ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Приказы  »  Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Приказы

  Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 651 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 28 желтоқсанда № 7359 тiркелдi
"Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 19 мамырдағы № 233 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 19 мамырдағы
№ 233 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6289 болып тiркелген) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну ережесiнде:
3 - 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшiн бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейiнгi мерзiмде бюджеттiк өтiнiмдердi және стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның қорытындыларын ескере отырып, стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады.
Стратегиялық жоспарларды әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға бюджеттiк өтiнiмдер мен бюджеттiк бағдарламалардың жобасын Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 6 мамырдағы № 214 бұйрығымен (№ 6265 болып Нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде тiркелген) бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптауышын жасау ережесiнiң 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады.
Осы тармақта көрсетiлген құжаттардың нәтижелерiн бағалау жүргiзiлген жағдайда бағалаудың нәтижелерi қоса берiледi.
4. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар:
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн, сондай-ақ стратегиялық жоспарларды әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жобаларын, олардың Қазақстан Республикасының бюджеттiк және өзге де заңнамасына, әлеуметтiк-экономикалық дамудың болжамына, мемлекеттiк қызметтердiң қолданылып жүрген заттай нормалары мен стандарттарына сәйкестiгi тұрғысынан;
стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар жобаларының құрамында ұсынылған бюджеттiк бағдарламалардың көрсеткiштерiн олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың мiндеттерiмен өзара байланысы тұрғысынан қарайды.
Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджеттiк өтiнiмдердi, бюджеттiк бағдарламалардың жобаларын, стратегиялық жоспарларды әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жобаларын қарау қорытындылары бойынша және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның қорытындысын ескере отырып, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң шығыстары бойынша қорытындыны қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына жiбередi.
Бұл ретте бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының көлемiне әлеуметтiк-экономикалық даму болжамында көзделмеген жаңа бастамаларға арналған шығыстар енгiзiлмеуi тиiс.
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулардың жобаларын және бюджеттiк өтiнiмдердi, сондай-ақ бюджеттiк бағдарламалардың жобаларын стратегиялық жоспарларды әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жобаларын қарау қорытындылары нәтижесiнде олар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және бюджет комиссиясының қарауына жiбередi.
5. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органдар, бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган арасындағы келiспеушiлiктердi тиiстi бюджет комиссиясы қарайды.
Тиiстi бюджет комиссиясы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң шығыстары бойынша қорытындыны қарайды және ол бойынша ұсыныстар әзiрлейдi.
Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға пысықталған бюджеттiк өтiнiмдердi, стратегиялық жоспарларды әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жобаларын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға пысықталған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады.
Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға пысықталған бюджеттiк өтiнiмдердi және стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулардың жобаларын, сондай-ақ стратегиялық жоспарларды әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларына өзгерiстер мен толықтырулар жобаларын ұсынады.»;
6-тармақтың бесiншi бөлiгi мынадай мазмұнда жазылсын:
«Бюджеттiк өтiнiм:
стратегиялық жоспарлардың жобасының немесе өзгерiс және толықтыру енгiзiлген стратегиялық жоспар жобалары;
Қазақстан Республикасы бiрыңғай бюджет сыныптамасының өткен қаржы жылындағы бюджеттiк өтiнiмiнiң
есептi қаржы жылы стратегиялық жоспардың
iске асырылуы туралы есептiң
заттай нормалардың
мемлекеттiк қызметтiң стандарттардың негiзiнде жасалады.»;
9-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай мазмұнда жазылсын:
«9. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi бюджеттiк өтiнiмдi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға қағаз тасығыштарда нөмiрленген, екi дана, кiтапша түрiнде және мемлекеттiк органдардың электрондық құжат айналымы бiрыңғай жүйесiн пайдалану арқылы электрондық құжат түрiнде немесе электрондық тасығыш арқылы енгiзедi.»;
11 , 12, 13, 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Бюджеттiк өтiнiмдi ұсыну күнi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органда тiркелген күнi болып есептеледi.
12. Әрбiр бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк өтiнiмiн қарау бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға түскен күнiнен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
13. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттiк өтiнiмдердi жасалуы және ұсынылуы Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамаларына сәйкес келмеген жағдайда, оларды бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне қарамастан қайтарады.
14. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi пысықталған бюджеттiк өтiнiмдi ол қайтарылған күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға табыс етедi.»;
Бюджеттiк өтiнiм:
1) стратегиялық жоспар жобасының, стратегиялық жоспарға немесе стратегиялық жоспарда өзгерiстер мен толықтырулар жобасының, стратегиялық жоспарларды әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламалар жобасының құрамына енгiзiлген әрбiр бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстар түрлерi бойынша есептемелердi, бюджеттiк бағдарламалардың жиынтық тiзбесiн, базалық шығыстар мен жаңа бастамаларға арналған шығыстарды қоса алғандағы ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары бойынша шығыстардың жиынтық кестесi;
2) байланысты гранттар сомасын жұмсалу бағыттары бойынша мiндеттi түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты гранттар туралы ақпаратты;
3) ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты емес гранттар туралы ақпаратты;
4) өз билiк етулерiнде қалатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының болжамын;
5) түсiндiрме жазбаны;
6) орталық мемлекеттiк органдардың, оның ведомстволарының, аумақтық органдардың, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң, оның iшiнде, орталық аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнiң, ведомстволарының және олардың аумақтық органдарының штаттық кестесi; жергiлiктi атқару органдарының және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң штаттық кестесiн және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган сұрататын басқа да қажеттi ақпаратты қамтиды.»;
15-тармақ:
он екiншi және он үшiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық органның стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулардың жобаларының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдiң әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының бюджеттiк және өзге де заңнамасына сәйкестiгi туралы қорытынды;
бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның ұсыныстарын ескере отырып, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiнiң бюджеттiк кредиттеу арқылы iске асыруға ұсынып отырған бюджеттiк бағдарламалар бойынша бюджеттiк кредиттеудiң орындылығы туралы мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның қорытындысын қамтиды;»;
20-тармақ алынып тасталсын;
21-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
«21. Бюджет нақтыланған жағдайда бюджеттiк комиссияның бюджеттi нақтылау туралы ұсынысын ескере отырып, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бес жұмыс күнi iшiнде бюджеттi жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға бюджеттiк комиссия өзгерiстерiн мақұлдаған бюджеттiк бағдарламалар бойынша бюджеттiк өтiнiмдi табыс етедi.
Бюджет нақтыланған кезiнде бюджеттi жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттiк өтiнiмдердi ұсынғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде бюджеттiк өтiнiмдердi қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және оларды бюджеттiк комиссияның қарауына енгiзедi.».
мынадай мазмұндағы 55-1-тармақпен толықтырылсын:
«55-1. Бюджеттiк өтiнiм құрамына нысаналы ағымдағы трансферттердi енгiзген бюджеттiк бағдарлама әкiмшiлерi осы Ереженiң 57-1-қосымшасына сәйкес өңiрлер және нысан бойынша бағыттар жөнiнде соманы бөлудi ұсынады.»;
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 57-1-қосымшасымен толықтырылсын.
2. Бюджеттiк рәсiмдеу әдiснамасы департаментi (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр Б. Жәмiшев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2011 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 651 бұйрығына
қосымша
Бюджеттiк өтiнiмдi жасау
және ұсыну ережесiнiң
57-1-қосымшасы
нысан
Нысаналы ағымдағы трансферттердi бөлу

Кодтар

Жылы

______________________

__________
|__________|

Функционалдық тобы

______________________

__________
|__________|

Бағдарлама әкiмшiсi

______________________

__________
|__________|

Мемлекеттiк мекеме

______________________
(атауы)

__________
|__________|

__________
|__________|

Бағдарлама

______________________

__________
|__________|

Кiшi бағдарлама

______________________

__________
|__________|

Атауы

____ жылғы есеп

Түзетiлген жоспар ___ ж.

Жоспар

_____ж.

_____ж.

_____ж.

Өңiрдiң атауы

Бағыттың атауы* 1

бағыттың атауы** 1-1

бағыттың атауы** 1-2

Бағыттың атауы* 2

бағыттың атауы** 2-1

бағыттың атауы** 2-2

Бағыттың атауы* 3

бағыттың атауы** 3-1

бағыттың атауы** 3-2

* бағыттар бойынша бөлу қажеттiлiгi болған жағдайда толтырылады
** түрлер бойынша бағыттарды бөлу қажеттiлiгi болған жағдайда толтырылады
Орталық атқарушы органының жауапты хатшысы/мемлекеттiк мекеме басшысы

Бас бухгалтер (ҚЭБ бастығы)

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina