Указы | |
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 207 Жарлығы "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж. № 1, 2-құжат; 2000 ж., № 54, 593-құжат; 2001 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4-5, 43-құжат; 2002 ж., № 26, 272-құжат; № 45, 445-құжат; 2003 ж., № 12, 130-құжат; № 16, 160-құжат; 2004 ж., № 13, 166-құжат; № 21, 267-құжат; № 27, 344-құжат; № 48, 590-құжат; 2005 ж., № 16, 189-құжат; № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; № 49, 623-құжат; 2006 ж., № 7, 50-құжат; № 26, 264-құжат; № 28, 299-құжат; № 30, 320-құжат; 2007 ж., № 30, 30-құжат; № 33, 361-құжат; 2008 ж., № 10, 105-құжат; 2009 ж., № 5, 13-құжат; 2010 ж., № 27, 205-құжат; № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 2, 12-құжат; № 34, 408-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: жоғарыда аталған Жарлыққа 2-қосымшада: «Қазақстан Республикасының прокуратурасы» деген жолдағы «5336» деген цифрлар «5472» деген цифрлармен ауыстырылсын; «Бас прокуратура» деген жолдағы «286» деген цифрлар «316» деген цифрлармен ауыстырылсын; «Прокуратура органдары» деген жолдағы «4394» деген цифрлар «4500» деген цифрлармен ауыстырылсын. 2. Осы Жарлық 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаев |