ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Приказы  »  Қазақстан Республикасы Мұнай және газ...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Приказы

  Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрiнiң 2012 жылғы 29 ақпандағы № 41 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнiң 2012 жылғы 15 наурыздағы № 71 Бiрлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2012 жылы 28 наурызда № 7484 тiркелдi
Газ және газбен жабдықтау саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тәуекелдер деңгейлерiн бағалау өлшемдерiн бекiту туралы

"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына, "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Газ және газбен жабдықтау саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тәуекелдер деңгейлерiнiң ұсынылған бағалау өлшемдерi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң мұнай-газ кешенiндегi Мемлекеттiк инспекция комитетi (Т.А. Момышев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiнен соң оның ресми түрде жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшiлiк етушi Мұнай және газ вице-министрiне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық ресми түрде алғашқы жарияланғанынан кейiнгi он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрi Экономикалық даму және

сауда министрi

__________________ С. Мыңбаев ______________ Б. Сағынтаев

29 ақпан 2012 жыл 15 наурыз 2012 жыл

Қазақстан Республикасы
Мұнай және газ министрiнiң
2012 жылғы 29 ақпандағы
№ 41
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрiнiң
2012 жылғы 15 наурыздағы
№ 71
бiрлескен бұйрықтарымен
бекiтiлген

Газ және газбен жабдықтау саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң
тәуекелдер деңгейлерiн бағалау өлшемдерi

1. Осы газ және газбен жабдықтау саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тәуекелдер деңгейлерiн бағалау өлшемдерi (бұдан әрi – өлшемдер) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы, "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2011 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес газ және газбен жабдықтау саласындағы тәуекелдер деңгейлерiне жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн енгiзу үшiн әзiрлендi.
2. Өлшемдерде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) тәуекел – тексерiлетiн субъектi қызметiнiң нәтижесiнде адам өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне, келтiрiлген залалдың зардаптарының ауырлық дәрежесiн есепке ала отырып, мемлекеттiң мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiру ықтималдығы;
2) тексерiлетiн субъект – тауар немесе сұйытылған газ өндiрушi, газ желiлi, газ таратушы, газ тасымалдаушы ұйым.
3. Жоспарлы тексеру жүргiзудiң мерзiмi тәуекел деңгейiне байланысты төмендегiдей жиiлiкте белгiленедi:
жылына бiр рет – тәуекелдiң жоғары деңгейiнде;
үш жылда бiр рет – тәуекелдiң орта деңгейiнде;
бес жылда бiр рет – тәуекелдiң болмашы деңгейiнде.
4. Тәуекел деңгейлерiн бағалау өлшемдерi 2 түрге бөлiнедi:
1) объективтi – тексерiлетiн субъектiлер қызметiн жүзеге асыру мүмкiн болып табылатын тәуекелдердiң мәнiне негiзделедi;
2) субъективтi – тексерiлетiн субъектiлердiң белгiленген талаптарды бұзуына байланысты анықталады.
Субъективтi өлшемдер маңызды және болмашы бұзылымдардан тұрады.
5. Тексерiлетiн субъектiлердi тәуекелдер деңгейлерi бойынша бастапқы енгiзу тәуекелдер деңгейлерiн бағалаудың объективтi өлшемдерi негiзiнде жүзеге асырылады.
6. Тексерiлетiн субъектiлер объективтi өлшемдер бойынша тәуекелдердiң мынадай топтарына бөлiнедi:
1) тәуекелдiң жоғары деңгейiнiң тобына өндiрушiлер жатады;
2) тәуекелдiң орта деңгейiнiң тобына газ таратушы және газ желiлi ұйымдар жатады;
3) тәуекелдiң болмашы деңгейiнiң тобына газ тасымалдаушы ұйымдар жатады.
7. Тексерiлетiн субъектiлердi тәуекелдер деңгейлерi бойынша екiншi қайтара енгiзу субъективтi өлшемдердi ескере отырып жүзеге асырылады.
8. Өндiрушiлердiң болмашы бұзылымдарына:
1) шикi және (немесе) тауарлық газды иелiктен шығаруды жүргiзу ниетi болған жағдайда ұлттық операторға коммерциялық ұсыныс жiбермеуi немесе жiберу мерзiмдерiнiң сақталмауы;
2) тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң объектiсiн, тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiсiне ортақ меншiк құқығындағы үлесiн және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiсiнiң меншiк иесi-заңды тұлға акцияларының пакетiн (қатысу үлесiн) иелiктен шығаруды жүргiзу ниетi болған жағдайда ұлттық операторға коммерциялық ұсыныс жiбермеуi;
3) тауар немесе сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сату тәртiбiн сақтамау;
4) Қазақстан Республикасының iшкi нарығына сұйытылған мұнай газын жеткiзу кестесiн орындамау жатады.
9. Өндiрушiлердiң болмашы бұзылымдарына:
1) тауар немесе сұйытылған мұнай газын өндiру мен сату жөнiнде мәлiметтер бермеу;
2) есеп жүргiзуге арналған бақылау құралдарының болмауы жатады.
10. Газ желiлi ұйымдардың болмашы бұзылымдарына:
1) iшкi нарықта тауар немесе сұйытылған мұнай газын көтерме сатудың соңғы бағасының белгiленген тәртiпте бекiтiлген деңгейiн сақтамау;
2) тиiстi шартсыз сұйытылған мұнай газын бөлшек сату;
3) бiрдей газ толтырушы стансалар мен (немесе) жиынтық сұйық қойма қондырғыларының бiр уақытта пайдаланылуы;
4) Қазақстан Республикасының iшкi нарығына сұйытылған мұнай газын жеткiзу кестесiн орындамау;
5) апаттық-диспетчерлiк қызметтердiң болмауы жатады.
11. Газ желiлi ұйымдардың болмашы бұзылымдарына:
1) сұйытылған мұнай газын сату жөнiнде мәлiметтер бермеу;
2) есеп жүргiзуге арналған бақылау құралдарының болмауы жатады.
12. Газ таратушы ұйымдардың болмашы бұзылымдарына:
1) тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң объектiсiн, тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiсiне ортақ меншiк құқығындағы үлесiн және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiсiнiң меншiк иесi-заңды тұлға акцияларының пакетiн (қатысу үлесiн) иелiктен шығаруды жүргiзу ниетi болған жағдайда ұлттық операторға коммерциялық ұсыныс жiбермеуi;
2) iшкi нарықта тауар газын көтерме сатудың соңғы бағасының белгiленген тәртiпте бекiтiлген деңгейiн сақтамау;
3) апаттық-диспетчерлiк қызметтердiң болмауы жатады.
13. Газ таратушы ұйымдардың болмашы бұзылымдарына:
1) тауар газын сату жөнiнде мәлiметтер бермеу;
2) тауар газын тасымалдау жөнiнде мәлiметтер бермеу;
3) есеп жүргiзуге арналған бақылау құралдарының болмауы жатады.
14. Газ тасымалдаушы ұйымдардың болмашы бұзылымдарына:
1) тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң объектiсiн, тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiсiне ортақ меншiк құқығындағы үлесiн және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiсiнiң меншiк иесi-заңды тұлға акцияларының пакетiн (қатысу үлесiн) иелiктен шығаруды жүргiзу ниетi болған жағдайда ұлттық операторға коммерциялық ұсыныс жiбермеуi;
2) бiрдей жалғастырушы, магистралдық газ құбырлары мен тауар газ қоймасын екi және одан да көп тасымалдаушы ұйымдардың пайдалануы;
3) апаттық-диспетчерлiк қызметтердiң болмауы жатады.
15. Газ тасымалдаушы ұйымдардың болмашы бұзылымдарына:
1) тауар газын тасымалдау мен сақтау жөнiнде мәлiметтер бермеу;
2) есеп жүргiзуге арналған бақылау құралдарының болмауы жатады.
16. Тексерiлетiн субъектiнiң әрбiр жасаған бұзылымдары үшiн мынадай баллдар берiледi:
бiр маңызды бұзылымға - екi балл;
бiр болмашы бұзылымға - бiр балл.
17. Тексерiлетiн субъектiлер субъективтi өлшемдер бойынша жасалған бұзылымдардың түрi мен санына байланысты бөлiнедi.
Тексеру нәтижелерi бойынша тексерiлген субъектiнiң жинаған балының саны шығарылады.
Тәуекелдердiң болмашы деңгейiнiң тобына жататын тексерiлген субъектiлер тексеру кезеңiнде 4 баллдан жоғары жинаса, тәуекелдердiң орта деңгейiнiң тобына ауыстырылады.
Тәуекелдердiң орта деңгейiнiң тобына жататын тексерiлген субъектiлер тексеру кезеңiнде 4 баллдан жоғары жинаса, тәуекелдердiң жоғары деңгейiнiң тобына ауыстырылады.
Тәуекелдердiң жоғары деңгейiнiң тобына жататын тексерiлген субъектiлер тексеру кезеңiнде 2 баллдан төмен жинаса, тәуекелдердiң орта деңгейiнiң тобына ауыстырылады.
Тәуекелдердiң орта деңгейiнiң тобына жататын тексерiлген субъектiлер тексеру кезеңiнде 3 баллдан төмен жинаса, тәуекелдердiң болмашы деңгейiнiң тобына ауыстырылады.
18. Тексерiлетiн субъектiлер тәуекелдердiң бiр тобының iшiнде:
соңғы тексеру мерзiмiн;
соңғы тексеру кезiнде анықталған бұзылымдар санын ескере отырып, тексеру жоспарына енгiзiледi.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina