ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Проекты  »  Жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі мен...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Проекты

  Жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімді ратификациялау турал
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер
Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы
және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық
өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімді
ратификациялау туралы

Киевте 2010 жылғы 14 қыркүйекте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісім ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының
Президенті

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер
Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы
және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық
өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы
келісім

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинеті,
Қазақстан Республикасының Украинадағы дипломатиялық өкілдігінің және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдігінің жұмысы үшін тиісті жағдайлар жасаудағы объективтік қажеттілікті назарға ала отырып,
өзаралық, тең құқық және тең жауапкершілік принциптеріне сүйене отырып,
екі жақты қатынастарды одан әрі дамытуға және нығайтуға ұмтыла отырып,
1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясын негізге ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1-бап

Украина тарабы Қазақстан тарабын өзінің дипломатиялық өкілдігін орналастыру үшін Киев қаласында Танковая көшесі, 4-6 мекенжайында орналасқан, алаңы 0,45 га жер учаскесін өзаралық шарттармен жылына 1 гривен жалгерлік ақыға 49 жылға жалға береді.
Қазақстан тарабы осы Келісім күшіне енген сәттен бастап 30 күннен кешіктірмей, осы бапта көрсетілген жер учаскесін жалға алғаны үшін Украина тарабын бір реттік тәртіппен төлем жүргізуге міндеттенеді.

2-бап

Қазақстан тарабы Украина тарабына өзінің дипломатиялық өкілдігін орналастыру үшін Астана қаласында Ш. Қалдаяқов көшесі, 2 б мекенжайы бойынша орналасқан, алаңы 0,9 га жер учаскесін жылына 1 теңге жалгерлік ақыға 49 жылға жалға береді.
Украина тарабы осы Келісім күшіне енген сәттен бастап 30 күннен кешіктірмей, осы бапта көрсетілген жер учаскесін жалға алғаны үшін Қазақстан тарабын бір реттік тәртіппен төлем жүргізуге міндеттенеді.

3-бап

Тараптардың әрқайсысы дипломатиялық өкілдіктерді орналастыру үшін осы Келісімнің 1 және 2-баптарында көрсетілген жер учаскелеріне құрылыс салуға, оны пайдалануға және абаттандыруға құқығы бар, алайда жер учаскесі орналасқан мемлекетте қолданылатын қала құрылысы, сәулет және экология саласындағы заңнаманы сақтауға міндетті.

4-бап

Тараптар осы Келісімнің 1 және 2-баптарында көрсетілген жер учаскелерін үшінші тараптардың құқықтары мен талаптарынан, сондай-ақ қандай да бір басқа ауыртпалықтардан, борыштар мен кепілдерден бос күйінде береді.
Јрқайсысы өз мемлекетінің аумағында Тараптар инженерлік желілер мен коммуникацияларды (сумен, жылумен жабдықтау, кәріз, электр энергиясы, байланыс және басқалары) жер учаскелерінің шекарасына дейін жеткізуді өз есебінен, ал осы Келісімде көрсетілген жер учаскелерінің шекаралары шегінде жер учаскесін жалға алатын Тарап мемлекетінің қаражаты есебінен қамтамасыз етеді.

5-бап

Тараптар жер учаскелерін жалға алу құқығын ресімдеуді жер учаскесі орналасқан мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Жер учаскесін жалға алған Тарап болу мемлекеті Тарабының айқын білдірілген жазбаша келісімісіз осы Келісімге сәйкес берілетін жер учаскесін сатуға, ауыртпалық салуға, меншікке беруге, жалға беруге немесе үшінші тарапқа қосалқы жалгерлікке беруге құқығы жоқ.

6-бап

Осы Келісімде көрсетілген жер учаскелерінде жерге орналастыру және топографиялық-геодезиялық жұмыстар, жобаға сараптама жасау және ғимаратты салу сияқты жұмыстар түрлеріне арналған барлық шығыстар, сондай-ақ оны күтіп ұстау мен жөндеуге, электрмен, газбен, сумен және жылумен жабдықтауға, байланыс қызметтеріне және қызмет көрсетудің басқа түрлеріне арналған шығыстарды Тараптар болу мемлекетінде қолданыстағы нормативтер мен тарифтерге сәйкес өздері төлейді.

7-бап

Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөліктері болып табылатын және жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

8-бап

Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар мен келіссөздер арқылы шешеді.

9-бап

Осы Келісім дипломатиялық арналар арқылы осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді және егер Тараптардың бір де біреуі дипломатиялық арналар арқылы ағымдағы кезең аяқталғанға дейін бір жыл бұрын өзінің осы Келісімнің қолданысын ұзартпау ниеті туралы жазбаша хабарлама жібермесе, келесі ұқсас кезеңдерге автоматты түрде ұзартыла отырып, 49 жыл ішінде қолданыста болады.

2010 жылғы 14 қыркүйекте Киев қаласында әрқайсысы қазақ, украин және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

Қазақстан Республикасының Украинаның
Үкіметі үшін Министрлер Кабинеті үшін

2010 жылғы 14 қыркүйекте Киев қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру шарттары туралы келісімнің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
Халықаралық құқық департаментінің
Басқарма бастығы Б. Пискорский

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina