алу ниетiнсiз оларды топыраққа қауiпсiз орналастыру;
3) қалдықтардың сыныптамасы – оларды қалдықтардың қоршаған орта мен адамның денсаулығы үшiн қауiптiлiгiне сәйкес оларды қалдықтардың сыныптарға жатқызу тәртiбi;
4) қалдықтар сыныптауышы – қалдықтарды сыныптау нәтижелерi қамтылған, қолданбалы сипаттағы ақпараттық-анықтамалық құжат;
5) медициналық қалдықтар – медициналық қызметтердi көрсету және медициналық манипуляциялар жүргiзу үдерiсiнде пайда болатын қалдықтар;
6) өндiрiс және тұтыну қалдықтары - өндiрiс немесе тұтыну үдерiсiнде пайда болған шикiзаттың қалдықтары, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнiмдердiң, сондай-ақ өздерiнiң тұтынушылық қасиеттерiн жоғалтқан тауарлар (өнiмдер);
7) қалдықтармен жұмыс iстеу – осы операцияларды бақылауды және жою орындарын қадағалауды қоса алғанда, қалдықтардың пайда болуының алдын алуға, оларды жинауға, тасымалдауға, сақтауға, өңдеуге, кәдеге жаратуға, жоюға, залалсыздандыруға және көмуге бағытталған iс-қимылдар;
8) қалдықтарды залалсыздандыру – механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою;
9) қалдықтармен жұмыс iстеу объектiлерi – қалдықтарды жинау, сақтау, өңдеу, кәдеге жарату, жою, залалсыздандыру және көму үшiн пайдаланылатын орындар немесе объектiлер;
10) қалдықтарды өңдеу (қайта өңдеу) – қалдықтарды экологиялық қауiпсiз сақтауға, тасымалдауға, кәдеге жаратуға немесе жоюға дайындау мақсатында олардың физикалық, химиялық немесе биологиялық құрамын өзгертуге байланысты кез келген технологиялық операцияларды жүзеге асыру;
11) қауiптi қалдықтар – құрамында қауiптi қасиеттерге (уыттылық, жарылысуға қауiптi, радиоактивтiлiк, өртке қауiптi, реакциялық қабiлетi жоғары) ие зиянды заттар бар және дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына тiкелей немесе әлеуеттi қауiп тудыруы мүмкiн қалдықтар;
12) қалдықтарды қайта өңдеу – қалдықтардың сипаттамасын олардың көлемiн азайту немесе олармен жұмыс iстеудi жеңiлдететiн немесе оларды кәдеге жаратуды жақсартатын қауiптi қасиеттерiн азайту үшiн өзгертетiн, сұрыптауды қоса алғанда физикалық, жылу, химиялық немесе биологиялық үдерiстер;
13) жоспарлы-тұрақты тазарту – қалдықтарды белгiленген жиiлiкпен жинау және жою бойынша iс-шаралар жүйесi;
14) қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондар – қатты тұрмыстық қалдықтарды оқшаулауға және залалсыздандыруға арналған арнайы құрылыстар;
15) ассенизациялау алқабы, жер жырту алқабы – елдi мекеннiң шегiнен тыс сұйық қалдықтарды жинау және залалсыздандыру үшiн арнайы бөлiнген аумақ
16) өндiрiстiк объект - адамның тiршiлiк ету ортасына және денсаулығына әсер ету көздерi болып табылатын үдерiстердi, жабдықты және технологияны пайдалана отырып жүзеге асырылатын өнiмдi шығарумен, жұмыстарды орындаумен және қызмет көрсетумен байланысты шаруашылық қызмет объектiсi;
17) өнеркәсiптiк алаң – өндiрiс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтау үшiн өндiрiстiк объектiде бөлiнетiн функционалдық аймақ
18) санитариялық тазарту – мақсаты елдi мекенде халықтың тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде пайда болатын қалдықтарды жинау, жою және залалсыздандыру болып табылатын iс-шаралар жүйесi;
19) қалдықтарды жинау – қалдықтарды одан әрi кәдеге жарату немесе жою мақсатында оларды сұрыптауды қамтитын қалдықтарды арнайы бөлiнген орындарға немесе объектiлерге шығаруға, жинау және орналастыруға байланысты қызмет;
20) ағызу станциялары – сұйық қалдықтарды кәрiзге жинауға және ағызуға арналған құрылыстар;
21) өлген малды көметiн орын – арам өлген не шарасыздықтан сойғаннан кейiн малдардың өлекселерiн залалсыздандыруға және көмуге арналған құрылыс;
22) мамандандырылған кәсiпорындар – қалдықтарды жинауды, пайдалануды, қолдануды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды және көмудi жүзеге асыратын ұйымдар;
23) санитариялық-қорғаныш аймағы (бұдан әрi - СҚА) – арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елдi мекендегi өнеркәсiп ұйымдары мен басқа да өндiрiстiк, коммуналдық және қоймалық объектiлердi жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуiн азайту мақсатында бөлiп тұратын аумақ
24) қоныстану аумағы – тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-iскерлiк) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлiк және көлiк инфрақұрылымдарының жекелеген бөлiктерiн, басқа да орналастырылуы мен қызметi арнаулы санитариялық-қорғаныш аймақтарын талап ететiндей әсер етпейтiн басқа да объектiлердi орналастыруға арналған, елдi мекен аумағының бiр бөлiгi;
25) қалдықтарды тасымалдау – қалдықтарды олардың пайда болған немесе сақталған жерiнен өңдеу, кәдеге жарату немесе жою орындарына немесе объектiлерiне тасымалдау;
26) қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрi – ҚТҚ) – халықтың тұтынуынан немесе пайдалануынан кейiнгi қоғамдық немесе жеке тұтыну (тiршiлiк ету) қалдықтары;
27) қалдықтарды кәдеге жарату – қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретiнде қолдану;
28) қалдықтарды сақтау – қалдықтарды кейiннен қауiпсiз жою мақсатында арнайы бөлiнген орындарда жинау.
2. Өндiрiстiк объектiлердегi қалдықтарды жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

3. Өндiрiстiк объектiлерде өндiрiс қалдықтарын жинау және уақытша сақтау (орналастыру) қалдықтардың қауiптiлiк деңгейiне сәйкес келетiн арнайы өнеркәсiптiк алаңдарда өткiзiледi. Қалдықтарды жиналуына қарай олардың қауiптiлiк сыныбына сәйкес әрбiр қалдықтар топтарына арналған ыдысқа жинайды.
4. Қалдықтарды сақтау орындарынан (өнеркәсiптiк алаң) тұрғын үй құрылысы, коммуналдық және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердiң аумағына дейiнгi СҚА көлемдерi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен санитариялық қағидаларға сәйкес айқындалады.
5. Өндiрiс қалдықтары қауiптiлiк дәрежесi бойынша мынадай 4 қауiптiлiк сыныбына бөлiнедi:
I қауiптiлiк сыныбы – төтенше қауiптi қалдықтар;
II қауiптiлiк сыныбы – қауiптiлiгi жоғары қалдықтар;
III қауiптiлiк сыныбы – қауiптiлiгi орташа қалдықтар;
IV қауiптiлiк сыныбы – қауiптiлiгi аз қалдықтар.
6. I қауiптiлiк сыныбының қалдықтары тұмшаланған ыдыста сақталады (болат бөшкелер, контейнерлер). Толуына қарай қалдықтар салынған ыдысты болат қақпақпен жабады, қажетi болған кезде электрлi газбен дәнекерлейдi.
7. II қауiптiлiк сыныбының өндiрiс қалдықтары агрегаттық күйiне сәйкес полиэтилен қаптарда, пакеттерде, бөшкелерде және зиянды заттардың (ингридиенттердiң) таралуына кедергi болатын ыдыстардың басқа да түрлерiнде сақталады.
8. III қауiптiлiк сыныбының өндiрiс қалдықтары жайылтпай сақтауды қамтамасыз ететiн, тиеу-түсiру жұмыстарын орындауға мүмкiндiк беретiн және зиянды заттардың таралуын болдырмайтын ыдыста сақталады.
9. IV қауiптiлiк сыныбының өндiрiс қалдықтары өнеркәсiптiк алаңдарда конус тәрiздi үйiндi түрiнде ашық сақталады, сол жақтан олар автотиегiшпен автокөлiкке тиеледi және кәдеге жарату және көму орындарына жеткiзiледi. Бұл қалдықтарды тұтыну қалдықтарын көму орындарында олармен бiрiктiруге немесе оқшаулағыш материал немесе аумақтағы жоспарлау жұмыстары түрiнде пайдалануға жол берiледi.
10. Сұйық және газ түрiндегi қалдықтар тұмшаланған ыдыста сақталады және кәсiпорын аумағынан бiр тәулiк iшiнде шығарылады немесе оны залалсыздандыруды өнеркәсiптiк объектiде жүргiзедi.
11. Қатты, оның iшiнде сусымалы қалдықтар контейнерлерде, пластик, қағаз пакеттерде немесе қаптарда сақталады және олардың жиналуы бойынша шығарылады.
12. Қалдықтарды уақытша сақтауға арналған өнеркәсiптiк алаңды кәсiпорын аумағында желдiң ық жағына орналастырады. Алаңды қатты және уытты заттарды өткiзбейтiн материалмен жабады, тазарту құрылыстары жағына қарай құйылыс құрылғысы және еңiсi бар төсенiш төсейдi. Алаңдардың бетiндегi жиналған суларды жалпы жауын-шашын бұрғышына бағыттауға жол берiлмейдi. Алаңдардың бетiндегi жиналған сулар үшiн уытты заттармен жұмыс iстеудi, тазалауды және оларды залалсыздандыруды қамтамасыз ететiн арнайы тазарту құрылыстары көзделедi. Алаңда қалдықтарды атмосфералық жауын-шашынның және желдiң әсерiнен қорғау көзделедi.
13. Өндiрiс қалдықтарын сақтайтын орындарда стационарлық немесе жылжымалы тиеу-түсiру механизмдерi қарастырылады.
14. Өнеркәсiптiк алаң аумағындағы қалдықтардың рұқсат етiлетiн мөлшерiн кәсiпорын қауiптiлiк деңгейi бойынша қалдықтарды сыныптау негiзiнде анықтайды.
15. Қалдықтарды сақтайтын алаңдардың орналасқан ауданындағы (орнындағы) қоршаған ортаның жағдайын бақылау өндiрiстiк объектiнiң өндiрiстiк зертханасында не аккредиттелген зертхананы тарта отырып жүзеге асырылады.
16. Кәсiпорындардың өндiрiстiк объектiлерде мынадай жағдайларда:
1) қалдықтарды пайдалану кезiнде оларды кәдеге жарату мақсатында;
2) көмуге арналған полигондардың немесе қалдықтарды шығаратын көлiк құралдары уақытша жоқ болғанда қалдықтарды жинақтауға және сақтауға жол берiледi.
17. Өнеркәсiптiк алаңдарда қалдықтарды арнайы салынған шлам, шлак, күл жинағыштар және үйiндi болған жағдайда қалдықтарды жинауға және сақтауға жол берiледi.
18. Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органының көлiкке санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар болғанда, осы үшiн арнайы жабдықталған көлiк құралдарында өндiрiс қалдықтарын тасымалдауға жол берiледi.
19. Тасымалданатын қалдықтардың мөлшерi көлiктiң жүк көлемiне сәйкес келедi. Өндiрiс қалдықтарын тасымалдау кезiнде оларды толтыру, тасымалдау және түсiру орындарында қоршаған ортаны ластауға жол берiлмейдi.
20. I-III қауiптiлiк сыныбының қалдықтарын тиеуге, тасымалдауға және түсiруге байланысты барлық үдерiстердi механикаландырылады. Жартылай сұйық (паста тәрiздi) қалдықтарды тасымалдауға арналған көлiк ағызуға арналған шлангы құрылғысымен жабдықталады.
21. Қатты және шаң тәрiздi қалдықтарды тасымалдаған кезде көлiк қорғаныш қабықшамен немесе түсiруге арналған дербес автокранмен жабдықталады.
22. Шаң тәрiздi қалдықтарды барлық кезеңде: тиеу, тасымалдау, түсiру кезеңдерiнде ылғалдайды.
23. Өндiрiс қалдықтарын тасымалдау кезiнде кәсiпорынның көлiктi басқарушы адамынан және персоналынан басқа бөтен адамдардың болуына жол берiлмейдi.
24. Қалдықтарды шикiзат ретiнде қолданатын кәсiпорындарда технологиялық үдерiстердi автоматтандыруды және механикаландыруды қамтамасыз етедi.
Кәдеге жарату алдында қауiптi қалдықтар қалдықтардың қауiптiлiк деңгейiне байланысты залалсыздандыруға жатады.
25. Кәдеге жарату орындарында жинақталған өндiрiс қалдықтарының мөлшерi қалдықтарды өңдейтiн өндiрiстiк жабдықтың екi апталық қуатынан аспауы тиiс.
26. Өндiрiс қалдықтарын (III-IV қауiптiлiк сыныбы) залалсыздандыру үшiн өндiрiс қалдықтарының бiр бөлiгiн тиiстi кәсiпорындарда тұтыну қалдықтарымен бiрге өңдеу және өндiрiс қалдықтарының бiр бөлiгiн ҚТҚ полигонында жинақтау тәсiлдерi қолданылады. Уытты өндiрiс қалдықтарын (I-II қауiптiлiк сыныбы) залалсыздандыруды уытты өндiрiс қалдықтарын көму полигондарында жүзеге асырады.
27. Суда ерiмейтiн уытты ингредиенттерi бар II-III қауiпсiздiк сыныбының қатты және шаң тәрiздi қалдықтарын көмудi өндiрiс қалдықтары полигондарында қазаншұңқырларда жүзеге асырады. Қазаншұңқырларда қалдықтарды төгудi қабаттап тығыздау арқылы жүргiзедi. Қазаншұңқырлардағы қалдықтардың ең жоғары деңгейi жоспарланған белгiден төмен, қазаншұңқырлар аумағына iргелес кемiнде 2 метр (бұдан әрi – м) қарастырылады.
Қазаншұңқырларды жабдықтау кезiнде қазаншұңқырларға iргелес аумақтың енiн кемiнде 8 м қарастырады. Топырақтың сүзгiлеу коэффициентi тәулiгiне 6-10 метрден (бұдан әрi - м/тәу) аспағанда көмуге жол берiледi.
28. Шаң тәрiздi қалдықтарды көмудi осы қалдықтардың желмен таралуын болдырмауға кепiлдiк беретiн iс-шараларды есепке ала отырып қазаншұңқырларда жүргiзедi. Көмудiң тәулiктiк жұмыс алаңы ең аз болуы тиiс. Қазаншұңқырларға шаң тәрiздi қалдықтарды әрбiр тиегеннен кейiн оларды қалыңдығы кемiнде 20 сантиметр (бұдан әрi - см) топырақпен оқшаулайды.
29. Суда еритiн уытты заттары бар II-III қауiптiлiк сыныбының қатты және паста тәрiздi қалдықтары түбi мен бүйiр қабырғаларын қалыңдығы 1 м тығыздалған балшық қабатымен және полиэтилен қабықшадан жасалған қорғаныш қалқамен оқшаулау арқылы қазаншұңқырларда көмудi жүзеге асырылады.
30. Қазаншұңқырдың көмiлген учаскесiн топырақтың тығыздалған қабатымен жабады, оның үстiнен қазаншұңқырдың қалған бөлiгiн толтыру үшiн қалдықтарды тасымалдау жүзеге асырылады. Қалдықтарды топырақтың тығыздалған қабаты бойынша тасымалдау оны бұзбауы тиiс.
31. Нашар еритiн уытты заттары бар бiрiншi қауiптiлiк сыныбының қалдықтарын көмген кезде олардың топыраққа және жер асты суларына көшуiн болдырмау бойынша мынадай шаралар қабылдайды:
1) қазаншұңқырлардың түбi мен бүйiр қабырғаларын сүзгiлеу коэффициентi 10 м/тәу аспайтын кемiнде бiр метр балшық қабатымен қымтау;
2) қосылған жерлердi битум, гудрон немесе басқа да су өткiзбейтiн материалдар құю арқылы қазаншұңқырлардың түбiне бетон плиталар салу және қабырғаларын бекiту.
32. Бiрiншi қауiптiлiк сыныбына жататын, суда еритiн қалдықтарды көму қазаншұнқырларда болат контейнерлерде немесе бетон қораптарға салынатын, оларды толтырғанға дейiн және одан кейiн тұмшалануын екi рет бақылай отырып, қабырғаларының қалыңдығы кемiнде 10 миллиметр (бұдан әрi – мм) баллондарда жүргiзедi.
33. Қалдықтармен толтырылған қазаншұңқырларды қалындығы 2 м тығыздалған топырақ қабатымен оқшаулайды, содан кейiн гудроннан, тез қатаятын шайырдан, цементтi гудроннан жасалған су өткiзбейтiн жабынмен жабады.
34. Су өткiзбейтiн жабындар және тығыздалған қабаттар қазаншұңқырларға iргелес аумақтардан шығып тұрады. Су өткiзбейтiн жабындар қазаншұңқырлардың көлемiнiң әр жағынан 2-2,5 м шығып тұрады және көршi қазаншұңқырлар жабындарымен түйiседi. Түйiскен жерлер қазаншұңқырлар бетiндегi жауын-шашын және ерiген суларды арнайы буландыратын алаңға жинауға және шығаруға мүмкiндiк беретiндей етiп жасалады.
35. Қазаншұңқырлардың оқшаулайтын жабындарын, су бұратын арналарын жабдықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды, оларды толтыру тәсiлiн әр нақты жағдайда учаскенiң бедерiн, гидрогеологиялық жағдайларды, тиiстi механизмдердiң болуын есепке ала отырып шешедi.
36. Жағуға жататын өндiрiс қалдықтарын жою кезiнде жұмыс режимi 1000-1200 градус Цельсий температурамен (бұдан әрi – 0С) жұмыс iстейтiн пештердi пайдаланады. Полигонға ауыр металдар мен басқа да заттарды алудың тиiмдi әдiстерi әзiрленген өндiрiс қалдықтарын, өңдеуге жататын радиоактивтi қалдықтарды, мұнай өнiмдерiн қабылдауға жол берiлмейдi.
37. I-III қауiптiлiк сыныбының сұйық қалдықтарын полигонға шығару алдында паста тәрiздi консистенцияға айналдырады. Қалдықтарды сұйық күйiнде көмуге жол берiлмейдi.
3. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

38. Елдi мекендер аумағында тұтыну қалдықтарын жинауды, пайдалануды, қолдануды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды және көмудi мамандандырылған кәсiпорындар жүзеге асырады.
39. Инфекциялық стационарларын қоспағанда (оның iшiнде туберкулезге қарсы, терi-венерологиялық) қоғамдық тамақтану, сауда, жалпы бiлiм беру, санаторийлiк-курорт ұйымдарының және басқа объектiлердiң тағам қалдықтары қақпағы бар сыйымдылықтарға жиналады, салқындатылатын үй-жайларда немесе тоңазытқыш камераларда сақталады. Инфекциялық стациоонарларды қоспағанда (оның iшiнде туберкулезге қарсы, терi-венерологиялық және басқалары) тағам қалдықтарын малға тамақ ретiнде пайдалануға жол берiледi.
40. Иелiктегi үйлердiң, ұйымдардың, мәдени-көпшiлiк мекемелерi, демалыс аймақтары аумақтарында көлiк кiретiн жерлерi бар, қалдықтарды жинауға арналған контейнерлердi орналастыруға арналған арнайы алаңдар бөлiнедi. Алаңға су өткiзбейтiн жабын және бiртұтас қоршау орнатылады.
41. ҚТҚ жинауға арналған контейнерлердi қақпақпен жабдықтайды. Контейнерлерден алаңның шетiне дейiнгi қашықтық кемiнде 1 м көзделедi. Алаңды тұрғын және қоғамдық құрылыстардан, барлық бейiндегi ұйымдардан, спорт алаңдарынан және халықтың демалатын орындарынан кем дегенде 25 м және 100 м артық емес қашықтықта орналастырады.
42. Контейнерлердiң есептi мөлшерi қалдықтардың iс жүзiндегi жиналуына сәйкес келуi тиiс.
Орнатылатын контейнерлердiң санын есептеудi қоқыс жинағыштарды пайдаланатын халықтың санын, қалдықтардың жиналу нормасын, олардың сақталу мерзiмiн есепке ала отырып жүргiзедi.
Контейнерлерде қалдықтарды сақтау мерзiмiн 0 0С температурада және одан төмен болғанда 3 тәулiктен асыруға, температура плюс болғанда 1 тәулiктен асыруға жол берiлмейдi.
43. ҚТҚ жинау үшiн абаттандырылған тұрғын үй қорында контейнерлер, жекеменшiк үй иелiгiнде (ағаш, металл және басқа) қақпағы бар еркiн конструкциялы сыйымдылықтарды пайдалануға жол берiледi.
44. Орталықтандырылған сумен жабдықтау, кәрiз жүйелерiне қосылған тұрғын объектiлерi, ұйымдар мен кәсiпорындар аумағында қоқыс жинауға арналған аулалық қондырғылар, қазылған қоқыс төгетiн орлар мен алаңдар салуға немесе қайтадан жабдықтауға жол берiлмейдi.
45. Сұйық қалдықтарды жинау үшiн су өткiзбейтiн оры бар және нәжiстi бөлуге арналған қақпағы мен торымен жер бетi бөлiгi бар қоқыс төгетiн орларда жүзеге асырылады. Аулалық дәретхана бар жерлерде қоқыс төгетiн орлар жалпы болуы мүмкiн.
46. Кәрiзденбеген аулалық және қоғамдық дәретханалар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар ойнайтын алаңнан және дем алатын орындардан кем дегенде 25 м қашықтыққа, құдықтан, бұлақ көзiнен кем дегенде 50 м қашықтыққа алшақтатады.
47. Көп қабатты тұрғын үй құрылысы аудандарында алаңның шетiнен 1,5 м радиустағы контейнер алаңына iргелес аумақта қажеттiлiгiне қарай ҚТҚ-дан жоспарлы-тұрақты тазарту жүргiзедi.
48. Қалдықтарды тасымалдауға арналған көлiктердiң санын салынып жатқан учаскенiң iс жүзiнде дамуын және нақты елдi мекеннiң жергiлiктi жағдайларын есепке ала отырып анықтайды.
49. Көлiк құралдарын жууға арналған алаңды шаруашылық аймағынан тыс жерде орналастырады. Алаңда салқын су келтiрiлген жуу бөлiмшесi қарастырылады. Таза және лас контейнерлердiң және полигонға келетiн қоқыс тасығыштардың көлiк ағындары қиылыспауы тиiс.
50. Су құбыры суы жоқ болғанда контейнерлердi жуу сыртқы ауаның температурасы плюс 50С-ден жоғары болғанда су себетiн машиналармен жүзеге асырылады.
51. Контейнерлер мен автокөлiктi жуған шайынды сулар булану үшiн карталарға жiберiледi немесе ҚТҚ-нды ылғалдандыру үшiн пайдаланылады.
52. Полигоннан шығатын жерде қоқыс тасымалдағыштардың дөңгелектерiн залалсыздандыруға арналған дезинфекциялаушы бетон ванна орнатады. Ваннаның ұзындығы кемiнде 8 м, енi 3 м, тереңдiгi 0,3 м болып қарастырылады.
53. Полигонның барлық аумағының периметрi бойынша жеңiл қоршау немесе тереңдiгi 2 м астам кептiретiн траншея немесе биiктiгi 2 м аспайтын топырақ үйiндiлерiн орнатады.
4. Денсаулық сақтау объектiлерiнде жиналатын қалдықтарды жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

54. Медициналық қалдықтар қауiптiлiк дәрежесi бойынша мынадай 5 қауiптiлiк сыныбына бөлiнедi:
А сыныбы – ҚТҚ ұқсас қауiптi емес медициналық қалдықтар;
Б сыныбы – қауiптi (қатерлi) медициналық қалдықтар;
В сыныбы – төтенше қауiптi медициналық қалдықтар;
Г сыныбы – құрамы бойынша өнеркәсiп қалдықтарына ұқсас медициналық қалдықтар;
Д сыныбы – радиоактивтi медициналық қалдықтар;
55. Медициналық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын адамдар көлiк құралына тиеген сәттен бастап белгiленген орында оларды қабылдағанға дейiн олармен қауiпсiз жұмыс iстеу шараларын сақтауы тиiс.
56. Медициналық қалдықтарды жинау, қабылдау және тасымалдау бiр рет қолданылатын пакеттерде, сыйымдылықтарда, қауiпсiз кәдеге жарату қораптарында (бұдан әрi – ҚКЖҚ), контейнерлерде жүзеге асырылады. Медициналық қалдықтардың әр сыныбы үшiн контейнерлердiң, сыйымдылықтар мен пакеттердiң бояуы таңбалануы әртүрлi болуы тиiс. Контейнерлердiң конструкциясы су өткiзбейтiн болуы, бөтен адамдардың олардың iшiндегiмен жанасу мүмкiндiгiн болдырмауы тиiс.
57. Медициналық қалдықтарды қолмен нығыздауға және медициналық қалдықтарды жинауды, сұрыптауды жеке қорғаныш құралынсыз жүзеге асыруға жол берiлмейдi.
58. Б сыныбының медициналық қалдықтары арнайы қондырғыларда залалсыздандырылады.
59. Пайдаланылған шанышқылы және басқа да өткiр заттар (инелер, қауырсын тәрiздi құралдар, ұстаралар, ампулалар) алдын ала сұрыпталмастан кәдеге жаратылатын ҚКЖҚ-на қабылданады.
60. Инфекциялық емес науқастардың операциялық бөлiмшелерiнiң органикалық қалдықтары (ағзалар, тiндер) бейiттердiң арнайы бөлiнген орындарында көмуге жатады.
61. Пайдаланылған люминесценттi шамдар, құрамында сынабы бар аспаптар мен жабдықтар сақтау және тасымалдау кезiнде сынуын болдырмайтын тығыз жабылатын сыйымдылықтарда тасымалданады және сақталады.
62. Медициналық қалдықтарын жағу өнiмдерi немесе күл А сыныбының қалдықтары сияқты жойылады.
63. Г сыныбының медициналық қалдықтарын көму уытты заттарға арналған полигондарда жүзеге асырылады.
64. Медициналық қалдықтарды тасымалдауға су өткiзбейтiн жабық кузовпен жабдықталған, дезинфекциялық оңай өңделетiн көлiк құралында көлiкке Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар болғанда жол берiледi.
65. Медициналық қалдықтарды түсiргеннен кейiн көлiк құралы жуылады және дезинфекцияланады, таза күйiнде ұсталады.
66. Медициналық қалдықтарды объектiлер мен елдi мекендердiң аумағында арнаулы қондырғылардан тыс жағуға тыйым салынады.
67. Медициналық қалдықтарды термиялық тәсiлмен залалсыздандыру (жағу) медициналық қалдықтарға термиялық әсер ету жолымен 800-10000С температурада жүргiзiледi.
68. Медициналық қалдықтар залалсыздандыруға қалдықтардың сыныбы мен көлемi көрсетiлген, объектiнiң басшысы (жауапты тұлғасы) қол қойған iлеспе актiсi бар болғанда қабылданады.
69. Медициналық қалдықтарды қабылдау қаптамаланған күйде, арнайы журналда сапалық және сандық есепке ала отырып жүзеге асырылады.
70. Медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған арнайы қондырғыны дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес орналастыру және пайдалану қажет.
71. Медициналық қалдықтарды сұрыптауға және уақытша сақтауға арналған бөлменiң алаңы кемiнде 12 м2 болуы тиiс және iшке сору-сыртқа шығару желдеткiшiмен, биологиялық қалдықтарды сақтауға арналған тоңазытқыш жабдығымен, стеллаждармен, медициналық қалдықтар бар пакеттердi жинауға арналған контейнерлермен, таразымен, ыстық және суық су келтiрiлген раковинамен, бактерицидтi шаммен жабдықталады. Әр үй-жайда сыйымдылықтарды жууға, сақтауға және залалсыздандыруға арналған жағдайлар жасалады. Қызмет көрсететiн персонал үшiн жеке арнайы киiм бөлiнедi.
72. Медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайдың еденi, қабырғасы, төбесi жуу және дезинфекциялау құралдарына төзiмдi материалдардан жасалады.
73. Негiзгi үй-жайлардан басқа персонал үшiн алаңы кемiнде 6 м2 үй-жайлар, жинау мүкаммалына, жуу және дезинфекциялау құралдарына, жуатын айналым ыдысына (бар болғанда) арналған қойма кемiнде 4 м2 бөлiнедi.
74. Жуу бөлмесi ағынды салқын және ыстық су келтiрiлген ваннамен немесе еденге түсетiн кранмен жабдықталады. Персоналдың жеке гигиена қағидаларын сақтауы үшiн қолды жууға және кептiруге арналған құралдармен жарақталған, салқын және ыстық су келтiрiлген раковина бөлiнедi.
75. Объектiнiң басшысы алдын ала (жұмысқа тұру алдында) және мерзiмдiк медициналық тексерулер жүргiзудi қамтамасыз етедi. Жұмыскерлердiң жеке медициналық кiтапшалары жұмыс орнында сақталады.
76. Медициналық қалдықтарды көму орындарында мынадай жеке гигиена талаптары сақталады:
1) жұмыс қорғаныш бетпердесiмен, экрандармен, бiр рет пайдаланылатын резеңке, латекс қолғаптармен жүзеге асырылады;
2) жұмыс орнында темекi шегуге және тамақ iшуге жол берiлмейдi;
3) жұмыс арнайы киiмде жүзеге асырылады;
4) жеке және арнайы киiмдер шкафтарда сақталады.
5. Полигондардың құрылысына, күтiп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

77. Өндiрiс қалдықтарын көмуге арналған полигон үшiн учаскенiң көлемi қалдықтардың 20-25 жыл бойы жиналу мерзiмiне қарай белгiленедi.
78. Полигонға арналған орындарды бөлек, құрылыстан бос, желденетiн, жауын-шашын, ерiген және тасыған сулар баспайтын, инженерлiк шешiмдердiң орындалуына жол беретiн, елдi мекендердiң және жаппай демалу, шаруашылық сумен жабдықтау, минералды көздер, ашық су қоймалары және жер асты сулары орналасқан аймақтардың ықтимал ластануын болдырмайтын аумақтарда қарастырады.
79. Полигонды: басым бағыттағы желдi ескере отырып, елдi мекендердiң ық жағында; өзен ағысы бойынша шаруашылық-ауыз сумен жабдықтаудың су алу орындарынан төмен; ашық су қоймаларының су алу аймақтарынан, қыстау орларынан, балықтардың жаппай уылдырық шашу және семiрту орындарынан төмен және шекарасынан тыс орналастырады.
80. Полигонды жер асты сулары 20 м артық тереңдiкте жатқан және сүзгiлеу коэффициентi 10 м/тәул жоғары емес өткiзгiштiгi аз жыныстармен жабылған учаскелерде орналастырады. Полигон түбiнiң негiзiн жер асты суларының ең жоғары негiзгi тұрағынан кемiнде 4 м орналастырады. Қабырғалары мен түбi сумен оқшаулау арқылы орнатылады.
81. ҚТҚ полигондарын көлемi полигонның шекарасынан тұрғын үйлердiң шекарасына дейiн кемiнде 3000 м болатын СҚА бар елдi мекеннiң шекарасынан тыс орналастырады. СҚА көлемдерi атмосфераға түсетiн газ тәрiздi заттар рұқсат етiлген шектi шоғырланудан (бұдан әрi – СҚА) асқан кезде түзетiледi. СҚА-ның ең аз көгалдандыру алаңы 50 %-ды құрайды. Қоныстану аумағы жағынан енi 50 м кем болмайтын ағаш-бұталы өсiмдiктер алабы көзделедi.
82. Полигонды тұрғын үй құрылысының резервтi, өндiрiстiк объектiлердi кеңейту аумақтарында, рекреациялық аймақтарда, өзендер алқабында, жыраларда, топырағы бурыл учаскелерде, карс процестерi дамитын жерлерде, пайдалы қазбалар орналасқан аумақтарда, жер асты ауыз су көздерiнiң қоректену аймағында орналастыруға жол берiлмейдi.
83. Полигон аумағының елдi мекендер, өнеркәсiптiк кәсiпорындар, ауыл шаруашылығы алқаптары мен су ағысы бағытына қарай еңiсi 1,5% (бұдан әрi - %) аспайды.
84. Полигонның СҚА көлемi елдi мекендерге және ашық су қоймаларына дейiн, сондай-ақ рекреациялық мақсатта қолданылатын объектiлерге дейiн кемiнде 3000 м, ауыл шаруашылығы алқаптарынан және транзиттi жолдардан кемiнде 200 м және рекреациялық мақсатқа арналмаған орман алқаптарынан, орман алаңдарынан кемiнде 50 м құрайды.
85. IV қауiптiлiк сыныбының өндiрiс қалдықтары шектеусiз қабылданады және оқшаулағыш материал ретiнде пайдаланылады. Бұл қалдықтар сулы сығындыда ҚТҚ-ның сүзгi деңгейiнде уытты заттардың (1 килограмм қалдыққа 1 литр су) болуымен, оттегiге биохимиялық қажеттiлiк (бұдан әрi – ОБҚтолық) көрсеткiшiмен және 1 литрге 300 миллиграмнан (бұдан әрi - мг/л) артық емес оттегiге химиялық қажеттiлiк (бұдан әрi - ОХҚ) көрсеткiшiмен сипатталуы тиiс, фракцияларының көлемi 250 мм аспайтын бiркелкi құрылымы болады.
ҚТҚ полигонына шектеусiз қабылданатын және оқшаулағыш материал ретiнде пайдаланылатын IV қауiптiлiк сыныбының өндiрiс қалдықтарының тiзбесi осы Санитариялық қағидалар 1-қосымшада келтiрiлген.
Полигонға шектеулi қабылданатын және бiрге сақталатын III-IV қауiптiлiк сыныбының өндiрiс қалдықтарының тiзбесi (ҚТҚ 1000 м3 арналған норматив) осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада келтiрiлген.
Шектеулi мөлшерде қабылданатын және ерекше жағдайларды сақтай отырып жиналатын III-IV қауiптiлiк сыныбының өндiрiс қалдықтарының тiзбесi осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада келтiрiлген.
86. Полигон аумағы екi аймаққа бөлiнедi: ҚТҚ жинау аймағы және шаруашылық-тұрмыстық объектiлердi орналастыру аймағы.
Жинау аймағын полигон әкiмшiлiгi жасаған пайдалану картасының кестесiне сай, кезекпен қалдықтармен толтырылатын бөлек учаскелерге (карталарға) бөледi.
87. Полигон персоналы үшiн тұрмыстық үй-жайлар қарастырылады. Тұрмыстық үй-жайлар құрамына тамақтануға арналған бөлме және арнайы киiмдердi сақтауға арналған бөлме, ыстық және салқын су келтiрiлген санитариялық торап және себезгi бөлмесi көзделедi.
88. Полигондар персоналы арнайы киiммен және арнайы аяқ киiммен (жыл мезгiлiне байланысты), жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етiледi. Қалдықтарды көму полигонында жұмыс iстейтiн персоналдың арнайы киiмi жеке үй-жайда күн сайын арнайы өңделуге (детоксикация) жатады.
89. Қатты және сұйық қалдықтарды жинаумен, кәдеге жаратумен, тиiстi құрылыстарды пайдаланумен айналысатын персонал жұмысқа тұру алдында алдын ала және мерзiмдiк медициналық тексеруден өтедi.
90. Жинау аймағының барлық алаңы (учаскесi) бойына тығыздалған ҚТҚ-ның аралық және түпкiлiктi көму үшiн топырақ алуға арналған қазаншұңқыр қарастырылады. Қазаншұңқырлардың топырағын полигонның периметрi бойынша үйiндiмен жинайды.
91. Полигонда түсетiн қалдықтардың құрамына бақылау және есепке алу, қалдықтарды полигонның жұмыс iстеп тұрған бөлiгiне бөлу, қалдықтарды оқшаулау бойынша технологиялық цикл қамтамасыз етiледi.
92. ҚТҚ полигонына тұтыну қалдықтары және өндiрiс қалдықтарының кейбiр түрлерi (III-IV қауiптiлiк сыныбы), сондай-ақ сыныбы тәжiрибелiк әдiстерiмен анықталатын қауiпсiз қалдықтар қабылданады.
93. ҚТҚ бiрге жинау үшiн ылғалдылығы 85% аспайтын жарылысқа қауiптi емес және өздiгiнен тұтанбайтын өндiрiс қалдықтары қабылданады. Сұйық және паста тәрiздi қалдықтар ҚТҚ полигонына қабылданбайды.
94. Полигонда қалдықтар мен олардың мөлшерi көрсетiлген, қызмет көрсетiлетiн ұйымдардың тiзiмi (тiзбесi) болады.
95. III және IV қауiптiлiк сыныбының өндiрiс қалдықтары (осы Санитариялық қағидаларға 2, 3-қосымшалар) шектеулi мөлшерде қабылданады (қатты тұрмыстық қалдықтар массасының 30 %-нан асырмай) және сулы сығындыда ҚТҚ-ның сүзгi деңгейiнде уытты заттардың болуымен және оттегiнiң ОБҚ20 және ОХҚ 400-5000 мг/л мәндерiмен сипатталатын тұрмыстық қалдықтармен бiрге жиналады.
96. Полигонға шығарылатын қалдықтардың әрбiр партиясына өндiрiстiк объектiнiң басшылығы осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес анықтама ресiмдейдi.
97. ҚТҚ полигондарына химиялық қалдықтар мен эпидемиялық қауiп тудыратын, арнайы құрылыстарда залалсыздандырылмаған қалдықтарды қабылдауға жол берiлмейдi. Радиоактивтiлiгi бар қатты, сұйық және паста тәрiздi қалдықтарды залалсыздандыруды арнайы полигондарда жүзеге асырады.
98. Өлген малдың, конфискаттардың, ет комбинаттарының өлекселерiн ҚТҚ полигондарына қабылдауға жол берiлмейдi. Оларды залалсыздандыру мал өлекселерiн көмуге арналған орындарда, кәдеге жарату зауыттарында жүргiзiледi.
99. Полигонда қалдықтарды залалсыздандыру үшiн бурттарда далалық компостау әдiсi пайдаланылады, жылына 120000 м3 ҚТҚ қабылдайтын полигондар үшiн ҚТҚ-ды жинаудың траншея схемасын қолданады. Траншеялардың тереңдiгi 3-6 м және ал жоғарғы жағының енi 6-12 м болады. Траншеялар желдiң жиi соғатын бағытына перпендикуляр орналастырылады.
100. Траншеяларды қазу барысында алынған топырақ ҚТҚ толтырылғаннан кейiн оларды жабуға пайдаланылады. Ылғалдылығы 55% ҚТҚ жинауға арналған траншеялардың табаны (түбi) және орташа жылдық жауын-шашын көп болатын климаттық аймақтарда сазды топыраққа ену арқылы кем дегенде 0,5 м көзделедi.
101. Бiр траншеяның ұзындығын оны толтырудың мынадай уақытын есепке ала отырып:
1) температура 00С жоғары болған кезеңде 1-2 ай бойы;
2) температура 00С-ден төмен болған кезеңде топырақтың барлық тоңазу кезеңiне орнатады.
102. ҚТҚ-ны батпақты жердегi суларға және тасыған су басып кететiн учаскелерге тiкелей жинауға жол берiлмейдi. Мұндай учаскелердi ҚТҚ полигонына пайдаланғанға дейiн оны жер бетi немесе тасыған судың ең үлкен деңгейiнен 1 м асатын биiктiкке инерттi материалдармен үйiп қояды. Үйген кезде су өткiзбейтiн экран жасайды. 1 м төмен тереңдiкте жер асты суы болған жағдайда, жердiң бетiне топырақты алдын ала кептiре отырып, оқшаулағыш қабат жасайды.
103. Полигонның жасыл аймағында (периметрi бойынша) ҚТҚ-ның жер асты суларына әсерiн есептеу үшiн бақылау ұңғымалары орнатылады, олардың бiрi жер асты суларының ағысы бойынша полигоннан жоғары, 1-2 ұңғыма полигоннан төмен жерде орналастырылады.
104. Полигонға жеткiзiлетiн ҚТҚ мөлшерiн есепке алуды осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес арнайы журналда жүргiзедi.
105. ҚТҚ-ны жинау кезiнде жұмыс картасында қалдықтардың тығыздалған қабатын қалыңдығы 2,0 м топырақпен немесе басқа инерттi материалмен аралық немесе түпкiлiктi оқшаулауды жүзеге асырады. Жазық полигондарда қалдықтарды оқшаулауды жаз мезгiлiнде күн сайын, температура плюс 50С-тан төмен болғанда жинаған сәттен бастап 3 тәулiктен кешiктiрмей жүргiзедi.
106. Оқшаулағыш материал ретiнде мынадай шлактар мен/немесе өндiрiс қалдықтарын: әк, бор, сода, гипс, графит, асбоцемент, шифер қолданады.
107. ҚТҚ-ны қоқыс тасымалдағыштардан түсiргенде және жинағанда қалдықтардың жеңiл фракцияларын жұмыс iстеу үшiн желдiң басым бағытына перпендикуляр жылжымалы торлы қоршау орнатады. Ауысымына бiр реттен сиретпей жылжымалы қалқаншалармен ұсталатын қалдықтар жұмыс картасының бетi бойына жиналады және орналастырылады, үстiңгi жағынан топырақпен оқшаулайтын қабатпен тығыздалады.
108. Ашық су қоймаларына жер асты және бетiндегi жиналған ағындарды бұратын айналма арналар жүйелi түрде қоқыстан тазартылып отырады.
109. Полигонның аумағында ҚТҚ-ны жағуға жол берiлмейдi, ал олар өздiгiнен жанған жағдайда полигон персоналы өздiгiнен сөндiредi.
110. Полигонды жабуды оны жобада көзделген биiктiкте топырақпен жапқаннан кейiн жүзеге асырады. Пайдалану мерзiмi 5 жылдан кем полигондарда кейiнгi отыруды есепке ала отырып, көзделген тiк белгiден 10 %-ға асатын үдерiсте жабуға жол берiледi.
111. Полигонды жабу алдында қалдықтардың соңғы қабатын топырақтың сыртқы оқшаулағыш қабатымен түпкiлiктi жабады.
112. Сыртқы оқшаулағыш қабатты түпкiлiктi жоспарлаған кезде полигонның шеттерiне қарай су ағатын еңiстiктер орнатады.
113. Полигонның сыртқы еңiстерiн бекiтудi полигонды пайдаланудың басынан бастап оның биiктiгiнiң көтерiлу шамасына дейiн жүргiзедi. Полигонның сыртқы еңiстерiне арналған материал ретiнде топырақ пайдаланылады.
114. Полигонның жоғарғы оқшаулағыш қабатын құру полигон жабылғаннан соң оны пайдаланудың көзделген жағдайларымен анықталады. Жабық полигонды орман-саябақ кешенiн, шаңғы спортына арналған төбе немесе төңiректi көзбен шолуға арналған қарау алаңын салу үшiн пайдаланған кезде сыртқы оқшаулағыш қабаттың қалыңдығын кемiнде 0,6 м көздейдi.
115. Полигон еңiстерiнiң үгiлiп-мүжiлуiнен немесе топырағының шайылуынан қорғау үшiн сыртқы оқшаулағыш қабатты салғаннан кейiн оларды терраса түрiнде көгалдандырады.
116. Қайта құнарланатын полигон аумағын күрделi құрылысқа пайдалануға жол берiлмейдi.
117. Iстен шыққан карьерлер, жасанды жасалған қуыстар ластанған жауын-шашын және ағынды сулар жиналатын орын болып табылады. Осы аумақты шаруашылықта пайдалануға жарамды күйге қайтару үшiн оған қайта құнарландыру жүргiзедi.
118. Карьерлердi және басқа да жасанды жасалған қуыстарды инерттi қалдықтарды, ҚТҚ-ны және 3-4 қауiптiлiк сыныбы қалдықтарын пайдалана отырып жабуға жол берiледi. Қалдықтардың кез келген түрлерiн пайдалану кезiнде олардың морфологиялық және физикалық-химиялық құрамын анықтайды. Тамақ қалдықтарының жалпы мөлшерi 15 %-дан аспауы тиiс. Қалдықтарды орналастыруға арналған негiз қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонды жобалау, пайдалану және қайта құнарландыру бойынша белгiленген тәртiп талаптарын қанағаттандыруы тиiс.
119. Қайта құнарландырылатын карьерге арналған СҚА-ның мөлшерiн ҚТҚ-ның қоқыс тиеу станцияларына арналған СҚА-ның мөлшерiне тең қабылдайды және жақын орналасқан тұрғын үй құрылысынан кемiнде 100 м құрауы тиiс. Қайта құнарландырылатын карьердiң қоршауы және жұмысты орындауды қамтамасыз етуге арналған уақытша шаруашылық-тұрмыстық объектiлерi болады.
120. ҚТҚ полигоны мен өндiрiс қалдықтарын көму полигонында технологиялық бақылауды полигон зертханасы немесе аккредиттелген зертханаларды тарта отырып жүзеге асырады. Зертхана қалдықтардың фракциялық, морфологиялық және химиялық құрамын; контейнерлердi жуу режимдерiн сақтауды; атмосфералық ауаның, ашық су қоймалары суының, полигонның жұмыс аймағындағы және СҚА шекарасындағы жер асты суларының ластану жағдайын бақылайды.
121. Өндiрiстiк (зертханалық) бақылауды жер асты сулары ағысы бойынша полигоннан жоғары және төмен, сондай-ақ полигоннан жоғары жер асты су көздерiнде және полигоннан төмен су бұрғыш арналарда жүзеге асырады.
122. Полигонның iстен шыққан учаскелерi мен СҚА шекарасы үстiндегi атмосфералық ауа сынамаларын қоспалардың болуына талдауларды тоқсан сайын жүргiзедi. Анықталатын көрсеткiштердiң мөлшерiн және сынамалар мөлшерiнiң кезеңдiлiгiн полигонды өндiрiстiк бақылау жобасында негiздейдi. Атмосфералық ауа сынамаларын талдау кезiнде метан, күкiрттi сутек, аммиак, көмiртегi тотығы, бензол, үш хлорметан, төрт хлорлы көмiртек, хлорбензол анықталады.
123. Өндiрiс қалдықтарын көму полигонында қалдықтардағы бақыланатын зиянды заттар тiзбесi қалдықтар құрамына тәуелдi болады.
124. СҚА шекарасында атмосфераның РЕШШ-дан артық ластануы және жұмыс аймағында РЕШШ-дан артық екенi анықталғанда ластану деңгейiн төмендету бойынша шаралар қабылданады.
125. Өндiрiстiк бақылау жүйесi полигонның ықтимал әсер ету аймағындағы топырақтың жағдайына бақылауды қамтиды. Топырақтың сапасын химиялық (ауыр металдар, нитриттер, нитраттар, гидрокарбонаттар, органикалық көмiртегi, рН, цианидтер, қорғасын, сынап, күшәланың болуы), микробиологиялық (жалпы бактериологиялық сан, коли-титр, протей титрi), паразитологиялық (гельминт жұмыртқалары) және радиологиялық көрсеткiштер бойынша бақылайды.
6. Ағызу станцияларын күтiп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

126. Ағызу станцияларның диаметрi кемiнде 400 мм кәрiз коллекторының жанына орналастырады, бұл ретте ағызу станциясынан түсетiн ағынды судың мөлшерi коллектор бойынша жалпы есептi шығынның 20 %-нан аспауы тиiс.
127. Ағызу станциясына арналған учаскенi тұрғын және қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарға қатысты желдiң ық жағына орналастырады. Жер учаскесiнiң көлемi су ағынының 1000 литрiне 0,2 гектар есебiнен анықталады. Учаскеге кiретiн жолдар және аумақтың айналасына қорғайтын көгалдандыру жолағы көзделедi. Кiретiн жолдар мен аумақта түнгi уақытта жарықтандыру болуы тиiс.
128. Ағызу станциясы айналасындағы СҚА көлемi кемiнде 1000 м болады.
129. Ағызу станциясы өндiрiстiк және шаруашылық-ауыз су мақсатына арналған сумен мынадай есеппен қамтамасыз етiледi: бранспойттармен көлiк құралдарын жуу үшiн 30%, қабылдау құйғыштары арнасында сұйық қалдықтарды араластыру үшiн 25% және торлар бөлiмшесiнде және су шымылдығын жасау үшiн 45% және iшке сору-сыртқа шығару желдеткiшi болады.
130. Ағызу станциясында мынадай бөлiмшелер қарастырылады: iрi механикалық қоспаларды бөлуге арналған торлары бар қабылдау (тиеу) орны, құм тұтқыштар, iрi қоспалар және құмды арнайы жинағыштарда уақытша сақтауға арналған бөлiмше, әкiмшiлiк, тұрмыстық және қосалқы үй-жайлар. Әкiмшiлiк-тұрмыстық және қосалқы үй-жайларды өндiрiстiк үй-жайлармен бiрге бiр ғимаратта орналастырған жағдайда, олар оқшауланады және кiретiн есiктерi бөлек болады.
131. Вакууммен толтырылған автоцистернадан сұйық қалдықтарды төгудi қабылдау құрылғыларына алу түтiк құбырлары арқылы жүргiзедi.
132. Ағызу станциясынан түсетiн ағынды сулардың құрамында iрi механикалық қоспалар, құм болмауы тиiс және көрсеткiшi ОБКтолық 1000 л/мг жоғары болуы тиiс. Кәрiз желiсiне жiберу алдында жиналған сулар торларға және құм тұтқыштарға түседi. Торлар мен құм тұтқыштарды тазалау үдерiстерiн механикаландырады. Механикалық қоспалар мен құм тығыз жабылатын қақпағы бар арнайы ауыстырмалы жинағыштарға жиналады.
133. Сұйық қалдықтарға су 1:1 есебiнен су қосылады, қатты қоспаларды қоқыс үгiтетiн қондырғыларда ұсатады да кәрiзге жiбередi, ал олар болмаған жағдайда ҚТҚ-ды залалсыздандыру үшiн бөлiнген орындарға күнделiктi шығарылады.
134. Кәрiзденбеген елдi мекендерде қатты және сұйық қалдықтарды бөлек жинайды. Сұйық қалдықтар су өткiзбейтiн қазылған орларға жиналады және ассенизация алқаптарына немесе жер жырту алқаптарына ассенизациялау көлiгiмен шығарылады.
135. Ассенизация алқаптарын ыңғайлы кiретiн жолдары бар қоныстану аймағының шекараларынан кемiнде 1000 м арақашықтықта орнатады.
136. Алқаптарды жазғы және қысқы аумақтарға және бөлек учаскелерге (карталар) бөледi. Сұйық қалдықтарды жер жыртылған беттерге төгедi және 20 см тереңдiкке жердi жыртады. Қысқы учаскелердi күзден бастап жыртады және қыста төгедi, ал көктемде учаске кепкеннен кейiн қайта жыртады.
137. Ассенизация алқаптарында техникалық дақылдарды себуге жол берiледi және оларды көкөнiс дақылдарын себуге пайдалануға жол берiлмейдi.
138. Жер жырту мен ассенизация алқаптары қоршалады, көлiк жууға арналған алаңдарды белгiлейдi. Жұмысшыларға арналған үй-жай сумен және жарықтандырумен қамтамасыз етiледi.
«Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын
жинауға, пайдалануға, қолдануға,
залалсыздандыруға, тасымалдауға,
сақтауға және көмуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық
қағидаларына 1-қосымша
Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шектеусiз қабылданатын

және оқшаулағыш материал ретiнде пайдаланылатын IV қауiптiлiк

сыныбының өндiрiс қалдықтарының тiзбесi



р/с

Қалдықтар түрi

1

Алюминий силикатты шлам СБ-Г-43-6

2

Асбоцемент сынықтары

3

Асбоцемент ұнтағы

4

Бентонит қалдықтары

5

Кальций карбидiн өндiрудiң iстен шыққан графитi

6

В-6 витаминiн өндiрудiң құрамында гипс бар қалдықтары

7

Қайнайтын әк, әктас, сөнгеннен кейiнгi шлам

8

Химиялық тұндырылған бордың қатты қалдықтары

9

Iстен шыққан брикеттер түрiндегi алюминий тотығы

10

Кремний тотығы (ПВХ және AlCl3 өндiргенде)

11

Паратит қалдықтар

12

Натрий сульфаты тұздарының қоспасы

13

Селикагель (уытты емес газдарды кептiру адсорберлерiнен)

14

Сүзгi престердiң шламдары селикагель өндiрiсi

15

Соданың түйiршiктелген шламы

16

CaSO4 түрiнде дистилденген сода-цемент өндiрiсiнiң қалдығы

17

Құрамында ауыр металдар жоқ қалыптағы өзектi қоспалар

18

Химиялық суды тазалау және суды жұмсарту шламдары

19

Ағынды сулардың хлорлы-натрий тұнбалары

20

Стандартты емес хлорлы әк

21

Шифер өндiрiсiнiң қатты қалдықтары

22

ЖЭО, көмiрмен, шымтезекпен, тақта таспен немесе тұрмыстық қалдықтармен жұмыс iстейтiн қазандықтар шлактары

23

Ажарлау материалдары

24

Құрылыс қалдықтары: құрылыс топырағы, бетонның, ерiтiндiлердiң қалдықтары, ПГС, сынған кiрпiштер, керамикалық бұйымдардың, саманның, саздың қалдықтары және т.б.

«Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын
жинауға, пайдалануға, қолдануға,
залалсыздандыруға, тасымалдауға,
сақтауға және көмуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық
қағидаларына 2-қосымша
Полигонға шектеулi қабылданатын және бiрге сақталатын III-IV

қауiптiлiк сыныбының өндiрiс қалдықтарының тiзбесi (қатты

тұрмыстық қалдықтардың 1000 м3 арналған норматив)



р/с

Қалдықтар түрi

ҚТҚ-ның 1000 м3-не
өндiрiс қалдықтары
тоннамен
шектi мөлшерi

1

2

3

1

Сiрке ангидридi өндiрiсiнiң текше қалдықтары

3

2

резит қалдықтары (қатты формальдегид шайыры)

3

3

Көпiретiн полистирол пластиктерi өндiрiсiнiң қатты қалдықтары

10

Электрмен оқшаулау материалдары өндiрiсi кезiндегi қалдықтар:

1

Электротехникалық парақты гетиннакс Ш-8,0

10

2

Жабысқақ таспа ЛСНПЛ-0,17

3

3

ПНП полиэтилен түтiкше

10

4

Шыны лакты мата ЛСЭ-5

3

5

Шыны мата Э2-62

3

6

Электротехникалық парақты текстолит Б-16,0

10

7

Фенопласт 03-010-02

10

Суспензиялық, эмульсиялық өндiрiстiң қатты қалдықтары:

1

Акрилнитрол немесе метилметал крилат бар стирол сополимерлерi

3

2

Полистирол пластиктерi

3

3

Акрилонитрилбутадиенстирол пластиктерi

10

4

Полистиролдар

3

«Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын
жинауға, пайдалануға, қолдануға,
залалсыздандыруға, тасымалдауға,
сақтауға және көмуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық
қағидаларына 3-қосымша
Шектi мөлшерде қабылданатын және ерекше жағдайларды

сақтай отырып жиналатын III-IV қауiптiлiк сыныбының

өндiрiс қалдықтары тiзбесi



р/с

Қалдықтар түрi

Өнеркәсiп қалдықтарының шектi мөлшерi (1000 м3 ҚТҚ тоннасына)

Полигонда жинаудың немесе өнеркәсiптiк
кәсiпорындарда
дайындаудың ерекше
жағдайы

1

2

3

4

1

В-6 витаминi өндiрiсiнiң белсендiрiлген көмiр

3

0,2 м аспайтын қабатпен салу

2

Ацетобутилатцеллюлоза қалдықтары

3

ылғалданған жағдайда 0,3 х 0,3 х 0,3 м аспайтын мөлшерде бумамен сығымдау

3

Ағаш және үгiндi жаңқалы қалдықтары

10

Өндiрiстiк үй-жайларда едендерге төсеуге кететiн үгiндiлер болмауы тиiс

4

Хром құрағы

3

0,2 м дейiнгi қабатпен салу

5

Қайтарылмайтын
ағаш және қағаз ыдыстар

10

Майға шыланған қағаздар болмауы тиiс

6

Терiнi алмастыратын қиындылар

3

0,2 м аспайтын қабатпен салу

7

Ағартылған жер

3

0,2 м аспайтын қабатпен салу

8

Фаолит шаңы

3

Ылғалды түрде қаптарға салу

«Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын
жинауға, пайдалануға, қолдануға,
залалсыздандыруға, тасымалдауға,
сақтауға және көмуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық
қағидаларына 4-қосымша
Нысан
Полигонға жiберiлетiн өндiрiстiк қалдықтар туралы анықтама

Тiркеу № _______________
Қалдықтарды тапсырған кәсiпорынның атауы ____________________________
Жiберiлген күнi_______________ машина № _____________________________
Арнайы көлiк шаруашылығымен немесе полигонмен шарт № ________________
Қалдық түрлерiнiң атауы _____________________________________________
Мөлшерi: тоннамен _________________________________________________м3
Қолдары:
Қалдықтары тиедi ____________________________________________________
Қалдықтарды полигонға тапсырды ______________________________________
Қалдықтарды қабылдады _______________________________________________
Қабылданған күнi 20 __ жылғы «_____» ________________________________
Қабылданбады (себебiн көрсету) ______________________________________
---------------------------------------------------------------------
Анықтамаға бақылау талоны
(қалдықтарды тапсыратын кәсiпорынға берiледi) _______________________
Қалдықтарды тапсырған кәсiпорынның атауы ____________________________
Қабылданған күнi _______________________ автомашина № _______________
Қалдықтардың түрi _________________ мөлшерi т., м3___________________
Қалдықтарды қабылдаған адам _________________________________________
Қалдықтарды тапсырған адам __________________________________________
«Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын
жинауға, пайдалануға, қолдануға,
залалсыздандыруға, тасымалдауға,
сақтауға және көмуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық
қағидаларына 5-қосымша
Нысан
Қатты тұрмыстық қалдықтардың мөлшерiн есепке алуды журналы


Күнi

Ұйым анықтамасының тiркеу нөмiрi

Қалдықтардың тиеп жiберген ұйымның атауы

Қалдықтардың түрi

Қалдықтардың мөлшерi

Картаның
нөмiрi

тонна

м3

1

2

3

4

5

6


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina