ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шiлдедегi № 467-IV Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж. № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):
106-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«106-бап. Мемлекеттiк бажды қайтару

Мемлекеттiк бажды қайтару тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалады.».

2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24; 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар, № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж. № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат):

1) 88-1-баптың екiншi бөлiгiндегi «заңды тұлғаларға – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде» деген сөздер «заңды тұлғаларға – отыз» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 205-1-бапта:
алтыншы бөлiктiң бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкердiң салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру кезеңiнде қызметтi жүзеге асыруы, -»;
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Қызметтi жүзеге асыру деп патент алу үшiн салық органына есеп-қисапты табыс етпей, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеу жөнiндегi мiндеттеменiң туындауына әкеп соғатын қызметтi қайта бастау түсiнiледi.»;

3) 205-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«205-2-бап. Салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру
кезеңiнде тұлғалардың қызметтi жүзеге асыруы

Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда, салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру кезеңiнде тұлғалардың қызметтi жүзеге асыруы -
дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, орта немесе iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Қызметтi жүзеге асыруы деп салық органына салық есептiлiгiн табыс етудi қайта бастау туралы салықтық өтiнiштi табыс етпей, салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеу жөнiндегi мiндеттемелердiң туындауына әкеп соғатын қызметтi қайта бастауы түсiнiледi.»;

4) 206-2-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Қосымша салық есептiлiгiн және (немесе) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес хабарлама бойынша қосымша салық есептiлiгiн табыс ету арқылы бұзушылықты жойған жағдайда, тұлға осы бапта көзделген әкiмшiлiк жауапқа тартылуға жатпайды.»;

5) 213-баптың бесiншi бөлiгiнде:
бiрiншi абзац «қоспағанда,» деген сөзден кейiн «мұнай өнiмдерi мен» деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi абзац «қоспағанда,» деген сөзден кейiн «тұлғалардың» деген сөзбен толықтырылып, «өткiзу» деген сөз «өткiзуi» деген сөзбен ауыстырылсын;

6) 532-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Қосымша салық есептiлiгiн және (немесе) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес хабарлама бойынша қосымша салық есептiлiгiн табыс ету арқылы бұзушылықты жойған жағдайда, тұлға осы бапта көзделген әкiмшiлiк жауапқа тартылуға жатпайды.»;

7) 651-баптың бiрiншi бөлiгi 7) тармақшасындағы «мерзiмi көрсетiлуге тиiс.» деген сөздер «мерзiмi;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) айыппұлды ерiктi түрде төлеу мерзiмi көрсетiлуге тиiс.»;

8) 707-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Айыппұлды әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам қаулының заңды күшiне енген күнiнен бастап отыз күннен кешiктiрмей төлеуге тиiс.
Айыппұлды осы Кодекстiң 701-бабында көзделген кейiнге қалдыру жағдайында әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам кейiнге қалдыру мерзiмi өткен күннен бастап төлеуге тиiс.»;

9) 709-1-баптың бiрiншi бөлiгiндегi «адамның айыппұлды ерiктi түрде төлеуi туралы тиiсiнше хабардар етiлген фактiнi растайтын құжаттың көшiрмесi және айыппұл сомасының мемлекет кiрiсiне түспегенi туралы салық органының анықтамасы» деген сөздер «әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының көшiрмесi және айыппұл сомасының мемлекет кiрiсiне түспегенi туралы әкiмшiлiк жаза қолданған органның анықтамасы» деген сөздермен ауыстырылсын.

3. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат, № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат):

1) мазмұнда:
мынадай мазмұндағы қырық тоғызыншы, бiр жүз жетпiс жетiншi және бiр жүз тоқсан екiншi абзацтармен толықтырылсын:
«39-1-бап. Резидент емес заңды тұлғаның филиалын (өкiлдiгiн) ашпай, Қазақстан Республикасында тиiмдi басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жерi) болуына байланысты оған өз құқықтары мен мiндеттерiн беру кезiнде тұрақты мекеменiң салық мiндеттемесiн орындауы»;
«144-1-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай, қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртiбi»;
«154-1-бап. Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртiбi»;
193-баптың тақырыбы «көзiнен» деген сөзден кейiн «корпоративтiк» деген сөзбен толықтырылсын;
195-баптың тақырыбы «көзiнен» деген сөзден кейiн «корпоративтiк» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екi жүз елу жетiншi абзацпен толықтырылсын:
«200-1-бап. Резидент емес жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстары»;
201-баптың тақырыбы «көзiнен» деген сөзден кейiн «жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
212-баптың тақырыбындағы «немесе iшiнара» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екi жүз жетпiсiншi және екi жүз жетпiс бiрiншi абзацтармен толықтырылсын:
«212-1-бап. Резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден дивидендтер, сыйақылар және (немесе) роялти түрiндегi табыстарын салық салудан босатуға немесе оларға төмендетiлген салық ставкасын қолдануға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбi»;
«212-2-бап. Резидент еместiң депозитарлық қолхаттарының базалық активi болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрiндегi табыстарын салық салудан iшiнара босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбi»;
213-баптың тақырыбындағы «халықаралық тасымалдарда тұрақты мекеме арқылы резидент еместiң көлiк қызметiн» деген сөздер «тұрақты мекеме арқылы резидент еместiң халықаралық тасымалдау жөнiндегi қызметтердi» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екi жүз сексенiншi абзацпен толықтырылсын:
«221-1-бап. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi көздерден алынған мүлiктi өткiзуден түсетiн табысты айқындау тәртiбi»;
222-баптың тақырыбындағы «табыстар алуымен байланысты» деген сөздер «табыстар алуға бағытталған қызметтi жүзеге асыруына байланысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екi жүз сексен алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«227-1-бап. Резиденттiң депозитарлық қолхаттардың базалық активi болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрiндегi табысынан төлем көзiнен ұсталған табыс салығын қайтару тәртiбi»;
алты жүз жетпiс тоғызыншы және алты жүз сексен алтыншы абзацтар алып тасталсын;
583-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«583-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың салық қызметi органдарымен өзара iс-қимыл кезiндегi мiндеттерi»;
мынадай мазмұндағы сегiз жүз жиырма жетiншi абзацпен толықтырылсын:
«635-1-бап. Бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару мәселесi бойынша резидент еместiң салықтық өтiнiшi негiзiнде салық агенттерiне тақырыптық тексерулер жүргiзу тәртiбi»;

2) 12-бапта:
1-тармақта:
5) тармақша «төлемдердiң» деген сөзден кейiн «, оның iшiнде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердiң» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) веб-қосымша – салық төлеушiнiң электрондық салық қызметтерiн алуына және салық мiндеттемелерiн орындауына арналған, уәкiлеттi органның дербестендiрiлген және санкциясыз қолжетiмдiлiктен қорғалған интернет-ресурсы;»;
14) тармақшада:
бiрiншi бөлiкте:
бiрiншi абзацта:
«жарғылық капиталды» деген сөздерден кейiн «құрылтайшылар,» деген сөзбен толықтырылсын;
«қатысушылардың (қатысушының)» деген сөздер «құрылтайшылардың, қатысушылардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi және үшiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң нарықтық бағасы мен мұндай тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға немесе олардың өзара байланысты тарапына өткiзiлген баға арасындағы оң айырма;
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң нарықтық бағасы мен мұндай тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер акционерден, қатысушыдан, құрылтайшыдан немесе олардың өзара байланысты тарапынан сатып алынған баға арасындағы терiс айырма;»;
екiншi бөлiк мынадай мазмұндағы үшiншi сөйлеммен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның мақсаты үшiн өзара байланысты тараптар осы баптың 1-1-тармағына сәйкес айқындалады.»;
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25) қатысу үлесi – акционерлiк қоғамдар мен пайлық инвестициялық қорларды қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғаның бiрлескен қызметке, заңды тұлғаның жарғылық капиталына үлестiк қатысуы;»;
26) тармақшадағы «10» деген цифрлар «7» деген цифрмен ауыстырылсын;
28) тармақша алып тасталсын;
29) тармақшадағы «тауарларды тиеп жiберу» деген сөздер «тауарларды не өзге де мүлiктi тиеп жiберу және (немесе) беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
39) тармақшада:
сегiзiншi абзацтағы «оң» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның мақсаттарында банктiк шот шарттары бойынша төленетiн сыйақылар да сыйақы деп танылады;»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекстiң мақсатында өзара байланысты тараптар деп мынадай талаптардың бiреуiне не бiрнешеуiне сәйкес келетiн өзара қатынасы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар танылады:
1) бiр тұлға Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес басқа тұлғаның аффилиирленген тұлғасы болып танылады;
2) бiр тұлға басқа тұлғаның iрi қатысушысы болып табылады;
3) шартпен байланысты тұлғалар, оған сәйкес олардың бiреуi басқасының қабылдайтын шешiмiн айқындауға құқылы;
4) заңды тұлға басқа заңды тұлғаның iрi қатысушысының немесе лауазымды тұлғасының бақылауында болады;
5) бiр заңды тұлғаның iрi акционерi, iрi қатысушысы немесе лауазымды тұлғасы басқа заңды тұлғаның iрi акционерi, iрi қатысушысы не лауазымды тұлғасы болып табылады;
6) заңды тұлға басқа заңды тұлғамен бiрлесiп, үшiншi тұлғаның бақылауында болады;
7) тұлға өзiнiң үлестес тұлғаларымен бiрлесiп, осы тармақтың 2) – 6) тармақшаларында көрсетiлген заңды тұлғаның не заңды тұлғалардың қатысу үлестерiнiң он және одан да көп пайызын иеленедi, пайдаланады, оған билiк етедi;
8) акционерлiк қоғамның тәуелсiз директорын қоспағанда, жеке тұлға осы тармақтың 2) – 7) тармақшаларында көрсетiлген заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы болып табылады;
9) жеке тұлға заңды тұлғаның iрi қатысушысының не лауазымды тұлғасының жақын туысы не жекжаты (ерлi-зайыптылардың аға-iнiлерi, әпке-сiңлiлерi (iнi-қарындастары), ата-анасы, ұлы немесе қызы) болып табылады.
Осы тармақтың мақсатында iрi қатысушы деп, акционерлiк қоғамдарды қоспағанда, заңды тұлғаның мүлкiндегi үлесi он және одан да көп пайызды құрайтын қатысушы түсiнiледi.
Заңды тұлғаны бақылау заңды тұлға қабылдайтын шешiмдердi айқындау мүмкiндiгi болып табылады.
Өзара байланыстылығына бiрден-бiр негiз 2009 жылдың 1 қаңтарынан кейiн туындаған ұлттық басқарушы холдингтiң банктiң жарғылық капиталына iрi акционер ретiнде қатысуы және (немесе) ұлттық басқарушы холдингтiң лауазымды тұлғаларының осындай банктiң басқару органына қатысуы болып табылатын тұлғалар өзара байланысты тараптар деп танылмайды.»;

3) 18-баптың 2-тармағы «органдары» деген сөзден кейiн «Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен кодтары бар» деген сөздермен толықтырылсын;

4) 26-бапта:
1-тармақта:
«айқындауға, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi» деген сөздерден кейiн «, сондай-ақ олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдердi» деген сөздермен толықтырылсын;
«есептеуге» деген сөз «есептеуге және төлеуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ «салық төлеушiден» деген сөздерден кейiн «(салық агентiнен)» деген сөздермен толықтырылсын;

5) 31-баптың 2-тармағында:
3) тармақша «төлемдердiң» деген сөзден кейiн «, сондай-ақ осы Кодекстiң ерекше бөлiмiне сәйкес олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдердiң» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «салық» деген сөздiң алдынан «осы Кодекстiң ерекше бөлiмiне сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;

6) 35-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Бұл ретте сенiмгерлiкпен басқарушы сенiмгерлiк басқару шарты бойынша салықтарды, басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу, төлеу немесе ұстау жөнiндегi салықтық мiндеттемелердi:
егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенiмгерлiкпен басқару құқығын мемлекеттiк тiркеу талап етiлген жағдайда, – мұндай құқық мемлекеттiк тiркелген;
егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенiмгерлiкпен басқару құқығын мемлекеттiк тiркеу талап етiлмеген жағдайда, – сенiмгерлiкпен басқару шарты жасалған күннен бастап орындайды.»;

7) 37-бапта:
3-тармақтың екiншi бөлiгiндегi «күнге дейiн» деген сөздер «күннен кешiктiрмей» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың 5) тармақшасындағы «төлемдердiң, салықтар мен өсiмпұлдардың» деген сөздер «баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Құжаттық тексеру аяқталғаннан кейiн таратылатын заңды тұлға орналасқан жерi бойынша салық органына бiр мезгiлде:
1) тарату балансын;
2) банктегi бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын;
3) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болмауы және (немесе) болуы туралы мәлiметтердi алу үшiн салықтық өтiнiштi табыс етедi.
Таратылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетiлген құжаттарды бiр мезгiлде мынадай талаптар:
1) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болмауы;
2) салықтардың, төлемдердiң және өсiмпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;
3) салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;
4) есепке жатқызылатын қосылған құн салығының осы Кодекстiң 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түсуiнiң болмауы;
5) кеден органдары алатын кедендiк баждарды, салықтарды, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргiзуге арналған орындалмаған салықтық өтiнiштiң болмауы сақталған жағдайда, құжаттамалық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде табыс етедi.
Салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi, салықтардың, төлемдердiң және өсiмпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары болған және (немесе) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстiң 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түскен жағдайда таратылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетiлген құжаттарды:
1) салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi өтелген күннен;
2) салықтардың, төлемдердiң, өсiмпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен;
3) салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен;
4) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстiң 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түсудi қайтарған күннен;
5) кеден органдары алатын кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын қайтарған күннен кейiн келетiн күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде табыс етедi.
Осы тармақта көрсетiлген құжаттар табыс етiлгеннен кейiн салық органы осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде салық төлеушiге салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы анықтама беруге мiндеттi.»;

8) 38-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiндегi «күнге дейiн» деген сөздер «күннен кешiктiрмей» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 39-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгiнде:
бiрiншi абзацта:
«немесе бөлiну балансы» деген сөздер алып тасталсын;
«, бөлiнiп шығу» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшадағы «өтiнiштi табыс етедi.» деген сөздер «өтiнiштi;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) тапсыру актiсiн табыс етедi.»;
үшiншi және төртiншi бөлiктердегi «, бөлiнiп шығу» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бесiншi, алтыншы және жетiншi бөлiктермен толықтырылсын:
«Таратудың салық есептiлiгiн табыс ету жөнiндегi мiндеттеме – бiрiгу жолымен қайта ұйымдастыру кезiнде қайта құрылған заңды тұлғаның құрамына кiрген әрбiр заңды тұлғаға, қосылу жолымен қайта ұйымдастыру кезiнде қосылған заңды тұлғаға жүктеледi.
Егер кезектi салық есептiлiгiн табыс ету мерзiмi таратудың салық есептiлiгi табыс етiлгеннен кейiн басталатын болса, мұндай кезектi салық есептiлiгiн табыс ету таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
Заңды тұлға бөлiнiп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде мұндай тұлға бөлу балансы бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына аталған балансты табыс етедi.»;
6-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацындағы «үш» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;

10) мынадай мазмұндағы 39-1-баппен толықтырылсын:

«39-1-бап. Тұрақты мекеменiң Қазақстан Республикасында тиiмдi
басқару орнының (нақты басқару органының орналасқан
жерiнiң) болуына байланысты резидент емес заңды
тұлғаға құқықтары мен мiндеттерiн беру кезiнде
өзiнiң филиалын (өкiлдiгiн) ашпастан, салық
мiндеттемесiн орындауы

1. Резидент емес заңды тұлға өзiнде Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесi болған кезде, филиалын (өкiлдiгiн) ашпастан және тиiмдi басқару орнын (нақты басқару органының орналасқан жерiн) шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына ауыстыру туралы шешiм қабылдамастан салық төлеушi ретiнде тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтiнiш бергеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде тиiмдi басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жерi) Қазақстан Республикасында болатын заңды тұлғаға мұндай тұрақты мекеменiң құқықтары мен мiндеттерiн беру туралы осы Кодекстiң 562-бабы 1-1-тармағына сәйкес мұндай тұрақты мекеменiң орналасқан жерi бойынша салық органына жазбаша хабарлауға мiндеттi.
Көрсетiлген резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесi салық төлеушi ретiнде тiркеу есебiне қойылған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде салық органына:
1) тiркеу есебiнен алу туралы салықтық өтiнiштi;
2) таратудың салық есептiлiгiн;
3) тапсыру актiсiн табыс етуге мiндеттi.
Таратудың салық есептiлiгi салық, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар түрлерi бойынша құралады, олар бойынша құқықтары мен мiндеттерiн беретiн тұрақты мекеме мұндай есептiлiктi табыс ету жөнiндегi мiндеттеме туындаған салық кезеңiнен бастап оны салық органына табыс еткен күнге дейiнгi кезең үшiн төлеушi және (немесе) салық агентi болып табылады.
Егер кезектi салық есептiлiгiн табыс ету мерзiмi таратудың салық есептiлiгiн табыс еткеннен кейiн басталған жағдайда, осындай кезектi салық есептiлiгiн табыс ету таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
2. Құқықтары мен мiндеттерiн заңды тұлғаға беретiн тұрақты мекеменiң салық мiндеттемесiн орындау тиiмдi басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жерi) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша құрылған осындай заңды тұлғаға (құқық мирасқорына) жүктеледi.
3. Тұрақты мекеменiң құқықтары мен мiндеттерiн заңды тұлғаға беруi тиiмдi басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жерi) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша құрылған заңды тұлғаның салық, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер төлеу бойынша өзiнiң салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту үшiн негiз болып табылмайды.
4. Құқықтары мен мiндеттерiн заңды тұлғаға беретiн тұрақты мекеменiң салық берешегi болмаған кезде салықтардың, төлемдер мен өсiмпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары тиiмдi басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жерi) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша құрылған заңды тұлғаға қайтарылуға жатады.
5. Салық органы осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде құқықтары мен мiндеттерiн заңды тұлғаға беретiн тұрақты мекеменiң жеке шоты бойынша сальдоны тұрақты мекеменiң құқықтары мен мiндеттерi берiлген заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша салық органына осы Кодекстiң 595-бабында белгiленген тәртiппен беру актiсiнiң негiзiнде бередi.»;

11) 40-бапта:
2-тармақтың екiншi бөлiгiндегi «күнге дейiн» деген сөздер «күннен кешiктiрмей» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
бiрiншi бөлiк 2) тармақшасындағы «анықтамасын табыс етедi.» деген сөздер «анықтамасын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болмауы және (немесе) болуы туралы мәлiметтер алу үшiн салықтық өтiнiштi табыс етедi.»;
төртiншi бөлiкте:
4) тармақшадағы «төлемдердiң, салықтар мен өсiмпұлдардың» деген сөздер «баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) артық (қате) төленген айыппұл сомалары оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) ол (олар) қайта ұйымдастыру кезiнде алған мүлiктегi үлесiне барабар осы Кодекстiң 605-бабында белгiленген тәртiппен қайтарылуға жатады.»;
мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетiлген құжаттарды мынадай талаптар:
1) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болмауы;
2) салықтардың, төлемдердiң және өсiмпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;
3) салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;
4) кеден органдары алатын кедендiк баждарды, салықтарды, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдарды есептеудi және (немесе) олардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргiзуге арналған орындалмаған салықтық өтiнiштiң болмауы бiр мезгiлде сақталған жағдайда, құжаттамалық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде табыс етедi.»;
бесiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi, салықтардың, төлемдер мен өсiмпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары болған кезде осы тармақта көрсетiлген құжаттарды:
1) салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi өтелген күннен;
2) салықтардың, төлемдердiң, өсiмпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен;
3) салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен;
4) кеден органдары алатын кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдардың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен кейiн келетiн күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде табыс етедi.»;
6-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi «және салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектерiн өтегеннен» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктегi «қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаға салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екенi туралы осы тармақта көзделген анықтаманы берген күннен бастап үш жұмыс күнi» деген сөздер «сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң мәлiметтерiн алған күннен бастап он жұмыс күнi» деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 41-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Егер кезектi салық есептiлiгiн табыс ету мерзiмi таратудың салық есептiлiгi табыс етiлгеннен кейiн басталған жағдайда, осындай кезектi салық есептiлiгiн табыс ету таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.»;
7-тармақтың 5) тармақшасындағы «төлемдердiң, салықтар мен өсiмпұлдардың» деген сөздер «баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта:
бiрiншi бөлiктiң бiрiншi абзацындағы «салық берешегiн, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiн толық көлемде өтеген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Қызметiн тоқтатқан дара кәсiпкер осы тармақта көрсетiлген құжаттарды мынадай талаптар:
1) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болмауы;
2) салықтардың, төлемдердiң және өсiмпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;
3) салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;
4) есепке жатқызылатын қосылған құн салығының осы Кодекстiң 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түсуiнiң болмауы;
5) кеден органдары алатын кедендiк баждарды, салықтарды, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдарды есептеудi және (немесе) олардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргiзуге арналған орындалмаған салықтық өтiнiштiң болмауы бiр мезгiлде сақталған жағдайда, құжаттамалық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде табыс етедi.»;
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметiн тоқтатқан дара кәсiпкер салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi, салықтардың, төлемдердiң және өсiмпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары болған және (немесе) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстiң 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түскен жағдайда осы тармақта көрсетiлген құжаттарды:
1) салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi өтелген күннен;
2) салықтардың, төлемдердiң, өсiмпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен;
3) салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен;
4) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстiң 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түсудi қайтарған күннен;
5) кеден органдары алатын кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдардың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен кейiн келетiн күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде табыс етедi.»;

13) 42-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Егер кезектi салық есептiлiгiн табыс ету мерзiмi таратудың салық есептiлiгi табыс етiлгеннен кейiн басталған жағдайда, осындай кезектi салық есептiлiгiн табыс ету таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.»;
6-тармақтың 5) тармақшасындағы «төлемдердiң, салықтар мен өсiмпұлдардың» деген сөздер «баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметiн тоқтатқан жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат орналасқан жерi бойынша салық органына:»;
мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
«Қызметiн тоқтатқан жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат осы тармақта көрсетiлген құжаттарды мынадай талаптар:
1) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болмауы;
2) салықтардың, төлемдердiң және өсiмпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;
3) салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;
4) кеден органдары алатын кедендiк баждарды, салықтарды, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдарды есептеудi және (немесе) олардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргiзуге арналған, орындалмаған салықтық өтiнiштiң болмауы бiр мезгiлде сақталған жағдайда, құжаттамалық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде табыс етедi.
Қызметiн тоқтатқан жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi, салықтардың, төлемдердiң және өсiмпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары болған жағдайда осы тармақта көрсетiлген құжаттарды:
1) салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi өтелген күннен;
2) салықтардың, төлемдердiң, өсiмпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен;
3) салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен;
4) кеден органдары алатын кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдардың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен кейiн келетiн күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде табыс етедi.»;

14) 43-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгi «болып табылмайтын» деген сөздерден кейiн «(болып табылмаған)» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ:
«дара кәсiпкер» деген сөздiң алдынан «қызметiн тоқтататын» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Егер кезектi салық есептiлiгiн табыс ету мерзiмi таратудың салық есептiлiгi табыс етiлгеннен кейiн басталған жағдайда, осындай кезектi салық есептiлiгiн табыс ету таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.»;
10-тармақтың 5) тармақшасындағы «төлемдердiң, салықтар мен өсiмпұлдардың» деген сөздер «баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметi тоқтатылған деп есептелетiн дара кәсiпкер орналасқан жерi бойынша салық органына:»;
мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
«Қызметi тоқтатылған деп есептелетiн дара кәсiпкер осы тармақта көрсетiлген құжаттарды мынадай талаптар:
1) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болмауы;
2) салықтардың, төлемдердiң және өсiмпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;
3) салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;
4) кеден органдары алатын кедендiк баждарды, салықтарды, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдарды есептеудi және (немесе) олардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргiзуге арналған орындалмаған салықтық өтiнiштiң болмауы бiр мезгiлде сақталған жағдайда, камералдық бақылау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде табыс етедi.
Қызметi тоқтатылған деп есептелетiн дара кәсiпкер салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi, салықтардың, төлемдердiң және өсiмпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары болған жағдайда осы тармақта көрсетiлген құжаттарды:
1) салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi өтелген күннен;
2) салықтардың, төлемдердiң, өсiмпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен;
3) салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен;
4) кеден органдары алатын кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдардың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен кейiн келетiн күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде табыс етедi.»;

15) 46-бапта:
7-тармақта:
«Осы бапта белгiленген салық» деген сөздер «Салық» деген сөзбен ауыстырылсын;
«шағымды, талап қоюды» деген сөздер «өтiнiштi (шағымды)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
«8. Резидент еместiң бюджеттен табыс салығын немесе халықаралық шарт негiзiнде шартты банк салымын қайтаруға арналған салықтық өтiнiшiн қарау немесе резидент еместiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджеттен табыс салығын немесе халықаралық шарт негiзiнде шартты банк салымын қайтаруға арналған салықтық өтiнiшiн қарау нәтижелерi бойынша салық органы шығарған шешiмге шағымын қарау немесе резидент еместiң осы тармақта көрсетiлген салық органының шешiмiне шағымын қарау нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган шығарған шешiмге резидент еместiң шағымын қарау кезеңiнде салық мiндеттемесi мен талабы бойынша талап қою мерзiмi өткен жағдайда, талап қою мерзiмi өтiнiштi (шағымды) қарау нәтижелерi бойынша шығарылған шешiм орындалғанға дейiн ұзартылады.
9. Уәкiлеттi органның осы Кодекстiң 226-бабына сәйкес өзара келiсiм рәсiмiн жүргiзу кезеңiнде салық мiндеттемесi мен талабы бойынша талап қою мерзiмi өткен жағдайда, талап қою мерзiмi шет мемлекеттiң уәкiлеттi органы және (немесе) құзыреттi органы өзара келiсу рәсiмiнiң қорытындылары бойынша қабылдаған шешiм орындалғанға дейiн ұзартылады.»;

16) 51-баптың 2-тармағы 2) тармақшасындағы «оны өндiрiп алу жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, бюджетке төленуге жататын салықтың» деген сөздер «бюджетке төленуге жататын салықтың және өсiмпұлдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

17) 57-баптың 1-тармағы «бойынша» деген сөзден кейiн «теңгемен» деген сөзбен толықтырылсын;

18) 60-баптың 1-тармағында:
7) тармақша «хеджирленетiн тәуекелдердi,» деген сөздердiң алдынан «хеджирленетiн операцияларды жүзеге асырған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақша «ислам» деген сөздiң алдынан «ислам бағалы қағаздарымен операцияларды жүзеге асырған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;

19) 65-бапта:
2-тармақтың үшiншi бөлiгiнiң 17) тармақшасындағы «ақпаратты қамтуы мүмкiн.» деген сөздер «ақпаратты;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) корпоративтiк табыс салығын төлеушiнiң халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептiлiгiнде көрсетiлуге тиiстi мәлiметтердi қамтуы мүмкiн.»;
3-тармақтың 3) тармақшасының бесiншi абзацындағы «308» деген цифрлар «308-1» деген цифрлармен ауыстырылсын;

20) 67-баптың 3-тармағында:
бiрiншi бөлiкте:
1) тармақшадағы «табыстарының есепке жазылған және төленуге жататын сомасы» деген сөздер «табыстары» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) есептелген әлеуметтiк жәрдемақылардың Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына аударымдардың есептелген сомасынан асып түскен сомалары;»;
2) тармақшадағы «резидент еместердiң» деген сөздер «шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөнiндегi декларацияға қосымшалардың нысандары салық төлеушiлердiң жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр келiсiмшарт шеңберiнде жүзеге асырылған қызмет бойынша әлеуметтiк салықтың есептелуi туралы, резиденттер және резидент еместер болып табылатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың табыстарынан жеке табыс салығының есептелуi туралы және жеке табыс және әлеуметтiк салықтардың, оның iшiнде құрылымдық бөлiмшелер бойынша есептелуi туралы ақпаратты қамтуы мүмкiн.»;
үшiншi бөлiктiң бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте резиденттер және резидент еместер болып табылатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеу туралы қосымшаларда табыс алушылар бойынша мынадай:
1) салық төлеушi туралы жалпы сәйкестендiру деректерi;
2) салық салу объектiлерi, оның iшiнде халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылған салық салу объектiлерi туралы;
3) салық ставкасы туралы;
4) халықаралық шарттарды қолдану туралы;
5) Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыру кезеңi туралы;
6) осы Кодекске немесе халықаралық шартқа сәйкес есептелген, оның iшiнде құрылымдық бөлiмшелер бойынша есептелген жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салықтың сомасы туралы;
7) салық шегерiмдерi туралы мәлiметтер көрсетiлуi мүмкiн.»;

21) 68-баптың 7-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi «149, 162» деген цифрлар «149-бабында, 162-бабының 1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;

22) 69-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) салық қызметi органының коды дұрыс көрсетiлмеген;
3-2) салық кезеңi дұрыс көрсетiлмеген;
3-3) салық есептiлiгiнiң түрi дұрыс көрсетiлмеген;»;

23) 73-бапта:
4-тармақ «салық берешегi» деген сөздерден кейiн «, мiндеттi зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақта:
«жүзеге асыру» деген сөздер «қайта бастау» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мерзiмi» деген сөзден кейiн «қызметi қайта басталған күннен бастап» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың мақсатында осы бапқа сәйкес қызметiн тоқтата тұрған салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) осы Кодекстiң ерекше бөлiмiне сәйкес салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеу жөнiндегi мiндеттемелердiң туындауына әкеп соғатын қызметтi жүзеге асыра бастауы қызметiн қайта бастау болып танылады.»;

24) 74-бап мынадай мазмұндағы 3-1 және 9-1-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешiм өтiнiш берiлген күнi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi болған немесе салық төлеушi (салық агентi) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген салық есептiлiгiн табыс етпеген жағдайда қабылданады.»;
«9-1. Салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) өз қызметiн тоқтата тұру кезеңiнде қызметiн қайта бастағаны фактiлерiн анықтаған жағдайда, салық органдары мұндай салық төлеушiнi (салық агентiн) жазбаша хабардар ете отырып, салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру мерзiмi қызметтi қайта бастаған күннен бастап тоқтатылды деп таниды.
Осы тармақтың мақсатында осы бапқа сәйкес қызметiн тоқтата тұрған салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) осы Кодекстiң ерекше бөлiмiне сәйкес салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеу жөнiндегi мiндеттемелердiң туындауына әкеп соғатын қызметтi жүзеге асыра бастауы қызметтi қайта бастау болып танылады.»;

25) 85-баптың 1-тармағының 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«19) оң бағамдық айырма сомасының терiс бағамдық айырма сомасынан асып кетуi. Бағамдық айырма сомасы халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады;»;

26) 87-бапта:
3-тармақтың екiншi бөлiгiндегi «Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құн» деген сөздер «заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетiлген салым құны негiзге алына отырып айқындалған актив құны» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Кодекстiң 100-бабы 12-тармағының екiншi бөлiгiне сәйкес шегерiмдерге жататын шығындардан (шығыстардан);»;
мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
«салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 100-бабы 6 және 13-тармақтарының, сондай-ақ 101 - 114-баптарының негiзiнде шегерiмге құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);»;
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жарғылық капиталға салым ретiнде беру кезiнде – заңды тұлғаның құрылтайшы құжаттарында көрсетiлген салым құны негiзге алына отырып айқындалған бағалы қағаз, қатысу үлесi құны мен бағалы қағаздардың, қатысу үлесiнiң бастапқы құны арасындағы оң айырма;»;
6-тармақтың 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құн» деген сөздер «заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетiлген салым құны негiзге алына отырып айқындалған борыштық бағалы қағаз құны» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған» деген сөздер «заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетiлген» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстар осы Кодекстiң 137-бабының 2, 3, 4, 4-1 және 4-2-тармақтарының ережелерi ескерiле отырып, жиынтық жылдық табысқа қосылады.»;
10-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi «7» деген цифр «9» деген цифрмен ауыстырылсын;
11-тармақтың 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құн» деген сөздер «заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетiлген салым құны негiзге алына отырып айқындалған актив құны» деген сөздермен ауыстырылсын;

27) 100-баптың 12-тармағында:
екiншi және үшiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Қосылған құн салығын төлеушi:
1) осы Кодекстiң 261 және 262-баптарына сәйкес есепке жатқызудың барабар әдiсiн қолданған кезде есепке жатқызылуға тиiстi емес;
2) табыс алуға бағытталған қызметтi жүзеге асыру кезiнде пайдаланылған тiркелген активтер, тауар-материалдық қорлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша, осы Кодекстiң 258-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген жағдайда есепке жатқызылудан алып тасталуға тиiс;
3) амортизацияға жатпайтын активтердiң жарғылық капиталға берiлуiн қоспағанда, осы Кодекстiң 258-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетiлген жағдайда есепке жатқызылудан алып тасталуға тиiстi қосылған құн салығын шегерiмге жатқызуға құқылы.
Осы тармақтың екiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында көзделген шегерiм осы Кодекстiң 261 және 262-баптарына сәйкес есепке жатқызудың барабар әдiсiн қолданған кезде есепке жатқызылуға тиiстi емес қосылған құн салығы туындайтын салық кезеңiнде жүргiзiледi.
Осы тармақтың екiншi бөлiгiнiң 2) және 3) тармақшаларында көзделген шегерiмдер қосылған құн салығы есепке жатқызылудан алып тасталуға тиiстi салық кезеңiнде жүргiзiледi.
Амортизацияға жатпайтын активтер бойынша осы Кодекстiң 258-бабы 1-тармағының 1) және 7) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда есепке жатқызылудан алып тасталуға тиiстi қосылған құн салығы осы Кодекстiң 87-бабының 4-тармағына сәйкес есепке алынады.»;
төртiншi бөлiктегi «есепке жатқызылмайтын» деген сөздер «осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын;

28) 101-баптың 3) тармақшасы екiншi бөлiгiнiң екiншi абзацындағы «жазбаша» деген сөз «бұйрығы немесе жазбаша» деген сөздермен ауыстырылсын;

29) 103-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
«Жеке капиталдың орташа жылдық сомасының терiс мәнi осы баптың мақсаты үшiн нөлге тең деп танылады;»;

30) 106-баптың 4-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Провизиялар (резервтер) құру жөнiндегi шығыстар сомасының шегерiмi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен құрылған провизиялар (резервтер) сомасы шегiнде жүзеге асырылады.
Осы тармақта көрсетiлген заңды тұлғалардың тiзбесiн және мұндай тiзбенi қалыптастыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.»;

31) 114-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«114-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдердiң шегерiмi

1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, есептi салық кезеңiнде мыналар:
1) есептi салық кезеңiнде, есептi салық кезеңi және (немесе) есептi салық кезеңiнiң алдындағы салық кезеңдерi үшiн есепке жазылған және (немесе) есептелген шекте;
2) есептi салық кезеңiнiң алдындағы салық кезеңдерiнде, есептi салық кезеңi үшiн есепке жазылған және (немесе) есептелген шекте Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттiң бюджетiне төленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер шегерiмге жатады.
Бұл ретте салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң төленген сомалары осы Кодекстiң 599 және 601-баптарында белгiленген тәртiппен есепке жатқызу жүргiзiлгенi ескерiле отырып айқындалады.
Салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу және есепке жазу Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттiң (өзге мемлекеттiң бюджетiне төленетiн салық және басқа да мiндеттi төлемдер үшiн) салық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
2. Мыналар:
1) жылдық жиынтық табыс айқындалғанға дейiн алып тасталатын салықтар;
2) Қазақстан Республикасының аумағында және басқа мемлекеттерде төленген корпоративтiк табыс салығы мен заңды тұлғалардың табыстарына салынатын салықтар;
3) жеңiлдiктi салық салынатын елдерде төленген салықтар;
4) үстеме пайдаға салынатын салық шегерiмге жатпайды.»;

32) 115-бапта:
2) тармақша «соттың» деген сөздiң алдынан «сот жарамды деп таныған мәмiлелер бойынша шығыстарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшада:
«Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттiң (өзге мемлекеттiң бюджетiне төленген салық және басқа да мiндеттi төлемдер үшiн) салық заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«төленген,» деген сөзден кейiн «салықтың және» деген сөздермен толықтырылсын;

33) 116-баптың 2-тармағының 1-1) тармақшасы «қаржылық есептiлiктiң» деген сөздердiң алдынан «биологиялық активтердi, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген активтердi қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

34) 118-бапта:
2-тармақта:
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Кодекстiң 100-бабы 12-тармағының екiншi бөлiгiне сәйкес шегерiмге жатқызылған шығындардан (шығыстардан);»;
мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
«салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 100-бабы 6 және 13-тармақтарының, сондай-ақ осы Кодекстiң 101 - 114-баптарының негiзiнде шегерiмге құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);»;
3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, сатуға арналған тауар-материалдық қорлардың немесе активтердiң құрамынан аудару жолымен түскен тiркелген активтiң бастапқы құны халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес мұндай түсiм күнiне айқындалған оның баланстық құны болып табылады.
Бұрын тiркелген актив ретiнде тану тоқтатылған, сатуға арналған тауар-материалдық қорлардың немесе активтердiң құрамынан аудару жолымен түскен тiркелген активтiң бастапқы құны халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес мұндай түсiм күнiне айқындалған, осы Кодекстiң 119-бабының 2-тармағында көрсетiлген құннан аспайтын оның баланстық құны болып табылады.
4. Тiркелген активтер өтеусiз алынған кезде, осы баптың 2-тармағының негiзiнде тiркелген активтердiң бастапқы құнына енгiзiлмейтiн шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезiнде мұндай активтердiң құнын ұлғайтатын iс жүзiндегi шығындар ескерiле отырып, алынған активтердiң аталған активтердi қабылдап алу-беру актiсiнде көрсетiлген баланстық құны тiркелген активтердiң бастапқы құны болып табылады.
5. Жарғылық капиталға салым ретiнде алу кезiнде осы баптың 2-тармағының негiзiнде тiркелген активтердiң бастапқы құнына енгiзiлмейтiн шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезiнде мұндай активтердiң құнын ұлғайтатын iс жүзiндегi шығындар ескерiле отырып, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетiлген салым құны тiркелген активтердiң бастапқы құны болып табылады.
6. Салық төлеушiнiң бiрiгу, қосылу, бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен қайта ұйымдастырылуына байланысты тiркелген активтердi алу кезiнде осы баптың 2-тармағының негiзiнде тiркелген активтердiң бастапқы құнына енгiзiлмейтiн шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезiнде мұндай активтердiң құнын ұлғайтатын iс жүзiндегi шығындар ескерiле отырып, осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайды қоспағанда, алынған активтердiң беру актiсiнде немесе бөлу балансында көрсетiлген баланстық құны осындай тiркелген активтердiң бастапқы құны болып табылады.
Бiрiгу жолымен құрылып, жаңадан пайда болған заңды тұлғаның немесе оған басқа заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның кiшi тобының (тобының) құндық балансы осы Кодекстiң 119-бабының 6-тармағының екiншi бөлiгiне сәйкес беру актiсiнде осындай құн көрсетiлген жағдайда салықтық есепке алу деректерi бойынша берiлетiн тiркелген активтердiң құнына ұлғайтылады.»;
11-тармақ «көшу күнiне» деген сөздерден кейiн «құнсыздану мен қайта бағалау есепке алынбай» деген сөздермен толықтырылсын;

35) 120-баптың 2-тармағындағы «амортизация нормаларын қолдану жолымен, бiрақ салық кезеңiнiң соңында кiшi топтың, топтың құндық балансына осы тармақта белгiленген нормалардан жоғары болмайтындай етiп» деген сөздер «салықтық есепке алу саясатында көрсетiлген, осы тармақта белгiленген шектi нормалардан аспауға тиiс амортизация нормаларын салық кезеңiнiң соңында кiшi топтың, топтың құндық балансына қолдану жолымен» деген сөздермен ауыстырылсын;

36) 122-бапта:
1-тармақ «жөндеу,» деген сөзден кейiн «реконструкциялау, жаңғырту,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi «3-тармағына» деген сөздер «4-тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын;

37) 125-баптың 2-тармағында:
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Кодекстiң 100-бабы 12-тармағының екiншi бөлiгiне сәйкес шегерiмге жатқызылған шығындардан (шығыстардан);»;
мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
«салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 100-бабы 6 және 13-тармақтарының, сондай-ақ осы Кодекстiң 101 - 114-баптарының негiзiнде шегерiмге құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);»;

38) 133-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасының үшiншi абзацы мынадай мазмұндағы үшiншi сөйлеммен толықтырылсын:
«Өтеусiз берiлген өзге де мүлiктiң құны аталған мүлiктi қабылдау-беру актiсiнде көрсетiлген, берiлген мүлiктiң баланстық құны мөлшерiнде айқындалады;»;
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақыны;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзуден шеккен залалдарға азайтылған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстарды;
3-2) агенттiк облигацияларды өткiзуден туындаған залалдарға азайтылған агенттiк облигацияларды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстарды;»;
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткiзуден туындаған залалдарға азайтылған, заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстарды азайтуға құқығы бар. Осы тармақша бiр мезгiлде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерiн өткiзу күнiне салық төлеушiнiң осы акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленуi;
эмитент заңды тұлғаның немесе онда қатысу үлесi өткiзiлетiн заңды тұлғаның немесе қатысу үлесiн консорциумда өткiзетiн осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент заңды тұлға немесе онда қатысу үлесi өткiзiлетiн заңды тұлға активтерi құнының немесе қатысу үлесi өткiзiлетiн консорциумға қатысушылар активтерi жалпы құнының 50 пайыздан астамы осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.
7) өткiзу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзуден туындайтын залалдарға азайтылған, өткiзу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстарға азайтуға құқығы бар.»;
3-тармақ алып тасталсын;

39) 135-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «4)» деген цифр «5)» деген цифрмен ауыстырылсын;

40) 136-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында көрсетiлген залалдар, сондай-ақ I топтың тiркелген активтерiнiң шығып қалуынан шеккен залалдар кәсiпкерлiк қызметтен шегетiн залал болып табылмайды.»;

41) 137-баптың 3 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткiзуден туындаған залалдар заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстар есебiнен өтеледi. Осы тармақ бiр мезгiлде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерiн өткiзу күнiне салық төлеушiнiң осы акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленуi;
эмитент заңды тұлғаның немесе онда қатысу үлесi өткiзiлетiн заңды тұлғаның немесе қатысу үлесiн консорциумда өткiзетiн осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент заңды тұлға немесе онда қатысу үлесi өткiзiлетiн заңды тұлға активтерi құнының немесе қатысу үлесi өткiзiлетiн консорциумға қатысушылар активтерi жалпы құнының 50 пайыздан астамы осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.»;
«7. Ауыл шаруашылығы өнiмiн, акваөсiру (балық шаруашылығы) өнiмiн өндiрушi заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтерi үшiн арнаулы салық режимiн қолдану шеңберiнде шеккен залалдар келесi салық кезеңдерiне ауыстырылмайды.»;

42) 141-баптың 2-тармағында:
1) тармақшадағы «тиiстi қаржы жылының» деген сөздер «алдыңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «және 135-баптың 2 және 3-тармақтарының» деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшадағы «салық төлеушiлер корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептемейдi және төлемейдi, оның iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы жөнiндегi декларацияны тапсырғанға дейiнгi және кейiнгi кезеңдерi үшiн төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етпейдi.» деген сөздер «салық төлеушiлер;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) осы Кодекстiң 135-бабы 2 және 3-тармақтарының талаптарына сай келетiн салық төлеушiлер;
7) осы Кодекстiң 150-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетiн салық төлеушiлер корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептемейдi және төлемейдi, оның iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы жөнiндегi декларацияны тапсырғанға дейiнгi және кейiнгi кезеңдерi үшiн төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етпейдi.»;

43) 143-баптың 2-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерiнiң кооперативтерiнен басқа, акционерлiк қоғамдар, мекемелер мен тұтыну кооперативтерi нысанында тiркелгендердi қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға төленетiн депозиттер бойынша сыйақыға төлем көзiнен салық салынуға жатпайды.»;

44) 144-бапта:
1-тармақтағы «немесе 4-тармағында» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ «осы Кодекстiң» деген сөздерден кейiн «143-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген табыстарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Заңды тұлға құрылымдық бөлiмшесi төлеген (төлеуге жататын) төлем көзiнен салық салынатын табыстар бойынша өзiнiң осындай құрылымдық бөлiмшесiн төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы бойынша салық агентi деп өз шешiмiмен тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, заңды тұлғаның шешiмi немесе мұндай шешiмнiң күшiн жою мұндай шешiм қабылданған жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлiмше салық агентi деп танылған жағдайда, онда заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешiмi осы құрылымдық бөлiмше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлiмше құрылған жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Осы тармақтың ережелерi Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға төленетiн (төлеуге жататын) табыстардан төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығына қолданылмайды.»;

45) мынадай мазмұндағы 144-1-баппен толықтырылсын:

«144-1-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан
қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды
тұлғалардың табыстарына салық салу тәртiбi

Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың осы Кодекстiң 143-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгiленген табыстарынан корпоративтiк табыс салығын есептеу, ұстау және аудару, сондай-ақ салық есептiлiгiн табыс ету осы Кодекстiң 23-тарауында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.»;

46) 149-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

47) 150-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «тiркеу есебiнде тұрған» деген сөздер «орналасқан жерi бойынша салық төлеушiлер ретiнде тiркелген» деген сөздермен ауыстырылсын;

48) 151-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi алып тасталсын;

49) 154-баптың 1-тармағында:
«төлем көзiнен» деген сөздерден кейiн «жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
«19 және 25-тарауларында» деген сөздер «19-тарауында» деген сөздермен ауыстырылсын;

50) мынадай мазмұндағы 154-1-баппен толықтырылсын:

«154-1-бап. Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына салық
салу тәртiбi

Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару, сондай-ақ салық есептiлiгiн табыс ету осы Кодекстiң 25-тарауында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.»;

51) 155-баптың 3-тармағында:
4) тармақшада:
үшiншi абзацта:
«Қазақстан Республикасының шегiнде қырық тәулiкке дейiн iссапарда болған кезең үшiн» деген сөздер «Қазақстан Республикасы шегiндегi iссапар бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тәулiгiне» деген сөз «қырық тәулiктен аспайтын кезеңдегi әрбiр тәулiк үшiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi абзацта:
«Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде қырық тәулiкке дейiн iссапарда болған кезең үшiн» деген сөздер «Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге iссапар бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тәулiгiне» деген сөз «қырық тәулiктен аспайтын кезеңдегi әрбiр тәулiк үшiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) жұмыс берушiнiң вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдардың өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн:
тұрғын үй жалдау бойынша;
осы тармақтың 4) тармақшасында белгiленген тәулiктiк өтемақы шегiнде тамақтануға арналған шығыстары;»;
19) тармақшадағы «мемлекеттiк тiркеуге» деген сөздер «Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркелуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) тармақшада:
«ұзақ уақыт» деген сөздерден кейiн «Қазақстан Республикасының аумағында» деген сөздермен толықтырылсын;
«тұрғын жайларды» деген сөздер «тұрғын үйлердi» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) тармақша «ұзақ уақыт» деген сөздерден кейiн «Қазақстан Республикасының аумағында» деген сөздермен толықтырылсын;
22) тармақша «орналаспаған,» деген сөзден кейiн «Қазақстан Республикасының аумағындағы және» деген сөздермен толықтырылсын;

52) 156-бапта:
1-тармақта:
4) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақылар;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстар;
4-2) агенттiк облигацияларды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстар;»;
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) бiр мезгiлде мынадай:
дивидендтердi есептеу күнiне салық төлеушiнiң олар бойынша дивидендтер төленетiн акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленуi;
дивидендтер төлейтiн заңды тұлғаның дивидендтер төленетiн кезең iшiнде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
дивидендтер төлейтiн заңды тұлға активтерi құнының 50 пайыздан астамы дивидендтердi төлеу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегi дивидендтер.
Осы тармақшаның ережелерi резидент заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;
заңды тұлға өзiнiң құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi;
құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде салған мүлкiн қоспағанда, заңды тұлғаны таратқан кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайтқан кезде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғадағы қатысу үлесiн алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн табыс түрiнде алынған дивидендтер бойынша қолданылады.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiнiң дивидендтер төлейтiн заңды тұлға активтерiнiң құнындағы үлесi осы Кодекстiң 197-бабына сәйкес айқындалады;
8) әскери қызметшiнiң әскери қызмет мiндеттерiн орындаумен байланысты, құқық қорғау органы қызметкерiнiң (кеден органының қызметкерiн қоспағанда) қызметтiк мiндеттерiн орындаумен байланысты табыстары;»;
8-1) тармақша алып тасталсын;
10) тармақша «заңда белгiленген» деген сөздерден кейiн «және мұндай төлем күнi қолданыста болатын» деген сөздермен толықтырылсын;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстар. Осы тармақша бiр мезгiлде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерiн өткiзу күнiне салық төлеушiнiң осы акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленуi;
эмитент заңды тұлғаның немесе қатысу үлесi өткiзiлетiн заңды тұлғаның немесе қатысу үлесiн консорциумда өткiзетiн осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент заңды тұлға немесе онда қатысу үлесi өткiзiлетiн заңды тұлға активтерi құнының немесе онда қатысу үлесi өткiзiлетiн консорциумға қатысушылар активтерiнiң жалпы құнының 50 пайыздан астамы осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кезде қолданылады;»;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша қызметкердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқытуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберген кезде жұмыс берушiнiң мынадай түрдегi шығыстары:
басқа жерге қызметтiк iссапарын ресiмдеу кезiнде - қызметкердi оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе қайта даярлау үшiн төлеуге нақты жұмсалған шығыстары;
басқа жерге қызметтiк iссапарын ресiмдемей:
қызметкердi оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе қайта даярлау үшiн төлеуге нақты жұмсалған шығыстары;
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар шегiнде қызметкердiң тұруына нақты жұмсалған шығыстары;
қызметкер оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, бiлiктiлiктi арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейiн қайтуына нақты жұмсалған шығыстары жатады;
жұмыс берушiнiң:
қызметкер Қазақстан Республикасының шегiнде оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде – тәулiгiне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 6 еселенген мөлшерi;
қызметкер Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде - тәулiгiне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерi шегiнде қызметкерге төлеуге тағайындаған ақша сомасы жатады;»;
24-1) тармақша алып тасталсын;
41) тармақшаның бiрiншi абзацындағы «резидент шетелдiк тұлғаға қатысты осындай ұйымның жұмыстарын орындау, оған қызметтер көрсету бойынша оның Қазақстан Республикасындағы қызметiне байланысты» деген сөздер «осындай ұйымның қызметкерi болып табылатын не осындай ұйымның жұмыстарын орындау, оған қызметтер көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент шетелдiк тұлғаға қатысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың 1-тармағының 12) және 13) тармақшаларында көзделген табыстарды салық салудан босату мұндай босатуды қолдану үшiн негiздер болатын салық кезеңдерi үшiн берiледi.
Салық төлеушi (салық агентi) табыс төлеу күнiнен бұрын түзету қолдану үшiн негiз туындаған күнi растау құжаттарын табыс еткен жағдайда, осы баптың 1-тармағының 12) және 13) тармақшаларында көзделген түзетулердi мұндай түзетулердi қолдану үшiн негiз болатын салық кезеңiндегi табысқа қолдануға құқылы.»;

53) 161-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық агентi төленген табыстар бойынша жеке табыс салығын аударуды табыс төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейiн күнтiзбелiк жиырма бес күннен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
Салық агентiнiң құрылымдық бөлiмшелерi қызметкерiнiң табыстары бойынша жеке табыс салығын аудару құрылымдық бөлiмшелердiң орналасқан жерi бойынша тиiстi бюджеттерге жүргiзiледi.
Заңды тұлға өз шешiмiмен оның құрылымдық бөлiмшесi төлеген (төлеуге жататын) төлем көзiнен салық салынатын табыстар бойынша өзiнiң құрылымдық бөлiмшесiн төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салық агентi деп тануға құқылы.
Бұл ретте заңды тұлғаның шешiмi немесе мұндай шешiмнiң күшiн жою мұндай шешiм қабылданған тоқсаннан кейiнгi тоқсаннан бастап күшiне енедi.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлiмше салық агентi деп танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешiмi осы құрылымдық бөлiмше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлiмше құрылған тоқсаннан кейiнгi тоқсаннан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша салық агенттерi деп танылған құрылымдық бөлiмшелер осы Кодекстiң 12-бөлiмiнiң мақсаты үшiн әлеуметтiк салықты дербес төлеушiлер болып танылады.»;

54) 162-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларацияны салық агентi салық төлеу орны бойынша салық органдарына есептi салық кезеңдерi кiретiн тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етедi.»;

55) 166-бапта:
2-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық кезеңi iшiнде жұмыс берушi өзгерген жағдайда, оның қайта ұйымдастырылу жағдайларын қоспағанда, алдыңғы жұмыс берушiде жұмыс кезеңi iшiнде құралған асып түскен сома жаңа жұмыс берушiде есептелмейдi.»;
6-тармақта:
1) тармақшадағы «күнтiзбелiк бiр жылдағы салық шегерiмiнiң жалпы сомасы» деген сөздер «осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ұсынылатын салық шегерiмiнiң жалпы сомасы мен осы Кодекстiң 156-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес ұсынылатын түзету сомасы, жиынтығында күнтiзбелiк бiр жылда» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «табыс етсе» деген сөздер «табыс етсе, салық төлеушiге осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасында белгiленген салық шегерiмiн жасау құқығы берiледi.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақша алып тасталсын;

56) 178-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiкте:
«Төлем көзiнен» деген сөздер «Егер осы Кодекстiң осы бабында және 182-бабында өзгеше белгiленбесе, төлем көзiнен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«табыс сомасына» деген сөздер «тиiстi табыстың салық салынатын сомасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Бұл ретте есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығының осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасына азайтылады.»;
екiншi бөлiкте:
«салық салынбайтын табыс» деген сөздер «салық салынбайтын тиiстi табыстың салық салынатын сомасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Егер осы бапта және осы Кодекстiң 182-бабында өзгеше белгiленбесе, төлем» деген сөздер «Төлем» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Бұл ретте есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығының осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасына азайтылады.»;

57) 180-бапта:
2-тармақта:
1) тармақшадағы «тұрғын жайларды» деген сөздер «тұрғын үйлердi» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «заңды тұлғадағы» деген сөздер алып тасталсын;
7-тармақтағы «5-тармағына» деген сөздер «5 және 6-тармақтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;

58) 183-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, дара кәсiпкердiң салық салынатын табысы осы Кодекстiң 83 - 133, 136, 137 және 224-баптарына сәйкес корпоративтiк табыс салығы салынатын объектiнi айқындау үшiн белгiленген тәртiппен, сондай-ақ осы Кодекстiң 156-бабында көзделген түзетулер ескерiле отырып және осы Кодекстiң 166-бабының 5 және 6-тармақтарының ережелерi ескерiле отырып, осы Кодекстiң 166-бабының 1-тармағында белгiленген салықтық шегерiмдермен айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағына сәйкес дара кәсiпкердiң салық салынатын табысын айқындау кезiнде осы Кодекстiң 133-бабының 2-тармағы 2), 3), 3-1), 3-2), 6) және 7) тармақшаларының ережелерi қолданылмайды.»;

59) 184-баптың 1-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, салық агенттерi болып табылмайтын, шет мемлекеттiң дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктерiмен, шет мемлекеттiң консулдық мекемелерiмен жасалған еңбек шарттары (келiсiмшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстары;»;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөнiндегi мiндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекеттiк ұйымдармен, шетелдiк және қазақстандық үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасасылған еңбек шарттары (келiсiмшарттар) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстары.»;

60) 186-баптағы «Конституциялық заңына» деген сөздер «Конституциялық заңында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнде» деген сөздермен ауыстырылсын;

61) 189-бапта:
2-тармақтың екiншi бөлiгi алып тасталсын;
5-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi «өзге заңды тұлғалар» деген сөздер «шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;

62) 190-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

63) 191-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«191-бап. Резидент еместiң тұрақты мекемесi

1. Егер халықаралық шартта өзгеше белгiленбесе, резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесi деп қызметiн жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында кәсiпкерлiк қызметiн сол арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы мынадай қызмет орындарының бiрi танылады:
1) тауарларды өндiру, өңдеу, жинақтау, орау, буып-түю және (немесе) беру жүзеге асырылатын кез келген орын;
2) кез келген басқару орны;
3) жер қойнауын геологиялық зерттейтiн, пайдалы қазбаларды барлауды, өндiруге дайындық жұмыстарын және (немесе) пайдалы қазбаларды өндiрудi жүзеге асыратын және (немесе) пайдалы қазбаларды барлауды және (немесе) өңдеудi бақылау және (немесе) қадағалау жөнiндегi жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететiн кез келген орын;
4) құбыржолға байланысты қызметтi (оның iшiнде бақылау немесе қадағалау) жүзеге асыратын кез келген орын;
5) жабдықты орнатуды, монтаждауды, жинауды, қалпына келтiрудi, iске қосуды жүзеге асыратын кез келген орын. Бұл ретте тұрақты мекеме мұндай жабдыққа кейiннен қызмет көрсете отырып, осы тармақшада көрсетiлген қызмет түрлерiнiң ең болмағанда бiреуiн жүзеге асыру кезiнде пайда болады;
6) ойын автоматтарын (жалғамаларын қоса), компьютерлiк желiлер мен байланыс арналарын, аттракциондарды орнатуға, ретке келтiруге және пайдалануға байланысты, сондай-ақ көлiк немесе өзге де инфрақұрылымға байланысты қызметтi жүзеге асыратын кез келген орын;
7) егер осы баптың 3-тармағында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткiзу орны;
8) құрылыс қызметiн және (немесе) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын, сондай-ақ осы жұмыстардың орындалуын қадағалау жөнiндегi қызметтердi көрсететiн кез келген орын;
9) осы баптың 4-тармағында аталған қызметтi жүзеге асыратын өкiлдiктi қоспағанда, филиалдың немесе өкiлдiктiң орналасқан жерi;
10) «Сақтандыру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында резидент еместiң атынан делдалдық қызметтi жүзеге асыратын тұлғаның орналасқан жерi;
11) шет мемлекеттiң не мұндай бiрлескен қызмет Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес резидент емеспен жасалған бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резиденттiң орналасқан жерi.
2. Егер осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында осы баптың 1-тармағында көзделмеген қызметтердi көрсету, жұмыстарды орындау кезiнде, егер мұндай сипаттағы қызмет Қазақстан Республикасының аумағында бiр жоба немесе байланысты жобалар шеңберiнде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру басталған күннен бастап кез келген келесi он екi айлық кезең шегiнде күнтiзбелiк бiр жүз сексен үш күннен астам жалғасатын болса, осындай мақсаттар үшiн резидент емес жалдаған қызметшi немесе басқа персонал арқылы қызметтердi көрсету, жұмыстарды орындау орны тұрақты мекеме деп танылады.
Осы бөлiмнiң мақсаты үшiн олар бойынша келiсiмшарттар (шарттар) өзара байланысты немесе өзара тәуелдi болып табылатын жобалар байланысты жобалар деп танылады.
Бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн:
1) мұндай келiсiмшарттар (шарттар) бойынша резидент емес немесе оның өзара байланысты тарапы қандай да бiр салық агентiне немесе оның өзара байланысты тарапына бiрдей немесе бiртектес қызметтер (жұмыстар) көрсететiн (орындайтын);
2) бiр келiсiмшарт (шарт) бойынша қызметтер көрсету (жұмыстар орындау) аяқталған күн мен басқа келiсiмшарт (шарт) жасалған күн арасындағы уақыт кезеңi келесi он екi айдан аспайтын келiсiмшарттар (шарттар) өзара байланысты келiсiмшарттар (шарттар) деп танылады.
Резидент емес немесе оның өзара байланысты тарапы салық агентiмен немесе оның өзара байланысты тарапымен жасаған келiсiмшарттар (шарттар) өзара тәуелдi деп танылады, резидент еместiң немесе оның өзара байланысты тарапының олардың бiреуi бойынша мiндеттемелерiн орындамауы мұндай резидент еместiң немесе оның өзара байланысты тарапының басқа келiсiмшарт (шарт) бойынша мiндеттемелердi орындауына әсер етедi.
3. Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында өткiзiлген көрмелерде және жәрмеңкелерде өткiзу кезiнде, егер мұндай өткiзу күнтiзбелiк он күннен астамға созылса және осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, резидент емес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрады.
4. Резидент еместiң Қазақстан Республикасының аумағында резидент еместiң негiзгi қызметiнен ерекшеленетiн дайындық және көмекшi сипаттағы қызметтi жүзеге асыруы, егер мұндай қызмет үш жылдан аспайтын болса және осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайды. Бұл ретте дайындық және көмекшi сипаттағы қызмет үшiншi бiр тұлғалар үшiн емес, резиденттiң өзi үшiн жүзеге асырылуға тиiс. Дайындық және көмекшi сипаттағы қызметке:
1) кез келген орынды резидент емеске тиесiлi тауарды сақтау және (немесе) көрсету мақсатында ғана пайдалану;
2) тауарларды өткiзбей, оларды сатып алу мақсатында ғана тұрақты қызмет орнын ұстау;
3) тұрақты қызмет орнын, егер мұндай қызмет осы резидент еместiң негiзгi қызметi болып табылмаса, ақпарат жинау, өңдеу және (немесе) тарату, резидент еместiң өткiзетiн тауарларын, жұмыстарын, қызметтерiн жарнамалау немесе олардың нарығын зерделеу үшiн ғана ұстау жатады.
5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерiне қарамастан, егер резидент емес Қазақстан Республикасының аумағында кәсiпкерлiк қызметiн тәуелдi агент (жеке немесе заңды тұлға) арқылы жүзеге асырса, онда мұндай резидент емес, егер осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, тәуелдi агент ол үшiн жүзеге асыратын кез келген қызметке байланысты тұрақты мекемесi бар резидент емес ретiнде қарастырылатын болады.
Осы бөлiмнiң мақсаты үшiн бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн тұлға тәуелдi агент деп танылады:
1) шарттық қатынастар негiзiнде Қазақстан Республикасында резидент еместiң мүдделерiн бiлдiруге, резидент еместiң атынан және есебiнен әрекет етуге және (немесе) белгiлi бiр заңды iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттiк берiледi;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған қызметтi ол кеден өкiлiнiң, бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының қызметi және өзге де брокерлiк қызмет (сақтандыру брокерiнiң қызметiн қоспағанда) шеңберiнде жүзеге асырмайды;
3) оның қызметi осы баптың 4-тармағында санамаланған қызмет түрлерiмен шектелмейдi.
6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған резидент емес заңды тұлғаның еншiлес ұйымы, егер еншiлес ұйым мен резидент емес заңды тұлға арасында осы баптың 5-тармағының ережелерiне сай келетiн қатынастар туындаса, резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесi ретiнде қарастырылады. Өзге жағдайларда резидент емес заңды тұлғаның еншiлес ұйымы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесi ретiнде қарастырылмайды.
7. Егер осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, заңды тұлғаға, оның iшiнде тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент емеске Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстеу үшiн шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсететiн резидент емес бiр мезгiлде мынадай талаптарды орындаған кезде:
1) егер мұндай персонал өзiн ұсынған заңды тұлғаның атынан және соның мүдделерiн көздеп әрекет етсе;
2) шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсететiн резидент емес ұсынылған персоналдың жұмыс нәтижелерi үшiн жауапты болмаса;
3) резидент еместiң шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсетуден салық кезеңiнде алатын табысы резидент еместiң осындай персоналды ұсыну бойынша көрсетiлген кезеңдегi шығындарының жалпы сомасының он пайызынан аспайтын болса, Қазақстан Республикасында мұндай қызметтер бойынша тұрақты мекеме құрмайды.
Шетелдiк персоналдың табыстарын қоса алғанда, осындай қызметтер көрсетуге арналған шығындардың сомасын растау үшiн резидент емес көрсетiлетiн қызметтердi алушыға бастапқы құжаттарының көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi. Осы тармақта белгiленген талаптарды орындау кезiнде, шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызметтер көрсететiн резидент еместiң табысынан корпоративтiк табыс салығын есептеу мақсаттары үшiн резидент еместiң мұндай қызметтерi Қазақстан Республикасынан тыс жерде көрсетiлген қызметтер болып танылады.
8. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкеп соғатын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын резидент емес осы Кодекстiң 562-бабында белгiленген тәртiппен салық органында салық төлеушi ретiнде тiркелуге мiндеттi.
Егер резидент емес бiр салық органында тiркелуге жататын екi және одан да көп тұрақты мекеме құруға әкеп соғатын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған жағдайда, онда резидент еместiң мұндай тұрақты мекемелерiнiң тобы бойынша жиынтық түрде бiр тұрақты мекеме тiркелуге жатады.
Егер резидент еместiң осы баптың 2, 3, 4, 5 немесе 7-тармақтарында көзделген қызмет түрлерiнiң бiрiн жүзеге асыратын тiркелген тұрақты мекемесi болса және ұқсас немесе осындай қызметтi мұндай тұрақты мекеме тiркелген орыннан өзгеше орын бойынша жүзеге асырса, онда мұндай қызметтi жүзеге асыру тұрақты мекеме құруға әкеп соғады және ұқсас немесе осындай қызметтi жүзеге асыру басталған күннен бастап тiркелуге тиiс.
Егер резидент емес қызметiн мұндай резидент еместiң тұрақты мекемесiн салық төлеушiлердiң мемлекеттiк дерекқорынан алып тастағаннан кейiн келесi он екi айлық кезең iшiнде қайта бастаса, онда мұндай резидент емес тұрақты мекеме құрған деп танылады және мұндай қызметiн жүзеге асыра бастаған күннен бастап салық төлеушi ретiнде тiркелуге жатады. Осы бөлiктiң ережелерi, егер резидент емес салық төлеушiлердiң мемлекеттiк дерекқорынан алынып тасталған мұндай резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң сондай немесе соған ұқсас қызметi болып табылатын, осы баптың 2, 3 немесе 4-тармақтарында аталған қызмет түрлерiнiң бiрiн жүзеге асырған жағдайда, қолданылады.
9. Резидент еместер қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде жүзеге асырған жағдайда:
1) мұндай шартқа әрбiр қатысушының қызметi осы бапта белгiленген ережелерге сәйкес келген кезде тұрақты мекеме құрады;
2) салық мiндеттемесiн орындауды мұндай шартқа әрбiр қатысушы осы Кодексте белгiленген тәртiппен дербес жүзеге асырады.
10. Резидент еместiң салық органдарында салық төлеушi ретiнде тiркелмегенiне немесе әдiлет органдарында есептiк тiркеуден өтпегенiне қарамастан, резидент еместiң қызметi осы баптың ережелерiне сәйкес тұрақты мекеме құрады.
11. Осы Кодекстi қолдану мақсатында резидент еместiң Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыруды бастаған күнi ретiнде:
1) мыналарға:
Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге;
өз атынан Қазақстан Республикасында iс-әрекет жасауға өкiлеттiктер беруге;
өткiзу мақсатында Қазақстан Республикасында тауарлар сатып алуға;
Қазақстан Республикасында бiрлескен қызмет туралы шарт шеңберiнде жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге;
Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету мақсатында жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға арналған келiсiмшарттың (шарттың, келiсiмнiң) бiрiн жасасу;
2) Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғамен алғашқы еңбек шартын немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы өзге де шартты жасасу күнi не осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген келiсiмшарт талаптарын орындау үшiн қызметкердiң Қазақстан Республикасына келген күнi танылады. Бұл ретте резидент еместiң Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыруды бастаған күнi осы тармақшада көрсетiлген алғашқы күндердiң бiрiнен бұрын бола алмайды;
3) осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген қызметтi жүзеге асыруға резидент еместiң құқығын куәландыратын құжаттың күшiне енген күнi танылады.
Осы тармақтың бiрнеше талаптары болған жағдайда, осы тармақта көрсетiлген күндердiң неғұрлым бұрынырағы Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыруды бастаған күн болып танылады.
12. Егер резидент емес қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа немесе осы баптың 4-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын филиал немесе өкiлдiк арқылы қызметiн жүзеге асырған жағдайда, онда резидент еместiң мұндай филиалына немесе өкiлдiгiне осы Кодекстiң резидент еместiң тұрақты мекемесi үшiн көзделген ережелерi қолданылатын болады. Бұл ретте мұндай филиалдың немесе өкiлдiктiң осы Кодекстiң 217-тармағына сәйкес қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқықтары бар.»;

64) 192-бапта:
1-тармақта:
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басқарушылық, қаржылық (сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру жөнiндегi қызметтердi қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, заң (соттарда, төрелiк сотта немесе аралық сотта өкiлдiк ету және құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi қызметтердi, сондай-ақ нотариаттық қызметтердi қоспағанда) қызметтерiн көрсетуден түсетiн табыстар.
Осы бөлiмнiң мақсатында сақтандыру нарығына, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi, банк қызметi, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзу жөнiндегi ұйымдардың қызметi, сондай-ақ орталық депозитарийдiң және өзара сақтандыру қоғамдарының қызметi қаржы қызметтерi деп танылады;
4) Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Кодекстiң 224-бабына сәйкес айқындайтын жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң нақты орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн табыстары, сондай-ақ осы бапта белгiленген өзге де табыстары.
Осы тармақшаның ережелерi жеңiлдiктi салық салынатын мемлекеттiң аумағында осы мемлекет аумағында тiркелген резидент еместiң жеке тұлғаға туристiк қызметтер көрсетуден түсетiн табыстарына қатысты қолданылмайды;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) бұрын негiзсiз ұсталған айыппұлдардың бюджетке қайтарылғандарынан басқа, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiмпұл) және санкциялардың басқа да түрлерi;»;
9) тармақшадағы «Қазақстан Республикасында орналасқан» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес құрылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
10), 11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар нысанындағы табыстар;
11) эмитенттен алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар нысанындағы табыстар;
12) роялти нысанындағы табыстар;»;
16) тармақшада:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«халықаралық тасымал жөнiндегi қызметтердi көрсетуден түсетiн табыстар.»;
үшiншi бөлiкте:
екiншi абзацтағы «Қазақстан Республикасы iшiндегi» деген сөздер «Қазақстан Республикасының аумағындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«пайдалы қазбаларды құбыржолдармен тасымалдау халықаралық тасымалдар болып танылмайды;»;
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) теңiз тасымалы шартында (келiсiмшартта) көзделген сталиялық уақыттан тыс тиеу-түсiру операцияларында кеменiң бос тұрып қалғаны үшiн төлем түрiндегi табыс;»;
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«21) резидент емес жеке тұлғаның жұмыс берушiден алынған материалдық пайда түрiндегi Қазақстан Республикасындағы қызметiнен түсетiн табыстары.
Осы бөлiмнiң мақсатында материалдық пайда деп, оның iшiнде:
резидент емес жеке тұлға тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетiлген қызметтерге үшiншi тұлғалардан алған төлем және (немесе) олардың құнының өтемi;
резидент емес жеке тұлға өткiзген тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу бағасы немесе олардың өзiндiк құны арасындағы терiс айырма;
резидент емес жеке тұлғаның борыш немесе мiндеттеме сомасын есептен шығару танылады;»;
мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
«21-1) резидент емес жеке тұлғаның жұмыс берушi болып табылмайтын тұлғадан алған материалдық пайда түрiндегi табыстары.
Осы бөлiмнiң мақсатында материалдық пайда деп, оның iшiнде:
резидент емес жеке тұлға тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетiлген қызметтерге үшiншi тұлғалардан алған төлем және (немесе) олардың құнының өтемi;
резидент емес жеке тұлғаға өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу бағасы немесе олардың өзiндiк құны арасындағы терiс айырма;
резидент емес жеке тұлғаның борыш немесе мiндеттеме сомасын есептен шығару танылады;»;
26) және 29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«26) резидент емес жеке тұлғаның резидент жеке тұлғадан өтеусiз алынған мүлкiн қоспағанда, өтеусiз алынған немесе мұраға қалдырылған мүлiк, оның iшiнде жұмыстар, қызметтер түрiндегi табыстары.
Өтеусiз орындалған жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң құны осындай жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге байланысты жұмсалған шығыстар мөлшерiнде айқындалады.
Өтеусiз орындалған жұмыстарды, көрсетiлген қызметтердi қоспағанда, өтеусiз алынған мүлiктiң құны мүлiктi беру күнгi мұндай мүлiктi берген тұлғаның бухгалтерлiк есебiнiң деректерi бойынша оның баланстық құнының мөлшерiмен айқындалады.
Өтеусiз алынған мүлiктiң, сондай-ақ мұраға қалдырылған мүлiктiң құнын бухгалтерлiк есеп деректерiнен айқындау мүмкiндiгi болмаған жағдайда, берiлген немесе мұраға енгiзiлген күнiне мұндай мүлiктiң құны мынадай тәсiлдердiң бiрiмен:
мұндай мүлiк алынған күнтiзбелiк жылдың бiрiншi қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген құн негiзiнде;
көрсетiлген бағалы қағазды мұраға алған (енгiзiлген) күнi қазақстандық немесе шетелдiк қор биржасында саудаланатын бағалы қағаздың бағамдалуы негiзiнде белгiленедi.
Өтеусiз алынған немесе мұраға қалдырылған мүлiктiң құнын осы тармақшада белгiленген тәртiппен айқындау мүмкiндiгi болмаған жағдайда, құн мүлiктi бағалау туралы есептiң негiзiнде айқындалады;»;
«29) Қазақстан Республикасының аумағындағы қызмет нәтижесiнде пайда болған басқа да табыстар.
Бұл ретте осы баптың 3), 4), 10) – 12), 21-1) және 24) тармақшаларының ережелерi:
резиденттiң
егер төлемдер осындай тұрақты мекеменiң қызметiне немесе мүлкiне байланысты болса, қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместiң
егер филиал, өкiлдiк қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа немесе осы Кодекстiң 191-бабының 4-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, резидент еместiң филиалының, өкiлдiгiнiң табыстарды есептеуi және (немесе) төлеуi шартымен қолданылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мыналар:
1) осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес резидент еместiң табыстарынан есептелген және салық агентi өз қаражаты есебiнен оны ұстамай Қазақстан Республикасының бюджетiне төлеген табыс салығының сомасы;
2) оларға резидент жүктеген басқарушылық мiндеттердi орындауға байланысты басқару органы (директорлар кеңесi немесе өзге орган) мүшелерi жұмсаған шығыстар өтемақысы, мынадай шекте:
мұндай шығыстарды растайтын құжаттар (соның iшiнде оның құнын төлеу фактiсiн растайтын құжат болған кезде электрондық билет) негiзiнде бронь үшiн шығыстар төлемiн қоса алғанда, басқарушылық мiндеттердi орындау орнына бару және қайту жолына нақты жұмсалған шығыстар;
мұндай шығыстарды растайтын құжаттар негiзiнде тұрғын үй-жайды жалдауға нақты жұмсалған, бiрақ шетелде iссапарда болған мемлекеттiк қызметшiнiң қонақ үйлерден бiр орынды стандартты нөмiрлердi жалдауы бойынша шығыстарды өтеудiң шектi нормаларынан аспайтын шығыстар;
басқарушылық мiндеттердi орындау үшiн Қазақстан Республикасының шегiнде қырық тәулiкке дейiн болған кезең үшiн – тәулiгiне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 6 еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын ақша сомасы;
басқарушылық мiндеттердi орындау үшiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде қырық тәулiкке дейiн болған кезең үшiн – тәулiгiне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерiнен аспайтын ақша сомасы резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден табысы болып табылмайды. Бұл ретте, басқарушылық мiндеттердi орындау орны тұрақты тұратын орнымен сәйкес келмеуi тиiс.»;

65) 193-бапта:
тақырып «көзiнен» деген сөзден кейiн «корпоративтiк» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақта:
бiрiншi бөлiк «көзiнен» деген сөзден кейiн «корпоративтiк» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Төлем көзiнен салық салынатын табыстар бойынша корпоративтiк табыстар салығын есептеу мен ұстауды салық агентi:
1) есептелген және төленген табыстар бойынша – резидент емес заңды тұлғаға табыстар төлеу күнiнен кешiктiрмей;
2) шегерiмге жатқызылған, есептелген және төленбеген табыстар бойынша – корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшiн осы Кодекстiң 149-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей жүргiзедi.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың мақсатында бағалы қағаздарды, қатысу үлестерiн өткiзу кезiндегi құн өсiмi осы Кодекстiң 87-бабына сәйкес айқындалады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Төлем көзiнен корпоративтiк табыс салығын резидент емес заңды тұлғаға табыс төлеудi жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, салық агентi ұстайды.»;
3-тармақта:
бiрiншi абзац «көзiнен» деген сөзден кейiн «корпоративтiк» деген сөзбен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «6» деген цифр «4» деген цифрмен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «резидент эмитентiне жүктеледi» деген сөздер «эмитент резидентiне;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) осы баптың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлгендердi қоспағанда, осы Кодекстiң 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында белгiленген шарттар орындалмаған кезде, бағалы қағаздарды, қатысу үлестерiн сатып алатын резидент емес заңды тұлғаға жүктеледi.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес резидент еместiң табыстарынан есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын салық агентi өз қаражаты есебiнен оны ұстамай төлеген кезде, салық агентiнiң төлем көзiнен корпоративтiк табыс салығын ұстау және аудару жөнiндегi мiндетi орындалған болып саналады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Осы бөлiмнiң мақсатында осы Кодекске және Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасына сәйкес салық салу объектiлерiн түзету кезiнде пайда болатын дивидендтерге салық салу кезiнде, осы Кодекстiң 12-бабы 1-тармағы 14) тармақшасының бiрiншi бөлiгiнiң екiншi-бесiншi абзацтарына және екiншi бөлiгiне сәйкес табысты айқындау табысты төлеу деп түсiнiледi. Бұл ретте, корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшiн осы Кодекстiң 149-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiм табысты төлеу күнi болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Резидент еместермен жасалған келiсiмшарттарда Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде жұмыстардың, қызметтердiң алуан түрлерiнiң орындалуын, көрсетiлуiн көздейтiн ережелер болған кезде, осы бапта белгiленген төлем көзiнен табыс салығын есептеу және ұстау тәртiбi жұмыстардың, қызметтердiң әр түрiне жеке қолданылады. Бiрыңғай өндiрiстiк-технологиялық цикл шеңберiнде резидент емес орындаған жұмыстардың, көрсеткен қызметтердiң әрбiр кезеңi резидент еместердiң табыстарынан төлем көзiнен табыс салығын есептеу және ұстау мақсатында жұмыстардың, қызметтердiң жеке түрi ретiнде қаралады.
Бұл ретте жоғарыда көрсетiлген келiсiмшарттар бойынша резидент еместiң жалпы табыстар сомасы Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтердi көрсетуден алынған табыстарға негiзделiп бөлiнуге тиiс.
Осы тармақтың ережелерiн қолдану мақсатында резидент емес Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан, қызметтердi көрсетуден алынған табыстарға және одан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтердi көрсетуден алынған табыстарға резидент еместiң жалпы табыс сомасын бөлу негiздiлiгiн растайтын есептiк құжаттаманың көшiрмелерiн қызметтер алушыға табыс етуге мiндеттi.
Осы баптың ережелерiне сәйкес резидент еместiң Қазақстан Республикасында салық салынуға тиiстi табысының сомасын төмендетуге әкеп соққан резидент еместiң табысын негiзсiз бөлген кезде, Қазақстан Республикасында да, сол сияқты одан тысқары жерлерде де резидент еместiң жоғарыда көрсетiлген келiсiмшарттар бойынша жұмыстарды орындаудан, қызметтердi көрсетуден алған жиынтық табыс сомасы салық салуға жатады.»;
5-тармақта:
1) тармақша «сыртқы» деген сөздiң алдынан «осы өнiм беруге байланысты Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетудi, жұмыстар орындауды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда, бiр мезгiлде мынадай:
дивидендтердi есептеу күнiне салық төлеушiнiң дивидендтер төленетiн акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленуi;
дивидендтер төлейтiн заңды тұлғаның дивидендтер төленетiн кезең iшiнде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
дивидендтер төлейтiн заңды тұлғаның активтерi құнының 50 пайызынан астамы дивидендтердi төлеу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегi дивидендтер салық салуға жатпайды.»;
екiншi бөлiктiң төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, заңды тұлғаны таратқан кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайтқан кезде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн табыс түрiнде алынған дивидендтерге ғана қолданылады;»;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкiнiң дивидендтердi төлейтiн заңды тұлғаның активтерi құнындағы үлесi осы Кодекстiң 197-бабына сәйкес айқындалады;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) бiр мезгiлде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерiн өткiзу күнiне салық төлеушiнiң осы акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленуi;
эмитент заңды тұлғаның немесе қатысу үлесi өткiзiлетiн заңды тұлғаның немесе қатысу үлесiн консорциумда өткiзетiн осындай концорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент заңды тұлғаның немесе қатысу үлесi өткiзiлетiн заңды тұлғаның активтерi құнының немесе қатысу үлесi өткiзiлетiн консорциумға қатысушылар активтерi жалпы құнының 50 пайыздан астамы осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кезде, егер осы тармақтың 8) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда, осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстар;»;

66) 194-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетуден түсетiн табыстар – 5 пайыз;»;

67) 195-бапта:
тақырып «көзiнен» деген сөзден кейiн «корпоративтiк» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақта:
бiрiншi абзацтағы «табыс» деген сөз «корпоративтiк табыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «есептi салық кезеңiнiң отыз бiрiншi желтоқсанындағы» деген сөздер «корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияда осы Кодекстiң 148-бабында белгiленген салық кезеңiнiң соңғы күнгi» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
«алдын ала төленген төлем бойынша» деген сөздер «алдын ала төлем төленген жағдайда» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бағамы бойынша» деген сөздерден кейiн «алдын ала төленген төлем сомасы шегiнде» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
«ағымдағы салық кезеңiнде» деген сөздер «осы Кодекстiң 148-бабында белгiленген салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияда» деген сөздермен ауыстырылсын;
«келесi салық кезеңдерiнде» деген сөздер «осындай кезең өткеннен кейiн» деген сөздермен ауыстырылсын;

68) 196-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«196-бап. Салық есептiлiгiн табыс ету

Салық агентi өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына резидент еместiң табысынан төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы бойынша есеп-қисапты мынадай мерзiмде:
1) бiрiншi, екiншi және үшiншi тоқсандар үшiн – резидент емеске табыстар төлеу жүргiзiлген тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей;
2) төртiншi тоқсан үшiн – резидент емеске табыстар төлеу жүргiзiлген және (немесе) резидент еместiң есептелген, бiрақ төленбеген табыстары шегерiмге жатқызылған, осы Кодекстiң 148-бабында белгiленген есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.»;

69) 197-бапта:
1-тармақта:
3) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес» деген сөздер алып тасталсын;
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Кодекстiң 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында немесе 200-1-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, резидент заңды тұлға шығарған акцияларды және резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн;
5) осы Кодекстiң 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында немесе 200-1-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, резидент емес заңды тұлға шығарған акцияларды және резидент емес заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде резидент еместiң құн өсiмiнен түсетiн табыстарына қолданылады.»;
1-1-тармақта:
бiрiншi бөлiкте:
«201» деген цифрлар «200-1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«төлеу күнгi заңды тұлғаның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi)» деген сөздер «төлеу күнi заңды тұлғаның активтерi» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушысы (жер қойнауын пайдаланушылары)» деген сөздер «жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiкте:
«201» деген цифрлар «200-1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«өткiзу күнгi консорциумға қатысу үлестерiнiң құнындағы» деген сөздер «өткiзу күнi консорциумға қатысушылар активтерiнiң жалпы құнындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушысы (жер қойнауын пайдаланушылары)» деген сөздер «жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар)» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiктегi «Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушысы», «Қазақстан Республикасының осындай жер қойнауын пайдаланушысындағы», «Қазақстан Республикасының осындай жер қойнауын пайдаланушысы» деген сөздер тиiсiнше «Жер қойнауын пайдаланушы», «осындай жер қойнауын пайдаланушыдағы», «осындай жер қойнауын пайдаланушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi бөлiктiң үшiншi абзацы «акциялардың» деген сөздiң алдынан «дивидендтер төленген немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы және жетiншi бөлiктер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2 тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыретi шегiнде мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар мыналарды:
1) сәйкестендiру нөмiрiн және (немесе) резиденттiк елiндегi оның аналогын және көрсетiлген акцияларды (қатысу үлестерiн) өткiзушi және сатып алушы заңды тұлғаның атауын және (немесе) жеке тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған жағдайда);
2) көрсетiлген акцияларды (қатысу үлестерiн) сатып алу бағаларын;
3) жасалған мәмiле бойынша табыс төлеу күнiн;
4) мәмiле жасасқан жылдың алдындағы соңғы үш жылда ол өз қызметiн жүзеге асырған мемлекеттердiң тiзiмiн қоса алғанда, сатып алушының бұрынғы қызметi туралы мәлiметтердi;
5) басқа тұлғалармен мүлiктi өткiзушi тұлғаның аффилиирленгендiгi туралы мәлiметтердi (тiкелей немесе жанама қатысу мөлшерiн) көрсете отырып, осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген бағалы қағаздарды, қатысу үлестерiн сатып алу-сату жөнiндегi мәмiле туралы мәлiметтердi уәкiлеттi органға табыс етедi.
2-2. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзырет шегiнде мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардан мәлiметтер алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оларды өзiне сатылы тұрғыда тiкелей бағынысты салық органына бiр мезгiлде хабарлай отырып, осы Кодекстiң 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленетiн заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша салық органына жiбередi.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша салық органы осы баптың 2-1-тармағында көрсетiлген мәлiметтердi алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде осындай заңды тұлғаға акцияларды (қатысу үлестерiн) сатып алушы туралы, сондай-ақ мұндай акцияларды (қатысу үлестерiн) сатып алу бағасы туралы мәлiметтердi жiберуге мiндеттi.»;
6-тармақтағы «тiркелуге мiндеттi» деген сөздер «тiркелуге жатады» деген сөздермен ауыстырылсын;
8, 9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Табыс салығының сомасын аударуды салық агентi осы Кодекстiң 195-бабында белгiленген мерзiмде жүргiзедi.
Резидент еместердiң табыстарынан төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептiлiгiн салық агентi осы Кодекстiң 196 және 203-баптарында белгiленген мерзiмде Қазақстан Республикасындағы өзiнiң тiркеу есебi орны бойынша салық органына табыс етедi.
9. Жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлға табыс салығын салық агентiнiң қаражаты есебiнен төлеуi мүмкiн. Бұл ретте осындай резидент заңды тұлға табыс салығын салық агентiнен табыс салығының сомасы алынған ай аяқталғаннан кейiн күнтiзбелiк жиырма бес күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде бюджетке аударуға тиiс. Резидент еместiң табыстарынан төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептiлiгiн мұндай резидент заңды тұлға салық агентiнен табыс салығының сомасы алынған тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей, резидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында орналасқан жерi бойынша салық органына табыс етедi.
Осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаға салық агентi аударған табыс салығының сомасы осындай резидент заңды тұлғаның табысы болып танылмайды.
10. Салық агентi осы баптың 8 және 9-тармақтарының ережелерiн қолданбаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның осы баптың 3-тармағында көрсетiлген мәлiметтер алынған ай аяқталғаннан кейiн күнтiзбелiк жиырма бес күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде резидент емес үшiн құн өсiмiнен түсетiн табыстардан табыс салығын төлеудi өз қаражаты есебiнен дербес жүргiзуге құқығы бар.
Осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген резидент заңды тұлға осы тармаққа сәйкес табыс салығын төлеу кезiнде осы баптың 3-тармағында көрсетiлген мәлiметтер алынған тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына резидент еместiң табыстарынан төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептiлiгiн табыс етуге мiндеттi.
Бұл ретте резидент емес үшiн төленген салық сомасы жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның салық салынатын табысын айқындау кезiнде шегерiмге жатқызылмайды.
11. Салық агентi осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлға осы баптың 7, 8, 9 және 10-тармақтарындағы ережелердi қолданбаған жағдайда, мұндай мiндеттеменi орындау осы Кодекстiң 85 және 86-тарауларында белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаға жүктеледi.»;
12-тармақ алып тасталсын;

70) 198-бапта:
1-1-тармақтың 2) тармақшасындағы «4) тармақшасында» деген сөздер «4) және 5) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi сөйлемi алып тасталсын;
екiншi бөлiктегi «заңнамасына сәйкес» деген сөздер «заңнамасының нормалары ескерiле отырып,» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың екiншi бөлiгiндегi «заңнамасына сәйкес» деген сөздер «заңнамасының нормалары ескерiле отырып,» деген сөздермен ауыстырылсын;

71) 199-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Таза табыс мынадай тәртiппен айқындалады:
осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстiң 137-бабына сәйкес шегетiн залалдар сомасына азайтылған, салық салынатын табыс
алу
осы Кодекстiң 147-бабының 1-тармағында немесе 2-тармағында белгiленген ставканы осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстiң 137-бабына сәйкес шегетiн залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табысты көбейту жолымен есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасы.»;

72) 200-бапта:
2-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде:
бiрiншi абзацта:
«осы Кодекстiң» деген сөздерден кейiн «192-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «табыстардан» деген сөзден кейiн «корпоративтiк» деген сөзбен толықтырылсын;
екiншi бөлiктегi «табыс» деген сөз «корпоративтiк табыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Кодекстiң 562-бабының талаптарын бұза отырып, салық төлеушi ретiнде салық органдарында тiркелмеген резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметiнен алатын табыстарына осы Кодекстiң 194-бабының 1) тармақшасында белгiленген ставка бойынша шегерiмдердi жүзеге асырмастан, төлем көзiнен корпоративтiк табыс салығын салуға жатады.
Осы Кодекстiң 562-бабында белгiленген мерзiмдi бұза отырып, салық төлеушi ретiнде салық органдарында тiркелген, тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға салық салу объектiлерiн және тұрақты мекеме құрылған күннен бастап оны салық органында тiркеген күнге дейiнгi кезеңде туындаған салық салуға байланысты объектiлердi салықтың тиiстi түрлерi бойынша бастапқы декларацияларда көрсетуге, салық агентiнiң салық мiндеттемелерiнен басқа, осыған байланысты туындаған салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемелерiн есептеуге және орындауға мiндеттi.
Бұл ретте тұрақты мекеме құрылған күннен бастап оны салық органында тiркеген күнге дейiнгi кезең үшiн осындай резидент емес заңды тұлға есептеген корпоративтiк табыс салығының сомасы көрсетiлген кезеңге осындай резидент емес заңды тұлғаның табысынан осы тармаққа сәйкес төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының сомасына азайтылады.
Азайту салық агентiнiң салықты ұстауын растайтын құжаттар болған кезде жүргiзiледi.»;

73) 25-тарау мынадай мазмұндағы 200-1-баппен толықтырылсын:

«200-1-бап. Резидент емес жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын
табыстары

1. Резидент емес жеке тұлғаның мынадай табыстары салық салуға жатпайды:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде олардың банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша резидент емес жеке тұлғаларға төленетiн сыйақылар;
2) сыртқы сауда қызметi жөнiндегi келiсiмшартқа байланысты Қазақстан Республикасының аумағында көрсетiлген қызметтердi қоспағанда, осы сыртқы сауда қызметi шеңберiнде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар жеткiзумен байланысты төлемдер;
3) резидент сатып алушылар төлеген сатып алу кезiндегi борыштық бағалы қағаздар бойынша жинақталған (есептелген) сыйақылар сомалары;
4) осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда, бiр мезгiлде мынадай:
дивидендтердi есептеу күнiне салық төлеушiнiң дивидендтер төленетiн акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленуi;
дивидендтер төлейтiн заңды тұлғаның дивидендтер төленетiн кезең iшiнде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
дивидендтер төлейтiн заңды тұлға активтерi құнының 50 пайыздан астамы дивидендтердi төлеу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегi дивидендтер.
Осы тармақшаның ережелерi:
акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төлеуге жататын табыс;
заңды тұлға өзiнiң құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi;
құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың салым мөлшерiн барабар азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезiнде, сондай-ақ заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесiн құрылтайшының, қатысушының алып қойған кезiнде, мүлiктi бөлуден түсетiн табыс түрiнде резидент заңды тұлғадан алынған дивидендтерге ғана қолданылады.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiнiң дивидендтер төлейтiн заңды тұлғаның активтерi құнындағы үлесi осы Кодекстiң 197-бабына сәйкес айқындалады;
5) ашық пайлық инвестициялық қорлардың пайлары бойынша оларды осы қордың басқарушы компаниясы сатып алған кездегi табыстар;
6) осындай дивидендтер мен сыйақылар есебiне жатқызу күнiне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмiнде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;
7) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттiк облигацияларды өткiзу кезiндегi құн өсiмiнен түсетiн табыстар;
8) бiр мезгiлде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерiн өткiзу күнiне салық төлеушiнiң осы акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленуi;
эмитент заңды тұлғаның немесе қатысу үлесi өткiзiлетiн заңды тұлғаның немесе қатысу үлесiн консорциумда өткiзетiн осындай концорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент заңды тұлғаның немесе қатысу үлесi өткiзiлетiн заңды тұлғаның активтерi құнының немесе қатысу үлесi өткiзiлетiн консорциумға қатысушылар активтерi жалпы құнының 50 пайыздан астамы осындай өткiзу күнi жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кезде, егер осы тармақтың 9) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда, осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген, заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстар;
9) өткiзу күнi осы қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасында немесе шетелдiк қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзу кезiндегi құн өсiмiнен түсетiн табыстар;
10) осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетiн табыстар;
11) ислам банкiнде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;
12) Қазақстан Республикасында табысы аз азаматтарды қолдауға (оларға көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкiметаралық келiсiм шеңберiндегi грант қаражаты есебiнен жүргiзiлетiн төлемдер;
13) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында көрсетiлген дербес бiлiм беру ұйымының осындай ұйымның қызметкерi болып табылатын не Қазақстан Республикасында осындай ұйымның жұмыстарды орындау, оған қызметтер көрсету бойынша қызметiн жүзеге асыратын резидент емес жеке тұлғаға қатысты iс жүзiнде мынадай:
тұруға;
медициналық сақтандыруға;
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасындағы жұмыс орнына дейiн және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға нақты жұмсаған шығыстары түрiндегi материалдық пайда.»;

74) 201-бапта:
тақырып «көзiнен» деген сөзден кейiн «жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, резидент емес жеке тұлғаның осы Кодекстiң 192-бабының 1-тармағында айқындалған табыстарына осы Кодекстiң 194-бабында көрсетiлген ставкалар бойынша төлем көзiнен жеке табыс салығы салық шегерiмдерi жүзеге асырылмай салынады.
Төлем көзiнен салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеудi және ұстауды салық агентi резидент емес жеке тұлғаға табыстар төлеу күнiнен кешiктiрмей жүргiзедi.
Шетелдiк валютамен табысты төлеу кезiнде төлем көзiнен салық салынатын табыс мөлшерi табыс төлеу күнгi валюталар айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледi.
Бюджетке резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан жеке табыс салығын аударуды салық агентi өзiнiң орналасқан жерi бойынша осы тармаққа сәйкес салық ұстауға жататын айдан кейiнгi айдың 25-iне дейiн жүргiзедi.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың мақсатында бағалы қағаздарды, қатысу үлестерiн өткiзу кезiндегi құн өсiмi осы Кодекстiң 87-бабына сәйкес айқындалады.»;
2-тармақта:
«көзiнен» деген сөзден кейiн «жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
«осы баптың 8-тармағының» деген сөздер «осы Кодекстiң 200-1-бабы 1-тармағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын есептеудi салық агентi салық шегерiмдерiн жүзеге асырмастан, осы Кодекстiң 155-бабы 3-тармағының ережелерiн ескере отырып, осы Кодекстiң 163-бабы 2-тармағында айқындалған табыстарды қоса алғанда, төлем көзiнен салық салынатын, осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 18), 19), 20), 21) және 22) тармақшаларында айқындалған табыстар сомасына осы Кодекстiң 158-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы қолдану арқылы жүргiзедi.
Төлем көзiнен жеке табыс салығын салық агентi осы баптың 5-тармағында көрсетiлген жағдайды қоспағанда, резидент емес жеке тұлғаға табыс төлеу күнiнен кешiктiрмей ұстайды.
Салық агентi осы Кодекстiң 161-бабында белгiленген мерзiмде төлем көзiнен ұсталған жеке табыс салығының сомасын аударуға мiндеттi.
4. Салық агентi резидент емес жеке тұлғаға табыс төлеудi жүзеге асыру нысаны мен орнына қарамастан, төлем көзiнен жеке табыс салығын ұстайды.
5. Қызметi осы Кодекстiң 191-бабы 7-тармағының ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмайтын резидент еместiң шетелдiк персоналды ұсынуы кезiнде мұндай персоналдың Қазақстан Республикасындағы қызметiнен алынған табысына төлем көзiнен жеке табыс салығы салынады.
Бұл ретте резидент емес жеке тұлғалардың табыстары, оның iшiнде Қазақстан Республикасындағы қызметiне байланысты мұндай персонал алатын өзге материалдық пайда жеке табыс салығын салу объектiсi болып табылады.
Егер ұсынылған персоналға табысты резидент емес төлеген жағдайда, жеке табыс салығын есептеу мақсатында салық базасын осы Кодекстiң 191-бабының 7-тармағына сәйкес резидент емес табыс ететiн құжаттар негiзiнде салық агентi айқындайды.
Шетелдiк персонал табысынан төлем көзiнен жеке табыс салығын ұстауды салық агентi резидент емес заңды тұлғаға шетелдiк персоналды ұсыну жөнiндегi қызметтер үшiн табыс төленген кезде жүргiзедi.
Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын есептеудi салық агентi салық шегерiмдерiн жүзеге асырмастан, осы Кодекстiң 155-бабы 3-тармағының ережелерiн ескере отырып, шетелдiк персоналдың осы тармаққа сәйкес айқындалған табыстарының сомасына осы Кодекстiң 158-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы қолдану арқылы жүргiзедi.
Салық агентi осы Кодекстiң 161-бабында белгiленген мерзiмде төлем көзiнен ұсталған жеке табыс салығының сомасын аударуға мiндеттi.»;
6-тармақта:
бiрiншi абзац «көзiнен» деген сөзден кейiн «жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «6» деген цифр «4» деген цифрмен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Осы тараудың мақсаттары үшiн резидент заңды тұлға өз шешiмiмен осы Кодекстiң 161-бабында белгiленген тәртiппен мұндай құрылымдық бөлiмше төлеген (төлеуге жататын) төлем көзiнен салық салынатын табыстар бойынша өз құрылымдық бөлiмшесiн төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салық агентi деп тануға құқылы.»;
4) тармақшадағы «10» деген цифрлар «7» деген цифрмен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «резидент эмитентiне жүктеледi.» деген сөздер «эмитент резидентiне;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) осы баптың 6-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлгендердi қоспағанда, осы Кодекстiң 200-1-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында белгiленген талаптар орындалмаған кезде бағалы қағаздарды, қатысу үлестерiн сатып алатын резидент емес заңды тұлғаға жүктеледi.»;
7 және 8-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес резидент еместiң табыстарынан есептелген жеке табыс салығының сомасын салық агентi өз қаражаты есебiнен оны ұстамай төлеген кезде, салық агентiнiң төлем көзiнен жеке табыс салығын ұстау және аудару жөнiндегi мiндетi орындалған болып саналады.»;

75) 202-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiктiң бiрiншi абзацында:
«резидент емес жеке тұлғаның» деген сөздер «Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесi жоқ резидент емес заңды тұлғаның қызметкерлерi болып табылатын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«163 - 165-баптарында» деген сөздер «163-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) және 2) тармақшалардағы «резидент емес жеке тұлға» деген сөздер «шетелдiктер немесе азаматтығы жоқ адам» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiкте:
«резидент емес жеке тұлға» деген сөздер «шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам» деген сөздермен ауыстырылсын;
«163 - 165-баптарында» деген сөздер «163-бабында» деген деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақтардағы «резидент емес жеке тұлғаның», «резидент емес жеке тұлға», «резидент емес жеке тұлғалармен» деген сөздер тиiсiнше «шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның», «шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам», «шетелдiктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салық агентi табыс төлеудi жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, резидент емес заңды тұлғаға табыс төлеу күнiнен кешiктiрмей төлем көзiнен жеке табыс салығын есептейдi және ұстайды.
5. Бюджетке шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның табыстарынан жеке табыс салығын аударуды салық агентi өзiнiң орналасқан жерi бойынша осы баптың 4-тармағына сәйкес салық ұсталуға жататын айдан кейiнгi айдың 25-iне дейiн жүргiзедi.»;

76) 203-баптағы «өзi орналасқан жердегi салық органына осы Кодекстiң 196-бабында белгiленген мерзiмдерде» деген сөздер «есептi салық кезеңдерi кiретiн тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей тоқсан сайын салық төлеу орны бойынша салық органына» деген сөздермен ауыстырылсын;

77) 204-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

78) 205-бапта:
«Жеке» деген сөз «Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, жеке» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Ағымдағы салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызына дейiн Қазақстан Республикасының аумағына кейiннен кiрместен ағымдағы салық кезеңi iшiнде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу жағдайында, резидент емес жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс етуге және ағымдағы салық кезеңi iшiнде жеке табыс салығын төлеуге құқылы. Бұл ретте жеке табыс салығы бойынша декларация ағымдағы салық кезеңiнiң басынан бастап Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге осындай тұлға шыққан күнге дейiнгi кезеңге табыс етiледi.»;

79) 208-баптың 7-тармағының бiрiншi бөлiгiнде:
1) тармақшадағы «4-тармағының» деген сөздер «4 және 5-тармақтарының» деген деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша «резидент емес» деген сөздерден кейiн «заңды тұлға құрылған және (немесе) резидентi болып табылатын мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған осындай» деген сөздермен толықтырылсын;

80) 211-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Кодекстiң 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетiн, резиденттiктi растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;»;

81) 212-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«212-бап. Резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы
көздерден алған табыстарын салық салудан толық
босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбi

1. Егер резидент емес халықаралық шарт жасасқан елдiң резидентi болып табылса, мұндай резидент емеске табыс төлеу кезiнде немесе резидент еместiң есептелген, бiрақ төленбеген табысын шегерiмге жатқызу кезiнде салық агентiнiң салық салудан босатуды дербес қолдануға құқығы бар.
2. Осы бапта белгiленген халықаралық шарттың ережелерiн қолдану тәртiбi осы Кодекстiң 212-1, 212-2, 213, 214 және 215-баптарында халықаралық шарттың ережелерiн қолдану тәртiбi белгiленген табыстарды, сондай-ақ осы Кодекстiң 197-бабында айқындалған табыстарды қоспағанда, осы Кодекстiң 192-бабында көзделген резидент еместiң табыстарына салық салуға қатысты қолданылады.
3. Резидент емес осы Кодекстiң 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетiн резиденттiктi растайтын құжатты салық агентiне табыс еткен кезде халықаралық шарт қолданылады.
Бұл ретте резиденттiктi растайтын құжатты резидент емес салық агентiне осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, бiрiншi болып басталатын мына күндердiң бiрiнен:
1) резидент емеске табыс төленген немесе резидент еместiң төленбеген табыстары шегерiмге жатқызылған күнтiзбелiк жылдың 31 желтоқсанынан;
2) төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салық мiндеттемесiн орындау мәселесi бойынша жоспарлы салықтық тексеру жүргiзiлген күнтiзбелiк жылда аяқталатын, резидент емеске табыс төленген тоқсанды мұндай салықтық тексерудi жүргiзудiң басталуынан;
3) төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салық мiндеттемесiн орындау мәселесi бойынша жоспардан тыс салықтық тексеру жүргiзiлген күнтiзбелiк жылда аяқталатын, резидент емеске табыс төленген тоқсанды мұндай салықтық тексерудi жүргiзу аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей табыс етедi. Жоспардан тыс салықтық тексерудiң аяқталған күнi нұсқамаға сәйкес айқындалады.
4. Егер резидент емес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеменi құруға әкеп соқпайтын мерзiм шегiнде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсеткен немесе жұмыстар орындаған жағдайда, халықаралық шарттың ережелерiн қолдану мақсатында резидент емес заңды тұлға осы баптың 3-тармағында көрсетiлген құжатпен бiрге салық агентiне құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшiрмелерiн не құрылтайшыларды (қатысушыларды) және резидент емес заңды тұлғаның мажоритарлық акционерлерiн көрсете отырып, сауда тiзiлiмiнен (акционерлер тiзiлiмiнен немесе резидент емес тiркелген мемлекеттiң заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжаттан) үзiндi көшiрмелердi табыс етедi.
Салық агентi табыс етiлген құжаттардың және қызметтер көрсетуге немесе жұмыстар орындауға арналған шарттың (келiсiмшарттың) негiзiнде резидент еместiң осындай шарттың (келiсiмшарттың) және олар болған кезде байланысты жобалардың шеңберiнде қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау нәтижесiнде тұрақты мекеме құру фактiсiн айқындайды.
Резидент еместiң Қазақстан Республикасында тұрақты мекеменi құру фактiсi анықталған кезде, салық агентi Қазақстан Республикасында резидент еместiң табыстарын салық салудан босату бөлiгiнде халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқылы емес.
5. Егер Қазақстан Республикасында тұрақты мекеменi құруға әкеп соқпайтын мерзiм шегiнде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау бiрлескен қызмет туралы шарттың шеңберiнде жүзеге асырылатын болса, онда осындай шартқа қатысушы болып табылатын резидент емес заңды тұлға халықаралық шарттың ережелерiн қолдану мақсатында осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетiлген құжатпен қатар салық агентiне бiрлескен қызмет туралы шарттың немесе бiрлескен қызметке оның қатысу үлесiн растайтын өзге құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн табыс етедi.
Егер резидент емес осындай шарттың (келiсiмшарттың) және байланысты жобалардың шеңберiнде қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау нәтижесiнде тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, салық агентi резидент емес заңды тұлғаның табысына бiрлескен қызмет туралы шартта көрсетiлген бiрлескен қызметке оның қатысу үлесiне барабар халықаралық шарттың немесе бiрлескен қызметке оның қатысу үлесiн растайтын өзге де құжаттың ережелерiн қолдануға құқылы.
6. Салық агентi салық органына табыс етiлетiн салықтық есептiлiкте резидент емеске есептелген (төленген) және халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес ұсталған, салық ұстаудан босатылған табыстар сомасын, табыс салығының ставкаларын және халықаралық шарттардың атауларын көрсетуге мiндеттi.
Бұл ретте салық агентi өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына осы Кодекстiң 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетiн, резидент емес салық төлеушiнiң резиденттiгiн растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн табыс етуге мiндеттi. Мұндай құжаттың көшiрмесi, табыс ету мерзiмi осы баптың 3-тармағына сәйкес резидент еместiң салық агентiне осындай құжатты тапсырғаннан кейiн басталатын, салықтық есептiлiктi ұсынған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде табыс етiледi.
7. Халықаралық шарттың ережелерi заңсыз қолданылып, бұл мемлекеттiк бюджетке салықтың төленбеуiне немесе толығымен төленбеуiне әкеп соққан кезде салық агентi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;

82) мынадай мазмұндағы 212-1 және 212-2-баптармен толықтырылсын:

«212-1-бап. Резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы
көздерден дивидендтер, сыйақылар және (немесе)
роялти түрiнде алған табыстарын салық салудан
босатуға немесе оларға төмендетiлген салық
ставкасын қолдануға қатысты халықаралық шартты
қолдану тәртiбi

1. Дивидендтер, сыйақылар және (немесе) роялти түрiнде резидент емеске табыс төлеу кезiнде немесе шегерiмге сыйақылар және (немесе) роялти түрiнде резидент еместiң төленбеген табыстарын жатқызу кезiнде, егер мұндай резидент емес түпкiлiктi (нақты) табыс алушы болып табылатын және халықаралық шарт жасасқан елдiң резидентi болып табылатын жағдайда салық агентi тиiстi халықаралық шартта көзделген салық салудан босатуды немесе төмендетiлген салық ставкаларын дербес қолдануға құқылы.
Осы бөлiмнiң мақсатында табыстарды иелену, пайдалану, оларға билiк ету құқығы бар және мұндай табысқа қатысты делдал, оның iшiнде агент, номиналды ұстаушы болып табылмайтын тұлға түпкiлiктi (нақты) табыстарды алушы (иеленушi) деп түсiнiлуi керек.
2. Егер сыйақы төлеу түпкiлiктi (нақты) табысты алушыға (иеленушiге) делдал арқылы жүзеге асырылған жағдайда, салық агентiнiң бiр мезгiлде мынадай:
1) шартта (келiсiмшартта) делдал арқылы түпкiлiктi (нақты) сыйақы алушы (иеленушi) болып табылатын әрбiр тұлға бойынша осындай тұлғаның деректерiн (жеке тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауын; бар болған жағдайда инкорпорация елiндегi салықтық тiркелу нөмiрiн (немесе оның аналогын); инкорпорация елiндегi мемлекеттiк тiркелу нөмiрiн (немесе оның аналогын)) көрсете отырып, сыйақы сомасы көрсетiлген;
2) салық агентiне осы Кодекстiң 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес түпкiлiктi (нақты) сыйақы алушы (иеленушi) болып табылатын адамдардың резиденттiгiн растайтын құжат ұсынылған талаптар сақталған кезде осындай түпкiлiктi (нақты) табыс алушы (иеленушi) резидентi болып табылатын мемлекетпен жасасқан тиiстi халықаралық шартта көзделген, табыс салығынан босатуға немесе оның төмендетiлген ставкасын қолдануға құқығы бар.
Бұл ретте, резиденттiктi растайтын құжат осы Кодекстiң 212-бабының 3-тармағында көрсетiлген бiрiншi болып басталатын күндердiң бiрiнен кешiктiрiлмей салық агентiне табыс етiледi.
3. Салық агентi салық органына табыс етiлетiн салықтық есептiлiкте резидент емеске есептелген (төленген) және халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес ұсталған, салық ұстаудан босатылған табыстар сомасын, табыс салығының ставкаларын және халықаралық шарттардың атауларын көрсетуге мiндеттi.
Бұл ретте салық агентi өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына осы Кодекстiң 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетiн, резидент емес салық төлеушiнiң (түпкiлiктi (нақты) табыс алушының (иеленушiнiң) резиденттiгiн растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн табыс етуге мiндеттi. Мұндай көшiрме, табыс ету мерзiмi резидент еместiң осы Кодекстiң 212-бабының 3-тармағында көрсетiлген күндердiң бiрiнде мұндай құжатты салық агентiне тапсырғаннан кейiн басталатын салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде берiледi.
4. Салық агентi осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiппен резидент емеске делдал арқылы сыйақы түрiнде табыс төлеу кезiнде халықаралық шарттың ережелерiн қолданбаған жағдайда, салық агентi осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген ставка бойынша төлем көзiнен табыс салығын ұстауға мiндеттi.
Ұсталған табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 195-бабында белгiленген мерзiмде аударылуға жатады.
5. Резидент емес түпкiлiктi (нақты) табыс алушының (иеленушiнiң) табысының төлем көзiнен ұсталған табыс салығын бюджетке салық агентi аударған жағдайда, халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес төлем көзiнен артық ұсталған табыс салығын осындай резидент емеске қайтаруға құқығы бар.
Бұл ретте резидент емес түпкiлiктi (нақты) табыс алушы (иеленушi) салық агентiне:
1) делдалмен жасасқан, онда осындай тұлғаның деректерiн (жеке тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол бар болса) немесе заңды тұлғаның атауын; бар болған жағдайда инкорпорация елiнде салықтық тiркелу нөмiрiн (немесе оның аналогын); инкорпорация елiнде мемлекеттiк тiркелу нөмiрiн (немесе оның аналогын)) көрсете отырып, осындай резидент еместiң сыйақы сомасы көрсетiлген шарттың (келiсiмшарттың);
2) осы Кодекстiң 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетiн сыйақы түрiнде табыс алған кезеңде оның резиденттiгiн растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн табыс етуге мiндеттi.
Осы тармақта көрсетiлген құжаттарды, егер халықаралық шартта өзге мерзiмдер белгiленбесе, резидент емес бюджетке төлем көзiнен ұсталған табыс салығын соңғы аудару күнiнен бастап осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн табыс етедi.
Бұл ретте, резидент емес түпкiлiктi (нақты) табыс алушыға (иеленушiге) артық ұсталған табыс салығын қайтаруды салық агентi жүргiзедi.
6. Осы баптың 5-тармағының талаптарын орындау кезiнде салық агентi өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына резидент емес түпкiлiктi (нақты) табыс алушының (иеленушiнiң) сыйақы түрiнде табыстарынан табыс салығын ұстау және аудару жүргiзiлген салық кезеңiне төмендетiлген салық ставкасын немесе салық салудан босату қолданылған кездегi азайтылған сомаға төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша қосымша есептеудi табыс етуге құқылы.
Көрсетiлген жағдайда төлем көзiнен ұсталған табыс салығының артық төленген сомасын салық агентiнiң есебiне жатқызу осы Кодекстiң 599-бабында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
7. Халықаралық шарттың ережелерi заңсыз қолданылып, бұл бюджетке салықтың төленбеуiне немесе толығымен төленбеуiне әкеп соққан кезде салық агентi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

212-2-бап. Резидент еместiң депозитарлық қолхаттарының базалық
активi болып табылатын акциялары бойынша дивидендтер
түрiндегi табыстарын салық салудан iшiнара босатуға
қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбi

1. Депозитарлық қолхаттардың базалық активi болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрiндегi табыстарды резидент емес түпкiлiктi (нақты) табыс алушыға (иеленушiге) депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы төлеу кезiнде бiр мезгiлде мынадай талаптар орындалған:
1) мыналарды:
базалық активi Қазақстан Республикасының резидентi шығарған акциялар болатын депозитарлық қолхаттардың меншiк иелерi болып табылатын жеке тұлғалардың тегiн, атын, әкесiнiң атын (олар бар болса) немесе заңды тұлғалардың атауын;
депозитарлық қолхаттардың саны және түрi туралы ақпаратты;
жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың атауы мен деректемелерiн немесе заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнiн қамтитын депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар тiзiмiнiң болуы.
Депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың тiзiмiн мына тұлғалар:
егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншiк құқықтарын есепке алуды және оны растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активi болып табылатын акциялардың эмитент резидентi мен осындай ұйым арасында жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметтi жүзеге асыру құқығын иеленетiн ұйым; немесе
егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншiк құқықтарын есепке алуды және оны растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активi болып табылатын акциялардың эмитент резидентi мен осындай ұйым арасында жасалған жағдайда, шет мемлекеттiң бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметтi жүзеге асыру құқығын иеленетiн өзге ұйым жасайды;
2) осы Кодекстiң 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетiн, депозитарлық қолхаттардың базалық активi болып табылатын акциялар бойынша түпкiлiктi (нақты) дивидендтер алушы (иеленушi) болып табылатын адамдардың резиденттiгiн растайтын құжаттың болуы кезiнде салық агентiнiң осындай түпкiлiктi (нақты) табыс алушы (иеленушi) резидентi болып табылатын мемлекетпен тиiстi халықаралық шартта көзделген, табыс салығының төмендетiлген ставкасын қолдануға құқығы бар.
Бұл ретте резиденттiктi растайтын құжат осы Кодекстiң 212-бабының 3-тармағында көрсетiлген бiрiншi болып басталатын күндердiң бiрiнен кешiктiрiлмей салық агентiне табыс етiледi.
2. Салық агентi халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес есептелген (төленген) және ұсталған, салық ұстаудан босатылған табыстар сомасын, табыс салығының ставкасын және халықаралық шарттардың атауын салық органына табыс етiлетiн салық есептiлiгiнде көрсетуге мiндеттi.
Бұл ретте, салық агентi өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына осы Кодекстiң 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетiн резидент емес салық төлеушiнiң резиденттiгiн растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн табыс етуге мiндеттi. Мұндай көшiрме, табыс ету мерзiмi резидент еместiң осы Кодекстiң 212-бабының 3-тармағында көрсетiлген күндердiң бiрiнде мұндай құжатты салық агентiне тапсырғаннан кейiн басталатын салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде берiледi.
3. Осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiппен депозитарлық қолхаттардың базалық активi болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрiнде резидент емеске табыстар төлеу кезiнде салық агентi халықаралық шарттың ережелерiн қолданбаған жағдайда, салық агентi осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген ставка бойынша төлем көзiнен табыс салығын ұстауға мiндеттi.
Ұсталған табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 195-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгiленген мерзiмде бюджетке аударылуға жатады.
4. Салық агентi резидент еместiң табыстарынан ұсталған табыс салығын бюджетке аударған жағдайда, төлем көзiнен артық ұсталған табыс салығын осындай резидент емес түпкiлiктi (нақты) табыс алушының халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес қайтаруға құқығы бар.
Бұл ретте, резидент емес салық агентiне:
1) базалық активi эмитент резиденттiң акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттарға меншiк құқығын растайтын құжаттың
2) осы Кодекстiң 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетiн дивидендтер түрiнде табыс алған кезеңде оның резиденттiгiн растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.
Осы тармақта көрсетiлген құжаттарды, егер халықаралық шартта өзге мерзiм белгiленбесе, резидент емес бюджетке төлем көзiнен ұсталған табыс салығын соңғы аудару күнiнен бастап осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн табыс етедi.
Бұл ретте резидент емеске артық ұсталған табыс салығын қайтаруды салық агентi жүргiзедi.
5. Салық агентi өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына депозитарлық қолхаттардың базалық активi болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрiндегi резидент еместiң табыстарынан табыс салығын ұстау және аудару жүргiзiлген салық кезеңiне төмендетiлген салық ставкасы қолданылған кездегi табыс салығының азаю сомасына төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша қосымша есептеудi табыс етуге құқылы.
Көрсетiлген жағдайда төлем көзiнен ұсталған табыс салығының артық төленген сомасын салық агентiнiң есебiне жатқызу осы Кодекстiң 599-бабында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
6. Халықаралық шарттың ережелерi заңсыз қолданылып, бұл бюджетке салықтың төленбеуiне немесе толығымен төленбеуiне әкеп соққан кезде салық агентi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;

83) 213-бапта:
тақырыптағы «халықаралық тасымалдарда тұрақты мекеме арқылы резидент еместiң көлiк қызметiн көрсетуден» деген сөздер «тұрақты мекеме арқылы резидент еместiң халықаралық тасымал жөнiндегi қызметтер көрсетуден» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi «халықаралық тасымалда көлiк қызметiн» деген сөздер «халықаралық тасымал жөнiндегi қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктегi «4-тармағының» деген сөздер «4 және 5-тармақтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «халықаралық тасымалда көлiк қызметiн», «Қазақстан Республикасының аумағында көлiк қызметiн» деген сөздер тиiсiнше «халықаралық тасымал жөнiндегi қызметтер», «халықаралық тасымал жөнiндегi қызметтер көрсетуден (халықаралық шартқа сәйкес салық салуға жатпайтын) және Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында тасымал (тасымалдау) қызметтерiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықаралық тасымал жөнiндегi қызметтер көрсетумен байланысты шығыстардың сомасы тiкелей немесе барабар әдiспен айқындалады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Тiкелей әдiс халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетумен байланысты шығыстардың (халықаралық шартқа сәйкес салық салуға жатпайтын) және Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында тасымал (тасымалдау) қызметтерiн көрсетумен (салық салуға жататын) байланысты шығыстардың бөлек есебiн жүргiзу негiзiнде тиiстi шығыстарды айқындауды көздейдi.»;
6-тармақта:
«Жанама» деген сөз «Барабар» деген сөзбен ауыстырылсын;
«резидент емес есептi салық кезеңiнде Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алу үшiн шеккен шығыстардың» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алуға бағытталған қызметтi жүзеге асырумен байланысты резидент еместiң шығыстарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тасымалда көлiк қызметiн» деген сөздер «тасымал жөнiндегi қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;

84) 214 және 215-баптардың 1-тармақтарының екiншi бөлiктерiндегi «4-тармағының» деген сөздер «4 және 5-тармақтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

85) 216-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi «212-бабында» деген сөздер «212, 212-1 және 212-2-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;

86) 217-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«217-бап. Бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын
қайтару тәртiбi

1. Резидент еместiң мынадай жағдайларда:
1) салық агентi резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстарынан табыс салығын шартты банк салымына немесе бюджетке аударғанда;
2) резидент емес халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын қызметiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асырғанда;
3) салық төлеушi осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес салық төлегенде, осы бапта белгiленген тәртiппен халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес табыс салығын қайтарып алуға құқығы бар.
Бұл ретте резидент емес осы Кодекстiң 219-бабында айқындалған құжаттарды қоса бере отырып, төленген табыс салығын халықаралық шарттың негiзiнде бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтарып алуға салықтық өтiнiштi (бұдан әрi осы Кодекстiң осы бабының және 218-бабының мақсатында – өтiнiш) салық органына табыс етуге мiндеттi.
2. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, резидент емес өтiнiштi салық агентiнiң орналасқан (тұрғылықты) жерi бойынша салық органына қатысты жоғары тұрған орган болып табылатын салық органына екi данада табыс етедi.
Егер салық агентi орналасқан (тұрғылықты) жерi бойынша уәкiлеттi органға тiкелей сатылы бағыныстағы салық органында тiркелген жағдайда, өтiнiштi осындай салық органына табыс етедi.
Өтiнiштi табыс ету тәсiлiне қарай, салық органына оны ұсынған күн:
1) келу тәртiбiмен – салық органы өтiнiштi қабылдаған күн;
2) почта арқылы хабарламасы бар тапсырысты хатпен – салық органы өтiнiштi алған күн болып табылады.
3. Халықаралық шарттың талаптарын орындаған және Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаған, қызметтер көрсеткен кезде, ұзақ мерзiмдi келiсiмшарттар бойынша жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi қоспағанда, резидент емес Қазақстан Республикасында жұмыстар орындау, қызметтер көрсету аяқталғаннан кейiн өтiнiштi ұсынады.
Осы бөлiмнiң мақсаты үшiн ұзақ мерзiмдi келiсiмшарт оны жасасқан күннен бастап он екi ай кезең iшiнде аяқталмаған жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге арналған келiсiмшарт болып табылады.
4. Егер халықаралық шартта өзгеше белгiленбесе, салық төлеушi өтiнiштi салық органына табыс салығының сомаларын шартты банк салымына соңғы орналастырған күннен бастап немесе табыс салығын бюджетке соңғы аударған күннен бастап осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн табыс етедi.
Егер халықаралық шартта өзгеше белгiленбесе, резидент емес ұзақ мерзiмдi келiсiмшарттар бойынша өтiнiштi салық органына осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмiнiң өтуiнен кешiктiрмей, келiсiмшарттың iс жүзiнде орындалуына қарай табыс етедi.
5. Салық органы мынадай:
1) резидент емес өтiнiштi осы баптың 4-тармағында белгiленген мерзiм өткен соң берген жағдайда, өтiнiштi қараудан бас тартады. Бұл ретте резидент емес салық органына өтiнiштi қайта беруге құқылы емес;
2) резиденттiгiн растайтын құжат осы Кодекстiң 219-бабының 4 және 5-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) резидент емес осы Кодекстiң 219-бабында айқындалған құжаттарды бермеген;
4) резидент емес осы баптың 2-тармағының ережелерiн сақтамаған жағдайларда, өтiнiштi қараудан бас тартады.
Бұл ретте салық органының өтiнiштi қараудан бас тартуы туралы шешiмi өтiнiш пен табыс етiлген құжаттар қоса тiркеле отырып, салық органы оларды алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде бас тарту себептерi көрсетiле отырып, резидент емеске қол қойғызып немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiледi.
Салық органы осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша өтiнiштi қараудан бас тартқан жағдайда, резидент емес өзi жол берген бұзушылықтарды жоятын болса, осы баптың 4-тармағында белгiленген мерзiм шегiнде қайтадан өтiнiш беруге құқылы.
6. Салық органы өтiнiштi резидент емес ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде қарайды.
Бұл ретте осы тармақта көзделген өтiнiштi қарау мерзiмi мынадай:
1) осы баптың 8-тармағында көрсетiлген тақырыптық тексеру жүргiзу;
2) салық органы осы баптың 7, 9 және 10-тармақтарында көрсетiлген сұрау салуды жiберген күннен бастап мұндай сұрау салуға жауап алған күнге дейiнгi кезеңге тоқтатыла тұрады.
7. Резидент еместiң өтiнiшiн қарау барысында салық органы басқа салық органдарына, мемлекеттiк органдарға, шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарына, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын өзге ұйымдарға қажеттi ақпарат беру туралы, сондай-ақ салықты қайтарып алуға байланысты мәселелер бойынша резидент емеске сұрау салу жiберуге құқылы.
8. Резидент еместiң өтiнiшiн қарау кезiнде салық органы, осы баптың 10-тармағында көрсетiлген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстiң 89-тарауында көзделген тәртiппен резидент еместiң салықтық өтiнiшi негiзiнде төленген табыс салығын бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтару мәселесi бойынша тақырыптық тексеру жүргiзедi.
9. Егер резидент еместiң Қазақстан Республикасында өкiлдiгi немесе филиалы болған жағдайда, өтiнiштi қарайтын салық органы резидент еместi оның осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмiнiң өтуi кезеңiнде салық мiндеттемелерiн орындауы және Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесiнiң болуы не болмауы нысанасында жоспардан тыс кешендi салықтық тексеру жүргiзуге арналған сұрау салуды өкiлдiктiң немесе филиалдың орналасқан жерi бойынша салық органына жiберуге мiндеттi.
10. Салық агентi таратылған, банкрот болған жағдайда, салық органы өтiнiшi қаралып жатқан резидент еместiң резиденттiк елiнiң құзыреттi органына салық агентi мен резидент еместiң өзара қарым-қатынастары туралы ақпарат беру жөнiнде сұрау салу жiберуге құқылы.
Бұл ретте осы баптың 11-тармағында көрсетiлген шешiм салық қызметi органдарының сұрау салуына резидент еместiң резиденттiк елiнiң құзыреттi органынан алынған ақпарат және (немесе) таратылған немесе банкрот деп танылған салық агентi ұсынған, төлем көзiнен ұсталған табыс салығы бойынша салық есептiлiгiнiң деректерi негiзiнде қабылданады.
Шет мемлекеттiң құзыреттi органы осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көзделген негiздер бойынша жiберiлген сұрау салу бойынша мәлiметтер ұсынудан жазбаша бас тартқан немесе кемiнде екi жылдан астам мерзiмде жауап ұсынылмаған жағдайда, салық органы өтiнiштi қараудан бас тартуға мiндеттi. Бұл ретте салық төлеушi осы Кодекстiң 226-бабының ережелерiне сәйкес өзара келiсу рәсiмiне бастамашылық жасауға құқылы.
11. Резидент еместiң өтiнiшiн қарау қорытындылары бойынша салық органы мынадай:
1) төлем көзiнен ұсталған табыс салығын толықтай немесе оның бiр бөлiгiн қайтару туралы;
2) төлем көзiнен ұсталған табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешiмдердiң бiрiн шығарады.
Салық органының шешiмi жазбаша нысанда ресiмделедi және оған басшы немесе оның орынбасары қол қояды.
Салық органы төлем көзiнен ұсталған табыс салығын толықтай немесе оның бiр бөлiгiн қайтару туралы шешiм қабылдаған кезде ұсынылған өтiнiште халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес қайтаруға жататын табыс салығының сомасы көрсетiледi және өтiнiш басшының немесе оның орынбасарының қолымен және салық органының мөрiмен куәландырылады.
Төлем көзiнен ұсталған табыс салығын қайтаруға арналған өтiнiштi қарау нәтижелерi бойынша салық органының шешiмiнде:
1) шешiм қабылданған күн;
2) шешiм қабылдаған салық органының атауы;
3) өтiнiш берген резидент еместiң толық атауы;
4) болған жағдайда резидент еместiң инкорпорация елiндегi салықтық тiркелу нөмiрi (немесе оның аналогы);
5) қайтару туралы шешiм қабылданған жағдайда – бюджеттен немесе шартты банк салымынан резидент емеске қайтаруға жататын табыс салығының сомасы;
6) төлем көзiнен ұсталған табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешiм шығарылған жағдайда – Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сiлтеме жасалған және (немесе) мұндай шешiм шығарған кезде салық органы басшылыққа алған шет мемлекеттiң құзыреттi органынан салық қызметi органының сұрау салуы негiзiнде алынған ақпарат көрсетiлген негiздеме көрсетiлуге тиiс.
12. Жоғары тұрған салық органы төлем көзiнен ұсталған табыс салығын толықтай немесе оның бiр бөлiгiн қайтару туралы шешiм қабылдаған жағдайда, шешiмнiң және резидент еместiң өтiнiшiнiң көшiрмелерiн осындай салық органы резидент еместiң табыстарынан төленген төлем көзiнен табыс салығын ұстауды жүргiзген салық агентiнiң орналасқан (тұрғылықты) жерi бойынша тiркелген салық органына жiбередi.
13. Бюджетке табыс салығы төленген және салық органы төлем көзiнен ұсталған табыс салығын қайтару туралы шешiм қабылдаған жағдайда, салық агентiнiң орналасқан (тұрғылықты) жерi бойынша тiркелген салық органы резидент емеске осындай шешiм қабылданған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде осы Кодекстiң 602-бабында көзделген тәртiппен халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес бюджеттен табыс салығының сомасын қайтаруды жүргiзедi.
14. Табыс салығын шартты банк салымына аударған және салық органы төлем көзiнен ұсталған табыс салығын қайтару туралы шешiм қабылдаған жағдайда, банк резидент емеске шартты банк салымынан төленетiн табыс салығының өтiнiште көрсетiлген сомасын және есептелген банк сыйақылары сомасын қайтаруды жүргiзедi. Бұл ретте салық органы куәландырған өтiнiштi банкке резидент емес өз бетiнше табыс етедi.
15. Салық органының шешiмi резидент еместiң өтiнiшiнiң бiр данасы қоса тiркеле отырып, резидент емеске қол қойғызып тапсырылады немесе алуы туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiледi.
Тапсыру күнi немесе почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына резидент еместiң белгi қойған күнi салық органының шешiмiн резидент еместiң алған күнi болып табылады.
16. Резидент емес осы баптың 11-тармағында көрсетiлген салық органының шешiмiмен келiспеген жағдайда, оған салық органының шешiмiн алған күннен бастап күнтiзбелiк тоқсан күн iшiнде уәкiлеттi органға шағымдануға құқылы.
Бұл ретте резидент емес:
1) уәкiлеттi органға – өтiнiштi қоспағанда, салық органы шешiмiнiң көшiрмесiн, сондай-ақ осы Кодекстiң 219-бабында белгiленген құжаттарды қоса тiркей отырып, жазбаша нысандағы шағымды;
2) резидент емес шешiмiне шағымданған салық органына – уәкiлеттi органға жiберiлген шағымның көшiрмесiн жiберуге тиiс.
Шағымда:
1) резидент еместiң шағымға қол қойған күнi;
2) тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) не шағым берушi тұлғаның толық атауы, оның тұрғылықты жерi (орналасқан жерi);
3) болған жағдайда резидент еместiң инкорпорация елiндегi салықтық тiркелу нөмiрi (немесе оның аналогы);
4) шешiмiне резидент емес шағымданған салық органының атауы;
5) шағым берушi резидент емес өзiнiң талаптарын негiздейтiн мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;
6) қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесi көрсетiлуге тиiс.
17. Уәкiлеттi орган резидент емеске мынадай:
1) резидент емес осы баптың 16-тармағында белгiленген мерзiм өткен соң шағымды берген;
2) шағымның мазмұны осы баптың 16-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) резиденттiктi растайтын құжат осы Кодекстiң 219-бабының 4 және 5-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген;
4) резидент емес осы Кодекстiң 219-бабында белгiленген құжаттарды ұсынбаған;
5) резидент емес осы баптың 11-тармағында көрсетiлген салық органының шешiмiне сотқа шағым (арыз) берген жағдайларда, шағым ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде резидент еместiң шағымын қараудан бас тартуы туралы шешiм жiбередi.
Уәкiлеттi орган осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша шағымды қараудан бас тартқан жағдайда резидент емес өзi жол берген бұзушылықтарды жоятын болса, шағымды қараудан бас тарту туралы шешiмдi алған күннен бастап күнтiзбелiк тоқсан күн iшiнде қайта беруге құқылы.
18. Уәкiлеттi орган шағымды резидент емес ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде қарайды.
19. Уәкiлеттi орган шет мемлекеттiң құзыреттi органына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына, сондай-ақ резидент емеске оның өтiнiшiн қарауға байланысты мәселелер бойынша қажеттi ақпаратты ұсыну туралы сұрау салу жiберген жағдайда, резидент еместiң шағымын қарау мерзiмi осындай ақпаратты алғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
20. Резидент еместiң шағымын қараудың қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган мынадай:
1) төлем көзiнен ұсталған табыс салығын толықтай немесе оның бiр бөлiгiн қайтару туралы;
2) төлем көзiнен ұсталған табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешiмдердiң бiрiн шығарады.
Уәкiлеттi органның шешiмi жазбаша нысанда ресiмделiп, оған басшы немесе оның орынбасары қол қояды және резидент емеске қол қойғызып тапсырылады немесе алуы туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiледi.
Тапсыру күнi немесе почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына резидент еместiң белгi қойған күнi салық органының шешiмiн резидент еместiң алған күнi болып табылады.
Уәкiлеттi органның шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiмiнде мыналар:
1) шешiм қабылданған күн;
2) өтiнiш берген резидент еместiң толық атауы;
3) болған жағдайда резидент еместiң инкорпорация елiндегi салықтық тiркелу нөмiрi (немесе оның аналогы);
4) қайтару туралы шешiм қабылданған жағдайда – мемлекеттiк бюджеттен немесе шартты банк салымынан резидент емеске қайтаруға жататын табыс салығының сомасы;
5) төлем көзiнен ұсталған табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешiм шығарылған жағдайда – мұндай шешiм шығарған кезде салық органы басшылыққа алған Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сiлтеме жасалған және (немесе) шет мемлекеттiң құзыреттi органынан салық қызметi органының сұрау салуы негiзiнде алынған ақпарат көрсетiлген негiздеме көрсетiлуге тиiс.
21. Уәкiлеттi орган шешiмiнiң көшiрмесi шешiмiне резидент емес шағымданған салық органына жiберiледi.
Уәкiлеттi орган төлем көзiнен ұсталған табыс салығын қайтару туралы шешiм қабылдаған жағдайда, шешiмiне резидент емес шағымданған салық органы резидент еместiң осындай салық органына бұрын ұсынған өтiнiшiнде халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес қайтаруға жататын табыс салығының сомасын көрсетедi. Осындай салық органының уәкiлеттi орган шешiмiнiң көшiрмесiн алған күнi өтiнiштi куәландыру күнi болып табылады. Бұл ретте өтiнiш басшының немесе оның орынбасарының қолымен және осындай салық органының мөрiмен куәландырылады және резидент емеске қол қойғызып тапсырылады немесе алуы туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы немесе келу тәртiбiмен жiберiледi.
Шешiмiне резидент емес шағымданған жоғары тұрған салық органы көрсетiлген шешiмнiң көшiрмесiн және осындай резидент еместiң куәландырылған өтiнiшiн резидент еместiң табыстарынан төлем көзiнен табыс салығын ұстауды жүргiзген салық агентiнiң орналасқан (тұрғылықты) жерi бойынша тiркелген салық органына жiбередi.
22. Резидент емес осы баптың 11 немесе 20-тармақтарында көрсетiлген шешiмге осы Кодекстiң 218-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiмде сотқа шағым (арыз) берген жағдайда, шартты банк салымына орналастырылған салық сомасын бюджетке аудару туралы инкассалық өкiмдi банкке жiберу сот шағымды (арызды) iске алған күннен бастап сот шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн тоқтатыла тұрады.»;

87) 218-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық органы шартты банк салымында орналастырылған салық сомасын бюджетке аудару туралы инкассалық өкiмдi банкке мынадай мерзiмде:
1) резидент еместен осы Кодекстiң 217-бабының 16-тармағында көрсетiлген шағымның көшiрмесiн алмаған жағдайда – резидент емес осы Кодекстiң 217-бабының 11-тармағында көрсетiлген шешiмдi алған күннен бастап күнтiзбелiк тоқсан күн өткен соң
2) резидент емес осы Кодекстiң 217-бабының 11-тармағында көрсетiлген шешiмге уәкiлеттi органға шағымданған жағдайда - резидент емес осы Кодекстiң 217-бабының 20-тармағында көрсетiлген шешiмдi алған күннен бастап күнтiзбелiк тоқсан күн өткен соң
3) сот осы Кодекстiң 217-бабының 22-тармағында көрсетiлген шағымды (арызды) толық не бiр бөлiгiн қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiм қабылдаған жағдайда – осындай шешiм күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде жiберуге мiндеттi.
Бұл ретте салық қызметi органдары немесе сот төлем көзiнен ұсталған табыс салығын iшiнара қайтару туралы шешiм қабылдаған жағдайда, инкассалық өкiм резидент емеске бас тартылған талаптар бөлiгiне сәйкес келетiн шартты банк салымында орналастырылған салық сомасына жiберiледi.»;
2-тармақтағы «46-бабында белгiленген талап қою мерзiмi iшiнде» деген сөздер «217-бабының 4-тармағында белгiленген мерзiм өткенге дейiн» деген сөздермен ауыстырылсын;

88) 219-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi абзацтағы «тиiстi салық органы мыналар» деген сөздер «резидент емес салық органына мыналарды қоса тiркей отырып, табыс етедi» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «көшiрмесi болған кезде қабылдайды.» деген сөздер «көшiрмесi.» деген сөзбен ауыстырылып, екiншi сөйлем алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) резидент емес Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету үшiн жалдаған қызметшiлер немесе басқа персонал болып табылатын резидент емес жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың және олардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзiмiн растайтын құжаттардың көшiрмелерi болған кезде қабылдайды.»;
2-тармақтың 4) тармақшасындағы «4-тармағының» деген сөздер «4 және 5-тармақтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы тараудың ережелерiн қолдану мақсатында шетелдiктiң резиденттiгiн растайтын құжат табыс алушы-шетелдiктiң:
1) осындай құжатта көрсетiлген уақыт кезеңi iшiнде;
2) егер осындай құжатта уақыт кезеңi көрсетiлмеген жағдайда, ол берiлген күнтiзбелiк жыл iшiнде Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттiң резидентi болып табылатынын растайтын ресми құжатты бiлдiредi.
Шетелдiктiң резиденттiгiн растайтын құжатты табыс алушы-шетелдiк резидентi болып табылатын шет мемлекеттiң құзыреттi органы куәландырады.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Резидент еместiң резиденттiгiн растайтын құжатты куәландыратын қолы қойған мен органның мөрi, сондай-ақ шетелдiк нотариустың қолы мен мөрi осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн нотариат куәландыратын жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруға не Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес апостильдеуге жатады.»;

89) 220-бапта:
3-тармақта:
екiншi абзац «өтiнiш» деген сөздiң алдынан «салықтық» деген сөзбен толықтырылсын;
үшiншi абзацтағы «резидент емес» деген сөздер «резидент емес салық төлеушi» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«Салық төлеушiнiң салықтық өтiнiшi» деген сөздер «Резидент еместiң салықтық өтiнiшi» деген сөздермен ауыстырылсын;
«болмаған немесе» деген сөздерден кейiн «салық төлеушiде және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Резидент емеске құжаттарды беру журналына қол қойғызып Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама берiледi.»;

90) мынадай мазмұндағы 221-1-баппен толықтырылсын:

«221-1-бап. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi
көздерден алынған мүлiктi өткiзуден түсетiн табысты
айқындау тәртiбi

1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi көздерден алынған мүлiктi өткiзу кезiнде түсетiн табыс мүлiктi өткiзу құны болып табылады.
2. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi көздерден алынған мүлiктi өткiзу кезiнде түсетiн табыс мынадай мүлiктi:
1) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi мүлiкке құқық немесе ол бойынша мәмiлелер шет мемлекеттiң құзыреттi органында шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiркелуге жататын;
2) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi, шет мемлекеттiң құзыреттi органында шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiркелуге жататын мүлiктi өткiзу кезiнде мүлiктi өткiзу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.
3. Борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi көздерден алынған бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде түсетiн табыс өткiзу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.
4. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi көздерден алынған борыштық бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде түсетiн табыс өткiзу күнгi дисконт амортизациясы және (немесе) сыйлықақы ескерiле отырып, купон есепке алынбаған өткiзу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.
5. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi көздерден алынған қатысу үлесiн өткiзу кезiнде түсетiн табыс өткiзу құны мен оны сатып алу (салым) құны арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.
6. Осы баптың 2-тармағының ережесi мынадай жағдайларда:
1) жылжымайтын мүлiк жеңiлдiктi салық салынатын мемлекеттiң аумағында болса;
2) жылжымалы мүлiкке құқықтар немесе жылжымалы мүлiк бойынша мәмiлелер жеңiлдiктi салық салынатын мемлекеттiң құзыреттi органында тiркелген болса, қолданылмайды.
7. Осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарының ережелерi, егер осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында көзделген табыстар жеңiлдiктi салық салынатын мемлекеттегi көздерден алынса, қолданылмайды.
8. Осы баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтарының ережелерi:
1) мүлiктi сатып алу құнын (салым құнын);
2) мүлiктi өткiзу құнын;
3) мүлiктi және (немесе) мүлiкке меншiк құқығын және (немесе) мүлiк бойынша мәмiленi шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес шет мемлекеттiң құзыреттi органының тiркегенiн растайтын құжаттар негiзiнде қолданылады.»;

91) 222-баптың тақырыбындағы және мәтiндегi «табыстар алумен байланысты», «алумен байланысты» деген сөздер тиiсiнше «табыс алуға бағытталған қызметтi жүзеге асыруға байланысты», «табыс алуға бағытталған қызметтi жүзеге асыруға байланысты» деген сөздермен ауыстырылсын;

92) 223-бапта:
1-тармақта:
«төлеу кезiнде» деген сөздер «төлеу есебiне осындай» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жатқызылады» деген сөз «жатқызылуға жатады» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
«Егер шет мемлекеттiң салық органы берген және куәландырған, шет мемлекеттегi көздерден алынған табыстардың және төленген салықтардың сомалары туралы анықтама шетел тiлiнде жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен нотариус куәландырған, қазақ немесе орыс тiлiне аудармасының болуы мiндеттi.
Шет мемлекетте төленген салықтарды корпоративтiк немесе жеке табыс салығын төлеу шотына есепке жатқызу кезiнде салық төлеушi осы тармақта көрсетiлген анықтаманы камералдық бақылау жүргiзу мақсатында салық органының талап етуi бойынша тапсыруға құқылы.»;
3-тармақта:
үшiншi бөлiк «алынуға жататын» деген сөздерден кейiн «(алынған)» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Көрсетiлген табыс осы Кодекске сәйкес танылатын салық кезеңiнен басқа салық кезеңiнде шет мемлекетте табысты таныған жағдайда, резидент салық төлеушi Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес осындай табыс есептелген салық кезеңiне Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi көздерден алынған табыстардан шетелдiк табыс салығын есепке жатқызуды жүргiзуге құқылы.»;
5-тармақ алып тасталсын;

93) 224-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«224-бап. Жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте алынған табыс

1. Мынадай шарттарға бiр уақытта сәйкес келетiн:
1) жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте тiркелген;
2) жарғылық капиталының немесе дауыс беретiн акцияларының 10 және одан да көп пайызы тiкелей немесе жанама түрде Қазақстан Республикасының резидентiне тиесiлi болатын резидент емес заңды тұлға жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тiркелген резидент емес болып табылады.
Жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте (мемлекеттерде) орналасқан және (немесе) тiркелген резидент еместердiң табысының бiр бөлiгi салық салынатын табысына қосылуға жатады, ал салық салынатын табыс болмаған жағдайда, осындай резидент еместердiң жарғылық капиталының немесе дауыс беретiн акцияларының 10 және одан да көп пайызы тiкелей немесе жанама түрде тиесiлi Қазақстан Республикасы резидентiнiң залалын азайтады.
Осы тармақтың ережелерi қатысу үлесi тiкелей немесе жанама түрде 10 және одан да көп пайызды құрайтын заңды тұлғаны құрмайтын, кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастырудың басқа нысандарына резиденттiң қатысуына да қолданылады.
Осы тармақтың ережелерi резиденттiң жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тiркелген резидент еместiң жарғылық капиталына жанама түрде қатысуына және (немесе) резиденттiң басқа резидент арқылы жүзеге асырылатын осындай резидент еместiң дауыс беретiн акцияларына жанама түрде иелiк етуiне қолданылмайды.
Жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тiркелген резидент еместердiң салық салынатын табысына қосуға жататын табысының, ал салық салынатын табысы болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы резидентiнiң залалын азайтатын бiр бөлiгi резиденттiң осындай резидент емес заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесiн және (немесе) дауыс беретiн акцияларына иелiк ету үлесiн (бұдан әрi – шоғырландырылатын пайда) ескере отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:

П = П1 х ⻍ + П2 х ⻎ + ... + Пn х Үn, мұнда:

П – шоғырландырылатын пайда;
П1, П2, Пn – жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тiркелген әрбiр резидент еместiң жеке қаржылық есептiлiгiнде танылған салық салу кезеңiнен кейiнгi есептi кезең пайдасының сомасы;
⻍, ⻎, Үn – резиденттiң жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тiркелген әрбiр резидент еместiң жарғылық капиталына резиденттiң тiкелей немесе жанама түрде қатысу үлесi немесе резиденттiң осындай резидент еместiң дауыс беретiн акцияларына тiкелей немесе жанама түрде иелiк ету үлесi.
Осы баптың мақсатында ұзақтығы осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалатын есептi салық кезеңiнiң ұзақтығына сәйкес келетiн кезең есептi кезең болып танылады.
Жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте және Қазақстан Республикасында ұзақтық немесе есептi кезең мен осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалатын есептi салық кезеңiнiң басталатын және аяқталатын күндерi сәйкес келмеген жағдайда, салық төлеушi түзету коэффициенттерiн (К1, К2) қолдану арқылы табыстың мөлшерiн былайша түзетуге мiндеттi:

П1, П2, Пn = Пу х К1 + Пу+1 х К2,
К1 = СК (СР)1
СК (СР)3,
К2 = СК (СР)2
СК (СР)3,

мұнда:
П1, П2, Пn - жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тiркелген әрбiр резидент еместiң жеке қаржылық есептiлiгiнде танылған салық салу кезеңiнен кейiнгi есептi кезең пайдасының сомасы;
СК (СР)1 – Қазақстан Республикасында есептi салық кезеңiнiң шеңберiне кiретiн, жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте бiр есептi кезеңдегi айдың саны;
СК (СР)2 – Қазақстан Республикасында есептi салық кезеңiнiң шеңберiне кiретiн, жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте кезектi есептi кезеңдегi айдың саны;
СК (СР)3 – жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте есептi кезеңдегi айдың жалпы саны;
Ту – жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тiркелген резидент еместiң осындай мемлекетте бiр есептi кезең үшiн салық салынғаннан кейiн табысының бiр бөлiгi Қазақстан Республикасында есептi салық кезеңiне қосылатын сомасы;
Ту+1 - жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тiркелген резидент еместiң осындай мемлекетте басқа есептi кезең үшiн салық салынғаннан кейiн бiр бөлiгi Қазақстан Республикасында есептi салық кезеңiне қосылатын табысының сомасы.
Осы баптың мақсатында резиденттiң жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тiркелген резидент еместiң жарғылық капиталына жанама түрде қатысу немесе дауыс беретiн акцияларына жанама түрде иелiк ету үлесi (бұдан әрi – жанама түрде қатысу немесе иелiк ету үлесi) мынадай формула бойынша айқындалады:

Х = Х1 * Х2 * ... * Хn * 100;

мұнда:
Х – жанама түрде қатысу немесе иелiк ету үлесi, пайызбен;
Х1 – резиденттiң жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тiркелген резидент еместiң жарғылық капиталына тiкелей түрде қатысу немесе резиденттiң осындай резидент еместiң акцияларына тiкелей түрде иелiк ету коэффициентi;
X2,..., Хn – жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тiркелген әрбiр резидент еместiң жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тiркелген басқа резидент еместiң жарғылық капиталына тiкелей түрде қатысу немесе жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тiркелген әрбiр резидент еместiң жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тiркелген басқа резидент еместiң акцияларына тiкелей түрде иелiк ету коэффициентi.
2. Жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тiркелген әрбiр резидент еместiң салық салынғаннан кейiнгi есептi кезеңнiң пайда сомасы осындай резидент еместiң жеке қаржылық есептiлiгiмен расталуға тиiс, оның бiр бөлiгi Қазақстан Республикасында резиденттiң салық салынатын табысына енгiзiлуi тиiс, ал салық салынатын табыс болмаған жағдайда оның залалын азайтатын пайда бөлiгiне осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындау кезiнде есептеледi.
Жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тiркелген әрбiр резидент еместiң пайдасын оның жеке қаржы есептiлiгiнiң деректерi бойынша осы баптың ережесiн қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының резидентi осындай есептiлiк жасалған есептi кезең үшiн валюта айырбасының орташа арифметикалық нарықтық бағамын қолдана отырып, теңгемен қайта есептейдi.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген резидент есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 желтоқсанынан кешiктiрмей өзiнiң орналасқан (тұрғылықты) жерi бойынша салық органына өзi жасаған жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тiркелген, жарғылық капиталының немесе дауыс беру акцияларының 10 және одан да көп пайызы оған тiкелей немесе жанама тиесiлi резидент еместер туралы анықтаманы табыс етуге мiндеттi. Мұндай анықтамада резидент емес заңды тұлғалардың атауы туралы деректер, бар болса олардың инкорпорация елiндегi салықтық тiркеу нөмiрлерi (немесе оның аналогы), инкорпорация елiндегi мемлекеттiк тiркеу нөмiрлерi (немесе оның аналогы) көрсетiлуге тиiс.
Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген резидент нотариат куәландырған қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасын қоса тiркей отырып, мынадай құжаттардың:
1) резидент заңды тұлғаның шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiнiң (егер резидент заңды тұлғаның жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тiркелген еншiлес ұйымы болған жағдайда);
2) жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тiркелген әрбiр резидент еместiң жеке қаржылық есептiлiгiнiң
3) егер жоғарыда аталған тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттiң заңнамалық актiлерiнде осындай қаржылық есептiлiкке аудит жүргiзу мiндеттi деп белгiленген жағдайда, осы тармақта көрсетiлген әрбiр қаржылық есептiлiкке аудиторлық есептiң көшiрмелерiн де беруге мiндеттi.
4. Егер шет мемлекет немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгi мынадай талаптардың бiрiне сай келген жағдайда:
1) мұндай мемлекетте немесе әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте табыс салығының ставкасы 10 пайыздан аз мөлшердi құраса;
2) мұндай мемлекетте немесе әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте қаржы ақпаратының құпиялылығы туралы заңдар немесе мүлiктiң, табыстың нақты иесi немесе заңды тұлғаның (компанияның) нақты иелерi, қатысушылары, құрылтайшылары, акционерлерi туралы құпияны сақтауға мүмкiндiк беретiн заңдар болса, ол жеңiлдiктi салық салынатын мемлекет деп танылады. Уәкiлеттi орган шет мемлекеттiң немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң құзыреттi органынан аталған халықаралық шартта алмасу көзделген мәлiметтердi беруден жазбаша бас тартуды алған немесе шет мемлекеттiң немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң құзыреттi органы мұндай мәлiметтердi уәкiлеттi орган тиiстi сауалды жiбергеннен кейiн екi жылдан астам уақыт iшiнде бермеген жағдайларды қоспағанда, осы тармақшаның ережелерi Қазақстан Республикасы құзыреттi органдар арасында ақпарат алмасу туралы ережелердi көздейтiн халықаралық шарт жасасқан мемлекеттерге немесе мемлекеттердiң әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiне қатысты қолданылмайды.
Жеңiлдiктi салық салынатын мемлекеттердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
5. Осы баптың ережелерi Қазақстан Республикасы резидентке берген және (немесе) резидент үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктерге, инвестициялық салық преференцияларына, барынша қолайлылық режимiне, сондай-ақ осы Кодексте көзделгендерден неғұрлым қолайлырақ өзге де салық салу шарттарына қарамастан қолданылады.»;

94) 225-бапта:
1-тармақта:
«мемлекеттегi көздерден табыстар алған» деген сөздер «мемлекетте қызметiн жүзеге асырған» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шет мемлекетте мұндай табыстарға салық салудан босатылу немесе төмендетiлген салық ставкасын қолдану мақсатында» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, халықаралық шартты қолдану мақсатында тұлға Қазақстан Республикасының резиденттiгiн растау үшiн осындай тұлға орналасқан (тұрғылықты) жерi бойынша тiркелген салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органына резиденттiгiн растауға салықтық өтiнiш табыс етедi.»;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Егер тұлға орналасқан (тұрғылықты) жерi бойынша уәкiлеттi органға сатылы түрде тiкелей бағынатын салық органында тiркелген жағдайда, резиденттiгiн растауға салықтық өтiнiштi осындай салық органына табыс етедi.»;
екiншi бөлiктiң бiрiншi абзацында:
«салық төлеушiлер» деген сөздер «тұлғалар» деген сөзбен ауыстырылсын;
«салық резиденттiгiн растауды алуға» деген сөздер «резиденттiгiн растауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Резиденттiгiн растауға салықтық өтiнiштi қарау қорытындылары бойынша салық органы оны табыс еткен күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде:
1) тұлғаға уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша оның резиденттiгiн растайтын құжатты бередi.
Салық органы тұлғаның резиденттiгiн осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап ету мерзiмi шегiнде резиденттiгiн растауға салықтық өтiнiште көрсетiлген әрбiр күнтiзбелiк жыл үшiн растайды;
2) тұлғаның резиденттiгiн растаудан бас тарту туралы негiзделген шешiм шығарады.
Салық органы тұлға осы Кодекстiң 189-бабында белгiленген шарттарға сай келмеген жағдайда, тұлғаға резиденттiгiн растаудан бас тартады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Резиденттiгiн растайтын құжат жоғалған жағдайда, осындай құжатты берген салық органы резидент өтiнiштi табыс еткен күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде оның телнұсқасын бередi.»;

95) 226-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«226-бап. Өзара келiсу рәсiмi

1. Резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы, егер уағдаласушы мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң iс-әрекетi осындай халықаралық шарт ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға әкеп соқтырады деп есептесе, халықаралық шарт ережелерiн қолдану туралы мәселенi қарау үшiн Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттiң құзыреттi органымен өзара келiсу рәсiмiн жүргiзу туралы өтiнiшпен уәкiлеттi органға жүгiнуге құқылы.
2. Өтiнiште резиденттiң немесе Қазақстан Республикасы азаматының талаптары негiзделген жағдаяттар және осы жағдаяттарды растайтын дәлелдер көрсетiлуге тиiс.
Резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы осындай өтiнiшке Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте алған (алуға жататын) табыстары және (немесе) ұсталған салықтардың (олар ұсталған жағдайда) сомаларын растайтын бухгалтерлiк құжаттардың көшiрмелерiн, сондай-ақ:
1) жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге немесе өзге де мақсаттарға арналған келiсiмшарттардың (шарттардың, келiсiмдердiң);
2) заңды тұлғалар үшiн – резидент заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) және мажоритарлық акционерлерi көрсетiлген құрылтай құжаттарының не сауда тiзiлiмiнен көшiрме үзiндiнiң
3) осы Кодекстiң 225-бабы 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн қоса тiркеуге мiндеттi.
Резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өзара келiсу рәсiмiн жүргiзу үшiн қажеттi осы тармақта көрсетiлмеген өзге де құжаттарды табыс етуге құқылы.
3. Уәкiлеттi орган резиденттен немесе Қазақстан Республикасының азаматынан өзара келiсу рәсiмiн жүргiзу үшiн қажеттi қосымша құжаттарды жазбаша түрде табыс етудi талап етуге құқылы.
4. Резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өтiнiштi, егер халықаралық шартта өзге мерзiмдер белгiленбесе, шет мемлекетте халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес келмейтiн салық мiндеттемесi туындаған күннен бастап осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмi аяқталғанға дейiн табыс етуге тиiс.
5. Уәкiлеттi орган:
1) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасаспаған мемлекеттiң құзыреттi органымен өзара келiсу рәсiмiн жүргiзуге өтiнiш берген;
2) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өтiнiштi осы баптың 4-тармағында белгiленген мерзiм өткеннен кейiн берген;
3) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды бермеген жағдайларда, өтiнiш табыс етiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде резидентке немесе Қазақстан Республикасының азаматына өтiнiштi қараудан бас тарту туралы жазбаша шешiмдi тапсырыс хатпен почта арқылы жiбередi.
Уәкiлеттi орган осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген негiз бойынша өтiнiштi қараудан бас тартқан жағдайда, резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы жасалған бұзушылықтарды жойса, олар осы баптың 4-тармағында белгiленген мерзiм шегiнде қайтадан өтiнiш беруге құқылы.
6. Уәкiлеттi орган осы баптың 5-тармағында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, резиденттiң немесе Қазақстан Республикасы азаматының өтiнiшiн алған күннен бастап күнтiзбелiк қырық бес күн iшiнде оны қарайды.
7. Резиденттiң немесе Қазақстан Республикасы азаматының өтiнiшiн қарау қорытындысы бойынша уәкiлеттi орган:
1) өзара келiсу рәсiмiн жүргiзуден бас тарту туралы;
2) өзара келiсу рәсiмiн жүргiзу туралы шешiмдердiң бiрiн шығарады.
8. Уәкiлеттi орган:
1) резиденттiң немесе Қазақстан Республикасы азаматының өтiнiшiнде көрсетiлген негiздер Қазақстан Республикасының халықаралық шартының ережелерiне сәйкес келмеген;
2) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы дәйексiз ақпарат берген;
3) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өтiнiштi қарау барысында осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттарды табыс етпеген жағдайларда, өзара келiсу рәсiмiн жүргiзуден бас тарту туралы шешiм шығарады.
Өзара келiсу рәсiмiн жүргiзуден бас тарту туралы шешiм резидентке немесе Қазақстан Республикасының азаматына шешiм шығарылған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде почта арқылы тапсырыс хатпен жiберiледi.
9. Өзара келiсу рәсiмiн жүргiзу туралы шешiм қабылданған жағдайда, уәкiлеттi орган шет мемлекеттiң құзыреттi органына осындай рәсiмдi жүргiзу туралы сұрау салу жiбередi.
10. Уәкiлеттi орган резиденттiң немесе Қазақстан Республикасы азаматының өтiнiшi негiзiнде басталған шет мемлекеттiң құзыреттi органымен өзара келiсу рәсiмiн жүргiзудi:
1) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өзара келiсу рәсiмiн жүргiзудi тоқтату туралы өтiнiш берген;
2) өзара келiсу рәсiмiн жүргiзу барысында резиденттiң немесе Қазақстан Республикасы азаматының дәйексiз ақпарат беруi фактiсi анықталған;
3) өзара келiсу рәсiмiн жүргiзу барысында резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттарды табыс етпеген жағдайларда тоқтатады.
11. Уәкiлеттi орган шет мемлекеттiң құзыреттi органынан резиденттiң немесе Қазақстан Республикасы азаматының табыстарына салық салу мәселесi бойынша уәкiлеттi органның сұрау салуына соңғы жауап алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде резидентке немесе Қазақстан Республикасының азаматына өзара келiсу рәсiмiн жүргiзу қорытындылары бойынша қабылданған шешiм туралы ақпаратты жазбаша түрде почта арқылы тапсырыс хатпен жiбередi.
12. Тұлға уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттiң құзыреттi органымен өзара келiсу рәсiмiн жүргiзу туралы өтiнiшпен резиденттiк мәртебесiн айқындау мәселесi бойынша жүгiнуге құқылы.
Мұндай тұлға уәкiлеттi органға өтiнiштi осы Кодекстiң осы бабы 2-тармағының 2) тармақшасында және 225-бабы 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттармен қоса табыс етедi.
Осы тармақтың мақсатында осы баптың 1 – 11-тармақтарында көзделген өзара келiсу рәсiмiн жүргiзу тәртiбi қолданылады.
13. Шет мемлекеттiң құзыреттi органының сұрау салуы негiзiнде жүргiзiлген өзара келiсу рәсiмiнiң қорытындысы бойынша қабылданған шешiмдi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 2) және 8) тармақшаларында көрсетiлген, оған байланысты аталған мемлекеттiң резидент емесi осындай рәсiм жүргiзуге бастама жасаған хабарламалардың бiрiн салық төлеушiге жiберген салық органына жазбаша түрде жiбередi.
Өзара келiсу рәсiмiнiң қорытындысы бойынша шығарылған шешiм осы бапта белгiленген тәртiппен салық органдарының орындауы үшiн мiндеттi.»;

96) 27-тарау мынадай мазмұндағы 227-1-баппен толықтырылсын:

«227-1-бап. Депозитарлық қолхаттардың базалық активi болып
табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрiнде
резиденттiң табысынан төлем көзiнен ұсталған табыс
салығын қайтару тәртiбi

1. Депозитарлық қолхаттардың базалық активi болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрiндегi табыстарды түпкiлiктi (нақты) табыс алушы (иеленушi) резидентке депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы төлеген кезде салық агентi бiр мезгiлде мынадай талаптарды орындаған кезде резиденттер үшiн осы Кодексте көзделген табыс салығы ставкасын қолдануға немесе одан босатуға құқылы:
1) мыналар:
Қазақстан Республикасының резидентi шығарған акциялар базалық активi болатын депозитарлық қолхаттардың меншiк иелерi болып табылатын жеке тұлғалардың тегi, аты, әкесiнiң аты (олар бар болса) немесе заңды тұлғалардың атауы;
депозитарлық қолхаттардың саны және түрi туралы ақпарат;
жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың атауы және деректемелерi немесе заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнi қамтылған депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар тiзiмiнiң болуы.
Депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар тiзiмiн мынадай тұлғалар:
егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншiк құқықтарын есепке алуды және растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активi болып табылатын акцияның эмитент резидентi мен осындай ұйым арасында жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметтi жүзеге асыру құқығына ие ұйым;
немесе
егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншiк құқықтарын есепке алуды және растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активi болатын акцияның эмитент резидентi мен осындай ұйым арасында жасалған жағдайда, шет мемлекеттiң бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметтi жүзеге асыру құқығына ие өзге ұйым жасайды;
2) депозитарлық қолхаттардың базалық активi болып табылатын акциялар бойынша түпкiлiктi (нақты) дивидендтер алушы (иеленушi) тұлғаның Қазақстан Республикасының салық төлеушiсi куәлiгiнiң болуы.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының салық төлеушiсi куәлiгi салық агентiне осы Кодекстiң 212-бабының 3-тармағында көрсетiлген, бiрiншi болып басталатын күндердiң бiрiнен кешiктiрмей табыс етiледi.
2. Салық агентi салық органына табыс етiлетiн салықтық есептiлiкте есептелген (төленген) табыстардың және осы Кодекске сәйкес ұсталған, ұстаудан босатылған салықтардың сомасын, табыс салығының ставкасын көрсетуге мiндеттi.
Бұл ретте салық агентi өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына Қазақстан Республикасының салық төлеушiсi – резидент куәлiгiнiң нотариат куәландырған көшiрмесiн табыс етуге мiндеттi. Мұндай құжаттың көшiрмесi, резиденттiң мұндай құжатты салық агентiне осы Кодекстiң 212-бабының 3-тармағында көрсетiлген күндердiң бiрiнде табыс еткеннен кейiн табыс ету мерзiмi басталатын салық есептiлiгiн табыс еткен күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде берiледi.
3. Салық агентi осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiппен резидентке депозитарлық қолхаттардың базалық активi болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрiнде табыс төлеген кезде осы Кодекстiң ережелерiн қолданбаған жағдайда, салық агентi осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген ставка бойынша төлем көзiнен табыс салығын ұстауға мiндеттi.
Ұсталған табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 195-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгiленген мерзiмде аударылуға тиiс.
4. Салық агентi резидент түпкiлiктi (нақты) табыс алушының табыстарынан ұсталған табыс салығын бюджетке аударған жағдайда, мұндай резидент осы Кодекске сәйкес төленген төлем көзiнен артық ұсталған табыс салығын қайтаруға құқылы.
Бұл ретте резидент салық агентiне:
1) депозитарлық қолхаттардың базалық активi болып табылатын акцияларға меншiк құқығын растайтын құжаттың
2) дивидендтер түрiндегi табысты алған кезең үшiн Қазақстан Республикасының салық төлеушiсi куәлiгiнiң нотариат куәландырған көшiрмесiн табыс етуге мiндеттi.
Осы тармақта көрсетiлген құжаттарды резидент бюджетке төлем көзiнен ұсталған табыс салығын соңғы аударған күннен бастап осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн табыс етедi.
Бұл ретте резидентке артық ұсталған табыс салығын қайтаруды салық агентi жүргiзедi.
5. Салық агентi өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына депозитарлық қолхаттардың базалық активi болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрiндегi резиденттiң табыстарынан табыс салығы ұсталған және аударылған салық кезеңi үшiн резиденттер үшiн көзделген салық ставкасы қолданылған немесе салық салудан босатылған кездегi азайту сомасында төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша қосымша есеп-қисап тапсыруға құқылы.
Аталған жағдайда төлем көзiнен ұсталған табыс салығының артық төленген сомасын салық агентiнiң есебiне жатқызу осы Кодекстiң 599-бабында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.»;

97) 231-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшаның бесiншi абзацы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) тауар экспортын;»;
3-тармақтың 15) тармақшасындағы «алушыға беруi өткiзу бойынша айналым болып табылмайды.» деген сөздер «алушыға беруi;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) салымшының (клиенттiң) банктiк шот және (немесе) банктiк салым шарттары бойынша есептелген және (немесе) оған төленген сыйақы сомасын алуы өткiзу бойынша айналым болып табылмайды.»;

98) 238-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, салық салынатын айналым мөлшерiне акцизделетiн тауарлар бойынша акциз сомалары енгiзiледi.
Салық салынатын айналым мөлшерiне бiр мезгiлде мынадай:
1) тауардың осы Кодекстiң 279-бабының 5) тармақшасында көрсетiлген, өңдеушiге алыс-берiс негiзiнде берiлген шикi мұнайдан жасалған өңдеу өнiмi болып табылуы;
2) осы Кодекстiң 279-бабының 5) тармақшасында көрсетiлген, оған алыс-берiс негiзiнде берiлген шикi мұнайдан акцизделетiн тауар жасаған тұлғаның акциз сомасын төлеудi жүзеге асыруы талаптары сақталған кезде акциз сомасы енгiзiлмейдi.»;

99) 240-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасындағы «салық кезеңi аяқталғаннан кейiн» деген сөздер «салық кезеңiнiң басынан бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ «азайту» деген сөзден кейiн «, өткiзу бойынша айналым жасау күнi қолданыста болатын қосылған құн салығы ставкасын қолдана отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;

100) 241-баптың 6-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң құны Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын, импортталатын тауарлардың әкелiнетiн тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетiне төленiп, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес қайтарылуға жатпайтын кедендiк құнға енгiзiлсе;»;

101) 248-баптың 10) тармақшасындағы «тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту жөнiндегi жұмыстарды, қызмет көрсетулердi, сондай-ақ транзиттiк жүктердi;» деген сөздер «сондай-ақ транзиттiк жүктердi тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту жөнiндегi, кеден одағының кедендiк шекарасынан өту кезiнде вагондарды арбаларға немесе енi басқа дөңгелек жұптарға ауыстыру жөнiндегi жұмыстарды, қызмет көрсетулердi;» деген сөздермен ауыстырылсын;

102) 250-бапта:
2-тармақтың 11) тармақшасындағы «кәсiпорынның жарғылық капиталына» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтағы «, кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаға, консорциумдарға қатысу үлестерiмен операцияларды жүзеге асырған», «кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаға, консорциумдардағы қатысу үлестерiн» деген сөздер тиiсiнше «операцияларды жүзеге асырған, қатысу үлесiн өткiзген», «қатысу үлесiн» деген сөздермен ауыстырылсын;

103) 254-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы «субстанция-дәрiлердi» деген сөздер «дәрiлiк субстанцияларды» деген сөздермен және 255-баптың 1-тармағы 7) тармақшасының бiрiншi бөлiгiндегi «субстанция-дәрiлер» деген сөздер «дәрiлiк субстанциялар» деген сөздермен ауыстырылсын;

104) 256-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгiндегi «241-бабына» деген сөздер «241 және 276-20-баптарына» деген сөздермен ауыстырылсын;

105) 257-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қосылған құн салығының сомасы мынадай жағдайларда:
1) сот жарамды деп таныған мәмiлелер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомаларын қоспағанда, соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң немесе қаулысының негiзiнде жалған кәсiпорын деп танылған салық төлеушiмен жасалған операциялар бойынша;
2) сот жеке кәсiпкерлiк субъектiсi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру ниетiнсiз жасаған деп таныған мәмiле (мәмiлелер) бойынша есепке жатқызылмайды.»;

106) 258-баптың 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын;

107) 259-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы бапта көзделген түзету тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша түзету жүргiзiлетiн айналым жасау кезiнде тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi берушi жазып беретiн шот-фактурада көрсетiлген қосылған құн салығының ставкасы бойынша жүргiзiледi.»;

108) 262-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Есепке жатқызудың бөлек әдiсiн пайдаланатын қосылған құн салығын төлеушiлердiң бiр мезгiлде салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қосылған құн салығының сомасын айқындаған кезде, жалпы айналымдағы салық салынатын айналымның үлес салмағын қолдануға құқығы бар.»;

109) 263-бапта:
5-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi берушi мен алушының почталық индексi көрсетiлмеген мекенжайы;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi берушiлер немесе алушылар болып табылатын дара кәсiпкерлерге қатысты – қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою туралы куәлiкте көрсетiлген салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол бар болса) және (немесе) атауы;
тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi берушiлер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкте көрсетiлген атауы. Бұл ретте, ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету бойынша қалыптасқан, оның iшiнде iскерлiк айналымдағы қалыптасуына сәйкес аббревиатуралар қолданылуы мүмкiн;»;
7-тармақтың екiншi бөлiгi екiншi абзацындағы «бойынша шот-фактураны жазып беруге құқылы.» деген сөздер «бойынша;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
«осы Кодекстiң 276-бабының 1-тармағында көрсетiлген адамдарға бiр немесе бiр жылдан астам мерзiмге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу кезiнде – оның қорытындысы бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша шот-фактураны жазып беруге құқылы.»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) тауар дара кәсiпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат болып табылмайтын жеке тұлғаға сыйға тартылған немесе өтеусiз берiлген;»;

110) 267-бапта:
1-тармақтағы «ұйымдар» деген сөз «заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Осы баптың мақсаттары үшiн қолданылатын жылдық жиынтық табыс:
1) осы Кодекстiң 4-бөлiмiне сәйкес осы Кодекстiң 99-бабында көзделген жылдық жиынтық табысты түзету есепке алынбай;
2) осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалатын ағымдағы салық кезеңi үшiн айқындалады.
6. Егер ағымдағы салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында белгiленген шарттар орындалмаған жағдайда, салық төлеушi:
1) осы баптың 3-тармағында белгiленген ереженi қолданбай, осы Кодекстiң 266-бабында белгiленген тәртiппен қосылған құн салығын есептеуге;
2) корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей осы баптың 3-тармағында белгiленген ереженi қолданбай, қосылған құн салығы осы Кодекстiң 266-бабына сәйкес есептеуге жататын салық кезеңдерi үшiн осы Кодекстiң 70-бабына сәйкес қосылған құн салығы бойынша қосымша салық есептiлiгiн табыс етуге мiндеттi.»;

111) 268-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке тұлғалар кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен және жағдайларда кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы алып өтетiн жеке пайдалануға арналған тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезiнде қосылған құн салығын төлеу кедендiк баждардың, салықтардың бiрыңғай ставкасы бойынша кедендiк баждарды, салықтарды төлеу арқылы немесе жиынтық кедендiк төлем түрiнде жүзеге асырылады.
Кедендiк баждардың, салықтардың бiрыңғай ставкаларының, сондай-ақ жиынтық кедендiк төлемнiң мөлшерi мен оларды төлеу тәртiбi кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленедi.»;

112) 270-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс ету жөнiндегi мiндеттеме осы Кодекстiң 228-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген, қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою жүргiзiлмеген тұлғаларға қолданылмайды.»;
2-тармақтағы «Декларациямен» деген сөз «Осы Кодекстiң 68-бабында өзгеше көзделмесе, декларациямен» деген сөздермен ауыстырылсын;

113) 271-бапта:
1-тармақтағы «Қосылған» деген сөз «Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, қосылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекстiң 571-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушiнi қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясында көрсетiлген қосылған құн салығын төлеу қосылған құн салығын төлеушiнiң салық органына осындай декларацияны табыс еткен күнiнен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей, оның орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
Егер қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы табыс етiлген салық кезеңiнiң алдындағы салық кезеңi үшiн табыс етiлген, қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетiлген осындай салықты төлеу мерзiмi осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн басталған жағдайда, салықты төлеу салық органына тарату декларациясы табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.»;

114) 276-2-баптың 2) тармақшасында:
төртiншi абзац «болып табылса,» деген сөздерден кейiн «осындай заңды тұлғаның тиiстi шешiмi негiзiнде» деген сөздермен толықтырылсын;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«нотариаттық қызметтi, атқару құжаттарын орындау жөнiндегi қызметтi, адвокаттық қызметтi жүзеге асыру мақсатында тауарларды импорттайтын жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар;»;

115) 276-5-баптың 2-тармағында:
1) тармақшаның бiрiншi бөлiгiндегi «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «осы мемлекеттiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшаның бiрiншi бөлiгiнде:
«Қазақстан Республикасының» деген сөздер «осы мемлекеттiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
«көлiк құралдарын» деген сөздердiң алдынан «жылжымайтын мүлiктi және» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы, 4) тармақшаның бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацындағы «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «осы мемлекеттiң» деген сөздермен, төртiншi абзацындағы «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «кеден одағына мүше мемлекеттiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшаның бiрiншi бөлiгiндегi «Қазақстан Республикасының салық төлеушiсi жұмыстарды орындаса, қызметтердi көрсетсе қолданылады» деген сөздер «осы мемлекеттiң салық төлеушiсi жұмыстарды орындаса, қызметтердi көрсетсе, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өткiзу орны кеден одағына мүше мемлекеттiң аумағы болып танылады» деген сөздермен ауыстырылсын;

116) 276-6-баптың 2-тармағында:
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, осы тараудың мақсаты үшiн:
1) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлiк есепте осындай тауарларды тану (көрсету) күндерiнiң неғұрлым ертерегi;
2) Қазақстан Республикасының аумағына мұндай тауарларды әкелу күнi импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.
Салық төлеушiде осы тармақтың екiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген күндердiң екеуi де болған жағдайда, көрсетiлген күндердiң неғұрлым кешiрегi импортталған тауарларды есепке қойған күн болып табылады.
Осы тармақтың мақсаты үшiн:
тауарларды әуе немесе теңiз кемелерiмен тасымалдау кезiнде – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әуежайға немесе портқа әкелген күн;
тауарларды халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезiнде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өткен күн тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген күн болып табылады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өткен күн Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң аумақтық бөлiмшелерi беретiн мемлекеттiк бақылаудан өткенi туралы талонның негiзiнде;
тауарларды халықаралық және мемлекетаралық темiр жол көлiгi қатынасымен тасымалдау кезiнде – Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген шекара маңындағы бiрiншi өткiзу пунктiне (стансасына) әкелген күн;
тауарларды магистральдық құбыржолдары жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша тасымалдау кезiнде – тауарларды тапсыру пунктiне әкелген күн айқындалады.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу күнi туралы мәлiметтер болмаған кезде, осы тармақтың екiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында көрсетiлген күн импортталған тауарларды есепке қойған күн болып табылады.
Халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлiк есепте тауарларды тану (көрсету) болмаған кезде осы тармақтың екiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында көрсетiлген күн импортталған тауарларды есепке қойған күн болып табылады.»;
үшiншi бөлiк «Қазақстан Республикасының» деген сөздердiң алдынан «Осы тармақтың екiншi – жетiншi бөлiктерiнде көрсетiлмеген өзге де жағдайларда, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;

117) 276-8-бапта:
2-тармақтың екiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында:
бiрiншi бөлiктiң бiрiншi абзацы «негiзiнде» деген сөзден кейiн «(растаушы құжаттар табыс етiле отырып)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Табыс етiлген құжаттарда осы тармақшада көрсетiлген, тауарларды өзге орнына әкелгенге дейiнгi шығыстар бойынша есеп айырысу болмаған жағдайда, табыс етiлген құжаттарда көрсетiлген барлық шығыстар сомасы тауардың құнына қосылады.»;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«халықаралық автомобиль қатынасында тауарларды тасу кезiнде – Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автомобильдi өткiзу пунктi;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тауар алмасу (бартерлiк) шарттары (келiсiмшарттары), сондай-ақ зат түрiнде қарыз берудi көздейтiн шарттар (келiсiмшарттар) бойынша алынған тауарлардың салық салынатын импортының мөлшерi осы баптың 2-тармағында көзделген салық салу мақсатында баға айқындау қағидатын ескере отырып, тауарлар құнының негiзiнде айқындалады.
Бұл ретте тауарлардың құны шартта (келiсiмшартта) көзделген тауарлар бағасының, шартта (келiсiмшартта) тауарлардың бағасы көрсетiлмеген кезде - тауарларға iлеспе құжаттарда көрсетiлген бағаның, шартта (келiсiмшартта) және тауарларға iлеспе құжаттарда бағасы көрсетiлмеген кезде – тауарлардың бухгалтерлiк есепте көрсетiлген бағасының негiзiнде айқындалады.»;

118) 276-11-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «тауарларға iлеспе құжаттар» деген сөздер «тауарларға iлеспе құжаттардың көшiрмелерi» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
4) тармақшада:
«тауарға iлеспе құжаттардың» деген сөздер «тауарға iлеспе құжаттар көшiрмелерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Алыс-берiс шикiзатын магистральдық құбыр жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша әкеткен жағдайда тауарға iлеспе құжаттар көшiрмелерiнiң орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актiсi табыс етiледi;»;
6) тармақшада:
«тауарға iлеспе құжаттардың» деген сөздер «тауарға iлеспе құжаттар көшiрмелерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Өңделген өнiмдердi магистральдық құбыр жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша әкеткен жағдайда, тауарға iлеспе құжаттар көшiрмелерiнiң орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актiсi табыс етiледi;»;
3-тармақта:
4) тармақшада:
«тауарға iлеспе құжаттардың» деген сөздер «тауарға iлеспе құжаттар көшiрмелерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Алыс-берiс шикiзатын магистральдық құбыржолдар жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша әкеткен жағдайда тауарға iлеспе құжаттар көшiрмелерiнiң орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актiсi табыс етiледi;»;
5) тармақшада:
«тауарға iлеспе құжаттардың» деген сөздер «тауарға iлеспе құжаттар көшiрмелерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Өңделген өнiмдердi магистральдық құбыр жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша әкеткен жағдайда, тауарға iлеспе құжаттар көшiрмелерiнiң орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актiсi табыс етiледi;»;

119) 276-15-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстiң 255-бабы 1-тармағының 1), 3) - 12) тармақшаларында көзделген тауарлардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген, кеден одағы шеңберiнде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.»;

120) 276-20-бапта:
3-тармақта:
төртiншi бөлiк «қолтаңбаларымен» деген сөздiң алдынан «не салық төлеушiнiң шешiмi бойынша оған уәкiлеттiк берiлген өзге да адамдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Бұл ретте көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерi соңғы парағына олардың жалпы саны көрсетiле отырып, тiгiлген, нөмiрленген және соңғы парағын салық төлеушiнiң басшысы мен бас бухгалтерiнiң (ол болған кезде) не салық төлеушiнiң шешiмi бойынша оған уәкiлеттiк берiлген өзге де адамдардың қолтаңбаларымен, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздер бойынша салық төлеушiнiң мөрi болмаған жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ салық төлеушiнiң мөрiмен куәландырылған кiтап (кiтаптар) түрiнде табыс етiлуi мүмкiн.»;
тоғызыншы бөлiк алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөнiндегi декларация осы Кодекстiң 584-бабының 5-тармағында көрсетiлген жағдайларда, сондай-ақ осы баптың 3-тармағы екiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында көрсетiлген құжаттар табыс етiлмеген жағдайда, салық органдарына табыс етiлмеген деп саналады.»;
7-тармақтың екiншi бөлiгiндегi «4-тармағының» деген сөз «4-тармағы екiншi бөлiгiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;

121) 276-22-баптың 5-тармағы алып тасталсын;

122) 281-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«акцизделетiн тауарларды заттай ақы нысанында пайдалы қазбаларды өндiру салығын, экспортқа рента салығын төлеу есебiне беру жағдайларын қоспағанда, заттай ақы төлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы;»;

123) 287-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Көтерме саудада өткiзу саласына сондай-ақ:
1) одан әрi өткiзу үшiн құрылымдық бөлiмшелерге бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын жөнелту;
2) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, алыс-берiс шикiзаты мен материалдардан, бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынынан дайындалған мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң беруi жатқызылады.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) алыс-берiс шикiзаты мен материалдардан, бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынынан дайындалған мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң тұлғаларға оларды өндiрiстiк мұқтаждар үшiн өткiзуi, сондай-ақ беруi;»;

124) 300-баптың 1) тармақшасындағы «308-баптың 2-тармағында» деген сөздер «308-1-баптың 1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;

125) 313-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасындағы «келiсiмшартты жасасқан жеке немесе заңды тұлға қол қойылатын бонус төлеушi болып табылады.» деген сөздер «келiсiмшартты;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшартты жасасқан жеке немесе заңды тұлға қол қойылатын бонус төлеушi болып табылады.»;

126) 314-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасында:
бiрiншi абзац «өндiруге» деген сөзден кейiн «және бiрлескен барлау мен өндiруге» деген сөздермен толықтырылсын;
жетiншi абзац «өндiруге» деген сөзден кейiн «және бiрлескен барлау мен өндiруге» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiк «Бұл ретте» деген сөздерден кейiн «осы баптың 2-тармағының 1-1) тармақшасында көрсетiлген табиғи газды өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
1) тармақшада:
«шикi мұнай» деген сөздердiң алдынан «осы тармақтың 1-1) тармақшасында көрсетiлген табиғи газды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын баға бойынша Қазақстан Республикасының iшкi нарығына өндiрiлген табиғи газды жеткiзудiң ең төменгi көлемi туралы жер қойнауын пайдаланушының мiндеттемелерi көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша табиғи газ үшiн мына формула бойынша:

Қ = V1 * Б1 + V2 * Б2,

мұнда:
V1 – Қазақстан Республикасының iшкi нарығында өткiзiлуге жататын А, В, С1 өнеркәсiптiк санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы бекiткен табиғи газ қорларының көлемi;
V2 – V1 қоспағанда, А, В, С1 өнеркәсiптiк санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы бекiткен табиғи газ қорларының көлемi;
Б1 – Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын баға;
Б2 – осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын, табиғи газ бағасын белгiлеудiң орташа арифметикалық мәнi;

Қа = V1 * Б1 + V2 * Б2,

мұнда:
V1 – әлеуеттi коммерциялық объектiнiң және ⸇ санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшiн Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы бекiткен және (немесе) көрсетiлген Комиссия қорытындысында назарға алынған ⸆ санатындағы табиғи газ қорларының көлемi;
V2 – V1 қоспағанда, әлеуеттi коммерциялық объектiнiң және ⸇ санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшiн Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы бекiткен және (немесе) көрсетiлген Комиссия қорытындысында назарға алынған ⸆ санатындағы табиғи газ қорларының көлемi;
Б1 – Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын баға;
Б2 – осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын, табиғи газ бағасын белгiлеудiң орташа арифметикалық мәнi;»;

127) 330-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгiндегi «308-баптың 2-тармағында» деген сөздер «308-1-баптың 1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;

128) 332-бапта:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Жеке өндiрiстiк мұқтаждарға пайдаланылған табиғи газ деп:
жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде мұнай дайындау кезiнде отын ретiнде пайдаланған;
өндiрiстiк және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы қазандықтар үшiн;
ұңғыма сағасында мұнайды қыздыру үшiн және тасымалдау кезiнде;
электр энергиясын өндiру үшiн;
осы баптың 4-тармағында көзделген жер қойнауына керi айдау жағдайларын қоспағанда, бекiтiлген жобалық құжаттарда көзделген көлемде жер қойнауына қайта айдау үшiн пайдаланылған табиғи газ танылады.»;
4-тармақтағы «жер қойнауына керi айдалатын» деген сөздер «бекiтiлген жобалық құжаттарда көзделген мұнай алу коэффициентiн ұлғайту мақсатында жер қойнауына керi айдалатын көлемде» деген сөздермен ауыстырылсын;

129) 346-бапта:
бүкiл мәтiн бойынша «308-баптың 2-тармағында» деген сөздер «308-1-баптың 1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жер қойнауын пайдаланушы», «Жер қойнауын пайдаланушы», «Жер қойнауын пайдаланушының», «жер қойнауын пайдаланушының» деген сөздер тиiсiнше «салық төлеушi», «Салық төлеушi», «Салық төлеушiнiң», «салық төлеушiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;

130) 347-1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «308-баптың 2-тармағында» деген сөздер «308-1-баптың 1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;

131) 355-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Резидент заңды тұлға өз шешiмiмен өзiнiң құрылымдық бөлiмшесiн осындай құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiне табыстар түрiнде төленетiн (төленуге жататын) жұмыс берушiнiң шығыстары бойынша әлеуметтiк салық төлеушi деп тануға құқылы.
Бұл ретте резидент заңды тұлғаның шешiмi немесе осындай шешiмнiң күшiн жою осындай шешiм қабылданған тоқсаннан кейiнгi тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлiмше әлеуметтiк салық төлеушi деп танылса, резидент заңды тұлғаның осындай тану туралы шешiмi осы құрылымдық бөлiмшенiң құрылған күнiнен бастап немесе осы құрылымдық бөлiмшенiң құрылған тоқсаннан кейiнгi тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша дербес әлеуметтiк салық төлеушi деп танылған құрылымдық бөлiмшелер осы Кодекстiң 19-тарауының мақсаты үшiн жеке табыс салығы бойынша салық агенттерi болып танылады.»;

132) 357-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«357-бап. Салық салу объектiсi

1. Осы Кодекстiң 355-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған төлеушiлер үшiн, төлеушiлердiң өздерiн қоса алғанда, қызметкерлер саны әлеуметтiк салық салу объектiсi болып табылады.
2. Осы Кодекстiң 355-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында және 2-тармағында көрсетiлген төлеушiлер үшiн жұмыс берушiнiң осы Кодекстiң 163-бабының 2-тармағында айқындалған табыстар түрiнде резидент қызметкерлерге, осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 18), 19), 20) және 21) тармақшаларында айқындалған табыстар түрiнде резидент емес қызметкерлерге төлейтiн шығыстары, сондай-ақ егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстiң 191-бабының 7-тармағында көрсетiлген шетел персоналының табыстары салық салу объектiсi болып табылады.
Осы Кодекстiң 156-бабы 1-тармағының 8), 10), 12), 17), 18), 24), 26), 27), 29) – 32), 34), 41) тармақшаларында және 200-1-бабының 1-тармағының 13) тармақшасында белгiленген табыстар, сондай-ақ:
1) гранттар қаражаты есебiнен жасалатын төлемдер;
2) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Yкiметi тағайындайтын мемлекеттiк сыйлықтар, стипендиялар;
3) спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделi орындар үшiн берiлетiн ақшалай наградалар;
4) жұмыс берушi жеке тұлғаның қызметi тоқтатылған не жұмыс берушi заңды тұлға таратылған, қызметкерлердiң саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде төленетiн өтемақы төлемдерi;
5) жұмыс берушiнiң қызметкерлерге пайдаланылмаған ақысы төленетiн жыл сайынғы еңбек демалысы үшiн төлейтiн өтемақы төлемдерi;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердiң мiндеттi зейнетақы жарналары салық салу объектiсi болып табылмайды.
3. Егер осы баптың 2-тармағына сәйкес күнтiзбелiк ай үшiн айқындалған салық салу объектiсi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және осы күнтiзбелiк айдың бiрiншi күнiне қолданыста болатын ең төменгi жалақы мөлшерiнен кем болған жағдайда, әлеуметтiк салық салу объектiсi осындай ең төменгi жалақы мөлшерiн негiзге ала отырып айқындалады.
4. Егер төлемдер грант алушымен не грант мақсаттарын (мiндеттерiн) жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келiсiмшартқа) сәйкес жүргiзiлсе, осы баптың 2-тармағы екiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасының ережелерi қолданылады.»;

133) 359-баптың 2-тармағындағы «4» деген цифр «1» деген цифрмен ауыстырылсын;

134) 361-баптың 1 және 2-тармақтарындағы «есептi айға», «Есептi айда», «келесi айға» деген сөздер тиiсiнше «салық кезеңiне», «Салық кезеңiнде», «келесi салық кезеңiне» деген сөздермен ауыстырылсын;

135) 365-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
136) 373-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды тұлға өз шешiмiмен өзiнiң құрылымдық бөлiмшесiн жер салығын дербес төлеушi деп тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, заңды тұлғаның шешiмi немесе осындай шешiмнiң күшiн жою осындай шешiм қабылдаған жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлiмше жер салығын дербес төлеушi деп танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешiмi осы құрылымдық бөлiмшенiң құрылған күнiнен бастап немесе осы құрылымдық бөлiмше құрылған жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.»;
4-тармақтағы «2)» деген цифр «3)» деген цифрмен ауыстырылсын;

137) 382-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
«тұрғын үйге» деген сөздер «тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тұрғын үй қоры» деген сөздер «тұрғын үй (тұрғын ғимарат)» деген сөздермен ауыстырылсын;

138) 388-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Кондоминиум объектiсiнiң бiр бөлiгi болып табылатын жер учаскесiне кондоминиум объектiсiнiң бiр бөлiгi болып табылатын жалпы мүлiкте үй-жайдың (ғимараттың бiр бөлiгiнiң) әрбiр меншiк иесiнiң үлесiне барабар жер салығы салынуы тиiс.
Бұл ретте:
1) жалпы мүлiктегi тұрғын үй меншiк иесiнiң үлесiне сәйкес келетiн жер учаскесiнiң бөлiгiне осы Кодекстiң 381-бабында келтiрiлген кестенiң 4-бағанында белгiленген елдi мекендердiң жерлерiне базалық салық ставкалары бойынша жер салығы салынуы тиiс;
2) жалпы мүлiктегi тұрғын үй емес үй-жайдың (тұрғын үй емес ғимараттың бiр бөлiгiнiң) меншiк иесiнiң үлесiне сәйкес келетiн жер учаскесiнiң бiр бөлiгiне осы Кодекстiң 381-бабында келтiрiлген кестенiң 3-бағанында белгiленген елдi мекендердiң жерлерiне базалық салық ставкалары бойынша жер салығы салынуы тиiс.»;

139) 389-баптың 5 және 6-тармақтарының екiншi бөлiктерiндегi «2), 3), 7)» деген цифрлар «3) және 7)» деген сөздермен ауыстырылсын;

140) 390-бапта:
2-тармақтағы «2), 3), 7)» деген цифрлар «3) және 7)» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ алып тасталсын;

141) 391-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiкте:
«Жеке тұлғалар» деген сөздер «Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, жеке тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
«негiзге ала отырып,» деген сөздерден кейiн «ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешiктiрмей» деген сөздермен толықтырылсын;
«1 тамыздан кешiктiрмей» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектiлердi және салық базасы осы Кодекстiң 406-бабына сәйкес есептелетiн объектiлердi қоспағанда, меншiк құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөлiктерi) орналасқан жер учаскелерi бойынша жеке тұлғаларға (оның iшiнде жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға) қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Осы Кодекстiң 396-бабы 1-тармағында көзделген объектiлердi және салық базасы осы Кодекстiң 406-бабына сәйкес есептелетiн объектiлердi қоспағанда, меншiк құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөлiктерi) орналасқан жер учаскелерi бойынша жеке тұлғалар (оның iшiнде жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар) патент негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер үшiн осы бөлiмде белгiленген тәртiппен жер салығын есептейдi және төлейдi.»;

142) 392-баптағы «мен төлеу» деген сөздер алып тасталсын;

143) 393-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiкте:
«Салық төлеушiлер» деген сөздер «Дара кәсiпкерлер» деген сөздермен ауыстырылсын;
«декларацияны» деген сөз «және заңды тұлғалар декларацияны» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiк алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Егер осы баптың 1-тармағында және осы тармақта өзгеше белгiленбесе, жеке тұлғалар жер салығы бойынша салық есептiлiгiн салық органдарына табыс етпейдi.
Осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектiлердi және салық базасы осы Кодекстiң 406-бабына сәйкес есептелетiн объектiлердi қоспағанда, меншiк құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөлiктерi) орналасқан жер учаскелерi бойынша жеке тұлғалар (оның iшiнде жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар) салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына декларацияны есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.»;
4-тармақтағы «2), 3), 7)» деген цифрлар «3) және 7)» деген сөздермен ауыстырылсын;

144) 394-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды тұлға өз шешiмiмен өзiнiң құрылымдық бөлiмшесiн мүлiк салығын дербес төлеушi деп тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, заңды тұлғаның шешiмi немесе осындай шешiмнiң күшiн жою осындай шешiм қабылдаған жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлiмше мүлiк салығын дербес төлеушi деп танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешiмi осы құрылымдық бөлiмшенiң құрылған күнiнен бастап немесе осы құрылымдық бөлiмше құрылған жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.»;
4-тармақтың екiншi бөлiгiндегi «2) – 4)» деген цифрлар «3) және 4)» деген сөздермен ауыстырылсын;

145) 396-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) иелiк ету, пайдалану құқықтары концессия шартына сәйкес берiлген, концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар салық салу объектiсi болып табылады.»;

146) 397-бапта:
2-тармақтың екiншi бөлiгi «мiндеттемелердi орындау» деген сөздерден кейiн «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiнiң ережелерiнде қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларына байланысты iс-шараларды орындау» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы «2) – 4)» деген цифрлар «3) және 4)» деген сөздермен ауыстырылсын;

147) 399-баптың 5-тармағының екiншi және үшiншi бөлiктерiндегi «2) – 4)» деген цифрлар «3) және 4)» деген сөздермен ауыстырылсын;

148) 401-бапта:
1-тармақтағы «және төлеу» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы «2) – 4)» деген цифрлар «3) және 4)» деген сөздермен ауыстырылсын;

149) 402-баптың 1 және 2-тармақтарының үшiншi бөлiктерiндегi «2) – 4)» деген цифрлар «3) және 4)» деген сөздермен ауыстырылсын;

150) 405-баптағы «тұрғын үй-жайлар,» деген сөздер «тұрғын үйлер, ғимараттар,» деген сөздермен ауыстырылсын;

151) 406-бапта:
1, 2, 3, 4 және 5-тармақтардағы «тұрғын үй-жайлар», «тұрғын үй-жайдың», «Тұрғын үй-жайдың», «тұрғын үйлердiң», «Тұрғын үй-жайды» деген сөздер тиiсiнше «тұрғынжайлар», «тұрғынжайдың», «Тұрғынжайдың», «тұрғынжайдың», «тұрғынжайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
«Тұрғын үйлердiң салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтiк) құрылыстары, шығыңқы iрге қабаттары, жертөлелерi, гаражы» деген сөздер «Салқын жапсаржайлар, шаруашылық (қызметтiк) құрылыстар, шығыңқы iрге қабаттар, жертөлелер, гараж» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тұрғын үй-жайлардың» деген сөздер «тұрғынжайдың» деген сөздермен ауыстырылсын;

152) 407-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«407-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу

Осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектiлердi және салық базасы осы Кодекстiң 406-бабына сәйкес есептелетiн объектiлердi қоспағанда, меншiк құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөлiктерi) бойынша жеке тұлға (оның iшiнде жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат) осы Кодекстiң 398-бабының 2-тармағында белгiленген ставканы қолдана отырып, осы Кодекстiң 57-тарауында патент негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер үшiн белгiленген тәртiппен мүлiк салығын есептейдi, төлейдi және осы салық бойынша салық есептiлiгiн табыс етедi.
Мұндай ғимараттар (ғимарат бөлiктерi) бойынша салық базасы осы Кодекстiң 397-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.»;

153) 416-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қосымша төлемдi есептеу мақсатында салық кезеңi үшiн ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған табыс сомасы мен құмар ойынына және (немесе) бәс тiгуге қатысушыларға төлем сомасы арасындағы оң айырма осындай қызметтен алынған табыс болып танылады.»;

154) 424-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiндегi «айдың жартысы үшiн деп» деген сөздер «белгiленген ставкасының 1/2 мөлшерiнде» деген сөздермен ауыстырылсын;

155) 426-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салық төлеушiге патенттi (патенттiң телнұсқасын) салық органы құжаттарды беру журналына қол қойғызып бередi.»;

156) 427-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгiндегi «11)» деген цифрлар «13)» деген цифрлармен ауыстырылсын;

157) 428-баптың 4-тармағының 10) тармақшасындағы «қызметiне қолданылмайды.» деген сөздер «қызметiне;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) құқық, әдiлет және сот төрелiгi саласындағы қызметке қолданылмайды.»;

158) 431-баптың 2-тармағында:
үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, дара кәсiпкерге патент бiр салық кезеңi шегiнде кемiнде бiр ай мерзiмге берiледi.»;
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Патент:
1) ағымдағы салық кезеңiнiң соңғы айында жаңадан тiркелген;
2) ағымдағы салық кезеңiнiң соңғы айында қызметiн уақытша тоқтата тұру мерзiмi аяқталғанға дейiн немесе аяқталғаннан кейiн қызметiн қайта бастаған дара кәсiпкерлерге бiр айдан аз мерзiмге берiлуi мүмкiн.»;

159) 441-баптың 1-тармағының тоғызыншы бөлiгi «туындаған кезде,» деген сөздерден кейiн «салықтық өтiнiштi және» деген сөздермен толықтырылсын;

160) 445-баптың бiрiншi бөлiгiндегi «әлеуметтiк салықты есептеу жүргiзiлетiн айдың бiрiншi күнi» деген сөздер «тиiстi қаржы жылының бiрiншi қаңтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;

161) 448-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
«Осы баптың мақсатында қолданылатын жылдық жиынтық табыс:
1) осы Кодекстiң 4-бөлiмiне сәйкес осы Кодекстiң 99-бабында көзделген жылдық жиынтық табысты түзету есепке алынбай;
2) осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалатын ағымдағы салық кезеңi үшiн айқындалады.
Егер осы арнаулы салық режимiн қолдану жылының қорытындылары бойынша осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында белгiленген шарттар орындалмаса, салық төлеушi:
1) осы Кодекстiң 451-бабында белгiленген ережелердi қолданбай корпоративтiк табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтiк салықты, мүлiк салығын, жер салығын, көлiк құралдары салығын, жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны жалпы белгiленген тәртiппен есептеуге;
2) корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей, осы Кодекстiң 451-бабында белгiленген ереженi қолданбай, осы Кодекстiң 70-бабына сәйкес тиiстi салық кезеңдерi үшiн корпоративтiк табыс салығы, қосылған құн салығы, әлеуметтiк салық, мүлiк салығы, жер салығы, көлiк құралдары салығы, жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлем бойынша қосымша салық есептiлiгiн жалпы белгiленген тәртiппен табыс етуге мiндеттi.»;

162) 450-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Жер учаскесiне құқық ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 31 желтоқсанына дейiн жоғарыда көрсетiлген күннен кейiн туындаған жағдайда, ағымдағы жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың басынан бастап арнаулы салық режимiн қолдану құқығына салықтық өтiнiш салық органына аталған жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде табыс етiледi.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Аталған арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы өнiмдерiн, акваөсiру (балық шаруашылығы) өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар жер учаскесiне құқық ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан кейiнгi кезеңде туындаған жағдайда, аталған жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде салық органына жер учаскесiне құқық туындаған күннен бастап ағымдағы күнтiзбелiк жылда арнаулы салық режимiн қолдану құқығына салықтық өтiнiштi табыс етедi.»;

163) 451-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептi салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша декларация бойынша қалыптасқан есептелген салық сомасынан асып кетуi қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдердiң есебiне жатқызылатын қосылған құн салығының асып кету сомасын айқындау кезiнде 70 пайызға азайтылуға жатады.»;

164) 454-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Құрылымдық бөлiмшелер тiркеушi органдардың осы құрылымдық бөлiмше мүддесiнде тiркеу iс-әрекеттерiн жасаған кезiнде алымдарды дербес төлеушiлер ретiнде қаралуы мүмкiн.»;

165) 465-баптың 1-тармағындағы «Мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) сатудың» деген сөздер «Сатылған мүлiктiң (мүлiктiк құқықтардың)» деген сөздермен ауыстырылсын;

166) 466-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«466-бап. Алым ставкасы

Алым ставкасы 3 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.»;

167) 485-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;

168) 486-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;

169) 488-баптың 2-тармағында:
«есептi айдан кейiнгi айдың» деген сөздер «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген ай сайынғы су пайдалану лимиттерiнiң негiзiнде есептi тоқсаннан кейiн екiншi айдың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ай сайын» деген сөздер алып тасталсын;

170) 512-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Байланыс саласындағы аумақтық уәкiлеттi мемлекеттiк органдар өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлеушiлер және төлемақы сомалары туралы, сондай-ақ салық салу объектiлерi туралы мәлiметтердi мынадай мерзiмде:
1) осы Кодекстiң 515-бабының 3-тармағында белгiленген жағдайда – салық кезеңiнiң 25 ақпанынан кешiктiрмей;
2) осы Кодекстiң 515-бабының 4-тармағында белгiленген жағдайда – салық төлеушi радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат алған айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей табыс етедi.»;

171) 517-бап алып тасталсын;

172) 518-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Байланыс саласындағы аумақтық уәкiлеттi мемлекеттiк органдар өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлеушiлер және төлемақы сомалары туралы, сондай-ақ салық салу объектiлерi туралы мәлiметтердi мынадай мерзiмде:
1) осы Кодекстiң 521-бабының 3-тармағында белгiленген жағдайда, – салық кезеңiнiң 25 ақпанынан кешiктiрмей;
2) осы Кодекстiң 521-бабының 4-тармағында белгiленген жағдайда – салық төлеушi қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланыс ұсынуға рұқсат алған айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей табыс етедi.»;

173) 523-бап алып тасталсын;

174) 527-баптың 6-тармағындағы «кеме жүзетiн су жолдарын пайдалану» деген сөздер «төлемақы төлеушiнiң орналасқан» деген сөздермен ауыстырылсын;

175) 533-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Құрылымдық бөлiмшелер тиiстi уәкiлеттi органдардың осы құрылымдық бөлiмше мүддесiнде заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасаған кезiнде дербес төлеушiлер ретiнде қаралуы мүмкiн.»;

176) 534-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы «толықтыруға» деген сөзден кейiн «, түзетуге» деген сөзбен толықтырылсын;

177) 535-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «тұрғын үй-жайларды» деген сөздер «тұрғын үйлердi» деген сөздермен ауыстырылсын;

178) 536-баптың 1) және 2) тармақшаларындағы «пәтерлердi,» деген сөздер алып тасталсын;

179) 537-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы «алыс шет елдерден» деген сөздер «ТМД елдерiн қоспағанда, шет мемлекеттерден» деген сөздермен ауыстырылсын;

180) 542-баптың 3) тармақшасының үшiншi абзацындағы «(пәтерде)», «(пәтерiне)» деген сөздер алып тасталсын;

181) 543-баптың 2) тармақшасы «толықтырылған» деген сөзден кейiн «, қалпына келтiрiлген» деген сөздермен толықтырылсын;

182) 547-баптың 2-тармағында:
3) тармақшадағы «түзетулер мен өзгерiстер» деген сөздер «өзгерiстер, толықтырулар, қалпына келтiрулер мен түзетулер» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «белгiлерiн бергенi үшiн – тиiстi құжаттарды және мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiлерiн, халықаралық техникалық байқау сертификатын» деген сөздер «белгiлерiн, халықаралық техникалық байқау сертификатын бергенi үшiн – тиiстi құжаттарды және мемлекеттiк тiркеу нөмiрлерiнiң белгiлерiн» деген сөздермен ауыстырылсын;

183) 548-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) iстi аралық сотқа жiберген;»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттiк баж:
1) талапкер талап қоюдан бас тартқан;
2) талапкер өз талаптарын азайтқан;
3) iс тараптардың бiтiмгерлiк келiсiмiмен аяқталған жағдайларда, қайтарылмайды.»;
4-тармақта:
«Мемлекеттiк мекеме үшiншi тұлғалардың мүдделерiн қорғайтын жағдайларды қоспағанда, сот» деген сөздер «Сот» деген сөзбен ауыстырылсын;
«сот органының шешiмi қоса берiлген салық төлеушiнiң немесе мемлекеттiк мекеменiң» деген сөздер «заңды күшiне енген сот шешiмi қоса берiлген мемлекеттiк баж төлеушiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;

184) 555-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Мемлекеттiк қызметтер көрсету шеңберiнде салық төлеушiге (салық агентiне) нысанын уәкiлеттi орган бекiтетiн құжаттарды беру журналына оның қолы қойылып жүзеге асырылады.»;

185) 557-баптың 3-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 9) тармақшасындағы «органға бередi.» деген сөздер «органға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға бередi.
Банкроттық саласындағы уәкiлеттi орган салық құпиясын құрайтын мәлiметтерге қолжетiмдiлiгi бар лауазымды адамдардың тiзбесiн бекiтедi.»;

186) 558-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Кодекстiң 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын салық төлеушiнiң тiркеу деректерiнде көрсетiлген орналасқан жерi бойынша нақты болуын немесе болмауын растаудағы қажеттiлiк салықтық зерттеу жүргiзу үшiн негiз болып табылады.»;

187) 560-бапта:
3-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацындағы «бойынша тiркеу есебiне алу болып табылады.» деген сөздер «бойынша;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
«жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын, осы Кодекстiң 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген резидент заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне алу болып табылады.»;
7-тармақта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) тиiмдi басқару орны Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның орналасқан жерi, – директорлар кеңесiнiң жиналысында немесе осыған ұқсас басқару органы айқындаған, салық органында салық төлеушi ретiнде тiркеу кезiнде мәлiмделген және басқару органының тиiстi хаттамасында көрсетiлген нақты басқару органының Қазақстан Республикасында орналасқан жерi;»;
5) тармақшада:
«резидент емес жеке тұлғаның», «резидент емес жеке тұлға» деген сөздер тиiсiнше «шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның», «шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Бұл ретте осы Кодекстiң 204-бабына сәйкес салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi туындайтын Қазақстан Республикасына келмейтiн шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам үшiн осындай шетелдiкке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар төлейтiн тұлғаның тұрғылықты жерi оның болатын орны болып танылады.»;

188) 561-бапта:
1-тармақтағы «Салық органы» деген сөздер «Егер осы Кодекстiң 562-бабының 6-тармағында өзгеше белгiленбесе, салық органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
2) тармақша «тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi» деген сөздерден кейiн «, тиiмдi басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жерi) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құрылған резидент емес заңды тұлға» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Кодекстiң 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген акцияларды, қатысу үлестерiн сатып алушы, осы Кодекстiң 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агентi болып табылатын резидент емес – осы Кодекстiң 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша. Осы тармақшаның ережелерi, егер осы Кодекстiң 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агентi болып табылатын резидент емес Қазақстан Республикасында қызметiн салық органдарында салық төлеушi ретiнде тiркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырса, қолданылмайды.
Егер мұндай резидент емес бағалы қағаздарды, актив құндарының 50 және одан да көп пайызын жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын екi және одан да көп тұлғалардың мүлкiн құрайтын заңды тұлғадағы қатысу үлестерiн сатып алған жағдайда, салық төлеушiлердiң мемлекеттiк дерекқорына резидент емес туралы мәлiметтердi енгiзудi уәкiлеттi органның орналасқан жерi бойынша салық органы жүзеге асырады;»
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) осы Кодекстiң 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында, 200-1-бабының 1-тармағының 8) тармақшасында белгiленген шарттар орындалмаған жағдайда, бағалы қағаздарды, қатысу үлестерiн сатып алатын резидент емес - бағалы қағаздары немесе қатысу үлестерi сатып алынатын заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасында осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетiлген мүлiктi қоспағанда, мүлiк сатып алушы, осы Кодекстiң 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агентi болып табылатын резидент емес – мүлiктiң орналасқан жерi бойынша. Осы тармақшаның ережелерi, егер осы Кодекстiң 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агентi болып табылатын резидент емес Қазақстан Республикасында қызметiн салық органдарында салық төлеушi ретiнде тiркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырса, қолданылмайды;»;
7) тармақшада:
«8» деген цифр «5» деген цифрмен ауыстырылсын;
«тiркеу» деген сөз «орналасқан (тұрғылықты, келу)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) қызметiн осы Кодекстiң 191-бабының 1-тармағына сәйкес резидент еместiң тұрақты мекемесi ретiнде қаралатын, сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру брокерi арқылы жүзеге асыратын резидент емес – сақтандыру ұйымының немесе сақтандыру брокерiнiң орналасқан жерi бойынша;
7-2) қызметiн осы Кодекстiң 191-бабының 1-тармағына сәйкес резидент еместiң тұрақты мекемесi ретiнде қаралатын, бiрлескен қызмет туралы шарт шеңберiнде жүзеге асыратын резидент емес – бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушы-резиденттiң орналасқан (тұрғылықты, келген) орны бойынша;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық қызметi органдары салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер базасына мәлiметтердi енгiзудi сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң мәлiметтерiн алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк дерекқорына мәлiметтердi енгiзудi салық органы осы Кодекстiң 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын, заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша уәкiлеттi органнан резидент еместiң осы Кодекстiң 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген акцияларды, қатысу үлестерiн сатып алғаны туралы мәлiметтердi алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.»;

189) 562-бапта:
1-тармақтың бiрiншi абзацында:
«резидент емес заңды тұлға» деген сөздерден кейiн «осы Кодекстiң 191-бабының ережелерiн ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
«осы Кодекстiң 191-бабына сәйкес» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Тиiмдi басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жерi) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға Қазақстан Республикасын тиiмдi басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жерi) деп тану туралы шешiм қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде орналасқан жерi бойынша салық органына мынадай:
1) құрылтай құжаттарының
2) мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместiң инкорпорация елiндегi мемлекеттiк тiркеудi растайтын құжаттардың
3) ол бар болған кезде салықтық тiркеу нөмiрiн (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместiң инкорпорация елiндегi салықтық тiркелуiн растайтын құжаттарының
4) директорлар кеңесi жиналысының немесе осыған ұқсас басқару органының хаттамасының нотариат куәландырған көшiрмелерiн қоса бере отырып, салық төлеушi ретiнде тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтiнiш беруге мiндеттi.
1-2. Тиiмдi басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жерi) Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға өзiнiң орналасқан жерi бойынша есепке қою туралы салықтық өтiнiш берген және Қазақстан Республикасында филиал (өкiлдiк) ашпай тұрақты мекемесi бар болған жағдайда, мұндай тұрақты мекемелер осы Кодекстiң 39-1-бабында белгiленген тәртiппен осындай заңды тұлғаға өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн беруге мiндеттi.
Заңды тұлға тиiмдi басқару орнын (нақты басқару органының орналасқан жерiн) Қазақстан Республикасына көшiру туралы шешiм қабылдаған және Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме ретiнде тiркелген филиалы (өкiлдiгi) бар болған жағдайда, мұндай филиалдың (өкiлдiктiң) тiркеу деректерi осы Кодекстiң 563-бабында белгiленген тәртiппен өзгертуге жатады.»;
2-тармақтың бiрiншi абзацындағы «жылжымайтын» деген сөз алып тасталсын;
3-тармақтың бiрiншi абзацында:
«8-тармағына сәйкес резидент еместiң тұрақты мекемесi ретiнде қаралатын тәуелдi агент» деген сөздер «1 және 5-тармақтарына сәйкес резидент еместiң тұрақты мекемесi ретiнде қаралатын сақтандыру ұйымы (сақтандыру брокерi) немесе тәуелдi агент» деген сөздермен ауыстырылсын;
«13» деген цифрлар «11» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«тұрғылықты (орналасқан)» деген сөздер «орналасқан (тұрғылықты, келген)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Қызметi тұрақты мекеме құруға әкелетiн резидентпен жасасқан бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резидент емес салық төлеушi ретiнде тiркелу үшiн осы Кодекстiң 191-бабының 11-тармағына сәйкес айқындалған қызметiн жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резиденттiң орналасқан (тұрғылықты, келген) орны бойынша салық органына мынадай:
1) бiрлескен қызмет туралы шарттың
2) резидент емес жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың немесе резидент емес заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының
3) мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместiң инкорпорация елiндегi мемлекеттiк тiркелуiн растайтын құжаттың
4) салықтық тiркеу нөмiрiн (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместiң инкорпорация елiндегi салықтық тiркелуiн растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмелерiн қоса тiркей отырып, тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтiнiштi табыс етуге мiндеттi.»;
5-тармақтың бiрiншi абзацындағы «13» деген цифрлар «11» деген цифрлармен ауыстырылсын;
5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, резидент емес жеке тұлға осы Кодекстiң 189-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының резидентi деп танылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде салық төлеушi ретiнде тiркелуге мiндеттi.»;
6-тармақта:
«энергетиканы және минералды ресурстарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты бағалы қағаздарды немесе қатысу үлестерiн сатып алуы туралы мәлiметтерi» деген сөздер «Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзырет шегiнде мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың осы Кодекстiң 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген акцияларды, қатысу үлестерiн резидент еместiң сатып алуы туралы мәлiметтерi немесе осы баптың 2-тармағында белгiленген құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн қоса тiркей отырып, осындай резидент емес табыс еткен тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтiнiш» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Осы Кодекстiң 561-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетiлген резидент емес салық төлеушi ретiнде тiркелу үшiн эмитент заңды тұлғаның немесе осы Кодекстiң 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында, 200-1-бабының 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетiлген резидент заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша салық органына осы баптың 2-тармағында белгiленген құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн қоса тiркей отырып, тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтiнiштi табыс етуге мiндеттi.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттiң дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiгi, шет мемлекеттiң консулдық мекемесi салық төлеушi ретiнде тiркелуге жатады. Салық төлеушi ретiнде тiркеу үшiн мұндай өкiлдiк немесе мекеме Қазақстан Республикасында аккредиттелгенiн растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн қоса тiркей отырып, өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтiнiштi табыс етедi.»;

190) 563-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша «ұлттық тiзiлiмiнiң мәлiметтерi» деген сөздерден кейiн «немесе тиiмдi басқару орны (басқару органының нақты орналасқан жерi) Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға ретiнде тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтiнiштiң» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Кодекстiң 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлғаның орналасқан жерi өзгерген кезде, осы Кодекстiң 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агентi болып табылатын резидент еместiң – осындай резидент еместi салық төлеушi ретiнде тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтiнiштiң немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыретi шегiнде мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың осы Кодекстiң 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген акцияларды, қатысу үлестерiн резидент еместiң сатып алуы туралы мәлiметтерi негiзiнде;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) резидент заңды тұлғаның орналасқан жерi өзгерген кезде 561-баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетiлген резидент еместiң – Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнiң осындай резидент туралы мәлiметтерi негiзiнде;»;
6) тармақшадағы «8» деген цифр «5» деген цифрмен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «(тұрғылықты)» деген сөз «(тұрғылықты, келген)» деген сөздермен ауыстырылсын;

191) 564-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi абзац «негiзiнде» деген сөзден кейiн «немесе оның салықтық өтiнiшiмен» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тиiмдi басқару орнының (басқару органының нақты орналасқан жерiнiң) өзгеруi;»;
6) тармақшада:
«жылжымайтын» деген сөз алып тасталсын;
«197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агентi болып табылатын» деген сөздер «561-бабы 2-тармағының 4), 4-1) және 5) тармақшаларында көрсетiлген» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы «8» деген цифр «5» деген цифрмен ауыстырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасында:
«энергетика және минералды ресурстарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның» деген сөздер «Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзырет шегiнде мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты» деген сөздер «осы Кодекстiң 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген» деген сөздермен ауыстырылсын;

192) 565-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгi «нотариустық» деген сөзден кейiн «қызметтi, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметтi» деген сөздермен толықтырылсын;

193) 566-баптың 4-тармағында:
«енгiзудi» деген сөзден кейiн «, егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Салық органдары дара кәсiпкерге, егер осындай дара кәсiпкер осы Кодекстiң 579-бабына сәйкес әрекетсiз салық төлеушi деп танылса, тiркеу деректерiне өзгерiстер енгiзуден бас тартады.»;

194) 570-бапта:
1-тармақта:
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою туралы куәлiк салық төлеушiге құжаттарды беру журналына қолын қойғызып берiледi.»;
үшiншi бөлiк алып тасталсын;
5-тармақ 2) тармақшасындағы «негiзiнде үш жұмыс күнi iшiнде салық органы жүргiзедi.» деген сөздер «негiзiнде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою туралы куәлiкте сәйкестендiру нөмiрi болмаған жағдайда – салық төлеушiнiң салықтық өтiнiшi негiзiнде үш жұмыс күнi iшiнде салық органы жүргiзедi.
Салық төлеушi осы тармақшада көзделген салықтық өтiнiшке мына құжаттардың бiрiн:
1) сәйкестендiру нөмiрiнiң бар-жоғын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн;
2) сәйкестендiру нөмiрiнiң бар-жоғын растайтын құжаттың көшiрмесiн – оның түпнұсқасын көрсеткен жағдайда, қоса бередi.
Сәйкестендiру нөмiрiнiң бар-жоғын растайтын құжаттың, оның iшiнде нотариат куәландырған көшiрмесi қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою туралы куәлiктi ауыстыру үшiн салық органына табыс етiлген салықтық өтiнiшке, оны осындай салық органына осы Кодекске сәйкес оған сәйкестендiру нөмiрiн енгiзу мақсатында ауыстыру не басқа құжатқа қайта ресiмдеу үшiн табыс еткен жағдайда, қоса берiлмейдi.»;
6-тармақта:
«бұрынғы» деген сөз «бұрын салық органы берген» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жоғалтып алған» деген сөздерден кейiн «(бүлдiрген)» деген сөзбен толықтырылсын;

195) 572-бапта:
2-тармақтың екiншi бөлiгiндегi «электронды байланыс желiлерi» деген сөздер «ақпараттық-коммуникациялық желi бойынша беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бiрiншi абзацы «салық төлеушiге» деген сөздерден кейiн «құжаттарды тiркеу журналына қолын қойғызып» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Салық төлеушiлер электрондық құжат алмасу кезiнде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келiсiмде сәйкестендiру нөмiрi көрсетiлмесе, осындай келiсiмдi осы тармақта белгiленген тәртiппен қайта ресiмдеуге мiндеттi.
Мұндай келiсiмдi қайта ресiмдеудi электрондық салық төлеушiнiң тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiштi алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша салық органы жүргiзедi.
Салық төлеушi көрсетiлген салықтық өтiнiшке мына құжаттардың бiрiн:
1) сәйкестендiру нөмiрiнiң бар-жоғын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн;
2) сәйкестендiру нөмiрiнiң бар-жоғын растайтын құжаттың көшiрмесiн – оның түпнұсқасын көрсеткен жағдайда қоса бередi.
Электрондық құжат алмасу кезiнде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келiсiмдi қайта ресiмдеу үшiн салық органына табыс етiлген салықтық өтiнiшке сәйкестендiру нөмiрiнiң бар-жоғын растайтын құжаттың көшiрмесi, оның iшiнде нотариат куәландырған көшiрмесi, оны осындай салық органына ауыстыру не осы Кодекске сәйкес құжатқа сәйкестендiру нөмiрiн енгiзу мақсатында басқа құжатқа қайта ресiмдеу үшiн табыс еткен жағдайда, қоса берiлмейдi.
6. Электрондық құжат алмасу кезiнде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы қайта ресiмделген келiсiмдi алу кезiнде бұрын салық органымен жасалған келiсiм салық төлеушiнiң аталған келiсiмдi жоғалту жағдайларын қоспағанда, салық органына қайтарылуға жатады.»;

196) 573-баптың 2-тармағындағы «байланыстың арналары» деген сөздер «ақпараттық-коммуникациялық желi бойынша беру» деген сөздермен ауыстырылсын;

197) 574-баптың 6-тармағының үшiншi және төртiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын:
«Тiркеу карточкасын салық органы салық төлеушiге құжаттарды беру журналына қолын қойғызып бередi.
Тiркеу карточкасының нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.»;

198) 575-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«575-бап. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық
төлеушiнiң тiркеу деректерiн өзгерту және толықтыру

1. Салық төлеушi тiркеу карточкасында көрсетiлген салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәлiметтер өзгерген кезде, өзгерiстер туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде салық салу объектiлерiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң тiркелген жерi бойынша салық органына осы Кодекстiң 574-бабы 4-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiш беруге мiндеттi.
2. Тiркеу карточкасын ауыстыруды:
1) тiркеу карточкасы жоғалған (бүлiнген);
2) салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәлiметтер өзгерген;
3) тiркеу карточкасында сәйкестендiру нөмiрi болмаған жағдайларда, салық салу объектiлерiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң тiркелген жерi бойынша салық органы осы Кодекстiң 574-бабының 4-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жүргiзедi.
Осы тармақшада көзделген жағдайда салық төлеушi салықтық өтiнiшке мына құжаттардың бiрiн:
1) сәйкестендiру нөмiрiнiң бар-жоғын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн;
2) сәйкестендiру нөмiрiнiң бар-жоғын растайтын құжаттың көшiрмесiн – оның түпнұсқасын көрсеткен жағдайда, қоса бередi.
Сәйкестендiру нөмiрiнiң бар-жоғын растайтын құжаттың, оның iшiнде нотариат куәландырған көшiрмесi тiркеу карточкасын ауыстыру үшiн салық органына табыс етiлген салықтық өтiнiшке, оны осындай салық органына осы Кодекске сәйкес оған сәйкестендiру нөмiрiн енгiзу мақсатында ауыстыру не басқа құжатқа қайта ресiмдеу үшiн табыс еткен жағдайда, қоса берiлмейдi.
3. Жаңа тiркеу карточкасын беру кезiнде бұрын салық органы берген тiркеу карточкасының бланкiсi, салық төлеушiнiң аталған тiркеу карточкасы жоғалған (бүлiнген) жағдайларды қоспағанда, салық органына қайтарылуға жатады.»;

199) 576-баптың 3-тармағының 3) тармақшасында:
«1) және 2)» деген сөздер «1), 2) және 3)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«декларацияны» деген сөзден кейiн «және (немесе) есеп айырысуды» деген сөздермен толықтырылсын;
«оны» деген сөз «оларды» деген сөзбен ауыстырылсын;

200) 577-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережелерi, салық салу объектiлерiне және салық салумен байланысты объектiлерге құқықтар туындаған жағдайда дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға, егер мұндай дара кәсiпкерлер, заңды тұлғалар бойынша тiркеу есебiне қою осы баптың 1 немесе 3-тармақтарына сәйкес мұндай құқықтар туындаған күннен бастап жүргiзiлсе, қолданылмайды.»;

201) 581-баптың 1) және 4) тармақшаларындағы «электрондық байланыс желiсi», «мұндай электрондық байланыс желiлерi», «электрондық байланыс желiлерi» деген сөздер «ақпараттық-коммуникациялық желi бойынша беру» деген сөздермен ауыстырылсын;

202) 582-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын;»;

203) 583-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«583-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы
органдардың салық қызметi органдарымен өзара iс-қимыл
кезiндегi мiндеттерi»;
6-тармақтағы «Энергетиканы және минералдық ресурстарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзырет шегiнде мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;

204) 584-бапта:
3-тармақтың екiншi бөлiгiндегi «электронды байланыс арналары» деген сөздер «ақпараттық-коммуникациялық желi бойынша беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салық органының коды көрсетiлмесе, немесе»;
4) және 5) тармақшалардағы «немесе дұрыс көрсетiлмесе,» деген сөздер алып тасталсын;

205) 586-бапта:
1-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Камералды бақылау осы Кодексте белгiленген осындай кезең үшiн салық есептiлiгiн табыс ету кезеңi өткеннен кейiн тиiстi салық кезеңi үшiн жүргiзiледi.»;

206) 587-бапта:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) анықталған бұзушылықтар жататын салық кезеңi үшiн салық есептiлiгiн немесе осы бапта белгiленген талаптарға сәйкес олар бойынша түсiнiктеменi табыс етуi камералды бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы болып танылады.»;
үшiншi бөлiкте:
«Салық төлеушi» деген сөздерден кейiн «(салық агентi)» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi сөйлем алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген түсiнiктеме:
1) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) түсiнiктемеге қол қойған күнiн;
2) түсiнiктеменi табыс еткен тұлғаның тегiн, атын және әкесiнiң атын (болған жағдайда) не толық атауын, оның тұрғылықты жерiн (орналасқан жерiн);
3) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) сәйкестендiру нөмiрiн;
4) камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жiберген салық органының атауын;
5) түсiнiктеменi тапсырған тұлғаның хабарламада көрсетiлген бұзушылықтармен келiспеуiне негiз болып табылатын мән-жайлардың
6) қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесiн қамтуға тиiс.
Егер түсiнiктеменi тапсырған тұлғаның хабарламада көрсетiлген бұзушылықтармен келiспеуiне негiз ретiнде растайтын құжаттар көрсетiлген жағдайда, онда салық есептiлiгiнен басқа, мұндай құжаттардың көшiрмелерi түсiнiктемеге қоса берiледi.»;

207) 595-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшаның сегiзiншi абзацындағы «8» деген цифр «5» деген цифрмен ауыстырылсын;
2) және 3) тармақшалардағы «уәкiлеттi мемлекеттiк органның» деген сөздер «Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «уәкiлеттi мемлекеттiк органның» деген сөздер «Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;

208) 598-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Берешегi жоқ екендiгi туралы анықтама, берешегi жоқ (бар) екендiгi туралы анықтама:
1) қағаз тасығышта берiлген кезде - анықтаманы жасаған салық органы басшысының, оны ауыстыратын адамның немесе басшы орынбасарының қолымен және салық органының мөрiмен;
2) электронды түрде берiлген кезде – уәкiлеттi органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Бұл ретте қағаз тасығышта жасалған берешегi жоқ екендiгi туралы анықтаманы, берешегi жоқ (бар) екендiгi туралы анықтаманы салық органы салық төлеушiге құжаттарды беру журналына қолын қойғызып бередi.»;

209) 603-баптың 1-тармағындағы «599» деген цифрлар «600» деген цифрлармен ауыстырылсын;

210) 604-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасында акредиттелген шет мемлекеттiң дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктерiне, шет мемлекеттiң консулдық мекемелерiне және осы өкiлдiктердiң дипломатиялық, әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдарға, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдарға, консулдық қызметшiлерге, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, қосылған құн салығын қайтаруды салық органы осы Кодекстiң 276-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмде олардың банктiк шотына жүргiзедi.»;

211) 607-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «бес» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;

212) 608-баптың 1-тармағы екiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасындағы «салық қызметi органы хабарламаны жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi өткен соң» деген сөздер «веб-қосымшада хабарламаны салық қызметi органы жiберген күннен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;

213) 609-баптың 3-тармағындағы «3 еселенген» деген сөздер «6 еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын;

214) 610-бапта:
1-тармақ «мiндеттi төлемдер» деген сөздерден кейiн «, оның iшiнде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдер» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «мiндеттi төлемдердi» деген сөздерден кейiн «, оның iшiнде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердi» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «төлемдердiң» деген сөзден кейiн «, оның iшiнде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердiң» деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақтың бiрiншi абзацы «төлемдер» деген сөзден кейiн «, оның iшiнде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдер» деген сөздермен толықтырылсын;

215) 611-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «бес» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтың екiншi бөлiгiндегi «байланыстың және телекоммуникацияның электронды арналары» деген сөздер «ақпараттық-коммуникациялық желi бойынша беру» деген сөздермен ауыстырылсын;

216) 612-баптың 1-тармағында:
бiрiншi бөлiктегi «бес» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру:
банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға кейiннен оларды салық берешегiн, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектердi өтеу есебiне аудару үшiн ақша тапсыру;
банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердiң қолма-қол ақшасын беруi бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады.»;

217) 613-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«613-бап. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билiк
етуiн шектеу

1. Салық органы осы Кодекстiң 609-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билiк етуiн шектеудi:
1) салық берешегiн өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он бес жұмыс күнi өткен соң салық берешегi өтелмеген;
2) мониторингке жататын iрi салық төлеушiнi қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметi органының шешiмiне шағым жасаған жағдайларда, жүргiзедi. Бұл ретте осы тармақшада көрсетiлген жағдайда, салық органы шектеудi осы Кодекстiң 607-бабының 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген салық берешегiн өтеу туралы хабарлама жiбермей-ақ жүргiзедi.
2. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билiк етуiн шектеудi салық органы:
1) осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасында көрсетiлген жағдайда – осы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) меншiк құқығындағы немесе шаруашылық жүргiзу құқығындағы, сондай-ақ балансында тұрған;
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген жағдайда – халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негiзгi құрал, жылжымайтын мүлiкке инвестиция және (немесе) биологиялық актив болып табылатын мүлкiне қатысты жүргiзедi.
Билiк етуге шектеуге:
тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерi;
электр, жылу және өзге де энергия түрлерi;
сақтау және (немесе) жарамдылық мерзiмi бiр жылдан аспайтын тамақ өнiмдерi немесе шикiзат жатпайды.
3. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билiк етуiн шектеу туралы шешiм уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жасалады және оны салық органы:
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген жағдайда – мұндай шешiм шығарылған күнгi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) дербес шотында бар деректер бойынша салық берешегi сомасына;
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген жағдайда – осы Кодекстiң 93 және 94-тарауларында белгiленген тәртiппен шағымданушы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салықтарының, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерi мен өсiмпұлдарының сомасына қабылдайды.
Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмдi және осындай шешiмнiң негiзiнде жасалған мүлiк тiзiмдемесi актiсiн салық органында тiркеу бiр нөмiрде жүргiзiледi.
4. Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм салық төлеушiге (салық агентiне) жеке қол қойғызып немесе почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен тапсырылуға тиiс.
Мынадай:
1) қол қойғызып жеке табыс етiлген кезде – шешiмге қол қойылған күн;
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiлген кезде – почта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына салық төлеушi (салық агентi) белгi қойған күн;
3) осындай шешiмдi алғанын растайтын қол қоюдан бас тартуы немесе орналасқан жерi бойынша болмауы себептi табыс ету мүмкiн болмаған кезде – осы Кодекстiң 558-бабында белгiленген тәртiппен жүргiзiлген салықтық зерттеу күнi салық төлеушiге мұндай шешiмнiң берiлген күнi болып есептеледi.
5. Егер мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм оған құқық немесе ол бойынша мәмiле мемлекеттiк тiркеуге жататын мүлiкке не мемлекеттiк тiркеуге жататын мүлiкке қатысты қабылданған жағдайда, салық органы мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмдi салық төлеушiге (салық агентiне) табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мұндай шешiмнiң көшiрмесiн осы тармақта көрсетiлген мүлiкке құқықтардың ауыртпалығын тiркеу үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға жiбередi.
6. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген шешiм салық төлеушiге (салық агентiне) табыс етiлген күннен бастап он жұмыс күнi өткеннен кейiн салық органы уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша мүлiк тiзiмдемесiнiң актiсiн жасау арқылы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) қатысуымен билiк етуi шектелген мүлiкке тiзiмдеме жүргiзедi.
Билiк етуi шектелген мүлiк тiзiмдемесi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) бухгалтерлiк есепке алу деректерiнiң негiзiнде айқындалатын баланстық құны немесе нарықтық құны мүлiк тiзiмдемесiнiң актiсiнде көрсетiле отырып жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiлген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.
7. Салық төлеушi (салық агентi) билiк етуi шектелген мүлiк тiзiмдемесiнiң актiсiн жасау кезiнде салық органының лауазымды адамдарына танысу үшiн осындай мүлiкке меншiк және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығын, балансын растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшiрмелерiн беруге мiндеттi. Осы тармақта көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерi билiк етуi шектелген мүлiк тiзiмдеменiң актiсiне қоса берiледi.
Салық төлеушi (салық агентi) осы тармақта көрсетiлген құжаттарды табыс етпеген жағдайда, осы баптың 3-тармағында көрсетiлген шешiмдi шығарған салық органы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға осындай салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) меншiк және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығында осы баптың 5-тармағында көрсетiлген мүлiктiң бар немесе жоқ болу фактiсiн растау туралы сұрау салу жiбередi. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың осы тармақта көрсетiлген сұрау салуға жауаптарының көшiрмелерi билiк етуi шектелген мүлiк тiзiмдемесiнiң актiсiне қоса берiледi.
Билiк етуi шектелген мүлiк тiзiмдемесiнiң актiсi екi данада жасалады және оған оны жасаған тұлға, сондай-ақ салық төлеушi (салық агентi) және (немесе) оның лауазымды тұлғасы қол қояды. Бұл ретте осындай актiнiң бiр данасы осы баптың 4-тармағында белгiленген тәртiппен салық төлеушiге (салық агентiне) табыс етiледi.
8. Салық төлеушi (салық агентi) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес билiк етуi шектелген мүлiктiң шектеу алып тасталғанға дейiн сақталуын, оған тиiстi күтiм жасалуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Бұл ретте салық төлеушi (салық агентi) аталған мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттерi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Осы талаптарды сақтамаған кезде салық төлеушi (салық агентi) билiк етуi шектелген мүлiктi аукционға дайындау бойынша нақты шеккен шығындарды аукционды ұйымдастырушыға өтеуге мiндеттi.
9. Салық берешегi өтелмеген және екi аукцион өткiзiлгеннен кейiн билiк етуi шектелген мүлiк өткiзiлмеген жағдайда, салық органы жаңа мүлiк тiзiмдемесiнiң актiсi жасалған күнгi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) дербес шотындағы салық берешегiнiң сомасы туралы деректердi ескере отырып, жаңа мүлiк тiзiмдемесiнiң актiсiн жасау жолымен салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) басқа мүлкiне тiзiмдеме жүргiзуге құқылы.
10. Салық органы мынадай:
1) салық төлеушi (салық агентi) салық берешегi сомасын өтеген жағдайда – осындай берешектi өтеген күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
2) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымын қараған салық қызметi органы шешiм шығарған немесе салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаның және (немесе) жоғары тұрған салық қызметi органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарылған шешiмiнiң шағымдалған бөлiгiнiң күшiн жоятын сот актiсi заңды күшiне енген жағдайда – осындай шешiм шыққан немесе осындай сот актiсi күшiне енген күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
3) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметi органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарылған шешiмiне өз шағымдарын қайтарып алған жағдайда – осындай шағым қайтарылған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм мен уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша осындай шешiмнiң негiзiнде жасалған мүлiк тiзiмдемесi актiсiнiң күшiн жояды.
11. Салық органы осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм мен мүлiк тiзiмдемесiнiң актiсiнiң күшiн жою туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде осындай күшiн жою туралы шешiмнiң көшiрмесiн мүлiкке құқықтардың ауыртпалығын тоқтату үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға жiбередi.»;

218) 614-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «3 еселенген» деген сөздер «6 еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын;

219) 615-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi «он бес жұмыс күнi iшiнде» деген сөздер «жиырма жұмыс күнi өткен соң» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«5. Салық органы инкассалық өкiмдi банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз тасығышта немесе ақпараттық-коммуникациялық желi бойынша беру арқылы электронды түрде жiбередi. Инкассалық өкiм электронды түрде жiберiлген кезде, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң келiсiмi бойынша уәкiлеттi орган белгiлеген форматтарға сәйкес жасалады.»;

220) 627-бапта:
5-тармақтың 2) тармақшасы бiрiншi бөлiгiнiң он жетiншi және он сегiзiншi абзацтары алып тасталсын;
9-тармақтың 2) тармақшасының үшiншi бөлiгiнде:
«өтiнiшi бойынша немесе» деген сөздер «өтiнiшi бойынша,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«негiздемелер бойынша» деген сөздерден кейiн «немесе салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметi органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарылған шешiмiне жасаған шағымына байланысты» деген сөздермен толықтырылсын;

221) 629-баптың 5-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) резидент еместiң салықтық өтiнiшiнiң негiзiнде бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару мәселесi бойынша салық агенттерiн тақырыптық тексеру;»;

222) 635-бапта:
6-тармақтағы «уәкiлеттi органнан», «Уәкiлеттi органға», «Уәкiлеттi орган», «уәкiлеттi органдағы» деген сөздер тиiсiнше «салық қызметi органынан», «Салық қызметi органына», «Салық қызметi органы», «салық қызметi органындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы:
бiрiншi бөлiктегi «уәкiлеттi органға» деген сөздер «салық қызметi органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi бөлiкте:
«уәкiлеттi органға» деген сөздер «салық қызметi органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«iрi салық төлеушiлерге жүргiзiлген мониторинг бойынша есептiлiк негiзiнде» деген сөздер алып тасталсын;
9-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң төртiншi абзацындағы «уәкiлеттi орган» деген сөздер «салық қызметi органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың 2) тармақшасының бiрiншi бөлiгiндегi «уәкiлеттi орган» деген сөздер «салық қызметi органы» деген сөздермен ауыстырылсын;

223) мынадай мазмұндағы 635-1-баппен толықтырылсын:

«635-1-бап. Резидент еместiң салықтық өтiнiшiнiң негiзiнде
бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс
салығын қайтару мәселесi бойынша салық агенттерiн
тақырыптық тексеру жүргiзу тәртiбi

1. Резидент еместiң салықтық өтiнiшiнiң негiзiнде бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару мәселесi бойынша салық агентiне қатысты оның осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмi кезеңi iшiнде осындай өтiнiш берген резидент еместiң табысынан төлем көзiнен табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөнiндегi салықтық мiндеттемелердi орындауы тұрғысынан тақырыптық тексеру жүргiзедi.
2. Салық органы осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тақырыптық тексеру жүргiзудi резидент еместiң салықтық өтiнiшiнiң негiзiнде осындай өтiнiштi алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде тағайындауға мiндеттi.
3. Тақырыптық тексеру жүргiзу барысында салық органы құжаттарды мынадай тұрғыдан:
1) салық агентiнiң резидент еместiң табыстарынан төлем көзiнен табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөнiндегi салықтық мiндеттемелерiн толық орындауын;
2) осы Кодекстiң 191-бабына немесе халықаралық шартқа сәйкес тұрақты мекеме құруын;
3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы заңнамасына сәйкес өтiнiш берушi резидент еместiң есептiк тiркелуiн, осы Кодекстiң 562-бабында көзделген тәртiппен салық төлеушi ретiнде тiркелуiн;
4) бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтаруға берген салықтық өтiнiште көрсетiлген деректердiң дәйектiлiгiн;
5) резидент емес шартты банк салымы туралы шартты жасасқан жағдайда, осы шартқа қатысушылардың оның талаптарын сақтауын тексередi.»;

224) 645-баптың 1-тармағы екiншi бөлiгi 3) тармақшасындағы «есеп айырысуға қолданылмайды.» деген сөздер «есеп айырысуға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне қолданылмайды.»;

225) 646-баптың 5-тармағының бiрiншi абзацы «салық төлеушi» деген сөздерден кейiн «өзiнiң орналасқан жерi бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;

226) 647-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«647-бап. Бақылау-касса машинасының тiркеу деректерiне
өзгерiстер енгiзу

1. Бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтер өзгерген кезде, салық төлеушi бақылау-касса машинасын есепке қойған жерi бойынша салық органына өзгерiстер туындаған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде:
1) өзгерген мәлiметтердi көрсете отырып, бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтiнiштi;
2) бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасын табыс етуге мiндеттi.
2. Тiркеу карточкасын ауыстыруды:
1) тiркеу карточкасы жоғалған (бүлiнген) жағдайда – осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық өтiнiштi алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде;
2) тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтер өзгерген жағдайда – осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық өтiнiштi алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде;
3) тiркеу карточкасында сәйкестендiру нөмiрi болмаған жағдайда - осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық өтiнiштi алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бақылау-касса машинасының есепке қойылған жерi бойынша салық органы жүргiзедi.
Осы тармақшада көзделген жағдайда, салық төлеушi салықтық өтiнiшке мына құжаттардың бiрiн:
1) сәйкестендiру нөмiрiнiң бар-жоғын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн;
2) сәйкестендiру нөмiрiнiң бар-жоғын растайтын құжаттың түпнұсқасын көрсеткен жағдайда – оның көшiрмесiн қоса бередi.
Бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасын ауыстыру үшiн салық органына табыс етiлген салықтық өтiнiшке сәйкестендiру нөмiрiнiң бар-жоғын растайтын құжаттың көшiрмесi, оны осындай салық органына ауыстыру не осы Кодекске сәйкес құжатқа сәйкестендiру нөмiрiн енгiзу мақсатында басқа құжатқа қайта ресiмдеу үшiн табыс еткен жағдайда, қоса берiлмейдi.
3. Салық органының лауазымды адамы салық органында салықтық өтiнiштi қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде бақылау-касса машинасының өзгертiлген тiркеу деректерi бар тiркеу карточкасын ресiмдейдi және салық төлеушiге бередi.
4. Бақылау-касса машинасының жаңа тiркеу карточкасы берiлген кезде салық органы бұрын берген бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасы салық төлеушiнiң бақылау-касса машинасының аталған тiркеу карточкасын жоғалту (бүлдiру) жағдайларын қоспағанда, салық органына қайтарылуға жатады.»;

227) 653-бапта:
2-тармақтағы «осы Кодекстiң 279-бабының 2) – 4) тармақшаларында көрсетiлген акцизделетiн тауарлар» деген сөздер «алкоголь өнiмдерi» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 2) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы аумағына бажсыз сауданың кедендiк режимдерiнде орналастыру үшiн көзделген бажсыз сауда дүкендерiнiң меншiк иелерi әкелетiн;»;
«5) алкоголь өнiмдерi мен сыраның үш литрден аспайтын шегiнде, сондай-ақ темекi мен темекi бұйымдарын 200 сигареттен немесе 50 сигардан (сигарилден) немесе темекiнiң 250 грамынан аспайтын шегiнде не аталған бұйымдарды жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын ассортиментте Қазақстан Республикасының аумағына он сегiз жасқа толған жеке тұлға әкелетiн (жiберетiн) алкоголь өнiмдерi есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекi бұйымдары акциздiк таңбалармен мiндеттi таңбалануға жатпайды.»;
4-1-тармақтағы «Осы бапта» деген сөздер «Осы баптың 4-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «екi жылда бiр реттен аспайтындай» деген сөздер алып тасталсын;
7-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Жекелеген жағдайларда акциздiк постылар мұнай мен мұнай өнiмдерiн магистральдық мұнай өнiмдерi құбырлары, темiр жол көлiгi бойынша өткiзудi жүзеге асыратын, сондай-ақ осы Кодекстiң 279-бабының 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген акцизделетiн тауарларды көтерме саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеушiнiң аумағында белгiленедi.»;
13-тармақ алып тасталсын;

228) 656-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«656-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы
органдардың қызметiн бақылау

1. Салық қызметi органдары осы бапта белгiленген тәртiппен уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне бақылауды жүзеге асырады.
Уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қызметiне бақылау бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық өндiрiлiп алынуы және уақтылы аударылуы, сондай-ақ салық органдарына мәлiметтердiң дәйектi және уақтылы табыс етiлуi мәселелерi бойынша жүзеге асырылады.
Жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне бақылау бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық өндiрiлiп алынуы және уақтылы аударылуы, салық органдарына мүлiк, көлiк құралдары салығы, жер салығы және басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мәлiметтердiң дәйектi және уақтылы табыс етiлуi мәселелерi бойынша жүзеге асырылады.
Уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша салық қызметi органдарының бақылауды тағайындау туралы шешiмi (бұдан әрi – шешiм) уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың (бұдан әрi осы баптың мақсатында – уәкiлеттi мемлекеттiк органдар) қызметiне бақылауды жүзеге асыру үшiн негiз болып табылады, онда мынадай деректемелер:
1) шешiмнiң салық қызметi органдарында тiркелген күнi мен нөмiрi;
2) уәкiлеттi мемлекеттiк органның толық атауы және сәйкестендiру нөмiрi;
3) бақылау тағайындау негiздемесi;
4) бақылауды жүзеге асыратын салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының, сондай-ақ осы бапқа сәйкес бақылау жүргiзуге тартылған басқа да мемлекеттiк органдар мамандарының лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң атын (олар болған жағдайда);
5) бақылау жүргiзу мерзiмi;
6) бақылау кезеңi;
7) бақылау жүргiзу мәселелерi;
8) уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiммен танысқаны және оны алғаны туралы белгiсi қамтылады.
Шешiм бақылау жүзеге асырыла басталғанға дейiн құқықтық статистика және арнайы есептер саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органда мемлекеттiк тiркелуге жатады.
2. Шешiмде көрсетiлген салық қызметi органдарының лауазымды адамдары, осы бапқа сәйкес бақылау жүргiзуге тартылған өзге де тұлғалар және уәкiлеттi мемлекеттiк органдар бақылауға қатысушылар болып табылады.
Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар бақылауды жүзеге асырған кезде салық қызметi органдарына бақылау жасау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi алуына, салық қызметi органдары лауазымды адамдарының салық салу объектiлерiн зерттеп-тексеруге кiруiне жәрдем жасайды.
Бұл ретте уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың бақылауы салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң бiр түрi бойынша және бiрнеше түрi бойынша да бiр мезгiлде жүргiзiлуi мүмкiн.
Құжаттар мен мәлiметтер алуға, сондай-ақ салық салынатын объектiлердi зерттеп-тексеруге кедергi жасалған кезде, салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының бақылау жүргiзу үшiн кiруге жiберiлмегенi туралы акт жасалады.
Салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының бақылау жүргiзу үшiн кiруге жiберiлмегенi туралы актiге бақылау жүргiзетiн салық қызметi органының және уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамдары қол қояды. Көрсетiлген актiге қол қоюдан бас тартқан кезде уәкiлеттi мемлекеттiк орган бас тарту себебi туралы жазбаша түсiнiктеме беруге мiндеттi.
Уәкiлеттi мемлекеттiк орган шешiмнiң данасын (көшiрмесiн) алған күн немесе уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмге қол қоюдан бас тартуы туралы акт жасалған күн бақылау жүргiзудiң басталуы болып есептеледi.
Уәкiлеттi мемлекеттiк орган шешiмiнiң данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бақылау жүргiзетiн салық қызметi органының қызметкерi куәгерлердi (кемiнде екеу) тарта отырып, қол қоюдан бас тарту туралы акт жасайды. Бұл ретте қол қоюдан бас тарту туралы актiде:
1) оның жасалған орны мен күнi;
2) акт жасаған салық қызметi органының лауазымды адамының тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған жағдайда);
3) тартылған куәгерлердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), жеке куәлiгiнiң нөмiрi, тұрғылықты жерiнiң мекенжайы;
4) шешiмнiң нөмiрi, күнi, уәкiлеттi мемлекеттiк органның атауы, оның сәйкестендiру нөмiрi;
5) шешiм данасына қол қоюдан бас тартудың мән-жайлары көрсетiледi.
Уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмдi алудан бас тартуы салықтық тексерудiң күшiн жоюға негiз болып табылмайды.
3. Бақылау жүргiзу мерзiмi уәкiлеттi мемлекеттiк органға бақылау тағайындау туралы шешiм тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Бақылау тағайындаған салық қызметi органы көрсетiлген мерзiмдi елу жұмыс күнiне дейiн ұзартуы мүмкiн.
Уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қызметiне бақылау жылына бiр реттен жиi жүзеге асырылмайды.
4. Бақылау жүргiзу мерзiмiнiң барысы уәкiлеттi мемлекеттiк органға салық қызметi органының құжаттарды табыс ету туралы талаптарын тапсыру күнi мен уәкiлеттi мемлекеттiк органның бақылау жүргiзу кезiнде сұрау салынған құжаттарды табыс ету күнi арасындағы, сондай-ақ салық қызметi органының басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттiк органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасы аумағында қызметiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға сұрау салу жiберiлген күн мен аталған сұрау салу бойынша мәлiметтер мен құжаттарды алған күн арасындағы уақыт кезеңiне тоқтатыла тұрады.
5. Бақылау мерзiмiн тоқтата тұрған (қайта бастаған) кезде салық қызметi органдары уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға мынадай деректемелердi:
1) бақылау жүргiзу мерзiмдерiн тоқтата тұру (қайта бастау) туралы хабарламаның салық органында тiркелген күнi мен нөмiрiн;
2) салық органының атауын;
3) тексерiлетiн уәкiлеттi органның толық атауы және сәйкестендiру нөмiрiн;
4) тоқтатыла тұрған (қайта басталған) бұйрықтың күнi мен тiркелген нөмiрiн;
5) бақылауды тоқтата тұру (қайта бастау) қажеттiгiнiң негiздемесiн;
6) бақылау жүргiзу мерзiмдерiн тоқтата тұру (қайта бастау) туралы хабарламаның тапсырылған және алынған күнi туралы белгiнi көрсете отырып, хабарлама жiбередi.
Бақылау мерзiмiн, кезеңiн ұзарту, тоқтата тұру және (немесе) бақылауға қатысушылардың тiзбесiн өзгерту кезiнде шешiмге уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша қосымша шешiм ресiмделедi.
6. Бақылау аяқталған кезде салық қызметi органының лауазымды адамы:
1) бақылау жүзеге асырылған жердi, бақылау актiсi жасалған күндi;
2) салық қызметi органының атауын;
3) бақылау жүргiзген салық қызметi органының лауазымды адамдарының лауазымдарын, тектерiн, аттарын, әкелерiнiң аттарын (олар болған жағдайда);
4) уәкiлеттi мемлекеттiк органның толық атауын, сәйкестендiру нөмiрiн және мекенжайын;
5) уәкiлеттi мемлекеттiк орган басшысының және лауазымды адамдарының тектерiн, аттарын, әкелерiнiң аттарын (олар болған жағдайда);
6) олардың келiсiмiмен және қатысуымен бақылау жүргiзiлген уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамдарының лауазымдарын, тектерiн, аттарын, әкелерiнiң аттарын (олар болған жағдайда);
7) алдыңғы бақылау және бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қолданылған шаралар туралы мәлiметтердi;
8) жүргiзiлген тексеру нәтижелерiн;
9) бақылау жүргiзуге тартылған басқа да мемлекеттiк органдардың мамандарының лауазымдарын, тектерiн, аттарын, әкелерiнiң аттарын (олар болған жағдайда) көрсете отырып, бақылау актiсiн жасайды.
7. Бақылаудың нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған кезде, салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талап қояды.
Салық қызметi органының уәкiлеттi мемлекеттiк органға бақылау актiсiнде көрсетiлген бұзушылықтарды жою қажеттiгi туралы қағаз жеткiзгiште жiберген хабарламасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы талап (бұдан әрi – талап) болып танылады. Талап нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Талапта:
уәкiлеттi органның толық атауы;
сәйкестендiру нөмiрi;
талапты жiберу үшiн негiз;
талап жiберiлген күн;
уәкiлеттi мемлекеттiк орган бюджетке өндiрiп алуға жататын сома көрсетiледi.
Тексерiлетiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысына (бiрiншi басшының орнындағы адамға) бақылау актiсiн табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, талап өз қолын қойғызып не оны жiберу және алу фактiсiн растайтын өзге тәсiлмен жiберiлуге тиiс.
Талапты уәкiлеттi мемлекеттiк орган оны тапсырған (алған) күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде орындауға тиiс.
8. Бақылау нәтижесi бойынша анықталған салық берешегi сомаларын өндiрiп алуды салық және бюджетке төленетiн басқа мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық өндiрiлiп алынуы және уақтылы аударылуы үшiн жауапты уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
9. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар салық және бюджетке төленетiн басқа мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық өндiрiлiп алынуы және уақтылы аударылуы, сондай-ақ мәлiметтердiң салық органдарына дәйектi және уақтылы табыс етiлуi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.»;

229) 667-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) тақырыптық тексеру жүргiзудi тағайындаған күннен бастап шағым бойынша шешiм шығарылғанға дейiнгi кезеңде шағымды қайтарып алуды жүргiзуге құқығы жоқ.».

4. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж. № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж. № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж. № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):

1) 50-бапта:
6-1-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
«өз өкiлеттiктерiн орындау кезеңiнде мемлекеттiк лауазымдағы адамға және осы кезеңде оның жұбайына (зайыбына) қатысты;»;
екiншi бөлiкте:
«тармақта» деген сөздерден кейiн «және осы баптың 6-тармағының д) тармақшасында» деген сөздермен толықтырылсын;
«уәкiлеттi орган» деген сөздер «салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-1-тармақтағы «Осы баптың» деген сөздер «Егер осы баптың 6-1-тармағында өзгеше белгiленбесе, осы баптың» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 51-баптың 1-тармағында:
екiншi бөлiктегi «салық және (немесе) кеден органдарының бiрiншi басшысы қол қойып, мөрiмен куәландырылған» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы төртiншi, бесiншi және алтыншы бөлiктермен толықтырылсын:
«Бұл ретте салық және (немесе) кеден органдарының өкiмдерi қағаз жеткiзгiште немесе ақпараттық-коммуникациялық желi бойынша беру арқылы электрондық түрде банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберiлуi мүмкiн.
Қағаз жеткiзгiште жiберiлетiн өкiмге салық және (немесе) кеден органдарының бiрiншi басшысы қол қойып және мөрiмен куәландыруы тиiс.
Электронды түрде жiберiлетiн өкiм салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган белгiлеген форматтарға сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша жасалады.».

5. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат, № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат):
22-бапта:
4-1-тармақтың 1) тармақшасындағы «төлейтiн» деген сөз «төленген» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның филиалдары, өкiлдiктерi агенттер ретiнде қаралуы мүмкiн.».

6. «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат):
15-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның филиалдары, өкiлдiктерi әлеуметтiк аударымдарды төлеушiлер ретiнде қаралуы мүмкiн.».

7. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 2, 17-құжат; 2011 ж. № 3, 32-құжат):
14-баптың 7) тармақшасы «өтiнiштi» деген сөздiң алдынан «Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.

8. «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат, № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
2-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережесi Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес патент негiзiнде арнаулы салық режимiнен басқа, бiржолғы талон негiзiнде арнаулы салық режимiн және өзге салық салу режимдерiн бiр мезгiлде қолданатын дара кәсiпкерлерге қолданылмайды.».

9. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат):

1) 1-баптағы «2011 жылғы 1 қаңтардан» деген сөздер «2011 жылғы 1 шiлдеден» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) мынадай мазмұндағы 1-2-баппен толықтырылсын:
«1-2-бап. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 113-бабына сәйкес топтың (кiшi топтың) тиiстi құндық теңгерiмiн ұлғайтуға жатқызылатын немесе топтың (кiшi топтың) тиiстi құндық теңгерiмiн қалыптастыратын 2008 жыл iшiнде жүргiзiлген негiзгi құралдарды жөндеуге арналған шығыстар «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 113-бабында белгiленген тәртiппен 2009 жылдың басына тiркелген активтер тобының (кiшi тобының) тиiстi құндық теңгерiмiн ұлғайтады немесе қалыптастырады деп белгiленсiн.»;

3) 3-3-бапта:
үшiншi абзацтағы «Мынадай» деген сөз «Қазақстан Республикасы өткiзу орны болып табылатын мынадай» деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы абзацтағы «өткiзу» деген сөз «тарату» деген сөзбен ауыстырылсын;
он үшiншi абзацтағы «244-бабына» деген сөздер «244 және 276-12-баптарына» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 9-1-баптағы «2011» деген цифрлар «2014» деген цифрлармен ауыстырылсын;

5) 9-2-баптағы «2009» деген цифрлар «2011» деген цифрлармен ауыстырылсын;

6) 11-1-баптың алтыншы абзацындағы «уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкiметi» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 12-баптың бiрiншi абзацындағы «2012» деген цифрлар «2016» деген цифрлармен ауыстырылсын;

8) мынадай мазмұндағы 19-1-бапппен толықтырылсын:
«19-1-бап. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 624-бабының 2-тармағы 1) және 2) тармақшаларының және 3-тармағы 1) және 2) тармақшаларының қолданылуы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатылсын.»;

9) 20-1-бап алып тасталсын;

10) 22-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының бесiншi абзацындағы «308» деген цифрлар «308-1» деген цифрлармен ауыстырылсын;

11) 25-бапта:
13-тармақта:
бiрiншi және екiншi бөлiктерде:
«уәкiлеттi орган», «уәкiлеттi органға» деген сөздер тиiсiнше «салық қызметi органы», «салық қызметi органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi бөлiктегi «Уәкiлеттi орган», «уәкiлеттi органда бар мониторинг бойынша есептiлiктiң» деген сөздер тиiсiнше «Салық қызметi органы», «мониторинг бойынша есептiлiктiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтың бiрiншi және төртiншi бөлiктерiндегi «уәкiлеттi органға» деген сөздер «салық қызметi органына» деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 35-баптағы «2011» деген цифрлар «2012» деген цифрлармен ауыстырылсын;

13) мынадай мазмұндағы 36-1-баппен толықтырылсын:
«36-1-бап. Тоқтата тұру кезеңiнде аталған тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 656-бабы 1-тармағының қолданылуы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын:
«1. Салық қызметi органдары уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне осы бапта белгiленген тәртiппен бақылауды жүзеге асырады.
Уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қызметiне бақылау бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық өндiрiлiп алынуы және уақтылы аударылуы, сондай-ақ салық органдарына мәлiметтердiң дәйектi және уақтылы табыс етiлуi мәселелерi бойынша жүзеге асырылады.
Жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне бақылау бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық өндiрiлiп алынуы және уақтылы аударылуы, салық органдарына мүлiк, көлiк құралдары салығы, жер салығы және басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мәлiметтердiң дәйектi және уақтылы табыс етiлуi мәселелерi бойынша жүзеге асырылады.
Жергiлiктi атқарушы органдар бiржолғы талондар беру үшiн айқындаған органдардың қызметiне бақылау:
бюджетке берiлген бiржолғы талондар сомаларының дұрыс есептелуi, толық әрi уақтылы аударылуы (есепке жатқызылуы);
бiржолғы талонды, бiржолғы талон түбiртегiнiң толық және дұрыс толтырылуы, бiржолғы талондар түбiртектерiнiң сақталуы;
салық органдарына мәлiметтердiң дұрыс және уақтылы табыс етiлуi;
бiржолғы талондарды беру есебiнiң дәйектi жүргiзiлуi мәселелерi бойынша жүзеге асырылады.
Салық қызметi органдарының уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша бақылауды тағайындау туралы шешiмi (бұдан әрi – шешiм) уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдар бiржолғы талондар беру үшiн айқындаған органдардың (бұдан әрi осы баптың мақсатында – уәкiлеттi мемлекеттiк органдар) қызметiне бақылауды жүзеге асыру үшiн негiз болып табылады, онда мынадай деректемелер:
1) шешiмнiң салық қызметi органдарында тiркелген күнi мен нөмiрi;
2) уәкiлеттi мемлекеттiк органның толық атауы және сәйкестендiру нөмiрi;
3) бақылауды тағайындау негiздемесi;
4) бақылауды жүзеге асыратын салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының, сондай-ақ бақылау жүргiзуге тартылатын басқа да мемлекеттiк органдар мамандарының лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (олар болған жағдайда);
5) бақылауды жүргiзу мерзiмi;
6) бақылау кезеңi;
7) бақылауды жүргiзу мәселелерi;
8) уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiммен танысқаны және оны алғаны туралы белгiсi қамтылады.
Шешiм құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарда бақылауды жүзеге асыру басталғанға дейiн мемлекеттiк тiркелуге жатады.»;

14) 42-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«42-бап. Тоқтата тұру кезеңiнде аталған тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 272-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарына дейiн тоқтатыла тұрсын:
«1) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының осы Кодекстiң 273 және 274-баптарында белгiленген тәртiппен есептi салық кезеңiнiң аяғында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан есептелген салық сомасынан асып түсуi (бұдан әрi – қосылған құн салығының асып түсуi).
Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алумен байланысты қалыптасқан, осы тармақшаның бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген қосылған құн салығының асып кетуiн қайтару осы Кодекстiң 241-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер сатып алу кезiнде төленген, есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы шегiнде жүргiзiледi.
Осы тармақшаның екiншi бөлiгiнiң ережесi осы Кодекстiң 274-бабында көзделген қосылған құн салығының асып кетуiн қайтарудың оңайлатылған тәртiбiн қолдануға құқығы бар салық төлеушiлерге қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Үкiметi нөлдiк ставка бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетудi өткiзудi осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген тұрақты өткiзуге жатқызу өлшемдерiн және:
осы баптың 3-тармағында белгiленген шарттар орындалмаған жағдайда, нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдарға байланысты;
осы тармақшаның екiншi бөлiгiнде көзделген, қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып түсу сомасын айқындау тәртiбiн белгiлейдi.»;

15) 47-баптың 1) тармақшасында:
«561» деген цифрлар «39, 40, 561» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«9-тармақтарын» деген сөздерден кейiн «, 570-бабының 5-тармағының 2) тармақшасын» деген сөздермен толықтырылсын;

16) 48-бапта:
3) тармақшада:
бiрiншi абзацтағы «2012» деген цифрлар «2016» деген цифрлармен ауыстырылсын;
екiншi абзацтағы «2013» деген цифрлар «2017» деген цифрлармен ауыстырылсын;
үшiншi абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) 2017 жылғы 1 қаңтарға дейiн 274-баптың 2-тармағының 3) тармақшасының»;

17) 49-баптың 1) тармақшасында:
он алтыншы абзацтағы «2012» деген цифрлар «2017» деген цифрлармен ауыстырылсын;
он жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«17) бiр мезгiлде мынадай талаптарға сәйкес келген:
тауарды қайта өңдеу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген жеткiлiктi өңдеу өлшемдерiне сәйкес келген;
тауар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбеге енгiзiлген;
еркiн қойманың кедендiк рәсiмiнде орналастырылған тауар еркiн қойма аумағынан әкетiлген, көрсетiлген рәсiм аяқталғаннан кейiн кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттармен ресiмделген кезде, еркiн қойма аумағында өндiрiлген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлiгiне өткiзiлетiн тауарлар;»;
жиырма алтыншы және елуiншi абзацтардағы «2012 жылдың 1 шiлдесiне», «2012 жылдың 1 қаңтарына» деген сөздер «2017 жылдың 1 қаңтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз жетiншi және алпыс сегiзiншi абзацтардағы «уәкiлеттi орган белгiлейдi» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi» деген сөздермен ауыстырылсын;

18) 49-1-бапта:
бiрiншi бөлiктiң бiрiншi абзацындағы «2012» деген цифрлар «2017» деген цифрлармен ауыстырылсын;
оныншы бөлiктегi «уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкiметi» деген сөздермен ауыстырылсын.

10. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2009 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 23, 100-құжат):
2-бапта:
2) тармақша «95) – 101)» деген цифрлардан кейiн «тармақшаларын, 103) тармақшасының төртiншi - он төртiншi абзацтарын» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «102), 103),» деген цифрлар «102) тармақшасын, 103) тармақшасының бiрiншi – үшiншi абзацтарын» деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейiн:
тоқтата тұру кезеңiнде аталған тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 90-бабы 1-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстiң 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстар деп:
1) борышкер талапты орындаған кезде бұрын орындау сомасына барабар мөлшерде шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;
2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңартпа, талап ету құқықтарын беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн азайтқан кезде талаптар мөлшерiн азайту сомасына барабар мөлшерде бұрын шегерiмге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;
3) талаптарды қайта сыныптаған кезде қайта сыныпталған талаптың сомасына барабар мөлшерде бұрын шегерiмге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомасы танылады.»;
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 106-бабы 1-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұратын кезеңде аталған тармақтың мынадай редакцияда қолданылатыны белгiленсiн:
«1. Банктер және банктiк қарыз операцияларын жүргiзуге арналған лицензия негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың мiндеттемелерi бойынша үшiншi тұлғаларға берiлген активтер мен шартты мiндеттемелердi қоспағанда (кредиттiк серiктестiктердiң активтерi мен шартты мiндеттемелерiнен басқа), мынадай күмәндi және үмiтсiз активтерге, шартты мiндеттемелерге:
1) басқа банктерде орналастырылған корреспонденттiк шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге;
2) басқа банктер мен клиенттерге берiлген кредиттерге (қаржы лизингiн қоспағанда);
3) құжаттық есеп-қисаптар мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешекке;
4) өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепiлдiктер бойынша шартты мiндеттемелерге қарсы провизияларды (резервтердi) шегеруге құқығы бар.
Осы тармаққа сәйкес шегерiмге жататын провизияларды (резервтердi) құру тәртiбiн, сондай-ақ активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және үмiтсiз санатқа жатқызу тәртiбiн уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi айқындайды.»;
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 106-бабы 4-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұратын кезеңде аталған тармақтың мынадай редакцияда қолданылатыны белгiленсiн:
«4. Ұлттық басқарушы холдингтiң, сондай-ақ негiзгi қызмет түрi қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлғалардың өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың мiндеттемелерi бойынша үшiншi тұлғаларға берiлген активтер мен шартты мiндеттемелердi қоспағанда (кредиттiк серiктестiктердiң активтерi мен шартты мiндеттемелерiнен басқа), мынадай күмәндi және үмiтсiз активтерге, шартты мiндеттемелерге:
банктерде орналастырылған корреспонденттiк шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге;
банктер мен клиенттерге берiлген кредиттерге (қаржы лизингiн қоспағанда);
құжаттық есеп-қисаптар мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешекке;
өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепiлдiктер бойынша шартты мiндеттемелерге қарсы провизияларды (резервтердi) шегеруге құқығы бар.
Осы тармаққа сәйкес шегерiмге жататын провизияларды (резервтердi) құру тәртiбiн, сондай-ақ активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және үмiтсiз санатқа жатқызу тәртiбiн, сондай-ақ осы тармақта көрсетiлген заңды тұлғалардың тiзбесiн және осындай тiзбенi қалыптастыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.»;
Банктер және банктiк қарыз операцияларын жүргiзуге арналған лицензия негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар үшiн осы бапта белгiленген провизияларды (резервтердi) шегеру және провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстарды айқындау тәртiбi, оның iшiнде банктiк қарыз операцияларын жүргiзуге арналған лицензия негiзiнде банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың шегерiмiне жатқызылған провизияларға (резервтерге), сондай-ақ провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстарға 2006 жылғы 1 қаңтар мен 2008 жылғы 31 желтоқсан аралығында қолданылатыны белгiленсiн.».

3-бап. Тоқтатыла тұру кезеңiнде аталған тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 156-бабының 1-тармағы 8) тармақшасының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын:
«8) әскери қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты әскери қызметшiнiң, қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты құқық қорғау органы қызметкерiнiң (кеден органы мен прокуратура органы қызметкерiн қоспағанда) табыстары;».

4-бап. Тоқтатыла тұру кезеңiнде аталған тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 201-бабының 8-тармағы 14) тармақшасының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын:
«14) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында аталған дербес бiлiм беру ұйымының осындай ұйымның қызметкерi болып табылатын не осындай ұйымның жұмыстарын орындау, оған қызметтер көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент емес жеке тұлғаға қатысты iс жүзiнде мынадай:
тұруға;
медициналық сақтандыруға;
Қазақстан Республикасынан тыс жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында осындай қызметтi жүзеге асыратын жерiне дейiн және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстары түрiндегi материалдық пайда салық салуға жатпайды.».

5-бап. Кредиттер бойынша кешiрiлген үмiтсiз берешектiң жалпы сомасының бiрiктiрiлген көрсеткiшке арақатынасының ең жоғары мөлшерi шегiнде, салық кезеңi iшiнде кредит бойынша үмiтсiз берешектi кешiру нәтижесiнде Салық кодексiнiң 106-бабының 1-тармағына сәйкес бұрын шегерiмге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомалары 2011 жылғы 1 қаңтар мен 2012 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыс деп танылмайтыны белгiленсiн.
Бiрiктiрiлген көрсеткiш пен ең жоғарғы арақатынас мөлшерiн айқындау тәртiбiн уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Осы бап кредит (кредиттер) бойынша борышкердiң үмiтсiз берешегi кешiрiлген жағдайда, бiр мезгiлде мына шарттар сақталған кезде:
мөлшерi мен тәртiбiн уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейтiн, кешiрiлген кредит сомасы есептiк көрсеткiштен аспаған кезде;
уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген негiздер бойынша және тәртiппен кредит бойынша үмiтсiз берешек кешiрiлген кезде, қолданылады.
Егер Салық кодексiнiң 90-бабында өзгеше белгiленбесе, осы баптың мақсаттары үшiн Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес борышты кешiру нәтижесiнде кредит бойынша мiндеттеменiң тоқтатылуы (есептен шығару), сондай-ақ сауда-саттықта «Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес соттан тыс тәртiппен негiзгi мiндеттеме сомасынан төмен бағамен – кредиттiң кепiлге қойылған мүлкiн сатқаннан кейiн өтелмеген сомаға, ипотекалық шарт жасасқан күнi негiзгi мiндеттеменi толық қамтамасыз ететiн, кепiлге қойылған мүлiктi сату кезiнде кредиттi қайтару бойынша мiндеттеменi тоқтату (есептен шығару) кредит бойынша үмiтсiз берешектi кешiру деп танылады.».

6-бап. 2011 жылғы 1 қаңтар мен 2012 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде жеке тұлғаның табысы ретiнде осындай тұлғаға банктiк қарыз берiлгеннен кейiн пайда болған мынадай:
қарыз алушы жеке тұлға соттың күшiне енген шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп жарияланған, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған, оған I немесе II топтардағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы жеке тұлға қайтыс болған;
қарыз алушы жеке тұлғаның балаларының немесе асырап алған балаларының бiрi мүгедек бала деп танылған;
асыраушысынан айырылған, жүктiлiгiне және босануына байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне орай табысынан айырылған жағдайларда, аталған төлемдерден басқа, «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтiк төлемдер алатын қарыз алушы жеке тұлғаның басқа табысы болмаған;
қарыз алушы жеке тұлғада және қарыз алушы жеке тұлғамен бiрге банк алдында ортақ немесе субсидиялық жауаптылықта болатын үшiншi тұлғаларда өндiрiп алуды қолдануға болатын мүлiктiң, оның iшiнде ақшаның, бағалы қағаздардың немесе табыстың болмауына байланысты банкке атқару құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшiне енген және оның мүлкiн немесе табыстарын анықтау жөнiнде сот орындаушысы қабылдаған, Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесiз болған;
қарыз алушы жеке тұлғаның мүлкiне, оның iшiнде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе табыстарына банктiң борышты өндiрiп алуды қолдануынан және (немесе) өндiрiп алуынан бас тарту туралы сот шешiмi заңды күшiне енген;
ипотекалық шартты жасасу күнiне негiзгi мiндеттеменi толық қамтамасыз ететiн кепiлге салынған мүлiк негiзгi мiндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртiппен сатылған немесе осындай мүлiк кредиттiң кепiлге салынған мүлкi сатылғаннан кейiнгi өтелмеген сомаға «Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепiл ұстаушының меншiгiне өткен жағдайларда, банктiк қарыз бойынша мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табысы қаралмайды деп белгiленсiн.
Осы баптың ережелерi:
банк қызметкерiне, банк қызметкерiнiң жақын туыстарына, банктiң өзара байланысты тарапына берiлген;
талап ету құқықтарын беру және (немесе) борышты аудару жүргiзiлген банктiк қарыз бойынша мiндеттемелердi есептен шығаруға қолданылмайды.».

7-бап. Тоқтата тұру кезеңiнде аталған тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 90-бабы 1-тармағының қолданылуы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстiң 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстар деп:
1) борышкер талапты орындаған кезде орындау сомасына барабар мөлшерде бұрын шегерiмге жатқызылған провизиялардың (резервтердiң) сомасы;
2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңартпа, талап ету құқықтарын беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн азайтқан кезде талаптар мөлшерiн азайту сомасына барабар мөлшерде бұрын шегерiмге жатқызылған провизиялардың (резервтердiң) сомасы;
3) талаптарды қайта сыныптаған кезде қайта сыныпталған талаптың сомасына барабар мөлшерде бұрын шегерiмге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомасы;
4) құрылу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн, өткен салық кезеңiнiң 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша осы Кодекстiң 106-бабының 4-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған, бұрын шегiрiмге жатқызылған провизиялар (резервтер) мен халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарының және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес өткен салық кезеңiнiң 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қалыптастырылған провизиялар (резервтер) арасындағы оң айырма сомасы танылады.».

8-бап. Еркiн қойма аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағында еркiн қойма иесi өткiзетiн тауарды өткiзу бойынша айналымдар 2013 жылғы 1 қаңтарға дейiн бiр мезгiлде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:
тауарды өңдеу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген жеткiлiктi өңдеу өлшемдерiне сәйкес келген;
тауар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбеге енгiзiлген;
Қазақстан Республикасының аумағында еркiн қойманың иесi тауарды өзгермеген күйiнде өткiзген;
Қазақстан Республикасының аумағында өткiзетiн күнi:
еркiн қойма аумағында өндiрiлген тауарды бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн, еркiн қойма иесi беретiн тауардың бiрегей нөмiрi (бұдан әрi – тауардың бiрегей нөмiрi) тауарда көрсетiлген;
тауарда кеден органының белгiсi бар декларация мен оның шығуын растайтын сертификат болған кезде. Бұл ретте мұндай құжаттарда тауардың бiрегей нөмiрi болады;
еркiн қойманың иесi еркiн қойманың шегiнен тыс осыған ұқсас тауар өндiрудi жүзеге асырмаған кезде, қосылған құн салығынан босатылады.
Бұл ретте еркiн қойманың иесi:
сатып алушының сәйкестендiру нөмiрiн, тауардың атауын, тауардың бiрегей нөмiрiн, өткiзу күнiн көрсете отырып, еркiн қойманың аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағында өткiзiлетiн тауардың есебi бойынша салықтық тiркелiмiн жүргiзедi;
еркiн қойманың аумағында өндiрiлген тауарды өткiзу кезiнде жазып берiлетiн шот-фактурада тауардың бiрегей нөмiрiн көрсетедi.
Осы баптың ережелерi «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 1) тармақшасының он жетiншi, он сегiзiншi, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарына сәйкес өткiзiлуi қосылған құн салығынан босатылатын тауарға қатысты қолданылмайды.

9-бап. Осы Заң:
1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабының 3-тармағы 2) тармақшасының он алтыншы - он жетiншi абзацтарын, 26) тармақшасының он төртiншi абзацын, 28), 29) тармақшаларын, 32) тармақшасының екiншi абзацын, 36) тармақшасының үшiншi абзацын, 51) тармақшасының тоғызыншы – он үшiншi, он алтыншы – он сегiзiншi абзацтарын, 52) тармақшасының жиырма алтыншы – отыз алтыншы абзацтарын, 56) тармақшасын, 57) тармақшасының төртiншi – бесiншi абзацтарын, 58) тармақшасының екiншi – үшiншi абзацтарын, 60), 90) тармақшаларын, 93) тармақшасының екiншi – отыз алтыншы абзацтарын, 102), 105), 106) тармақшаларын, 109) тармақшасының екiншi – тоғызыншы абзацтарын, 112), 124), 127), 129), 130) тармақшаларын, 5, 6-тармақтарын, 9-тармағының 2), 10) тармақшаларын, 15) тармақшасының үшiншi абзацын, 10-тармағының үшiншi абзацын, 2-бабын;
2) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабының 3-тармағы 42) тармақшасының екiншi абзацын, 135) тармақшасын, 136) тармақшасының алтыншы абзацын, 139) тармақшасын, 140) тармақшасының екiншi абзацын, 143) тармақшасының оныншы абзацын, 144) тармақшасының алтыншы абзацын, 146) тармақшасының үшiншi абзацын, 147) тармақшасын, 148) тармақшасының үшiншi абзацын, 149) тармақшасын, 10-тармағының төртiншi абзацын;
3) 2010 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабы 3-тармағының 111), 115), 117), 118) тармақшаларын, 220) тармақшасының үшiншi – бесiншi абзацтарын, 227) тармақшасының екiншi абзацын, 9-тармағының 3) тармақшасын, 14) тармақшасының үшiншi абзацын;
4) 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабының 3-тармағы 2) тармақшасының жиырма бiрiншi – жиырма төртiншi абзацтарын, 27), 33), 39) тармақшаларын, 52) тармақшасының отыз жетiншi абзацын, 70) тармақшасының екiншi абзацын, 140) тармақшасының үшiншi абзацын, 141) тармақшасын, 143) тармақшасының екiншi – тоғызыншы абзацтарын, 152), 153), 160), 192) тармақшаларын, 220) тармақшасының екiншi абзацын, 228) тармақшасын, 9-тармағының 1), 4), 5), 12), 13) тармақшаларын, 14) тармақшасының бiрiншi, екiншi, төртiншi – сегiзiншi абзацтарын, 4, 5, 6-баптарын;
5) 2011 жылғы 29 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 3-бабын;
6) 2011 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1), 5), 7), 8), 9) тармақшаларын, 3-тармағының 4), 5) тармақшаларын, 7) тармақшасының үшiншi – жиырма бiрiншi абзацтарын, 9) тармақшасының он үшiншi абзацын, 11) тармақшасының үшiншi – жиырма төртiншi абзацтарын, 12) тармақшасының төртiншi – жиырмасыншы абзацтарын, 13) тармақшасының төртiншi – он сегiзiншi абзацтарын, 14) тармақшасының екiншi, жетiншi – жиырма бiрiншi абзацтарын, 104), 114), 116), 119), 120), 121), 122), 123) тармақшаларын, 126) тармақшасының бесiншi – жиырмасыншы абзацтарын, 128) тармақшасын, 136) тармақшасының екiншi – бесiншi абзацтарын, 144) тармақшасының екiншi – бесiншi абзацтарын, 158), 162), 163) тармақшаларын, 182) тармақшасының үшiншi абзацын, 183), 185), 186), 193) тармақшаларын, 194) тармақшасының алтыншы – он төртiншi абзацтарын, 195) тармақшасының төртiншi – он бiрiншi абзацтарын, 198), 199), 200) тармақшаларын, 205) тармақшасының үшiншi – төртiншi абзацтарын, 206) тармақшасын, 208) тармақшасының екiншi – төртiншi абзацтарын, 209), 210), 222), 226) тармақшаларын, 227) тармақшасының үшiншi – оныншы абзацтарын, 4-тармағының 1) тармақшасын, 9-тармағының 8), 11) тармақшаларын, 15) тармақшасының екiншi абзацын;
7) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабы 3-тармағының 30) тармақшасын, 7-бабын;
8) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болатын 1-бабының 3-тармағы 2) тармақшасының отыз сегiзiншi абзацын қоспағанда, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina