ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Проекты  »  Қазақстан Республикасының Заңы Кеден...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Проекты

  Қазақстан Республикасының Заңы Кеден одағы шеңберiндегi даулар бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгiнуi және олар бойынша сот iсiн жүргiзу ерекшелiктерi туралы шартты ратификациялау туралы
Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Кеден одағы шеңберiндегi даулар бойынша шаруашылық жүргiзушi
субъектiлердiң Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына
жүгiнуi және олар бойынша сот iсiн жүргiзу ерекшелiктерi туралы
шартты ратификациялау туралы

Мәскеуде 2010 жылғы 9 желтоқсанда жасалған Кеден одағы шеңберiндегi даулар бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгiнуi және олар бойынша сот iсiн жүргiзу ерекшелiктерi туралы шарт ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының
Президентi

Кеден одағы шеңберiндегi даулар бойынша шаруашылық жүргiзушi
субъектiлердiң Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына
жүгiнуi және олар бойынша сот iсiн жүргiзу ерекшелiктерi туралы
шарт

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер,
халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шартты және 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартты негiзге ала отырып,
Кеден одағы шеңберiнде жасалған халықаралық шарттарды Кеден одағынa мүше мемлекеттердiң бiркелкi қолдануын қамтамасыз ету мақсатында,
2010 жылғы 5 шiлдедегi Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Соты Статутының 14-бабының 3-тармағына сәйкес,
төмендегiлер туралы уағдаласты:

1-бап

Осы Шарттың мақсаты үшiн мынадай ұғымдар пайдаланылады:
«шаруашылық жүргiзушi субъект» - Кеден одағына мүше мемлекеттiң немесе үшiншi мемлекеттiң заңнамасына сәйкес тiркелген заңды тұлға не Кеден одағына мүше мемлекеттiң немесе үшiншi мемлекеттiң заңнамасына сәйкес кәсiпкер ретiнде тiркелген жеке тұлға;
«сот шығасылары» - сарапшыларға, куәлерге және аудармашыларға төлеуге жататын ақшалай сома, адвокаттар мен Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотында шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң мүдделерiн өндiретiн өзге тұлғалардың қызметтерiне ақы төлеуге арналған шығыстар және iстiң Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотында қаралуына байланысты ол бойынша Тараптар шеккен басқа да шығыстар;
«Кеден одағы комиссиясының актiлерi» - Кеден одағы комиссиясының мiндеттi сипаты бар және кәсiпкерлiк пен өзге экономикалық қызмет саласындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын шешiмдерi.

2-бап

1. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Соты (бұдан әрi - Сот) шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өтiнiштерi (бұдан әрi - өтiнiштер) бойынша:
1) Кеден одағы комиссиясының актiлерiне немесе олардың жекелеген ережелерiне дау айту туралы;
2) Кеден одағы комиссиясының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) дау айту туралы iстердi қарайды.
2. Кеден одағы комиссиясының актiлерiне немесе олардың жекелеген ережелерiне не Кеден одағы комиссиясының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) дау айту үшiн олардың Кеден одағы шеңберiнде жасалған халықаралық шарттармен берiлген кәсiпкерлiк және өзге экономикалық қызмет саласындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына әкеп соқтырған осы халықаралық шарттарға сәйкессiздiгi негiз болып табылады.
3. Егер дәл сол нысана туралы және дәл сондай негiздер бойынша бұрын қаралған iс бойынша Соттың күшiне енген шешiмi болса, Сот өтiнiштi қарауға қабылдамайды.

3-бап

1. Егер шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын халықаралық шарттарды және Кеден одағы комиссиясының актiлерiн қолдану мәселелерi iстiң мәнi бойынша шешiлуiне елеулi ықпал етсе, Кеден одағына мүше мемлекеттiң сот билiгiнiң жоғарғы органы бұл мәселелер бойынша қорытынды шығару туралы сұраумен Сотқа жүгiнуге құқылы.
2. Кеден одағына мүше мемлекеттiң сот билiгiнiң жоғарғы органында дауды қарау кезiнде iске қатысушы шаруашылық жүргiзушi субъект өзiнiң Кеден одағы шеңберiнде жасалған халықаралық шарттарда және Кеден одағы комиссиясының актiлерiнде көзделген құқықтары бұзылды деп пайымдаса, осы органға қорытынды шығару туралы сұрауды Сотқа жiберу туралы қолдаухатпен жүгiнуге құқылы.
3. Егер қорытынды шығару туралы сұраумен жүгiну туралы мәселе Кеден одағына мүше мемлекеттiң заңнамасына сәйкес ол бойынша шешiм шағымдануға жатпайтын Кеден одағына мүше мемлекеттiң сот билiгiнiң жоғарғы органының қарауындағы iсте мәлiмделсе, қорытынды шығару сұралатын мәселелер iстiң мәнi бойынша шешiлуiне елеулi әсер етуi және Соттың бұдан бұрын ұқсас сұраулар бойынша қорытындылар шығармауы шартымен осы орган Сотқа жүгiнуге мiндеттi.

4-бап

1. Кеден одағы комиссиясына шаруашылық жүргiзушi субъект алдын ала жүгiнгеннен кейiн ғана Сот өтiнiштi қарауға қабылдайды.
Егер Кеден одағының комиссиясы келiп түскен өтiнiш бойынша екi ай iшiнде шаралар қабылдамаса, шаруашылық жүргiзушi субъект Сотқа жүгiнуге құқылы.
2. Сотқа өтiнiш беру Кеден одағының комиссиясы актiлерiнiң қолданылуын тоқтата тұру үшiн негiз болып табылмайды.

5-бап

1. Сотқа жiберiлетiн өтiнiште:
1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, оның кәсiпкер ретiнде тiркелуi туралы деректер немесе заңды тұлғаның атауы және осындай ретiнде оның тiркелуi туралы деректер;
2) елдiң ресми атауын, пошталық мекенжайын (хат алмасу үшiн мекенжай), сондай-ақ телефон, факс нөмiрiн, электрондық поштаның мекенжайын (егер ондай болған жағдайда) қоса алғанда, жеке тұлғаның тұрғылықты жерi немесе заңды тұлғаның орналасқан жерi;
3) Кеден одағы комиссиясының дау айтылатын актiсiнiң атауы, нөмiрi, қабылданған күнi, жарияланған кезi және (немесе) Кеден одағы комиссиясы әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) сипаты;
4) шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң пiкiрiнше, Кеден одағы комиссиясының дау айтылатын актiсiмен және (немесе) Кеден одағы комиссиясының әрекетiмен (әрекетсiздiгiмен) бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерi;
5) шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң Кеден одағы комиссиясының актiсiн және (немесе) Кеден одағы комиссиясының әрекетiн (әрекетсiздiгiн) Кеден одағы шеңберiнде жасалған халықаралық шарттармен өзiне берiлген кәсiпкерлiк және өзге экономикалық қызмет саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзады деп тану туралы талабы;
6) Кеден одағының комиссиясына жүгiнуi туралы мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
2. Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
1) Кеден одағы комиссиясының дау айтылатын актiсiнiң мәтiнi;
2) заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктiң көшiрмесi;
3) Кеден одағының комиссиясына жүгiнуiн растайтын құжаттар;
4) баждың төленгенiн растайтын құжат;
5) шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң талаптары негiзделетiн өзге де құжаттар.
3. Сот iс бойынша тараптарды өтiнiштi қарауға қабылдау туралы не бас тарту негiзiн көрсете отырып, өтiнiштi қабылдаудан бас тарту туралы хабардар етедi.

6-бап

Iстi қараудың кез келген сатысында Сот шешiмiнiң орындалуын қамтамасыз ету немесе Кеден одағы шеңберiнде жасалған халықаралық шарттарда көзделген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң ықтимал бұзылуын болдырмау мақсатында Сот iс бойынша тараптың қолдаухаты бойынша немесе жеке бастамасы бойынша ақылға қонымды, оның iшiнде қамтамасыз ету сипатындағы уақытша шараларды қабылдауға құқылы.

7-бап

1. Шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң Сотқа жүгiнуiне баж салынады.
2. Шаруашылық жүргiзушi субъект бажды Сотқа өтiнiш бергенге дейiн төлейдi.
3. Шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң өтiнiште көрсетiлген талаптарын Сот қанағаттандырған жағдайда, бажды қайтару жүзеге асырылады.
4. Баждың мөлшерiн, төлем валютасын есептеу, пайдалану және қайтару тәртiбiн Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесi (мемлекет басшылары деңгейiнде) анықтайды.

8-бап

Iс бойынша әрбiр тарап өздерiнiң сот шығасыларын өздерi көтередi.

9-бап

1. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қатысуымен iстердi қарау үшiн Сот Кеден одағына мүше әр мемлекеттен бiр судьядан қосылатын Сот Алқасын құрады.
2. Iстi қарау мерзiмi Сот өтiнiштi алған күннен бастап үш айдан аспайды.
3. Егер осы Шарттың 10-бабында көзделген тәртiппен Сот Алқасының шешiмiне шағым жасалмаса, ол Сот шешiмi болып табылады.
4. Сот Кеден одағы комиссиясының актiсiне және (немесе) Кеден одағы комиссиясының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) дау айту туралы iстердi қарау кезiнде сот отырысында:
1) дау айтылатын Кеден одағының комиссиясы актiсiнiң немесе оның жекелеген ережелерiнiң және (немесе) дау айтылатын Кеден одағының комиссиясы әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) Кеден одағы шеңберiнде жасалған халықаралық шарттарға сәйкестiгiн;
2) Кеден одағы комиссиясының дау айтылатын актiнi немесе оның жекелеген ережелерiн қабылдауға өкiлеттiктерiн;
3) Кеден одағы шеңберiнде жасалған халықаралық шарттармен берiлген кәсiпкерлiк және өзге экономикалық қызмет саласындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылу фактiсiн тексерудi жүзеге асырады.

10-бап

1. Егер Сот Алқасының шешiмiне iс бойынша тараптар Соттың Аппеляциялық палатасына шағымданбаса, ол шығарылған күнiнен бастап күнтiзбелiк он бес күннен кейiн күшiне енедi.
2. Сот Алқасының шешiмiмен Кеден одағы шеңберiнде жасалған халықаралық шарттармен берiлген өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерi оларды дұрыс қолданбауға байланысты бұзылды деп пайымдайтын тарап Сот алқасының күшiне енбеген шешiмiне Соттың Аппеляциялық палатасына шағымдануға құқылы.
3. Соттың Аппеляциялық палатасының құрамына Сот Алқасының шешiмi шағымдалып отырған iстi қарауға қатыспаған Кеден одағына мүше мемлекеттер Соттарының судьялары кiредi.
4. Соттың Аппеляциялық палатасының шешiмi Соттың шешiмi болып табылады және ол шығарылған күнiнен бастап күшiне енедi.
5. Сот шешiмi түпкiлiктi және шағымдануға жатпайды.
6. 2010 жылғы 5 шiлдедегi Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Соты Статутының 23-бабында көзделген тәртiппен Сот шешiмi жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкiн.
7. Сот шешiмiне не оның жекелеген ережелерiне iс бойынша тараптардың өтiнiшi бойынша Соттың өзi ғана ресми түрде, сондай-ақ өз бастамасы бойынша түсiнiктеме беруi мүмкiн.

11-бап

1. Кеден одағы комиссиясының актiлерiне немесе олардың жекелеген ережелерiне дау айту туралы iстердi қарау нәтижелерi бойынша Сот:
1) дау айтылатын актiнi немесе оның жекелеген ережелерiн Кеден одағы шеңберiнде жасалған халықаралық шарттарға сәйкес деп тану туралы;
2) дау айтылатын актiнi немесе оның жекелеген ережелерiн Кеден одағы шеңберiнде жасалған халықаралық шарттарға сәйкес емес деп тану туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
2. Кеден одағы шеңберiнде жасалған халықаралық шарттарға сәйкес емес деп танылған Кеден одағының комиссиясы актiсiнiң немесе оның жекелеген ережелерiнiң қолданылуы Сот шешiмi күшiне енген күннен бастап тоқтатыла тұрады және Кеден одағының комиссиясы осы актiнi немесе оның жекелеген ережелерiн Кеден одағы шеңберiнде жасалған халықаралық шарттарға сәйкес келтiредi.
3. Кеден одағы комиссиясының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) дау айту туралы iстердi қарау нәтижелерi бойынша Сот:
1) дау айтылатын әрекеттi (әрекетсiздiктi) Кеден одағы шеңберiнде жасалған халықаралық шарттарға сәйкес емес және кәсiпкерлiк пен өзге экономикалық саладағы шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзады деп тану туралы;
2) дау айтылатын әрекеттi (әрекетсiздiктi) Кеден одағы шеңберiнде жасалған халықаралық шарттарға сәйкес және кәсiпкерлiк пен өзге экономикалық саладағы шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзбайды деп тану туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
4. Сот шығындарды өтеу туралы талапты немесе мүлiктiк сипаттағы өзге де талаптарды қараусыз қалдырады.

12-бап

1. Сот шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң Кеден одағы шеңберiнде жасалған халықаралық шарттарда көзделген құқықтары мен заңды мүдделерi Кеден одағы комиссиясының актiсiмен немесе әрекетiмен (әрекетсiздiгiмен) бұзылғандығын анықтаған Соттың күшiне енген шешiмiн Кеден одағының комиссиясы ақылға қонымды, бiрақ Сот шешiмi күшiне енген күнiнен бастап күнтiзбелiк 60 күннен аспайтын мерзiмде орындауға мiндеттi.
2. Кеден одағының комиссиясы Сот шешiмiн орындамаған жағдайда, шаруашылық жүргiзушi субъект оны орындау жөнiнде шаралар қабылдау туралы қолдаухатпен Сотқа жүгiнуге құқылы.
3. Сот шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң қолдаухаты бойынша ол
түскен күннен бастап күнтiзбелiк 15 күн iшiнде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Үкiмет басшылары деңгейiндегi Мемлекетаралық кеңесiне (Кеден одағының жоғарғы органы) олар осы мәселе бойынша шешiм қабылдауы үшiн жүгiнуге мiндеттi.

13-бап

1. Осы Шартпен реттелмеген бөлiгiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өтiнiштерi бойынша iстердi қарау рәсiмi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өтiнiштерiн қарау жөнiндегi Сот Регламентiмен (бұдан әрi - Регламент) айқындалады.
2. Регламенттi Сот Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Парламентаралық Ассамблеясымен келiсiм бойынша әзiрлейдi және бекiтедi.

14-бап

Осы Шарттың ережелерiн қолдануға немесе түсiндiруге байланысты даулар Тараптар арасындағы консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiледi.

15-бап

Осы Шартқа өзгерiстер Тараптардың өзара келiсуi бойынша енгiзiледi және хаттамалармен ресiмделедi.

16-бап

Осы Шарт осы Шарттың күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы үшiншi хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30-күнi күшiне енедi.

Осы Шарттың түпнұсқа данасы осы Шарттың депозитарийi бола отырып, әрбiр Тарапқа оның куәландырылған көшiрмесiн жiберетiн Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетiнде сақталады.
Осы Шарт Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығында тiркеуге жатады.
Мәскеу қаласында 2010 жылғы 9 желтоқсанда орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды.

Беларусь Қазақстан Қырғыз
Республикасы Республикасы Республикасы
үшiн үшiн үшiн

Ресей Тәжiкстан
Федерациясы Республикасы
үшiн үшiн

Беларусь Президентi А.Г. Лукашенко, Қазақстан Республикасының Президентi Н.А. Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президентi, Қырғыз Республикасының Премьер-Министрi Р.И. Отынбаева, Ресей Федерациясының Президентi Д.А. Медведев, Тәжiкстан Республикасының Президентi Э. Рахмон қол қойған осы мәтiннiң толық және «Кеден одағы шеңберiндегi даулар бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгiнуi және олар бойынша сот iсiн жүргiзу ерекшелiктерi туралы шарт туралы» 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 534 ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесiнiң шешiм түпнұсқасының көшiрмесiне сай екендiгiн растаймын.
Түпнұсқаның данасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетiнде сақталады.

Барлық 9 бет тiгiлген,
қолтаңба мен мөртаңбасы
қойылған

ЕурАзЭҚ ИК Секретариатының
Құқықтық департаментiнiң Басшысы
16.12.10 С. Князев

Мәскеуде 2010 жылғы 9 желтоқсанда жасалған Кеден одағы шеңберiндегi даулар бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгiнуi және олар бойынша сот iсiн жүргiзу ерекшелiктерi туралы шарт бойынша ЕурАзЭҚ ИК Хатшылығы мәлiмдемесiнiң орыс тiлiндегi нұсқасы қазақ тiлiне аударылған нұсқасына сай келетiнiн растаймын.

Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрлiгiнiң
Халықаралық шарттарды
сараптау департаментiнiң директоры Э. Әзiмова


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina