Қазақстан Республикасы Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі N 327-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 30 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6514 болып енгізілді
2010 жылдың 4 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы Ескерту! Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
«Кедейлік шегін анықтау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағын орындау үшін БЎЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы бойынша 2010 жылдың 4 тоқсанына арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 проценті мөлшерінде анықталсын. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2010 жылғы 3 тоқсанға арналған кедейшілік шегін анықтау туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы № 233-ө бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 6318 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2010 жылғы № 10 актілер жинағында жарияланған) күші жойылған деп танылсын. 3. Јлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер департаменті (Қ.А. Манабаева) осы бұйрықты: 1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Јділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды; 2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ј.Б. Нүсіповаға жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшiне енедi және 2010 жылдың 1 қазанынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.