ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Конвенции  »  Күштеп жоқ қылып жіберуден барлық адамдарды...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Конвенции

  Күштеп жоқ қылып жіберуден барлық адамдарды қорғауға арналған Халықаралық конвенция
Күштеп жоқ қылып жіберуден барлық адамдарды қорғауға арналған халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 15 желтоқсандағы N 104-IV Заңы

Нью-Йоркте 2006 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған Күштеп жоқ қылып жіберуден барлық адамдарды қорғауға арналған халықаралық конвенция ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының
Президенті Н. НАЗАРБАЕВ

Күштеп жоқ қылып жіберуден барлық адамдарды қорғауға арналған
Халықаралық конвенция
Кіріспе

Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер,
Біріккен Ўлттар Ўйымының Жарғысына сәйкес мемлекеттер адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын жалпыға бірдей құрметтеуге және сақтауға көмек көрсетуге міндетті екенін назарға ала отырып,
Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясын басшылыққа ала отырып,
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіге, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге және адам құқықтары, гуманитарлық құқық және халықаралық қылмыстық құқық салаларындағы басқа да тиісті халықаралық шарттарға сілтеме жасай отырып,
сондай-ақ Біріккен Ўлттар Ўйымы Бас Ассамблеясы оның 1992 жылғы 18 желтоқсандағы 47/133 қарарымен қабылдаған Күштеп жоқ қылып жіберуден барлық адамдарды қорғау туралы декларацияға сілтеме жасай отырып,
қылмыс, халықаралық құқықта келтірілген белгілі бір жағдайларда адамзатқа қарсы қылмыс болып табылатын күштеп жоқ қылып жіберудің төтенше қауіптілігін сезіне отырып,
күштеп жоқ қылып жіберудің алдын алудың және күштеп жоқ қылып жіберу қылмысы жасалған жағдайда жазасыздыққа қарсы күрестің батылдығын терең сезіне отырып,
әрбір адамның күштеп жоқ қылып жіберуге ұшырамау құқығын және құрбандардың әділ сотқа және келтірілген залалды өтеттіру құқығынсезіне отырып,
әрбір құрбанды күштеп жоқ қылып жіберудің мән-жайлары және жоғалған адамның тағдыры туралы шындықты білу құқығын, сондай-ақ осы мақсат үшін ақпаратты кедергісіз жинау, алу және тарату құқығын растай отырып,
төмендегідей туралы келісті:

Бірінші бөлім

1-бап

1. Ешкім күштеп жоқ қылып жіберуге ұшырамауы тиіс.
2. Қандай да болсын ерекше жағдай, ол соғыс жағдайы немесе соғыс қаупі, ішкі саяси тұрақсыздық немесе басқа төтенше жағдай болсын, күштеп жоқ қылып жіберуге ақтау бола алмайды.

2-бап

Осы Конвенцияның мақсаты үшін кейіннен бас бостандығынан айыру немесе жоқ қылып жіберілген адамның тағдыры немесе орналасқан жері туралы фактіні танудан бас тартып, соның салдарынан бұл адам заңның қорғауынсыз қалған жағдайда мемлекет өкілдерінің немесе адамдардың немесе мемлекеттің рұқсатымен, қолдауымен немесе келісімімен әрекет ететін адамдар тобының тұтқынға алуы, ұстауы, ұрлауы немесе басқа да нысанда бас бостандығынан айыруы күштеп жоқ қылып жіберу болып есептеледі.

3-бап

Јрбір қатысушы мемлекет мемлекеттің рұқсатынсыз, қолдауынсыз немесе келісімінсіз әрекет ететін адамдар немесе адамдар тобы жасайтын 2-бапта белгіленген әрекеттерді тергеу үшін және осыған жауапты адамдарды әділ сотқа беру үшін тиісті шаралар қабылдайды.

4-бап

Јрбір қатысушы мемлекет күштеп жоқ қылып жіберуді оның қылмыстық құқығында құқық бұзушылық ретінде саралануын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдайды.

5-бап

Күштеп жоқ қылып жіберудің кең тараған немесе жүйелі практикасы адамзатқа қарсы қылмыс болып табылады, өйткені ол қолданылатын халықаралық құқықта белгіленеді және осындай қолданылатын халықаралық құқықта көзделген салдарларға әкеп соғады.

6-бап

1. Јрбір қатысушы мемлекет қалай болғанда да:
а) күштеп жоқ қылып жіберу актісін жасайтын, оны жасауды бұйыратын, айдап салатын немесе қозғау салатын, оған қастандық жасайтын, оның дем берушісі болып табылатын не оған қатысатын кез-келген адамды;
б) мыналарды:
і) оның шынайы билігіндегі және бақылауындағы қарамағындағылар күштеп жоқ қылып жіберу қылмысын жасағанын немесе жасауға ниеттенгенін білген немесе осыған анық нұсқайтын ақпаратты елемеген;
іі) күштеп жоқ қылып жіберу қылмысына байланысты әрекетке қатысты шынайы жауапкершілікте болған және шынайы бақылауды жүзеге асырған және;
ііі) күштеп жоқ қылып жіберу актісін жасауды болдырмау немесе жолын кесу үшін немесе осы мәселені тергеу және қылмыстық қудалау үшін құзыретті органдарға беру үшін өз өкілеттігі шеңберінде барлық қажетті және парасатты шаралар қабылдамаған бастықты қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында қажетті шаралар қабылдайды;
с) жоғарыдағы (b) тармақшасы халықаралық құқықта әскери командирге немесе іс жүзінде әскери командирдің функцияларын жүзеге асыратын адамға қолданылатын жауапкершілік туралы тиісті бұдан да қатаң нормаларға еш залалсыз қолданылады.
2. Мемлекеттік, азаматтық, әскери немесе өзге де органнан шығатын қандай да бір бұйрық немесе өкім күштеп жоқ қылып жіберу қылмысына ақтау бола алмайды.

7-бап

1. Јрбір қатысушы мемлекет күштеп жоқ қылып жіберу қылмысы үшін оның төтенше қауіптілігін ескере отырып, тиісті жазалау шараларын көздейді.
2. Јрбір қатысушы мемлекет:
а) күштеп жоқ қылып жіберу актісін жасауға қатысты бола тұра жоғалған адамның тірі қайтуына іс жүзінде ықпал еткен немесе күштеп жоқ қылып жіберу жағдайларын анықтауға немесе күштеп жоқ қылып жіберу актісін орындаушылардың жеке басын анықтауға көмектескен адамдар үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды;
б) жоғалған адам қаза болған жағдайда немесе жүкті әйелдерге, кәмелетке толмағандарға, мүгедектерге немесе басқа да ерекше әлсіз адамдарға қатысты күштеп жоқ қылып жіберу актісі жасалған жағдайда басқа қылмыстық рәсімдерге зиян келтірмей, жауаптылықты ауырлататын мән-жайларды көздей алады.

8-бап

5-бапқа зиян келтірмей,
1. Күштеп жоқ қылып жіберу актілеріне қатысты ескеру мерзімін қолданатын әрбір қатысушы мемлекет әрбір қатысушы мемлекет қылмыстық іс жүргізуде ескіру мерзімінің:
а) ұзақ және осы қылмыстың төтенше қауіптілігіне шамалас болуына;
б) оның ұзақ сипатын ескере отырып, күштеп жоқ қылып жіберу қылмысы аяқталған сәттен бастап есептелуіне қажетті шаралар қабылдайды.
2. Јрбір қатысушы мемлекет ескіру мерзімінің әрекет ету уақытында күштеп жоқ қылып жіберу құрбандарының тиімді құқықтық қорғау құралына құқығына кепілдік береді.

9-бап

1. Јрбір қатысушы мемлекет:
а) қылмыс оның қарауындағы кез-келген аумақта немесе осы мемлекетте тіркелген теңіз немесе әуе кемесінің бортында жасалған кезде;
б) ықтимал құқық бұзушы осы мемлекеттің азаматы болып табылған жағдайда;
с) жоғалған адам осы мемлекеттің азаматы болып табылған және бұл мемлекет оны мақсатқа сай деп есептеген жағдайда күштеп жоқ қылып жіберу қылмысына қатысты заң құзыретін жүзеге асыру құзырын белгілеу үшін қажетті шаралар қабылдайды.
2. Јрбір қатысушы мемлекет ықтимал құқық бұзушы оның қарауындағы кез-келген аумақта болған жағдайда, егер ол өзінің халықаралық міндеттемелеріне сәйкес оны қандай да бір басқа мемлекетке тапсырмаса немесе бермесе немесе құзыретін таныған халықаралық қылмыстық сотқа бермесе, күштеп жоқ қылып жіберу қылмысына қатысты құзыретін жүзеге асыруға өз құзырын белгілеу үшін қажетті шараларды қабылдайды.
3. Осы Конвенция ішкі құқыққа сәйкес жүзеге асырылатын ешқандай қосымша қылмыстық құзыретті жоққа шығармайды.

10-бап

1. Аумағында күштеп жоқ қылып жіберу қылмысының жасалуына күдікті адам жүрген әрбір қатысушы мемлекет осы адамды қамауға алуды қамтамасыз етеді немесе билігіндегі ақпаратты қарағаннан кейін жағдай осыны талап етеді деп есептесе, оның болуын қамтамасыз ету үшін қажетті барлық басқа да құқықтық шараларды қабылдайды. Осындай қамауда ұстау және басқа да осындай құқықтық шаралар осы қатысушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес және қылмыстық іс жүргізу әрекеттерімен, тапсыру немесе беру рәсімдерімен байланысты оның болуын қамтамасыз ету үшін қажетті мерзім ішінде ғана жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шараларды қабылдаған қатысушы мемлекет фактілерді анықтау үшін дереу алдын ала тергеу немесе тергеу жүргізеді. Ол 9-баптың 1-тармағында айтылған қатысушы мемлекеттерге өзінің құзыретін жүзеге асыру ниетінің бар-жоғын хабарлай отырып, осы баптың 1-тармағын жүзеге асыру үшін ол қабылдаған шаралар туралы, атап айтқанда қамауға алу туралы және оны жүргізуге негіз болған жағдайлар туралы, сондай-ақ ол жүргізген алдын ала тергеу немесе тергеу барысында жасалған қорытындылар туралы хабардар етеді.
3. Осы баптың 1-тармағын жүзеге асыру үшін қамауға алынған кез-келген адам өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің ең жақын өкілетті өкілімен немесе егер әңгіме апатрида туралы болса, өзінің әдетте тұратын мемлекетінің өкілімен дереу байланыса алады.

11-бап

1. Егер күштеп жоқ қылып жіберу қылмысының ықтимал орындаушысы
қатысушы мемлекеттің қарауындағы аумақта табылса және егер бұл мемлекет өзінің халықаралық міндеттемелеріне сәйкес аталған адамды басқа мемлекетке немесе құзыретін мойындайтын халықаралық қылмыстық сотқа бермесе немесе тапсырмаса, онда ол қылмыстық қудалау үшін бұл істі өзінің құзыретті органдарына жолдайды.
2. Бұл органдар шешімді кез-келген ауыр жалпы қылмыс жағдайындағыдай, осы қатысушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес шешім қабылдайды. 9-баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда қылмыстық қудалау және соттау түпмәтінінде қолданылатын дәлелдеу ережелері көрсетілген баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда қолданылатын дәлелдеу ережелеріне қарағанда қатаңдығы аз болып табылмайды.
3. Күштеп жоқ қылып жіберу қылмысын жасағаны үшін сот тәртібімен қудаланатын кез-келген адам сот талқылауының барлық сатыларында әділ қарау кепілдігін пайдаланады. Күштеп жоқ қылып жіберу қылмысын жасағаны үшін сотқа тартылған кез-келген адам заң негізінде құрылған құзыретті, тәуелсіз және әділ соттың немесе әскери соттың әділ талқылауына құқылы.

12-бап

1. Јрбір қатысушы мемлекет кез-келген қандай да бір адамның күштеп жоқ қылып жіберу құрбаны болғанын көрсететін тиісті фактілерді жедел және әділ қарайтын құзыретті органдарға ұсыну құқығына кепілдік береді және қажет болған жағдайда ұқыпты және әділ тергеу жүргізеді. Қажет болған жағдайда арызданушының, куәлердің, жоғалған адамның туысқандарының және олардың қорғаушысының, сондай-ақ тергеуге қатысушылардың заңсыз әрекетінің кез-келген нысанынан немесе шағымдану не қандай да бір түсініктер беру фактісіне байланысты қандай да болмасын қорқытудан қорғалуын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдайды.
2. Қандай да бір адамды күштеп жоқ қылып жіберу орын алғанын жорамалдауға саналы негіздемелер болған барлық жағдайда, осы баптың 1-тармағында аталған органдар ресми шағым болмаған жағдайда да тергеу жүргізеді.
3. Јрбір қатысушы мемлекет осы баптың 1-тармағында аталған органдарда:
а) тергеуді тиімді жүргізу үшін қажетті тергеуге қатысы бар құжаттамаға және басқа да ақпаратқа қол жеткізу рұқсатын қоса алғанда өкілеттіктердің және ресурстардың бар болуын;
б) қажет болған жағдайда анағұрлым жылдамырақ түрде ұсынылған соттың алдын ала санкциясымен кез-келген қамауға алу орнына және егер онда жоғалған адамның болуын жорамалдауға саналы негіздемелер болса, кез-келген басқа орынға қол жеткізу мүмкіндігінің болуын қамтамасыз етеді.
4. Јрбір қатысушы мемлекет тергеу жүргізуге кедергі жасайтын әрекеттердің алдын алу және жазалау үшін қажетті шаралар қолданады. Атап айтқанда ол күштеп жоқ қылып жіберу қылмысының жасалуына күдікті адамдардан арызданушыға, куәлерге, жоғалған адамның туысқандарына және олардың қорғаушысына, сондай-ақ тергеуге қатысатын адамдарға қатысты қысым жасау, қорқыту немесе қудалау жолымен тергеу барысына әсер етпеуін қамтамасыз етеді.

13-бап

1. Қатысушы мемлекеттер арасында беру мақсаттары үшін күштеп жоқ қылып жіберу қылмысы саяси қылмыс, саяси қылмыспен байланысты құқық бұзушылық немесе саяси себептер бойынша жасалған құқық бұзушылық ретінде қарастырылмайды. Сол себепті осы қылмыспен байланысты беру туралы өтінішті тек осы негізде ғана қабылдамауға болмайды.
2. Осы Конвенция күшіне енгенге дейін қатысушы мемлекеттер арасында жасалған беру туралы кез-келген келісімге сәйкес күштеп жоқ қылып жіберу қылмысы беруге әкеп соқтыратын қылмыстар санына кіргізуге жататын қылмыс болып есептеледі.
3. Қатысушы мемлекеттер күштеп жоқ қылып жіберу қылмысын кейіннен олардың арасында жасалатын беру туралы кез-келген келісім бойынша беруге әкеп соқтыратын қылмыстар санына кіргізуге міндеттенеді.
4. Беруді шарттың болуына негіздейтін қатысушы мемлекет беру туралы шарт жасаспаған басқа қатысушы мемлекеттен беру туралы өтініш алса, ол осы Конвенцияны күштеп жоқ қылып жіберу қылмысына қатысты беру үшін қажетті құқықтық негіздеме ретінде қарастыра алады.
5. Беруді шарттың болуына негіздемейтін қатысушы мемлекеттер өзара қатынастарда күштеп жоқ қылып жіберу қылмысын беруге әкеп соқтыратын қылмыс ретінде қарастырады.
6. Беру барлық жағдайда беру туралы өтініш білдірілген қатысушы мемлекеттің заңнамасында көзделген талаптарға немесе беру туралы қолданылатын шарттарға сәйкес, атап айтқанда беру мақсатында талап етілетін ең төмен жазаға қатысты талаптарға немесе олар бойынша беру туралы өтініш бағытталған қатысушы мемлекет оны жүзеге асырудан бас тарта алатындай немесе оны белгілі бір шарттармен ескерте алатындай себептерге сәйкес жүзеге асырылады.
7. Егер өтініш қандай да бір адамды оның жынысы, нәсілі, діни нанымы, ұлты, этникалық шығу тегі, саяси көзқарастары немесе белгілі бір әлеуметтік топқа қатыстылығы себебінен қудалау немесе жазалау мақсатында берілген немесе аталған өтінішті қанағаттандыру аталған адамға осы себептердің бірімен зиян келтіруі мүмкін деп пайымдауға негіз болса, осы Конвенцияның бірде бір ережесі беру туралы өтініш білдірілген қатысушы мемлекетті беруге міндеттейтін болып түсінілмеуі тиіс.

14-бап

1. Қатысушы мемлекеттер талқылау үшін қажетті өзінің өз қолындағы барлық дәлелдемелерді қоса алғанда, күштеп жоқ қылып жіберу қылмысы бойынша қозғалған қылмыстық істер бойынша ең толық өзара құқықтық көмек көрсетеді.
2. Бұл өзара көмек сұрау салынатын қатысушы мемлекет атап айтқанда, өзара құқықтық көмек беруден бас тартқан немесе оны қандай да бір талаптармен ескертуге байланысты себептерді қоса алғанда, осы өзара құқықтық көмек сұралатын қатысушы мемлекеттің ішкі құқығымен көзделген талаптарға немесе өзара құқықтық көмек көрсету туралы қолданылатын шарттарға сәйкес көрсетіледі.

15-бап

Қатысушы мемлекеттер бір-бірімен ынтымақтастықта болып, зорлық-зомбылықтан жоғалу құрбандарына жәрдемдесуге, жоғалған адамдарды іздестіруге, мекенжайын анықтауға және босатуға, ал қаза болған жағдайда - эксгумацияға, жоғалғандардың жеке басын анықтауға және олардың сүйегін қайтаруға жан-жақты көмек көрсетуге ықпал етеді.

16-бап

1. Егер оған күштеп жоқ қылып жіберудің құрбаны болу қаупі төніп тұр деп пайымдауға орынды негіз болса, бірде-бір қатысушы мемлекет қандай да бір адамды басқа мемлекетке жіберуге, қайтаруға, тапсыруға немесе беруге тиіс емес.
2. Осындай негіздемелердің бар-жоғын анықтау үшін құзыретті билік іске қатысты барлық мән-жайларды, оның ішінде, тиісті жағдайда аталған мемлекетте адам құқықтарын өрескел, дөрекі және көп бұзудың немесе халықаралық гуманитарлық құқықты өрескел бұзудың тұрақты тәжірибесінің болуын назарға алады.

17-бап

1. Ешкім қамауға жасырын алынбауға тиіс.
2. Қатысушы мемлекеттің бас бостандығынан айыруға қатысты басқа да халықаралық міндеттемелеріне зиян келтірместен, әрбір қатысушы мемлекет өз заңнамасында:
а) бас бостандығынан айыру туралы бұйрықтар берілетін жағдайларды белгілейді;
b) бас бостандығынан айыру туралы бұйрықтарды беруге уәкілетті органдарды тағайындайды;
с) бас бостандығынан айырылған кез-келген адамның ресми танылған және бақыланатын қамауда ұстау орындарында ұсталуына кепілдік береді;
d) заңмен белгіленген жағдайларды ескере отырып, бас бостандығынан айырылған кез-келген адамға оның отбасымен, қорғаушысымен немесе оның еркі бойынша кез келген адаммен байланысуына және олармен кездесуіне, ал шетелдік болса - халықаралық құқықтың қолданылатын нормаларына сәйкес консулдық органдармен байланыс жасауына кепілдік береді;
е) заңмен уәкілеттік берілген кез-келген құзыретті органдар мен мекемелерге, қажет болған жағдайда, қамауда ұстау орындарына сот органының алдын ала рұқсатымен кіруіне кепілдік береді;
f) бас бостандығынан айырылған әрбір адамға және күштеп жоқ қылып жіберу туралы күдік туған жағдайда - заңды мүддесі бар кез-келген адамға, мысалы бас бостандығынан айырылған адамның туысқандарына, олардың өкілдеріне немесе олардың қорғаушысына, егер сот бас бостандығынан айырудың заңдылығына қатысты қаулыны дереу шығара алатындай етіп және бас бостандығынан айыру заңсыз болса, босату туралы өкім шығара алуы үшін бас бостандығынан айырылған адам оны өз бетімен жасауға мүмкіндігі болмаса, кез-келген жағдайда сотқа арыздану құқығына кепілдік береді.
3. Јрбір қатысушы мемлекет бір немесе бірнеше ресми тіркелімдердің және/немесе бас бостандығынан айырылған адамдарға ресми құжаттаманың толтырылуын және үнемі жаңартылуын қамтамасыз етеді, олар тиісті сұрау салу бойынша кез-келген сот органының немесе қатысушы мемлекеттің тиісті заңдарымен немесе тиісті мемлекет оның қатысушысы болып табылатын басқа да тиісті халықаралық-құқықтық шартпен уәкілеттік берілген басқа да құзыретті органның немесе мекеменің билігіне жедел ұсынылады. Бұл тіркелімдерде немесе құжаттамада кем дегенде мыналар:
а) бас бостандығынан айырылған адамның жеке деректері;
b) бас бостандығынан айыру күні, уақыты мен орны және осы адамды ұстаған орган;
с) бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдаған орган және бас бостандығынан айыру себептері;
d) қамауда ұстауды бақылауды қамтамасыз ететін орган;
е) қамауда ұстау орны, адамның қамауда ұстау орнына түскен күні мен уақыты және қамауда ұстау орнына жауап беретін орган;
f) бас бостандығынан айырылған адамның денсаулық жағдайына қатысты мәліметтер;
g) қамауда ұстау кезінде қайтыс болған жағдайда - өлімнің мән-жайы мен себептері және қайтыс болған адамның мүрделерін қою орны;
h) босату немесе басқа да қамауда ұстау орнына ауыстыру күні мен уақыты, барған орны және осындай ауыстыруға жауап беретін орган көрсетілуі тиіс.

18-бап

1. 19 және 20-баптарды ескере отырып, әрбір қатысушы мемлекет осы ақпаратқа заңды мүддесі бар кез-келген адамға, мысалы бас бостандығынан айырылған адамның туыстарына, олардың өкілдеріне немесе олардың қорғаушысына кем дегенде мынадай:
а) бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған орган;
б) бас бостандығынан айыру және қамауда ұстау орнына түскен күні, уақыты және орны;
с) қамауда ұстауды бақылайтын орган;
d) бас бостандығынан айырылған адамның орналасқан жері, оның ішінде басқа да қамауда ұстау орнына ауыстырған жағдайда барған орны және осындай ауыстыруға жауап беретін орган;
е) босатылған күні, уақыты және орны;
f) бас бостандығынан айырылған адамның денсаулық жағдайына қатысты мәліметтер;
g) қамауда ұстау уақытында қайтыс болған жағдайда - өлімнің мән-жайы мен себептері және қайтыс болған адамның сүйегін қою орны туралы мәліметтерді алу рұқсатына кепілдік береді.
2. Қажет болған жағдайда осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ бас бостандығынан айырылған адамға қатысты ақпаратты іздеуге байланысты тергеуге қатысатын адамдарды кез-келген өрескел қарым-қатынастан, қорқытудың кез-келген нысанынан және кез-келген жазалаудан қорғауды қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылданады.

19-бап

1. Жоғалған адамды іздестіру шеңберінде жиналатын және/немесе жіберілетін жеке мәліметтер, оның ішінде медициналық немесе генетикалық деректер жоғалған адамды іздестіру мақсатынан басқа мақсаттарда пайдаланыла және ұсыныла алмайды. Бұл ереже күштеп жоқ қылып жіберу қылмысына немесе өтемақы алу құқығын іске асыруға қатысты қылмыстық іс жүргізу әрекеттерінде осындай мәліметтерді пайдалануға зиян келтірмей қолданылады.
2. Жеке мәліметтерді, оның ішінде медициналық немесе генетикалық деректерді жинау, өңдеу, пайдалану және сақтау қысым жасауға әкеп соқтырмауы немесе адам құқықтарына, негізгі бостандықтарына және адамның адамгершілік беделіне шек қоюға әкеп соқтырмауға тиіс.

20-бап

1. Адам заңның қорғауында және бас бостандығынан айыру сот органының бақылауында болған жағдайларда, 18-бапта көзделген мәліметтерді алу құқығы жағдай талап еткен кезде және осы заңмен көзделсе және осы мәліметтерді беру тиісті адамның жеке өміріне немесе қауіпсіздігіне зиян келтіретін болса, немесе қылмыстық тергеуді тиісті жүргізуге кедергі жасаса немесе заңмен көзделген басқа осындай себептермен байланысты және қолданылатын халықаралық құқық нормаларына және осы Конвенцияның мақсаттарына сәйкес шектелуі мүмкін. Егер олар 2-бапта айқындалған немесе 17-баптың 1-тармағының бұзылуын көрсететін мінез-құлық көрсетсе, 18-бапта көзделген мәліметтерді алу құқығына қатысты бұл шектеулерге қандай жағдайда болсын рұқсат берілмейді.
2. Қатысушы мемлекет 18-баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарға қандайда бір адамды бостандығынан айыру заңдылығын қарастыруға зиян келтірместен, 18-баптың 1-тармағында аталған ақпаратты қысқа мерзімде алу үшін сот қорғанысының жедел және тиімді құралына құқықтық кепілдік береді. Бұл құқықтық қорғаныс құқығы ешқандай жағдайларда тоқтатылмайды немесе шектелмейді.

21-бап

1. Јрбір қатысушы мемлекет бостандығынан айырылған кез келген адамның босатылуын оның нақты босатылғандығын куәландыратын жағдайда жүзеге асырылуы үшін қажетті шаралар қабылдайды. Јрбір қатысушы мемлекет адамды босатқан сәтте ұлттық заңнамаға сәйкес жүктелген міндеттерге зиян келтірмей, жеке қол сұқпаушылық пен өз құқықтарын толық жүзеге асыру қабілетін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдайды.

22-бап

Јрбір қатысушы мемлекет 6-бапқа зиян келтірмей, мынадай іс-әрекеттердің:
а) 17-баптың 2-тармағы "f" тармақшасында және 20-баптың 2-тармағында көзделген құқық қорғау құралдарын пайдалануды кешіктірудің немесе пайдалануға кедергі жасаудың;
b) бас бостандықтарынан айырылған барлық адамдарды, сондай-ақ ресми тізімді жүргізуге жауапты лауазымды адамға оның нақтылығы туралы белгілі немесе белгілі болуы тиіс кез келген ақпаратты тіркеу міндеттерін орындамаудың;
с) қандай да бір адамды бас бостандығынан айыру туралы ақпарат ұсынудан бас тартудың немесе осындай мәліметтерді алу үшін барлық заңды негіздер бола тұра толық емес мәліметтерді ұсынудың алдын алу және жазалау үшін қажетті шаралар қабылдайды.

23-бап

1. Јрбір қатысушы мемлекет заңдарды қолдануға жауапты әскери немесе азаматтық лауазымды адамдардың, медициналық персоналдың, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және бас бостандығынан айырылған әрбір адамды қамауда ұстауға немесе онымен қатынасуға қатысы бар басқа да адамдардың кәсіби даярлығы осы Конвенцияның тиісті ережелерін тиісінше зерделеуді мынадай:
а) көрсетілген лауазымды адамдардың күштеп жоқ қылып жіберу актілеріне қатысын болдырмау;
b) күштеп жоқ қылып жіберу оқиғаларының алдын алу мен тергеудің маңыздылығын атап көрсету;
с) күштеп жоқ қылып жіберу оқиғаларына қатысты істерді шұғыл шешу қажеттілігі мақсатында қамтамасыз етеді.
2. Јрбір қатысушы мемлекет күштеп жоқ қылып жіберуді ұйғаратын, санкциялайтын немесе көтермелейтін бұйрықтар мен жарлықтарға тыйым салуды қамтамасыз етеді. Јрбір мемлекет осындай бұйрықты орындаудан бас тартқан адамның жазаға ұшырамауын қамтамасыз етеді.
3. Јрбір қатысушы мемлекет осы баптың 1-тармағында айтылған адамдардың күштеп жоқ қылып жіберу орын алған немесе жақын арада болатынын болжауға негізі болғанда, бұл туралы өздерінің басшылығына, қажет болған жағдайда қадағалау және қорғау өкілеттіктері берілген құзыретті билік немесе органдарға хабарлауын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдайды.

24-бап

1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін күштеп жоқ қылып жіберу нәтижесінде тікелей зиян келтірілген әрбір жоғалып кеткен және кез келген жеке адам құрбан болып саналады.
2. Јрбір құрбан болған адам күштеп жоқ қылып жіберудің мән-жайлары, тергеу барысы мен оның нәтижелері және жоғалған адамның тағдыры туралы шындықты білуге құқылы. Јрбір қатысушы мемлекет осы мақсатта тиісті шаралар қабылдайды.
3. Јрбір қатысушы мемлекет жоғалған адамдарды іздестіру, олардың тұратын жерін анықтау және оларды босату, ал қайтыс болған жағдайда оның тұрған жерін анықтап, мүрделеріне құрметпен қарауды және оларды қайтаруды қамтамасыз ету үшін барлық тиісті шараларды қабылдайды.
4. Јрбір қатысушы мемлекет өзінің құқықтық жүйесінде күштеп жоқ қылып жіберу құрбанының оған келтірілген зиянды және өтемақыны тез, әділ және бара-бар алу құқығын қамтамасыз етеді.
5. Осы баптың 4-тармағында көзделген зиянды өтеу құқығы материалдық және моральдық зиянды қайтаруды, сондай-ақ тиісті жағдайларда қайтарудың мынадай нысандарын:
а) реституцияны;
b) оңалтуды;
с) беделін және жақсы атын қалпына келтірумен бірге сатисфакцияны;
d) қайталанбау кепілдігін қамтиды.
6. Жоғалған адамның тағдырын толық анықтағанға дейін тергеу жүргізу міндеттемелеріне зиян келтірмей, әрбір қатысушы мемлекет тағдыры белгісіз жоғалған адамдардың және олардың туыстарының, әсіресе әлеуметтік қорғау, қаржы мәселелері, отбасы құқығы және жеке меншік құқығы саласындағы құқықтың жағдайына қатысты тиісті шаралар қабылдайды.
7. Јрбір қатысушы мемлекет күштеп жоқ қылып жіберудің мән-жайын және жоғалған адамдардың тағдырларын анықтауға және күштеп жоқ қылып жіберу құрбандарына көмек көрсетуге қатысатын ұйымдар мен ассоциациялар құру және осындай ұйымдар мен ассоциациялардың жұмысына еркін қатысу құқығын қамтамасыз етеді.

25-бап

1. Јрбір қатысушы мемлекет қылмыстық тәртіппен мыналардың:
а) күштеп жоқ қылып жіберуге ұшыраған балаларды, әкесі, шешесі немесе заңды өкілі күштеп жоқ қылып жіберуге ұшыраған балаларды немесе күштеп жоқ қылып жіберуге ұшыраған анасы қамауда болғанда туылған балаларды заңсыз алудың;
b) жоғарыда (а) тармақшасында айтылған балалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды жалған жасаудың, жасырудың немесе жоюдың алдын алу және жолын кесу үшін қажетті шаралар қабылдайды.
2. Јрбір қатысушы мемлекет осы баптың 1-тармағы (а) тармақшасында айтылған балаларды іздестіру және жеке басын анықтау және оларды құқықтық рәсімдерге және қолданыстағы халықаралық келісімдерге сәйкес туған отбасына қайтару үшін қажетті шаралар қабылдайды.
3. Қатысушы мемлекеттер осы баптың 1-тармағы (а) тармақшасында айтылған балаларды іздеу және жеке басын, сондай-ақ олардың орналасқан жерін анықтауда бір біріне көмек көрсетеді.
4. Осы баптың 1-тармағының (а) тармақшасында айтылған балалардың мүдделерін және асырап алу мен балаларды қамқорлыққа берудің өзге де нысандарын мойындайтын қатысушы мемлекеттерде заңмен танылған азаматтығын, тегін және олардың отбасы байланыстарын қосқанда олардың тұлғаларын сақтауды және қалпына келтіруді қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, асырап алу немесе балаларды қамқорлыққа беру рәсімдерін қайта қарауға, қажет болған жағдайда күштеп жоқ қылып жіберу нәтижесінде орын алған асырап алу немесе қамқорлыққа беру актілерін жарамсыз деп тануға мүмкіндік беретін құқықтық рәсімдер болуы тиіс.
5. Јрбір жағдайларда, әсіресе осы бапқа қатысты мәселелерде бала мүдделерін қамтамасыз етуге бірінші кезекте көңіл бөлінеді және саналы түрде әрекет етуге қабілетті бала өз ойын еркін айтуға құқылы, оның жасы мен ер жетуі ескеріле отырып, пікірі есепке алынады.

Екінші бөлім

26-бап

1. Осы Конвенцияның ережелерін жүзеге асыру үшін құрамында жоғары моральдық қасиеттері бар және адам құқықтары саласында құзыреттілігімен танылған, өздерінің жеке тұлға ретінде көрсете алатын және толық турашылдық қағидаты негізінде әрекет ететін он сарапшысы бар Күштеп жоқ қылып жіберу жөніндегі комитет ("Комитет") құрылады. Комитет мүшелерін қатысушы мемлекеттер географиялық тұрғыдан әділ бөлу қағидатына сәйкес сайлайды, бұл ретте тиісті заңгерлік тәжірибесі бар адамдардың Комитеттің жұмысына қатысу мүддесі, сондай-ақ Комитет мүшелерінің арасындағы ер адамдар мен әйелдердің тең болуы ескеріледі.
2. Сайлау қатысушы мемлекеттердің олардың азаматтарының арасынан ұсынылған кандидаттар тізімінің негізінде Біріккен Ўлттар Ўйымының Бас хатшысы осы мақсатта екі жылда бір рет шақыратын кеңестердің барысында жасырын дауыс беру жолымен өткізіледі. Кворумды қатысушы мемлекеттердің үштен екісі құрайтын осындай кеңестерде барынша көп дауыс алған және қатысушы мемлекеттердің дауыс беруге қатысып отырған өкілдерінің анағұрлым көп дауысын жинаған кандидаттар Комитет мүшелері болып сайланады.
3. Алғашқы сайлау осы Конвенция күшіне енген күнінен кейін алты айдан кешіктірмей өткізіледі. Јрбір сайлау өтетін күнге дейін төрт ай бұрын Біріккен Ўлттар Ўйымының Бас хатшысы қатысушы мемлекеттерге үш ай мерзім ішінде тиісті кандидатураларды ұсынуға байланысты ұсыныстарымен хат жолдайды. Бас хатшы тиісті қатысушы мемлекеттің әрбір кандидатын көрсете отырып, ұсынылған үміткерлерді алфавит ретімен орналастырып тізім жасайды. Ол осы тізімді барлық қатысушы мемлекеттерге жолдайды.
4. Комитет мүшелері төрт жыл мерзімге сайланады. Олар бір рет қайта сайлануы мүмкін. Алғашқы сайлау барысында сайланған бес мүшенің мандаты екі жылдан кейін күшін жояды; алғашқы сайлау өткен соң осы бес мүшенің аты-жөнін кеңес төрағасы жеребе арқылы айқындайды, бұл туралы осы баптың 2-тармағында айтылған.
5. Комитет мүшесінің біреуі қайтыс болған, отставкаға кеткен немесе өзге де басқа себептер бойынша Комитетте өз функцияларын одан әрі атқара алмаған жағдайда оны тағайындаған қатысушы мемлекет осы баптың 1-тармағында көзделген өлшемдерді сақтай отырып, осы тағайындауды қатысушы мемлекеттердің көбі мақұлдаған жағдайда тиісті мандаттың қалған мерзіміне Комитетте босаған орынға өз азаматтарының ішінен басқа кандидатты тағайындайды. Бұл мақұлдау, егер қатысушы мемлекеттер санының жартысы немесе одан көбі Біріккен Ўлттар Ўйымының Бас хатшысынан ұсынылған тағайындау туралы ақпаратты алған сәттен бастап ұзақтығы алты апта болатын кезеңде теріс пікір айтпаса, соңғы болып есептеледі.
6. Комитет рәсімдердің өз ережелерін белгілейді.
7. Біріккен Ўлттар Ўйымының Бас хатшысы өз функцияларын тиімді жүзеге асыру үшін оған қажетті персонал мен ресурстарды Комитеттің билігіне береді. Бас хатшы Комитеттің мүшелерін бірінші отырысқа шақырады.
8. Комитет мүшелерінің Біріккен Ўлттар Ўйымының істері бойынша іссапарларда сарапшыларға берілетін және Біріккен Ўлттардың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы Конвенцияның тиісті бөлімдерінде бекітілген мүмкіндіктерді, артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдалану құқығы бар.
9. Јрбір қатысушы мемлекет Комитетпен ынтымақтасуға және оның мүшелеріне Комитеттің олар таныған сол функцияларының шеңберінде олардың мандатын жүзеге асыруға көмек көрсетуге міндетті.

27-бап

Осы Конвенция күшіне енген сәттен бастап төрт жылдан ерте емес және алты жылдан кешіктірмей Комитеттің жұмысын бағалау және 44-баптың 2-тармағында бекітілген ережелерге сәйкес осы Конвенцияны жүзеге асырылғанын қадағалау жөніндегі міндетті қандай да бір басқа инстанцияға - ешқандай мүмкіндікті алып тастамастан 28-36-баптарда белгіленген өкілеттіктермен тапсырудың жөн екендігі туралы шешім қабылдау үшін қатысушы мемлекеттердің Конференциясы өткізіледі.

28-бап

1. Осы Конвенцияда белгіленген өкілеттіктердің шеңберінде Комитет барлық органдармен, бюролармен, мамандандырылған мекемелермен және Біріккен Ўлттар Ўйымының тиісті қорларымен, халықаралық шарттардың негізінде құрылған шарттық комитеттермен, Біріккен Ўлттар Ўйымының арнайы рәсімдерімен, тиісті өңірлік үкіметаралық ұйымдармен немесе мекемелермен, сондай-ақ барлық адамдарды күштеп жоқ қылып жіберуден қорғау мәселелерімен айналысатын барлық тиісті ұлттық мекемелермен, агенттіктермен және бюромен ынтымақтасады.
2. Өз функцияларын орындаудың түпмәтінінде Комитет олардың тиісті ескертулері мен ұсынымдарына келісуді қамтамасыз ету мақсатында адам құқықтары туралы тиісті шарттардың негізінде құрылған басқа да шарттық комитеттермен, атап айтқанда, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық келісім-шарттың негізінде құрылған Адам құқықтары жөніндегі комитетпен кеңесе алады.

29-бап

1. Јрбір қатысушы мемлекет Біріккен Ўлттар Ўйымының Бас хатшысы арқылы Комитетке осы Конвенция күшіне енген сәттен бастап екі жылдың ішінде осы қатысушы мемлекетке осы Конвенция бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін қабылданған шаралар туралы баяндама ұсынады.
2. Біріккен Ўлттар Ўйымының Бас хатшысы осы баяндаманы барлық қатысушы мемлекеттердің қарамағына береді.
3. Јрбір баяндаманы оларға қажетті болып саналатын түсініктеме, ескертулер немесе ұсынымдар бере алатын Комитет қарайды. Мүдделі қатысушы мемлекет өзінің жеке бастамасы бойынша немесе Комитеттің өтініші бойынша ол жауап бере алатын түсініктемелер, ескертулер немесе ұсынымдар туралы хабарлама алады.
4. Комитет қатысушы мемлекеттерден осы Конвенцияны жүзеге асыруға қатысты қосымша ақпаратты да сұрай алады.

30-бап

1. Жоғалып кеткен адамның туыстары, олардың заңды өкілдері, қорғаушылары немесе олар өкілеттік берген кез-келген адам, сондай-ақ заңды мүддесі бар кез-келген басқа адам жоғалған адамды іздестіру және оның орналасқан жерін анықтау туралы өтінішпен тез арада Комитетке жүгіне алады.
2. Егер Комитет осы баптың 1-тармағына сәйкес ұсынылған шұғыл шаралар қабылдау туралы өтініш:
а) анық негізсіз болып табылмаса;
b) мұндай өтініштерді беру құқығын асыра пайдалануды білдірмесе;
с) егер осындай мүмкіндік болған жағдайда тиісті қатысушы мемлекеттің құзыретті органдарына, мысалы тергеу жүргізуге өкілетті органдарға осыған дейін жіберген болса;
d) осы Конвенцияның ережелеріне үйлеспейтін болып табылмаса; және
е) халықаралық тергеу немесе реттеудің басқа осыған ұқсас рәсімдерінің шеңберінде қаралмады деп есептесе, ол тиісті қатысушы мемлекетке өзі белгілеген мерзімде іздестірудегі адамның жағдайы жөнінде ақпарат ұсыну туралы өтініш білдіреді.
3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес тиісті қатысушы мемлекет ұсынған ақпаратты ескере отырып, Комитет осы қатысушы мемлекетке ұсынымдар, оның ішінде осы Конвенцияға сәйкес іздестірудегі адамды қорғаудың уақытша шараларын қосқанда, оны табу және қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдау туралы өтініш жібере алады және өзі белгілеген мерзімде Комитетке және өзі қабылдаған шаралар туралы жағдайдың шұғыл сипатын ескере отырып хабарлауы мүмкін. Комитет шұғыл шараларды қабылдау туралы өтінішті ұсынған адамға оған қатысушы мемлекет жіберген ұсыныстар мен мәліметтер болса, ол туралы хабарлайды.
4. Комитет іздестірудегі адамның тағдыры шешілгенге дейін тиісті қатысушы мемлекетпен бірге іздестіру жұмысына күш салуды жалғастырады. Ол бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды.

31-бап

1. Јрбір қатысушы мемлекет осы Конвенцияны ратификациялау кезінде немесе одан кейін Комитеттің оның заң құзыретіне қарайтын немесе осы қатысушы мемлекеттің осы Конвенцияның ережелерін бұзуының құрбаны болдық деп тұжырымдайтын адамдардың атынан келіп түскен хабарламаларды алу және қарау құзыретін мойындайтынын білдіре алады. Комитет осындай өтініш білдірмеген қатысушы мемлекеттердің ешқандай хабарламаларын қарамайды.
2. Комитет кез келген хабарламаны, егер ол:
а) жасырын болса;
b) осындай хабарламаларды ұсыну құқығын теріс пайдалануды білдірсе немесе осы Конвенцияның ережелерімен үйлеспесе;
с) халықаралық тергеу немесе реттеудің басқа ұқсас рәсімдерінің шеңберінде қаралса; немесе
d) құқықтық қорғаудың барлық қолда бар тиімді ішкі құралдары бітпесе, оны қолданылмайды деп таниды. Осындай құралдарды қолдану уақыты себепсіз ұзартылса, бұл ереже күшінде болмайды.
3. Егер Комитет хабарламаны осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарға сай келеді деп есептесе, ол тиісті қатысушы мемлекетке өзінің ескертулерін немесе түсініктемелерін ол белгілеген уақытта беруді ұсына отырып, хабарламаны одан әрі жібереді.
4. Хабарлама алғаннан кейін және шешім қабылдағанға дейін Комитет ықтимал тәртіп бұзушылықтардың құрбандарына орын толмас зиян келтіруге жол бермеу мақсатында кез келген уақытта тиісті қатысушы мемлекетке қажетті уақытша қорғаныс шараларын қабылдау туралы шұғыл өтініш білдіре алады. Комитеттің бұл мүмкіндікті пайдалануы хабарламаны қабылдау немесе қарау мәселесін шешпейді.
5. Комитет осы бапта айтылған хабарламаларды жабық отырыстар барысында қарайды. Ол хабарламаның иесіне тиісті қатысушы мемлекет ұсынған жауаптар туралы хабарлайды. Комитет рәсімдерді аяқтау туралы шешім қабылдағаннан кейін, өзінің қорытындыларын қатысушы мемлекетке және хабарламаның иесіне жібереді.

32-бап

Осы Конвенцияға қатысушы әрбір мемлекет Комитеттің басқа қатысушы мемлекеттің осы Конвенцияға сәйкес өз міндеттемелерін орындамайтынын тұжырымдайтын хабарламаларын алу және қарау құзыретін қабылдайтынын кез келген уақытта білдіре алады. Комитет осындай өтініш жасамаған қатысушы мемлекеттерге қатысты, сондай-ақ осындай өтініш жасамаған қатысушы мемлекеттер ұсынған хабарламаларды қабылдамайды.

33-бап

1. Егер Комитет бір немесе өзге қатысушы мемлекет осы Конвенцияның ережелеріне елеулі зиян келтіретін әрекеттер туралы сенім тудыратын ақпарат алса, ол тиісті қатысушы мемлекетпен кеңес өткізгеннен кейін өзінің бір немесе бірнеше мүшесіне осы мемлекетке бару және оған тиісті ақпаратты кідірусіз ұсыну туралы өтініш жасай алады.
2. Комитет делегацияның құрамы мен мақсатын көрсете отырып, оның аумағына баратын ниеті туралы тиісті қатысушы мемлекетке жазбаша түрде хабарлайды. Қатысушы мемлекет пайымды мерзім ішінде өз жауабын береді.
3. Қатысушы мемлекеттің дәлелді өтінішінің негізінде Комитет өзінің баруын ауыстыру немесе бас тарту туралы шешім қабылдауы мүмкін.
4. Егер қатысушы мемлекет келуге өз рұқсатын берсе, Комитет және тиісті қатысушы мемлекет барудың шарттарын анықтау үшін ынтымақтастықты жүзеге асырады және қатысушы мемлекет Комитетке осындай келуге қажетті барлық мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.
5. Барудың қорытындылары бойынша Комитет тиісті қатысушы мемлекетке өзінің ескертулері мен ұсынымдарын жібереді.

34-бап

Егер Комитет өзінің пікірі бойынша қандай бір қатысушы мемлекеттің заң құзыретіне жататын аумағында күштеп жоқ қылып жіберудің кеңінен және жүйелі түрде қолданылуының жеткілікті дәлелденген айғақтары бар мәліметтер алса, ол тиісті қатысушы мемлекеттен осы саладағы жағдай туралы барлық тиісті ақпаратты алдын ала сұрап, шұғыл тәртіппен Біріккен Ўлттар Ўйымының Бас Хатшысы арқылы Біріккен Ўлттар Ўйымының Бас Ассамблеясына жеткізуге тиіс.

35-бап

1. Комитеттің құзыреті осы Конвенция күшіне енгеннен кейін орын алған күштеп жоқ қылып жіберу жағдайларына ғана таралады.
2. Егер қандай да бір мемлекет осы Конвенция күшіне енгеннен кейін оның қатысушысы болса, онда оның Комитет алдындағы міндеттемелері ол үшін осы Конвенция күшіне енгеннен кейін орын алған күштеп жоқ қылып жіберу жағдайларына ғана жатады.

36-бап

1. Комитет осы Конвенцияны жүзеге асыру бойынша өзінің жұмысы туралы жыл сайынғы баяндамасын Біріккен Ўлттар Ўйымының Бас Ассамблеясына және қатысушы мемлекеттерге ұсынады.
2. Қандай да бір қатысушы мемлекетке қатысты жыл сайынғы баяндамада ескертулерді жариялаудың алдында ол жауап беру үшін пайымды мерзімі және осы баяндамада өзінің түсіндірмелерін немесе ескертулерін жариялау туралы өтінішін білдіру мүмкіндігі бар осы қатысушы мемлекеттің хабарламасы болуы тиіс.

Үшінші бөлік

37-бап

Осы Конвенцияның ешқандай ережесі:
а) қатысушы мемлекеттің заңнамасында; немесе
ә) осы мемлекет үшін қолданылатын халықаралық құқықта болуы мүмкін, барлық адамдарды күштеп жоқ қылып жіберуден қорғау туралы мейлінше қолайлы ережелерді шектемейді.

38-бап

1. Осы Конвенция Біріккен Ўлттар Ўйымының барлық мүше мемлекеттерінің қол қоюы үшін ашық.
2. Осы Конвенция Біріккен Ўлттар Ўйымының барлық мүше мемлекеттерінің ратификациялауына жатады. Ратификациялық грамоталар Біріккен Ўлттар Ўйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.
3. Осы Конвенция Біріккен Ўлттар Ўйымының барлық мүше мемлекеттерінің қосылуы үшін ашық. Қосылу Біріккен Ўлттар Ўйымының Бас хатшысына қосылу туралы құжатты сақтауға тапсыру жолымен жүзеге асырылады.

39-бап

1. Осы Конвенция Біріккен Ўлттар Ўйымының Бас хатшысына сақтауға жиырмасыншы ратификациялық грамотаны немесе қосылу туралы құжатты тапсырғаннан кейін отызыншы күні күшіне енеді.
2. Осы Конвенцияны ратификациялайтын немесе жиырмасыншы ратификациялық грамота немесе қосылу туралы құжат тапсырылғаннан кейін қосылған әрбір мемлекет үшін осы Конвенция осы мемлекет оның ратификациялық грамотасын немесе қосылу туралы құжатын тапсырғаннан кейін отызыншы күні күшіне енеді.

40-бап

Біріккен Ўлттар Ўйымының Бас хатшысы Біріккен Ўлттар Ўйымына мүше барлық мемлекеттерге және осы Конвенцияға қол қойған немесе оған қосылған мемлекеттерге:
а) 38-бапқа сәйкес қол қою, ратификациялау және қосылу туралы;
б) 39-бапқа сәйкес осы Конвенцияның күшіне енетін күні туралы хабарлайды.

41-бап

Осы Конвенцияның ережелері ешбір шек қойылмастан немесе ерекшелік берілместен федеративтік мемлекеттердің барлық бөліктеріне тарайды.

42-бап

1. Осы Конвенцияны түсіндіруге немесе қолдануға байланысты екі немесе одан да көп қатысушы мемлекеттер арасындағы дау келіссөздер немесе осы Конвенцияда көзделген рәсімдер жолымен шешілмеген жағдайда, осы мемлекеттердің бірінің өтініші бойынша төрелік сотқа беріледі. Егер арбитраж туралы өтініш берілген күннен кейін алты ай ішінде тараптар төрелік сот ұйымдастыруға қатысты келісімге келмесе, олардың әрқайсысы дауды оның Статутына сәйкес өтініш жолдау арқылы Халықаралық Соттың қарауына бере алады.
2. Јрбір қатысушы мемлекет осы Конвенцияға қол қою, ратификациялау және қосылу кезінде осы баптың 1-тармағының ережелерімен байланысты еместігі туралы өтініш жасай алады. Басқа қатысушы мемлекеттер осындай өтініш жасаған қатысушы мемлекетке қатысты көрсетілген ережелермен байланысты болмайды.
3. Осы баптың 2-тармағының ережелеріне сәйкес өтініш жасаған әрбір қатысушы мемлекет хабардар ету арқылы Біріккен Ўлттар Ўйымының Бас хатшысына жіберілген арызын қайтарып ала алады.

43-бап

1. Осы Конвенция 1949 жылғы 12 тамыздағы төрт Женева Конвенцияларының және 1977 жылғы оларға Қосымша хаттаманың Жоғарғы уағдаласушы Тараптардың міндеттемелерін, сондай-ақ әрбір мемлекеттің Қызыл Крест Халықаралық комитетіне халықаралық гуманитарлық құқықтарда қамтылмаған жағдайларда, қамауда ұстау орындарына баруға рұқсат ету мүмкіндіктерін қоса алғанда, халықаралық гуманитарлық құқық ережелері үшін зиян келтірілмей қолданылады.

44-бап

1. Осы Конвенцияның әрбір қатысушы мемлекеті түзетулер жасай алады және оларды Біріккен Ўлттар Ўйымының Бас Хатшысына ұсына алады. Бас Хатшы осы ұсынысты қарау және ол бойынша дауыс беруді өткізу мақсатында қатысушы мемлекеттердің конференциясына шақыру туралы пікірлерін жіберуді сұрай отырып, ұсынылатын түзетулерді осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттерге жібереді. Егер осындай хабарлама жібергеннен кейін төрт ай өткен соң қатысушы мемлекеттің үштен бір бөлігі конференцияны шақыруды жақтаса, Бас Хатшы Біріккен Ўлттар Ўйымының шеңберінде осы конференцияны ұйымдастырады.
2. Конференцияға және дауыс беруге қатысушы мемлекеттердің үштен екісі қабылдаған кез келген түзетуді Біріккен Ўлттар Ўйымының Бас Хатшысы қатысушы мемлекеттерге қабылдау үшін ұсынады.
3. Осы баптың 1-тармағының ережелеріне сәйкес қабылданған түзету қатысушы мемлекеттердің тиісті конституцияларында көзделген рәсімге сәйкес аударылмаған үштен екі бөлігі қабылдағаннан кейін күшіне енеді.
4. Түзетулер күшіне енгеннен кейін оларды қабылдаған қатысушы мемлекеттер үшін міндетті болады, ал басқа қатысушы мемлекеттер үшін осы Конвенцияның ережелері және олар бұрын қабылдаған түзетулер міндетті болып қалады.

45-бап

1. Осы Конвенция ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тіліндегі мәтіндері бердей түпнұсқалы болып табылады және Біріккен Ўлттар Ўйымының Бас Хатшысына сақтауға тапсырылады.
2. Біріккен Ўлттар Ўйымының Бас Хатшысы 38-бапта айтылған барлық мемлекеттерге осы Конвенцияның куәландырылған көшірмелерін жібереді.

Күштеп жоқ қылып жіберуден барлық адамдарды қорғауға арналған Халықаралық конвенцияның қазақ тіліндегі осы мәтіні орыс тіліндегі нұсқасына сай келеді.

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
Штабтың Халықаралық
ынтымақтастық басқармасы
бастығының орынбасары
полиция капитаны Ғ. Јушәріп

РҚАО-ның ескертуі: Бұдан әрі Халықаралық конвенцияның мәтіні ағылшын, араб, испан, қытай және француз тілдерінде берілген.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina