ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Указы  »  Қазақстан Республикасы Президентінің 2011...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Указы

  Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 1162 Жарлығы
Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы Азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттың жобасын дәйектеу туралы
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы Азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дулат Оразбекұлы Қуанышевқа Қазақстан Республикасының атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, ол көрсетілген шарттың жобасын дәйектесін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 25 ақпандағы
№ 1162 Жарлығымен
мақұлданған

Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы
Азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы
шарт

Бұдан әрі «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы,
екі ел арасындағы достық пен сот және құқықтық салада жемісті ынтымақтастықтың байланыстарын нығайтуға ниет ете отырып,
осы Шарт шеңберінде азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсетуді жеңілдету қажеттігін тани отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1-бап
Жалпы ережелер

1. Осы Шартты іске асыру шеңберінде және өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес Уағдаласушы Тараптар бір-біріне азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетеді.
2. Осы Шартқа сәйкес құқықтық көмек:
1) Соттың шақыру қағазын және басқа да сот материалдарын тапсыруды;
2) сұрату немесе тапсырмалар арқылы дәлелдемелерді талап етуді; 3) сот және төрелік шешімдерді тану мен орындауды қамтиды.
3. Осы Шарттың ережелері Уағдаласушы Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтар мен міндеттемелерді қозғамайды.
4. Осы Шарт ол күшіне енгеннен кейін туындаған азаматтық істерге қатысты өзара құқықтық көмек көрсету туралы барлық сұратуларға қолданылады.

2-бап
Орталық органдар және құжаттардың түпнұсқалығын анықтау

1. Құқықтық көмек көрсету туралы сұратулар Уағдаласушы Тараптардың орталық органдары арқылы жүзеге асырылады.
2. Орталық органдарға:
Қазақстан Республикасы тарапынан - Јділет министрлігі,
Үндістан Республикасы тарапынан - Құқық және әділет министрлігі жатады.
Јрбір Уағдаласушы Тарап орталық органды ауыстыру құқығын өзінде қалдырады және ол туралы басқа Уағдаласушы Тарапты дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.
3. Егер осы Шартта өзгеше көзделмесе, құқықтық көмек көрсетуге байланысты уәкілетті тұлға қол қояды және соттың немесе басқа құзыретті органның мөрімен бекітілетін барлық құжаттарды сұратқан Уағдаласушы Тараптың орталық органы куәландырады.
4. Барлық сұратулар және ілеспе құжаттар екі данада беріледі және сұратылған Уағдаласушы Тараптың мемлекеттік тіліне аудармамен қоса жүруі тиіс.

3-бап
Соттың шақыру қағазын және басқа да құжаттарды тапсыру

1. Соттың шақыру қағаздары және басқа да іс материалдары:
1) Қазақстан Республикасы жағдайында - заңды құзырына тиісті тұлғалардың қатысумен іс қарау жататын соттар немесе басқа да уәкілетті органдар арқылы;
2) Үндістан Республикасы жағдайында - заңды құзырына тиісті тұлғалардың қатысуымен іс қарау жататын соттар арқылы беріледі.
2. Соттың шақыру қағаздарын және басқа да сот құжаттарын тапсыру сұратылған Уағдаласушы Тараптың заңнамасына сәйкес не егер осы әдіс сұратылған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына қайшы келмесе, сұратқан Уағдаласушы Тарап айқындаған арнайы әдіспен жүзеге асырылады.
3. Осы Шарт шеңберінде жолданатын бір Уағдаласушы Тарап аумағында ресми ретінде қаралатын соттың шақыру қағаздары мен басқа да сот құжаттары басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында ресми құжаттардың дәлелді күшіне ие.
4. Осы баптың 1-тармағының ережелері Уағдаласушы Тараптардың қандай да бір күш қолдану әдістерін қолданбай, өздерінің дипломатиялық мекемелері өкілдіктері немесе консулдық арқылы басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында өз азаматтарына шақыру қағаздарын және басқа сот құжаттарын тапсыруды жүзеге асыру құқығын бұзбайды. Осындай жағдайларда тапсыру болатын мемлекеттің тарапынан жауапкершілікке әкеп соқпайды.
5. Осы баптың 2-тармағының қолданыс аясына жататын мәселелер соттың шақыру қағаздары және басқа сот құжаттары почта арналары арқылы жіберілуі немесе оларды еркімен қабылдайтын адресатқа жеткізілуі мүмкін.
6. Тапсыру жүзеге асырылуы тиіс аумақтағы Уағдаласушы Тараптың
азаматы болып табылатын адресатқа қатысты кез келген талап осы
Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес айқындалады.

4-бап
Соттың құжаттарын тапсыру туралы сұратудың мазмұны

Соттың шақыру қағазын және басқа да сот құжаттарын тапсыру туралы сұрату осыған қатысы бар тұлғалардың аты-жөнін, олардың азаматтығы, кәсібі және тұрғылықты жері немесе келу орны туралы мәліметтерді және осы тұлғаға тапсырылуға тиіс құжаттар тізімін қамтуы тиіс. Егер құжаттарды тапсыру оның өзге тәсілін көздейтін жағдайда, онда сұратудың мазмұнында бұл да көрсетілуі тиіс.

5-бап
Соттың құжаттарын тапсыру туралы сұратуды орындау

1. Соттың шақыру қағазын тапсыру барысында сұратуда істің мәні бойынша жеткілікті заңды негіздемелер қамтылмағандығы негізінде одан бас тартылуы мүмкін.
2. Егер соттың қағазын тапсыру орындалмаса, сұратқан Уағдаласушы Тарапқа оның себебі туралы дереу хабарлайды.

6-бап
Соттың құжаттарын тапсыру

1. Сұратылған Уағдаласушы Тараптың уәкілетті органы құжаттарды тапсыруды өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Құжаттарды тапсырғаны үшін төлем немесе шығыстар ұсталмайды.
2. Тапсыру сұратқан Уағдаласушы Тарап көрсеткен тәсілмен, егер ол сұратылған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына қайшы келмесе, тапсырудың арнайы тәсілімен байланысты шығыстарды одан әрі төлеу мәнін көрсете отырып, жүзеге асырылуы мүмкін.

7-бап
Соттың құжаттарын тапсыруды растау

1. Сұратылған Уағдаласушы Тараптың құзыретті органдарының өкілеттігі алушыға сот құжаттарын тапсырумен шектеледі.
2. Тапсыру сот құжатының немесе шақыру қағазының көшірмелеріне немесе құзыретті орган берген анықтамаға алушының қол қоюмен расталады, онда алушының аты, тапсыру күні және тәсілі көрсетіледі және тапсыруды жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, тиісті себептері көрсетіледі.
3. Сот құжатының немесе адресаттың құжаттарды алғанын растайтын қол қойған құжаттың көшірмесі сұратқан құзыретті органға орталық орган арқылы жіберіледі.
4. Жеткізілмеген жағдайда, сұратылған Уағдаласушы Тараптың орталық органы жеткізілмеу себептерін жазбаша баяндап, сот құжаттарының түпнұсқаларын және құжаттарды сұратқан Уағдаласушы Тараптың орталық органына дереу қайтаруы тиіс.

8-бап
Дәлелдемелерді талап ету

1. Бір Уағдаласушы Тараптың сот органдары және басқа уәкілетті органдары өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес басқа Уағдаласушы Тараптың құзыретті сот органдарына немесе басқа Уәкілетті органдарына жазбаша сұрату арқылы азаматтық істер бойынша дәлелдемелерді талап етіп алады.
2. Осы Шарттың мақсаттары үшін дәлелдемелерді талап ету:
1) сұратылған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес тараптардың өтініштерін және куә дәлелдемелерін талап етуді;
2) айғақтары осы баптың 1) тармақшасына сәйкес алынған тұлға сұратқан салған және ұсынған құжаттарды, жазбаларды, материалдық дәлелдемелерді алуды, анықтауды немесе тексеруді қамтиды.
3. Жазбаша сұратуда:
1) дәлелдемелерді сұратқан сот органы немесе басқа уәкілетті орган;
2) дәлелдемелер сұратылған істің сипаты және осы мәселе бойынша барлық қажетті ақпарат;
3) іс тараптарының атаулары және мекенжайы;
4) сұратылатын дәлелдемелер;
5) жауап алынатын тұлғалардың аты-жөні және мекенжайы көрсетіледі.
4. Қажет болған жағдайда жазбаша сұрату даудың мәні бойынша куәлерге немесе басқа да мүдделі тұлғаларға қойылатын сұрақтар тізбесімен не тиісті тұлғалардан жауап алынатын даудың мәні не оның сипаты, сондай-ақ дәлелдемелерді немесе өтінішті алу үшін қажетті құжаттармен бірге жүруі тиіс.

9-бап
Дәлелдемелерді талап ету бойынша сұратуды орындау

1. Сұратылған Уағдаласушы Тараптың құзыретті органдары сұратуды өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес орындайды және тиісті мәжбүрлеу әдістерін қоса алғанда, өздерінің ұлттық заңнамасында рұқсат етілген сондай әдістерді және рәсімдерді қолданып дәлелдемелерді талап етеді.
2. Сұратылған Уағдаласушы Тарап сұратуда көрсетілген арнайы тәртіпті немесе рәсімді бұл өздерінің ұлттық заңнамасына қайшы келмесе, ұстанады.
3. Сұрату мүмкіндігінше қысқа мерзімде орындалады.
4. Сұратқан Уағдаласушы Тарап өз қалауымен, іс бойынша тараптар немесе егер бар болса, олардың өкілдері оған қатыса алатындай сот талқылауы өтетін уақыт пен орны туралы хабарлайды. Ақпарат сұратқан Уағдаласушы Тараптың сұратуымен бірге тараптарға немесе олардың өкілдеріне жіберіледі.
5. Егер сұрату орылдалса, оның орындалғанын растайтын қажетті құжаттар сұратушы Уағдаласушы Тарапқа жіберіледі.
6. Егер сұрату толық орындалмаған немесе ішінара орындалған жағдайда, сұратқан Уағдаласушы Тарапқа орындалмау себептерін көрсете отырып, бұл туралы хабарлайды.

10-бап
Сұратуды орындаудан бас тарту

1. Сұратуды орындаудан:
1) егер сұратуды орындау сұратылған Уағдаласушы Тараптың, соттарының немесе басқа құзыретті органдарының құзыретіне жатпаса;
2) егер сұратылған Уағдаласушы Тарап сұратуды орындау мемлекеттің егемендігіне және қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді деп есептесе, бас тартылуы мүмкін.
2. Сұратылған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес ол сот талқылауының мәні бойынша ерекше құзыретке ие немесе оны жүргізуге құқығы жоқ деген негізде ғана сұратуды орындаудан бас тартыла алмайды.

11-бап
Сұратуларды орындау кезіндегі шығыстарды өтеу

1. Сұратылған Уағдаласушы Тараптың сұратуды орындауы және дәлелдемелерді талап етуі сұратқан Уағдаласушы Тараптың кез келген нысандағы шығыстарын ұлғайтуына әкеп соқпайды. Алайда, сұратылған Уағдаласушы Тараптың:
1) куәлерге, сарапшыларға немесе аудармашыларға төленген шығыстармен, шығындармен;
2) сұратуды орындау кезінде арнайы әдісті қолдану нәтижесінде шығарған шығыстармен, шығындармен байланысты өтемақыны талап етуге құқығы бар.

12-бап
Дипломатиялық өкілдің немесе консулдық қызметшінің
дәлелдемелерді талап етуі

Уағдаласушы Тараптардың бірінің дипломатиялық агенті немесе консулдық қызметшісі басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында ол өкілдік ететін Уағдаласушы Тараптың азаматтарына қатысты мәжбүрлі сипаттағы шараларды қолданбай, ол өкілдік ететін Уағдаласушы Тараптың соттарында басталған сот талқылауына көмекке дәлелдемелер талап ете алады.

13-бап
Басқа тұлғалардың дәлелдемелерді талап етуі

Сұратқан Уағдаласушы Тараптың соттары тиісті түрде тағайындаған тұлға мәжбүрлеусіз, басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында, осы тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес дәлелдеме талап ете алады.

14-бап
Сот шешімін мойындау және орындау

1. Уағдаласушы Тараптардың бірі өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес азаматтық істер бойынша басқа Уағдаласушы Тараптың соттары шығарған шешімдерді мойындайды және/немесе орындайды.
2. Осы Шартта қолданылатын сот шешімі термині Уағдаласушы Тараптардың құзыретті соттары сот ісін жүргізу бойынша қабылдайтын кез келген шешімді білдіреді.
3. Осы Шарт уақытша немесе қосымша шараларға, немесе банкроттық жағдайында кредиторлардың талаптарымен байланысты, сондай-ақ салықтар, айыппұлдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жинаумен байланысты істер бойынша шығарылған сот шешімдеріне қолданылмайды.

15-бап
Тұлғаның өкілеттіктері мен мәртебесі

Тұлғаның өкілеттіктері немесе мәртебесі мәселесін көздейтін талқылаулар бойынша талап арыз берген сәтте осы тұлға азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың соты толық өкілетті болуға тиіс.

16-бап
Меншік құқықтарын анықтау

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын осы мүліктің орналасқан жері бойынша Уағдаласушы Тараптың соттары айқындайды.

17-бап
Соттардың заңды құзыры

Тұлғаның өкілеттіктері мен мәртебесіне немесе жылжымайтын мүлікке қатысты істерді қоспағанда, сұратылған Уағдаласушы Тараптың соттары заңдық құзырын мынадай жағдайларда:
1) егер талап-арыз берген сәтте жауапкердің тұрғылықты жері болса немесе оның аумағында болса;
2) егер талап-арыз берген сәтте оның аумағында жауапкердің заңды тұлғасы (кәсіпорны/мекемесі) немесе оның филиалы болса және талап-арыз оның аумағындағы осындай заңды тұлғаның (кәсіпорынның/мекеменің) немесе оның филиалының қызметімен байланысты болса;
3) егер талапкер мен жауапкер арасындағы тікелей немесе жанама келісім бойынша сот ісін жүргізу қозғалған шарт міндеттемелері оның аумағында орындалса немесе орындалуы тиіс болса;
4) егер оның аумағында шартқа жатпайтын жауапкершілікке әкелетін әрекет жүзеге асырылған жағдайда;
5) егер жауапкер оның соттарының заңдық құзырын нақты немесе жанама мойындаса және ол оның ұлттық заңнамасына қайшы келмесе;
6) егер оның соттары осы Шарттың ережелеріне орай негізгі дауды тыңдауға уәкілетті болса, қосымша шаралар қабылдауда жүзеге асырады.

18-бап
Сот шешімін мойындау және/немесе орындау үшін негіздемелер

1. Уағдаласушы Тараптың сұратылған соты өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес сот шешімін мойындайды және орындайды.
2. Уағдаласушы Тараптың сұратылған соты сот шешімінің осы Шарт талаптарына сәйкестігіне қарайды.
3. Уағдаласушы Тараптың сұратылған соты осы Шартқа сәйкес сот шешімін мойындауға немесе/және орындауға қатысты рәсімдерге қатысты қосымша ақпарат сұрата алады.

19-бап
Сот шешімін мойындаудан және орындаудан бас тарту

Егер сұратылған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес бұл сот шешімі мойындалмайтын және орындалмайтын болса, сот шешімін мойындаудан және орындаудан бас тартылуы мүмкін.

20-бап
Сот шешімін мойындауға және/немесе орындауға қатысты рәсімдер

Сот шешімін мойындауға және/немесе орындауға қатысты рәсімдер сұратылған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес қолданылуы тиіс.

21-бап
Құзыретті сот

1. Сот шешімін мойындаған және/немесе орындаған кезде сұратылған Уағдаласушы Тараптың құзыретті сот органы істі мәні бойынша қайта қарамайды және сот шешімінің осы Шартта көзделген талаптарға сәйкес келетініне көз жеткізуі және мұның нәтижелерін өз шешімінде көрсетуі тиіс.
2. Сұратылған Уағдаласушы Тараптың құзыретті сот органы сот шешімін орындаған кезде егер бұл ұлттық заңнамада көзделмесе, сұратылған Уағдаласушы Тараптың аумағында қарау кезінде орын алатын осындай қажетті шараларды жұртшылықтың қол жеткізуі үшін қабылдайды.
3. Егер сот шешімін орындау ішінара жүзеге асырылатын болса, сұратылған Уағдаласушы Тараптың құзыретті сот органы сот шешімін орындауды толығымен немесе ішінара жүргізуі мүмкін.

22-бап
Сот шешімін мойындау және/немесе орындау үшін
ұсынылатын құжаттар тізімі

Сұратылған Уағдаласушы Тараптың орталық органы арқылы сот шешімін мойындау немесе орындау туралы сұратуды жіберетін сұратқан Уағдаласушы Тараптың орталық органы:
1) тиісінше орындалған нысандағы сот шешімінің ресми көшірмесін;
2) егер бұл сот шешімінің өзінде көрсетілмесе, сот шешімнің түпкілікті және орындауға жататыны туралы анықтаманы;
3) сот шешімі сырттай қабылданған жағдайда - жауапкерге тиісті түрде хабарланғанын куәландыратын шақыру қағазының немесе өзге де құжаттардың куәландырылған көшірмесін;
4) егер ішінара орындауға жол берілсе, сот шешімінің ішінара орындалуын растайтын құжатты табыс етуі тиіс.

23-бап
Талаптарды реттеу
(бітімгершілік келісім)

1. Талаптарды реттеу (бітімгершілік келісім) Уағдаласушы Тараптардың кез келгенінің олардың ұлттық заңнамасына сәйкес талапты қарауға уәкілетті құзыретті соты қол жеткізген және мақұлдаған талаптарды реттеу (бітімгершілік келісім), оны жасаған мемлекетте орындалатыны орындалғаннан кейін және сұратылған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына қайшы келмесе, басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында мойындалады және орындалады.

24-бап
Төрелік шешімдер

1. Осы Шарттың 20 және 23-баптарының ережелеріне нұқсан келтірмей, Уағдаласушы Тараптың бірінің аумағында шығарылған төрелік шешімдерді:
1) құқықтық қатынастардан туындаған кез келген дауды оларға беру мақсатында шешкен сот талқылауы тараптарының жазбаша келісіміне төрешілердің шешімі негізделген;
2) сұратқан Уағдаласушы Тараптың сот шешімін мойындауы және орындауы үшін, сұратылған Уағдаласушы Тараптың заңнамасына сәйкес төрелік талқылаудың мәні болуы мүмкін мәселеге қатысты төрелік шешім шығарылған кезде басқа Уағдаласушы Тарап мойындайды және орындайды.
2. Төрелік шешімді мойындауды немесе орындауды сұратқан Уағдаласушы Тарап сұратылған Уағдаласушы Тараптың төрелік шешімінің көшірмесін және төрелік шешім орындалатын болса, растайтын сот анықтамасын ұсынады.
3. Төрешілерге даулы мәселені шешуге уәкілеттік беретін дауласушы тараптар арасындағы келісімнің куәландырылған көшірмесі ұсынылады.

25-бап
Толықтырулар және түзетулер

Уағдаласушы Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Шартқа тиісті хаттамамен ресімделетін, осы Шарттың 27-бабы 1-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

26-бап
Консультациялар

Уағдаласушы Тараптардың кез келгенінің сұратуы бойынша олар осы Шартты түсіндіру мен қолдануға қатысты консультация алады.

27-бап
Ратификациялау және қолданылуын тоқтату

1. Осы Шарт ратификациялауға жатады және ратификациялау грамоталарымен алмасқан күні күшіне енеді.
2. Осы Шарт белгіленбеген мерзімге жасалады және Уағдаласушы Тараптардың бірі екінші Уағдаласушы Тараптың оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап алты ай өткенге дейін күшінде болады.

____________ қаласында ________ жылғы «___» ___________ орыс, хинди және ағылшын тілдерінде әрқайсысы екі данада жасалды, барлық мәтіндердің бірдей күші бар.
Алшақтықтар туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін басымдыққа ие болады.

Қазақстан Республикасы Үндістан Республикасы
үшін үшін

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina