ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Қаржылық қамтамасыз етудi қалыптастыру,...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Қаржылық қамтамасыз етудi қалыптастыру, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясында осындай қамтамасыз етудiң болуын растайтын құжаттарды ұсыну, сондай-ақ қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебiнен бюджет шығындарын өтеу қағидалары

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 11 наурыздағы № 307 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 11 наурыздағы
№ 307 қаулысымен
бекiтiлген
Қаржылық қамтамасыз етудi қалыптастыру, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясында осындай қамтамасыз етудiң болуын растайтын құжаттарды ұсыну, сондай-ақ қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебiнен бюджет шығындарын өтеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Қаржылық қамтамасыз етудi қалыптастыру, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясында осындай қамтамасыз етудiң болуын растайтын құжаттарды ұсыну, сондай-ақ қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебiнен бюджет шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 244-2-бабына сәйкес әзiрлендi және қаржылық қамтамасыз етудi қалыптастыру, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясында осындай қамтамасыз етудiң бар-жоғын растайтын құжаттарды ұсыну, сондай-ақ салық органдарының қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебiнен бюджет шығындарының орнын толтыруды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.
Осы Қағидаларда қолданылатын ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын мәндерде пайдаланылады.
2. Қаржылық қамтамасыз етудi қалыптастыру тәртiбi

2. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының (бұдан әрi – басқарушы компания) бюджет шығындарының өтеу үшiн қалыптастырылатын қаржылық қамтамасыз ету (бұдан әрi – қаржылық қамтамасыз ету) мынадай тәсiлдермен жүргiзiледi:
1) ақшалай;
2) банк кепiлдiгiмен;
3) кепiлгерлiкпен;
4) мүлiк кепiлдiгiмен;
5) сақтандыру шартымен.
Басқарушы компания қаржылық қамтамасыз етудi қалыптастыру тәсiлдерiнiң кез келгенiн, оның iшiнде екi немесе бiрнеше тәсiлдi құрамдастыру жолымен таңдайды.
Екi немесе бiрнеше тәсiлдi құрамдастыру жолымен қаржылық қамтамасыз етудi қалыптастыру тәсiлiн таңдаған кезде басқарушы компанияның қаржылық қамтамасыз етудiң бар-жоғын растайтын құжаттарды ұсынуы, қаржылық қамтамасыз етудi қалыптастыру және бюджет шығындарының орнын толтыру таңдалған тәсiлге байланысты көрсетiлген iс-қимылдарды реттейтiн осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң мәнi өзгерген жағдайда, басқарушы компания күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей, салық органына осы Қағидалардың 17-тармағының екiншi бөлiгiнде көзделген және айлық есептiк көрсеткiштiң жаңа мәнi негiзiнде ресiмделген құжаттарды ұсынады, оларды қарау осы Қағидаларда көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Бұл ретте басқарушы компания осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетiлген жағдайда да осы Қағидалардың 17-тармағының екiншi бөлiгiнде көзделген құжаттарды ұсынады.
3. Ақшалай қаржылық қамтамасыз етудi қалыптастыру тәртiбi

4. Ақшалай қаржылық қамтамасыз етудi қалыптастыру мақсаты үшiн шартты банк салымын ашуға арналған шарт жасалады.
5. Басқарушы компания қаржылық қамтамасыз ету қаражатын орналастыратын шартты банк салымын ашады.
Бұл ретте шартты банк салымы бiр уақытта мынадай шарттарға сәйкес келуi тиiс:
1) басқарушы компанияда қаржылық қамтамасыз ету қаражатына билiк ету мүмкiндiгiнiң болмауы;
2) айлық есептiк көрсеткiштiң мәнiн өзгерту нәтижесiнде шартты банк салымындағы ақшаны басқарушы компаниямен толтыру және (немесе) басқарушы компания берген iс жүзiнде тұтыну туралы құжаттардың негiзiнде салық төлеушiлерге iс жүзiнде қайтарылған ҚҚС асып кеткен сомаларын ұлғайту мүмкiндiгi;
3) бюджеттiң шығындарына әкеп соқтыратын iс жүзiнде тұтыну туралы құжаттарда қамтылған мәлiметтердiң дұрыс еместiгi белгiленген жағдайда, салық органында қаржылық қамтамасыз ету қаражатынан өсiмпұлды ескере отырып, бюджет шығындарының сомасына тең сомада ақшаны акцептсiз тәртiппен есептен шығару құқығының болуы;
4) салық органы тарапынан шартты банк салымындағы ақшаның қозғалысын бақылау мүмкiндiгi.
4. Банкi кепiлдiгi арқылы қаржылық қамтамасыз етудi қалыптастыру тәртiбi

6. Қаржылық қамтамасыз етудi қалыптастыру мақсаты үшiн салық органы екiншi деңгейдегi банктiң (бұдан әрi – ЕДБ) нарықтағы қызметiн кемiнде он жыл жүзеге асыруы шартымен ЕДБ берген банкi кепiлдiгiн ескередi.
7. Салық органы басқарушы компаниядан банк кепiлдiгiн алған кезде мұндай кепiлдiктi берген ЕДБ-ға 3 жұмыс күнi iшiнде оның дұрыстығы және/немесе мазмұны тұрғысынан жазбаша сауал жiбередi.
5. Кепiлгерлiк шарты арқылы қаржылық қамтамасыз етудi қалыптастыру тәртiбi

8. Қаржылық қамтамасыз етудi қалыптастыру мақсаты үшiн салық органы Қазақстан Республикасының азаматтық және салық заңнамаларына сәйкес кепiлгермен кепiлгерлiк шартын жасасады.
Бұл ретте заңды тұлға кепiлгер болады.
9. Кепiлгерлiк шарты жазбаша нысанда жасалады және нотариалдық расталады.
10. Кепiлгер қаржылық қамтамасыз ету қаражаты орналастырылатын шартты банк салымын ашады.
Бұл ретте шартты банк салымы бiр уақытта мынадай шарттарға сәйкес келуi тиiс:
1) кепiлгерде қаржылық қамтамасыз ету қаражатына билiк ету мүмкiндiгiнiң болмауы;
2) айлық есептiк көрсеткiштiң мәнiн өзгерту нәтижесiнде шартты банк салымындағы ақшаны басқарушы компанияның толтыру және (немесе) басқарушы компания берген iс жүзiнде тұтыну туралы құжаттардың негiзiнде салық төлеушiлерге iс жүзiнде қайтарылған ҚҚС асып кеткен сомаларын толықтыру мүмкiндiгi;
3) бюджеттiң шығындарына әкеп соқтыратын iс жүзiнде тұтыну туралы құжаттарда қамтылған мәлiметтердiң дұрыс еместiгi белгiленген жағдайда, салық органында қаржылық қамтамасыз ету қаражатынан өсiмпұлды есепке ала отырып, бюджет шығындарының сомасына тең сомада ақшаны акцептсiз тәртiппен есептен шығару құқығының болуы;
4) салық органы тарапынан шартты банк салымындағы ақшаның қозғалысын бақылау мүмкiндiгi.
6. Мүлiк кепiлдiгi арқылы қаржылық қамтамасыз етудi қалыптастыру тәртiбi

11. Қаржылық қамтамасыз етудi қалыптастыру мақсаты үшiн салық органы Қазақстан Республикасының азаматтық және салық заңнамаларына сәйкес басқарушы компаниямен мүлiк кепiлдiгi шартын жасасады.
12. Мүлiк кепiлдiгi шарты бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушының есебiн қоса бере отырып, кепiлдiк шартын жасасу туралы, кепiлдiкке қойылатын мүлiктiң нарықтық құнын бағалау туралы басқарушы компанияның жазбаша өтiнiшi түскен күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде басқарушы компанияның және осындай басқарушы компания тiркеу есебiнде тұрған салық органының арасында жасалады.
Кепiлдiк мүлкiнiң нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебi күнтiзбелiк он бес күннен бұрын емес басқарушы компанияның кепiлдiк шартын жасасу туралы жазбаша өтiнiшiн беру күнiне дейiн жасалады.
13. Мүлiк кепiлдiгi шарты мынадай шарттарды сақтаған кезде жасалады:
1) кепiлдiк шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келгенде;
2) кепiлдiкке ұсынылған мүлiк өтiмдi, жоғалтудан немесе зақымдаудан сақтандырылған болуы және оның нарықтық құны, оны өндiрiп алу бойынша шығыстарды қоса алғанда, Қағидалардың 17-тармағының екiншi бөлiгiнде көзделген қаржылық қамтамасыз ету сомасынан кем болмауы тиiс. Мыналар кепiлдiк заттары ретiнде қаралмайды:
тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерi;
энергияның электр, жылу және басқа түрлерi;
тыйым салынған мүлiк;
мемлекеттiк органдар шектеу салған мүлiк;
үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлiк;
тез бұзылатын шикiзат, тамақ өнiмдерi;
мүлiк құқықтары;
3) кепiлдiкке берiлетiн мүлiктi қайта кепiлдiкке қоюға жол берiлмейдi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде мүлiк кепiлдiгi шартын мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеу көзделген жағдайларда, басқарушы компания кепiлдiк шартын жасасқаннан кейiн оның тиiстi тiркеу органында тiркелуiн қамтамасыз етедi және кепiлдiк шартының тiркелгендiгiн растайтын құжатты тiркеген күннен бастап келесi күннен кешiктiрмей салық органына ұсынады.
7. Сақтандыру шарты арқылы қаржылық қамтамасыз етудi қалыптастыру тәртiбi

14. Сақтандыру ұйымдары Қазақстан Республикасының азаматтық және салық заңнамаларының нормаларына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде және көрсетiлген операцияларды жүргiзу тәртiбiн реттейтiн қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын есепке ала отырып, сақтандыру шарттарын берудi жүзеге асырады.
15. Қаржылық қамтамасыз етудi қалыптастыру мақсаты үшiн салық органы сақтандыру ұйымдары нарықта қызметiн кемiнде 10 жыл жүзеге асырған жағдайда, осындай сақтандыру ұйымдары берген сақтандыру шарттарын ескередi.
16. Басқарушы компания ұсынған сақтандыру шартының дұрыстығына және/немесе мазмұнына қатысты күдiк туындаған кезде, салық органы 3 жұмыс күнi iшiнде сақтандыру ұйымының осындай шартты жасасу фактiсiн растауы туралы сауал жiбередi.
8. Қаржылық қамтамасыз етудiң бар-жоғын растайтын құжаттарды басқарушы компанияның ұсынуы және оларды салық органдарының қарау тәртiбi

17. Қаржылық қамтамасыз етудiң бар-жоғы туралы хабардар ету мақсаты үшiн басқарушы компания өзi тiркеу есебiнде тұрған салық органына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш ұсынады.
Басқарушы компанияда республикалық бюджет туралы заңда белгiленген кемiнде 205000-еселенген айлық есептiк көрсеткiшке барабар сомаға қаржылық қамтамасыз етудiң бар-жоғын растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы Қағидалардың 3, 4, 5, 6 және 7-бөлiмдерiне сәйкес қаржылық қамтамасыз етудi қалыптастырудың таңдалған тәсiлiне (таңдалған тәсiлдерiне) байланысты құжаттар өтiнiшке қоса берiледi.
Салық органы осы тармақта көзделген өтiнiштi басқарушы компания ұсынған күнiнен бастап күнтiзбелiк 30 күн iшiнде оны қарайды.
18. Осы Қағидалардың 17-тармағының екiншi бөлiгiнде көзделген құжаттарды қабылдаған жағдайда, салық органы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қаржылық қамтамасыз етудi қабылдағанын растайтын жазбаша нысандағы құжатты басқарушы компанияға бередi.
Осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген жағдайда басқарушы компанияның түсiнiктеме ұсынбауы осы Қағидалардың 17-тармағының екiншi бөлiгiнде көзделген құжаттарды қабылдамауға негiз, сондай-ақ қаржылық қамтамасыз етудi қабылдау фактiсiн растамау болып табылады.
19. Салық органдары басқарушы компания ұсынған осы Қағидалардың 17-тармағының екiншi бөлiгiнде көзделген құжаттардың мазмұнында сәйкессiздiктердi анықтаған жағдайда, салық органы анықталған сәйкессiздiктер бойынша түсiнiктеме беру қажеттiгi туралы хат жiбередi, бұл ретте басқарушы компания 3 жұмыс күнi iшiнде осындай түсiнiктеме бередi.
20. Басқарушы компания берген әкелiнген тауарлардың арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына жауап беретiн қызметтi жүзеге асыру кезiнде iс жүзiнде тұтынылуы туралы құжаттардың (бұдан әрi – iс жүзiнде тұтынылуы туралы құжат) негiзiнде салық төлеушiлерге қайтарылған қосылған құн салығының (бұдан әрi – ҚҚС) асып кеткен сомаларын негiзге ала отырып, басқарушы компания iс жүзiнде қайтарылған ҚҚС асып кеткен сомаға қаржылық қамтамасыз ету сомасын ұлғайтуды көздейтiн осы Қағидалардың 17-тармағының екiншi бөлiгiнде көзделген құжаттар басқарушы компания есептiк тiркеуде тұрған салық органынан iс жүзiнде қайтарылған ҚҚС асып кеткен сомалары туралы мәлiметтер алған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде ұсынады.
Бұл ретте басқарушы компания берген нақты тұтынғандығы туралы құжаттардың негiзiнде басқарушы компания тiркеу есебiнде тұрған салық органына салық төлеушiлерге қайтарылған ҚҚС асып кеткен сомалары жөнiндегi ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi ұсынады.
21. Басқарушы компания таңдаған қаржылық қамтамасыз етудi қалыптастыру тәсiлi негiзiнде өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
1) ақшалай қалыптастыру кезiнде:
басқарушы компанияның құрылтай құжаттарының көшiрмелерi;
қаржылық қамтамасыз ету қаражаты орналастырылатын шартты банк салымын ашу шарты;
шартты банк салымында республикалық бюджет туралы заңда белгiленген кемiнде 205 000 еселенген айлық есептiк көрсеткiшке барабар сомаға қаражаттың бар-жоғы туралы банктiң үзiндi көшiрмесi;
2) банк кепiлдiгi арқылы қалыптастыру кезiнде:
басқарушы компанияның құрылтай құжаттарының көшiрмелерi;
басқарушы компания мен кепiлгер-банк арасында жасалған банк кепiлдiгiнiң шарты;
банк кепiлдiгi;
3) кепiлгерлiк шарты арқылы қалыптастыру кезiнде:
басқарушы компанияның құрылтай құжаттарының көшiрмелерi;
басқарушы компания мен кепiлгердiң арасында жасалған кепiлгерлiк шарты;
қаржылық қамтамасыз ету қаражаты орналастырылатын шартты банк салымын ашу шарты;
шартты банк салымында республикалық бюджет туралы заңда белгiленген кемiнде 205 000-еселенген айлық есептiк көрсеткiштен кем емес барабар сомаға қаражаттың бар-жоғы туралы банкiнiң үзiндi көшiрмесi;
4) мүлiк кепiлдiгi арқылы қалыптастыру кезiнде:
басқарушы компанияның құрылтай құжаттарының көшiрмелерi;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен мүлiк кепiлдiгi шартын мiндеттi мемлекеттiк тiркеу көзделген жағдайларда, кепiлдiк шартының тiркелгенiн растайтын құжат;
кепiлдiкке берiлетiн мүлiктiң нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебi;
5) сақтандыру шарты арқылы қалыптастыру кезiнде:
басқарушы компанияның құрылтай құжаттарының көшiрмелерi;
сақтандыру ұйымымен және басқарушы компания арасында жасалған сақтандыру шарты.
22. Салық органы осы Қағидалардың 17-тармағында көзделген, келiп түскен өтiнiштер мен құжаттар бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қаржылық қамтамасыз етудi есептеу бойынша журнал жүргiзiледi.
Қаржылық қамтамасыз етудi есептеу бойынша журнал нөмiрленедi, тiгiледi және салық органының мөрiмен бекiтiледi.
9. Қаржылық қамтамасыз ету қаражатының есебiнен бюджет шығындарының орнын толтыру тәртiбi

23. Iс жүзiнде тұтыну туралы құжатта қамтылған мәлiметтердiң дұрыс еместiгi белгiленген жағдайда, салық органы бюджет шығындарының орнын толтыру жөнiндегi шараларды қолға алады.
Бұл ретте бюджеттiң шығындарына әкеп соқтырған, iс жүзiнде тұтыну туралы құжатта қамтылған мәлiметтердiң дұрыс болмауын белгiлеу көздерi: салықтық тексерулер актiлерi, құқық қорғау органдарының материалдары, басқа мемлекеттiк органдардың ақпараты және т.б. болып табылады, бiрақ мұнымен шектелмейдi.
24. Бюджеттiң шығындарына әкеп соқтырған, iс жүзiнде тұтыну туралы құжатта қамтылған мәлiметтердiң дұрыс болмауының нәтижесiндегi бюджет шығындарының сомасын анықтау мақсаты үшiн ҚҚС асып кеткен сомасын заңсыз қайтару жүзеге асырылған салық төлеушiге қатысты салық органы салықтық тексеру жүргiзедi.
25. Осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетiлген салықтық тексеру нәтижелерi бойынша бюджеттiң шығындарына әкеп соқтырған, iс жүзiнде тұтыну туралы құжатта қамтылған мәлiметтердiң дұрыс болмауының нәтижесiнде салық төлеушiге заңсыз қайтарылған ҚҚС асып кеткен сомалары айқындалған жағдайда, салық органы Салық кодексiнде көзделген нысан бойынша және тәртiппен хабарлама шығарады.
26. Осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетiлген хабарлама орындалмаған жағдайда, осы хабарламаны тапсырған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде салық органы осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген тәртiппен қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебiнен бюджет шығындарының орнын толтыру бойынша шаралар қабылдайды.
Бюджеттiң шығындарына әкеп соқтырған, iс жүзiнде тұтыну туралы құжатта қамтылған мәлiметтердiң дұрыс болмауының нәтижесiнде ҚҚС асып кеткен сомаларын заңсыз қайтаруды жүзеге асырған салық төлеушi таратылған жағдайда, салық органы тiкелей қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебiнен бюджет шығындарының орнын толтыру бойынша шаралар қабылдайды.
Бұл ретте басқарушы компания дұрыс емес мәлiметтер ұсыну нәтижесiнде салық төлеушiлерге заңсыз қайтарылған ҚҚС асып кеткен сомаларын бюджеттiң кiрiсiне ерiктi түрде енгiзу туралы шешiм қабылдайды.
27. Басқарушы компания осы Қағидалардың 26-тармағының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген ҚҚС асып кеткен сомаларын бюджеттiң кiрiсiне ерiктi түрде аудармаған жағдайда, қаржылық қамтамасыз етудi қалыптастырудың таңдалған тәсiлiне байланысты бюджет шығындарының орнын толтыру мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
1) ақшалай қалыптастыру кезiнде:
салық органы басқарушы компанияның шартты банк салымынан ақшаны акцептсiз тәртiппен есептен шығарады;
2) банк кепiлдiгi арқылы қалыптастыру кезiнде:
салық органы бюджет шығындарының орнын толтыру туралы кепiл-банкке талап қояды;
3) кепiлгерлiк шарты арқылы қалыптастыру кезiнде:
салық органы кепiлгердiң шартты банк салымынан ақшаны акцептсiз тәртiппен есептен шығарады;
4) мүлiк кепiлдiгi арқылы қалыптастыру кезiнде:
салық органы сот тәртiбiмен кепiл затынан өндiрiп алады;
5) сақтандыру шарты арқылы қалыптастыру кезiнде:
салық органы бюджет шығындарының орнын толтыру туралы сақтандыру ұйымына талап қояды.
Қаржылық қамтамасыз етудi
қалыптастыру, арнайы
экономикалық аймақтың басқарушы
компаниясында осындай
қамтамасыз етудiң болуын
растайтын құжаттарды ұсыну,
сондай-ақ қаржылық қамтамасыз
ету қаражаты есебiнен бюджет
шығындарын өтеу қағидаларына
1-қосымша
___________________________________
(салық органының атауы)
___________________________________
___________________________________
(басқарушы компанияның атауы)
___________________________________

ЖСН/БСН, СТН (бар болса),
___________________________________
(заңды мекенжайы)
___________________________________
___________________________________
Өтiнiш

«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 244-2-бабына сәйкес қалыптастырылған қаржылық қамтамасыз ету бойынша құжаттарды қабылдауды сұраймын.
Қаржылық қамтамасыз етудi қалыптастыру тәсiлi: ________________
_____________________________________________________________________
Қосымша ____ парақта:
1. ____________________________________________
2. ____________________________________________
3. ____________________________________________
4. ____________________________________________
Күнi ______________
______________________________ ___________ __________________________
(басшының және (немесе) оны (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты)
алмастыратын тұлғаның лауазымы)
Қабылданды ________________________________
(күнi, салық органының мөртаңбасы)
_________________________________ ______ ___________________________
(салық органы маманының лауазымы) (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты)
Қаржылық қамтамасыз етудi
қалыптастыру, арнайы
экономикалық аймақтың басқарушы
компаниясында осындай
қамтамасыз етудiң болуын
растайтын құжаттарды ұсыну,
сондай-ақ қаржылық қамтамасыз
ету қаражаты есебiнен бюджет
шығындарын өтеу қағидаларына
2-қосымша
_________________________________
(басқарушы компанияның атауы)
_________________________________
ЖСН/БСН, СТН (бар болса),
_________________________________
(заңды мекенжайы)
_________________________________
_________________________________
________________________________ «Салық және бюджетке төленетiн
(салық органының атауы)
басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 244-2-бабына сәйкес қалыптастырылған қаржылық қамтамасыз ету қабылданғанын хабарлайды.
Күнi ______________
Мөрдiң орны
______________________________ ________ ___________________________
(салық органы басшысының және (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты)
(немесе) оны алмастыратын
тұлғаның лауазымы)
Қаржылық қамтамасыз етудi
қалыптастыру, арнайы
экономикалық аймақтың басқарушы
компаниясында осындай
қамтамасыз етудiң болуын
растайтын құжаттарды ұсыну,
сондай-ақ қаржылық қамтамасыз
ету қаражаты есебiнен бюджет
шығындарын өтеу қағидаларына
3-қосымша
Қаржылық қамтамасыз етудi есепке алу бойынша журнал


Р/с

Басқарушы компанияның атауы

Басқарушы компанияның заңды мекенжайы

Сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН/БСН)

Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТН) (бар болса)

1

2

3

4

5

кестенiң жалғасы


Қаржылық қамтамасыз етудi қалыптастыру тәсiлi

Қаржылық қамтамасыз ету сомасы (теңге)

Құжаттарды тапсырған басқарушы компания өкiлiнiң аты-жөнi

Құжаттарды қабылдаған салық органы лауазымды тұлғасының аты-жөнi

Қаржылық қамтамасыз ету бойынша құжаттардың қабылданған күнi

6

7

8

9

10


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina