ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Қазақстан Республикасының шегiнен тыс...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресiмдеу қағидалары

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 28 наурыздағы № 361 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 28 наурыздағы
№ 361 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты
жерге кетуге арналған құжаттарды ресiмдеу қағидалары

1. Осы Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресiмдеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шiлдедегi Заңына, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету тәртiбiн айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге кете алады және Қазақстан Республикасына кедергiсiз қайта оралады. Кету және қайта оралу Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бойынша жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша Қазақстан Республикасынан кетуiне рұқсат беруден уақытша бас тартылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге кетуi мемлекеттiк құпияларға рұқсатты ресiмдеу кезiнде еңбек шартында (келiсiмшартта) көзделген мерзiмге уақытша шектелуi мүмкiн.
4. Мемлекеттiк құпияларға рұқсаты болуына байланысты өзiнiң Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетуiн шектеу мүмкiндiгi бойынша өзiне мiндеттемелер алған және шетелге кетуге ниет бiлдiрген Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрi – құпия тасығыштар), көрсетiлген мiндеттемелерге өздерi қол қойған мемлекеттiк органдардың немесе басқа ұйымдардың (бұдан әрi – ұйымдар) басшыларынан шығуға алдын ала рұқсат алуға мiндеттi.
Ұйымдар қайта ұйымдастырылған жағдайда, құпия тасығыштардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кету мүмкiндiгi туралы шешiмдi олардың құқықтық мұрагерлерi болып табылатын ұйымдардың басшылары қабылдайды.
Құпия тасығыштардың кетуiне рұқсат беру туралы шешiмдi құпия тасығыштар алған мiндеттемелердi және олардың мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтермен нақты хабарланғанын ескере отырып, ұйымдардың басшылары дербес қабылдайды. Бұл ретте ол адамның мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтермен нақты хабарланғаны туралы қорытынды ұлттық қауiпсiздiк органдарына жiберiледi.
Ұйымдар жойылған (тартылған) кезде кету мүмкiндiгi туралы шешiмдi құпия тасығыштардың тұрғылықты жерi бойынша аумақтық ұлттық қауiпсiздiк органдарының басшылары қабылдайды.
Қазақстан Республикасынан тыс жерге кетуге рұқсат немесе дәлелдi бас тарту азаматтардың өтiнiштерiн қарау үшiн заңнамада белгiленген мерзiмде берiледi.
Қазақстан Республикасынан тыс жерге рұқсатсыз кеткен жағдайда құпия тасығыш Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiптiк немесе өзге де жауапкершiлiкке тартылады.
5. Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетудi халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) кетуге арналған құжаттарды ресiмдегеннен кейiн жүзеге асырады.
6. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету туралы өтiнiштi он сегiз жасқа толған адамдар, ал некеде тұрған адамдар он алты жастан бере алады. Балалардың және сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған азаматтардың құжаттарын олардың заңды өкiлдерi (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) бередi.
7. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету үшiн Қазақстан Республикасы азаматтарының өздерi немесе олардың заңды өкiлдерi тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтiнiш-сауалнама;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi мен паспорты, он алты жасқа толмаған балалардың туу туралы куәлiгi;
3) кететiн адамдардан алименттер алуға заң бойынша құқығы бар Қазақстан Республикасында тұратын адамдардың (ата-аналары, ортақ некеден кәмелет жасқа толмаған балалары бар болса, бұрынғы жұбайлар және басқалар) кетуге қарсы еместiгi туралы нотариалды куәландырылған өтiнiшi. Өтiнiш берушi қандай да болсын себеппен мұндай өтiнiштердi ала алмаған жағдайда, мәселе сот тәртiбiмен шешiледi;
4) әскери есептен шығарылғаны және әскери билеттi тапсырғаны туралы анықтама;
5) ата-анасымен не өзге де заңды өкiлдерiмен кету туралы шешiм қабылданған кезде он жасқа толған баланың пiкiрiн есепке алуы туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы;
6) он сегiз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бiрiмен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бiрге тұрақты тұруға кету кезiнде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын екiншi ата-анасының нотариалды түрде расталған келiсiмi. Ата-анасының бiрiнiң келiсiмi болмаған кезде, кәмелетке толмағанның кетуi сот тәртiбiмен шешiледi.
Азаматтардан басқа құжаттарды сұратуға жол берiлмейдi.
8. Өтiнiш берушiнiң тұрақты тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету туралы өтiнiш бiлдiрген азаматтарда Қазақстан Республикасынан тыс кетуiне бас тарту негiздерiнiң жоқ екендiгiне тексеру жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету туралы өтiнiш бiлдiрген азаматтарға қатысты уәкiлеттi органының сұрау салуын мүдделi мемлекеттiк органдар мемлекеттiк органдарға сұрау салу түскен сәттен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде қарайды.
9. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресiмдеу туралы шешiм осы Қағидалардың 8-тармағында санамаланған барлық құжаттар берiлген күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмей қабылданады.
Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кететiн Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың жасына қарамастан, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты ресiмделедi. Олардың жеке куәлiгi Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресiмдеген уәкiлеттi органға тапсырылады.
10. Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен кеткен және сол жерде тұрақты тұрғылықты тұруға ниет бiлдiрген Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының шет елдегi мекемелерiне өтiнiш бiлдiредi. Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
1. өтiнiш-сауалнама;
2. келген елдiң құзыреттi органдары берген тұрақты тұрғылықты тұруға рұқсат;
3. мөлшерi 4мм х 5мм 2 фотосурет;
4. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының көшiрмесi;
5. жеке куәлiгi;
6. он сегiз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бiрiмен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бiрге тұрақты тұруға қалған кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын екiншi ата-анасының нотариалды түрде расталған келiсiмi. Ата-анасының бiрiнiң келiсiмi болмаған кезде, кәмелет жасқа толмағанның кетуi сот тәртiбiмен шешiледi.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзiмi өткен жағдайда өтiнiш берушi түсiнiктеме бередi.
Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерi құжаттар қоса берiлген өтiнiштi Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресiмдеу үшiн өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасындағы соңғы тiркелген жерi бойынша уәкiлеттi органға жiбередi. Уәкiлеттi орган келiп түскен құжаттарды қарайды және өтiнiш берген сәтте Қазақстан Республикасының аумағында өтiнiш берушiнiң тұрақты тiркеуiнiң болуына қарамастан, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге рұқсатты ресiмдеу туралы шешiм қабылдайды.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina