ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Приказы  »  Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Приказы

  Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2012 жылғы 1 наурыздағы № 127 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2012 жылы 28 наурызда № 7489 тiркелдi
"Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 19 мамырдағы № 233 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 19 мамырдағы № 233 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6289 болып тiркелген) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну ережесiнде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшiн тиiстi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi:
бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейiнгi мерзiмде - бюджеттiк өтiнiмдердi және стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның қорытындыларын ескере отырып, стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулардың жобаларын;
мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейiнгi мерзiмде - бюджеттiк өтiнiмдердi, стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулардың жобаларын және басым бюджеттiк инвестициялар жөнiндегi ұсыныстарды;
Стратегиялық жоспарларды әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға бюджеттiк өтiнiмдер мен бюджеттiк бағдарламалардың жобаларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 6 мамырдағы № 214 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6265 болып тiркелген) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесiнiң 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады.
Нәтижелердi бағалау жүргiзген жағдайда осы тармақта көрсетiлген құжаттарға бағалау нәтижелерi қоса берiледi.»;
4-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар:
бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн Қазақстан Республикасының бюджеттiк және өзге де заңнамасына, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы табиғи нормаларға және мемлекеттiк қызметтер стандарттарына сәйкестiгi тұрғысынан;
стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар жобаларының құрамында ұсынылған бюджеттiк бағдарламалардың көрсеткiштерiн олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың мiндеттерiмен өзара байланысы тұрғысынан қарайды;
стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi ұсынған бюджеттiк бағдарламалар жобаларында берiлген нәтиже мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң функцияларына, өкiлеттерiне, қызметiнiң бағыттарына сәйкестiгi тұрғысынан қарайды.»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасында көзделген бюджеттi нақтылау және түзету жағдайларын қоспағанда, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi жыл сайын бiр бюджеттiк өтiнiм жасайды. Бюджеттiк өтiнiм әзiрлеу, қарау және бекiту сатыларында, сондай-ақ бюджеттi нақтылау және түзету жағдайларында сәйкес келтiрiлуi тиiс.
9. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттiк өтiнiмдi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға қағаз тасығышта нөмiрленген беттерiмен, кiтапша түрiнде және мемлекеттiк органдардың электрондық құжат айналымы бiрыңғай жүйесiн пайдалану арқылы электрондық құжат түрiнде енгiзедi, сондай-ақ бюджеттiк өтiнiм деректерiн мемлекеттiк жоспарлаудың ақпараттық жүйесiне енгiзедi.
Мемлекеттiк жоспарлаудың ақпараттық жүйесiнде бюджеттiк өтiнiм болмаған (оның iшiнде бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша шығыстар есептеулерiнiң нысандары толық толтырылмаған жағдайда) және/немесе қағаз тасығышта берiлген бюджеттiк өтiнiммен сәйкес келмеген жағдайда, аталған бюджеттiк өтiнiм республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне қараусыз қайтарылады.
Бұдан басқа республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бюджеттiк өтiнiмдер жөнiндегi ақпаратты қалыптастыру үшiн бюджеттiк жоспарлау және болжамдау функцияларын жүзеге асыратын бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесiне:
бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бюджеттiк бойынша шығыстар жиынтық есебiнiң көшiрмесiн;
Бюджеттiк бағдарламалардың жиынтық тiзбесiнiң көшiрмесiн;
түсiндiрме жазбаның көшiрмесiн;
Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бюджеттiк өтiнiмдi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға қағаз тасығыштарда нөмiрленген беттерiмен екi данада, кiтапша түрiнде және мемлекеттiк органдардың электрондық құжат айналымы бiрыңғай жүйесiн пайдалану арқылы электрондық құжат түрiнде не электрондық тасығышта енгiзедi.
Егер бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi стратегиялық жоспардың жобасында немесе стратегиялық жоспарға өзгерiстер мен толықтырулардың жобасында қосымша шығыстарды немесе бюджет кiрiстерiн қысқартуды талап ететiн нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеудi немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi ұсынса, онда бюджеттiк өтiнiммен бiр мезгiлде тиiстi нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы енгiзiледi.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi пысықталған бюджеттiк өтiнiмдi ол қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
«14-1. Бюджеттiк өтiнiм:
1) стратегиялық жоспар жобасының, стратегиялық жоспарға өзгерiстер мен толықтырулар жобасының не стратегиялық жоспарларды әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламалар жобасының құрамына енгiзiлген әрбiр бюджеттiк бағдарлама жөнiндегi шығыстардың түрлерi бойынша есептеулердi;
2) байланысты гранттар сомасын жұмсалу бағыттары бойынша мiндеттi түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты гранттар туралы ақпаратты;
3) ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты емес гранттар туралы ақпаратты;
4) мемлекеттiк мекемелердiң өздерiнiң иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының болжамын;
5) түсiндiрме жазбаны;
6) бюджеттiк бағдарламалардың жиынтық тiзбесiн, базалық шығыстар мен жаңа бастамаларға арналған шығыстарды қамтитын ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары бойынша шығыстардың жиынтық кестесi, орталық мемлекеттiк органдардың, оның ведомстволарының, аумақтық органдарының, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiнiң, оның iшiнде, орталық аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнiң, ведомстволарының және олардың аумақтық органдарының ағымдағы жылға бекiтiлген штат кестесiн және жоспарлы кезеңге арналған штат кестесiнiң жобасын; тиiстi жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң штат санын және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган сұрататын басқа да қажеттi ақпаратты қамтиды.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Бюджеттiк өтiнiмге осы Ереженiң 14-1-тармағында көзделген құжаттардың тiзбесiнен басқа мыналар:
республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiне нысаналы трансферттер бөлiнген жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен келiсiлген нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiм жобалары, қол жеткiзiлген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелер туралы есеп;
облыстық бюджеттен аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерiне, нысаналы трансферттер, облыстың бюджеттерге бөлiнетiн және одан әрi аудан бюджеттерiне бөлуге жатқызылатын республикалық трансферттер бөлiнген жағдайда ауданның жергiлiктi атқарушы органдарымен келiсiлген нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдердiң жобалары;
егер бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi қосымша шығыстарды немесе бюджет түсiмдерiн қысқартуды талап ететiн нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеудi немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi ұсынған жағдайда тиiстi нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы;
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң заң жобаларын әзiрлеу орындылығы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Заң жобалау жұмысының перспективтiк жоспарына сәйкес болуы туралы қорытындысы;
тиiстi сараптамалардың қорытындылары бар инвестициялық ұсыныстар;
техникалық-экономикалық негiздеменi әзiрлеудi қажет етпейтiн жобаларды қоспағанда, бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi, құрылысқа арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы мемлекеттiк сараптамасының оң қорытындысы, бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру арқылы бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру кезiнде бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi жөнiндегi экономикалық сараптаманың оң қорытындысы;
бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру шарттарында концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi, бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру шарттарында концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi жөнiндегi экономикалық сараптаманың оң қорытындысы, бюджеттiк инвестицияларды концессиялық жобаларды бiрлесiп қаржыландыру арқылы жүзеге асыру кезiнде концессиялық жобаны бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның және қолда бар республикалық меншiк объектiлерi бойынша республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсу;
мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жоспарлаған жағдайда заңды тұлғалардың стратегиялық даму құжаттары;
мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесi, ол бойынша экономикалық сараптаманың оң қорытындысы;
республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi ұсынатын тақырыптар бойынша зерттеулер жүргiзу орындылығын қарау жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның қорытындысы;
республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi ұсынатын тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулердiң мемлекеттiк ғылыми және ғылыми-техникалық сараптамасының қорытындысы;
мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық органның стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар жобаларының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдiң әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының бюджеттiк және өзге де заңнамасына сәйкестiгi туралы қорытынды;
бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның ұсыныстарын есепке ала отырып, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк кредиттеу арқылы iске асыруға ұсынып отырған бюджеттiк бағдарламалар бойынша бюджеттiк кредиттеудiң орындылығы туралы мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның қорытындысы;
республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi есептеу техникасын, телекоммуникациялық жабдықты, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудi, ақпараттық жүйелердi әзiрлеу және дамыту бойынша қызметтердi сатып алуға жұмсалатын шығыстарды жоспарлаған кезде ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның қорытындысы;
бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi штат санын ұлғайтуға жұмсалатын шығыстарды жоспарлаған кезде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның қорытындысы;
жекелеген мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге, бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға және заңнамаға сәйкес мемлекеттiк тапсырма нысанында мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған ұсыныстар;
нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстарды жоспарлау кезiнде дербес бiлiм беру ұйымдарының қамқорлық кеңестерiнiң шешiмдерi қоса берiледi.
Ерекше маңызды және жедел iске асыруды талап ететiн мiндеттердi iске асыруға бағытталған бюджеттiк инвестициялар бойынша мынадай құжаттар берiледi:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң және/немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi тапсырмаларының көшiрмелерi;
жылдар бойынша бөле отырып, жоба құнының негiздемесi жөнiндегi есеп;
бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiнiң жобаны iске асырудың мақсаттылығына қорытындысы;
қажет болған жағдайда бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган сұрататын басқа да құжаттар берiледi.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Бюджеттi нақтылаған және түзеткен жағдайда бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бюджеттiк өтiнiмдердi ұсынғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде олар бойынша қорытынды дайындайды және бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
Бюджет комиссиясының ұсыныстарын есепке ала отырып, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бес жұмыс күнi iшiнде олар бойынша өзгерiстердi бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджеттiк бағдарламалар бойынша бюджеттiк өтiнiмдердi нақтылайды және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға қағаз тасығышта ұсынады, бұдан басқа республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бюджеттiк өтiнiм деректерiн мемлекеттiк жоспарлаудың ақпараттық жүйесiне енгiзедi.»;
22-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) нәтижелiк және тиiмдiлiк көрсеткiштерiн көрсете отырып, жоспарлы кезеңге қаражат жұмсаудың негiзгi бағыттарын;»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. 01-114 нысаны (18-қосымша) әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң жинақтаушы зейнетақы қорларына соттардың белгiленген мiндеттi зейнетақы жарналарына қосымша және мiндеттi зейнетақы жарналарына жұмсалатын шығыстарды есептеуге арналған.
Мына нысаны бойынша есептеу жасаған кезде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алған жөн.
Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне, Қазақстан Республикасы парламентi палаталарының аппараттарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне және халықаралық ұйымдарға iссапарға жiберу жөнiнде жоспарланатын шығыстарды негiздеу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерi берiледi.
2-бағанда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай кемiнде 10 жыл әскери қызметте, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында қызмет өтiлi бар әскери қызметшiлердiң және iшкi iстер және Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi, қаржы полициясы және өртке қарсы мемлекеттiк қызмет органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық еңбек ақыларын және әскери (арнайы) атағы бойынша жалақының (қосымша ақының) сомаларынан тұратын айына ақшалай ұстау сомасы көрсетiледi.»;
мынадай мазмұндағы 43-1-тармағымен толықтырылсын:
«43-1. Ел iшiнде және елден тысқары жерлерге қызметтiк iссапарларға жоспарланатын шығыстарды негiздеу үшiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi ағымдағы жылға арналған iссапарлардың бекiтiлген жоспарларын және жоспарлы кезеңге арналған iссапарлар жоспарларының жобаларын ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 45-1-тармағымен толықтырылсын:
«45-1. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстарды жоспарлаған кезде есептеулер тиiстi құжаттарды және шығыстардың әрбiр түрi бойынша негiздеменi қоса бере отырып, басқа ерекшелiктер бойынша шығыстардың осы түрлерi үшiн көзделген нысандар бойынша шығыстардың түрлерi бойынша 441 «Нысаналы салым» ерекшелiгi бойынша жасалады.»;
52-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Бюджеттiк рәсiмдер әдiснамасы департаментi (А.Н.Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Министр Б. Жәмiшев

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2012 жылғы 1 наурыздағы
№ 127 бұйрығына
қосымша

Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және
Ұсыну ережесiне
52-қосымша
02-411-нысан

Автомобильдiк көлiк құралдарын сатып алуға жұмсалатын
шығыстарды есептеу

Код
Жылы: _________
Деректердiң түрi (болжам, жоспар, есеп) |_________|
Функционалдық топ: |_________|
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi: |_________|
Мемлекеттiк мекеме: |_________|
Бюджеттiк бағдарлама: |_________|
Ерекшелiк: негiзгi құралдарға | 411 |
жатқызылатын тауарларды сатып алу |_________|

Автомобильдiк көлiк құралының атауы

Бекiтiлген нормативтер бойынша саны (бiрл.)

Қолда бар автомобильдiк көлiк құралдарының iс жүзiндегi саны (бiрл.)

Шығарылған жылы

Тозу (%)

Ағымдағы жылдың бюджетiнде көзделген сома (мың теңге)

Сатып алуға жоспарланатын көлiк құралдарының саны (бiрл.)

Бiр бiрлiгi үшiн құны (теңге)

Жалпы құны (8-бағ.х 9-бағ.)/1000 (мың теңге)

баланста

жалдау

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Қызметтiк жеңiл автомобильдер




















Жиыны:




















2. Кезекшi жеңiл автомобильдер:




















Жиыны:




















3. Арнайы жеңiл автомобильдер:




















Жиыны:










Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы/
мемлекеттiк мекеменiң басшысы _____________________ _________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Бас бухгалтер (ҚЭБ бастығы) ______________________ _________________
(қолы) (Т.А.Ә.)

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina