ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Проекты  »  Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Проекты

  Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шартын және Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шартына нұсқаулықты ратификациялау туралы
Қазақстан Республикасының Заңы

2006 жылғы 27 наурызда Сингапурда қабылданған Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шарты және Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шартына нұсқаулық ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының
Президенті

Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шарты

Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шартына нұсқаулық
және
Дипломатиялық конференцияның Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шартына және оған нұсқаулыққа қосымша резолюциясы

2006 жылғы 27 наурызда Сингапур қаласында қабылданған

Мазмұны

Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шарты
Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шартына нұсқаулық
Дипломатиялық конференцияның Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шартына және оған нұсқаулыққа қосымша резолюциясы

Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы
Сингапур шарты

Баптардың тізбесі

1-бап: Қысқартылған орамдар
2-бап: Шарт қолданылатын таңбалар
3-бап: Өтінім
4-бап: Өкілдік; Іскерлік хат алмасу мекенжайы
5-бап: Беру күні
6-бап: Бірнеше сыныптарға қатысты тауарларды және/немесе
қызметтерді бір тіркеу
7-бап: Өтінімді бөлу және тіркеу
8-бап: Хабарламалар
9-бап: Тауарлардың және/немесе қызметтердің жіктемесі
10-бап: Аттардың немесе мекенжайлардың өзгеруі
11-бап: Иеленушінің өзгеруі
12-бап: Қатені түзету
13-бап: Тіркеуді қолдану мерзімі және оны ұзарту
14-бап: Мерзімдер сақталмаған жағдайдағы жеңілдіктер
15-бап: Париж конвенциясын сақтау бойынша міндеттеме
16-бап: Қызмет көрсету таңбалары
17-бап: Лицензияны тіркеу туралы өтініш
18-бап: Лицензияны өзгерту немесе лицензияны тіркеудің күшін жою туралы өтініш
19-бап: Лицензияны тіркеудің болмауы салдары
20-бап: Лицензияның болуы туралы нұсқау
21-бап: Бас тарту мүмкін болу жағдайындағы ескертулер
22-бап: Нұсқаулық
23-бап: Ассамблея
24-бап: Халықаралық бюро
25-бап: Қайта қарау және түзетулерді енгізу
26-бап: Шартқа қатысу
27-бап: 1994 ж. TLT және осы Шартты қолдану
28-бап: Күшіне ену; Ратификациялаулар мен қосылулардың күшіне ену күні
29-бап: Ескертпелер
30-бап: Шартты денонсациялау
31-бап: Шарттың тілі; Қол қою
32-бап: Депозитарий

1-бап
Қысқартылған орамдар

Осы Шарттың мақсаты үшін және арнайы ескертпелер болмаған жағдайда:
(і) «Ведомство» Уағдаласушы тарап таңбаларды тіркеуді тапсырған агенттікті білдіреді;
(іі) «тіркеу» Ведомствоның таңбаны тіркегенін білдіреді;
(ііі) «өтінім» тіркеуге берілген өтінімді білдіреді;
(iv) «хабарлама» Ведомствоға берілген өтінімге немесе тіркеуге қатысты кез келген өтінімді немесе өтінішті, қолдаухатты, хат-хабарды немесе өзге де мәліметтерді білдіреді;
(v) «тұлғаға» сілтемелер жеке, сондай-ақ заңды тұлғаға жасалатын сілтемелерді білдіреді;
(vi) «иеленуші» таңбалар тізілімінде тіркеу иеленушісі ретінде көрсетілген тұлғаны білдіреді;
(vii) «таңбалар тізілімі» Ведомство қалыптастыратын деректердің жиынтығын білдіреді. Тізілім, олар сақталатын тасушыға қарамастан, барлық тіркеулерге қатысты барлық тіркеулердің мазмұнын және енгізілген барлық деректерді қамтиды;
(viii) «Ведомстводағы рәсім» Ведомстводағы өтінімге немесе тіркеуге қатысты іс жүргізу жөніндегі кез келген рәсімді білдіреді;
(іх) «Париж конвенциясы» 1883 жылғы 20 наурызда Парижде қайта қараулар мен түзетулер ескеріле отырып қол қойылған, Өнеркәсіп меншігін қорғау жөніндегі Париж конвенциясын білдіреді;
(х) «Ницца жіктемесі» 1957 жылғы 15 маусымда Ниццада қайта қараулар мен түзетулер ескеріле отырып қол қойылған, Таңбаларды тіркеу мақсаттары үшін тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктемесі туралы Ницца келісімі құрған жіктемені білдіреді;
(хі) «лицензия» Уағдаласушы тараптың заңнамасына сәйкес таңбаны пайдалануға берілген лицензияны білдіреді;
(хіі) «лицензиат» лицензия берілген тұлғаны білдіреді;
(хііі) «Уағдаласушы тарап» осы Шарттың қатысушысы - кез келген мемлекетті немесе үкіметаралық ұйымды білдіреді;
(xiv) «Дипломатиялық конференция» Шартты қарау немесе оған түзетулерді енгізу мақсаттары үшін Уағдаласушы тараптарды шақыруды білдіреді;
(xv) «Ассамблея» 23-бапта аталатын Ассамблеяны білдіреді;
(xvi) «ратификациялау грамотасына» жасалған сілтемелер құжаттың қабылданғаны және мақұлданғаны туралы сілтемені білдіреді;
(xvii) «Ўйым» Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымын білдіреді;
(xviii) «Халықаралық бюро» Ўйымның халықаралық бюросын білдіреді;
(xix) «Бас директор» Ўйымның Бас директорын білдіреді;
(хх) «Нұсқаулық» 22-бапта аталған осы Шартқа арналған Нұсқаулықты білдіреді.
(ххі) «Бапқа» немесе Баптың тармағына немесе тармақшасына сілтеме Нұсқаулықтың тиісті ережесіне (леріне) енгізілген сілтемелер ретінде түсініледі;
(ххіі) «1994 ж. TLT» 1994 жылғы 27 қазанда Женева қаласында қол қойылған Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы шартты білдіреді.

2-бап
Шарт қолданылатын таңбалар

(1) [Таңбалардың сипаты] Кез келген Уағдаласушы тарап осы Шартты өзінің заңнамасына сәйкес таңба ретінде тіркелуі мүмкін белгілерден тұратын таңбаларға қолданады.
(2) [Таңбалардың санаттары] (а) Осы Шарт тауарларға (тауар таңбалары) немесе қызметтерге (қызмет көрсету таңбалары) немесе тауарлар мен қызметтерге жататын таңбаларға қолданылады.
(b) Осы Шарт ұжымдық, сертификаттық және кепілдік таңбаларға қолданылмайды.

3-бап
Өтінім

(1) [Өтінімдегі немесе оған қоса берілетін нұсқаулар мен элементтер; Баждар] (а) Кез келген Уағдаласушы тарап өтінімде мынадай нұсқаулар мен элементтердің барлығының немесе кейбіреулерінің:
(і) тіркеу туралы өтініштің;
(іі) өтінім берушінің аты мен мекенжайының;
(ііі) егер өтінім иесі қандай да бір мемлекеттің азаматы болса, ол азаматы болып табылатын мемлекеттің атауы; оның тұрғылықты жері бар болатын мемлекеттің атауын; аумағында өтінім иесінің, егер болса шын мәнісіндегі және жалған емес өнеркәсіптік немесе сауда кәсіпорны бар мемлекеттің атауының;
(iv) заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық сипаты және мемлекеттің, ал қажет болса, егер өтінім беруші заңды тұлға болып табылса, заңдарына сәйкес аталған тұлға құрылған мұндай мемлекеттің құрамындағы аумақтық бірліктің атауының;
(v) егер болса, өтінім беруші өкілінің аты мен мекенжайының;
(vi) егер 4(2)(b)-бапқа сәйкес қажет болса, іскерлік хат алмасу мекенжайының;
(vii) егер өтінім беруші мұндай басымдық құқығын пайдаланғысы келсе, Париж конвенциясының 4-бабына сәйкес талап етілуі мүмкін басымдық туралы мұндай өтінішті қолдау нұсқауларымен және дәлелдемелерімен бірге бұрын берілген өтінім бойынша басымдық сұралатын өтінімнің;
(viii) егер өтінім беруші мұндай қорғаудың артықшылығын пайдаланғысы келсе, Уағдаласушы тараптың заңнамасына сәйкес талап етілетін осындай өтінішті қолдау нұсқауларымен бірге, тауарларды және/немесе қызметтерді көрмеге қою нәтижесінде пайда болатын қорғау сұралатын өтінімнің;
(іх) Нұсқаулықта ұйғарылғандай, таңбаның ең болмағанда бір бейнесінің;
(х) Нұсқаулықта ұйғарылғандай, қолданылатын жерде таңбаны түрі, сондай-ақ осы таңба түріне қойылатын ерекше талаптарды көрсете отырып, өтінімнің;
(хі) Нұсқаулықта ұйғарылғандай, қолданылатын жерде өтінім беруші Ведомство қолданатын стандартты нышандарды пайдалана отырып тіркелгенін және жарияланғанын қалайтынын көрсете отырып, өтінімнің;
(хіі) Нұсқаулықта ұйғарылғандай, қолданылатын жерде өтінім беруші таңбаның түсіне оның ерекше элементі ретінде қорғау сұрауды қалайтынын көрсете отырып, өтінімнің;
(хііі) таңбаның немесе оның белгілі бір бөліктерінің транслитерациясының;
(xiv) таңбаның немесе оның белгілі бір бөліктерінің аудармасының;
(xv) Ницца жіктемесінің сыныптары бойынша топтастырылған таңбаның тіркелуі сұралатын тауарлардың және/немесе қызметтердің атауларының болуын, бұл ретте әр топтың алдында осы тауарлар немесе қызметтер тобы жататын бұл Жіктеменің сынып нөмірі қойылуы тиіс және топтар Жіктемеде көрсетілген сыныптар ретімен ұсынылуы тиіс;
(xvi) Уағдаласушы тараптың заңнамасы талаптарына сәйкес таңбаны пайдалануға ниет білдіру туралы өтініштің болуын талап ете алады.
(b) Өтінім беруші (а)( xvi) тармақшасында аталған таңбаны пайдалануға ниет білдіруі туралы өтініштің орнына немесе оған қосымша, таңбаны нақты пайдалану туралы өтініш бере алады және Уағдаласушы тараптың заңнамасы талаптарына сәйкес оған дәлелдемелер ұсына алады.
(c) Кез келген Уағдаласушы тарап, оның Ведомствосына берілген өтінімге байланысты баж төленуін талап ете алады.
(2) [Бірнеше сыныптарға жататын тауарлар және/немесе қызметтер үшін бір өтінім] Ницца жіктемесінің бір немесе бірнеше сыныптарына жатуына қарамастан сол бір өтінім бірнеше тауарларға және /немесе қызметтерге жатуы мүмкін.
(3) [Іс жүзінде пайдалану] Егер таңбаны пайдалануға ниет білдіруі туралы өтініш (1)(а)(хvі)-тармаққа сәйкес берілген болса, кез келген Уағдаласушы тарап ұлттық заңнамада белгіленген мерзімде және Нұсқаулықта ұйғарылған ең аз мерзімді ескере отырып, өтінім беруші оның Ведомствосына таңбаның аталған заңнама талаптарына сәйкес нақты пайдаланылуына дәлелдемелер ұсынуын талап ете алады.
(4) [Басқа шарттардың орындалуын талап етуге тыйым салу] Бірде-бір Уағдаласушы тарап өтінімге қатысты (1)-(3)-тармақтарда және 8-бапта көрсетілгендерден айырмашылығы бар шарттардың орындалуын талап ете алмайды. Атап айтқанда, өтінімге қатысты оны қараудың барлық кезеңінде мынадай шарттардың орындалуын:
(і) сауда тізілімінен кез келген куәлікті немесе үзіндіні ұсынуды;
(іі) өтінім берушіге өнеркәсіптік немесе сауда қызметін жүзеге асыратынын көрсетуді, сондай-ақ тиісті дәлелдемелерді ұсынуды;
(ііі) өтінім берушінің өтінімде тізбеленген тауарлар мен қызметтерге сай қызметті жүзеге асыратынын көрсетуді, сондай-ақ тиісті дәлелдемелерді ұсынуды;
(iv) өтінім беруші Париж конвенциясының 6quinquies - бабын қолдануды сұраған жағдайларды ескермегенде, тауар басқа Уағдаласушы тараптың немесе Уағдаласушы тарап болып табылмайтын Париж конвенциясына қатысушы мемлекеттің таңбалар тізілімінде тіркелгенін дәлелдеуді ұсынуды талап ете алмайды.
(5) [Дәлелдемелер] Кез келген Уағдаласушы тарап өтінім бойынша сараптама жүргізу барысында, егер Ведомствода өтінімдегі кез келген нұсқаудың немесе элементтің дұрыстығына қатысты негізделген күдік туындайтын болса, оның Ведомствосына дәлелдемелер ұсынуды талап ете алады.

4-бап
Өкілдік; Іскерлік хат алмасу мекенжайы

(1) [Практикаға жіберілген өкілдер] (а) Кез келген Уағдаласушы тарап Ведомстводағы кез келген рәсім мақсаттары үшін тағайындалған өкіл:
(і) қолданылып жүрген заңнама негізінде Ведомствода өтінімдер мен тіркеулерге қатысты іс жүргізуге құқылы болуын және қолданылатын жерде Ведомствода практикаға жіберілуін;
(іі) өзінің мекенжайы ретінде Уағдаласушы тарап ұйғарған аумақтағы мекенжайды ұсынуын талап ете алады.
(b) Ведомствода өкіл жүзеге асыратын кез келген рәсімге немесе Уағдаласушы тарап (а) тармақшаға сәйкес қолданатын талаптарды сақтайтын өкілге қатысты жүзеге асырылатын іс-әрекет өтінім беруші, иеленуші немесе басқа да мүдделі тұлға жүзеге асыратын немесе осы өкілді тағайындаған жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты жүзеге асырылатын іс-әрекет күшіне ие болады.
(2) [Міндетті өкілдік; Іскерлік хат алмасу мекенжайы] (а) Кез келген Уағдаласушы тарап өзінің аумағында тұрмайтын және онда іс жүзіндегі және жалған емес өнеркәсіп немесе сауда кәсіпорны жоқ өтінім берушіден, иеленушіден немесе басқа мүдделі тұлғадан, Ведомстводағы кез келген рәсім мақсаттары үшін өкіл арқылы өкілдік етуін талап ете алады.
(b) (а) тармақшаның мағынасында өкілдікті талап етпейтін кез келген Уағдаласушы тарап, оның Ведомствосы қолданатын кез келген рәсім мақсаттары үшін өзінің аумағында тұрмайтын және онда іс жүзіндегі және жалған емес өнеркәсіп және сауда кәсіпорны жоқ өтінім берушіден, иеленушіден немесе басқа мүдделі тұлғадан іскерлік хат алмасу мекенжайының болуын талап ете алады.
(3) [Сенімхат] (а) Уағдаласушы тарап өтінім берушінің, иеленушінің немесе кез келген мүдделі тұлғаның өзінің Ведомствосында өкіл арқылы өкілдік етуіне рұқсат беретін немесе талап ететін жағдайларда, ол ондай өкіл, жағдайға байланысты, өтінім иесінің, иеленушінің немесе басқа да тұлғаның атын көрсетіп, бөлек хабарламада (бұдан әрі - сенімхат) тағайындалуын талап ете алады.
(b) Сенімхат онда көрсетілген бір немесе бірнеше өтінімге және/немесе тіркеуге немесе өкілді тағайындайтын тұлға көрсеткен кез келген ерекшеліктерді ескере отырып, осы тұлғаның барлық қолда бар және болашақ өтінімдеріне және/немесе тіркеулеріне қатысты болуы мүмкін.
(c) Сенімхат өкілдің өкілеттігін белгілі бір заңды іс-әрекеттермен шектей алады. Кез келген Уағдаласушы тарап сенімхатта оған сәйкес өкіл өтінімді кері қайтарып алу немесе таңбаны тіркеуден бас тарту құқығына ие болатыны туралы нақты ескертпе жасалуын талап ете алады.
(d) Егер хабарламаны Ведомствоға, онда өкіл ретінде көрсетілген тұлға табыс еткен, бірақ Ведомствода мұндай хабарламаны алған сәтте қажетті сенімхат болмаған жағдайда, Уағдаласушы тарап мұндай сенімхатты өзінің Ведомствосына Уағдаласушы тарап белгілеген мерзім ішінде және Нұсқаулықта ұйғарылған ең аз мерзімді ескере отырып, ұсынуды талап ете алады. Егер сенімхат Ведомствоға Уағдаласушы тарап белгілеген мерзім ішінде табыс етілмесе, Уағдаласушы тарап аталған тұлғаның хабарламасының күші жоқ деп қарастыруы мүмкін.
(4) [Сенімхатқа сілтеме] Кез келген Уағдаласушы тарап өзінің Ведомствосына өкілдің осы Ведомство қолданатын рәсім мақсаттары үшін жасаған кез келген хабарламасында өкіл соның негізінде өз әрекеттерін жүзеге асыратын сенімхатқа сілтеме болуын талап ете алады.
(5) [Басқа шарттардың орындалуын талап етуге тыйым салу] Бірде-бір Уағдаласушы тарап (3) және (4)-тармақтарда және 8-бапта көзделгендерден айырмашылығы бар шарттардың осы тармақтарда қарастырылатын мәселелерге қатысты орындалуын талап ете алмайды.
(6) [Дәлелдемелер] Кез келген Уағдаласушы тарап, егер Ведомствода (3) және (4)-тармақтарда аталған хабарламалардың кез келгенінде қамтылатын кез келген нұсқаудың дұрыстығына қатысты негізделген күдік туындайтын болса, оның Ведомствосына дәлелдемелер ұсынуды талап ете алады.

5-бап
Беру күні

(1) [Жол берілетін талаптар] (а) Уағдаласушы тарап (b) тармақша мен (2)-тармақты ескере отырып, 8(2)-бапта ұйғарылған тілде мынадай нұсқаулар мен элементтерді:
(і) таңбаны тіркеу сұралатынын анық немесе ұғындыратын нұсқауды;
(іі) өтінім берушіні бірдейлендіруге мүмкіндік беретін нұсқауларды;
(ііі) Ведомствоға өтінім берушімен немесе, бар болса, оның өкілімен байланысуға мүмкіндік беретін нұсқауларды;
(iv) өтінімде тіркеу сұралған таңбаның бейнесін неғұрлым анық ұсынуды;
(v) тіркеу сұралатын тауарлардың және/немесе қызметтердің тізбесін;
(vi) Уағдаласушы тарап, егер 3(1)(a)(xvi) немесе (b)-бап қолданылатын болса, 3(1)(а)(хvі)-бапта аталған өтінішті немесе Уағдаласушы тараптың заңнамасы талаптарына сәйкес өз Ведомствосы 3(1)(b)-бапта аталған өтініш пен дәлелдемелерді алған күнін өтінім беру күні ретінде белгілейді.
(b) Кез келген Уағдаласушы тарап өтінім беру күні ретінде оның Ведомствосы (а) тармақшада аталған нұсқаулар мен элементтердің барлығын емес, тек кейбіреулерін немесе 8(2)-бапта ұйғарылған тілден басқа тілде алған күнін белгілейді.
(2) [Жол берілетін қосымша талаптар] (а) Уағдаласушы тарап, ұйғарылған баж төленгенге дейін беру күні белгіленбеуін көздеуі мүмкін.
(b) Уағдаласушы тарап (а) тармақшасында аталған талапты, егер ол мұндай талапты осы Шартқа қатысушы болған күні қолданған жағдайда ғана қолдана алады.
(3) [Түзетулер мен мерзімдер] (1) және (2)-тармақтарға сәйкес түзетулер енгізу талабы мен мерзімі Нұсқаулықта белгіленеді.
(4) [Басқа шарттардың орындалуын талап етуге тыйым салу] Бірде-бір Уағдаласушы тарап беру күніне қатысты (1) және (2)-тармақтарда аталғандардан ерекше шарттардың орындалуын талап ете алмайды.

6-бап
Бірнеше сыныптарға қатысты тауарларды және/немесе
қызметтерді бір тіркеу

Егер Ницца жіктемесінің бірнеше сыныптарына жататын тауарлар және/немесе қызметтер сол бір өтінімге енгізілсе, осы өтінім бойынша бір тіркеу жүргізіледі.

7-бап
Өтінімді бөлу және тіркеу

(1) [Өтінімді бөлу] (а) Бірнеше тауарлар және/немесе қызметтер қамтылған кез келген өтінім (бұдан әрі - бастапқы өтінім):
(і) Ведомство, әрі кеткенде, таңбаны тіркеу туралы шешім қабылдағанға дейін;
(іі) Ведомствоның таңбаны тіркеген шешіміне қарсылық білдіруді қарауға байланысты кез келген рәсім кезінде;
(ііі) таңбаны тіркеу туралы шешімге шағым беруге байланысты кез келген рәсім кезінде бастапқы өтінімде тізбеленген тауарлардың және/немесе қызметтердің өтінімдері арасында бөлу арқылы өтінім беруші немесе оның өтініші бойынша екі немесе бірнеше өтінімге бөлінуі мүмкін (бұдан әрі - бөлінген өтінімдер). Бөлінген өтінімдер бастапқы өтінім беру күнін және, бар болған жағдайда, оның басымдығын сақтап қалады.
(b) Кез келген Уағдаласушы тарап, (а) тармақшаны ескере отырып, өтінімді бөлуге, оның ішінде баж төлеуге қатысты талаптарды белгілеуге ерікті.
(2) [Тіркеуді бөлу] Тиісті өзгертулерді ескере отырып, (1)-тармақ тіркеуді бөлуге қатысты қолданылады. Мұндай бөлу:
(і) үшінші тұлғаның тіркеуді жарамсыз деп тану талабына байланысты ведомстводағы кез келген рәсім кезінде;
(іі) Ведомствоның мұның алдындағы рәсім барысында қабылдаған шешіміне шағым беруге байланысты кез келген рәсім кезінде, Уағдаласушы тарап, егер оның заңнамасы үшінші тұлғаға таңбаны, оны тіркеуіне дейін тіркеуге қарсылық білдіруге рұқсат беретін болса, тіркеуді бөлу мүмкіндігін көздемеуі мүмкін болу шартымен рұқсат етіледі.

8-бап
Хабарламалар

(1) [Хабарламалар берудің құралдары мен нысаны] Кез келген Уағдаласушы тарап хабарламаларды жіберудің құралдарын, сондай-ақ осындай хабарламаларды қағазда, электрондық немесе өзге де түрде қабылдау нысанын өзі таңдай алады.
(2) [Хабарламалар тілі] (а) Кез келген Уағдаласушы тарап кез келген хабарламаның оның Ведомствосы қабылдаған тілде жасалуын талап ете алады. Егер Ведомство бірнеше тілге жол берсе, осы Ведомствоға қатысты тілге қолданатын басқа да кез келген талаптардың орындалуын өтінім берушіден, иеленушіден немесе өзге де мүдделі тұлғадан талап ете алады, бұл ретте таңба немесе хабарлама элементі бір тілден артық емес тілде жасалуын талап ете алмайды.
(b) Бірде-бір Уағдаласушы тарап, осы Шартта көзделгеннен басқасын ескермегенде, хабарламаның куәландырылуын, нотариаттық расталуын, түпнұсқалығын растауды, заңдастырылуын немесе басқадай куәландырылуын талап ете алмайды.
(c) егер Уағдаласушы тарап хабарламаны Ведомствода қабылданған тілде ұсынуды талап етпесе, ол осындай хабарламаның Ведомствода қабылданған тілге ресми аудармашы не өкіл жасаған аудармасын ақылға қонымды мерзімде ұсынуды талап ете алады.
(3) [Қағаздағы хабарламаларға қол қою] (а) Кез келген Уағдаласушы тарап қағаздағы хабарламаға өтінім берушінің, иеленушінің немесе басқа мүдделі тұлғаның қол қоюын талап ете алады. Егер Уағдаласушы тарап хабарламада қолдың болуын талап етсе, осы Уағдаласушы тарап Нұсқаулықта ұйғарылған талаптарға сай келетін кез келген қолды қабылдауға тиіс.
(b) Бірде-бір Уағдаласушы тарап, Уағдаласушы тараптың заңнамасы тіркеуден бас тартуға байланысты қолдың куәландырылуын көздеген жағдайды ескермегенде, кез келген қолдың куәландырылуын, нотариаттық расталуын, түпнұсқалылығын растауды, заңдастырылуын немесе басқадай куәландырылуын талап ете алмайды.
(c) Уағдаласушы тарап (b) тармақшаға қарамастан, егер Ведомствоның қағазда ұсынылған хабарламадағы кез келген қолдың түпнұсқалығына күмәндануға негіздемесі болған жағдайда ғана, Ведомствоға дәлелдемелер ұсынуды талап ете алады.
(4) [Электрондық нысанда берілетін немесе электрондық құралдар арқылы берілетін хабарламалар] Егер Уағдаласушы тарап хабарламаларды Ведомствоға электрондық нысанда немесе электрондық құралдар арқылы жіберуге рұқсат етсе, ол осындай кез келген хабарламалар Нұсқаулықта ұйғарылған талаптарға сай болуын талап ете алады.
(5) [Хабарламаны ұсыну] Кез келген Уағдаласушы тарап мазмұны, ондай бар болса, Нұсқаулықта көзделген ұқсас Үлгілік халықаралық бланкіге сәйкес келетін хабарламаның ұсынылуын қабылдайды.
(6) [Басқа шарттардың орындалуын талап етуге тыйым салу] Бірде-бір Уағдаласушы тарап (1)-(5)-тармақтарға қатысты осы бапта аталғаннан ерекше шарттардың орындалуын талап ете алмайды.
(7) [Өкілмен байланыс құралдары] Осы Бапта ешнәрсе өтінім беруші, иеленуші немесе басқа да мүдделі тұлға мен оның өкілі арасындағы байланыс құралдарын реттемейді.

9-бап
Тауарлардың және/немесе қызметтердің жіктемесі

(1) [Тауарларды және/немесе қызметтерді көрсету] Ведомство өтінімге немесе тіркеуге қатысты жүзеге асырған және тауарларды және/немесе қызметтерді көрсетуді қамтитын әрбір тіркеу мен кез келген жарияланым Ницца жіктемесінің сыныптары бойынша және аталған Жіктеме сыныптары бірінен соң бірі қойылу тәртібімен топтастырылған осы тауарлардың және/немесе қызметтердің атауын көрсетеді, бұл ретте әрбір топтың алдында осы тауарлар мен қызметтер тобы жататын осы жіктеме нөмірі қойылады, және топтар аталған Жіктеме сыныптары ретімен ұсынылады.
(2) [Бір сыныпқа немесе түрлі сыныптарға жататын тауарлар немесе қызметтер] (а) Тауарлар немесе қызметтер, Ведомство жүзеге асырған кез келген тіркеуде немесе жарияланымда Ницца жіктемесінің бір сыныбында көрінуі негізінде ұқсас деп есептелуі мүмкін емес.
(b) Тауарлар немесе қызметтер, Ведомство жүзеге асырған кез келген тіркеу немесе жарияланымда Ницца жіктемесінің әр түрлі сыныптарында көрінуі негізінде ұқсас емес деп есептелуі мүмкін емес.

10-бап
Аттардың немесе мекенжайлардың өзгеруі

(1) [Иеленушінің аты немесе мекенжайының өзгеруі] (а) Егер тіркеудің иеленушісі бұрынғы болса, бірақ оның аты және/немесе мекенжайы өзгерсе, Уағдаласушы тараптардың әрқайсысы Ведомствоның өзінің таңбалар тізіліміне тиісті тіркеу мен тізілімге енгізілуі тиіс өзгертудің нөмірін көрсете отырып, осындай өзгертуді енгізу туралы жасаған мәлімдемесін мойындайды.
(b) Кез келген Уағдаласушы тарап өтініште:
(і) иеленушінің аты мен мекенжайы;
(іі) егер тіркеу иеленушісінде болса, оның өкілінің аты мен мекенжайы;
(ііі) егер тіркеу иеленушісінде болса, іскерлік хат алмасу мекенжайы көрсетілуін талап ете алады.
(c) Кез келген Уағдаласушы тарап өзінің Ведомствосына өтінішке байланысты баж төлеуді талап ете алады.
(d) Егер өзгерту бірнеше тіркеулерге қатысты болса да, барлық тиісті тіркеулердің нөмірлері көрсетілу шартымен, бір өтініш жеткілікті.
(2) [Өтінім берушінің аты немесе мекенжайының өзгеруі] Тиісті өзгертулер ескеріле отырып, өзгеріс өтінімге немесе өтінімдерге, не өтінімге немесе өтінімдерге және тіркеуге немесе тіркеулерге қатысты болған жағдайларда, егер тиісті өтінімдердің кез келгеніне әлі нөмір берілмеген немесе ондай нөмір өтінім берушіге немесе оның өкіліне мәлім болмау шартымен (1)-тармақ қолданылуы тиіс, өтініш сонда да, Нұсқаулықта ұйғарылғандай, мұндай өтінімді бірдейлендіреді.
(3) [Өкілдің аты немесе мекенжайының немесе іскерлік хат алмасу мекенжайының өзгеруі] Тиісті өзгертулер ескеріле отырып, (1)-тармақ, бар болса, өкілдің аты немесе мекенжайының кез келген өзгеруіне және, бар болса, іскерлік хат алмасу мекенжайына қатысты кез келген өзгертуге қолданылады.
(4) [Басқа шарттардың орындалуын талап етуге тыйым салу] Бірде-бір Уағдаласушы тарап осы бапта аталған өтінішке қатысты (1)-(3)-тармақтарда және 8-бапта аталғандардан басқа шарттардың орындалуын талап ете алмайды. Атап айтқанда, мұндай өзгертуді растайтын қандай да бір құжатты ұсыну талап етіле алмайды.
(5) [Дәлелдемелер] Кез келген Уағдаласушы тарап, егер Ведомствода өтініште қамтылған кез. келген нұсқаудың дұрыстығына қатысты негізделген күдік туындайтын болса, оның Ведомствосына дәлелдемелер ұсынуды талап ете алады.

11-бап
Иеленушінің өзгеруі

(1) [Тіркеу иеленушісінің өзгеруі] (а) Уағдаласушы тараптардың әрқайсысы, тіркеудің иеленушісі өзгерген жағдайда, Ведомство өзінің таңбалар тізіліміне осындай өзгерісті енгізуі туралы тіркеудің бұрынғы иеленушісі немесе иеленуші болған тұлға (бұдан әрі - жаңа иеленуші) хабарламада тізілімге енгізілуі қажет тиісті тіркеу нөмірі мен өзгерісті көрсете отырып жасаған өтінішті мойындайды.
(b) Егер иеленушінің өзгеруі шарт жасау нәтижесі болып табылса, кез келген Уағдаласушы тарап оның өтініште көрсетілуін талап ете алады, онда сұрау салған тараптың таңдауы бойынша, мынадай құжаттардың біреуі:
(і) шарттың көшірмесі, бұл ретте мұндай көшірменің Шарттың түпнұсқасына сәйкестігін мемлекеттік нотариустың немесе кез келген басқа да құзыретті мемлекеттік органның куәландыруы талап етілуі мүмкін;
(іі) шарттың тіркеу иеленушісінің өзгеруін көрсететін үзінді көшірмесі, бұл ретте мұндай үзінді көшірменің дұрыстығын мемлекеттік нотариустың немесе кез келген басқа да құзыретті мемлекеттік органның куәландыруы талап етілуі мүмкін;
(ііі) Нұсқаулықта ұйғарылған нысан мен мазмұнға сәйкес жасалған әрі бұрынғы және жаңа иеленушілердің қолдары қойылған таңбаға құқықты беру туралы расталмаған куәлік;
(iv) Нұсқаулықта ұйғарылған нысан мен мазмұнға сәйкес жасалған, бұрынғы және жаңа иеленушілердің қолдары қойылған таңбаға құқықты беру туралы расталмаған құжат қоса ұсынылады.
(c) Егер иеленушінің өзгеруі біріктіру нәтижесі болып табылса, кез келген Уағдаласушы тарап құзыретті орган жасаған және мұндай қосылуды дәлелдейтін құжаттың көшірмесі, мысалы, сауда тізілімінен үзінді көшірме қоса берілген өтініште оның көрсетілуін талап ете алады, бұл ретте мұндай көшірменің түпнұсқасына сәйкестігін осы құжатты берген органның немесе мемлекеттік нотариустың немесе кез келген басқа да құзыретті мемлекеттік органның куәландыруы талап етілуі мүмкін.
(d) Шарт жасасу немесе біріктіру нәтижесінде барлық ортақ иеленушілер емес, біреуі немесе бірнешеуі өзгерген жағдайда, кез келген Уағдаласушы тарап өзгеруге қатысы жоқ кез келген ортақ иеленуші өзі қол қойған құжатта иеленушіні өзгертуге нақты келісім білдіруін талап ете алады.
(e) Егер иеленушінің өзгеруі шарт жасасу немесе біріктіру нәтижесі болып табылмаса, ол басқа себептерден, мысалы заңды қолданудан немесе сот шешімінен туындаған болса, кез келген Уағдаласушы тарап осындай өзгертуді дәлелдейтін құжаттың көшірмесі қоса берілетін өтініште көрсетілуін талап ете алады, бұл ретте мұндай көшірменің құжаттың түпнұсқасына сәйкестігін осындай құжатты берген органның, мемлекеттік нотариустың немесе кез келген басқа да құзыретті мемлекеттік органның куәландыруы талап етілуі мүмкін.
(f) Кез келген Уағдаласушы тарап өтініште:
(і) бұрынғы иеленушінің аты мен мекенжайы;
(іі) жаңа иеленушінің аты мен мекенжайы;
(ііі) жаңа иеленуші, егер ол қандай да бір мемлекеттің азаматы болып табылса, азаматы болып табылатын мемлекеттің атауы; егер болса, жаңа иеленушінің тұрғылықты жері бар мемлекеттің атауы; егер болса, жаңа иеленушінің нақты және жалған емес өнеркәсіп немесе сауда кәсіпорны бар мемлекеттің атауы;
(iv) егер жаңа иеленуші заңды тұлға болып табылса, заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық сипаты, ал қажет болған жағдайда, заңнамасына сәйкес аталған заңды тұлға құрылған сол мемлекеттің құрамындағы аумақтық бірліктің атауы;
(v) бұрынғы иеленушінің, бар болса, өкілінің аты мен мекенжайы;
(vi) бұрынғы иеленушінің, бар болса, іскерлік хат алмасу мекенжайы;
(vii) жаңа иеленушінің, бар болса, өкілінің аты мен мекенжайы;
(viii) егер, 4(2)(b)-бапқа сәйкес ондай талап етілсе, жаңа иеленушінің іскерлік хат алмасу мекенжайы көрсетілуін талап ете алады.
(g) Кез келген Уағдаласушы тарап өтінішке байланысты өзінің Ведомствосына баж төлеуді талап ете алады.
(Ћ) Егер иеленушіні өзгерту бірнеше тіркеуге қатысты болса да, бұрынғы және жаңа иеленуші әрбір тіркеу үшін бір тұлға болып табылған және өтініште бұл тіркеулердің нөмірлері көрсетілген жағдайда бір өтініш жеткілікті.
(і) Егер иеленушіні өзгерту бұрынғы иеленушінің тіркеуінде тізілген тауарлардың және/немесе қызметтердің барлығына қатысты болмаса, және қолданылып жүрген заңнама ондай өзгерту туралы жазбаны енгізуге рұқсат берсе, Ведомство иеленушіні өзгерту орын алған тауарларға және/немесе қызметтерге қатысты бөлек тіркеуді жүргізеді.
(2) [Өтінім иеленушісінің өзгеруі] Тиісті өзгертулер ескеріле отырып, иеленушінің өзгеруі өтінімге немесе өтінімдерге, не өтінімге немесе өтінімдерге және тіркеуге немесе тіркеулерге қатысты болған жағдайларда, тиісті өтінімдердің кез келгеніне әлі нөмір берілмеген немесе ондай нөмір өтінім берушіге немесе оның өкіліне мәлім болмаған жағдайларда (1)-тармақ қолданылады, сонда да өтініште өтінім Нұсқаулықта ұйғарылғандай бірдейлендіріледі.
(3) [Басқа шарттардың орындалуын талап етуге тыйым салу] Бірде-бір Уағдаласушы тарап осы бапта аталған өтінішке қатысты (1) және (2)-тармақтарда және 8-бапта аталғандардан ерекше шарттардың орындалуын талап ете алмайды. Атап айтқанда, мынадай шарттарды орындау:
(і) (1)(с)-тармақтың ережесі ескеріле отырып, кез келген құжатты немесе сауда тізілімінен үзінді көшірмені ұсыну;
(іі) жаңа иеленуші өнеркәсіптік немесе сауда қызметін жүзеге асыратынын көрсету, сондай-ақ тиісті дәлелдемелерді ұсыну;
(ііі) иеленушінің өзгеруі қолданылатын тауарларға және/немесе қызметтерге сәйкес келетін қызметті жаңа иеленуші жүзеге асыратынын көрсету, сондай-ақ тиісті дәлелдемелерді ұсыну;
(iv) бұрынғы иеленуші өз кәсіпорнын немесе материалдық емес активтерін жаңа иеленушіге толық немесе ішінара тапсырғанын көрсету, сондай-ақ тиісті дәлелдемелерді ұсыну талап етіле алмайды.
(4) [Дәлелдемелер] Кез келген Уағдаласушы тарап оның Ведомствосына дәлелдемелерді немесе (1)(с) немесе (е)-тармағының ережелері қолданылатын жағдайларда, егер Ведомствода осы Бапта аталған өтініште немесе кез келген құжатта қамтылған кез келген нұсқаудың растығына қатысты негізделген күдік туындайтын болса, қосымша дәлелдемелерді ұсынуды талап ете алады.

12-бап
Қатені түзету

(1) [Тіркеуге қатысты қатені түзету] (а) Уағдаласушы тараптардың әрқайсысы тіркеу иеленушісі оның Ведомствосына берілген өтінімде немесе басқа өтініште жіберілген және оның Ведомствосының таңбалар тізілімінде және/немесе кез келген жарияланымында көрсетілген қатені түзету туралы тиісті тіркеудің нөмірін, түзетілуі тиіс қатені және тізілімге енгізілуі тиіс түзетуді көрсете отырып, жасаған хабарламада қамтылған өтінішті мойындайды.
(b) Кез келген Уағдаласушы тарап өтініште:
(і) иеленушінің аты мен мекенжайы;
(іі) егер иеленушіде болса, сенімді өкілдің аты мен мекенжайы;
(ііі) егер иеленушіде болса, іскерлік хат алмасу мекенжайы көрсетілуін талап ете алады.
(c) Кез келген Уағдаласушы тарап өтінішке байланысты өзінің Ведомствосына баж төленуін талап ете алады.
(d) өзгерту сол бір тұлғаның бірнеше тіркеулеріне қатысты болған жағдайдың өзінде, қате және талап етілетін түзету әрбір тіркеу үшін бірдей болып табылған және өтініште осы барлық тіркеулердің нөмірлері көрсетілген жағдайда, бір өтініш жеткілікті.
(2) [Өтінімге қатысты қатені түзету] Тиісті өзгертулер ескеріле отырып, қате өтінімге немесе өтінімдерге, не өтінімге немесе өтінімдерге және тіркеуге немесе тіркеулерге қатысты болған жағдайларда, егер тиісті өтінімдердің кез келгеніне әлі нөмір берілмеген немесе ондай нөмір өтінім берушіге не оның өкіліне мәлім болмаған жағдайда (1)-тармақ қолданылады, өтініште, сонда да, өтінім Нұсқаулықта ұйғарылғандай, бірдейлендіріледі.
(3) [Басқа шарттардың орындалуын талап етуге тыйым салу] Бірде-бір Уағдаласушы тарап осы бапта аталған өтінішке қатысты (1) және (2)-тармақтарда және 8-бапта аталғаннан ерекше шарттардың орындалуын талап ете алмайды.
(4) [Дәлелдемелер] Кез келген Уағдаласушы тарап, егер Ведомствода болуы ықтимал қате шын мәнінде қате болып табылуына қатысты негізделген күдік туындайтын болса, өзінің Ведомствосына дәлелдемелер ұсынуды талап ете алады.
(5) [Ведомствоның қателері] Уағдаласушы тараптың Ведомствосы өз қателерін қызмет бабына сай немесе өтініш бойынша қандай да бір баж төлеместен түзейді.
(6) [Түзетілмейтін қателер] Бірде-бір Уағдаласушы тарап өзінің заңнамасына сәйкес түзетуге келмейтін кез келген қатеге қатысты (1), (2) және (5)-тармақтардың ережелерін қолдануға міндетті емес.

13-бап
Тіркеуді қолдану мерзімі және оны ұзарту

(1) [Тіркеуді ұзарту туралы өтініште қамтылған немесе оған қоса берілген нұсқаулар немесе элементтер; Баждар] (а) Кез келген Уағдаласушы тарап тіркеуді ұзарту өтініш берілген және осындай өтініште мынадай нұсқаулардың барлығы немесе кейбіреулері:
(і) тіркеуді ұзарту туралы өтініш;
(іі) тіркеу иеленушісінің аты мен мекенжайы;
(ііі) тиісті тіркеудің нөмірі;
(iv) нәтижесінде тиісті тіркеу жүзеге асырылған өтінім беру күні не Уағдаласушы тараптың таңдауы бойынша тиісті тіркеуді жүзеге асыру күні;
(v) иеленушіде бар болса, өкілдің аты мен мекенжайы;
(vi) иеленушіде бар болса, іскерлік хат алмасу мекенжайы;
(vii) тіркеуді ұзарту сұралып отырған тізілімге енгізілген тауарлардың және/немесе қызметтердің атаулары немесе тіркеуді ұзарту сұралмайтын тізілімге енгізілген, Ницца жіктемесінің сыныптары бойынша топтастырылған тауарлардың және/немесе қызметтердің атаулары, бұл ретте әрбір топтың алдында осы тауарлар немесе қызметтер тобы жататын осы Жіктеме сыныбының нөмірі жүруі тиіс және, егер Уағдаласушы тарап, тек таңбалар тізіліміне енгізілген кейбір тауарларға және/немесе қызметтерге ғана қатысты тіркеуді ұзартуды жүзеге асыруға рұқсат беретін болса және осындай ұзарту сұратылса, топтар аталған Жіктеме сыныптарының жүру тәртібімен ұсынылуы тиіс;
(viii) иеленушіден немесе оның өкілінен басқа тұлғаның, егер Уағдаласушы тарап осындай тұлғаға тіркеуді ұзарту туралы өтініш беруге рұқсат берсе, аты мен мекенжайы болған жағдайда жүзеге асырылуын талап ете алады.
(b) Кез келген Уағдаласушы тарап тіркеуді ұзарту туралы өтінішке байланысты өзінің Ведомствосына баж төлеуді талап ете алады. Тіркеудің бастапқы кезеңі немесе тіркеуді ұзартудың кез келген кезеңі үшін баж төленгеннен кейін бұл кезең ішінде тіркеуді күшінде ұстау үшін ешқандай басқа төлем талап етілуі мүмкін емес. Осы тармақшаның мақсаттары үшін таңбаны пайдалануға қатысты өтініш және/немесе дәлелдемелер ұсынылуына байланысты баждар тіркеуді күшінде ұстау үшін төлем ретінде қаралмайды және оларға осы тармақшаның ережелері қолданылмайды.
(c) Кез келген Уағдаласушы тарап тіркеуді ұзарту туралы өтініш Нұсқаулықта ұйғарылған ең аз мерзімдерді ескере отырып, Уағдаласушы тараптың заңнамасында белгіленген мерзім ішінде Ведомствоға ұсынылуын және (b) тармақшасында аталған тиісті баж төленуін талап ете алады.
(2) [Басқа шарттардың орындалуын талап етуге тыйым салу] Бірде-бір Уағдаласушы тарап тіркеуді ұзарту туралы өтінішке қатысты (1)-тармақта және 8-бапта аталғаннан ерекше шарттардың орындалуын талап ете алмайды. Атап айтқанда, мынадай шарттарды орындау:
(і) таңбаның кез келген бейнесін немесе басқа да бірдейлендіруді ұсыну;
(іі) таңба тіркелгеніне немесе таңбаның тіркелуі таңбалардың кез келген басқа тізілімінде ұзартылғанына дәлелдемелерді ұсыну;
(ііі) таңбаны пайдалануға қатысты өтініш және/немесе дәлелдемелерді ұсыну талап етіле алмайды.
(3) [Дәлелдемелер] Кез келген Уағдаласушы тарап тіркеуді ұзарту туралы өтінішті қарау барысында, егер Ведомствода тіркеуді ұзарту туралы өтініштегі кез келген нұсқаудың немесе элементтің дұрыстығына қатысты негізделген күдік туындайтын болса, оның Ведомствосына дәлелдеме ұсынуды талап ете алады.
(4) [Мәні бойынша сараптама жасауға тыйым салу] Уағдаласушы тараптың бірде-бір Ведомствосы тіркеуге оны ұзарту мақсатында мәні бойынша сараптама жүргізе алмайды.
(5) [Тіркеудің қолданыс мерзімі] Тіркеудің бастапқы қолдану мерзімі он жылды құрайды және кейінгі онжылдық кезеңдерге ұзартылуы мүмкін.

14-бап
Мерзімдер сақталмаған жағдайдағы жеңілдіктер

(1) [Мерзімі өткенге дейінгі жеңілдіктер] Уағдаласушы тарап, егер Ведомство ұзарту туралы өтінішті мерзім өткенге дейін алса, Ведомстводағы өтінімге немесе тіркеуге қатысты рәсім барысында іс-әрекет жасау үшін мерзімді ұзартуды көздей алады.
(2) [Мерзімі өткеннен кейінгі жеңілдіктер] Егер өтінім беруші, иеленуші немесе басқа да мүдделі тұлға Уағдаласушы тараптың Ведомствосында өтінімге немесе тіркеуге қатысты рәсім барысында іс-әрекет жасауға арналған мерзімді (бұдан әрі - тиісті мерзім) сақтай алмаған жағдайда, Уағдаласушы тарап, Ведомствоға ұзарту туралы өтініш берілген болса, Нұсқаулықта ұйғарылған талаптарға сәйкес мына жеңілдіктер ішінен біреуін немесе бірнешеуін:
(і) тиісті мерзімді Нұсқаулықта ұйғарылған уақыт кезеңіне ұзартуды;
(іі) өтінімге немесе тіркеуге қатысты рәсімді жалғастыруды;
(ііі) егер Ведомство мерзімдерді осылайша сақтамау тиісті шаралардың қолданылуына қарамастан орын алды немесе Уағдаласушы тараптардың қалауы бойынша, осындай кешіктіру алдын ала көзделген жоқ деп есептесе, өтінім берушінің, иеленушінің немесе басқа мүдделі тұлғаның өтінімге немесе тіркеуге қатысты құқықтарын қалпына келтіруді қарастыруы тиіс.
(3) [Ерекшеліктер] Бірде-бір Уағдаласушы тарап Нұсқаулықта ұйғарылған алып тастауларға қатысты (2)-тармақта аталған қандай да бір жеңілдіктерді көздеуге міндетті емес.
(4) [Баждар] Кез келген Уағдаласушы тарап (1) және (2)-тармақтарда көрсетілген кез келген жеңілдіктерге қатысты баж төлеуді талап ете алады.
(5) [Басқа шарттардың орындалуын талап етуге тыйым салу] Бірде-бір Уағдаласушы тарап (2)-бапта аталған кез келген жеңілдіктерге қатысты осы бапта және 8-бапта аталғаннан басқа шарттардың орындалуын талап ете алмайды.

15-бап
Париж конвенциясын сақтау бойынша міндеттеме

Кез келген Уағдаласушы тарап Париж конвенциясының таңбаларға қатысты ережелерін сақтауға міндеттенеді.

16-бап
Қызмет көрсету таңбалары

Кез келген Уағдаласушы тарап қызмет көрсету таңбаларын тіркейді және осындай таңбаларға Париж конвенциясының тауар таңбаларына қатысты тиісті ережелерін қолданады.

17-бап
Лицензияны тіркеу туралы өтініш

(1) [Лицензияны тіркеу туралы өтінішке қойылатын талаптар] Егер Уағдаласушы тараптың заңнамасы лицензияны Ведомствода тіркеуді көздесе, сол Уағдаласушы тарап тіркеу туралы өтініш:
(і) Нұсқаулықта ұйғарылған талаптарға сәйкес берілуін, және (іі) Нұсқаулықта ұйғарылған қолдау құжаттарының қоса берілуін талап ете алады.
(2) [Баждар] Кез келген Уағдаласушы тарап өзінің Ведомствосына лицензияны тіркеуге қатысты баж төлеуді талап ете алады.
(3) [Бірнеше тіркеуге қатысы бар бір өтініш] Егер лицензия бірнеше тіркеуге қатысты болса да, өтініште барлық тиісті тіркеулердің тіркеу нөмірлері көрсетілген, иеленуші мен лицензиат барлық тіркеулер үшін бір тұлға болып табылған және өтініште Нұсқаулыққа сәйкес барлық тіркеулерге қатысты лицензияның көлемі көрсетілген жағдайда, бір өтініш жеткілікті.
(4) [Басқа шарттардың орындалуын талап етуге тыйым салу] (а) Бірде-бір Уағдаласушы тарап Ведомствоның лицензияны тіркеуіне қатысты (1)-(3)-тармақтарда және 8-бапта аталғаннан басқа шарттардың орындалуын талап ете алмайды. Атап айтқанда:
(і) лицензия нысаны болып табылатын таңбаны тіркеу туралы куәлікті ұсыну;
(іі) лицензиялық шартты немесе оның аудармасын ұсыну;
(ііі) лицензиялық шарттың қаржылық жағдайларын көрсету талап етіле алмайды.
(b) (а) тармақша Уағдаласушы тараптың мәліметтерді, лицензияны таңбалар тізіліміне тіркеуден басқа өзге мақсаттар үшін жария етуге қатысты заңнамасына сәйкес қолда бар ешқандай міндеттемелеріне нұқсан келтірмейді.
(5) [Дәлелдемелер] Кез келген Уағдаласушы тарап, егер Ведомствода өтініштегі немесе Нұсқаулықта көрсетілген кез келген құжаттағы кез келген нұсқауға қатысты негізделген күдік туындайтын болса, оның Ведомствосына дәлелдемелердің ұсынылуын талап ете алады.
(6) [Өтінімдерге байланысты өтініштер] Өтінімге лицензияны тіркеу туралы өтініштерге, егер Уағдаласушы тараптың заңнамасы осындай тіркеуді көздейтін болса, тиісті өзгерістер ескеріле отырып, (1)-(5)-тармақтар қолданылады.

18-бап
Лицензияны өзгерту немесе лицензияны тіркеудің
күшін жою туралы өтініш

(1) [Өтінішке қатысты қойылатын талаптар] Егер Уағдаласушы тараптың заңнамасы лицензияны Ведомствоның тіркеуін көздесе, Уағдаласушы тарап лицензияны тіркеуді өзгерту немесе оны жою туралы өтініш:
(і) Нұсқаулықта ұйғарылған талаптарға сәйкес берілуін және
(іі) Нұсқаулықта ұйғарылған қолдау құжаттарының қоса берілуін талап ете алады.
(2) [Басқа талаптар] Тиісті өзгерістерді ескере отырып, 17(2)-(6)-бап лицензияны тіркеуді өзгерту немесе жою туралы өтінішке қолданылады.

19-бап
Лицензияны тіркеудің болмауы салдары

(1) [Таңбаны тіркеудің және оны қорғаудың жарамдылығы] Лицензияның Ведомствода немесе Уағдаласушы тараптың басқа органында тіркелуінің болмауы, лицензия нысаны болып табылатын таңбаның тіркелуінің немесе осы таңбаның қорғалуының жарамдылығына нұқсан келтірмейді.
(2) [Лицензиаттың кейбір құқықтары] Уағдаласушы тарап лицензиаттың тауар таңбасына құқықтардың бұзылуына байланысты иеленушінің бастамасы бойынша басталған сот талқылауына қатысуға немесе осындай рәсімдер арқылы осы лицензияның нысаны болып табылатын таңбаға құқықтардың бұзылуы нәтижесінде шеккен залалдарының орнын толтыруға осы Уағдаласушы тараптың заңнамасына сәйкес ие болуы мүмкін кез келген құқығын жүзеге асыру үшін шарт ретінде лицензияны тіркеуді талап ете алмайды.
(3) [Лицензияны тіркеу болмаған жағдайда таңбаны пайдалану] Уағдаласушы тарап лицензиаттың таңбаны пайдалануын таңбаны алуға, күшінде ұстап тұруға және қорғауға байланысты рәсімдер барысында иеленушінің атынан пайдалануы ретінде қарау үшін қажетті шарт ретінде лицензияны тіркеуді талап ете алмайды.

20-бап
Лицензияның болуы туралы нұсқау

Егер Уағдаласушы тараптың заңнамасы таңбаның лицензияға сәйкес пайдаланылатынын көрсетуді талап етсе, осы талаптың толық немесе ішінара сақталмауы лицензия нысаны болып табылатын тіркеудің немесе осы таңбаның қорғалуының жарамдылығына және 19(3)-баптың қолданылуына нұқсан келтірмейді.

21-бап
Бас тарту мүмкін болу жағдайындағы ескертулер

Ведомство өтініш берушіге немесе қолдаухат беруші тарапқа бас тарту мүмкін болуына байланысты ақылға қонымды мерзімде ескертулер жасауға мүмкіндік берместен 3-бапқа сәйкес өтінімді немесе 7, 10-14, 17 және 18-баптарға сәйкес өтінішті қараудан толық немесе ішінара бас тарта алмайды. Егер жеңілдік беру туралы қолдаухат беретін тұлғаның шешім негізделуі тиіс фактілер бойынша ескертулер ұсыну мүмкіндігі болған жағдайда, 14-бапқа қатысты бірде-бір Ведомстводан ескерту жасау мүмкіндігін беру талап етілмейді.

22-бап
Нұсқаулық

(1) [Мазмұны] (а) Осы Шартқа қоса берілген Нұсқаулық:
(і) реттелуін осы Шарт арнайы «Нұсқаулықта ұйғаратын» мәселелерге;
(іі) осы Шарттың ережелерін қолдану үшін пайдалы кез келген нақтылықтарға;
(ііі) кез келген әкімшілік талаптарға, мәселелерге немесе рәсімдерге қатысты қағидаларды қамтиды.
(b) Нұсқаулық сол сияқты Үлгілік халықаралық бланкілерді де қамтиды.
(2) [Нұсқаулыққа түзетулерді енгізу] Нұсқаулыққа кез келген түзетуді енгізу (3)-тармақты ескере отырып, төрттен үш бөлігімен берілген дауыстардың көпшілігін қажет етеді.
(3) [Бірауыздылықты талап ету] (а) Нұсқаулық тек қана бірауыздан қабылданған шешіммен түзетулер енгізілуі мүмкін Нұсқаулықтың ережелерін белгілей алады.
(b) Нұсқаулықта (а) тармақшасына сәйкес белгіленген ережелерден ережелерді қосуға немесе алып тастауға әкеп соғатын кез келген түзетуді Нұсқаулыққа енгізу бірауыздан қабылданған шешімді талап етеді.
(с) Бірауыздылыққа қол жеткізілгенін не жеткізілмегенін анықтау кезінде дауыс беру кезінде шын мәнінде берілген дауыстар ғана есепке алынады. Қалыс қалғандардың дауыстары есептелмейді.
(4) [Шарт пен Нұсқаулық арасындағы алшақтық] Осы Шарттың ережелері мен Нұсқаулықтың ережелері арасында айырмашылық болған жағдайда Шарттың ережелері қолданылады.

23-бап
Ассамблея

(1) [Құрамы] (а) Уағдаласушы тараптардың Ассамблеясы болады.
(b) Уағдаласушы тараптардың әрқайсысы Ассамблеяда орынбасарлары, кеңесшілері және сарапшылары болуы мүмкін бір делегатпен өкілдік ете алады. Делегаттардың әрқайсысы тек бір ғана Уағдаласушы тарапқа өкілдік ете алады.
(2) [Міндеттер] Ассамблея:
(і) осы Шарттың дамуына қатысты мәселелерді қарайды;
(іі) Халықаралық үлгідегі бланкілерді қоса алғанда, Нұсқаулыққа түзетулер енгізеді;
(ііі) (іі) тармақшада аталған түзетулердің әрқайсысын қолдану күніне қатысты шарттарды белгілейді;
(iv) осы Шарттың ережелерін орындау үшін қажетті барлық басқа функцияларды орындайды.
(3) [Кворум] (а) Ассамблеяның мемлекет болып табылатын мүшелерінің жартысы кворумды құрайды.
(b) Егер қандай да бір сессияда онда өкілдік етілген, мемлекеттер болып табылатын Ассамблея мүшелерінің саны жартысынан кем, бірақ сондай-ақ мемлекеттер болып табылатын Ассамблея мүшелерінің үштен бір бөлігінен артық болса, (а) тармақшасының ережелеріне қарамастан, Ассамблея шешімдер қабылдай алады, бірақ өзінің рәсім қағидаларына жататын шешімдерді қоспағанда, Ассамблеяның барлық шешімдері төменде аталған шарттар орындалғанда ғана міндетті болады. Халықаралық бюро аталған шешімдерді мемлекеттер болып табылатын және өкілдік етілмеген Ассамблея мүшелеріне жібереді және оларға шешімді жіберген күннен бастап есептегенде, үш ай мерзім ішінде олар осы шешімдерге дауыс беретінін немесе дауыс беруден қалыс қалатыны туралы жазбаша түрде хабарлауды ұсынады. Егер осы мерзім өткеннен кейін осылайша дауыс берген немесе дауыс беруден қалыс қалған бұл мүшелердің саны сессияның өзінде кворумға қол жеткізу үшін мүшелердің жетпеген санына жетсе, осындай шешімдер бір мезгілде қажетті көпшілік сақталған жағдайда күшіне енеді.
(4) [Ассамблеяда шешімдерді қабылдау] (а) Ассамблея өз шешімдерін консенсус негізінде қабылдауға тырысады.
(b) Шешімді консенсус негізінде қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, талқыланатын мәселе бойынша шешім дауыс беру арқылы қабылданады. Бұл жағдайда:
(і) мемлекет болып табылатын Уағдаласушы тараптардың әрқайсысы бір дауысқа ие болады және тек өз атынан ғана дауыс береді; және
(іі) үкіметаралық ұйым болып табылатын кез келген Уағдаласушы тарап осы Шартқа қатысушы болып табылатын өздерінің мүше мемлекеттері орнына дауыс беруге қатыса алады, бұл ретте дауыс саны осы Шартқа қатысушы болып табылатын оған мүше мемлекеттердің санына тең болуы тиіс. Бірде-бір осындай үкіметаралық ұйым, егер оған мүше мемлекеттердің кез келгені өзінің дауыс беруге қатысу құқығын пайдаланса, дауыс беруге қатыспайды және керісінше. Одан басқа, егер осы Шартқа қатысушы болып табылатын мүше мемлекеттердің кез келгені басқа осындай үкіметаралық ұйымға мүше мемлекет болып табылса және осы үкіметаралық ұйым дауыс беруге қатысса, бірде-бір мұндай үкіметаралық ұйым дауыс беруге қатыспайды.
(5) [Көпшілік] (а) Ассамблея 22(2) және (3)-баптарды ескере отырып, өзінің шешімдерін берілген дауыстардың үштен екі бөлігін құрайтын көпшілікпен қабылдайды.
(b) Қажетті көпшілікке қол жеткенін немесе жетпегенін анықтау кезінде дауыс беру кезінде іс жүзінде берілген дауыстар ғана есепке алынады. Дауыс беру кезінде қалыс қалғандардың дауыстары есепке алынбайды.
(6) [Сессиялар] Ассамблея кезекті сессиясына Бас директордың шақыруымен және ерекше жағдайлар болмаса, ДЗМЎ Бас Ассамблеясы өтетін сол кезең ішінде және сол жерде жиналады.
(7) [Рәсім қағидалары] Ассамблея рәсімнің өз қағидаларын, оның ішінде төтенше сессияларды шақыру қағидаларын қабылдайды.

24-бап
Халықаралық бюро

(1) [Јкімшілік функциялар] (а) Халықаралық бюро осы Шартқа қатысты әкімшілік функцияларды жүзеге асырады.
(b) Атап айтқанда, Халықаралық бюро отырыстарды дайындайды және Ассамблея хатшылығының және Ассамблея құра алатын сондай сарапшылар комитеттері мен жұмыс топтарының функцияларын атқарады.
(2) [Ассамблея сессияларынан басқа отырыстар] Бас директор Ассамблея құрған кез келген комитет пен жұмыс тобының отырыстарын шақырады.
(3) [Халықаралық бюроның Ассамблеядағы және басқа отырыстардағы рөлі] (а) Бас директор және Бас директор тағайындаған адамдар Ассамблеяның, Ассамблея құрған комитеттер мен жұмыс топтарының барлық отырыстарына дауыс беру құқығынсыз қатысады.
(b) Бас директор немесе Бас директор тағайындаған штаттағы қызметкер Ассамблеяның, (а) тармақшада аталған комитеттер мен жұмыс топтарының ex-officio хатшысы болып табылады.
(4) [Конференциялар] (а) Халықаралық бюро Ассамблеяның нұсқауларына сәйкес қайта қарау жөніндегі кез келген конференцияға дайындық жұмысын жүзеге асырады.
(b) Халықаралық бюро Ўйымға мүше мемлекеттермен, үкіметаралық және халықаралық және ұлттық үкіметтік емес ұйымдармен аталған дайындық жұмысына қатысты мәселелер жөнінде консультация жүргізе алады.
(c) Бас директор және Бас директор тағайындаған адамдар қайта қарау жөніндегі конференциядағы талқылауларға дауыс беру құқығынсыз қатысады.
(5) [Басқа функциялар] Халықаралық бюро осы Шартқа байланысты оған жүктелген кез келген басқа функцияларды атқарады.

25-бап
Қайта қарау және түзетулерді енгізу

Осы Шарт дипломатиялық конференцияда ғана қайта қаралуы және оған түзетулер енгізілуі мүмкін. Кез келген дипломатиялық конференцияны шақыру туралы шешімді Ассамблея қабылдайды.

26-бап
Шартқа қатысу

(1) [Шартқа қатысу құқығы] Халықаралық қатынастардың мынадай субъектілері Шартқа қол қоя алады және (2) және (3)-тармақтарды, сондай-ақ 28(1) және (3)-баптарды ескере отырып, оның тарапы бола алады:
(і) өзінің Ведомствосында тауар таңбалары тіркелуі мүмкін Ўйымға кез келген мүше мемлекет;
(іі) осы үкіметаралық ұйымға мүше барлық мемлекеттер Ўйым мүшелері болып табылған жағдайда, осы үкіметаралық ұйымды құратын шарт оған кіретін әрбір мүше мемлекетте немесе осындай мақсаттар үшін тиісті өтінімде көрсетілген сол мүше мемлекеттерінде, осы халықаралық ұйымға мүше барлық мемлекеттер Ўйымға мүше болып табылған жағдайда қолданылатын аумақта әрекет ететін таңбалар тіркеле алатын Ведомствосы бар кез келген үкіметаралық ұйым;
(ііі) таңбалар Ўйым мүшесі болып табылатын басқа аталған мемлекет Ведомствосы арқылы ғана тіркелуі мүмкін болатын кез келген Ўйымға мүше мемлекет;
(iv) таңбалар осы мемлекет мүшесі болып табылатын үкіметаралық ұйымның Ведомствосы арқылы ғана тіркелуі мүмкін болатын кез келген Ўйымға мүше мемлекет;
(v) таңбалар Ўйымға мүше мемлекеттер тобының ортақ ведомствосы арқылы ғана тіркелуі мүмкін кез келген Ўйымға мүше мемлекет.
(2) [Ратификациялау немесе қосылу] (1)-тармақта аталған кез келген халықаралық қатынас субъектісі:
(і) ол осы Шартқа қол қойған жағдайда, ратификациялау грамотасын;
(іі) егер ол осы Шартқа қол қоймаған жағдайда, қосылу туралы актіні сақтауға тапсыра алады.
(3) [Сақтауға тапсыру күні] Ратификациялау грамотасын немесе қосылу туралы актіні сақтауға тапсыру күні болып:
(і) (1)(і)-тармақта аталған мемлекет жағдайында - мемлекеттің тиісті құжатын сақтауға тапсыру күні;
(іі) үкіметаралық ұйым жағдайында - үкіметаралық ұйымның тиісті құжаты сақтауға тапсырылған күн;
(ііі) мынадай шарттың орындалған күні: осы мемлекеттің тиісті құжаттары және (1)(ііі)-тармақта аталған мемлекет жағдайында - аталған басқа мемлекеттің тиісті құжаттары сақтауға тапсырылған күн;
(iv) (1)(іv)-тармақта аталған мемлекет жағдайында - жоғарыда аталған (іі) тармақшаға сәйкес қолданылатын күн;
(v) (1)(v)-тармақта аталған мемлекеттер тобына мүше мемлекет жағдайында - топқа барлық мүше мемлекеттердің құжаттары сақтауға тапсырылған күн есептеледі.

27-бап
1994 ж. TLT және осы Шартты қолдану

(1) [Осы шартқа және 1994 ж. TLT бір мезгілде мүше болып табылатын Уағдаласушы тараптардың арасындағы қарым-қатынастар] Осы шартқа және 1994 ж. TLT бір мезгілде мүше болып табылатын Уағдаласушы тараптардың арасындағы қарым-қатынастарда тек осы Шарт қана қолданылады.
(2) [Осы шартқа қатысушы болып табылатын Уағдаласушы тараптардың және осы шартқа мүше болып табылмайтын TLT 1994 ж. мүше Уағдаласушы тараптардың арасындағы қарым-қатынастар] Осы шартқа және 1994 ж. TLT бір мезгілде мүше болып табылатын кез келген Уағдаласушы тарап осы Шартқа мүше емес 1994 ж. TLT Уағдаласушы тараптармен қарым-қатынастарда 1994 ж. TLT қолдануды жалғастырады.

28-бап
Күшіне ену;
Ратификациялаулар мен қосылулардың күшіне ену күні

(1) [Назарға алынатын құжаттар] Осы Баптың мақсаттары үшін тек ратификациялау грамоталары немесе 26(1)-бапта аталған, халықаралық қатынастар субъектілері сақтауға тапсырған және 26(3)-бапқа сәйкес сақтауға тапсыру күні бар қосылу туралы актілер ғана назарға алынады.
(2) [Шарттың күшіне енуі] Осы Шарт 26 (1)(іі)-бапта аталған он мемлекет немесе үкіметаралық ұйымдар өздерінің ратификациялау грамоталарын немесе қосылу туралы актілерін сақтауға тапсырғаннан кейін үш айдан соң күшіне енеді.
(3) [Осы Шарт күшіне енгеннен кейін ратификациялаулар мен қосылулардың күшіне енуі] (2)-тармақтың ережесі қолданылмайтын кез келген халықаралық қатынастар субъектісіне қатысты ол өзінің ратификациялау грамотасын немесе қосылу туралы актісін сақтауға тапсырғаннан кейін үш айдан соң осы Шарт күшіне енеді.

29-бап
Ескертпелер

(1) [Таңбалардың айрықша санаттары] Кез келген мемлекет немесе үкіметаралық ұйым 2(1) және 2(а)-бабына қарамастан, ол таңбалардың байланыстырылған, қорғалған немесе туынды таңбалар сияқты санаттарына 3(1), 5, 7, 8 (5), 11 және 13-баптарының ешқандай ережелерін қолданбайтынын ескертпе арқылы мәлімдей алады. Мұндай ескертпеде жоғарыда аталған ережелердің осындай ескертпеге қатысы барлары көрсетіледі.
(2) [Бірнеше сыныптар үшін тіркеу] Заңнамасы осы Шартты қабылдау күні тауарлардың бірнеше сыныптары үшін жеке тіркеуді және қызметтердің бірнеше сыныптары үшін жеке тіркеуді көздейтін кез келген мемлекет немесе үкіметаралық ұйым 6-баптың ережелері қолданылмайтынын осы Шартқа қосылу сәтінде ескертпе арқылы мәлімдей алады.
(3) [Тіркеуді ұзартуға байланысты мәні бойынша сараптама жасау] Кез келген мемлекет немесе үкіметаралық ұйым 13(4)-бапқа қарамастан, қызметтерге қолданылмайтын тіркеуді алғаш рет ұзартуға байланысты, осы Шарт күшіне енгенге дейін қызмет көрсету таңбаларын тіркеу мүмкіндігі енгізілген осындай мемлекеттің немесе ұйымның заңнамасы күшіне енгеннен кейін алты ай мерзім ішінде берілген өтінімдер негізінде жүзеге асырылған бұндай сараптама көптеген тіркеулерді жоюмен шектелген жағдайда, Ведомство осындай тіркеуге мәні бойынша сараптама жүргізе алатынын ескертпе арқылы мәлімдей алады.
(4) [Лицензиаттың белгілі бір құқықтары] Кез келген мемлекет немесе үкіметаралық ұйым 19(2)-бапқа қарамастан, осы мемлекеттің немесе үкіметаралық ұйымның заңнамасына сәйкес лицензиатқа құқықтардың бұзылуына байланысты иеленушінің бастамасы бойынша басталған рәсімге қатысуға немесе лицензияның нысаны болып табылатын таңбаға құқықтың осындай бұзылуы нәтижесінде келтірілген шығынды өндіріп алуға кез келген құқықты беру үшін шарт ретінде лицензияны тіркеуді талап ететінін ескертпе арқылы мәлімдей алады.
(5) [Міндетті шарттар] Кез келген ескертпе (1) немесе (2)-тармаққа сәйкес ратификациялау грамотасына немесе ескертпе жасайтын тиісті мемлекеттің немесе үкіметаралық ұйымның осы Шартқа қосылуы туралы актілеріне қоса берілетін өтініште жасалады.
(6) [Ескертпелерді алып тастау] (1) немесе (2), (3) және (4)-тармақтарға сәйкес жасалған кез келген ескертпе кез келген уақытта алып тасталуы мүмкін.
(7) [Басқа ескертпелерді жасауға тыйым салу] (1), (2), (3) және (4)-тармақтарда көзделген жағдайларды ескермегенде, осы Шартқа бірде-бір ескертпеге жол берілмейді.

30-бап
Шартты денонсациялау

(1) [Хабарлау] Кез келген Уағдаласушы тарап Бас директорға жолдаған хабарлау арқылы осы Шартты денонсациялайды.
(2) [Күшіне ену күні] Шартты денонсациялау Бас директор хабарлауды алған күннен бастап бір жылдан кейін күшіне енеді. Шартты денонсациялау оны денонсациялайтын Уағдаласушы тарап аталған кезең өткен соң осындай тіркеу ұзартуға жататын күннен бастап осы Шарттың қолданылуын тоқтата алатын жағдайда, осы Шарттың қарауда жатқан кез келген өтінімге немесе денонсациялайтын Уағдаласушы тарапқа қатысты аталған кезең өткен күні тіркелген кез келген таңбаға қолданылуына нұқсан келтірмейді.

31-бап
Шарттың тілі; Қол қою

(1) [Түпнұсқалық мәтіндер. Ресми мәтіндер] (а) Осы Шарттың ағылшын, араб, қытай, француз, орыс және испан тілдеріндегі мәтіндері тең түпнұсқалы бір данасына қол қойылады.
(b) (а) тармақшасында аталмаған және Уағдаласушы тараптың ресми тілі болып табылатын тілдегі ресми мәтінді Бас директор аталған Уағдаласушы тараппен және кез келген басқа мүдделі Уағдаласушы тараппен консультациядан кейін әзірлейді.
(2) [Қол қою мерзімі] Осы Шарт оны қабылдағаннан кейінгі бір жыл ішінде Ўйымның штаб-пәтерінде қол қою үшін ашық.

32-бап
Депозитарий

Осы Шарт Бас директорға сақтауға тапсырылады.

Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы
Сингапур шартына нұсқаулық

Қағидалардың тізбесі

1-қағида: Қысқартылған орамдар
2-қағида: Аттары мен мекенжайларды көрсету тәсілі
3-қағида: Өтінімге қатысты нақтылықтар
4-қағида: Өкілдікке және іскерлік хат алмасу мекенжайына қатысты нақтылықтар
5-қағида: Беру күніне қатысты нақтылықтар
6-қағида: Хабарламаларға қатысты нақтылықтар
7-қағида: Өтінімді нөмірсіз бірдейлендіру тәсілі
8-қағида: Тіркеудің қолданылу мерзіміне және оның ұзартылуына қатысты нақтылықтар
9-қағида: Мерзімдер сақталмаған жағдайдағы жеңілдіктер
10-қағида: Лицензияны тіркеу немесе өзгерту немесе лицензияны тіркеудің күшін жою туралы өтінішке қатысты талаптар

1-қағида
Қысқартылған орамдар

(1) [Анықтамалары Нұсқаулықта қамтылған қысқартылған орамдар] Осы Нұсқаулықтың мақсаты үшін, егер өзгеше көрсетілмесе:
(і) «Шарт» Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шартын білдіреді;
(іі) «Бап» Шарттың белгілі бір Бабына қатысты;
(ііі) «Ерекше лицензия» бір лицензиатқа ғана берілетін және иеленушінің таңбаны пайдалануын және кез келген басқа тұлғаларға лицензия беру мүмкіндігін болдырмайтын лицензияны білдіреді;
(iv) «жалғыз лицензия» бір лицензиатқа ғана берілетін және кез келген тұлғаға лицензия беру мүмкіндігін болдырмайтын, бірақ иеленушінің таңбаны пайдалану мүмкіндігін жоққа шығармайтын лицензияны білдіреді;
(v) «ерекше емес лицензия» иеленушінің таңбаны пайдалануын немесе кез келген басқа тұлғаға лицензия беру мүмкіндігін жоққа шығармайтын лицензияны білдіреді.
(2) [Анықтамалары Шартта қамтылған қысқартылған орамдар] Шарттың мақсаттары үшін анықтамалары 1-бапта қамтылған қысқартылған орамдар Нұсқаулық мақсаттары үшін де сондай мағынаға ие.

2-қағида
Аттар мен мекенжайларды көрсету тәсілі

(1) [Аттары] (а) Тұлғаның атын көрсету қажет болған жағдайда, кез келген Уағдаласушы тарап мыналарды:
(і) егер жеке тұлға болса - тегі немесе негізгі тегі және аты немесе қосымша аты немесе сол тұлғаның аттары не оның қалауы бойынша аталған тұлғаның әдетте пайдаланатын аты немесе аттары көрсетілуін;
(іі) егер заңды тұлға болса - осы заңды тұлғаның толық ресми атауы көрсетілуін талап ете алады.
(b) Фирма немесе серіктестік болып табылатын өкілдің атын көрсету қажет болғанда, кез келген Уағдаласушы тарап сол аты ретінде осындай фирма немесе серіктестік әдетте пайдаланатын белгіні таниды.
(2) [Мекенжайлар] (а) Тұлғаның мекенжайын көрсету қажет болса, кез келген Уағдаласушы тарап мекенжайдың көрсетілген мекенжай бойынша поштамен жылдам жеткізудің жай талаптарын қанағаттандыратындай және қандай да бір жағдайда, егер болса үйдің немесе ғимараттың нөмірін қоса алғанда, әкімшілік бірліктер туралы барлық қажетті мәліметтерді қамтитындай көрсетілуін талап ете алады.
(b) Егер хабарлама Уағдаласушы тараптың Ведомствосына мекенжайлары әр түрлі екі немесе бірнеше тұлғалардың атынан жіберілетін болса, Уағдаласушы тарап хабарламада хат алмасу мекенжайы ретінде тек бір ғана мекенжай көрсетілуін талап ете алады.
(c) Мекенжайды көрсету телефон, телефакс нөмірін және электрондық пошта мекенжайын, ал хат алмасу мақсаты үшін, сонымен қатар, (а) тармақшасына сәйкес көрсетілгеннен өзге мекенжайды қамтуы мүмкін.
(d) (а) және (с) тармақшалары, тиісті өзгертулер ескеріле отырып, іскерлік хат алмасу мекенжайларына қатысты қолданылады.
(3) [Бірдейлендірудің басқа құралдары] Кез келген Уағдаласушы тарап Ведомствоға жіберілген хабарламада, егер бар болса, өтінім берушіге, иеленушіге, өкілге немесе мүдделі тұлғаға қатысты Ведомствода тіркелген бірдейлендіру нөмірін немесе басқа да құралдарын көрсетуді талап ете алады. Бірде-бір Уағдаласушы тарап, электрондық нысанда берілген өтінімдерді қоспағанда, осы талапты сақтамау негізінде хабарламадан бас тарта алмайды.
(4) [Пайдаланылатын қаріп] Кез келген Уағдаласушы тарап (1)-(3)-тармақтарда аталған кез келген нұсқаудың оның Ведомствосында пайдаланылатын қаріппен орындалуын талап ете алады.

3-қағида
Өтінімге қатысты нақтылықтар

(1) [Стандартты нышандар] Егер өтінімде өтінім беруші таңбаның Уағдаласушы тараптың Ведомствосында қолданылатын стандартты нышандарды пайдалана отырып тіркелуін және жариялануын қалайтыны туралы өтініш қамтылса, Ведомство таңбаны осындай стандартты нышандарды пайдалана отырып тіркейді және жариялайды.
(2) [Түсті талап ететін таңба] Егер өтінімде өтінім беруші таңбаның ажырату белгісі ретінде түстің қорғалуын сұрауды қалайтыны туралы өтініш болған жағдайда, Ведомство өтінімде сұралатын түстің немесе түстердің атауы немесе коды, сондай-ақ таңбаның осындай түсі бар негізгі бөліктерінің түсіне қатысты нұсқау көрсетілуін талап ете алады.
(3) [Бейнелердің саны] (а) Егер өтінімде өтінім берушінің таңбаның ажырату белгісі ретінде түстің қорғалуын сұрауды қалайтыны туралы өтініші болмаған жағдайда, Уағдаласушы тарап:
(і) егер осы Уағдаласушы тараптың заңнамасына сәйкес өтінімде өтінім беруші таңбаның аталған Уағдаласушы тараптың Ведомствосында қолданылатын стандартты нышандарын пайдалана отырып тіркелуін және жариялануын қалайтыны туралы өтінішті қамти алмаған немесе қамтымаған жағдайда, таңбаның бестен аспайтын ақ-қара бейнесін;
(іі) егер өтінімде өтінім беруші таңбаның осы Уағдаласушы тараптың Ведомствосында қолданылатын стандартты нышандарын пайдалана отырып тіркелуін және жариялануын қалайтыны туралы өтінішті қамтыса, таңбаның бірден аспайтын ақ-қара бейнесін талап ете алады.
(b) Eгep өтінімде өтінім беруші таңбаның айырым белгісі ретінде түстің қорғалуын сұрауды қалайтыны туралы өтінішті қамтыса, Уағдаласушы тарап таңбаның бестен аспайтын ақ-қара және бестен аспайтын түсті бейнесін талап ете алады.
(4) [Көлемді таңба] (а) Егер өтінімде таңба көлемді болып табылады деген өтініш бар болса, мұндай таңбаның бейнесі екі өлшемді графикалық немесе фотосуреттік бейнеден тұруы тиіс.
(b) Өтінім берушінің таңдауы бойынша (а) тармақшаға сәйкес ұсынылған бейне, таңбаның бір немесе бірнеше түрлерінен тұруы мүмкін.
(c) Егер Ведомство өтінім берушінің (а) тармақшаға сәйкес ұсынған таңба бейнесі көлемді таңбаның ерекшеліктерін жеткілікті көрсетпейді деп есептесе, ол өтінім берушіге тиісті сұратуда белгіленген ақылға қонымды мерзім ішінде таңбаның алтыға дейінгі әр түрін және/немесе оның сөздік сипаттамасын беруді ұсына алады.
(d) Егер Ведомство (с) тармақшада аталған таңбаның әрбір түрлері және/немесе сөздік сипаттамасы көлемді таңбаның ерекшеліктерін әлі де жеткілікті көрсетпейді деп есептесе, ол тиісті сұратуда белгіленген ақылға қонымды мерзім ішінде таңбаның үлгісін беруді ұсына алады.
(e) (3)(а)(і) және (b)-тармақтар тиісті өзгерістерді ескере отырып қолданылады.
(5) [Голограммалық таңба, өзгеретін таңба, түрлі түсті таңба, жайғастырылған таңба] Егер өтінім голограммалық таңбаны, өзгеретін таңбаны, түрлі түсті таңбаны немесе жайғастырылған таңбаны тіркеуге өтінішті қамтитын болса, Уағдаласушы тараптың заңнамасында ұйғарылғандай, Уағдаласушы тарап таңбаның бір немесе бірнеше бейнелерін және таңбаға жататын нақтылықтарды беруді талап ете алады.
(6) [Бейнеленбеген белгіні білдіретін таңба] Егер өтінім бейнеленбеген белгіні білдіретін таңбаны тіркеу туралы өтінішті қамтитын болса, Уағдаласушы тараптың заңнамасында ұйғарылғандай, Уағдаласушы тарап таңбаның бір немесе бірнеше бейнелерін, таңбаның түрін көрсетуді және таңбаға жататын нақтылықтарды беруді талап ете алады.
(7) [Таңбаның транслитерациясы] 3(1)(а)(хііі)-баптың мақсаттары үшін, егер таңба объектілерден тұратын болса немесе Ведомство пайдаланатын қаріптен өзге қаріппен орындалған объектіні немесе Ведомство пайдаланатын сан есімдеріне қарағанда өзге сан есімдерімен білдірілетін сандарды қамтитын болса, ондай объектінің Ведомствода пайдаланылатын қаріп пен сан есімдеріндегі транслитерациясы талап етілуі мүмкін.
(8) [Таңбаның аудармасы] 3(1)(а)(іv)-баптың мақсаты үшін, егер таңба Уағдаласушы тараптың Ведомствосында қабылданған тілден немесе тілдердің бірінен ерекше тілдегі сөзді немесе сөздерді қамтитын болса, осы сөздің немесе осы сөздердің осындай тілге немесе осындай тілдердің біреуіне аудармасы талап етілуі мүмкін.
(9) [Таңбаның нақты пайдаланылатынына дәлелдемелерді ұсыну мерзімдері] 3(3)-бапта аталған мерзім Уағдаласушы тарап Ведомствосының өтінімді қабылдаған күнінен бастап есептегенде алты айдан кем болмайды. Өтінім беруші немесе иеленуші аталған Уағдаласушы тараптың заңнамасында көзделген шарттарды ескере отырып, бұл мерзімді келесі алты айлық мерзімдерге ұзартуға құқылы, бұл ретте жалпы ұзарту мерзімі ең аз дегенде екі жарым жылды құруы мүмкін.

4-қағида
Өкілдікке және іскерлік хат алмасу мекенжайына
қатысты нақтылықтар

(1) [Өкіл тағайындалған жағдайдағы мекенжай] Егер өкіл тағайындалған болса, Уағдаласушы тарап осындай өкілдің мекенжайын іскерлік хат алмасу мекенжайы ретінде қарауы тиіс.
(2) [Өкіл тағайындалмаған жағдайдағы мекенжай] Егер өкіл тағайындалмаған болса және өтінім беруші де, иеленуші немесе басқа да мүдделі тұлға өзінің мекенжайы ретінде Уағдаласушы тараптың аумағындағы мекенжайды қарастырған болса, мұндай Уағдаласушы тарап мұндай мекенжайды іскерлік хат алмасу мекенжайы ретінде қарауы тиіс.
(3) [Мерзім] 4(3)(d)-бапта аталған мерзім, тиісті Уағдаласушы тараптың Ведомствосы осы Бапта аталған хабарламаны алған күннен бастап есептеледі және атынан хабарлама жасалған тұлғаның мекенжайы осындай Уағдаласушы тараптың аумағында болса, кемінде бір айды құрайды және мекенжай мұндай Уағдаласушы тараптың аумағынан тыс болса, кемінде екі айды құрайды.

5-қағида
Беру күніне қатысты нақтылықтар

(1) [Талаптарды орындамаған жағдайдағы рәсім] Егер өтінім Ведомствоға келген күні 5(1)(а) немесе (2)(а)-бабының қандай да бір талаптарын қанағаттандырмаса, Ведомство өтінім берушіге тиісті сұратуда көрсетілген мерзім ішінде осындай талаптарды орындауды дереу ұсынады, бұл ретте, егер өтінім берушінің мекенжайы тиісті Уағдаласушы тараптың аумағында болса, мерзім сұрату жіберілген күннен бастап кемінде бір айды құрайды, және өтінім берушінің мекенжайы тиісті Уағдаласушы тараптың аумағынан тыс болса, кемінде екі айды құрайды. Сұратуда көрсетілген талаптарды орындау арнайы баж төлеуге байланысты. Ведомство аталған сұратуды жібермеген жағдайда да аталған талаптар күшінде қалады.
(2) [Түзету жағдайындағы беру күні] Егер өтінім беруші (1)-тармақта аталған сұратуда көрсетілген мерзім ішінде онда қамтылған талаптарды орындаса және қажетті арнайы бажды төлесе, 5(1)(а)-бапта аталған барлық қажетті нұсқаулар мен элементтерді Ведомство алған күн және қолданылатындай болса, оған талап етілетін 5(2)(а)-бапта аталған талап етілетін баждар төленген күн;беру күні болып табылады.

6-қағида
Хабарламаларға қатысты нақтылықтар

(1) [Қағаздағы хабарламаларға қойылған қолдарға ілеспе нұсқаулар] Кез келген Уағдаласушы тарап қол қойған жеке тұлғаның қолымен бірге мыналар:
(і) осы жеке тұлғаның тегі немесе негізгі тегі мен аты немесе қосымша аты немесе аттары, не оның қалауы бойынша ол әдетте пайдаланатын аты немесе аттары әріптік белгімен;
(іі) егер хабарламаны оқығанда мұндай лауазымы анық болмаса, қол қойған адамның лауазымын көрсетумен бірге ілесе жүргенін талап ет алады;
(2) [Қол қойған күн] Кез келген Уағдаласушы тарап қол оның қойылған күнін көрсетумен ілесе жүруін талап ете алады. Егер мұндай нұсқау талап етілсе, бірақ ол ұсынылмаса, қол қойылған күн ретінде Ведомствоның қол қойылған хабарламаны алған күн немесе, егер Уағдаласушы тарап рұқсат берсе одан ертерек күн қол қойылған күн болып есептеледі.
(3) [Қағаздағы хабарламаға қол қою] Егер Уағдаласушы тараптың Ведомствосына жіберілген хабарлама қағаз бетінде ұсынылса және қолы талап етілсе, бұл Уағдаласушы тарап:
(і) (ііі) тармақшаны ескере отырып, өз қолымен қойған қолын қабылдауы тиіс;
(іі) өз қолымен қойған қолының орнына баспа-таңба немесе қойылған қол бейнеленген штемпель не штрих-коды бар мөрді және таңбалаулар сияқты басқа да қол қоюдың нысандарын пайдалануға рұқсат бере алады;
(ііі) егер хабарламаға қол қоятын жеке тұлға Уағдаласушы тараптың азаматы болса және мұндай тұлғаның мекенжайы оның аумағында болса немесе оның атынан хабарламаға қол қойылатын заңды тұлға оның заңнамасына сәйкес құрылған болса және оның аумағында орналасқан жері, шын мәнісіндегі және жалған емес өнеркәсіптік немесе сауда кәсіпорны бар болса өз қолымен қойған қолының орнына мөрді пайдалануды талап ете алады.
(4) [Электрондық байланыс құралдарын пайдалана-отырып берілген қағаз бетіндегі хабарламаға қол қою] Қағаз бетіндегі хабарлама электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып берілуін көздейтін осы Уағдаласушы тарап, (З)-тармаққа сәйкес қабылдайтын қолдың графикалық бейнесі алу кезінде хабарламада пайда болса, осындай кез келген хабарламаны қол қойылған деп есептейді.
(5) [Электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып берілген хабарламаның түпнұсқасы] Хабарламаны электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып қағаз бетінде беруді көздейтін Уағдаласушы тарап осындай кез келген хабарламаның түпнұсқасын:
(і) Ведомствоға осындай неғұрлым ерте тапсыруды бірдейлендіретін хатпен ілестіріп, және
(іі) Ведомство электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып берілген хабарламаны алған күннен бастап кемінде бір айды құрайтын мерзім ішінде ұсынуды талап ете алады.
(6) [Электрондық нысанда берілген хабарламалардың түпнұсқалылығын растау]
Хабарламаларды электрондық нысанда беруге рұқсат беретін Уағдаласушы тарап, осындай кез келген хабарламаның түпнұсқалылығы осы Уағдаласушы тарап ұйғарғандай, түпнұсқалылықты электрондық куәландыру жүйесі арқылы куәландырылуын талап ете алады.
(7) [Алу күні] Уағдаласушы тараптардың әрқайсысы құжаттарды алу немесе баж төлеу жағдайларын анықтауға құқылы, бұл ретте:
(і) Ведомство бөлімшелерінің бірінде;
(іі) егер Уағдаласушы тарап 26 (1) (іі)-бапта көрсетілген үкіметаралық ұйым болып табылса, Уағдаласушы тарап Ведомствосы тұлғасының атынан ұлттық Ведомствода;
(ііі) ресми пошта қызметінде;
(iv) Уағдаласушы тарап көрсеткен жеткізу қызметінде немесе мекемесінде;
(v) Ведомствоның көрсетілген мекенжайларынан өзге мекенжай бойынша құжат алынған немесе төлем жасалған жағдайларда оларды Ведомство алды деп қаралуы тиіс.
(8) [Электрондық нысанда беру] (7)-тармақты ескере отырып, егер Уағдаласушы тарап хабарламаларды электрондық нысанда немесе электрондық байланыс құралдары арқылы беруді көздейтін болса және хабарлама осылайша берілсе, осы Уағдаласушы тараптың Ведомствосы хабарламаны осындай нысанда немесе осындай құралдар арқылы алған күн хабарламаны алу күні болып қаралады.

7-қағида
Өтінімді нөмірсіз бірдейлендіру тәсілі

(1) [Бірдейлендіру тәсілі] Егер өтінімді нөмірмен бірдейлендіру талап етілсе, бірақ ондай нөмір әлі берілмесе немесе өтінім берушіге немесе оның өкіліне белгісіз болса, ондай өтінім:
(і) өтінімнің Ведомство алдын ала берген нөмірі, немесе
(іі) өтінімнің көшірмесі, немесе
(ііі) өтінім берушінің немесе өкілдің сенімді мәліметтері бойынша өтінімді Ведомство алған күнін көрсетіп таңбаны және өтінімге өтінім беруші немесе оның өкілі берген бірдейлендіру нөмірі табыс етілген жағдайда бірдейлендірілген болып саналады.
(2) [Басқа талаптарға тыйым салу] Бірде-бір Уағдаласушы тарап өтінімді, егер оның нөмірі әлі берілмеген немесе өтінім берушіге немесе оның өкіліне белгісіз болса, өтінімді бірдейлендіру мақсатында (1)-тармақта аталғандардан ерекше шарттардың орындалуын талап ете алмайды.

8-қағида
Тіркеудің қолданылу мерзіміне және оның ұзартылуына
қатысты нақтылықтар

13(1)(с)-баптың мақсаттарында тіркеуді ұзарту туралы өтініш ұсынылуы және тиісті баж төленуі мүмкін болатын мерзім, ұзарту жүзеге асырылуы тиіс күннен кем дегенде алты ай бұрын есептеле бастайды және осындай күннен кем дегенде алты ай өткеннен кейін аяқталады. Егер осындай ұзарту жүзеге асырылуы тиіс күннен кейін тіркеуді ұзарту туралы өтініш ұсынылса және/немесе тиісті баж төленсе, кез келген Уағдаласушы тарап қосымша баж төлеуді осындай өтінімді қабылдау шарты ретінде қарастыра алады.

9-қағида
Мерзімдер сақталмаған жағдайдағы жеңілдіктер

(1) [14(2)(і)-бапқа сәйкес мерзімдерді ұзартуға қатысты талаптар] 14(2)(і)-бапқа сәйкес мерзімді ұзартуды көздейтін Уағдаласушы тарап мерзімді ұзартуға өтініш берілген күннен бастап ақылға қонымды уақыт кезеңіне ұзартуға тиіс және өтініш:
(і) қолдаухат беруші тарапқа нұсқауды, тиісті өтінішті немесе тіркеу нөмірін және сұратылған мерзімді қамтуын, және
(іі) сұратылған мерзім өткен күннен бастап кемінде екі айды құрайтын мерзімде берілуін талап ете алады.
(2) [14(2)(іі)-бапқа сәйкес іс жүргізуді жалғастыруға қатысты талаптар] Уағдаласушы тарап 14(2)(іі)-бапқа сәйкес іс жүргізуді жалғастыру туралы өтініш:
(і) қолдаухат берген тарапқа нұсқауды, тиісті өтінішті немесе тіркеу нөмірін және сұратылған мерзімді қамтуын, және
(іі) сұратылған мерзім өткен күннен бастап кемінде екі айды құрайтын мерзімде берілуін талап ете алады. Өткеріп алған іс-әрекет дәл сол мерзім ішінде немесе, егер Уағдаласушы тарап оны көздеген болса, өтінішпен бірге аяқталуы тиіс.
(3) [14(2)(ііі)-бапқа сәйкес құқықтарды қалпына келтіруге қатысты талаптар] (а) Уағдаласушы тарап 14(2)(ііі)-бапқа сәйкес құқықты қалпына келтіру туралы өтініш:
(і) қолдаухат берген тарапқа нұсқауды, тиісті өтінішті немесе тіркеу нөмірін және сұратылған мерзімді қамтуын, және
(іі) мерзімдерді сақтамаудың себептерін түсіндіру үшін фактілер мен дәлелдемелерді қамтуын талап ете алады.
(b) құқықтарды қалпына келтіру туралы өтініш Ведомствоға ақылға қонымды мерзімде берілуі тиіс, олардың ұзақтығын Уағдаласушы тарап қаралып жатқан мерзімдерді сақтамаудың себептері жойылған күннен бастап белгілейді. Өткеріп алған іс-әрекет дәл сол мерзім ішінде немесе, егер Уағдаласушы тарап оны көздеген болса, өтінішпен бірге аяқталуы тиіс.
(c) Уағдаласушы тарап (а) және (b) тармақшаларға сәйкес талаптардың орындалуы үшін ең ұзақ мерзім ретінде сұратылған мерзім біткен күннен бастап алты айдан кем емес мерзім беруі мүмкін.
(4) [14(3)-бапқа сәйкес ерекшеліктер] 14(3)-бапқа қатысты ерекшеліктер:
(і) жеңілдіктер 14 (2)-бапқа сәйкес бұрын берілген;
(іі) 14-бапқа сәйкес жеңілдіктер туралы өтініш беруге;
(ііі) ұзарту үшін баж төлеуге;
(iv) апелляциялық палатада немесе Ведомство аясында құрылған өзге де қайта қарау жөніндегі органда іс-әрекеттерді жасауға;
(v) тараптар арасында істі қарау барысындағы іс-әрекеттерге;
(vi) 3(1)(а)(vіі)-бапқа сәйкес өтінішті немесе 3(1)(а)(vііі)-бапқа сәйкес өтініш беруге;
(vii) Уағдаласушы тараптың заңнамасына сәйкес қаралып жатқан өтінім үшін берудің жаңа күні белгіленуі мүмкін өтінішті беруге және;
(viii) басым талапты түзетуге немесе толықтыруға арналған мерзімдерді сақтамаған жағдайлар болып табылады.

10-қағида
Лицензияны тіркеу немесе өзгерту немесе лицензияны
тіркеудің күшін жою туралы өтінішке қатысты талаптар

(1) [Өтініштің мазмұны] (а) Уағдаласушы тарап 17(1)-бапқа сәйкес лицензияны тіркеу туралы өтініш мына аталған нұсқаулардың немесе элементтердің кейбіреуін немесе барлығын:
(і) иеленушінің аты мен мекенжайын;
(іі) иеленушінің, егер бар болса, өкілінің аты мен мекенжайын;
(ііі) иеленушінің, егер бар болса, іскерлік хат алмасу мекенжайын;
(iv) лицензиаттың аты мен мекенжайын;
(v) лицензиаттың, егер бар болса, өкілінің аты мен мекенжайын;
(vi) лицензиаттың, егер бар болса, іскерлік хат алмасу мекенжайын;
(vii) eгep лицензиат қандай да бір мемлекеттің азаматы болып табылса, лицензиат азаматы болып табылатын мемлекеттің атауын; бар болса лицензиаттың тұрақты жері бар мемлекеттің атауын және бар болса лицензиаттың шын мәнісінде және жалған емес өнеркәсіптік немесе сауда кәсіпорны бар мемлекеттің атауын;
(viii) егер иеленуші немесе лицензиат заңды тұлға болып табылса, заңды тұлғаның құқықтық сипаты мен мемлекеттің атауын, ал қажет болса, заңнамасына сәйкес аталған заңды тұлға құрылған мемлекеттің құрамындағы аумақтық бірліктің атауын;
(іх) лицензияның нысаны болып табылатын таңбаның тіркеу нөмірін;
(х) Ницца жіктемесінің сыныптары бойынша топтастырылған, оларға қатысты лицензия берілген тауарлардың және/немесе қызметтердің атауларын қамтуын талап ете алады, бұл ретте әр топтың алдында осы тауарлар немесе қызметтер тобы жататын осы Жіктеменің сынып нөмірі жүруі тиіс және топтар аталған Жіктеме сыныптарының бірінен соң бірі ретімен ұсынылуы тиіс;
(хі) лицензияның түрін көрсету: ерекше, ерекше емес немесе жалғыз;
(хіі) қажет болған жағдайда, лицензияның тіркеу қолданылатын аумақтың бір бөлігінде ғана қолданылатынын осы аумақтың бөлігін нақты көрсете отырып,
(хііі) лицензияны қолдану мерзімін қамтуын талап ете алады.
(b) Уағдаласушы тарап 18(1)-бапқа сәйкес лицензияны өзгерту немесе лицензияны тіркеудің күшін жою туралы өтініш мына нұсқаулардың немесе элементтердің бірнешеуін немесе барлығын:
(і) (а) тармақтың (і)-(іх) тармақшаларында аталған нұсқауларды;
(іі) егер өзгертулер немесе жоюлар (а) тармақшада аталған кез келген нұсқауларға немесе элементтерге қатысты болса, өзгертулердің немесе жоюдың мәні мен көлемін қамтуын талап ете алады.
(2) [Лицензияны тіркеуге арналған қолдау құжаттары] (а) Уағдаласушы тарап лицензияны тіркеу туралы өтінішке қолдаухат беретін тараптың қарауы бойынша мына құжаттардың біреуі:
(і) тараптарды және лицензияға сәйкес берілген құқықтарды анықтайтын, мемлекеттік нотариус немесе кез келген басқа да құзырлы орган куәландырған лицензиялық шарттан үзінді көшірменің шарттан алынған түпнұсқалы үзінді көшірме ретінде, немесе;
(іі) мазмұны Нұсқаулықта көзделген лицензия туралы өтініш бланкісінің мазмұнына сәйкес келетін және иеленуші мен лицензиаттың қолы қойылған лицензия туралы куәландырылмаған өтініштің қоса берілуін талап ете алады.
(b) кез келген Уағдаласушы тарап лицензиялық шарттың тарабы болып табылмайтын кез келген ортақ иеленуші өзі қол қойған құжатта лицензияға келісім беруін талап ете алады.
(3) [Лицензияны тіркеуді өзгертуге арналған қолдау құжаттары] (а) Уағдаласушы тарап қолдаухат берген тараптың қалауы бойынша лицензияны тіркеуді өзгерту туралы өтінішке мына құжаттардың біреуі:
(і) лицензияны тіркеу туралы жазбаға енгізу талап етілетін өзгерісті растайтын құжаттар, немесе
(іі) мазмұны Нұсқаулықта көзделген лицензияны өзгерту туралы өтініш бланкісінің мазмұнына сәйкес және иеленуші мен лицензиаттың қолы қойылған лицензияны өзгерту туралы куәландырылмаған өтініш қоса берілуін талап ете алады.
(b) Кез келген Уағдаласушы тарап лицензиялық шарттың тарабы болып табылмайтын кез келген ортақ иеленуші өзі қол қойған құжатта лицензияны өзгертуге келісім бергендігін көрсетуін талап ете алады.
(4) [Лицензияны тіркеуді жоюға арналған қолдау құжаттары] Уағдаласушы тарап, қолдаухат берген тараптың қалауы бойынша, лицензияны тіркеуді жою туралы өтінішке мына құжаттардың біреуі:
(і) лицензияны тіркеуді талап ететін жоюды растайтын құжаттар немесе
(іі) мазмұны Нұсқаулықта көзделген лицензияны жою туралы өтініш бланкісінің мазмұнына сәйкес келетін және иеленуші мен лицензиаттың қолы қойылған лицензияны жою туралы куәландырылмаған өтініш қоса берілуін талап ете алады.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina