ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Қазақстан Республикасының аумағына Кеден...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдiсiмен қосылған құн салығын төлеудi қолдану қағидалары
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1705 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1705 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына
мүше мемлекеттердiң аумағынан импортталатын тауарлар бойынша

есепке жатқызу әдiсiмен қосылған құн салығын төлеудi қолдану

қағидалары

1. Осы Қағидалар «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Енгiзу туралы заң) 49-1-бабына сәйкес әзiрленген және Заңның 49-1-бабында көрсетiлген, Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан импортталатын тауарлар бойынша (бұдан әрi – ҚҚС) есепке жатқызу әдiсiмен қосылған құн салығын төлеу тәртiбiн айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдiсiмен ҚҚС төлеу мынадай шарттарды орындағанда:
1) тауарлар Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен, қосылған құн салығын есепке жатқызу әдiсiмен төленетiн тауарлар тiзбесiне (бұдан әрi – Тiзбе) енгiзiлген;
2) Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың импорты бойынша есепке жатқызу әдiсiмен төленуге тиiс қосылған құн салығы сомасын қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияда көрсету бойынша және оларды мақсатты пайдалану туралы мiндеттеме (бұдан әрi – Мiндеттеме) салық қызметi органына табыс етiлген жағдайда жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.16 № 465 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
3. Мiндеттеменi ҚҚС төлеушi салық қызметi органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың жиырмасынан кешiктiрмей, Салық кодексiнiң 276-20-бабының 3-тармағында көрсетiлген импортталатын тауарлар мен құжаттар бойынша жанама салықтар жөнiндегi декларациямен бiр мезгiлде табыс етедi.
4. Мiндеттемеге Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан импортталатын тауарларды әкелу кезiнде шартқа (келiсiмшартқа) Қазақстан Республикасының кеден органы беретiн Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының коды бойынша қорытынды қоса берiледi. Бұл ретте егер шартта (келiсiмшартта) мұндай тауарды бiрнеше рет жеткiзу көзделген жағдайда, онда Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының коды бойынша қорытындының түпнұсқасы тек бiрiншi жеткiзу бойынша берiледi, ал кейiнгi жеткiзулер бойынша осындай қорытындының көшiрмесi берiледi.
5. Мiндеттеме екi данада толтырылады, оның бiреуi қабылданғаны туралы салық органының белгiсiмен салық төлеушiге қайтарылады.
6. Мiндеттеменiң негiзiнде тауарларды әкелу ҚҚС iс жүзiнде төлемей, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен акцизделетiн тауарлар бойынша акциздердi төлеу шартымен жүргiзiледi.
7. Мiндеттемеде көрсетiлген ҚҚС сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен есептеу және есепке жатқызумен бiр мезгiлде ҚҚС бойынша декларацияда көрсетiледi.
8. Мүлiктi қаржылық лизингке берудi қоспағанда, Енгiзу туралы заңның 49-1-бабында көрсетiлген тауарларды одан әрi өткiзуге ҚҚС салуға жатады.
9. Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген күннен бастап талап ету мерзiмi iшiнде Енгiзу туралы заңның 49-1-бабында айқындалған талаптар бұзылған жағдайда, әкелiнетiн тауарларға ҚҚС Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде тауарлар әкелу кезiнде ҚҚС төлеу үшiн белгiленген мерзiмнен бастап өсiмпұлдар есептеле отырып, төленуге тиiс.
Осы Қағидалардың ережелерi Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан лизинг шарттары (келiсiмшарттары) бойынша импортталған тауарларға да, сыйақы есептелмей, лизинг шартында көзделген лизинг төлемiнiң сомасына келетiн ҚҚС сомасы бөлiгiнде қолданылады.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 16 cәуiрдегi
№ 465 қаулысына
қосымша

Нысан

Тауарлардың импорты бойынша есепке жатқызу әдiсiмен төленуге
тиiс қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы

жөнiндегi декларацияда көрсету бойынша және оларды

мақсатты пайдалану туралы мiндеттеме

Ескерту. Қаулы қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.16 № 465 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

1-бөлiм. Жалпы ақпарат

Алушы/импорттаушы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы не дара кәсiпкердiң Т.А.Ә.)

Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi

Салық төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрi (БСН/ЖСН), егер бар болса

ҚҚС бойынша тiркеу есебiне қою туралы куәлiк сериясы
«____» _____ 20 ___ ж. берiлген
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(салық қызметi органының атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

2-бөлiм. Тауарлардың импорты бойынша есепке жатқызу әдiсiмен
төленуге тиiс қосылған құн салығының сомасын қосылған құн

салығы жөнiндегi декларацияда көрсету

Қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияда _________________________
____________________________________________________________________
(салық кезеңi)
үшiн есепке жатқызу әдiсiмен бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығының
(____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
______________________________ теңге сомасын көрсетуге мiндеттенемiн.
(сомасы жазбаша)

3-бөлiм. Қосылған құн салығын төлеу есепке алу әдiсiмен
жүргiзiлетiн тауарларды мақсатты пайдалану

Тауар ретiнде мыналар әкелiндi:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
тауарлардың атауы, СЭҚ ТН (сыртқы экономикалық қызметтiң
бiрыңғай тауар номенклатурасының коды)
Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының коды бойынша
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
20 ___ жылғы «____» ___ № ___ ________________________қорытындысы.
Осыған орай, қаржы лизингiне берудi қоспағанда, көрсетiлген тауарларды одан әрi сату үшiн емес, қатаң түрде мақсатты бағытына сәйкес пайдалануға мiндеттенемiн.
Көрсетiлген тауарлар мақсатсыз пайдаланылған жағдайда Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығының сомасы мен өсiмпұл төлеуге мiндеттенемiн.

___________________________________________________________/________/
(Салық төлеушiнiң Т.А.Ә.) (қолы)

Мiндеттеме тапсырылған күн 20 ___ жылғы «____» ____ № ____

_________________________________________________________ /_________/
(Мiндеттеменi қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.) (қолы)

Мiндеттеме қабылданған күн 20 ___ жылғы «____» _____________
Салық қызметi органының М.О.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina