ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Приказы  »  Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Приказы

  Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 647 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 21 желтоқсанда № 7348 тiркелдi
"Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 6 мамырдағы № 214 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 6 мамырдағы № 214 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде № 6265 болып тiркелдi) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесiнде:
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi оларға жүктелген функциялар мен өкiлеттiктерге сәйкес айқындалады.
Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi - бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлауға, негiздеуге, iске асыруға және бюджеттiк бағдарламалар нәтижелерiне жетуге жауапты мемлекеттiк орган.
Бюджеттiк бағдарламалардың бiр әкiмшiсiнiң құзыретiне жатқызылмайтын экономиканың әртүрлi салаларында жобалардың iске асырылуын көздейтiн ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтердiң жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру жоспарланатын бюджеттiк бағдарламалар бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әрекет етедi.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Бюджеттiк бағдарламаларды бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi әзiрлейдi және ол мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарының құрамында бекiтiледi.
Стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатын жоспарлау көлемi, нәтижелiлiк және тиiмдiлiк көрсеткiштерi бар бюджеттiк бағдарламаларын бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар бекiтедi.";
55-тармақтың төртiншi бөлiгiнiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"төмен тұрған бюджетке шығыстардың артуына және (немесе) жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiнiң қысқаруына әкеп соғатын облыстың өкiлдi және атқарушы органдарының заңнамалық актiлерiн, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердiң шығындарын өтеуге бағытталған жоғары тұрған бюджеттер;";
мынадай мазмұндағы 10-тараумен толықтырылсын:
"10-тарау. Стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларын әзiрлеу тәртiбi
60. Стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламалары жоспарлы кезеңге арналған жылжымалы негiзде жыл сайын әзiрленедi.
61. Стратегиялық жоспарды әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк бағдарлама жобасы осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және өзiне мынадай ақпаратты қамтиды:
1) бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды мен атауы;
2) бюджеттiк бағдарламаның коды мен атауы;
3) жоспарлы кезең
4) "Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi" деген жолында осы бағдарлама шеңберiнде iске асырылатын мемлекеттiк функцияларды, осы бюджеттiк бағдарламалардың мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру қажеттiлiгiн анықтайтын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi көрсетiледi.
Осы жол бойынша, заңнама актiлерiн қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiнiң толық атауы, күнi мен нөмiрi, заңнама актiсiне сiлтеме жасалған жағдайда тиiстi бапқа мiндеттi түрде нұсқау көрсетiледi;
5) "Бюджеттiк бағдарламаны сипаттау (негiздеме)" деген жолы бойынша шығыстардың бағытын көрсете отырып, бюджеттiк бағдарламаға қысқаша сипаттама жүргiзедi;
6) "Бюджеттiк бағдарламаның түрi" деген жолында:
"мемлекеттiк басқару деңгейiне байланысты" деген жолында мемлекеттiк басқару деңгейiне қарай мыналарға:
республикалық бюджеттiң құрамында бекiтiлетiн республикалық
облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң құрамында бекiтiлетiн облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында бекiтiлетiн аудандық (қалалық);
республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында бекiтiлетiн қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттiк бағдарламалары болып бөлiнедi;
"мазмұнына байланысты" деген жолында бағдарлама мазмұнына байланысты бюджеттiк бағдарламаның түрi:
мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыру және олардан шығатын мемлекеттiк қызметтердi көрсету;
трансферттер мен бюджеттiк субсидиялар беру;
бюджет кредиттерiн беру;
бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру;
күрделi шығыстарды жүзеге асыру;
мемлекеттiк мiндеттемелердi орындау көрсетiледi;
"iске асыру тәсiлiне қарай" деген жолында жеке не бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалар көрсетiледi;
"ағымдағы/даму" деген жолы бойынша ағымдағы бюджеттiк бағдарлама не даму бюджеттiк бағдарламасы көрсетiледi.
7) "Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты" деген жолында бюджеттiк бағдарламаны орындау кезiнде қол жеткiзiлуi тиiс белгiлi бiр нәтиже өткiзiледi. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты анық, нақты және қол жетiмдi болуы тиiс.
Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты, мемлекеттiк басқару функциясына, елдiң стратегиялық даму мiндеттерiне, республика немесе өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, мемлекеттiк, салалық бағдарламаларға, ауданды дамыту бағдарламаларына сүйене отырып қалыптасады;
8) "Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi" деген жолында бюджеттiк бағдарламалардың түпкi нәтижесiне қол жеткiзу жолдары көрсетiледi.
Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi анық, дәл, нақты және тексерiлген болуы тиiс;
"Бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар" деген бағанда жоспарлы кезеңде олардың iске асырылу мерзiмдерi көрсетiлген мiндеттердi шешуге бағытталған негiзгi iс-шаралар (әрекеттер) көрсетiледi (2-4 бағандар).
9) Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру мерзiмi республиканың немесе өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, мемлекеттiк, салалық бағдарламалардың, ауданды дамыту бағдарламаларында көзделген iс-шараларды iске асыру мерзiмдерiне сәйкес болуы тиiс;
10) "Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi" деген жолында осы бюджеттiк бағдарламада көзделген бюджет қаражаты шегiнде орындалатын мемлекеттiк функциялардың, өкiлеттiктер мен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер көлемiнiң сандық сипаттамасы келтiрiледi, оларға қол жеткiзу осы функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететiн ұйымның қызметiне толық байланысты;
11) "Түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерi" деген жолында халықтың өмiрiнiң деңгейi мен сапасының нысаналы жағдайының (жағдайының өзгеруiнiң), әлеуметтiк саласының, экономиканың, қоғамдық қауiпсiздiк пен бюджеттiк бағдарламаны iске асырудың тiкелей нәтижелерiне қол жеткiзуге негiзделген мемлекеттiк басқарудың басқа да салалары (аялары) көрсеткiштерi келтiрiледi;
12) "Сапа көрсеткiштерi" деген жолында мемлекеттiк қызметтiң бюджеттiк бағдарламасы шеңберiнде оларды алушылардың күтiлуiне және мемлекеттiк қызмет стандартына көрсетiлетiн сәйкестiк деңгейiн көрсететiн көрсеткiштер көрсетiледi;
13) "Тиiмдiлiк көрсеткiштерi" деген жолында бюджет қаражатының бекiтiлген көлемiн пайдалана отырып, ең үздiк тiкелей нәтижеге қол жеткiзу деңгейiн немесе бюджет қаражатының аз көлемiн пайдалана отырып, тiкелей нәтижеге қол жеткiзудi көрсететiн көрсеткiштер келтiрiледi.
Нәтижелiлiк және тиiмдiлiк көрсеткiштерi қол жетiмдi және тексерiлген болуы тиiс.
Тiкелей және түпкiлiктi нәтижелердiң көрсеткiштерi, сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi бойынша есептi және ағымдағы жылдардың мәнi, сондай-ақ өлшем бiрлiгi (2-баған) көрсетiлген жоспарлы кезеңнiң (3-7-бағандар) жылдары бойынша мәнi көрсетiледi.
14) "Бюджеттiк қаражат көлемi" деген жолында есептi және ағымдағы жылдардағы, сондай-ақ жоспарлы кезеңдi жылдар бойынша бөлудегi жоспарлы кезеңдегi мың теңгедегi осы бюджеттiк бағдарлама бойынша бюджет қаражатының көлемi көрсетiледi (3-7-бағандар).
62. Бюджеттiк өтiнiммен бiр мезгiлде стратегиялық жоспарларды әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджет шығыстарын жоспарлау үшiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейiнгi мерзiмде бюджеттiк бағдарламалар жобаларын ұсынады.
63. Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларының жобалары республикалық бюджетте бекiтiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап апталық мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiнде пысықталады және бекiтiледi.
Облыстық, республикалық маңызы бар қала, астананың бюджеттiк бағдарламалары әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларының жобалары тиiстi жергiлiктi бюджет бекiткеннен кейiн ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейiн жергiлiктi атқарушы органдармен пысықталады және бекiтiледi.
Аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларының жобалары аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi бекiтiлгеннен кейiн, тиiстi жергiлiктi атқарушы органдармен келесi қаржы жылының 10 қаңтарына дейiн пысықталады және бекiтiледi.
64. Стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларына мынадай:
1) Қазақстан Республикасының жаңа заңдары қабылданған не өзгерiстер енгiзiлген;
2) жаңа бағдарламалық құжаттар қабылданған не өзгерiстер енгiзiлген;
3) мемлекеттiк органның функциялары, құрылымдары өзгерген;
4) көрсеткiштерге қол жеткiзуге ықпал ететiн республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң параметрлерi өзгерген жағдайларда өзгерiстер мен толықтыруларға енгiзуге жол берiледi.
Стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу мен бекiту кезiндегi осы Ережемен белгiленген талаптар сақталады.
Бюджеттi нақтылауға байланысты бюджеттiк бағдарламаларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген жағдайда бюджеттi әзiрлеу мен бекiту кезiнде Бюджет кодексiмен белгiленген талаптар сақталады.
"Қаржыландыру көлемiнiң өзгеруiне байланысты бюджеттiк бағдарламаларға өзгерiстер мен толықтырулар жобалары тиiстi бюджеттiк комиссиямен қарастырылады.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
2. Бюджеттiк рәсiмдер әдiстемесi департаментi (А.Н.Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық ол мемлекеттiк тiркелген күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министрдiң мiндетiн
атқарушы Р. Дәленов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң 2011 жылғы
20 желтоқсандағы № 647 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын
жасау ережесiнiң 5-қосымшасы
нысан
Стратегиялық жоспарды әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң
БЮДЖЕТТIК БАҒДАРЛАМАСЫ
_________________________________________________________________
бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды және атауы
______________________________________________
бюджеттiк бағдарламаның коды және атауы
_____________________ жылы


Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi

Бюджеттiк бағдарламаны сипаттау (негiздеме)

Бюджеттiк бағдарламаның түрi

мемлекеттiк басқару деңгейiне байланысты

мазмұнына байланысты

iске асыру тәсiлiне қарай

ағымдағы/даму

Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты

Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi

Бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар

жоспарлы кезеңде олардың iске асырылу мерзiмдерi

1

2

3

4

Бюджеттiк бағдарлама көрсеткiштерiнiң атауы

өлшем бiрлiгi

есептi кезеңi

ағымдағы жылдағы жоспары

жоспарлы кезеңi

1

2

3

4

5

6

7

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi

Түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерi

Сапа көрсеткiштерi

Тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Бюджеттiк қаражат көлемi

мың.
теңге


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina