ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Протоколы  »  Кеден одағында жұмыстар орындау, қызметтер...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Протоколы

  Кеден одағында жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі туралы ХАТТАМА
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Заңы

Кеден одағында жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Санкт-Петербург қаласында 2009 жылғы 11 желтоқсанда қол қойылған Кеден одағында жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі туралы хаттама ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының
Президенті

Кеден одағында жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі туралы
ХАТТАМА

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері,
халықаралық сауданың жалпыға бірдей қабылданған нормалары мен ережелерін мойындай отырып,
2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімнің 5-бабын басшылыққа ала отырып,
жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтардың кеден одағына мүше мемлекеттердің бюджеттеріне уақтылы және толық түсуіне өзара мүдделілікті ескере отырып,
осы мақсатпен бір-біріне жәрдем көрсетуді қалай отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1-бап

Осы Хаттаманың мақсаты үшін мынадай терминдер пайдаланылады:
«жылжымайтын мүлік» - жер учаскелері, жер қойнауының учаскелері, оқшауланған су объектілері және жермен тығыз байланыстының барлығы, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін емес объектілер, оның ішінде ормандар, көп жылдық екпелер, ғимараттар, құрылыстар, құбыр жолдары, электр беру желілері, мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорындар және ғарыш объектілері;
«жылжымалы мүлік» - жылжымайтын мүлікке, көлік құралдарына жатпайтын заттар;
«көлік құралдары» - теңіз және әуе кемелері, ішкі жүзу кемелері, аралас суларда жүзетін «өзен-теңіз» кемелері; жылжымалы темір жол құрамының бірліктері; автобустар; тіркемелер мен жартылай тіркемелерді қоса алғанда, автомобильдер; жүк контейнерлері;
«аудиторлық қызметтер» - бухгалтерлік есепке, салық және қаржы есептілігіне аудит жүргізу жөніндегі қызметтер;
«бухгалтерлік қызметтер» - бухгалтерлік есепке қою, жүргізу, қалпына келтіру, салық, қаржы және бухгалтерлік есептілікті жасау және (немесе) тапсыру жөніндегі қызметтер;
«дизайнерлік қызметтер» - көркемдік нысандарды, бұйымдардың сыртқы келбетін, ғимараттардың қасбеттерін, үй-жайлар интерьерлерін жобалау жөніндегі қызметтер; көркемдік конструкциялау;
«инжинирингтік қызметтер» - тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру және өткізу процесін даярлау, өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық, ауыл шаруашылығы және басқа да объектілерді салу мен пайдалануды дайындау жөніндегі инженерлік-консультациялық қызметтер, сондай-ақ жоба алды және жобалау қызметтері (техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындау, жобалау-конструкторлық әзірлемелер, техникалық сынақтар және олардың нәтижелерін талдау);
«консультациялық қызметтер» - басқарушылық, экономикалық, қаржылық (оның ішінде салықтық және бухгалтерлік) мәселелер бойынша, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жоспарлау, ұйымдастыру мен жүзеге асыру, персоналды басқару жөніндегі мәселелер бойынша тұлғаның проблемаларын және (немесе) мүмкіндіктерін айқындауды және (немесе) бағалауды қоса алғанда, түсіндірмелер, ұсынымдар және өзге де нысандағы консультациялар беру жөніндегі қызметтер;
«маркетингтік қызметтер» - тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сипаттамасын, баға стратегиясын және жарнама стратегиясын тұжырымдауды қоса алғанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өндірісі мен айналысына қажетті экономикалық жағдайлар жасау жөніндегі шараларды айқындау мақсатында тауарлар, жұмыстар, қызметтер өндірісі мен айналысы саласындағы зерттеуге, талдауға, жоспарлауға және болжамдауға байланысты қызметтер;
«ғылыми-зерттеу жұмыстары» - тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасына негізделген ғылыми зерттеулер жүргізу;
«тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-технологиялық (технологиялық) жұмыстар» - жаңа бұйымдар үлгісін, оған арналған конструкторлық құжаттаманы немесе жаңа технологияны әзірлеу;
«жарнама қызметтері» - белгісіз адамдар аясына арналған және кез келген құралдардың көмегімен және кез келген нысанда жеке немесе заңды тұлғаның тауарларға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, қызметтерге қызығушылығын қалыптастыруға немесе қолдауға бағытталған ақпаратты жасау, тарату және орналастыру жөніндегі қызметтер;
«ақпаратты өңдеу жөніндегі қызметтер» - ақпаратты жинау мен қорытындылауды жүзеге асыру, ақпараттық массивтерді (деректерді) жүйелендіру және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының иелігіне беру жөніндегі қызметтер;
«заң қызметтері» - құқықтық сипаттағы қызметтер, оның ішінде консультациялар мен түсініктемелер беру, құжаттарды дайындау және сараптау, соттарда тапсырыс берушілердің мүддесін білдіру.

2-бап

Жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтарды өндіріп алу аумағы жұмыстарды, қызметтерді (осы Хаттаманың 4-бабында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда) өткізу орны болып танылатын кеден одағына мүше мемлекетте жүзеге асырылады.
Жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде салық базасы, жанама салықтардың ставкалары, оларды өндіріп алу тәртібі мен салықтық жеңілдіктер (салық салудан босату), егер осы Хаттамада өзгеше белгіленбесе, аумағы жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны болып танылатын кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалады.

3-бап

1. Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағы, егер:
1) жұмыстар, қызметтер осы мемлекеттің аумағындағы жылжымайтын мүлікпен тікелей байланысты болса.
Осы тармақшаның ережесі жылжымайтын мүлікті жалға алу, жалға беру және өзге де негіздерде пайдалануға беру жөніндегі қызметтерге қатысты да қолданылады;
2) жұмыстар, қызметтер осы мемлекеттің аумағындағы жылжымалы мүлікпен, көлік құралдарымен тікелей байланысты болса;
3) мәдениет, өнер, оқыту (білім беру), дене шынықтыру, туризм, демалыс және спорт саласындағы қызметтер осы мемлекеттің аумағында көрсетілсе;
4) осы мемлекеттің салық төлеушісі (төлеушісі):
консультациялық, заң, бухгалтерлік, аудиторлық, инжинирингтік, жарнама, дизайнерлік, маркетингтік қызметтерді, ақпаратты өңдеу жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-технологиялық (технологиялық) жұмыстарды;
ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды және дерекқорларды (есептеуіш техникасының бағдарламалық құралдары мен ақпараттық өнімдерін) әзірлеу, осындай бағдарламалар мен дерекқорларды бейімдеу және түрлендіру, сүйемелдеу жөніндегі жұмыстарды, қызметтерді;
егер персонал сатып алушының қызмет орнында жұмыс істеген жағдайда, персонал беру жөніндегі қызметтерді сатып алса.
Осы тармақшаның ережелері, сондай-ақ:
патенттерді, лицензияларды, мемлекет қорғайтын өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды куәландыратын өзге де құжаттарды, сауда таңбаларын, тауар белгілерін, фирмалық атауларды, қызмет көрсету белгілерін, авторлық, сабақтас құқықтарды немесе өзге де осыған ұқсас құқықтарды беру, ұсыну, басқа біреуге беру;
көлік құралдарын жалға беруді, олардың лизингін және өзге де негіздерде пайдалануға беруді қоспағанда, жылжымалы мүлікті жалға беру, оның лизингі және өзге де негіздерде пайдалануға беру;
осы тармақшада көзделген жұмыстарды, қызметтерді орындау үшін шартқа (келісім-шартқа) негізгі қатысушы атынан басқа тұлғаны тартатын тұлғаның қызмет көрсетуі кезінде қолданылады;
5) егер осы баптың 1-тармағы 1) - 4) тармақшаларында өзгеше көзделмесе, осы мемлекеттің салық төлеушісі (төлеушісі) жұмыстарды орындаса, қызметтерді көрсетсе, жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны болып танылады.
Осы тармақшаның ережелері, сондай-ақ көлік құралдарын жалға беру, лизинг және өзге де негіздерде пайдалануға беру кезінде қолданылады.
2. Жұмыстарды (қызметтерді) өткізу орнын растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
кеден одағына мүше мемлекеттердің салық төлеушілері (төлеушілері) жасаған жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарт (келісім-шарт);
жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжаттар; кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де құжаттар.

4-бап

1. Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына қатысушы екінші мемлекеттің аумағына әкелінетін, кейіннен басқа мемлекеттің аумағына қайта өңдеу өнімдері түрінде әкетілетін алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарға Кеден одағындағы тауарлардың экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттаманың 1-бабының нормаларына сәйкес осы бапта көрсетілген құжаттардың негізінде қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) салынады. Бұл ретте ҚҚС бойынша салық базасы орындалған алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың құны ретінде айқындалады.
2. Көрсетілген жұмыстар бойынша ҚҚС нөлдік ставкасын қолдану негізділігін растау үшін салық органдарына салық декларациясымен (есебімен) бір мезгілде мынадай құжаттар (олардың көшірмелері) тапсырылады:
кеден одағына мүше мемлекеттердің салық төлеушілері (төлеушілері) арасында жасалған шарт (келісім-шарт);
жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактілерін растайтын құжаттар;
осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды әкелуді (әкетуді) растайтын құжаттар;
төленгені туралы салық органы белгі қойған (кеден одағына мүше мемлекеттердің салық органдарының қалауы бойынша түпнұсқада немесе көшірмеде), Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің салық органдары арасында электронды түрде төленген жанама салықтар туралы ақпарат алмасу туралы хаттамаға 1-қосымшаның нысаны бойынша жасалған тауарларды әкелу туралы өтініш;
берілген шикізатты қайта өңдеу өнімдерін кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан тыс әкетуді растайтын кеден (жүк кеден) декларациясы;
кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де құжаттар.
3. Егер салық декларациясымен бір мезгілде ҚҚС нөлдік ставкасын қолданудың негізділігін растайтын құжаттардың тапсырылмауы аумағында өңдеу жүзеге асырылатын кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасынан туындаса, осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттар салық органына тапсырылмайды.

5-бап

Егер салық төлеуші (төлеуші) салық салу тәртібі осы Хаттамамен реттелетін жұмыстардың, қызметтердің бірнеше түрлерін орындаған, көрсеткен жағдайда және бір жұмыстарды, қызметтерді іске асыру басқа жұмыстардың, қызметтердің іске асырылуына қатысты қосалқы сипатта болған жағдайда, негізгі жұмыстарды, қызметтерді іске асыру орны қосалқы жұмыстарды, қызметтерді іске асыру орны болып танылады.

6-бап

Осы Хаттамаға Тараптардың өзара келісімі бойынша жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Тараптардың құзыретті органдары кемінде жылына бір рет осы Хаттамаға өзгерістер және толықтырулар енгізудің орындылығы туралы мәселені қарайды.

7-бап

Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар мен келіспеушіліктер мүдделі Тараптардың консультациялары немесе келіссөздері арқылы шешіледі. Осындай консультациялар немесе келіссөздер басталған күннен бастап алты ай ішінде келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау мүдделі Тараптардың кез келгенінің бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға беріледі.

8-бап

Осы Хаттама депозитарий дипломатиялық арналар арқылы Тараптардың осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнінен бастап күшіне енеді.

9-бап

Осы Хаттама 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағындағы тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісім күшіне енген күннен бастап қолдануға жатады.

10-бап

2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Кеден одағының комиссиясында сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарий бола отырып, әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

Беларусь Қазақстан Ресей
Республикасының Республикасының Федерациясының
Үкіметі Үшін Үкіметі Үшін Үкіметі Үшін

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina