ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Протоколы  »  Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Протоколы

  Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру кезеңдерi туралы ХАТТАМА
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 19 мамырдағы № 433 қаулысымен мақұлданған

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 19 мамырдағы
№ 433 қаулысымен
мақұлданған

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ортақ
электр энергетикалық нарығын қалыптастыру кезеңдерi туралы
ХАТТАМА

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердiң үкiметтерi,
1998 жылғы 25 қарашадағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң электр энергетикалық жүйелерiнiң қатар жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету туралы шартты, 2005 жылғы 25 қарашадағы ТМД Үкiмет басшылары кеңесiнiң шешiмiмен бекiтiлген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын және 2007 жылғы 25 мамырдағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру туралы келiсiмдi басшылыққа ала отырып,
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң электр энергетикасы және қуатының транзитi туралы келiсiмдi назарға ала отырып,
2007 жылғы 22 қарашадағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кедендiк шекарасы арқылы электр энергиясын өткiзу кезiнде кедендiк рәсiмдердi үйлестiру туралы келiсiм ережелерiн және 2006 жылғы 24 қарашадағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердегi мемлекетаралық электр бөлiнiсi желiлерi бойынша өткiзген электр энергиясын есепке алу аспаптарының көрсеткiштерiн түсiрiп алу үшiн бiрыңғай уақытты белгiлеу туралы ТМД Үкiмет басшылары кеңесiнiң шешiмiн ескере отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

Осы Хаттама ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру кезеңдерiн айқындау және 2007 жылғы 25 мамырдағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру туралы келiсiмнiң шеңберiнде оны қалыптастырудың 1-кезеңiнде электр энергетикасын трансшекаралық саудалауды жүзеге асыруға негiзгi тәсiлдердi белгiлеу мақсатында жасалды.

2-бап

Тараптар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастырудың мынадай кезеңдерiн және олардың ерекшелiктерiн айқындайды:
1-кезең
1-саты. Екi жақты трансшекаралық сауда.
Электр энергияны, қуатты (қуат резервтерiн), оның iшiнде трансшекаралық сауданың ортақ принциптерiне сәйкес электр энергиясының импорты/экспорты бойынша мәмiлелердi ұлттық заңнамаға сәйкес жүзеге асыру құқығын алған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң электр энергетикалық субъектiлерi арасындағы екi жақты шарттар негiзiнде үшiншi елдер арқылы сатып алу-сату.
2-саты. Спот нарықтарына (бiр тәулiкке бұрын болатын нарықтар) өзара қатысу.
Өз мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес электр энергиясы импорты/экспорты бойынша мәмiлелердi жүзеге асыру құқығын алған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң электр энергетика субъектiлерiнiң ТМД-ға қатысушы басқа мемлекеттердiң спот нарығына (бiр тәулiкке бұрын болатын нарықтар) қатысу құқығы бар трансшекаралық сауда.
2-кезең
1-саты. Электр энергиясының өңiрлiк нарығы (Ұлттық электр энергетиканың нарықтарының үйлестiрiлген жұмысы).
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң ұлттық спот (бiр тәулiкке бұрын болатын нарықтар) және теңдестiретiн нарықтарына (екi және одан да көп мемлекеттер нарықтары) ықпалдасу элементтерi бар электр энергиясының трансшекаралық саудасы.
Электр энергиясын саудалау электр энергияны жедел-диспетчерлiк басқару және сауда-саттығын ұйымдастыру бөлiгiнде ұлттық жүйелiк/желiлiк және коммерциялық операторларды үйлестiру кезiнде бәсекеге қабiлеттi ұлттық электр энергетикалық нарықтарының болуы;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң энергия жүйелерiнiң жүйелiк және коммерциялық операторларымен келiсiлген бiрыңғай есептеу моделiнiң (не ұлттық моделдердi үйлестiру) және қаржылық есептеу жүйесiнiң болуы шарттарында жүзеге асырылады.
2-саты. Электр энергиясының және жүйелiк қызметтердiң өңiрлiк нарығы.
Ұлттық электр энергетиканың нарықтардың, оның iшiнде жүйелiк қызметтер нарығының жұмысын үйлестiру.
3-кезең. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң ортақ электр энергетикалық нарығы
Барлық электр энергетикасы субъектiлерi үшiн тиiстi өңiрлiк (ұлттық) құрылымдарды құруды және бiрыңғай ережелерi - ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң ортақ электр энергетикалық нарығының ортақ ережесiн әзiрлеудi қоса алғанда, 2005 жылғы 25 қарашадағы ТМД Үкiмет басшылары кеңесiнiң шешiмiмен бекiтiлген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру тұжырымдамасының ережелерiн толық iске асыра отырып, ортақ электр энергиясы нарығын құру.

3-бап

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң ортақ электр энергетикалық нарығының жұмыс iстеуi әрбiр кезең шеңберiнде әзiрленетiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.

4-бап

Трансшекаралық сауда 1-кезеңде, 1-саты осы Хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде электр энергиясын трансшекаралық саудалаудың ортақ принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады (осы қаулыға қосымша сәйкес).

5-бап

Тараптар осы Хаттамаға сәйкес ұлттық заңнаманы сәйкес келтiру үшiн шаралар қабылдайды.

6-бап

Тараптар 2007 жылғы 25 мамырдағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру туралы келiсiмге сәйкес Тараптар тағайындаған органдар осы Хаттаманы iске асыру жөнiндегi құзыреттi органдар болып табылатындығын айқындайды.

7-бап

Осы Хаттама әрбiр Тараптың, оның мемлекетi қатысушысы болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан ол үшiн туындайтын құқықтар мен мiндеттемелердi қозғамайды.

8-бап

Осы Хаттаманы қолдану және түсiндiру кезiнде туындайтын Тараптар арасындағы даулы мәселелер мүдделi Тараптардың консультациялары және келiссөздерi жолымен немесе Тараптардың басқа да келiсiлген рәсiмдерi арқылы шешiледi.

9-бап

Осы Хаттама депозитарий оған қол қойған Тараптар оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы үшiншi хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.
Мемлекетiшiлiк рәсiмдердi кеш орындаған Тараптар үшiн осы Хаттама депозитарий тиiстi құжаттарды алған күнiнен бастап күшiне енедi.

10-бап

Осы Хаттама ол күшiне енгеннен кейiн кез келген мемлекеттiң қосылуы туралы қүжатты депозитарийге беру арқылы қосылуы үшiн ашық.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттер үшiн осы Хаттама депозитарий қосылу туралы құжатты алған күнiнен бастап 30 күн өткен соң күшiне енедi.
ТМД-ға қатысушы болып табылмайтын мемлекеттер үшiн осы Хаттама депозитарий оған қол қойған немесе оған қосылған мемлекеттердiң осындай қосылуға келiскендiгi туралы соңғы хабарламаны алған күнiнен бастап 30 күн өткен соң күшiне енедi.

11-бап

Тараптардың келiсiмi бойынша осы Хаттамаға оның ажырамас бөлiгi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар тиiстi хаттамамен ресiмделедi және осы Хаттаманың күшiне енуi үшiн көзделген тәртiппен күшiне енедi.

12-бап

Осы Хаттама белгiсiз мерзiмге жасалады.
Тараптардың әрқайсысы депозитарийге осы Хаттаманың қолданысы уақыты iшiнде туындаған мiндеттемелерден шығатын және реттейтiн болжамды күнге дейiн кемiнде 12 ай бұрын жазбаша хабарлама жiбере отырып, осы Хаттамадан шыға алады.
2010 жылғы «__» _____________ __________________ қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiнде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбiр мемлекетке оның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.

Әзiрбайжан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн

Армения Республикасының Тәжiкстан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн

Беларусь Республикасының Түркiменстанның
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн

Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн

Қырғыз Республикасының Украинаның
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн

Молдова Республикасының
Үкiметi үшiн

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына
қатысушы мемлекеттердiң ортақ электр
энергетикалық нарығын қалыптастыру
кезеңдерi туралы хаттамаға
қосымша

«Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердегi
электр энергиясын трансшекаралық саудалаудың (Тәуелсiз
Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ортақ электр
энергетикалық нарығын қалыптастырудың 1-кезеңi, 1-сатысы)
ортақ принциптерi

Осы құжаттың мақсаты Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ортақ электр энергетикасы нарығын (ТМД ОЭН) қалыптастырудың 1-кезеңi, 1-сатысында ұлттық электр энергетикасы нарықтарын ескере отырып, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң электр энергетикасы нарықтарында бәсекелестiк жағдайда электр энергиясын трансшекаралық саудалаудың ортақ принциптерiн белгiлеу болып табылады.

1. Глоссарий

Жүйелiк оператор - ұлттық энергия жүйесiнiң жұмыс iстеу сенiмдiлiгiнiң белгiленген параметрлерiн және электр энергиясының сапасын, өндiрiс теңгерiмi мен электр энергиясын тұтынуды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қабат жұмысты басқаруды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық энергия жүйесiн орталықтандырылған шұғыл-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыратын ұйым. ТМД-ға қатысушы мемлекеттiң ұлттық заңнамасына қарай жүйелiк оператор функциясын бiр немесе бiрнеше уәкiлеттi ұйым орындауы мүмкiн1;
желiлiк оператор - технологиялық қызмет көрсетудi және мемлекеттiң ұлттық электр желiсiн пайдалануға дайын етiп ұстауды, сондай-ақ бұл желiнi жабдықпен шұғыл басқаруды және электр энергиясын мемлекетаралық желiлер бойынша таратуды жүзеге асыратын ұйым.
Мемлекеттердiң заңнамасына қарай желiлiк оператор мен жүйелiк оператор функциялары бiр ұйымдық құрылымға қоса берiлуi мүмкiн;
электр энергиясын көтере саудалау операторы - биржалық принциптерде және/немесе ұйымдасқан сауда принциптерде электр энергиясын сату бағасы мен көлемдерiн айқындау бойынша қызметтердi жүзеге асыратын ұйым;
трансшекаралық сауда - ұлттық заңнамаға сәйкес Трансшекаралық сауданың жалпы принциптерiне сай электр энергиясының импорты/экспорты бойынша операцияларды жүзеге асыру құқығын алған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң электр энергетикасы субъектiлерi арасындағы екi жақты шарттар негiзiнде электр энергиясын, қуаттылықты (резервтердi), оның iшiнде үшiншi елдер арқылы сатып алу-сату;
жүйелiк қызметтер - электр энергетикасы субъектiлерi және электр энергиясын жекелеген тұтынушылар ұсынатын, электр энергетикасы жүйесiнiң сенiмдi жұмысын қамтамасыз ету үшiн, оның iшiнде белсендi қуаттылықтардың, кернеу мен реактивтi қуаттылықтардың жиiлiгi мен ағынын реттеу, авариялардың пайда болуы мен өрбуiнiң алдын алу, сондай-ақ авариядан кейiн жүйенiң қалыпты режимiн қалпына келтiрудi қамтамасыз ету үшiн қажеттi қызметтер;
экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетi (барынша жоғары рұқсат етiлген ағын) - жұмыс iстеу сенiмдiлiгiнiң белгiленген өлшемдерi мен ұлттық және аралас энергия жүйелерiнiң орнықты жұмыс өлшемдерiн бұзбай-ақ қима бойынша берiлуi мүмкiн электр қуатының ең жоғары шамасы;
өткiзу қабiлетi резервi - жүйелiк операторлар айқындайтын, өткiзу қабiлетi аукционында бөлу үшiн пайдаланылмайтын барынша рұқсат етiлген ағынның бөлiгi. Ол қосарлас жұмыстар шеңберiнде энергия жүйелерiн реттеу үшiн пайдаланылады;
орналасқан өткiзу қабiлетi - экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетi (барынша жоғары рұқсат етiлген ағын) мен өткiзу қабiлетi резервi арасындағы айырма ретiнде айқындалады;
еркiн өткiзу қабiлетi - экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетiн бөлу бойынша аукционға шығарылатын өткiзу қабiлетiнiң бөлiгi;
экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетiн шектеу - экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетiнiң асып кетуiне жол бермеу жағдайы бойынша мемлекетаралық ағынды шектеу әрекетi;
өткiзу қабiлетiнiң лоты - экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетiн пайдалану құқығын бөлу бойынша аукционда белуге шығарылған, МВт көрсетiлген еркiн өткiзу қабiлетiнiң белгiленген шамасы;
аукцион операторы - оған экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетiн пайдалану құқығын бөлу аукционын өткiзу жөнiндегi функция жүктелетiн ұйым;
үйлестiрiлген нақты аукцион - екi немесе бiрнеше жүйелiк операторлар мен аукцион операторларының өзара iс-қимылы негiзiнде жүзеге асырылатын өткiзу қабiлетi лоттарының белгiлi бiр санын сатып алуға арналған трансшекаралық саудаға қатысушылардың бағалық өтiнiмдерiн бәсекелiк iрiктеу;
қаржылық қамтамасыз ету — оның тиiстi аукционда қатысуын (жылдық, айлық және тәулiктiк) қамтамасыз ету үшiн аукционға қатысушылар ұсынатын қаржылық қамтамасыз ету;
iлеспе аймақ — барлық iлесе жұмыс iстейтiн энергия жүйелерiнiң (мысалы, ТМД-ға қатысушы елдер мен Балтық елдерi) бiрлестiгi;
ұлттық энергия жүйесi (энергия жүйесi) - ТМД ОЭН қатысушы мемлекеттердiң электр энергиясы жүйесi;
экспорт-импорттың мемлекетаралық қимасы(лары) - екi және одан да астам энергия жүйелерi (энергия жүйелерiнiң бөлiктерi) арасындағы желiлердiң жиынтығы;
электр энергиясын мемлекетаралық жеткiзу - екi сабақтас энергия жүйесi арасында, сондай-ақ транзит шартында үшiншi энергия жүйесiнiң электр желiлерiн пайдалана отырып, бiр энергия жүйесiнен экспорт-импорттың барлық коммерциялық шарттары бойынша жеткiзiлетiн электр энергиясы шамасының алгебралық сомасы;
мемлекетаралық ағын - мемлекетаралық қимаға/экспорт-импорт қимасына кiретiн электр тарату желiлерi бойынша электр энергиясы (қуаты) ағынының алгебралық сомасы;
мемлекетаралық ағындар сальдосы - барлық сабақтас энергия жүйелерi бар мемлекетаралық ағындардың алгебралық сомасы;
сағаттық ауытқу - мемлекетаралық ағындар немесе мемлекетаралық ағынның2 сальдосының нақты мәнi мен оның сағаттық бөлiнiстегi жоспарлы шамасы арасындағы айырма;
транзиттеушi (транзиттеу/беру/өткiзу жөнiндегi қызметтердi орындаушы) - электр энергиясын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiне транзиттеу/беру/өткiзу жөнiндегi қызметтердiң шарты/шарттары негiзiнде ұсынылатын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң желiлiк операторы.
_______
1Мұндай ұйымдар ретiнде желiлiк оператор, электр энергиясының көтерме саудасы операторы және т.б. болуы мүмкiн.
2Екi энергия жүйесi немесе энергия жүйелерiнiң екi тобы жалғыз мемлекетаралық қима/экспорт-импорт қимасы арқылы байланысқан жағдайда.

2. Трансшекаралық саудаға қатысушылар

Трансшекаралық саудаға қатысушылар ұлттық заңнамаға сәйкес электр энергетика саласындағы сыртқы сауда операцияларына жiберiлген ұйымдар, сондай-ақ ТМД ОЭН жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн ұйымдар, оның iшiнде:
сауда қатынастарға қатысушылар:
электр энергиясын өндiрушiлер немесе өндiрушi компанияларды қоса алғанда, олардың өкiлдерi;
электр энергиясын тұтынушылар немесе электр энергиясын жеке пайдалану мақсаттары үшiн сатып алуды жүзеге асыратын олардың өкiлдерi;
электр энергиясын кейiннен қайта сату үшiн көтере сатып алуды жүзеге асыратын жеткiзушiлер;
теңгеру және реттеу мақсаттары, сондай-ақ ТМД ОЭН тиiстi қатысушы мемлекеттердiң заңнамасында көзделген басқа да мақсаттар үшiн технологиялық шығындарды өтеудi қамтамасыз етуге электр энергиясының көлемiн сатып алуды/сатуды жүзеге асыратын жүйелiк операторлар және/немесе желiлiк операторлар;
инфрақұрылым ұйымдары:
желiлiк операторлар;
жүйелiк операторлар;
электр энергиясын көтерме саудалауды ұйымдастырушылар.

3. Электр энергиясының және қуаттылықтардың трансшекаралық
ағынын есепке алу жүйесiн ұйымдастыру

1. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң жүйелiк/желiлiк операторлары әрбiр шекара бойынша мемлекетаралық қиманы/экспорт-импорт қимасын (қима кiретiн желiлер тiзбесi) өзара айқындайды және келiседi.
2. Жүйелiк/желiлiк операторлар халықаралық қималарды/экспорт-импорт қимасын коммерциялық есептеу желiлерiмен жарақтандыруды қамтамасыз етедi, олар бiр сағаттан аспайтын есептеу аралығы бар мемлекетаралық электрлiк желiлердегi қуаттылық пен электр энергиясына бақылауды және есептi жүргiзедi.
3. Жүйелiк/желiлiк операторлар мемлекетаралық ағындарға бақылау және есеп жүргiзудi жүзеге асыру үшiн электр берiлiстердiң әрбiр мемлекетаралық желiлерiнде есептеу нүктесiн айқындайды.
4. Жүйелiк/желiлiк операторлар есептеу нүктелерiнде орналасқан өлшем құралдарының тiзбесiн келiседi. Мұндай есептеу нүктелерiнде орналасқан коммерциялық есептеу аспаптарының көрсеткiштерi негiзiнде мемлекетаралық қималар бойынша тасымалданған электр энергиясының көлемi, сондай-ақ мемлекетаралық ағындардың нақты сальдосы мәнiнiң жоспарланған мәннен ауытқуы айқындалады.
5. Коммерциялық есеп деректерiн түсiру, алмасу, келiсу және есепке алу актiлерiн ресiмдеу тәртiбi сабақтас мемлекеттердiң жүйелiк/желiлiк операторларының арасында жасалатын есепке алуды ұйымдастыру туралы келiсiмдердiң талаптарына және өзге де келiсiлген құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

4. Сауда операцияларының түрлерi

1. Трансшекаралық саудаға қатысушылардың электр энергиясы мен қуат резервтерiн екiжақты сатып алу-сату шарттарын жасауға мүмкiндiгi бар, олардың талаптарын Тараптар дербес белгiлейдi және келiседi. Бұл шарттар алдағы тәулiкке арналған диспетчерлiк кестелердi жасау үшiн қажет ақпараттың берiлуiн қамтамасыз ететiн ережелердi қамтуы тиiс.
Бұл екi жақты шарттардың Тараптары белгiленген тәртiппен белгiленген уақытқа дейiн ұлттық энергия жүйелерiнiң жүйелiк/желiлiк операторларын әр сағат iшiнде жеткiзiлетiн және тұтынылатын электр энергиясының көлемi туралы хабарлауға тиiстiгiн бiлдiредi.
2. Диспетчерлiк кестеге жеткiзiлiмдердi енгiзу үшiн экспорттық-импорттық шарттың тараптары сатушы орналасқан мемлекеттiң энергия жүйесi торабынан (сатушының электр энергиясы желiге жеткiзiледi) сатып алушы орналасқан мемлекеттiң энергия жүйесi торабына дейiн (жеткiзiлген электр энергиясын тұтыну болжанады) экспорт-импорт шартында белгiленген электр энергиясын беру үшiн экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетiнiң жеткiлiктi көлемiн пайдалануға құқықтардың болуын көрсетуi тиiс. Бұл бағдар егер сатып алу-сату шектеспейтiн мемлекеттерде орналасқан қатысушылар арасында жүзеге асырылса, бiр шекараға қарағанда көбiрек, демек экспорт-импорттың бiр қимасына қарағанда көбiрек қамти алады.
3. Осы жалпы принциптердi қабылдау кезiнде жасалған барлық экспорттық-импорттық (сыртқы сауда) шарттар тараптармен қосымша келiсiлген өтпелi кезең iшiнде олардың ережелерiне сәйкестiкке келтiрiлуi тиiс.
4. Трансшекаралық саудаға қатысушылардың ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң немесе басқа мемлекеттердiң энергетика жүйелерi арқылы электр энергиясын тасымалдауын/жеткiзуiн/өткiзуiн есепке ала отырып немесе техникалық мүмкiндiктер, сондай-ақ экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетiнiң синхронды сатып алу-сату мәселелерiн реттеу шегiнде осы мемлекеттердiң электр желiлерi арқылы электр энергиясын тасымалдауға/жеткiзуге/өткiзуiн арналған шарттар жасасқан жағдайда басқа мемлекеттердiң электр энергиясының экспорт-импортына арналған шарттар жасауға құқығы бар.

5. Экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетiн бөлу және есептеу

Экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетiн бөлу

1. Мемлекетаралық қиманың/экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетiн бөлу мамандандырылған тетiктердi пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
2. Артық салмақтың болмауы Тараптардың экспорттық-импорттық әлеуетiн ескере отырып ұзақ мерзiмдi кезеңге болжанатын экспорт-импорт қималарында оны пайдалануға құқықтарды бөлудiң мамандандырылған тетiктерiн қолдану мiндеттi болып табылмайды.
Тиiстi уағдаластықтар мен үйлестiрудiң тиiстi деңгейi болған жағдайда мемлекетаралық қиманың өткiзу қабiлетiн пайдалану құқықтарын бiрлесiп бөлу мүмкiндiгi көзделедi. Бұл жағдайда сатудан түскен түсiм күнi бұрын келiсiлген тәртiппен энергетика жүйелерi арасында бөлiнедi.
3. Бұрын жасалған экспорттық-импорттық (сыртқы саудалық) шарттардың, сондай-ақ техникалық келiсiмдердiң (қосарлас жұмыс туралы шарттар) негiзiнде бөлiнген экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетiн пайдалануға арналған құқықтар келiсiлген өтпелi кезең iшiнде қайта бөлуге жатпайды.
4. МВт-та көрсетiлген, экспорт-импорт қимасының бөлiнген өткiзу қабiлетiнiң мөлшерi трансшекаралық саудаға қатысушыларға осы қима арқылы электр энергиясының тиiстi көлемiн экспорттауға/импорттауға құқық бередi.
5. Экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетiн пайдалануға арналған құқық әрбiр бағыт бойынша жылдық, айлық және тәулiктiк негiзде бөлiнедi.
6. Мемлекеттерде экспорт-импорт қимасының шектелген өткiзу қабiлетiн пайдалану құқықтарын бөлудi ұйымдастыруға жауапты ұйымдар белгiленедi. Бұл ретте егер осы функциялар оларға тiкелей жүктелмеген болса, мұндай ұйым мен тиiстi жүйелiк/желiлiк оператор арасында тығыз үйлесiмдiлiк қамтамасыз етiлуi тиiс.

Экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетiн есептеу (белгiлеу)

1. Тараптардың энергетика жүйелерiнiң жүйелiк/желiлiк операторлары белгiленген тәртiпке сәйкес электр энергиясының мемлекетаралық жеткiзiлiмi мен ағындарын жоспарлау кезеңiнде экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетiнiң мөлшерiн, иелiгiндегi өткiзу қабiлетiн және еркiн өткiзу қабiлетiн анықтау және келiсу рәсiмдерiн белгiлейдi, қажеттi зертеулер (есептер) жүргiзедi, осындай есептердiң нәтижелерiн келiседi.
2. Иелiгiндегi өткiзу қабiлетi өткiзу қабiлетiн бөлу жүргiзiлетiн тәулiктiк, айлық және жылдық кезеңдер үшiн экспорт-импорттың әр қимасы үшiн есептеледi.
3. Жүйелiк/желiлiк операторлар аукцион операторына әрбiр қаралатын кезең үшiн иелiгiндегi өткiзу қабiлетiнiң мөлшерiн түпкiлiктi есептеу нәтижелерiн ұсынады, ол өз кезегiнде оларды Интернет желiсiндегi өзiнiң ресми сайтында жариялайды.
4. Жүйелiк/желiлiк оператор басқа энергетика жүйелерiнiң операторларын иелiгiндегi өткiзу қабiлетiне қайтадан есептеу жүргiзу үшiн мемлекетаралық қиманың/экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетiне әсер ететiн параметрлердегi қандай да бiр өзгерiстер туралы хабарлайды.

Аукционда экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетiн
пайдалануға арналған құқықтарды бөлу

1. Мемлекеттердiң энергетика жүйелерiнiң әр шекарасы бойынша экспорт-импорттың әр қимасының өткiзу қабiлетiн пайдалануға арналған құқықтар трансшекаралық сауданың қатысушылары (немесе олардың өкiлдерi) арасында бөлiнуi тиiс. Экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетiн пайдалануға арналған құқықтарды бөлу аукционда сатып алушылардың бағалық өтiнiмдерiн бәсекелi iрiктеу жолымен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттердiң әрбiр энергетика жүйесiнде аукционды өткiзу жөнiндегi функция жүктелетiн бiрыңғай орган (аукционның операторы) белгiленедi.
3. Тиiстi уағдаластықтар мен үйлестiрудiң тиiстi деңгейi болған жағдайда екiден астам мемлекеттердiң энергетика жүйелерi арасында экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетiн пайдалану құқықтарын бөлу үшiн аукционның бiр операторын тағайындау мүмкiндiгi ескерiледi.
4. Аукционның операторы мiндеттi түрде күнi бұрын Интернет желiсiнде өзiнiң ресми сайтында әрбiр кезең (жыл, ай, тәулiк) бойынша аукциондар өткiзу күнiн жариялайды.
Аукционның операторы мiндеттi түрде күнi бұрын бағалы өтiнiмдер беру кезеңдерiн жариялайды, бұл кезең iшiнде олар жарамды болып саналады.
5. Экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетiн пайдалануға арналған құқықтарды аукционның операторы МВт-да өлшенетiн өткiзу қабiлетiнiң лоттары түрiнде ұсынады.
6. Экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетiн пайдалану құқықтарын бөлу жөнiндегi аукционға қатысу үшiн мiндеттi шарт трансшекаралық саудаға қатысушының аукцион операторымен келiсiлген қатысушы тиiстi аукционда (жылдық, айлық, тәулiктiк) сатып ала алатын өткiзу қабiлетi лоттары санының ең көп мөлшерiн анықтау үшiн қаржылық қамтамасыз етудi қалыптастыруы болып табылады.
7. Электр энергиясының экспорты-импорты шартына қатысушылар экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетiн пайдалану құқықтарын сатып алу үшiн аукцион операторының сауда жүйесiне тиiстi кезеңнiң әр сағатына экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетiнiң тиiстi көлемiн пайдалану құқығын сатып алуға бiр немесе бiрнеше бағалық өтiнiмдер (бiрақ өткiзу қабiлетi лоттарының санынан көп емес) беруi тиiс.
8. Экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетiн пайдалану құқығына арналған тепе-теңдiк баға мынадай талаптардың сақталуымен белгiленедi:
тепе-теңдiк баға бөлiнген өткiзу қабiлетiнiң барлық көлемi үшiн бiрдей;
экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетiн пайдалану құқықтарын сатып алушы үшiн тепе-теңдiк баға оның бағалық өтiнiмде көрсетiлген бағадан жоғары болуы мүмкiн емес;
тепе-теңдiк баға егер өткiзу қабiлетiнiң сұратылған мөлшерiнiң сомасы еркiн өткiзу қабiлетiне қарағанда аз болса нөлге тең (яғни барлық бағалық өтiнiмдер үшiн өткiзу қабiлетiнiң барлық сұратылған мөлшерi толығымен қанағаттандырылды);
тепе-теңдiк баға, егер өткiзу қабiлетiнiң сұратылған мөлшерiнiң сомасы еркiн өткiзу қабiлетiне қарағанда көп болса, еркiн өткiзу қабiлетiнiң шегiнде өткiзу қабiлетiнiң лоттары бөлiнген бағалық өтiнiмдердiң ең төмен бағасына тең.
9. Экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетi аукционының операторы өткiзу қабiлетiне арналған құқықтарды есепке алу мақсатында әр тәулiктiң әр сағатына өткiзу қабiлетiн пайдалану құқықтарының бөлiнуiн көрсетудi қамтамасыз ететiн тиiстi тiзiлiм, ағындардың бағыттары мен құқықтарды қайта тiркеу/қайта бөлу мүмкiндiгiне есеп жүргiзедi.
Аукционның операторы әрбiр өткiзiлген аукционның нәтижелерiн Интернет желiсiндегi өзiнiң ресми сайтында жариялауға тиiс. Нәтижелер аукционның тепе-теңдiк бағасын, сондай-ақ бөлiнген лоттардың санын қамтуы тиiс.
10. Жылдық және айлық аукциондарда бөлiнген және тиiстi қатысушылар пайдаланбаған өткiзу қабiлетiн пайдалануға арналған құқықтар тәулiктiк аукциондарда қайта бөлiнуi немесе иесi екiжақты шарттар арқылы трансшекаралық саудаға қатысушыларға қайта сатуы мүмкiн.
11. Қандай болмасын сағатта экспорт-импорт қимасының өткiзу қабiлетiн шектеген жағдайда өткiзу қабiлетi лоттарының барлық қатысушыларының-иелерiнiң өткiзу қабiлетiн пайдалану құқықтарының мөлшерi осы сағатта туындаған шектеуге барабар шектелетiн болады.
Егер энергия жүйенiң қалыпты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында шектеу туындаған жағдайда құқығы шектелген өткiзу қабiлетi лоттарының қатысушылары - иелерi өткiзу қабiлетiн пайдалану құқығына қатысушылары төленген төлемдердi (қайтарым) өтеуге құқығы бар.
12. Бiрлескен аукционда өткiзу қабiлетiн пайдалану құқығын сатудан түскен түсiм алдын ала келiсiлген тәртiпте энергия жүйелердiң арасында бөлiнедi.

6. Электр энергиясын мемлекетаралық жеткiзулер мен ағындардың
кестелерiн жоспарлау

1. Жоспарлаудың мақсаты ұлттық энергия жүйе мен синхронды аймақ жұмысының қалыпты режимiн бұзбай электр энергиясын мемлекетаралық жеткiзу, оның iшiнде iшкi артық салмақсыз және мемлекетаралық қималарсыз жүзеге асырудың мүмкiндiгiн айқындау болып табылады.
2. Электр энергиясының мемлекетаралық ағындарын жоспарлау экспорт-импорт шарттары бойынша электр энергиясын жеткiзудiң мәлiмделген көлемiнiң негiзiнде сағаттық бөлiгiнде ұзақ мерзiмдi (жыл, ай) және қысқа мерзiмдi (тәулiк, сағат) кезеңдерге екi/көп жақты негiзде жүйелiк операторлар жүзеге асырады.
Жоспарлау экспорт-импорт қималары мен ұлттық энергия жүйесiнiң бақыланатын қималарындағы өндiрiлетiн және электр жүйелерiнiң жабдықтарын жөндеу және барынша ұйғарынды ағындары қуаттылығының ауқымын ескере отырып, жүзеге асырылады.
3. Мемлекетаралық ағындар арқылы жүзеге асырылатын, екi елдiң энергия жүйесiн мемлекетаралық ағындарының арасын басқа да энергия жүйесiнiң жүйелi операторларымен байланыстыратын электр энергиясын мемлекетаралық жеткiзуге ықпал еткен кезде, жалпы есептiк үлгiнiң негiзiнде электр энергиясының мемлекетаралық ағындарының үйлестiрiлген кестелерiн жоспарлауды жүзеге асырады.
4. Жүйе/желi операторлары өз арасында электр энергиясын берудiң мемлекетаралық желiлерiн және ажырату барынша ұйғарынды мемлекетаралық ағындардың ауқымына ықпал ететiн iшкi желiлердi ажыратудың кестесiн келiседi.
5. Тиiстi жеткiзудiң көлемiн енгiзу үшiн алдын ала диспетчерлiк кестенi экспорт-импорт шарттарына қатысушылар өткiзу қабiлетiн пайдалану құқығының едәуiр көлемiнiң болуын растауды көрсете отырып, жасалған шарттарға сәйкес сағаттық жоспарланған жеткiзу көлемi туралы тиiстi энергия жүйесiнiң жүйе операторлары күнi бұрын ақпарат беруге мiндеттi.
6. Жоспарлау рәсiмiн жүзеге асыру кезiнде тәулiк бұрын жүйе/желi операторлары орындау үшiн маңызды болып табылатын сағаттық бөлiктегi мемлекетаралық ағындардың сальдо кестесiн құрайды және келiседi. Мемлекетаралық ағындарының сальдосының келiсiлген кестесiнен ауытқулар осы Жалпы принциптердiң 7-бөлiмiнде айқындалған ережеге сәйкес реттеуге жатады.
7. Жүйе/желi операторлары экспорт-импорт шарттарына қатысушыларын жеткiзудiң жоспарланған көлемiн өзгерту қажеттiлiгi, мемлекетаралық ағындардың сальдо кестелерiнiң келiсiлген өзгерiстерiнiң салдары туралы ақпарат беруге тиiс.

7. Электр энергиясының мемлекетаралық ағындарының
келiсiлген мәндерiнен ауытқуларын реттеу

1. Әрбiр энергия жүйесiнiң жүйе/желi операторлары мемлекетаралық ағындар сальдосының келiсiлген сағаттық кестесiн немесе электр энергиясының мемлекетаралық ағындарын орындау бойынша шаралар қабылдауға мiндеттi.
2. Мемлекетаралық ағындар режимiн орындау фактiсi бойынша жүйе/желi операторлары мемлекетаралық ағындарының нақты салъдосының мәнiн сағаттық ауытқудың немесе жоспардан мемлекетаралық ағындарының шұғыл есебiн жүргiзедi.
3. Жүйе/желi операторлары мемлекетаралық ағындардың нақты сальдосының ауытқулар көлемiн немесе жоспардан мемлекетаралық ағындарын үйлестiрiлген келiсу рәсiмiн айқындайды. Жүйе/желi операторлары немесе ұлттық заңнамаға байланысты өзге де уәкiлеттi ұйымдар мемлекетаралық ағындар бойынша, оның iшiнде қаржылық негiзде ауытқуларды реттеу тетiгiн әзiрлейдi.
4. Әрбiр энергия жүйеде басқа энергия жүйенiң уәкiлеттi ұйымдарына сәйкес сағаттық ауытқуларын реттеуге (оның iшiнде және қаржылық) жауапты уәкiлеттi ұйым тағайындалады.
Уәкiлеттi ұйымдар осы Жалпы принциптердiң 7.3-тармағына сәйкес мемлекетаралық ағындар нақты сальдосының ауытқуын өтеу мақсатында өзара есептесудi жүзеге асырады.
5. Мемлекетаралық ағындарының немесе энергия энергиясының мемлекетаралық ағындары мәндерiнiң сальдосын қолдау үшiн жүйе/желi операторлары (ұлттық заңнамаға - өзге де уәкiлеттi органдарға байланысты) электр энергиясын жеткiзудiң жоспарлы және нақты көлемдерi арасында ұлттық энергия жүйесiндегi ауытқуларды реттеу тетiктерiнiң, оның iшiнде теңгерiмдi нарықтардың жұмысын қамтамасыз етедi. Уәкiлеттi ұйымдар осы тетiктер шеңберiнде экспорт-импорт қималарына ауытқуларды реттеу бойынша өз шығыстарын өтейдi.
6. Энергия жүйелерiндегi ауытқуларды қаржылық реттеу кезiнде, мемлекетаралық ағындар бойынша ауытқуларды реттеу үшiн пайдаланушы теңгерiмдi нарықтар тұрақты жұмыс iстейдi және ауытқулардың реттеу тетiктерi мен олар бойынша есептер енгiзiледi, iшкi теңгерiмдi нарықтағы есептер үшiн пайдаланылатын бағалар негiзiнде қалыптасады.
Энергия жүйелерi үшiн теңгерiмдi нарықтарда жұмыс iстемейтiн және ауытқуларды реттеу тетiктерi мен олар бойынша есептер енгiзiлмеген, мемлекетаралық ағындар бойынша ауытқуларды реттеу үшiн пайдаланылатын теңгерiмдi электр энергиясының бағасы энергия жүйесiндегi электр энергиясының өндiрiсiне арналған маржиналдық шығындар негiзiнде айқындалады.
7. Энергия жүйенiң жүйе/желi операторлары (ұлттық заңнамаға - өзге де уәкiлеттi ұйымдарға байланысты) мемлекетаралық ағындар бойынша олармен белгiленген едәуiр ауқымы шегiнде сағаттық ауытқулардың параметрлерi мен шектi көлемiн келiседi.
Жүйе/желi операторлары туындаған ауытқулардың сипатын және мемлекетаралық ағындары кестелерiнiң орындалуын ынталандыратын шараларды орындайды олармен белгiленген едәуiр ауқымы шегiнде сағаттық ауытқулардың көлемiн арттырған жағдайда сараптама жасайды.

8. ТМД қатысушы мемлекеттердiң энергия жүйесi арқылы электр
энергиясын тасымалдауды/берудi/өткiзудi жүзеге асырумен
байланысты шығындарды өтеу

1. ТМД қатысушы мемлекеттердiң энергия жүйесiнiң жүйе/желi операторлары iшкi тұтынушыларды электрмен қамтамасыз ету үшiн олардың басым пайдалануын ескере отырып электр желiлерiнiң техникалық инфрақұрылымы шегiнде ұлттық энергия жүйесiнiң технологиялық инфрақұрылымына қол жетiмдiлiктiң кемсiтпеушiлiк шарттарын қамтамасыз етедi.
2. Трансшекаралық сауда қатысушылары ТМД қатысушы мемлекеттердiң энергия жүйесiнiң технологиялық инфрақұрылымын пайдалану кезiнде аталған энергия жүйесiне электр энергиясын тасымалдауды/берудi/өткiзудi жүзеге асыру үшiн осы үдерiстi жүзеге асырумен байланысты шығындарды өтеуге мiндеттi.
3. Тасымал ретiнде берiлетiн электр энергиясының саны екi/көп жақты тәртiпте жүйе/желi операторларымен келiсiлген әдiстеменi пайдалана отырып, коммерциялық есеп аспаптарының көрсеткiштерi негiзiнде есептiк кезең арналған сағаттық интервалмен айқындалады.
4. Электр энергиясын тасымалдауды/берудi/өткiзудi төлеудiң құны мен тәртiбi ТМД қатысушы мемлекеттердiң электр энергиясының жұмыс iстеуiн регламенттейтiн нормативтiк құжаттарға сәйкес айқындалады.
Электр энергиясын тасымалдауды/берудi/өткiзудi бойынша қызметтiң құнын айқындау кезiнде мынадай шығындар ескерiлуi мүмкiн:
Энергия жүйесi жұмысының желiлерiн және диспетчерлiк режимдердi пайдалануға беру (пайдалану) бойынша шығындарға байланысты тұрақты шығындар;
электр энергиясын тасымалдауға/беруге/өткiзудi шарттасылған шығындардың құнын және ағынды бөлудi (желiлiк артық салмақ) өзгертумен сондай-ақ қосымша (қосалқы) жүйелi қызметтердiң құнын өтеумен байланысты ауыспалы шығындар.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina