ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Приказы  »  Қазақстан Республикасының Қаржы...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Приказы

  Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң 2011 жылғы 25 ақпандағы № 99 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 18 наурызда № 6833 тiркелдi
"Салық органдарының импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың төленуi фактiсiн растау не растаудан дәлелдi бас тарту ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 16 шiлдедегi № 348 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 276-20-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Салық органдарының импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың төленуi фактiсiн растау не растаудан дәлелдi бас тарту ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 16 шiлдедегi № 348 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6361 болып тiркелген, 2010 жылғы 28 тамыздағы «Егемен Қазақстан» газетiнде № 351-352 (26195) жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Салық органдарының импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың төленуi фактiсiн растау не растаудан дәлелдi бас тарту ережесiнде:
1-тармағында «Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6319 тiркелген, «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтiнiш нысанын, оны толтыру және табыс ету ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 2 шiлдедегi № 318 бұйрығының 1-қосымшасы болып танылатыннысаны» деген сөздер «Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген нысан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағының бiрiншi абзацында «салық төлеушiнiң салық органына қағаз тасығышта Өтiнiштi және Салық кодексiнiң 276-20-бабында көзделген құжаттарды табыс еткен күнiнен бастап» деген сөздер «салық органына қағаз тасығышта Өтiнiш және Салық кодексiнiң 276-20-бабында көзделген құжаттар келiп түскен күннен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың:
бiрiншi абзацында:
«5. Белгi қоюдан бас тартқан жағдайда салық органы белгi қою үшiн белгiленген мерзiмнен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық төлеушiге анықталған сәйкессiздiктер, оларды жою, сондай-ақ табыс етiлген Өтiнiштi (Өтiнiштердi) керi қайтару қажеттiгi туралы және жаңа Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтiнiш (өтiнiштердi) табыс ету туралы ұсыныс көрсетiлген жазбаша түрде растаудан дәлелдi бас тартуды жiбередi. Дәлелдi бас тартумен бiр мезгiлде салық заңнамасында көзделген камералды бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiберiледi.»;
екiншi абзацында «салық төлеушiнiң салық органына қағаз тасығышта төрт данада Өтiнiштi және Салық кодексiнiң 276-20-бабында көзделген құжаттарды табыс еткен күнiнен бастап» деген сөздер «салық органына қағаз тасығышта төрт данада Өтiнiштiң және Салық кодексiнiң 276-20-бабында көзделген құжаттардың келiп түскен күнiнен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзацы келесi мәтiнде жазылсын:
«Дәлелдi бас тарту нысаны екi экземплярда басып шығарылады. Бұл ретте дәлелдi бас тартудың бiр экземпляры салық органында қалдырылады, екiншi нысаны Өтiнiштiң үш экземплярымен салық төлеушiге немесе оның өкiлiне тапсырылады.»
6-тармағында:
3) тармақшасында мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде өзгерiссiз қалдырылсын;
4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар декларациясымен бiр мезгiлде табыс етiлген Өтiнiш(терде)те көрсетiлген жанама салықтардың есептелген сомалары мерзiмiнде төленбеген, сондай-ақ толық мөлшерде төленбеген;»;
5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) салық салынатын импорт мөлшерi және (немесе) оған байланысты Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiпте кеден одағы шеңберiнде салық салынатын импорт мөлшерiне түзету жүзеге асырылатын импортталған тауарлар бойынша ҚҚС сомалары төмендетiлген;»;
7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Өтiнiштi толтырудың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген талаптарға сәйкессiздiгi.».
Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның кейiннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Министр Б. Жәмiшев

2011 жылғы 25 ақпандағы № 99
««Салық органдарының импортталған
тауарлар бойынша жанама салықтардың
төленуi фактiсiн растау не растаудан
дәлелдi бас тарту ережесiн бекiту
туралы» Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң 2010 жылғы
16 шiлдедегi № 348 бұйрығын өзгерiстер
енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы
қаржы министрiнiң бұйрығына қосымша

Салық органдарының импортталған
тауарлар бойынша қосылған құн
салықтарының төленуi фактiсiн растау
не растаудан дәлелдi бас тарту
ережесiне қосымша

Импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салықтарының
төленуi фактiсiн растаудан дәлелдi бас тарту

«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 276-20-бабының 7-тармағының негiзiнде) _____________________________________________________________________
(Салық органының атауы)
Сiзге хабарлайды, _____________________________________________________________________
(Т.А.Ә. немесе салық төлеушiнiң атауы (салық агентi)
СТН _______________________________________________________ ЖСН (БСН) _____________________________________________________________________
(болған жағдайда толтыруға жатады)
импортталған тауарлар бойынша тауарларды кiргiзу және жанама салықтарды төлеуге (328.00 нысан) Өтiнiш бойынша қосылған құн салығының төленуi фактiсiн растаудан дәлелдi түрде бас тарту туралы:

Тауарларды кiргiзу және жанама салық төлеу туралы Өтiнiштiң нөмiрi және күнi:
Нөмiрi ____________________________ Күнi ____________________________

Тауарларды кiргiзу және жанама салық төлеу туралы Өтiнiштiң тiркелу нөмiрi: _____________________________________________________________

Импортталған тауарлар бойынша жанама салық жөнiндегi Декларацияның тiркелу нөмiрi: _____________________________________________________

Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөнiндегi Декларацияның түрлерi:_____________________________________________________________

Салық кезеңi: айы ______ жылы _______________

Мына себептер бойынша (тиiстi тор көзде көрсетiңiз):
1 импортталған тауарлар бойынша жанама салық жөнiндегi
тапсырылған Декларациядағы мәлiметтер аталған Өтiнiштегi
мәлiметтермен сәйкес келмеуi, оның iшiнде импортталған тауарлар
бойынша жанама салық жөнiндегi Декларация бойынша төлеуге
есептелген жанама салықтардың сомалары Өтiнiштегi есептелген
жанама салықтардың сомасымен сәйкес келмеуi

2 Салық кодексiнiң 276-20-бабының 3-тармағында көзделген салық
төлеушiлермен тапсырылған мәлiметтер көрсетiлген Өтiнiштегi
мәлiметтермен сәйкес келмеуi

3 салық органына электронды түрде тапсырылған Өтiнiштегi
деректер, көрсетiлген Өтiнiштегi деректермен сәйкес келмеуi

4 импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың декларациясымен
бiр мезгiлде табыс етiлген Өтiнiш(терде)те көрсетiлген жанама
салықтардың есептелген сомалары төленбеген, сондай-ақ толық
мөлшерде төленбеген

5 салық салынатын импорт мөлшерi және (немесе) оған байланысты
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiпте
кеден одағы шеңберiнде салық салынатын импорт мөлшерiне түзету
жүзеге асырылатын импортталған тауарлар бойынша ҚҚС сомалары
төмендетiлген

6 импортталған тауарлар бойынша жанама салық жөнiндегi
Декларацияға қосымша болып табылатын тауарларды кiргiзу және
жанама салық төлеу туралы Өтiнiштер тiзiлiмiндегi көрсетiлген
Өтiнiштер санының қағаз тасығышта тапсырылған Өтiнiштердiң
санымен сәйкес келмеуi

7 Өтiнiштi толтырудың Қазақстан Республикасының салық
заңнамасында көзделген талаптарға сәйкеспеуi

8 импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөнiндегi
Декларациямен бiр мезгiлде тапсырылған Өтiнiштердiң бiрiнде
растаудан бас тарту: ________________________________

Анықталған бұзушылықтың мәнi:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Жоғарыда жазылғандардың негiзiнде, Сiзге тауарларды кiргiзу және жанама салық төлеу туралы тапсырылған Өтiнiштi қайтару және жаңа Өтiнiш тапсыру қажет

Салық органының басшысы
(Басшының орынбасары): ____________________________________ _________
(Т.А.Ә.) қолы

М.О.
Салық төлеушiге (салық агентiне) тапсырылғаны (жiберiлгенi) туралы белгi: ______________________________________________________________
(салық органының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә., қолы, күнi)
Алғаны туралы белгi: ________________________________________________
(салық органының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә., қолы, күнi)


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina