ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Указы  »  Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Указы

  Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 25 ақпандағы № 1162 Жарлығы
Қазақстан Республикасы мен Үндiстан Республикасы арасындағы Азаматтық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттың жобасын дәйектеу туралы

Қазақстан Республикасы Президентi
мен Үкiметi актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы мен Үндiстан Республикасы арасындағы Азаматтық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Үндiстан Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi Дулат Оразбекұлы Қуанышевқа Қазақстан Республикасының атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, ол көрсетiлген шарттың жобасын дәйектесiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2011 жылғы 25 ақпандағы
№ 1162 Жарлығымен
мақұлданған

Қазақстан Республикасы мен Үндiстан Республикасы арасындағы
Азаматтық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы
шарт

Бұдан әрi «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Үндiстан Республикасы,
екi ел арасындағы достық пен сот және құқықтық салада жемiстi ынтымақтастықтың байланыстарын нығайтуға ниет ете отырып,
осы Шарт шеңберiнде азаматтық iстер бойынша құқықтық көмек көрсетудi жеңiлдету қажеттiгiн тани отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап
Жалпы ережелер

1. Осы Шартты iске асыру шеңберiнде және өзiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес Уағдаласушы Тараптар бiр-бiрiне азаматтық iстер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетедi.
2. Осы Шартқа сәйкес құқықтық көмек:
1) Соттың шақыру қағазын және басқа да сот материалдарын тапсыруды;
2) сұрату немесе тапсырмалар арқылы дәлелдемелердi талап етудi; 3) сот және төрелiк шешiмдердi тану мен орындауды қамтиды.
3. Осы Шарттың ережелерi Уағдаласушы Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтар мен мiндеттемелердi қозғамайды.
4. Осы Шарт ол күшiне енгеннен кейiн туындаған азаматтық iстерге қатысты өзара құқықтық көмек көрсету туралы барлық сұратуларға қолданылады.

2-бап
Орталық органдар және құжаттардың түпнұсқалығын анықтау

1. Құқықтық көмек көрсету туралы сұратулар Уағдаласушы Тараптардың орталық органдары арқылы жүзеге асырылады.
2. Орталық органдарға:
Қазақстан Республикасы тарапынан - Әдiлет министрлiгi,
Үндiстан Республикасы тарапынан - Құқық және әдiлет министрлiгi жатады.
Әрбiр Уағдаласушы Тарап орталық органды ауыстыру құқығын өзiнде қалдырады және ол туралы басқа Уағдаласушы Тарапты дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етедi.
3. Егер осы Шартта өзгеше көзделмесе, құқықтық көмек көрсетуге байланысты уәкiлеттi тұлға қол қояды және соттың немесе басқа құзыреттi органның мөрiмен бекiтiлетiн барлық құжаттарды сұратқан Уағдаласушы Тараптың орталық органы куәландырады.
4. Барлық сұратулар және iлеспе құжаттар екi данада берiледi және сұратылған Уағдаласушы Тараптың мемлекеттiк тiлiне аудармамен қоса жүруi тиiс.

3-бап
Соттың шақыру қағазын және басқа да құжаттарды тапсыру

1. Соттың шақыру қағаздары және басқа да iс материалдары:
1) Қазақстан Республикасы жағдайында - заңды құзырына тиiстi тұлғалардың қатысумен iс қарау жататын соттар немесе басқа да уәкiлеттi органдар арқылы;
2) Үндiстан Республикасы жағдайында - заңды құзырына тиiстi тұлғалардың қатысуымен iс қарау жататын соттар арқылы берiледi.
2. Соттың шақыру қағаздарын және басқа да сот құжаттарын тапсыру сұратылған Уағдаласушы Тараптың заңнамасына сәйкес не егер осы әдiс сұратылған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына қайшы келмесе, сұратқан Уағдаласушы Тарап айқындаған арнайы әдiспен жүзеге асырылады.
3. Осы Шарт шеңберiнде жолданатын бiр Уағдаласушы Тарап аумағында ресми ретiнде қаралатын соттың шақыру қағаздары мен басқа да сот құжаттары басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында ресми құжаттардың дәлелдi күшiне ие.
4. Осы баптың 1-тармағының ережелерi Уағдаласушы Тараптардың қандай да бiр күш қолдану әдiстерiн қолданбай, өздерiнiң дипломатиялық мекемелерi өкiлдiктерi немесе консулдық арқылы басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында өз азаматтарына шақыру қағаздарын және басқа сот құжаттарын тапсыруды жүзеге асыру құқығын бұзбайды. Осындай жағдайларда тапсыру болатын мемлекеттiң тарапынан жауапкершiлiкке әкеп соқпайды.
5. Осы баптың 2-тармағының қолданыс аясына жататын мәселелер соттың шақыру қағаздары және басқа сот құжаттары почта арналары арқылы жiберiлуi немесе оларды еркiмен қабылдайтын адресатқа жеткiзiлуi мүмкiн.
6. Тапсыру жүзеге асырылуы тиiс аумақтағы Уағдаласушы Тараптың
азаматы болып табылатын адресатқа қатысты кез келген талап осы
Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес айқындалады.

4-бап
Соттың құжаттарын тапсыру туралы сұратудың мазмұны

Соттың шақыру қағазын және басқа да сот құжаттарын тапсыру туралы сұрату осыған қатысы бар тұлғалардың аты-жөнiн, олардың азаматтығы, кәсiбi және тұрғылықты жерi немесе келу орны туралы мәлiметтердi және осы тұлғаға тапсырылуға тиiс құжаттар тiзiмiн қамтуы тиiс. Егер құжаттарды тапсыру оның өзге тәсiлiн көздейтiн жағдайда, онда сұратудың мазмұнында бұл да көрсетiлуi тиiс.

5-бап
Соттың құжаттарын тапсыру туралы сұратуды орындау

1. Соттың шақыру қағазын тапсыру барысында сұратуда iстiң мәнi бойынша жеткiлiктi заңды негiздемелер қамтылмағандығы негiзiнде одан бас тартылуы мүмкiн.
2. Егер соттың қағазын тапсыру орындалмаса, сұратқан Уағдаласушы Тарапқа оның себебi туралы дереу хабарлайды.

6-бап
Соттың құжаттарын тапсыру

1. Сұратылған Уағдаласушы Тараптың уәкiлеттi органы құжаттарды тапсыруды өзiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Құжаттарды тапсырғаны үшiн төлем немесе шығыстар ұсталмайды.
2. Тапсыру сұратқан Уағдаласушы Тарап көрсеткен тәсiлмен, егер ол сұратылған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына қайшы келмесе, тапсырудың арнайы тәсiлiмен байланысты шығыстарды одан әрi төлеу мәнiн көрсете отырып, жүзеге асырылуы мүмкiн.

7-бап
Соттың құжаттарын тапсыруды растау

1. Сұратылған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органдарының өкiлеттiгi алушыға сот құжаттарын тапсырумен шектеледi.
2. Тапсыру сот құжатының немесе шақыру қағазының көшiрмелерiне немесе құзыреттi орган берген анықтамаға алушының қол қоюмен расталады, онда алушының аты, тапсыру күнi және тәсiлi көрсетiледi және тапсыруды жүзеге асыру мүмкiн болмаған жағдайда, тиiстi себептерi көрсетiледi.
3. Сот құжатының немесе адресаттың құжаттарды алғанын растайтын қол қойған құжаттың көшiрмесi сұратқан құзыреттi органға орталық орган арқылы жiберiледi.
4. Жеткiзiлмеген жағдайда, сұратылған Уағдаласушы Тараптың орталық органы жеткiзiлмеу себептерiн жазбаша баяндап, сот құжаттарының түпнұсқаларын және құжаттарды сұратқан Уағдаласушы Тараптың орталық органына дереу қайтаруы тиiс.

8-бап
Дәлелдемелердi талап ету

1. Бiр Уағдаласушы Тараптың сот органдары және басқа уәкiлеттi органдары өзiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес басқа Уағдаласушы Тараптың құзыреттi сот органдарына немесе басқа Уәкiлеттi органдарына жазбаша сұрату арқылы азаматтық iстер бойынша дәлелдемелердi талап етiп алады.
2. Осы Шарттың мақсаттары үшiн дәлелдемелердi талап ету:
1) сұратылған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес тараптардың өтiнiштерiн және куә дәлелдемелерiн талап етудi;
2) айғақтары осы баптың 1) тармақшасына сәйкес алынған тұлға сұратқан салған және ұсынған құжаттарды, жазбаларды, материалдық дәлелдемелердi алуды, анықтауды немесе тексерудi қамтиды.
3. Жазбаша сұратуда:
1) дәлелдемелердi сұратқан сот органы немесе басқа уәкiлеттi орган;
2) дәлелдемелер сұратылған iстiң сипаты және осы мәселе бойынша барлық қажеттi ақпарат;
3) iс тараптарының атаулары және мекенжайы;
4) сұратылатын дәлелдемелер;
5) жауап алынатын тұлғалардың аты-жөнi және мекенжайы көрсетiледi.
4. Қажет болған жағдайда жазбаша сұрату даудың мәнi бойынша куәлерге немесе басқа да мүдделi тұлғаларға қойылатын сұрақтар тiзбесiмен не тиiстi тұлғалардан жауап алынатын даудың мәнi не оның сипаты, сондай-ақ дәлелдемелердi немесе өтiнiштi алу үшiн қажеттi құжаттармен бiрге жүруi тиiс.

9-бап
Дәлелдемелердi талап ету бойынша сұратуды орындау

1. Сұратылған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органдары сұратуды өзiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес орындайды және тиiстi мәжбүрлеу әдiстерiн қоса алғанда, өздерiнiң ұлттық заңнамасында рұқсат етiлген сондай әдiстердi және рәсiмдердi қолданып дәлелдемелердi талап етедi.
2. Сұратылған Уағдаласушы Тарап сұратуда көрсетiлген арнайы тәртiптi немесе рәсiмдi бұл өздерiнiң ұлттық заңнамасына қайшы келмесе, ұстанады.
3. Сұрату мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде орындалады.
4. Сұратқан Уағдаласушы Тарап өз қалауымен, iс бойынша тараптар немесе егер бар болса, олардың өкiлдерi оған қатыса алатындай сот талқылауы өтетiн уақыт пен орны туралы хабарлайды. Ақпарат сұратқан Уағдаласушы Тараптың сұратуымен бiрге тараптарға немесе олардың өкiлдерiне жiберiледi.
5. Егер сұрату орылдалса, оның орындалғанын растайтын қажеттi құжаттар сұратушы Уағдаласушы Тарапқа жiберiледi.
6. Егер сұрату толық орындалмаған немесе iшiнара орындалған жағдайда, сұратқан Уағдаласушы Тарапқа орындалмау себептерiн көрсете отырып, бұл туралы хабарлайды.

10-бап
Сұратуды орындаудан бас тарту

1. Сұратуды орындаудан:
1) егер сұратуды орындау сұратылған Уағдаласушы Тараптың, соттарының немесе басқа құзыреттi органдарының құзыретiне жатпаса;
2) егер сұратылған Уағдаласушы Тарап сұратуды орындау мемлекеттiң егемендiгiне және қауiпсiздiгiне нұқсан келтiредi деп есептесе, бас тартылуы мүмкiн.
2. Сұратылған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес ол сот талқылауының мәнi бойынша ерекше құзыретке ие немесе оны жүргiзуге құқығы жоқ деген негiзде ғана сұратуды орындаудан бас тартыла алмайды.

11-бап
Сұратуларды орындау кезiндегi шығыстарды өтеу

1. Сұратылған Уағдаласушы Тараптың сұратуды орындауы және дәлелдемелердi талап етуi сұратқан Уағдаласушы Тараптың кез келген нысандағы шығыстарын ұлғайтуына әкеп соқпайды. Алайда, сұратылған Уағдаласушы Тараптың:
1) куәлерге, сарапшыларға немесе аудармашыларға төленген шығыстармен, шығындармен;
2) сұратуды орындау кезiнде арнайы әдiстi қолдану нәтижесiнде шығарған шығыстармен, шығындармен байланысты өтемақыны талап етуге құқығы бар.

12-бап
Дипломатиялық өкiлдiң немесе консулдық қызметшiнiң
дәлелдемелердi талап етуi

Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң дипломатиялық агентi немесе консулдық қызметшiсi басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында ол өкiлдiк ететiн Уағдаласушы Тараптың азаматтарына қатысты мәжбүрлi сипаттағы шараларды қолданбай, ол өкiлдiк ететiн Уағдаласушы Тараптың соттарында басталған сот талқылауына көмекке дәлелдемелер талап ете алады.

13-бап
Басқа тұлғалардың дәлелдемелердi талап етуi

Сұратқан Уағдаласушы Тараптың соттары тиiстi түрде тағайындаған тұлға мәжбүрлеусiз, басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында, осы тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес дәлелдеме талап ете алады.

14-бап
Сот шешiмiн мойындау және орындау

1. Уағдаласушы Тараптардың бiрi өзiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес азаматтық iстер бойынша басқа Уағдаласушы Тараптың соттары шығарған шешiмдердi мойындайды және/немесе орындайды.
2. Осы Шартта қолданылатын сот шешiмi терминi Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi соттары сот iсiн жүргiзу бойынша қабылдайтын кез келген шешiмдi бiлдiредi.
3. Осы Шарт уақытша немесе қосымша шараларға, немесе банкроттық жағдайында кредиторлардың талаптарымен байланысты, сондай-ақ салықтар, айыппұлдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жинаумен байланысты iстер бойынша шығарылған сот шешiмдерiне қолданылмайды.

15-бап
Тұлғаның өкiлеттiктерi мен мәртебесi

Тұлғаның өкiлеттiктерi немесе мәртебесi мәселесiн көздейтiн талқылаулар бойынша талап арыз берген сәтте осы тұлға азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың соты толық өкiлеттi болуға тиiс.

16-бап
Меншiк құқықтарын анықтау

Жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын осы мүлiктiң орналасқан жерi бойынша Уағдаласушы Тараптың соттары айқындайды.

17-бап
Соттардың заңды құзыры

Тұлғаның өкiлеттiктерi мен мәртебесiне немесе жылжымайтын мүлiкке қатысты iстердi қоспағанда, сұратылған Уағдаласушы Тараптың соттары заңдық құзырын мынадай жағдайларда:
1) егер талап-арыз берген сәтте жауапкердiң тұрғылықты жерi болса немесе оның аумағында болса;
2) егер талап-арыз берген сәтте оның аумағында жауапкердiң заңды тұлғасы (кәсiпорны/мекемесi) немесе оның филиалы болса және талап-арыз оның аумағындағы осындай заңды тұлғаның (кәсiпорынның/мекеменiң) немесе оның филиалының қызметiмен байланысты болса;
3) егер талапкер мен жауапкер арасындағы тiкелей немесе жанама келiсiм бойынша сот iсiн жүргiзу қозғалған шарт мiндеттемелерi оның аумағында орындалса немесе орындалуы тиiс болса;
4) егер оның аумағында шартқа жатпайтын жауапкершiлiкке әкелетiн әрекет жүзеге асырылған жағдайда;
5) егер жауапкер оның соттарының заңдық құзырын нақты немесе жанама мойындаса және ол оның ұлттық заңнамасына қайшы келмесе;
6) егер оның соттары осы Шарттың ережелерiне орай негiзгi дауды тыңдауға уәкiлеттi болса, қосымша шаралар қабылдауда жүзеге асырады.

18-бап
Сот шешiмiн мойындау және/немесе орындау үшiн негiздемелер

1. Уағдаласушы Тараптың сұратылған соты өзiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес сот шешiмiн мойындайды және орындайды.
2. Уағдаласушы Тараптың сұратылған соты сот шешiмiнiң осы Шарт талаптарына сәйкестiгiне қарайды.
3. Уағдаласушы Тараптың сұратылған соты осы Шартқа сәйкес сот шешiмiн мойындауға немесе/және орындауға қатысты рәсiмдерге қатысты қосымша ақпарат сұрата алады.

19-бап
Сот шешiмiн мойындаудан және орындаудан бас тарту

Егер сұратылған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес бұл сот шешiмi мойындалмайтын және орындалмайтын болса, сот шешiмiн мойындаудан және орындаудан бас тартылуы мүмкiн.

20-бап
Сот шешiмiн мойындауға және/немесе орындауға қатысты рәсiмдер

Сот шешiмiн мойындауға және/немесе орындауға қатысты рәсiмдер сұратылған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес қолданылуы тиiс.

21-бап
Құзыреттi сот

1. Сот шешiмiн мойындаған және/немесе орындаған кезде сұратылған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi сот органы iстi мәнi бойынша қайта қарамайды және сот шешiмiнiң осы Шартта көзделген талаптарға сәйкес келетiнiне көз жеткiзуi және мұның нәтижелерiн өз шешiмiнде көрсетуi тиiс.
2. Сұратылған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi сот органы сот шешiмiн орындаған кезде егер бұл ұлттық заңнамада көзделмесе, сұратылған Уағдаласушы Тараптың аумағында қарау кезiнде орын алатын осындай қажеттi шараларды жұртшылықтың қол жеткiзуi үшiн қабылдайды.
3. Егер сот шешiмiн орындау iшiнара жүзеге асырылатын болса, сұратылған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi сот органы сот шешiмiн орындауды толығымен немесе iшiнара жүргiзуi мүмкiн.

22-бап
Сот шешiмiн мойындау және/немесе орындау үшiн
ұсынылатын құжаттар тiзiмi

Сұратылған Уағдаласушы Тараптың орталық органы арқылы сот шешiмiн мойындау немесе орындау туралы сұратуды жiберетiн сұратқан Уағдаласушы Тараптың орталық органы:
1) тиiсiнше орындалған нысандағы сот шешiмiнiң ресми көшiрмесiн;
2) егер бұл сот шешiмiнiң өзiнде көрсетiлмесе, сот шешiмнiң түпкiлiктi және орындауға жататыны туралы анықтаманы;
3) сот шешiмi сырттай қабылданған жағдайда - жауапкерге тиiстi түрде хабарланғанын куәландыратын шақыру қағазының немесе өзге де құжаттардың куәландырылған көшiрмесiн;
4) егер iшiнара орындауға жол берiлсе, сот шешiмiнiң iшiнара орындалуын растайтын құжатты табыс етуi тиiс.

23-бап
Талаптарды реттеу
(бiтiмгершiлiк келiсiм)

1. Талаптарды реттеу (бiтiмгершiлiк келiсiм) Уағдаласушы Тараптардың кез келгенiнiң олардың ұлттық заңнамасына сәйкес талапты қарауға уәкiлеттi құзыреттi соты қол жеткiзген және мақұлдаған талаптарды реттеу (бiтiмгершiлiк келiсiм), оны жасаған мемлекетте орындалатыны орындалғаннан кейiн және сұратылған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына қайшы келмесе, басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында мойындалады және орындалады.

24-бап
Төрелiк шешiмдер

1. Осы Шарттың 20 және 23-баптарының ережелерiне нұқсан келтiрмей, Уағдаласушы Тараптың бiрiнiң аумағында шығарылған төрелiк шешiмдердi:
1) құқықтық қатынастардан туындаған кез келген дауды оларға беру мақсатында шешкен сот талқылауы тараптарының жазбаша келiсiмiне төрешiлердiң шешiмi негiзделген;
2) сұратқан Уағдаласушы Тараптың сот шешiмiн мойындауы және орындауы үшiн, сұратылған Уағдаласушы Тараптың заңнамасына сәйкес төрелiк талқылаудың мәнi болуы мүмкiн мәселеге қатысты төрелiк шешiм шығарылған кезде басқа Уағдаласушы Тарап мойындайды және орындайды.
2. Төрелiк шешiмдi мойындауды немесе орындауды сұратқан Уағдаласушы Тарап сұратылған Уағдаласушы Тараптың төрелiк шешiмiнiң көшiрмесiн және төрелiк шешiм орындалатын болса, растайтын сот анықтамасын ұсынады.
3. Төрешiлерге даулы мәселенi шешуге уәкiлеттiк беретiн дауласушы тараптар арасындағы келiсiмнiң куәландырылған көшiрмесi ұсынылады.

25-бап
Толықтырулар және түзетулер

Уағдаласушы Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Шартқа тиiстi хаттамамен ресiмделетiн, осы Шарттың 27-бабы 1-тармағында көзделген тәртiппен күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

26-бап
Консультациялар

Уағдаласушы Тараптардың кез келгенiнiң сұратуы бойынша олар осы Шартты түсiндiру мен қолдануға қатысты консультация алады.

27-бап
Ратификациялау және қолданылуын тоқтату

1. Осы Шарт ратификациялауға жатады және ратификациялау грамоталарымен алмасқан күнi күшiне енедi.
2. Осы Шарт белгiленбеген мерзiмге жасалады және Уағдаласушы Тараптардың бiрi екiншi Уағдаласушы Тараптың оның қолданылуын тоқтату ниетi туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарламасын алған күнiнен бастап алты ай өткенге дейiн күшiнде болады.

____________ қаласында ________ жылғы «___» ___________ орыс, хинди және ағылшын тiлдерiнде әрқайсысы екi данада жасалды, барлық мәтiндердiң бiрдей күшi бар.
Алшақтықтар туындаған жағдайда ағылшын тiлiндегi мәтiн басымдыққа ие болады.

Қазақстан Республикасы Үндiстан Республикасы
үшiн үшiн


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina