ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Аса маңызды және жедел iске асыруды талап ететiн...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Аса маңызды және жедел iске асыруды талап ететiн мiндеттердi iске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттiк инвестицияларды әзiрлеу, қарау және iрiктеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 6 сәуiрдегi № 426 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 6 сәуiрдегi
№ 426 қаулысымен
бекiтiлген

Аса маңызды және жедел iске асыруды талап ететiн мiндеттердi iске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттiк инвестицияларды әзiрлеу, қарау және iрiктеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Аса маңызды және жедел iске асыруды талап ететiн мiндеттердi iске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттiк инвестицияларды әзiрлеу, қарау және iрiктеу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң (бұдан әрi - Бюджет кодексi) 151-бабының 8-тармағына сәйкес әзiрленген.
2. Осы Қағидалар аса маңызды және жедел iске асыруды талап ететiн мiндеттердi iске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттiк инвестицияларды әзiрлеу, қарау және iрiктеу тәртiбiн (бұдан әрi - кейiнге қалдыру шартымен бюджеттiк инвестициялар) айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi (бұдан әрi - ББӘ) - бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлауға, негiздеуге, iске асыруға және нәтижелерге қол жеткiзуге жауапты мемлекеттiк орган;
2) инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды - инвестициялық ұсыныста қамтылған инвестициялық жобаны бюджеттiк инвестициялық жоба ретiнде iске асырудың экономикалық орындылығы, жоба мақсаттарының стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарда белгiленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестiгi тұрғысынан мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның қорытындысы;
3) бюджеттiк инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды - бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiнiң экономикалық сараптамасының қорытындылары негiзiнде дайындалған, бюджеттiк инвестициялық жобаны iске асырудың экономикалық орындылығы, оның ел экономикасына әсерi мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкестiгi тұрғысынан мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның қорытындысы;
4) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы
арқылы бюджеттiк инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды - заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесiнiң экономикалық сараптама қорытындылары негiзiнде әзiрленген, бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асырудың экономикалық орындылығы, олардың ел экономикасына әсерi мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкестiгi тұрғысынан мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның қорытындысы;
5) кейiнге қалдыру шарты - аса маңызды және жедел iске асыруды талап ететiн мiндеттердi iске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрi — РБК) оң ұсыныстары бар бюджеттiк ннвестицияларды бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң РБК-ның оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай iшiнде жетiспейтiн құжаттаманы ұсыну шартымен республикалық бюджет жобасына енгiзу.
4. Бюджет кодексiнiң 152 және 156-баптарында белгiленген жоспарлау кезеңдерiнен өтпеген, бiрақ РБК-ның оң ұсынысы бар бюджеттiк инвестициялар кейiнге қалдыру шартымен республикалық бюджет жобасына енгiзiлуi мүмкiн.

Аса маңызды және жедел iске асыруды талап ететiн мiндеттердi iске асыруға бағытталған, РБК-ның оң ұсыныстары бар бюджеттiк инвестицияларды әзiрлеу, қарау және iрiктеу тәртiбi

5. Кейiнге қалдыру шартымен бюджеттiк инвестициялар:
1) бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бұдан әрi - БИЖ) iске асыру;
2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы;
3) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру арқылы жүзеге
асырылады.
6. Бюджеттiк инвестицияларды аса маңызды және жедел iске асыруды талап ететiн ретiнде анықтау үшiн инвестициялық жобалар және/немесе iс-шаралар жеке және заңды тұлғалардың қауiпсiздiгi мен тыныс-тiршiлiгiне қатер төндiретiн жағдайды болдырмауға, сондай-ақ елдiң әлеуметтiк-экономикалық және саяси тұрақтылығына қатер төндiретiн жағдайды болдырмауға, елдiң озық/жеделдетiлген әлеуметтiк-экономикалық дамуына бағытталуы тиiс және Қазақстан Республикасы Президентiнiң және/немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң тапсырмаларына, бағдарламалық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдардан алған ақпаратты қарау нәтижесi бойынша бюджеттiк инвестициялардың басым бағыттары және орта мерзiмдi кезеңге әлеуметтiк-экономикалық дамудың болжамды көрсеткiштерi негiзiнде кейiнге қалдыру шартымен бюджеттiк инвестицияларды iрiктеудi жүргiзедi.
Кейiнге қалдыру шартымен iрiктелген бюджеттiк инвестициялар үш жылдық мерзiмге арналған басым республикалық бюджеттiк инвестициялар тiзбесiнiң жобасына енгiзiледi және тиiстi жылдың 15 мамырына дейiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға хатпен енгiзiледi. Бюджеттiк инвестициялардың үш жылдық мерзiмге арналған басым республикалық бюджеттiк инвестициялар тiзбесiнiң жобасы мемлекеттiк және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдардың бiрлесiп қарауының қорытындысы бойынша РБК-ның қарауына енгiзiледi.
РБК-ның қарау қорытындысы бойынша РБК-ның оң қорытындысы бар, кейiнге қалдыру шартымен бюджеттiк инвестициялар үш жылдық мерзiмге арналған басым республикалық бюджеттiк инвестициялар тiзбесiне енгiзiледi және оны мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган тиiстi жылдың 15 тамызына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi.
8. Кейiнге қалдыру шартымен бюджеттiк инвестициялар РБК-ның
қарауына:
1) Қазақстан Республикасының Президентi және/немесе Қазақстан
Республикасының Премьер-Министрi тапсырмаларының көшiрмелерi;
2) жылдарға бөлiнген жоба құнының негiздемесi бойынша есептемелерi;
3) ББӘ-нiң жобаны iске асырудың орындылығына қорытындысы;
4) қажет болған жағдайда, мемлекеттiк және бюджеттiк жоспарлау
жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның сұрататын басқа да құжаттары болған жағдайда енгiзiледi.
Егер кейiнге қалдыру шартымен бюджеттiк инвестициялар бойынша жоба алды және/немесе жобалық құжаттама болған жағдайда, құжаттаманы да РБК-ның қарауына енгiзгенге дейiн ұсыну қажет.
9. Кейiнге қалдыру шартымен бюджеттiк инвестициялар аса маңызды
және жедел iске асыруды талап ететiн мiндеттердi iске асыруға бағытталған, Бюджет кодексiнiң 152 және 156-баптарында белгiленген жоспарлау кезеңдерiнен өтпеген, бiрақ РБК-ның оң ұсыныстары бар объектiлер бөлiнiсiнде жоспарлы кезеңге арналған инвестициялық жобаларды, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлiнiсiнде нысаналы даму трансферттерi мен кредиттердi қоса алғанда, басым республикалық бюджеттiк инвестициялардың тiзбесiне (бұдан әрi - тiзбе) енгiзiледi.
10. Тиiстi жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейiн тiзбе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы қаулысы шеңберiнде бекiтiледi.
11. Кейiнге қалдыру шартымен бюджеттiк инвестицияларды әзiрлеу және қарау Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 17 сәуiрдегi № 545 қаулысымен бекiтiлген Бюджеттiк инвестициялық жобаларды қарау, iрiктеу, iске асыруды мониторингiлеу және бағалау ережесiне, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнiң 2010 жылғы 22 шiлдедегi № 126 бұйрығымен бекiтiлген Қаржы-экономикалық негiздеменiң мазмұнына, оны әзiрлеу тәртiбi мен мерзiмiне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асыру жоспарланған бюджеттiк инвестицияларды iрiктеу тәртiбiнiң талаптарына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1343 қаулысымен бекiтiлген Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және iрiктеу, концессионердi таңдау жөнiндегi конкурсты өткiзу, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға мониторинг жүргiзу және олардың iске асырылуын бағалау және мемлекет кепiлгерлiктерiн беру немесе лимит көлемiн ұлғайту үшiн концессиялық жобаларды iрiктеу қағидаларына сәйкес iске асырылады.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina