Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 417-НҚ бұйрығы
Тұтынушылар мен өзге де мүдделi тұлғалар алдында табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) ұсыну жөнiндегi қызметi туралы жыл сайынғы есептi өткiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң мiндетiн атқарушының 2006 жылғы 10 тамыздағы № 198-НҚ бұйрығының және Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның кейбiр бұйрықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы № 30-НҚ бұйрығына қосымшаның 19-тармағының күшi жойылды деп тану туралы«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-1-бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi туралы ереженiң 21-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналардың: 1) «Тұтынушылар мен өзге де мүдделi тұлғалар алдында табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) ұсыну жөнiндегi қызметi туралы жыл сайынғы есептi өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының мiндетiн атқарушының 2006 жылғы 10 тамыздағы № 198-НҚ бұйрығының (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне № 4356 тiркелген, 2006 жылғы 23 қыркүйектегi № 39 «Ресми газет» газетiнде жарияланған); 2) «Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның кейбiр бұйрықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы № 30-НҚ бұйрығына қосымшаның 19-тармағының (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне № 5557 тiркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенi, 2009 жылғы № 3, 338-құжат жарияланған) күшi жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (Р.Е. Сүлейменова) бiр апта мерзiмде осы бұйрықтың көшiрмесiн белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне және ресми баспа басылымдарына жолдасын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсiн. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Төраға Н. Алдабергенов
|