ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Указы  »  Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Указы

  Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 29 қарашадағы № 187 Жарлығы
"Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағын құру туралы

Қазақстан Республикасының Президентi
мен Үкiметi актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 8-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. 2035 жылға дейiнгi кезеңге «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрi - АЭА) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) АЭА туралы ереже;
2) АЭА-ның жұмыс iстеуiнiң нысаналы индикаторлары және АЭА-ның жұмыс iстеуiнiң нысаналы индикаторларына қол жеткiзбеудiң шектi деңгейi бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi АЭА-ның қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2011 жылғы 29 қарашадағы
№ 187 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

«Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрi - АЭА) қоса берiлген жоспарға сәйкес шекарада Алматы облысының аумағында орналасқан.
АЭА-ның аумағы 5740 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.
2. АЭА:
1) Қазақстан Республикасының сауда-экспорт қызметiнiң және транзиттiк әлеуетiн iске асырудың мүддесiн қамтамасыз ететiн, сондай-ақ шектес мемлекеттермен экономикалық және мәдени алмасуды дамытуға ықпал ететiн тиiмдi көлiктiк-логистикалық және индустриялық орталық құру;
2) қазақстандық өнiмнiң жалпыәлемдiк өндiрiс пен өткiзу жүйесiне кiрiгуiн жүзеге асыру, халықаралық стандарттарға сәйкес инновациялық, бәсекеге қабiлеттi отандық өнiм жасау;
3) инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн қолайлы инвестициялық климат жасау және отандық әрi шетелдiк инвестицияларды тарту;
4) республика экономикасының әлемдiк шаруашылық байланыстар жүйесiне кiруiн жандандыру үшiн өңiрдi жедел дамыту;
5) нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетiлдiру, басқару мен шаруашылық жүргiзудiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзу;
6) халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту мақсатында құрылады.
3. АЭА-ның қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.
4. АЭА аумағындағы қызметтiң басым түрлерi:
1) қойма шаруашылығы және қосалқы көлiк қызметi;
2) тамақ өнiмдерiнiң өндiрiсi;
3) терi және оған жататын өнiм өндiрiсi;
4) тоқыма бұйымдарының өндiрiсi;
5) өзге де металл емес минералдық өнiм өндiрiсi;
6) химиялық өнеркәсiп өнiмдерiнiң өндiрiсi;
7) машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарының өндiрiсi;
8) басқа санаттарға енгiзiлмеген машиналар мен жабдықтар өндiрiсi;
9) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес көрмелер, мұражайлар ұйымдастыруға арналған ғимараттар, қойма және әкiмшiлiк ғимараттарын салу болып табылады.

2. АЭА-ны басқару

5. АЭА-ны басқару «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3. АЭА-ның аумағында салық салу

6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледi.

4. Кедендiк реттеу

7. АЭА-ның аумағында кедендiк реттеу Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
8. Еркiн кеден аймағы кедендiк рәсiмi АЭА аумағының қызметтiң басым түрлерi жүзеге асырылатын бөлiгiнде қолданылады.
АЭА-ға қатысушы ретiнде қызметтi жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағында орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды еркiн кеден аймағы кедендiк рәсiмiмен орналастырады.
9. АЭА аумағы кедендiк бақылау аймағы болып табылады. АЭА шекарасы кедендiк бақылау жүргiзу мақсатында оның периметрi бойынша жайластырылады және арнайы қоршаулармен жабдықталады.
10. Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен АЭА-ның аумағында тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкiн.
11. АЭА-ның аумағында еркiн кеден аймағы кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркiн кеден аймағы кедендiк рәсiмiмен орналастырылмаған Кеден одағының тауарлары және өзге де кедендiк рәсiмдермен орналастырылған шетелдiк тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкiн.
12. АЭА аумағына әкелiнген және еркiн кеден аймағы кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар кедендiк баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшiн Кеден одағының кедендiк аумағынан тыс орналасқандар ретiнде қаралады.
13. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендiк декларациялауға, кедендiк тазалауға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендiк бақылау жүргiзуге байланысты кедендiк операциялар Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

5. Қоршаған ортаны қорғау

14. АЭА-да қызметтi жүзеге асыру өмiр сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық аспектiлерiнiң теңгерiмi негiзiнде орнықты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға өту үшiн жағдайлар жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды әрi тиiмдi пайдалануға негiзделген.

6. АЭА-ны тарату тәртiбi және мерзiмдерi

15. АЭА құрылған мерзiмi өткеннен кейiн таратылады.
АЭА Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен таратылады.

7. Қорытынды ережелер

16. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
17. АЭА-ның осы ережемен реттелмеген қызметi Қазақстан Республикасының және Кеден одағының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Қорғас - Шығыс қақпасы»
арнайы экономикалық аймағы
туралы ережеге
ҚОСЫМША

«Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының
ЖОСПАРЫ

Р/с

Функционалдық аймақтардың және объектiлердiң атаулары

Алаң, га

негiзгi

резервтегi

БАРЛЫҒЫ


Негiзгi функционалдық аймақтар:




1

«Құрғақ порт» көлiктiк-логистикалық кешен

370

200

570

2

Өнеркәсiптiк-өндiрiстiк аймақ

340

350

690

3

Қоныстанған аймақ

810

200

1010


Алаң iшiндегi қосымша объектiлер (аумақтар):

1

«Қорғас» ШЫХО

319


319

Оның iшiнде:




- «Қорғас» ШЫХО әкiмшiлiк-iскерлiк аумағы (12 функционалдық аймақ)

185



- бас бақылау-өткiзу пунктi (БӨП-1)

31



- «Қорғас» ШЫХО және «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА әкiмшiлiк-iскерлiк аумақтарға қызмет көрсетудiң басқа да қосымша алаңнан тыс объектiлерi және инфрақұрылым құрылыстары

103



2

Инфрақұрылымның алаң iшiндегi объектiлерi:

806


806

Оның iшiнде:




- «Қорғас» кедендiк БӨП

15


15

- коммуналдық аймақ

60


60

- санитарлық-қорғаныш көгалдандыру

90


90

- жайылма су және су қорғау аумақтары

641


641

3

Жалпы пайдалану аумақтары:

575


575

Оның iшiнде:




- көшелер, жолдар

250


250

- парктер, скверлер, бульварлар

175


175

- басқа да жалпы пайдалану аумақтары

150


150

4

Резервтегi аумақтар


1770

1770

Барлығы «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА шекарасында

3220

2520

5740

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2011 жылғы 29 қарашадағы
№ 187 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

«Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының жұмыс iстеуiнiң НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАРЫ
және АЭА-ның жұмыс iстеуiнiң нысаналы индикаторларға қол жеткiзбеудiң шектi деңгейi

Р/с

Мақсаты, мiндеттерi және көрсеткiштерi

Өлшем бiрлiгi

Базалық кезең

2015 жылы қол жеткiзу, оның iшiнде

2020 жылы қол жеткiзу, оның iшiнде

нысаналы индикатор

шектi деңгей

нысаналы индикатор

шектi деңгей

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Инвестициялардың жалпы көлемi, оның iшiнде:

млн. теңге

-

211 110

21 110

415 512

41 550

1.1

Шетелдiк инвестициялар көлемi

млн. теңге

-

1 946

194

5 692

569

1.2.

Отандық инвестициялар көлемi

млн. теңге

-

209 164

20 916

409 820

40 981

2

АЭА аумағында тауарларды және қызметтердi (жұмыстарды) өндiру көлемi

млн. теңге

-

-

-

520 612

52 062

3

Қатысушылар саны (компаниялар)

бiрлiк

-

12

10

27

20

4

Қызметтiң қосалқы түрiн жүзеге асыратын адамдар саны

адам

-

1 700

700

4 900

1 400

5

АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны

адам

-

7 200

3 600

16 200

6 300

6

АЭА аумағындағы өндiрiстiң жалпы көлемiндегi қазақстандық қамту үлесi

%

-

75%

75%

75%

75%

7

Тауарды тасымалдау көлемi (экспорт, импорт, транзит)

мың тонна


150

50

2 000

650

кестенiң жалғасы

Р/с

2025 жылы қол жеткiзу, оның iшiнде

2030 жылы қол жеткiзу, оның iшiнде

2037 жылы қол жеткiзу, оның iшiнде

нысаналы индикатор

шектi деңгей

нысаналы индикатор

шектi деңгей

нысаналы индикатор

шектi деңгей

1

9

10

11

12

13

14

1

522 716

53 465

522 716

53 465

522 716

53 465

1.1

10 215

1 021

10 215

1 021

10 215

1 021

1.2

512 501

52 444

512 501

52 444

512 501

52 444

2

780 918

78 092

1 171 377

117 138

1 687 891

168 790

3

42

30

64

40

89

50

4

8 100

2 100

11 300

2 800

14 500

3 500

5

19 700

6 300

20 500

6 300

22 000

6 300

6

75%

75%

75%

75%

75%

75%

7

2 400

800

2 700

850

3 000

10 00

Ескертпе:
1) индикаторлар көрсеткiштерi өсу қорытындысымен келтiрiлген;
2) есептеу кезiнде: 1 АҚШ доллары - 147 теңге бағамында қолданылған.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina