ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Проекты  »  Қазақстан Республикасының Заңы Беларусь...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Проекты

  Қазақстан Республикасының Заңы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң ортақ нарығын ұйымдастыру, басқару, олардың жұмыс iстеу және даму тәртiбi туралы келiсiмдi ратификациялау туралы
Жоба

Мәскеуде 2010 жылғы 9 желтоқсанда жасалған Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң ортақ нарығын ұйымдастыру, басқару, олардың жұмыс iстеу және даму тәртiбi туралы келiсiм ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының
Президентi

Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясының мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң ортақ нарығын
ұйымдастыру, басқару, олардың жұмыс iстеу және даму тәртiбi туралы
КЕЛIСIМ

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының, Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының үкiметтерi,
1995 жылғы 6 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының арасындағы Кеден одағы туралы келiсiмдi, 1995 жылғы 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келiсiмдi, 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы шартты, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Бiрыңғай кеден аумағын құру және кедендiк одақты қалыптастыру туралы шартты, 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн реттеудiң бiрыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келiсiмдi, 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Бәсекелестiктiң бiрыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келiсiмдi негiзге ала отырып,
2008 жылғы 12 желтоқсандағы ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң ортақ энергетикалық нарығын қалыптастыру тұжырымдамасының ережелерiн ескере отырып,
Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң ортақ нарығын құру қажеттiгiн сезiне отырып,
Тараптар мемлекеттерiнiң отын-энергетикалық кешендерiнiң әлеуетiн тиiмдi пайдалану, сондай-ақ ұлттық экономикаларды мұнаймен және мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету мақсатында,
төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

Осы Келiсiмнiң мақсаты Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң ортақ нарығын қалыптастыруға бағытталған негiзгi қағидаттар мен iс-шараларды айқындау, сондай-ақ осы нарықтардағы бәсекелестiктi дамыту болып табылады.
Осы Келiсiмде Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктiң мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң ортақ нарығы деп Еуразиялық экономикалық қоғамдастық пен Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк шеңберiндегi Кеден одағының шарттық-құқықтық базасымен (бұдан әрi - Кеден одағы) айқындалатын Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға қажеттi мұнай мен мұнай өнiмдерiн өндiру, тасымалдау, жеткiзу, қайта өңдеу және өткiзу саласындағы сауда-экономикалық қатынастарының жиынтығы түсiнiледi.

2-бап

Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктiң мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң ортақ нарығын қалыптастыру кезiнде Тараптар мынадай негiзгi қағидаттарды негiзге алады:
1) Тараптардың өзара саудада сандық шектеулердi және кедендiк әкету баждарын (балама мәнге ие өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) қолданбауы. Мұнай мен мұнай өнiмдерiн Кеден одағының кедендiк аумағынан тыс жерлерге әкету кезiнде кедендiк әкету баждарын төлеу тәртiбi Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң жекелеген, оның iшiнде екiжақты келiсiмдерiмен айқындалады;
2) Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң мұнай мен мұнай өнiмдерiне деген қажеттiлiктерiн басымдықпен қамтамасыз ету;
3) Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң мұнай мен мұнай өнiмдерiне арналған нормалары мен стандарттарын бiрiздендiру;
4) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
5) Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктiң мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң ортақ нарықтарын ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн қалыптастыру.

3-бап

1. Тараптар Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктiң мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң ортақ нарықтарын қалыптастыру жөнiндегi мынадай шаралар кешенiн жүзеге асырады:
1) 2011 жылғы 1 шiлдеге дейiн мұнай мен мұнай өнiмдерiн көлiктiң барлық түрiмен жеткiзу, экспорттау мен импорттау туралы мәлiметтердi қамтитын кедендiк ақпараттың негiзiнде ақпарат алмасу жүйесiн құру;
2) 2011 жылғы 1 шiлдеге дейiн осы Келiсiм талаптарын бұзудың алдын алатын бақылау тетiктерiн жасау;
3) 2013 жылғы 1 шiлдеге дейiн Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң мұнай мен мұнай өнiмдерiне арналған нормаларын немесе стандарттарын бiрiздендiру.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген шаралар Тараптардың немесе олар уәкiлеттiк берген органдардың тиiстi келiсiмдер шеңберiнде әдiстемелерге немесе қағидаларға қол қоюы арқылы iске асырылады.

4-бап

Тараптар Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттер арасындағы келiсiмдерге сәйкес қолда бар техникалық мүмкiндiктер шегiнде:
1) өндiрiлген мұнайды және одан жасалған мұнай өнiмдерiн Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң аумағында қолданыстағы көлiк жүйесi бойынша, оның iшiнде магистралдық мұнай құбырлары мен мұнай өнiмдерi құбырларының жүйелерi бойынша ұзақ мерзiмдi тасымалдауды жүзеге асырудың кепiлдендiрiлген мүмкiндiгi;
2) Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң әрқайсысының аумағында орналасқан мұнай мен мұнай өнiмдерiн тасымалдау жүйелерiне Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында тiркелген шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн де, аумағы арқылы мұнайды және (немесе) мұнай өнiмдерiн тасымалдау жүзеге асырылатын Тараптың шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi үшiн де бiрдей шарттарда қол жеткiзуi жағдайларын қамтамасыз етедi.

5-бап

Мұнай құбырлары мен мұнай өнiмдерi құбырларының жүйесi арқылы мұнай мен мұнай өнiмдерiн тасымалдау тарифтерiн Тараптың әрбiр мемлекетiнiң ұлттық органдары белгiлейдi және олар экспортқа және iшкi тұтыну үшiн тасымалдаудан өзгешеленуi мүмкiн. Тараптар мемлекеттерiнiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi үшiн мұнай мен мұнай өнiмдерiн тасымалдауға арналған тарифтер аумағы арқылы мұнайды және (немесе) мұнай өнiмдерiн тасымалдау жүзеге асырылатын Тарап мемлекетiнiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi үшiн белгiленген тарифтерге тең деңгейде белгiленедi.

6-бап

Тараптардың құзыреттi органдары әрбiр ағымдағы жылдың 1 қазанына дейiн Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң мұнайды, мұнай өнiмдерiн өндiрудiң (шығарудың), тұтынудың, жеткiзудiң, импорттау мен экспорттаудың келесi күнтiзбелiк жылға арналған индикативтiк теңгерiмдерiн келiседi.
Тараптардың құзыреттi органдары Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң мұнай мен мұнай өнiмдерiн өндiрудiң, тұтынудың, жеткiзудiң, импорттау мен экспорттаудың ұзақ мерзiмдi индикативтiк теңгерiмiн келiседi, ол Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң мұнай өндiруiнiң, мұнай өнiмдерiн шығару мен тұтынуының нақты өзгерiсiн ескере отырып, қажет болған кезде жыл сайын түзетiлуi мүмкiн.
Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң бiреуiнiң аумағында өндiрiлген мұнайды Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы басқа мемлекеттiң аумағы арқылы тасымалдау көлемi мен бағыттары жыл сайын Тараптардың құзыреттi органдарының арасындағы хаттамалармен айқындалады.

7-бап

Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң iшкi нарықтарын реттеудi осы мемлекеттердiң ұлттық органдары жүзеге асырады. Тараптар мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң нарықтарын ырықтандыру жөнiндегi iс-шараларды Тараптар мемлекеттерiнiң әрқайсысының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

8-бап

Осы Келiсiмнiң 13-бабында көрсетiлген халықаралық шарттарды қоспағанда, осы Келiсiм Тараптар мемлекеттерiнiң әрқайсысының өзi қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттар бойынша құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
Тараптардың бәсекелестiктiң бiрыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келiсiмi осы Келiсiмде көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, мұнай мен мұнай өнiмдерiн тасымалдауды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылады.

9-бап

Осы Келiсiмнiң орындалуын үйлестiрудi мынадай құзыреттi органдар жүзеге асырады:
Беларусь Тарапынан - Беларусь мемлекеттiк мұнай және химия жөнiндегi концернi және Беларусь Республикасының Экономика министрлiгi;
Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгi;
Ресей Тарапынан — Ресей Федерациясының Энергетика министрлiгi.
Құзыреттi органдар ауысқан жағдайда Тараптар бұл туралы бiрiн-бiрi дипломатиялық арналар арқылы хабардар етедi.

10-бап

Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар келiссөздер мен консультациялар арқылы шешiледi.
Егер дау тараптарының бiрi даудың екiншi тарапына келiссөздер мен консультациялар жүргiзу туралы ресми жазбаша өтiнiш жiберген күнiнен бастап 6 ай iшiнде дау тараптары келiссөздер мен консультациялар арқылы дауды реттемесе, онда дау тараптары арасында оны шешу тәсiлiне қатысты өзге уағдаластық болмаған жағдайда, дау тараптарының кез келгенi бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшiн жiбере алады.

11-бап

Осы Келiсiмде ештеңе де Тарапты осы Келiсiмнен туындайтын қағидаларды және (немесе) артықшылықтарды осы Келiсiмнiң қатысушысы болып табылмайтын үшiншi мемлекеттерге немесе осындай үшiншi мемлекеттердiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiне, олардың тауарларына немесе қызметтерiне қолдануға мiндеттеу ретiнде түсiндiрiлмеуге тиiс.

12-бап

Тараптардың уағдаласуы бойынша осы Келiсiмге осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.

13-бап

Осы Келiсiм 2010 жылғы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Мұнайды және мұнай өнiмдерiн тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiммен, сондай-ақ 2010 жылғы Беларусь Республикасының аумағынан мұнай мен мұнай өнiмдерiн Кеден одағының кедендiк аумағынан тыс жерлерге әкету кезiндегi кедендiк әкету (балама әрекетi бар өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) баждарын төлеу тәртiбiн айқындау туралы келiсiммен бiр мезгiлде күшiне енедi және мемлекет басшылары деңгейiндегi ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесiнiң (Кеден одағының жоғарғы органы) 2009 жылғы 19 желтоқсандағы № 35 шешiмiмен бекiтiлген Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Бiрыңғай экономикалық кеңiстiгiн қалыптастыру жөнiндегi iс-қимыл жоспарында қол қою көзделген барлық келiсiмдер, сондай-ақ 2010 жылғы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Мұнайды және мұнай өнiмдерiн тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм мен 2010 жылғы Беларусь Республикасының аумағынан мұнай мен мұнай өнiмдерiн Кеден одағының кедендiк аумағынан тыс жерлерге әкету кезiнде кедендiк әкету баждарын (балама әрекетi бар өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) төлеу тәртiбiн айқындау туралы келiсiм осы мемлекеттердiң аумағында қолданылған жағдайда Тараптар мемлекеттерi арасындағы қарым-қатынастарда қолданылады (осы бапта көрсетiлген екiжақты келiсiмдердiң атаулары Тараптар келiссөздерiнiң нәтижелерi бойынша нақтылануы мүмкiн).

Мәскеу қаласында 2010 жылғы 9 желтоқсанда орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды.
Осы Келiсiмнiң түпнұсқа данасы оның депозитарийi болып табылатын және оның расталған көшiрмесiн әрбiр Тарапқа жiберетiн Бiрыңғай экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетiнде сақталады.

Беларусь Қазақстан Ресей
Республикасының Республикасының Федерациясының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн

2010 жылғы 9 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында қол қойылған Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мұнай және мұнай өнiмдерiнiң ортақ нарығын ұйымдастыру, басқару, жұмыс iстеу және дамыту тәртiбi туралы келiсiмнiң куәландырылған көшiрмесiнiң куәландырылған көшiрмесi екендiгiн растаймын.

Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер министрлiгi
Халықаралық құқық департаментiнiң
Басқарма бастығы Б. Пискорский


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina