Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 649 бұйрығы
Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 31 наурыздағы № 140 бұйрығының күшi жойылды деп тану туралы«Нормативтiк-құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰИЫРАМЫН: 1. «Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 31 наурыздағы № 140 бұйрығы күшi жойылды деп танылсын (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6206 тiркелген). 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi (Н.Д. Үсенова) осы бұйрыққа қол қойылған күнiнен бастап бiр апталық мерзiмде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне осы бұйрықтың көшiрмесiн жолдасын. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Министр Б. Жәмiшев