Указы | |
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентi Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласының орнықтылығы және оны тиiмдi дамыту мәселелерi бойынша ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:мен Үкiметi актiлерiнiң жинағында және республикалық баспасөзде жариялануға тиiс 1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Мұнай-газ кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған: 1) Кеңес туралы ереже; 2) Кеңестiң құрамы бекiтiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаев |