ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Протоколы  »  Кеден одағы комиссиясы Кедендік статистика...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Протоколы

  Кеден одағы комиссиясы Кедендік статистика орталығының мәртебесі туралы ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі, 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының тауарларымен сыртқы және өзара сауданың кедендік статистикасын жүргізу туралы келісімді іске асыру мақсатында төмендегілер туралы келісті:

Кеден одағы комиссиясы
Кедендік статистика орталығының мәртебесі туралы
ХАТТАМА

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі,
2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының тауарларымен сыртқы және өзара сауданың кедендік статистикасын жүргізу туралы келісімді іске асыру мақсатында
төмендегілер туралы келісті:

1-бап

Кеден одағы комиссиясының Кедендік статистика орталығы (бұдан әрі - Орталық) Тараптар мемлекеттерінің сыртқы сауда статистикасын және өзара сауда статистикасын жүргізу, Тараптардың уәкілетті органдарының статистикалық қызметін үйлестіру, осы салада ақпарат алмасуды ұйымдастыруға жәрдемдесу және жалпы ұсынымдарды әзірлеу мақсатында құрылады.
Орталық Кеден одағы комиссиясы хатшылығының (бұдан әрі - Хатшылық) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өзінің функцияларын Хатшылық Департаментінің құқығында жүзеге асырады.
Орталық өз қызметінде 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартты, 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағы комиссиясының хатшылығы туралы келісімді, кеден одағы шеңберінде қабылданған өзге де халықаралық құжаттарды, сондай-ақ осы Хаттаманы басшылыққа алады.
Орталық өз қызметін Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдарымен өзара тығыз іс-қимылда жүзеге асырады.

2-бап

Орталықтың негізгі функциялары:
Тараптар мемлекеттерінің тауарлармен сыртқы және өзара сауда туралы статистикалық деректерінің толық және дұрыс есебін қамтамасыз ету;
Тараптар мемлекеттерінің сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасы көрсеткіштерінің жүйесін қалыптастыру;
Комиссия бекітетін Орталықтың статистикалық жұмыстар бағдарламасына сәйкес кеден одағының сыртқы және өзара саудасы жөніндегі статистикалық және ақпараттық материалдарды шығару, жариялау және Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік органдарына жіберу;
Тараптардың мемлекеттік органдарының сұрау салуы бойынша кеден одағының сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасының деректерін ұсыну;
кеден одағына қатысушы мемлекеттер шеңберінде және үшінші елдермен саудада сыртқы және өзара сауда, экономикалық ынтымақтастықтың серпіні және үрдістері жөнінде ақпараттық және талдау материалдарын дайындау;
деректердің салыстырмалылығын қамтамасыз ететін және халықаралық ережелер мен стандарттарға негізделген сыртқы сауданың кедендік статистикасы мен өзара сауда статистикасын жүргізудің бірыңғай әдіснамасын әзірлеу;
кеден одағының шеңберінде бірыңғай ақпараттық-статистикалық кеңістікті қалыптастыру;
кадрларды оқытуды ұйымдастыру, семинарлар және сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасын дамытуға байланысты басқа да іс-шараларды өткізу мәселелері бойынша Тараптардың уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
халықаралық статистикалық ынтымақтастықты жүзеге асыру, халықаралық статистикалық ұйымдардың жұмысына қатысу;
сыртқы және өзара сауда статистикасында алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды енгізуге жәрдемдесу;
сыртқы сауда статистикасын және өзара сауда статистикасын қалыптастыру кезінде пайдаланылатын бірыңғай жіктеуіштерді енгізу болып табылады.

3-бап

Орталықтың өзіне жүктелген функцияларды орындау үшін:
Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдарынан Тараптар мемлекеттерінің сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасының жалпы қорын құру үшін қажетті статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде алуға;
өзінің дерекқорын құруға;
Кеден одағы комиссиясының тапсырмасы бойынша өз құзыретінің шеңберінде кеден одағының нормативтік және өзге де құқықтық актілерінің жобалары бойынша қорытындылар беруге;
Кеден одағы комиссиясына кеден одағының құрамына кірмейтін елдермен статистикалық ақпарат алмасуды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Кеден одағы комиссиясына өзі жүргізуге тиіс мәселелер бойынша жұмыс топтарын құру және кеңестер өткізу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Кеден одағы комиссиясының қарауына статистикалық есеп мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Кеден одағы комиссиясының қарауына сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасын жүргізудің бірыңғай әдіснамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Кеден одағы комиссиясы өзінің құзыретіне жатқызған өзге мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға құқығы бар.

4-бап

Тараптар арасындағы осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар ең алдымен, консультациялар және келіссөздер жолымен шешіледі.
Егер даудың бір тарабы даудың екінші тарабына оларды жүргізу туралы pecми жазбаша өтініш жіберген күннен бастап алты ай ішінде дау тараптары консултациялар және келіссөздер жолымен реттемесе, онда дау тараптарының арасында оны шешу тәсіліне қатысты өзге уағдаластық болмаған кезде, дау тараптарының кез келгені бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшін жібере алады.

5-бап

Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Хаттамаға жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

6-бап

Осы Хаттаманың күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамамен айқындалады.
2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы осы Хаттаманың депозитарий! болып табыла отырып, әрбір Тарапқа расталған көшірмені жіберетін Кеден одағының комиссиясында сақталады.

Беларусь Қазақстан Ресей
Республикасының Республикасының Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін Үкіметі үшін

Кеден одағы комиссиясы Кедендік статистика орталығының мәртебесі туралы хаттаманың қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі мәтініне сәйкес келеді.

Қаржы министрі Б. Жәмішев

Аталған мәтін 2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында қол қойылған Кеден одағы комиссиясы Кедендік статистика орталығының мәртебесі туралы хаттаманың толық және тең түпнұсқа көшірмесі болып табылатындығын куәландырамын.
Беларусь Республикасының Үкіметі үшін - Беларусь Республикасының Премьер-Министрі С.С. Сидорскии;
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімов;
Ресей Федерациясының Үкіметі үшін - Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы В.В. Путин.
Түпнұсқалық данасы Кеден одағы комиссиясында сақталады.

Барлығы тігілген, қолымен және
мөрмен бекітілген 5 парақ

Кеден одағы комиссиясы Хатшылығының
Құқықтық департамент директоры Н.Б. Слюсарь

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina