ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Проекты  »  Қазақстан Республикасының Заңы Баға...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Проекты

  Қазақстан Республикасының Заңы Баға белгiлеу мен тарифтiк саясат негiздерiн қоса алғанда, газ тасымалдау жүйелерi бойынша газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiне қол жеткiзу қағидасы туралы келiсiмдi ратификациялау туралы
Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Баға белгiлеу мен тарифтiк саясат негiздерiн қоса алғанда,
газ тасымалдау жүйелерi бойынша газ тасымалдау саласындағы
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiне қол жеткiзу
қағидасы туралы келiсiмдi ратификациялау туралы

Мәскеуде 2010 жылғы 9 желтоқсанда жасалған Баға белгiлеу мен тарифтiк саясат негiздерiн қоса алғанда, газ тасымалдау жүйелерi бойынша газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiне қол жеткiзу қағидасы туралы келiсiм ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының
Президентi

Баға белгiлеу мен тарифтiк саясат негiздерiн қоса алғанда,
газ тасымалдау жүйелерi бойынша газ тасымалдау саласындағы
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiне қол жеткiзу қағидасы туралы
келiсiм

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi және Ресей Федерациясының Үкiметi,
1995 жылғы 6 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы Кеден одағы туралы келiсiмдi, 1995 жылғы 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келiсiмдi, 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы шартты, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты негiзге ала отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

Осы Келiсiмнiң мақсаты үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
«газ» - негiзiнен, метаннан тұратын, газ тасымалдау жүйелерi бойынша сығылған газ тәрiздес күйде тасымалданатын, Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң аумағында өндiрiлетiн және/немесе шығарылған газ тәрiздес көмiрсутектердiң және басқа газдардың жанғыш қоспасы;
«газ тасымалдау жүйелерi» - магистральдық газ құбырларын қамтитын және газ тасымалдауға арналған құрылыстар мен газ тарату желiлерiнен басқа, олармен бiрыңғай технологиялық процеспен арқылы байланысты объектiлер;
«газ тасымалдау жөнiндегi қызметтер» — газ тасымалдау жүйелерi (бойынша газды өткiзу жөнiндегi қызметтер;
«Құзыреттi органдар» - осы Келiсiмдi iске асыруды бақылау үшiн Тараптар уәкiлеттiк берген органдар;
«iшкi қажеттiлiктер» - Тараптар мемлекеттерiнiң әрқайсысының аумағында тұтынуға қажеттi газ көлемi;
«газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiне қол жеткiзу» - газ тасымалдау үшiн Тараптар мемлекеттерiнiң табиғи монополиялар субъектiлерi басқаратын газ тасымалдау жүйелерiн пайдалану құқығын беру;
«нарықтық (тең кiрiстi) бағалар» - газдың iшкi қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшiн, оның iшiнде мынадай қағидаттарға негiзделе отырып қалыптастырылған көтерме бағасы:
Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы газ өндiретiн мемлекеттер үшiн нарықтық көтерме бағаны қалыптастыру осы мемлекеттерде алынатын баждың, алымдардың, салықтардың, басқа да төлемдердiң шамасын iшкi нарықтағы газды сату бағасынан және газ жеткiзушiнiң сыртқы және iшкi нарықтардағы газ тасымалдау құнының айырмасын ескере отырып, Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы газ өндiретiн мемлекеттерден тысқары жерлердегi газ тасымалдау құнынан шегеру жолымен жүзеге асырылады;
Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы газ тұтынатын мемлекеттер үшiн - қалыптасуын газ өндiретiн мемлекеттiң шығарушысы сыртқы нарықта газ сату бағасынан бажды, алымдарды, салықтарды, басқа да төлемдердi, сондай-ақ Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы газ өндiретiн мемлекеттен тысқары жерлерде газ тасымалдау құнынан шегеру арқылы жүзеге асыратын нарықтық көтерме баға;
«Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы газ өндiретiн мемлекеттер» - аумағында газ өндiру мен шығаруға қарағанда аз тұтынылатын Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттер;
«Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы газ тұтынатын мемлекеттер» - аумағында газ өндiру мен шығаруға қарағанда көп тұтынылатын Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттер.

2-бап

Осы Келiсiмнiң мақсаты Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн баға белгiлеу мен тарифтiк саясат негiздерiн қоса алғанда, газ тасымалдау жүйелерi бойынша газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiне қол жеткiзу қағидасын белгiлеу болып табылады.
Газ тасымалдау саласындағы табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне қол жеткiзу осы Келiсiмнiң Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң аумағынан шығатын газға ғана қатысты шарттарына сәйкес ұсынылады. Осы Келiсiмнiң ережелерi Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы болып табылмайтын мемлекеттердiң аумағынан шығатын газға қолданылатын газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiне қол жеткiзу қатынастарына және Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктен тысқары жерлерге және одан тысқары жерлерден газ тасымалдау саласындағы қатынастарға таратылмайды.

3-бап

Газ тасымалдау жүйелерi бойынша газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ету кезiнде Тараптар мынадай негiзгi қағидаттарға сүйенедi:
өзара саудада кедендiк әкелу және әкету баждарын (баламалы мәнi бар өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) Тараптардың қолданбауы;
бiрiншi кезекте Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң iшкi газға қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету;
Тараптар мемлекеттерiнiң iшкi қажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн газ тасымалдау бағасы мен тарифi Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес белгiленедi;
Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң газға нормалары мен стандарттарын бiрiздендiру;
экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету.

4-бап

Осы Келiсiмде көзделген Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктiң газ тасымалдау жүйелерi бойынша газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ету шарты Тараптардың мынадай iс-шараларды қамтитын шаралар кешенiн iске асыруы болып табылады:
а) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмде газды iшкi тұтыну туралы мәлiметтердi қамтитын ақпарат негiзiнде ақпарат алмасу жүйесiн құру;
б) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмде осы Келiсiмге сәйкес индикативтi болжамдық теңгерiмдердi дайындау үшiн тетiктер құру;
в) 2011 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң газға нормалары мен стандарттарын бiрiздендiру;
г) Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң аумағында газдың нарықтық (тең кiрiстi) бағасына көшу.
Тараптардың жоғарыда көрсетiлген шаралар кешенiн орындауды аяқтауы осы Келiсiмге Хаттамамен ресiмделедi.

5-бап

Тараптар Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы барлық мемлекеттердiң аумақтарында газға нарықтық (тең кiрiстi) бағаға 2015 жылғы 1 қаңтардан кешiктiрмей қол жеткiзудi қамтамасыз етедi.
Бұл ретте Қазақстан тарабы Қазақстан Республикасының аумағында газ сатудың бағасын Ресей Федерациясының аумағындағы газ бағасымен салыстырмалы деңгейге дейiн кезең-кезеңiмен көтерудi қамтамасыз етедi.

6-бап

Осы Келiсiмнiң 4-бабында баяндалған iс-шаралар кешенiн барлық Тараптар орындағаннан кейiн Тараптар қолда бар техникалық мүмкiндiктерi, Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк елдерiнiң газдың келiсiлген индикативтi болжамдық теңгерiмiн ескере отырып, газ тасымалдау жүйесiнiң бос қуаттары шегiнде және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң азаматтық-құқықтық шарттары негiзiнде мына қағидалар бойынша Тараптар мемлекеттерiнiң iшкi қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға арналған газды тасымалдау үшiн басқа Тараптар мемлекеттерiнiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында орналасқан газ тасымалдау жүйелерiне қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi:
Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiне тарифтердi қоса алғанда, аумағы арқылы тасымалдау жүзеге асырылатын Тараптың газ тасымалдау жүйесiнiң меншiк иелерi болып табылмайтын газ өндiрушiлермен бiрдей жағдайларда басқа Тарап мемлекетiнiң газ тасымалдау жүйесiне қол жеткiзу ұсынылады;
газ тасымалдауға арналған көлемдер, бағалар және тарифтер, сондай-ақ газ тасымалдау жүйелерi бойынша газ тасымалдаудың коммерциялық және өзге де шарттары Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес Тараптар мемлекеттерiнiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi арасындағы азаматтық-құқықтық шарттармен анықталады;
Тараптар өз мемлекеттерiнiң аумағында қызметiн жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында магистральдық газ құбырлары арқылы газ тасымалдауға арналған қолданыстағы шарттардың тиiсiнше орындалуына жәрдемдеседi.

7-бап

Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк елдерiнiң газдың индикативтi болжамдық теңгерiмiн (iшкi қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшiн өндiру, тұтыну және жеткiзу, оның iшiнде алынатын) 5 жыл мерзiмге әзiрлейдi және келiседi, ол жыл сайын ағымдағы жылдың 1 қазанына дейiн нақтыланады.
Тараптар газдың келiсiлген теңгерiмiн ескере отырып, Тараптар мемлекеттерiнiң iшкi нарықтарына газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қол жеткiзудi ұсынады.

8-бап

Тараптар мынадай салаларда ұзақ мерзiмдi өзара пайдалы ынтымақтастықты дамытуға ұмтылады:
- Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы газ тасымалдау;
- газ құбырларын, газдың жерасты қоймаларын және газ кешенi инфрақұрылымының басқа да объектiлерiн салу, қайта жаңарту және пайдалану;
- Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттердiң iшкi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн қажеттi сервистiк қызметтердi ұсыну.
Тараптар Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкке қатысушы мемлекеттер аумағында орналасқан газ тасымалдау жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн регламенттейтiн нормативтiк-техникалық құжаттарды бiрiздендiрудi қамтамасыз етедi.

9-бап

Осы Келiсiм Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.
Тараптардың осы Келiсiммен реттелмеген газ тасымалдау саласындағы қатынастарына Тараптардың ұлттық заңнамасы қолданылады.
Тараптардың бәсекелестiктiң бiрыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келiсiмi осы Келiсiмде көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, газ тасымалдауды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылады.

10-бап

Осы Келiсiмнiң орындалуын үйлестiрудi мынадай Құзыреттi органдар жүзеге асырады:
Беларусь Тарапынан - Беларусь Республикасы Энергетика министрлiгi;
Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгi;
Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясы Энергетика министрлiгi.
Құзыреттi органдар ауысқан жағдайда Тараптар бұл туралы бiр-бiрiн дипломатиялық арналар арқылы хабардар етедi.

11-бап

Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар, бiрiншi кезекте, келiссөздер мен консультациялар арқылы шешiледi.
Егер дауды дау тараптары келiссөздер мен консультациялар жүргiзу жолымен дау тараптарының бiрi даудың басқа тарапына оларды жүргiзу туралы ресми жазбаша өтiнiш жiберген күннен бастап алты ай iшiнде реттемесе, онда дау тараптары арасында оны шешу тәсiлiне қатысты өзге уағдаластық болмаған жағдайда, дау тараптарының кез келгенi бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға бере алады.

12-бап

Осы Келiсiмде ештеңе Тарапты осы Келiсiмнен туындайтын қағидаларды және/немесе артықшылықтарды осы Келiсiмге қатысушы болып табылмайтын үшiншi мемлекетке немесе осындай үшiншi мемлекеттердiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiне, олардың тауарларына немесе қызметтерiне қолдануға мiндеттейтiндей болып түсiндiрiлмеуге тиiс.

13-бап

Тараптардың уағдаласуы бойынша осы Келiсiмге Хаттамамен ресiмделетiн өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.

14-бап

Осы Келiсiмнiң күшiне ену, оған қосылу және одан шығу тәртiбi 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшiне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртiбi туралы хаттамамен айқындалады.

Мәскеу қаласында 2010 жылғы 9 желтоқсанда орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды.
Келiсiмнiң түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетiнде сақталады, ол оның депозитарийi болып табылады және әрбiр Тарапқа оның расталған көшiрмесiн жiбередi.

Беларусь Қазақстан Ресей
Республикасының Республикасының Федерациясының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн

2010 жылғы 9 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында қол қойылған Баға белгiлеу мен тарифтiк саясат негiздерiн қоса алғанда, газ тасымалдау жүйелерi бойынша газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қол жеткiзу қағидасы туралы келiсiмнiң куәландырылған көшiрмесiнiң куәландырылған көшiрмесi екендiгiн растаймын.

Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер министрлiгi
Халықаралық құқық департаментiнiң
Басқарма бастығы Б. Пискорский


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina