ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 516-IV Заңы

"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

1-бап. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасындағы нотариат – бұл нотариаттық iс-әрекеттер жасау арқылы жеке, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн бiлiктi заң көмегiн көрсету жөнiндегi құқықтық институт.»;
2) 3-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Нотариаттық қызмет – бұл нотариустың осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде көзделген нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы.
Осы Заңда белгiленген жағдайларда және шектерде жекелеген нотариаттық iс-әрекеттердi арнайы уәкiлеттi лауазымды адамдар жасай алады.
Қазақстан Республикасындағы нотариаттық қызмет нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығы, тәуелсiздiгi, құпиялылығы қағидаттарына негiзделедi.
Нотариаттық қызмет кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Нотариаттық iс-әрекеттердiң құпиялылығын сақтауға мiндеттiлiк нотариустың тағылымдамадан өтушiлерi мен көмекшiлерiне қолданылады.»;
3) 4-бапта:
1-тармақта:
«келiсу арқылы» деген сөздерден кейiн «Республикалық нотариаттық палатаның қатысуымен» деген сөздермен толықтырылсын;
«нұсқаулыққа», «Нұсқаулық» деген сөздер тиiсiнше «қағидаға», «Қағида» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Нұсқаулық» деген сөз «Қағида» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 6-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, жасы жиырма беске толған, жоғары заң бiлiмi, заңгер мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс өтiлi бар, нотариуста кемiнде бiр жыл мерзiммен тағылымдамадан, әдiлет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен қызмет атқаратын әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшi мемлекеттiк нотариус болып табылады.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуды қоспағанда, мемлекеттiк нотариусқа осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген талаптар қолданылады.
Заңда белгiленген тәртiппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған, белгiленген тәртiппен iс-әрекет жасауға қабiлетсiз не iс-әрекет жасауға қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған адам нотариус бола алмайды.
Өзiне қатысты ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық iс тоқтатылған, лицензиясынан айырылғандықтан не нотариаттық iс-әрекет жасау кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол бергенi үшiн мемлекеттiк нотариус қызметiнен босатылғандықтан нотариаттық қызметтi тоқтатқан адам да осындай оқиға болғаннан кейiн бес жыл бойы нотариус бола алмайды.»;
3-тармақ «осы Заңның» деген сөздердiң алдынан «мемлекеттiк нотариусты және» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Аумақтық әдiлет органы мемлекеттiк нотариустың нотариаттық iс-әрекеттерi үшiн мүлiктiк жауапкершiлiкте болады.»;
5) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Нотариустың көмекшiлерi мен тағылымдамадан өтушiлерi
1. Нотариустың көмекшiлерi мен тағылымдамадан өтушiлерi болуы мүмкiн.
2. Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариустың көмекшiсi бола алады.
3. Нотариустың көмекшiсi жеке практикамен айналысатын нотариуста еңбек шартының негiзiнде жұмыс iстей алады немесе мемлекеттiк нотариат кеңсесiнiң құрамында бола алады.
4. Жоғары заң бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматтары нотариустың тағылымдамадан өтушiлерi бола алады.
Тағылымдамадан өтушiлер тағылымдамадан өту туралы шарт негiзiнде жеке практикамен айналысатын нотариустарда немесе мемлекеттiк нотариустарда тағылымдамадан өтедi.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адам аумақтық әдiлет органымен немесе аумақтық нотариаттық палатамен тағылымдамадан өту туралы шарт жасасады.
5. Көмекшi мен тағылымдамадан өтушi нотариустың нұсқауымен және жауапкершiлiгiмен оның нотариаттық қызметтi алмастыруға тиiстi емес және нотариаттық iс жүргiзу бойынша көмекшi сипатта болуы мүмкiн тапсырмаларын орындауға құқылы.
6. Заң мамандығы бойынша кемiнде бес жыл өтiлi бар адамдар үшiн аумақтық әдiлет органы мен нотариаттық палатаның бiрлескен шешiмiмен тағылымдаманың мерзiмi қысқартылуы мүмкiн. Тағылымдаманың ұзақтығы үш айдан кем болмауы керек.
7. Тағылымдамадан өтушiнiң нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы және нотариустың жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi кәсiби бiлiм мен практикалық дағдыларды алуы тағылымдамадан өтудiң мақсаты болып табылады.
8. Бiр нотариустан бiр мезгiлде екеуден аспайтын тағылымдамадан өтушi тағылымдамадан өте алады.
9. Тағылымдамадан өту Республикалық нотариаттық палатамен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң бұйрығымен бекiтiлетiн тағылымдамадан өтушiлердi кәсiптiк даярлаудың бiрыңғай бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
Тағылымдамадан өтушiлердi кәсiптiк даярлау бағдарламасы барлық тағылымдамадан өтушiлер үшiн мiндеттi болып табылады және нотариустың кәсiби және этикалық мiнез-құлық нормаларын зерделеудi, нотариустар немесе тағылымдамадан өтушiлер үшiн арнайы ұйымдастырылатын семинар сабақтарына қатысуды қоса алғанда, тағылымдамадан өтушiнiң арнайы теориялық бiлiмдер, нотариаттық iс-әрекеттердi жасау және нотариустың жұмысын ұйымдастыру жөнiнде практикалық дағдыларды алуына бағытталған iс-шаралар тiзбесiн қамтуға тиiс.
Тағылымдама мерзiмiн қысқарту тағылымдамадан өтушiнi тағылымдамадан өту бағдарламасын меңгеру мiндетiнен босатпайды.
10. Тағылымдамадан өту аяқталған соң нотариус тағылымдамадан өтушiнiң кәсiптiк даярлау бағдарламасын орындағанын көрсететiн қорытынды дайындайды, ол он жұмыс күнi iшiнде аумақтық әдiлет органы мен нотариаттық палатаның бiрлескен шешiмiмен бекiтiледi. Тағылымдамадан өтушiлердi кәсiптiк даярлау бағдарламасын тағылымдамадан өтушi толық меңгермеген жағдайда оған қосымша уақыт берiледi.
11. Тағылымдамадан өтушiлердi кәсiптiк даярлау бағдарламасын толық меңгеру тағылымдамадан өтудiң мiндеттi талабы болып табылады.
12. Терiс себептермен атқарып жүрген қызметiнен босатылғандарды қоспағанда, осы баптың талаптары мемлекеттiк нотариустың жұмыс өтiлi бар адамдарға қолданылмайды.»;
6) мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-баптармен толықтырылсын:
«7-1-бап. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әдiлет
аттестаттау комиссиясы
1. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық әдiлет органдарында құрылатын нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әдiлет аттестаттау комиссияларында аттестаттаудан өтедi.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әдiлет аттестаттау комиссиясы жетi мүшеден – нотариаттық палатаның төрағасын қоса алғанда екi нотариустан, аумақтық әдiлет органының екi өкiлiнен, құқықтанушы-ғалымнан және мәслихаттың екi депутатынан тұрады.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әдiлет аттестаттау комиссияларының дербес құрамы және олардың жұмыс регламентi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.
2. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әдiлет аттестаттау комиссиясының негiзгi мiндеттерi:
1) нотариаттық қызметпен айналысуға лицензия алуға үмiткерлердi сапалы iрiктеудi қамтамасыз ету;
2) отырыстардың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету болып табылады.
3. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әдiлет аттестаттау комиссиясының отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысуға құқылы.
4. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әдiлет аттестаттау комиссиясы отырысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында аудиожазба және (немесе) бейнежазба не стенографиялау жүзеге асырылады. Отырыс барысында алынған стенограмма, аудиожазба және (немесе) бейнежазба отырыстың хаттамасына тiгiледi және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әдiлет аттестаттау комиссиясының материалдарымен бiрге сақталады.
7-2-бап. Аттестаттауды өткiзу тәртiбi мен шарттары
1. Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қағидалармен айқындалады.
2. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адам тағылымдамадан өткеннен кейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттарын қоса тiркей отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық әдiлет органдары арқылы оны аттестаттауға жiберу туралы өтiнiшiн тұрғылықты жерi бойынша тиiстi нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әдiлет аттестаттау комиссиясына жолдайды.
3. Құжаттар тиiсiнше ресiмделмеген не олардың толық топтамасы табыс етiлмеген жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық әдiлет органдары қайтару себебi туралы жазбаша хабарламамен ол түскен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде үмiткерге өзi ұсынған құжаттарымен бiрге өтiнiштi қарамастан қайтарады.
4. Егер үмiткер осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес келмесе, оны аттестаттауға жiберуден бас тартылады.
Аттестаттауға жiберуден бас тартылған жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық әдiлет органдары өтiнiш түскен күннен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей дәлелдi шешiмдi үмiткерге жiбередi.
Аттестаттауға жiберуден бас тартуға заңда белгiленген тәртiппен сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
5. Аттестаттауға жiберiлген үмiткердi аттестаттаудың өтетiн орны, күнi, уақыты, тәртiбi туралы оны өткiзгенге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық әдiлет органдары жазбаша хабардар етедi.
6. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әдiлет аттестаттау комиссиясы аттестаттауды қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзедi.
7. Аттестаттау мынадай екi кезеңнен тұрады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуден компьютерлiк тест тапсыру;
2) емтихан билеттерi бойынша ауызша тапсырманы орындау.
8. Үмiткер өз таңдауы бойынша тестiлеуден қазақ немесе орыс тiлiнде өтуге құқылы.
Тестiлеу компьютер техникасын пайдалана отырып өткiзiледi.
9. Аттестаттау нәтижесi бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әдiлет аттестаттау комиссиясы аттестатталғаны туралы не аттестатталмағаны туралы дәлелдi шешiмдi аттестаттау өткен күннен кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей шығарады.
Аттестатталғаны туралы комиссия шешiмi ол шығарылған кезден бастап үш жыл бойы жарамды болып табылады.
Әдiлет аттестаттау комиссиясының шешiмiне заңда белгiленген тәртiппен сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
10. Аттестаттаудан өту кезiнде үмiткердiң анықтамалық, арнаулы және басқа да әдебиеттi, байланыс құралдарын, сондай-ақ қандай да бiр жазбаларды пайдалануына жол берiлмейдi.
Аталған талаптар бұзылған жағдайда нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әдiлет аттестаттау комиссиясы үмiткердi аттестаттаудан шеттетедi.
Аттестаттаудан шеттетiлген үмiткер нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әдiлет аттестаттау комиссиясы шешiм шығарған күннен бастап үш ай өткен соң осы Заңда көзделген тәртiппен аттестаттауға жiберу туралы қайта өтiнiш беруге құқылы.
11. Дәлелдi себеппен аттестаттауға келмеген үмiткер осы баптың 5-тармағында көзделген тәртiппен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әдiлет аттестаттау комиссиясының келесi отырысына шақырылады.
Үмiткер тағы да келмей қалған жағдайда оның өтiнiшi қараусыз қалдырылады және оның тапсырған құжаттарымен қоса қайтарылады.»;
7) 8-баптың 6-1-тармағы алып тасталсын;
8) 10-бапта:
1-тармақтағы «, сондай-ақ салық қызметiнiң» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақта:
бiрiншi абзацындағы «тоқтатыла тұруы мүмкiн» деген сөздер «тоқтатыла тұрады» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшасындағы «, сондай-ақ оның үй-жайының орналасқан орны өзгергенi» деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) нотариус мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына әкеп соққан нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанда;»;
мынадай мазмұндағы 6), 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) әдiлет органдарында есептiк тiркеу кезiнде көрсетiлген мекенжай бойынша нотариустың нақты үй-жайы болмағанда;
7) нотариус осы Заңның 15-бабы 4-тармағының талаптарын сақтамағанда;
8) осы Заңның 19-бабында көзделген шектеулер сақталмағанда;
9) егер нотариусты есептiк тiркеуге қойған күннен бастап үш ай өткен соң нотариус практикалық нотариаттық қызметiне кiрiспегенде тоқтатыла тұрады.»;
3-тармақ «лицензиар» деген сөзден кейiн «үш күн мерзiмде» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Аумақтық әдiлет органы мен нотариаттық палата лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған нотариустың iс жүргiзуiнде жатқан құжаттарын Нотариаттық iс жүргiзу жөнiндегi қағидада көзделген тәртiппен басқа нотариусқа беру жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.»;
9) 11-бапта:
бiрiншi абзацындағы «Әдiлет аттестаттау комиссиясының не прокуратура» деген сөздер «Прокуратура» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) нотариус кәсiптiк қызметiн аумақтық әдiлет органдарында тиiстi есептiк тiркелусiз жүзеге асырғанда нотариус лицензиясы керi қайтарылып алынады.»;
10) 13-бап алып тасталсын;
11) 15-бапта:
4-тармақта:
«жарамды» деген сөзден кейiн «бiр» деген сөзбен толықтырылсын;
«азаматтар» деген сөз «жеке тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
«Нотариустың үй-жайы оның есептiк тiркелген орны болып табылады.
Нотариустың үй-жайының орналасқан жерi оған белгiленiп берiлген аумақ шегiнде өзгерген кезде қайтадан есептiк тiркелу талап етiлмейдi. Аумақтық әдiлет органы нотариустың үй-жайының орналасқан жерiн оған белгiленiп берiлген аумақ шегiнде өзгерту туралы оның өтiнiшi келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде осы үй-жайдың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiне тексеру жүргiзуге мiндеттi.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Олар осы баптың 4-тармағының талаптарын сақтаған жағдайда бiр үй-жайда бiр немесе бiрнеше нотариус жұмыс iстей алады.»;
12) 17-баптың 6) тармақшасындағы «, соның iшiнде жалдау шарты бойынша айналысуға» деген сөздер алып тасталсын;
13) 18-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «беруге мiндеттi.» деген сөздер «беруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) өз лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда Нотариаттық iс жүргiзу жөнiндегi қағидада көзделген тәртiппен iс жүргiзуiндегi құжаттарды басқа нотариусқа беруге;
8) өз лицензиясының қолданылуы осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 4-1) және 6) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша тоқтатылған жағдайларда, сақтауындағы барлық нотариаттық құжаттарды жекеше нотариаттық мұрағатқа беруге;
9) өз тегiнiң, атының, әкесiнiң атының және өз үй-жайы орналасқан жерiнiң өзгеруi жөнiндегi мәлiметтердi бiр ай iшiнде аумақтық әдiлет органына ұсынуға мiндеттi.»;
14) 19-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «орындауға құқығы жоқ.» деген сөздер «орындауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4), 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасамай өз мiндеттерiн орындауға;
5) нотариустың жеке мөрiн оның лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңге аумақтық әдiлет органына тапсыруын қоспағанда, факсимиленi пайдалануға және жеке мөрiн басқа адамға беруге;
6) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, есептiк тiркеу орнынан тыс жерде қызметiн жүзеге асыруға құқығы жоқ.»;
2-тармақтағы «Жеке» деген сөз «Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, жеке» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 21-баптың 2 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жекеше нотариустың нотариаттық округ шегiндегi қызмет ету аумағын аумақтық әдiлет органы нотариаттық палатамен бiрлесе отырып белгiлейдi.
Нотариус үй-жайын өзiне белгiленiп берiлген аумақтың шегiнен тыс жерде орналастыруға құқылы емес.
Нотариустың үй-жайына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Республикалық нотариаттық палатаның ұсынысы бойынша белгiлейдi.
Аумақтық әдiлет органы халыққа мемлекеттiк және жекеше нотариустардың қызмет ету аумағы туралы үнемi хабарлап отырады.»;
«5. Нотариаттық iс-әрекеттер мемлекеттiк нотариат кеңсесiнiң үй-жайынан тыс және жекеше нотариустың үй-жайынан тыс жерлерде жасалуы мүмкiн.
Көшпелi нотариаттық iс-әрекеттер мүдделi адамның өтiнiшi негiзiнде нақты адамға қатысты жасалады және тұрақты сипатта болмайды.
Егер нотариаттық iс-әрекет мемлекеттiк нотариат кеңсесiнiң үй-жайынан тыс немесе жекеше нотариустың үй-жайынан тыс жерлерде жасалса, онда құжаттың куәландыру жазбасында және нотариаттық iс-әрекеттердi тiркеу тiзiлiмiнде оның мекенжайы мен уақыты көрсетiлiп, нотариаттық iс-әрекеттiң жасалған орны жазылады.»;
16) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:
«21-1-бап. Нотариаттық округтегi нотариустардың ең аз санын
айқындау критерийлерi
1. Нотариаттық округтегi нотариустардың ең аз санын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi аумақтық әдiлет органының аумақтық нотариаттық палатамен бiрлесiп берген ұсынымы бойынша мынадай критерийлерге:
1) нотариаттық округтегi халықтың саны мен тығыздығына;
2) өңiрдiң экономикалық дамуына, географиялық орналасуына, инфрақұрылымы мен басқа да ерекшелiктерiнiң болуына сүйене отырып бекiтедi.
2. Бос орын пайда болған және ол екi айдың iшiнде жекеше нотариустармен толықтырылмаған кезде аумақтық әдiлет органы тиiстi нотариаттық округте штат санының шегiнде мемлекеттiк нотариус бiрлiгiн енгiзуге құқылы.
3. Егер кейiннен көрсетiлген бос орынға жекеше нотариус орналасқан жағдайда, аумақтық әдiлет органы бiр ай iшiнде мемлекеттiк нотариус бiрлiгiн қысқартуға мiндеттi.
Бұл ретте аумақтық әдiлет органы:
1) жасалған нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығын тексеру және мемлекеттiк нотариустың анықталған бұзушылықтарды жоюы;
2) мемлекеттiк нотариустың iс жүргiзуiнде жатқан құжаттарды жекеше нотариусқа қабылдап алу-тапсыру;
3) мемлекеттiк нотариустың мөрiн алып қою және жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.»;
17) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Нотариустың жеке мөрi, мөртабандары мен бланкiлерi
1. Нотариустың өзiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, сондай-ақ мемлекеттiк нотариат кеңсесiнiң атауы (мемлекеттiк нотариустың мөрi) не нотариус лицензиясының нөмiрi мен берiлген күнi көрсетiлген (жекеше нотариустың мөрi) жеке мөрi, куәландыру жазбаларының мөртабандары мен жеке бланкiлерi болады.
Мемлекеттiк нотариустың жеке мөрiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк елтаңбасының бейнесi орналастырылады.
2. Нотариустардың жеке мөрiнiң бедерлерi мен қолының үлгiлерi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде, аумақтық әдiлет органында, сондай-ақ нотариаттық палатада сақталады.
3. Нотариаттық iс-әрекеттер жасау үшiн жеке мөрге тапсырысты және оны нотариустарға берудi жүзеге асыруды аумақтық әдiлет органы жүргiзедi.
Жекеше нотариустың жеке мөрiн дайындау – оның өз қаражаты есебiнен, ал мемлекеттiк нотариустерге бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.»;
18) 26-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Республикалық нотариаттық палата аумақтық нотариаттық палаталарды бiрiктiретiн, коммерциялық емес кәсiптiк өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы Заңның 6-бабының талаптарына адамның сәйкес келмеген жағдайларынан басқа, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар адамды нотариаттық палатаға мүше етуден бас тартуға болмайды.
Нотариаттық палаталардың кiру жарнасын алуына жол берiлмейдi.»;
19) мынадай мазмұндағы 26-1 және 26-2-баптармен толықтырылсын:
«26-1-бап. Нотариаттық палатаның басқару органдары
1. Нотариаттық палата мүшелерiнiң жалпы жиналысы нотариаттық палатаның жоғары басқару органы болып табылады.
Жалпы жиналыстың айрықша құзыретiне:
1) нотариаттық палатаның жарғысын қабылдау, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
2) нотариаттық палата төрағасын, басқарманың және тексеру комиссиясының мүшелерiн сайлау;
3) нотариаттық палата қызметiнiң негiзгi бағыттарын айқындау;
4) нотариаттық палатаның бюджетiн бекiту жатады.
Нотариаттық палатаның жарғысында шешiмдер қабылдау бойынша жалпы жиналыстың айрықша құзыретiне жатқызылған өзге де мәселелер көзделуi мүмкiн.
2. Нотариаттық палатаға басшылықты нотариаттық палата мүшелерiнiң жалпы жиналысында сайланған нотариаттық палатаның басқармасы мен төрағасы жүзеге асырады. Нотариаттық палата мүшелерi жалпы жиналысының, нотариаттық палата басқармасының және нотариаттық палата төрағасының құзыретi нотариаттық палатаның жарғысымен регламенттеледi.
3. Басқарма мүшелерi төрт жыл мерзiмге жасырын дауыс беру арқылы сайланады.
4. Құрамына кемiнде бес адам кiретiн басқарма нотариаттық палатаның басқару органы болып табылады.
5. Нотариаттық палата мүшелерiнiң жиналысын шақыру тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ нотариаттық палатаның төрағасы мен басқару органдарының өкiлеттiктерi нотариаттық палатаның жарғысында айқындалады.
26-2-бап. Нотариаттық палатаның төрағасы
1. Нотариаттық палатаның төрағасы болып оны сайлаған күнге дейiн тiкелей кемiнде бес жыл нотариаттық палатаның мүшесi болған нотариус сайланады.
Нотариаттық палатаның төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзiмге сайланады.
2. Нотариаттық палатаның төрағасы:
1) нотариаттық палатаның жұмысын ұйымдастырады, нотариаттық палатаға жүктелген мiндеттердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2) нотариаттық палатаның жұмысына басшылық жасайды, нотариаттық палатаның қызметкерлерiн жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады;
3) мемлекеттiк органдарда, қоғамдық бiрлестiктерде, басқа да ұйымдарда нотариаттық палатаның мүддесiн бiлдiредi;
4) нотариаттық палата жарғысында көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.»;
20) 27-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың тағылымдамадан өтуiн және жекеше нотариустарды оқытуды ұйымдастырады;»;
21) 29-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы болып оны сайлаған күнге дейiн тiкелей кемiнде бес жыл нотариаттық палатаның мүшесi болған нотариус сайланады.
Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзiмге сайланады.
Республикалық нотариаттық палатаның төрағасын сайлау тәртiбi және оның өкiлеттiктерi осы Заңда және Республикалық нотариаттық палатаның жарғысында айқындалады.»;
22) мынадай мазмұндағы 30-1-баппен толықтырылсын:
«30-1-бап. Жекеше нотариус нотариаттық iс-әрекеттер жасаған
кезде құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер
көрсетуге ақы төлеу
1. Жекеше нотариус нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде техникалық және құқықтық сипаттағы қосымша қызметтер көрсеткенi үшiн осы бапта көзделген мөлшерде мынадай төлемақы алады:
1) қалалық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, пәтерлердi, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде:
егер тараптардың бiрi заңды тұлға болып табылса – 7 айлық есептiк көрсеткiш;
балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-iнiлерi мен апа-қарындастарына, сiңлiлерiне, немерелерiне – 2 айлық есептiк көрсеткiш;
басқа адамдарға – 5 айлық есептiк көрсеткiш;
егер мәмiле жылжымайтын мүлiктi ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша алынған қаражат есебiнен сатып алу мақсатында жасалатын болса – 2 айлық есептiк көрсеткiш;
2) ауылдық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, пәтерлердi, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде:
егер тараптардың бiрi заңды тұлға болып табылса – 2 айлық есептiк көрсеткiш;
балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-iнiлерi мен апа-қарындастарына, сiңлiлерiне, немерелерiне – 1 айлық есептiк көрсеткiш;
басқа адамдарға – 2 айлық есептiк көрсеткiш;
3) автомотокөлiк құралдарын иелiктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде:
егер тараптардың бiрi заңды тұлға болып табылса – 5 айлық есептiк көрсеткiш;
балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-iнiлерi мен апа-қарындастарына, сiңлiлерiне, немерелерiне – 2 айлық есептiк көрсеткiш;
басқа адамдарға – 5 айлық есептiк көрсеткiш;
4) жалға беру, заем (ипотекалық тұрғын үй заемы шартын қоспағанда), кепiлақы, лизинг, мердiгерлiк шарттарын, неке келiсiмшарттарын, ортақ меншiктегi мүлiктi бөлу, мұрагерлiк мүлiктi бөлу шарттарын, алименттердi төлеу жөнiндегi келiсiмдердi, құрылтай шарттарын куәландырған кезде – 5 айлық есептiк көрсеткiш;
5) ипотекалық тұрғын үй заемы шарттарын куәландырған кезде – 2 айлық есептiк көрсеткiш;
6) өсиеттердi куәландырған кезде – 2 айлық есептiк көрсеткiш;
7) мұрагерлiкке құқық туралы куәлiктi бергенi үшiн – берiлген әрбiр куәлiк үшiн 3 айлық есептiк көрсеткiш;
8) ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi үлеске және бiрлескен ортақ меншiк құқығында мүлкi бар өзге де адамдардың меншiк құқығы туралы куәлiктi берген кезде – 4 айлық есептiк көрсеткiш;
9) мүлiктi пайдалану және иелiк ету құқығына сенiмхаттарды куәландырған кезде – 2 айлық есептiк көрсеткiш;
10) сату құқығынсыз автокөлiк құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенiмхаттарды куәландырған кезде – 1 айлық есептiк көрсеткiш;
11) автокөлiк құралдарын сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға сенiмхаттарды куәландырған кезде – 2 айлық есептiк көрсеткiш;
12) басқа сенiмхаттарды куәландырған кезде:
жеке тұлғалар үшiн – 1 айлық есептiк көрсеткiш;
заңды тұлғалар үшiн – 2 айлық есептiк көрсеткiш;
13) теңiздiк наразылық жасаған кезде – 5 айлық есептiк көрсеткiш;
14) құжаттардың көшiрмелерi мен құжаттардың үзiндi көшiрмелерiн куәландырған кезде (әр бетi үшiн):
жеке тұлғалар үшiн – 0,05 айлық есептiк көрсеткiш;
заңды тұлғалар үшiн – 0,07 айлық есептiк көрсеткiш;
15) құжаттардағы қойылған қолдың, сондай-ақ құжаттардың бiр тiлден басқа тiлге аудармасының дұрыстығын куәландырған кезде (әрбiр құжат үшiн):
жеке тұлғалар үшiн – 0,5 айлық есептiк көрсеткiш;
заңды тұлғалар үшiн – 1 айлық есептiк көрсеткiш;
16) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға берген кезде – 0,5 айлық есептiк көрсеткiш;
17) құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн берген кезде – 0,5 айлық есептiк көрсеткiш;
18) телнұсқаны берген кезде – 2 айлық есептiк көрсеткiш;
19) банктерде шот ашқан кезде қойылған қолдардың растығын куәландырған кезде (әрбiр құжат үшiн):
жеке тұлғалар үшiн – 0,3 айлық есептiк көрсеткiш;
заңды тұлғалар үшiн – 0,5 айлық есептiк көрсеткiш;
20) жылжымайтын мүлiктiң кепiлзат шарттарын, ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап ету құқықтары мен ипотекалық куәлiктердi куәландырған кезде – 2 айлық есептiк көрсеткiш;
өзге де кепiлзат шарттарын куәландырған кезде – 3 айлық есептiк көрсеткiш;
21) вексель наразылығын жасаған кезде және чектiң төленбегенiн куәландырған кезде – 1 айлық есептiк көрсеткiш;
22) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтаған кезде – әр айға 0,5 айлық есептiк көрсеткiш;
23) кепiлгерлiк пен кепiлдiк шарттарын куәландырған кезде – 1 айлық есептiк көрсеткiш;
24) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде көзделген басқа да нотариаттық iс-әрекеттердi жасаған кезде – 7 айлық есептiк көрсеткiш.
2. Жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер көрсеткенiне ақы төлеуден мыналар:
1) нотариаттық куәландыруға жататын құжаттың жобасын өздерi дайындаған жеке және заңды тұлғалар;
2) Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 542-бабының 4), 8) және 9) тармақшаларында көрсетiлген адамдар;
3) қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi медициналық-әлеуметтiк мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
4) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетiм балалар;
5) 1 және 2-топтағы мүгедектер;
6) жасына байланысты зейнеткерлер босатылады.»;
23) 31-бапта:
2-тармақтың екiншi бөлiгi алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Нотариус қызметiн бақылау «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.»;
24) мынадай мазмұндағы 31-1-баппен толықтырылсын:
«31-1-бап. Аумақтық нотариаттық палаталардың қызметiн бақылау
1. Аумақтық нотариаттық палаталардың қызметiн бақылауды «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен аумақтық әдiлет органдары жүзеге асырады.
2. Аумақтық нотариаттық палаталардың:
1) жекеше нотариаттық мұрағаттарды құру, олардың нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөнiндегi функцияларын ұйымдастыру жөнiндегi;
2) жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруды ұйымдастыруы жөнiндегi;
3) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың тағылымдамадан өтуiн және жекеше нотариустарды оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiне бақылауды жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда аумақтық әдiлет органы аумақтық нотариаттық палатаға бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жiбередi. Бұзушылықтар белгiленген мерзiмде жойылмаған жағдайда, аумақтық әдiлет органы анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жоюға мәжбүр ету туралы сотқа талап-арызбен жүгiнуге құқылы.»;
25) 32-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Нотариустардың нотариаттық iс-әрекеттердi жасау қағидасын бекiтедi;»;
3) тармақшада:
«келiсу арқылы» деген сөздерден кейiн «Республикалық нотариаттық палатаның қатысуымен» деген сөздермен толықтырылсын;
«нұсқаулық әзiрлейдi және бекiтедi» деген сөздер «қағиданы бекiтедi» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «ереже әзiрлейдi және» деген сөздер «ереженi» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) Республикалық нотариаттық палатаның келiсiмi бойынша тағылымдамадан өтушiлердiң кәсiптiк даярлығының бiрыңғай бағдарламасын бекiтедi;»;
6) тармақшадағы «әзiрлеп,» деген сөз алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Жекеше нотариустардың есептiк тiркеуден өту қағидасын бекiтедi;»;
7-1) тармақша «нотариустардың» деген сөзден кейiн «ең аз» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерiн бекiтедi;»;
13), 14) және 15) тармақшалар алып тасталсын;
26) 33-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшадағы «мемлекеттiк» және «қызметтiк» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшадағы «мемлекеттiк» деген сөз алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) нотариустың таңдаған үй-жайының болуын және оның заңнама талаптарына сәйкестiгiн тексередi және осыдан кейiн жекеше нотариустың есепке тұруын тiркеудi жүзеге асырады. Тiркеу нотариустың үй-жайы орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады;»;
11) тармақша алып тасталсын;
2-тармақта:
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақша «нотариустардың» деген сөзден кейiн «ең аз» деген сөздермен толықтырылсын;
3), 7), 8) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
27) 39-баптағы «тәртiбi туралы нұсқаулықпен» деген сөздер «қағидаларымен» деген сөзбен ауыстырылсын;
28) 54-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару шарттарын куәландыру кезiнде нотариус иелiктен шығарылған жылжымайтын объектiлер орналасқан жер учаскесiнiң құқықтық режимiн белгiлеуге тиiс.
Жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару шарттарын куәландыру кезiнде нотариус жер учаскесiне құқықты белгiлейтiн құжаттарды талап етедi және жер учаскесi меншiк иесiнiң (жер пайдаланушының) өзiне тиесiлi құқықтарын иелiктен шығару жөнiндегi өкiлеттiктерiн айқындайды.
Жер учаскесiне құқықты белгiлейтiн құжаттар кондоминиум құрамындағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды иелiктен шығарған кезде талап етiлмейдi.»;
29) 57-баптағы «хабарлама», «хабарламаны» деген сөздер тиiсiнше «өтiнiш», «өтiнiштi» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 105-баптың 4-тармағы алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н. НАЗАРБАЕВ


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina