ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Проекты  »  Қазақстан Республикасының Президентi...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Проекты

  Қазақстан Республикасының Президентi ЖАРЛЫҚ
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мұнай-газ кеңесi туралыҚазақстан Республикасы мұнай-газ саласының орнықтылығы және оны тиiмдi дамыту мәселелерi бойынша ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Мұнай-газ кеңесi (бұдан әрi – Кеңес) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Кеңес туралы ереже;
2) Кеңестiң құрамы бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2012 жылғы

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2012 жылғы «___» _________
№ ____ Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы
Мұнай-газ кеңесi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мұнай-газ кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласының орнықтылығы және оны тиiмдi дамыту мәселелерi бойынша ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асыру үшiн құрылады.
2. Кеңес Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
3. Кеңес өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн және Қазақстан Республикасының өзге нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Кеңес туралы ереженi басшылыққа алады.
2. Кеңестiң мiндеттерi мен функциялары
4. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
1) ұсыныстар әзiрлеу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына мұнай-газ өнеркәсiбiн жаһандық қыр көрсетулер мен тәуекелдердi ескере отырып стратегиялық дамыту нұсқаларын енгiзу;
2) Қазақстанның аса iрi мұнай-газ кен орындарында жұмыс iстейтiн шетелдiк әрiптестермен өзара iс-қимыл;
3) мұнай өнеркәсiбi саласында ғылыми және технологиялық инновацияларды дамытуға ықпал ету, сондай-ақ мұнай саласын дамытуға байланысты экономикалық, қаржылық, басқарушылық, экологиялық және әлеуметтiк аспектiлерде зерделеу болып табылады.
5. Кеңестiң негiзгi функциялары:
1) Қазақстан халқының мүддесiне орай мұнай-газ ресурстарын басқарудың ұтымды тәсiлдерiн iлгерiлету;
2) мұнай-газ өнеркәсiбiндегi басқарушылық сипаттағы мәселелердi қоса алғанда, техникалық, әлеуметтiк және экологиялық түйiндi проблемаларды шешу мақсатында iшкi және сыртқы мүдделi тараптар арасында диалог орнату;
3) мұнай-газ секторын дамыту стратегиясын iске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң, өзге мемлекеттiк органдардың, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамдарының жұмысын үйлестiру;
4) шетелдiк үкiметтермен, шетел инвесторларымен стратегиялық диалогке қатысу және iрi мұнай-газ жобаларына қатысты саясатты әзiрлеу болып табылады;
5) мұнай-газ өнеркәсiбiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн бағалау;
6) мұнай-газ өнеркәсiбiнде қазақстандық қамтуды дамыту болып табылады.
3. Кеңестiң құқықтары
6. Кеңестiң белгiленген тәртiппен және өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне мұнай-газ саласын дамыту, Кеңестiң құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру, мұнай-газ саласының басым жобаларын айқындау, осы жобалар бойынша келiссөздер жүргiзу стратегиясы бойынша ұсыныстар енгiзуге;
2) Кеңестiң құзыретiне кiретiн мәселелердi шешу үшiн жұмыс топтарын қалыптастыруға;
3) мұнай-газ саласының жобаларын iске асырудың экономикалық, экологиялық және әлеуметтiк аспектiлерiн бағалау, Қазақстан Республикасының стратегиялық мүдделерiне сай келетiн басым жобаларды таңдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және енгiзу үшiн мүдделi мемлекеттiк органдардың мамандарын, консультанттарды тартуға;
4) мемлекеттiк органдардан, ведомстволардан және ұйымдардан Кеңестiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша қажеттi ақпаратты сұратуға;
5) салалық қауымдастықтардың, мүдделi мұнай-газ компаниялары мен инвесторлардың мұнай-газ саласын дамыту мәселелерi жөнiндегi ұсыныстары мен пiкiрлерiн тыңдауға;
6) Кеңеске жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де құқығы бар.
4. Кеңестi қалыптастыру және оның қызметiн ұйымдастыру
7. Кеңестiң құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңес төрағасы болып табылады.
Кеңестiң құрамына Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлi, Қазақстан Республикасы Прмьер-Министрiнiң орынбасары, министрлiктердiң, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамдарының бiрiншi басшылары кiредi.
8. Кеңестi Кеңес төрағасы басқарады.
Кеңес төрағасы:
1) Кеңес қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) Кеңес отырыстарында төрағалық етедi;
3) Кеңес отырыстары өткiзiлетiн орынды және уақытты айқындайды;
4) Кеңес шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады;
5) тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Президентi алдында Кеңестiң жұмысы туралы есеп бередi.
9. Кеңес мүшелерi:
1) Кеңес отырысының күн тәртiбi және мәселелердi талқылау тәртiбi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
2) Кеңес отырысына материалдарды, оның шешiмдерiнiң жобаларын дайындауға қатысуға, Кеңес алдында тұрған мiндеттердi шешуге ықпал етуге;
3) Кеңес отырысында қаралатын мәселелердi талқылауға қатысуға құқылы.
10. Кеңес отырыстары қажеттiлiгiне қарай, Кеңес төрағасы айқындайтын мерзiмдерде, бiрақ бiр тоқсанда кемiнде бiр рет өткiзiледi. Кеңес отырыстары оның мүшелерiнiң тiкелей қатысуымен өткiзiледi және оның мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi дауыс беруге қатысқан кезде заңды болады. Кеңес мүшелерiнiң өз өкiлеттiктерiн өзге лауазымды адамдарға беруiне жол берiлмейдi.
11. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгi Кеңестiң жұмыс органы болып табылады.
12. Кеңестiң жұмыс органы:
1) Кеңес отырыстарын өткiзудi ұйымдастыруды қамтамасыз етедi және Кеңес мүшелерiнiң ұсыныстары мен бұрын қабылданған шешiмдер негiзiнде Кеңес отырыстарын өткiзу үшiн тиiстi материалдарды дайындауды жүзеге асырады;
2) Кеңес мүшелерiнiң ұсыныстары мен олар бұрын қабылдаған шешiмдер негiзiнде отырыстың күн тәртiбiнiң жобасын қалыптастырады;
3) Кеңестiң хаттамалық шешiмдерiнiң орындалуына мониторингтi жүзеге асырады;
4) Кеңес мүшелерiне Кеңестiң кезектi отырысы өткiзiлетiн орны, уақыты мен күн тәртiбi туралы хабарлайды және оларды қажеттi материалдармен уақтылы қамтамасыз етедi;
5) Кеңестiң хаттамалық шешiмдерiн ресiмдеудi және келiсудi жүзеге асырады;
6) Кеңестiң шешiмдерi қабылданған күннен бастап екi апта iшiнде Кеңес мүшелерiне және басқа мүдделi мемлекеттiк органдар мен өзге ұйымдарға хаттаманың көшiрмесiн және өзге қажеттi материалдарды жiбередi.
13. Кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша хаттамамен ресiмделетiн шешiмдер қабылданады, оған Кеңестiң отырысқа қатысқан барлық мүшелерi қол қояды.
14. Кеңестiң шешiмдерi қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады және ұсынымдық сипатқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады.
Кеңес мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол айтылған жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса берiлуi тиiс.
15. Кеңестiң шешiмдерi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы немесе мұнай-газ саласының субъектiлерiнiң назарына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кез келген өзге тәсiлмен жеткiзiмдi мүмкiн. Жариялау не мұнай-газ саласының субъектiлерiне беруге арналған ақпараттың тiзбесi мен көлемiн Кеңес айқындайды.
16. Кеңес мүшелерi Кеңеске Кеңестiң хаттамалық шешiмдерiнiң орындалғаны не орындалмағаны туралы ақпаратты тиiстi негiздемесiмен қоса, Кеңес тиiстi шешiм қабылдаған күннен бастап 3 (үш) айдан кешiктiрмей немесе Кеңес шешiмiнде көрсетiлген мерзiмдерде ұсынады.
5. Кеңестiң қызметiн тоқтату
17. Кеңестiң қызметiн тоқтатуға Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi негiз болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2012 жылғы «___» _________
№ Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы
Мұнай-газ кеңесiнiң құрамы
Мәсiмов
Кәрiм Қажымқанұлы – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, төраға
Сұлтанов
Бақыт Тұрлыханұлы – Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары
Келiмбетов
Қайрат Нематұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары, төрағаның орынбасары
Кеңестiң мүшелерi:
Әбдiқалықова
Гүлшара Наушақызы – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi
Жәмiшев
Болат Бидахметұлы – Қазақстан Республикасының Қаржы министрi
Исекешев
Әсет Өрентайұлы – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрi
Қаппаров
Нұрлан Жамбылұлы – Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрi
Мыңбаев
Сауат Мұхаметбайұлы – Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрi
Сағынтаев
Бақытжан Әбдiрұлы – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрi
Шөкеев
Өмiрзақ Естайұлы – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамының Басқарма төрағасы (келiсiм бойынша)
Қиынов
Ләззат Кетебайұлы – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамының Басқарма төрағасы (келiсiм бойынша)


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina