ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Указы  »  Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Указы

  Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 8 сәуiрдегi № 295 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi туралы ереженi бекiту туралы" 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келiсу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргiзу ережесiн бекiту туралы" 2010 жылғы 27 сәуiрдегi № 976 жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Президентi
мен Үкiметi актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 116-құжат, 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 10-11, 125-құжат; № 52, 710-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi туралы ережеде:
32-тармақта:
1) тармақша мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарларына;»;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Әкiмшiлiктiң Басшысы осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген өкiлеттiктерге ие болады.»;
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың, 1) тармақшасының екiншi абзацын қоспағанда, 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген өкiлеттiктерге: Әкiмшiлiк Басшысының орынбасарлары, Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы, Жоғарғы Сот Кеңесiнiң Төрағасы, Президенттiң көмекшiлерi, Президент Кеңсесiнiң бастығы, Президенттiң кеңесшiлерi ие болады.»;
2) «Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келiсу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 27 сәуiрдегi № 976 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 215-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келiсу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргiзу ережесiнде:
17-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Бұл ретте Қазақстан Республикасының Президентi актiсiнiң жобасы бойынша қарсылықтар болмаған жағдайда Президент Әкiмшiлiгiнiң бiрлесiп орындаушы болып табылатын құрылымдық бөлiмшелерiнiң сараптамалық қорытындылар дайындауы талап етiлмейдi, олардың сараптамаларының нәтижелерi Қазақстан Республикасының Президентi актiсiнiң жобасына Президент Әкiмшiлiгiнiң жауапты лауазымды адамдарының бұрыштама қоюы арқылы ресiмделедi.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;
«34. Президент Әкiмшiлiгi Қазақстан Республикасының Президентi тапсырмасының жобасы түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оның қаралуын, оның iшiнде осы Ереженiң 28-тармағына сәйкестiгi тұрғысынан қаралуын, сондай-ақ оның Президенттiң бұрын берiлген тапсырмаларымен қосарлануын болдырмауды қамтамасыз етедi және оң қорытынды болған жағдайда Қазақстан Республикасының Президентiне қол қоюға енгiзедi. Терiс қорытынды болған жағдайда ескертулермен қатар, қажет кезде, қойылған мәселелердi шешудiң нақты ұсыныстары мен тетiктерi көрсетiледi.»;
мынадай мазмұндағы 46-1, 46-2, 46-3 және 46-4-тармақтармен толықтырылсын:
«46-1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң кешендi және ведомствоаралық сипаты бар, орындалу мерзiмi алты айдан астам актiлерi мен тапсырмаларын орындау екi және одан да көп мемлекеттiк органның құзыретi шегiнде оларға жүктелген, сондай-ақ қандай да бiр саладағы/ортадағы/өңiрдегi тәсiлдердiң, нормалар мен қағидалардың жаңаларын қалыптастыруға және iске асыруға не қолданыстағыларын өзгертуге бағытталған жағдайда:
1) Президент Әкiмшiлiгiнiң жауапты құрылымдық бөлiмшесi жетi жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындау тұжырымдамасын әзiрлейдi және қажет болған жағдайда орындаушы мемлекеттiк органмен келiседi;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындау тұжырымдамасының негiзiнде орындаушы мемлекеттiк орган тұжырымдама бекiтiлгеннен кейiн он жұмыс күнi iшiнде осы Ережеге 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымдастыру iс-шараларының жоспарын (жол картасын) әзiрлейдi.
Бұл ретте iске асырылуы заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмалары бойынша ұйымдастыру iс-шараларының жоспары (жол картасы) әзiрленбейдi.
46-2. Ұйымдастыру iс-шараларының жоспарында (жол картасында) Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiсiн немесе тапсырмасын орындау мерзiмi айқындалып, сондай-ақ орындау нәтижелерiнiң мақсатты және сапалық-сандық көрсеткiштерi көрсетiлiп, орындаушы мемлекеттiк орган мен бiрлесiп орындаушылардың iс-қимыл жасау тәртiбi қамтылады.
Әзiрлеушiсi Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн немесе Үкiмет құрылымына кiрмейтiн орталық мемлекеттiк орган болып табылатын ұйымдастыру iс-шараларының жоспарын (жол картасын) оның бiрiншi басшысы Президент Әкiмшiлiгiмен, сондай-ақ егер ұйымдастыру iс-шараларының жоспары (жол картасы) Үкiметтiң өкiлеттiгiне қатысты болған жағдайда Премьер-Министрмен (не оның мiндетiн атқаратын адаммен) немесе ол уәкiлеттiк берген лауазымды адаммен келiсiлгеннен кейiн бекiтедi.
Әзiрлеушiсi өзге, орталық немесе жергiлiктi атқарушы орган (ұйым) болып табылатын ұйымдастыру iс-шараларының жоспарын (жол картасын) Премьер-Министр (оның мiндетiн атқаратын адам) немесе ол уәкiлеттiк берген Премьер-Министрдiң орынбасары Президент Әкiмшiлiгiмен келiскен соң бекiтедi.
46-3. Ұйымдастыру iс-шараларының жоспары (жол картасы) қабылданған жағдайда, мемлекеттiк органдардың осы Ереженiң 47-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларын iске асыру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының жоспарларын бекiтуi талап етiлмейдi.
46-4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындау тұжырымдамасын және ұйымдастыру iс-шараларының жоспарын (жол картасын) жасау тәртiбi мен оның мазмұнына қойылатын талаптарды Президент Әкiмшiлiгi айқындайды.»;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Ұйымдастыру iс-шараларының жоспары (жол картасы) болмаған жағдайда, орындаушы мемлекеттiк органның (ұйымның) бiрiншi басшысының шешiмiмен қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларын iске асыру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының жоспары бекiтiледi.»;
мынадай мазмұндағы 47-1-тармақпен толықтырылсын:
«47-1. Үкiмет орындаушысы болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындау жөнiндегi ұйымдастыру iс-шаралар жоспарын жасау кезiнде олардың орындалуын Премьер-Министрдiң тиiстi орынбасарының үйлестiруi көзделедi.»;
мынадай мазмұндағы 49-1-тармақпен толықтырылсын:
«49-1. Осы Ереженiң 39-тармағында көрсетiлген бiрлесiп орындаушы мемлекеттiк органдардың (ұйымдардың) лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының сапасыз орындалуына және уақтылы орындалмауына дербес жауапты болады.»;
мынадай мазмұндағы 50-1 және 50-2-тармақтармен толықтырылсын:
«50-1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының iске асырылу барысы туралы Президент Әкiмшiлiгiне Үкiмет жiберетiн ақпаратқа, оларға Қазақстан Республикасының Президентi не Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы берген тапсырмалар бойынша, Премьер-Министрдiң тиiстi орынбасары немесе Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы қол қояды.
50-2. Қазақстан Республикасының Президентiне Үкiмет жiберетiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалу жай-күйi туралы қорытынды ақпаратқа Премьер-Министр (оның мiндетiн атқарушы адам) немесе оның орынбасары қол қояды.»;
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«51. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың iске асырылу барысы туралы есептiк ақпарат Президент Әкiмшiлiгiне «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң одан әрi жұмыс iстеуiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен белгiленген нысан бойынша және мерзiмде берiледi.»;
52 және 53-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«52. Егер Қазақстан Республикасы Президентi актiлерiнiң және/немесе тапсырмаларының тармақтарын белгiленген мерзiмде орындау мүмкiн болмаған жағдайда, онда орындаушы мемлекеттiк органның (ұйымның) басшысы, ал егер Үкiметтiң өкiлеттiгi қозғалған жағдайда - Премьер-Министрмен (оның мiндетiн атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келiскеннен кейiн белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей, Президент Әкiмшiлiгiне орындаудың ағымдағы жай-күйiн көрсете отырып, орындау мерзiмiн ұзарту не оны орта мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi бақылауға ауыстыру қажеттiлiгiне дәлел келтiрiлген негiздемемен хат енгiзедi. Бұл ретте нақты орындау мерзiмi, орындаушы мемлекеттiк органның, сондай-ақ бiрлесiп орындаушы мемлекеттiк органдардың жауапты саяси мемлекеттiк қызметшiлерi және ұйымдардың лауазымды адамдары көрсетiледi.
53. Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi және/немесе тапсырмалары тармақтарының орындалу мерзiмiн ұзартуға не оларды орта мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi бақылауға ауыстыруға Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе Президент Әкiмшiлiгi Басшысының шешiмi бойынша Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң сараптамалық қорытындысы негiзiнде бiр реттен асырмай жол берiледi.»;
мынадай мазмұндағы 54-1-тармақпен толықтырылсын:
«54-1. Орындалу мерзiмi үш айдан асатын Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының мерзiмiн қайта ұзарту туралы ұсынысты орындаушы мемлекеттiк орган (ұйым), ал егер Үкiметтiң өкiлеттiгi қозғалған жағдайда - Премьер-Министрмен (оның мiндетiн атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келiскеннен кейiн, Президент Әкiмшiлiгiне орындалу мерзiмi аяқталғанға дейiн он бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей енгiзедi.
Президент Әкiмшiлiгiнiң жауапты құрылымдық бөлiмшесi осы ұсыныс түскен сәттен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалмау себептерiн анықтау мәселесi бойынша тексеру жүргiзедi және оның қорытындысы бойынша сараптамалық қорытынды дайындайды.»;
57-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) бұрын берiлген тапсырманы қамтитын (қайталайтын) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жаңа тапсырмасы;»;
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59. Қазақстан Республикасының Президентi актiлерiнiң және/немесе тапсырмаларының тармақтарын бақылаудан алуды орындаушы мемлекеттiк органның (ұйымның), ал егер Үкiметтiң өкiлеттiгi қозғалған жағдайда - Премьер-Министрмен (оның мiндетiн атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келiскеннен кейiн Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң сараптамалық қорытындысы не Президент Әкiмшiлiгiнiң жауапты лауазымды адамдарының бұрымшамаларымен ресiмделген оның келiсiмi не қол қойылған Заңның, Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе Үкiметтiң қабылданған актiсi негiзiнде Қазақстан Республикасының Президентi, Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы немесе Президент Әкiмшiлiгi Басшысы уәкiлеттiк берген орынбасары жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 62-1-тармақпен толықтырылсын:
«62-1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәселелер жартыжылда кемiнде бiр рет Үкiмет отырысында, мемлекеттiк органдардың алқа отырыстарында және ұйымдардың жиналыстарында қаралады.»;
66 және 67-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«66. Тоқсанның соңғы айының 30-күнiне дейiн мемлекеттiк органдар Президент Әкiмшiлiгiне мониторингтiң нәтижелерi туралы ақпарат және қажет болған жағдайда, тиiстi жарлықтарға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу не олардың күшi жойылды деп тану туралы ұсыныстар жiбередi.
67. Жарлықтарға мониторинг жүргiзу жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдар, берiлетiн ақпаратқа қойылатын талаптар, сондай-ақ жарлықтарға мониторинг жүргiзу мәселелерi бойынша Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен жарлықтардың әзiрлеушiлерi болып табылатын мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимыл жасау тәртiбiн Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы бекiтедi.»;
осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2012 жылғы 8 сәуiрдегi
№ 295 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң актiлерi мен
тапсырмаларының жобаларын
дайындау, келiсу, қол қоюға
ұсыну, Қазақстан Республикасы
Президентiнiң актiлерi мен
тапсырмаларының орындалуын
бақылауды жүзеге асыру
және Қазақстан Республикасы
Президентiнiң нормативтiк
Құқықтық жарлықтарына
мониторинг жүргiзу ережесiне
1-1-ҚОСЫМША

КЕЛIСIЛДI БЕКIТЕМIН
___________________ ___________________
20 ____ жылғы____№____ 20 ____ жылғы____№____

Ұйымдастыру iс-шараларының жоспары
(Жол картасы)

Құжаттың түрi:
Тапсырманың мазмұны:
Аралық бақылау мерзiмi:
Соңғы орындау мерзiмi:
Жауапты орындаушы мемлекеттiк орган:

Iс-шараның атауы

Жауапты орындаушы (бiрлесiп орындаушы)

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзiмi

Орындалу индикаторлары

Әкiмшiлiктiң бақылауға жауапты құрылымдық бөлiмшесi

1-кезең. Ұйымдастыру-дайындық жұмыстары

1







2







2-кезең. Практикалық iске асыру

1








Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina