ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Указы  »  Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Указы

  Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 193 Жарлығы
"Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентi
мен Үкiметi актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. «Ақпараттық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 322-құжат; 2005 ж., № 30, 383-құжат; 2008 ж., № 38, 404-құжат; 2009 ж. № 40, 388-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағын құру туралы»;
кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және елде бәсекеге қабiлеттi жаңа салалар құру мен Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетiн неғұрлым толық пайдалану мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2028 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрi - АЭА) құрылсын.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2011 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 193 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы 18 тамыздағы
№ 1166 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
«Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағы туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрi - АЭА) қоса берiлiп отырған жоспарға сәйкес Алматы қаласының Медеу ауданы Алатау кентiнiң және Алматы облысының iргелес жатқан жерлерiнiң аумағында орналасқан.
АЭА аумағы 163,02 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.
2. АЭА мынадай мақсаттарда құрылады:
1) мынадай салаларды технологиялық дамыту:
ақпараттық технологиялар;
телекоммуникация және байланыс саласындағы технологиялар;
электроника және аспап жасау;
энергияның жаңартылған көздерi, ресурсты үнемдеу және табиғатты тиiмдi пайдалану;
әр түрлi қолданыстағы материалдарды жасау және қолдану саласындағы технологиялар;
мұнай мен газды өндiру, тасымалдау және қайта өңдеу салаларындағы технологиялар;
2) Қазақстан Республикасы экономикасының әлемдiк шаруашылық байланыстар жүйесiне кiруiн жандандыру;
3) тиiмдiлiгi жоғары, оның iшiнде жоғары технологиялық және бәсекеге қабiлеттi өндiрiстер құру, өнiмнiң жаңа түрлерiн шығаруды игеру, инвестициялар тарту.
3. АЭА аумағындағы қызметтiң негiзгi түрлерi:
1) бизнес жоспарлар, жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеудi, құрылыс-монтаж жұмыстарын, АЭА аумағын көркейту жөнiндегi жұмыстарды қамтитын қазiргi заманғы АЭА инфрақұрылымын қалыптастыру;
2) осы Ереженiң 2-тармағында айқындалған салаларда жоғары бiлiктi мамандарды қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
3) осы Ереженiң 2-тармағында айқындалған бағдарламалық қамтамасыз етудi, дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзiрлеу, енгiзу, тәжiрибелiк өндiру және өндiру, сондай-ақ дата-орталықтар қызмет көрсетулер, онлайн-қызмет көрсетулер;
4) осы Ереженiң 2-тармағында айқындалған салаларда жаңа технологиялар құру, енгiзу және жылжыту;
5) осы Ереженiң 2-тармағында айқындалған салаларда маркетингтiк зерттеулер;
6) осы Ереженiң 2-тармағында айқындалған салаларда жобалар құру мен енгiзу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарын орындау;
7) мәтiндердi өңдеуге арналған машиналар, көшiру-көбейту жабдығын, мекен-жай машиналарын, калькуляторлар, кассалық аппараттар, таңбалау машиналарын, билет-касса машиналарын шығару, басқа да офистiк машиналар мен жабдықтар, электрондық есептеу машиналарын және ақпарат өңдеуге арналған өзге де жабдықтар шығару;
8) электр және радио элементтерiн, таратушы аппаратура, дыбыс пен бейне қабылдауға, жазуға және бейнелеуге арналған аппаратуралар шығару;
9) тұрмыстық электр құралдарын шығару;
10) осы Ереженiң 2-тармағында айқындалған салаларда бакалавр, магистратура, РhD докторантура бағдарламалары бойынша кадрлар даярлау;
11) индустриялық инновациялық қызметтi қолдау бойынша мемлекеттiк органдар бағдарламалары шеңберiнде iске асырылатын осы
Ереженiң 2-тармағында айқындалған салалардағы жобаларды бизнес-инкубациялау болып табылады.
4. АЭА шеңберiнде жоғары бiлiм беру орындарының, соның iшiнде Халықаралық ақпараттық технологиялар университетiнiң, кәсiби-техникалық бiлiм беру мекемелерiнiң, ғылыми-зерттеу институттарының инновациялар саласындағы шығармашылық және өнiмдi жұмыстары үшiн қолайлы жағдайлар жасалуда. АЭА шеңберiндегi олардың қызметiн бағыттау осы Ереженiң 3-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.
5. Ақпараттық және инновациялық технологиялар саласындағы АЭА қатысушылары үшiн АЭА-ның аумағында қызметтi жүзеге асыру талабы қызметтiң мынадай түрлерi:
1) бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялардың дерекқорларын және аппараттық құралдарын жобалау, әзiрлеу, енгiзу, тәжiрибелiк өндiру және өндiру, сондай-ақ дата-орталықтардың қызмет көрсетулерi, онлайн-қызмет көрсетулерi;
2) ақпараттық технологиялар саласында жобаларды жасау мен енгiзу жөнiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүргiзу үшiн 2015 жылғы 1 қаңтарға дейiн мiндеттi болып табылмайды.
6. АЭА қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.
АЭА аумағында акцизделетiн өнiм өндiруге байланысты қызметке тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда арнайы экономикалық аймақтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасындағыдан өзге қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2. АЭА-ны басқару

7. АЭА-ны басқару «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
8. АЭА-ның басқару органы арнайы экономикалық аймақтың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын басқарушы компания - заңды тұлға болып табылады.
9. АЭА басқару органының функцияларына:
1) АЭА-ның жұмыс iстеуi мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасасу;
2) қызметтiң қосалқы түрлерiн жүзеге асыратын тұлғаларға жер учаскелерiн қосалқы жер пайдалануға (қосалқы жалға) беру және инфрақұрылым объектiлерiн жалға (қосалқы жалға) беру;
3) қызметтi жүзеге асыру туралы шарттарды жасасу және бұзу;
4) АЭА-қа қатысушылардың жыл сайынғы есептерiнiң негiзiнде уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен АЭА қызметiнiң нәтижелерi туралы есептiлiктi уәкiлеттi органға ұсыну;
5) АЭА-тың қатысушыларын тарту;
6) АЭА-ның инфрақұрылым объектiлерiн салу және өзге де қызмет түрлерiн жүзеге асыру үшiн инвестициялар тарту;
7) АЭА қатысушыларына берiлмеген жер учаскелерiнде бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемеге сәйкес инфрақұрылым объектiлерiн салуды жүзеге асыру;
8) «бiр терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс iстеуi үшiн қабылдау орнын ұйымдастыру;
9) АЭА құру мақсаттарына сай келетiн қызметтi жүзеге асыру кезiнде әкелiнген тауарлардың iс жүзiнде тұтынылуын растау;
10) қызметтi жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторинг жүргiзу жатады.
3. АЭА-ның аумағында салық салу

10. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледi.
4. Кедендiк реттеу

11. АЭА-ның аумағы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркiн кеден аймағының кедендiк режимi қолданылатын Қазақстан Республикасының кеден аумағының бөлiгi болып табылады. АЭА-ның шекарасы оның периметрi бойынша арнайы қоршаумен жабдықталады.
12. АЭА-ның аумағында кедендiк ресiмдеу және бақылау Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
13. АЭА-ны құру мақсатына қол жеткiзу үшiн қажеттi тауарлардың тiзбесi:
1) АЭА-ның аумағында жобалық-сметалық құжаттамасына сәйкес құрылыс салу және объектiлердi пайдалануға беру үшiн қажеттi машиналар, жабдықтар, тауарлар мен материалдар;
2) тауарларды жеткiлiктi өңдеу өлшемдерiне сәйкес қайта өңдеуге арналған (акцизделуге жататын тауарларды қоспағанда) тауарлар;
3) осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген қызметтiң негiзгi түрлерiне сәйкес өндiрiстi қамтамасыз етуге қажеттi машиналар мен механизмдер, жабдықтар, арнайы мақсаттағы автокөлiктер, материалдар, тауарлар мен жартылай дайын өнiмдер;
4) осы Ереженiң 2-тармағында айқындалған салаларда ғылыми-зерттеу мен тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзуге және өндiрiске қажеттi тауарлар мен материалдар.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген тауарлардың номенклатурасын Сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлар номенклатурасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
АЭА аумағында еркiн кеден аймағының кедендiк режимiне орналастырылған тауарлармен:
1) тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету;
2) тауарларды қайта өңдеу;
3) осы Ережеге сәйкес негiзгi қызмет түрлерiне сай АЭА құру мақсатына қол жеткiзу үшiн қажеттi тауарлар мен жабдықтарды пайдалану және қолдану;
4) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау;
5) құрылыс және өнеркәсiп өндiрiсi технологиясының талаптарын орындау жөнiнде операцияларды жасауға рұқсат етiледi.
5. Шетел азаматтарының АЭА аумағында болу тәртiбi

14. АЭА аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттармен белгiленген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлiк құралдарының кiру, шығу, транзитi және болу тәртiбi қолданылады.
6. Қорытынды ережелер

15. Осы Ережеде белгiленген шарттар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен өзгертiлуi мүмкiн.
16. АЭА-ны тарату «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргiзiледi.
17. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы 18 тамыздағы
№ 1166 Жарлығымен бекiтiлген
«Ақпараттық технологиялар паркi»
арнайы экономикалық аймағы
туралы ережеге қосымша
«Инновациялық технологиялар паркi»

арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары

(Жалпы S = 163,02 гектар)


Масштаб 1:25 000


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina