ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Приказы  »  Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Приказы

  Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 393-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2012 жылы 9 қаңтарда № 7370 тiркелдi

"Табиғи монополия субъектiсiнiң мәмiлелерi жасау жөнiнде өтiнiштер беру және оны қару ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы N 71-НҚ бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

«Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Табиғи монополия субъектiсiнiң мәмiлелер жасау жөнiнде өтiнiштер беру және оны қарау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы № 71-НҚ бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3515 нөмiрiмен тiркелген, «Ресми газеттiң» 2005 жылғы 30 сәуiрдегi № 18 нөмiрiнде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мәмiлелердi жасау жөнiндегi өтiнiштерiн ұсыну және оны қарау ережесiнде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Осы Ереженiң мақсаты табиғи монополия субъектiлерiнiң уәкiлеттi органға мәмiлелер жасау үшiн ұсынатын құжаттардың, ақпараттың (мәлiметтердiң) тiзбесiн, өтiнiштердi қараудың тәртiбi мен мерзiмдерiн, табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiн иелiктен айыруға, табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiмен өзге де мәмiлелер жасауға, табиғи монополия субъектiсiнiң өзi тасымалдайтын немесе беретiн, өзiнiң тұтынуына арналмаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуына, табиғи монополия субъектiсiнiң акциялар (қатысу үлестерiн) сатып алу бойынша мәмiлелер жасауға, сондай-ақ оған рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге нысандармен оның қатысуына және табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн мүлiктi жалға алуға уәкiлеттi органның келiсiмiн алу туралы өтiнiштердi ұсыну тәртiбiн айқындау болып табылады.»;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) құзыреттi орган – мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;»;
5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Субъектiнiң акцияларды (қатысу үлестерiн) сатып алуы, сондай-ақ оған рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға оның қатысуының өзге нысандары.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Субъектiнiң мүлкiн иелiктен айыруға немесе Субъектiнiң мүлкiмен өзге мәмiлелер жасауға, Субъектiнiң өзiнiң тұтынуына арналмаған тасымалдайтын мұнайды, мұнай өнiмдерiн, газды, газ конденсатын немесе берiлетiн электр және жылу энергиясын, акцияларды (қатысу үлестерiн) сатып алуына, сондай-ақ ол үшiн рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен оның қатысуына және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн пайдаланылатын мүлiктердi жалға алуды жүзеге асыруға уәкiлеттi органның келiсiмiн алу үшiн Субъект уәкiлеттi органға осы Ережеге Қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Уәкiлеттi органға берiлетiн құжаттар, ақпарат (мәлiметтер) өтiнiшпен бiрге тiгiлуге, нөмiрленуге және өтiнiш беретiн Субъектiнiң мөрiмен, сондай-ақ оның бiрiншi басшысының не растау құжаты болған кезде оны алмастыратын тұлғаның қолымен расталуға тиiс.
Бұл ретте өтiнiшке қол қоятын бiрiншi басшы не оны алмастыратын тұлға мүлiкке қатысты тиiстi мәмiле жасалып отырған үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынбағанын жазбаша түрде растайды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Ұсынылған қаржылық құжаттарға, растаушы құжаттар болған кезде Субъектiнiң бастығы, бас бухгалтерi немесе растаушы рұқсат болған жағдайда оларды алмастыратын тұлғалар қол қоюға және Субъектiнiң мөрiмен расталуға тиiс.»;
9-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Субъектiнiң өтiнiшiн қанағаттандыру Субъектiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасауға алып келедi;
2) Субъектiнiң өтiнiшiн қанағаттандыру тиiстi тауар нарығының табиғи монополия жағдайынан бәсекелес нарық жағдайына экономикалық ақталған өтуiн тежеуге алып келедi;»;
10-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) акциялары (қатысу үлестерi) сатып алынатын заңды тұлғаның атауы табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес берiлген уәкiлеттi органның рұқсат етушi құжатындағы атауға сәйкес келмесе, бас тартады.»;
21, 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Субъектiнiң мүлкiн иелiктен айыруға, Субъектiнiң мүлкiмен өзге де мәмiлелер жасауға, Субъектiнiң өзi тасымалдайтын немесе беретiн, өзiнiң тұтынуына арналмаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуына, Субъектiнiң акцияларды (қатысу үлестерiн) сатып алуына, сондай-ақ оған рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуына және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн пайдаланылатын мүлiктi жалға алуды жүзеге асыруға уәкiлеттi органның келiсiмiн алу осы мәмiле жасалғанға дейiн жүзеге асырылады.
22. Субъектiнiң мүлкiн иелiктен айыру, Субъектiнiң мүлкiмен өзге де мәмiлелер жасау, Субъектiнiң өзi тасымалдайтын немесе беретiн, өзiнiң тұтынуына арналмаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуы, оған рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге нысандармен қатысуы және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) жүзеге асыруы:
1) Субъектiнiң бастамасы бойынша;
2) уәкiлеттi органның бастамасы бойынша жүргiзiледi;»;
23-тармақтың 2), 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мәмiленiң мәнi болып табылатын мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттар: мүлiкке меншiк құқығын растайтын шарт немесе шешiм (бұйрық), тiркеушi орган берген жылжымалы мүлiкке және оның техникалық сипаттамаларына тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама, төленбеген шоттардың (дебиторлық берешекпен мәмiле жасау кезiнде) тiзiлiмi, Субъектiнiң басшысы және бас бухгалтерi қол қойған, мөрмен расталған бухгалтерлiк теңгерiмнен үзiндi көшiрме - растау (үзiндi көшiрме иелiктен айырылатын мүлiктiң объектiлер бойынша бөлiнiсiндегi атауын, үлгiсiн, түрiн, түгендеу нөмiрiн, бастапқы және қалдық құнын қамтуға тиiс), мүлiкке меншiк құқығын растайтын өзге де құжаттар;
3) мәмiле жасалған жағдайда оның салдарлары туралы құзыреттi органның өтiнiш берiлген күнiнен бастап алты айдан кешiктiрiлмей ұсынылған қорытындысы;»;
25-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мәмiле жасалған жағдайда оның салдарлары туралы құзыреттi органның өтiнiш берiлген күнiнен бастап алты айдан кешiктiрiлмей ұсынылған қорытындысы;»;
5-бөлiмнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Субъектiнiң акцияларды (қатысу үлестерiн) сатып алу бойынша мәмiлелер жасауға, сондай-ақ оған рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге нысандармен оның қатысуына уәкiлеттi органның келiсiмiн алу туралы өтiнiш беру тәртiбi;»;
26 - 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Субъект акцияларды (қатысу үлестерiн) сатып алған, сондай-ақ оған рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге нысандармен ол қатысқан жағдайда Субъект мынадай құжаттарды, ақпаратты (мәлiметтердi):
1) мәмiле жасалған жағдайда оның салдарлары туралы құзыреттi органның өтiнiш берiлген күнiнен бастап алты айдан кешiктiрiлмей ұсынылған қорытындысын;
2) мәмiле жасау Субъектiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) көтерiлуiне әкелмейтiнiн және оның қаржы-шаруашылық қызметiнiң нашарлауына алып келмейтiнiн растайтын есебiн;
3) жасалатын мәмiле бойынша шығындарды қоса берiп өтiнiш ұсынады.
27. Дауыс құқығы бар сатып алынатын акциялар (қатысу үлестерi) бойынша:
1) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы дауыс құқығы бар акциялардың (қатысу үлестерiнiң) жалпы санынан проценттiк үлесiн;
2) акциялары (қатысу үлестерi) сатып алынатын заңды тұлғаның жарғылық капиталынан проценттiк үлесiн;
3) сатып алынатын акциялардың (қатысу үлестерiнiң) дауыс құқығы бар, дауысқа қойылатын мәселелердiң тiзбесiн (ақпарат сатып алынатын акциялардың әрбiр үлгiсi бойынша жеке берiледi);
4) Субъект дауыс беретiн акцияларды (қатысу үлестерiн, пайларды) сатып алғаннан кейiн оларға иелiк етiп сайлай алатын, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң осы органдардың құрамына проценттiк арақатынастағы санын көрсету қажет.
28. Дауыс құқығы жоқ сатып алынатын акциялар (қатысу үлестерi) бойынша:
1) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы дауыс құқығы жоқ акциялардың (қатысу үлестерiнiң) жалпы санының проценттiк үлесiн және акциялары (қатысу үлестер) сатып алынатын заңды тұлғаның жарғылық капиталының проценттiк үлесiн;
2) акциялар (қатысу үлестер) сатып алынатын заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы дауыс құқығы жоқ сатып алынатын барлық акциялардың (қатысу үлестерiнiң) құнын;
3) дауыс құқығы жоқ акциялардың (үлестердiң) дауыс беретiн акцияларға (қатысу үлестерiн) айырбастау мүмкiндiгiн көрсету қажет.»;
30-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мәмiле жасалған жағдайда оның салдарлары туралы құзыреттi органның өтiнiш берiлген күнiнен бастап алты айдан кешiктiрiлмей ұсынылған қорытындысы;»;
қосымшаның 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мәмiленiң мәнi болып табылатын мүлiк туралы, акциялар (қатысу үлестерi) немесе Субъектiнiң тасымалдайтын немесе беретiн, өзiнiң тұтынуына арналмаған сатып алатын тауарлары (жұмыстары, қызметтерi) туралы немесе Субъект жалға алған мүлiк туралы ақпарат».
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Бақылау және талап қою жұмысы департаментi (А.Т.Жапсарбай) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (Р.Е.Сүлейменова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн:
1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсiн және жарияланғаны туралы мәлiметтердi кейiннен Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Заң департаментiне (М.Ш. Мукушева) табыс етсiн;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының орынбасары Б.И.Досмұхамбетоваға жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Төраға Н. Алдабергенов


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina